Проценті бойынша санды табу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3
І бөлім.Пайыз.Пайыздың шығу тегі.
1.1. Пайыз.Оның пайда болуы және факторлары ... ... ... ... ... ...5- 6
1.2. Әртүрлі есептеулерді жүргізу барысында пайызды
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 6-8
ІІ бөлім. Математика сабағындағы санның пайызын және пайызы бойынша санды
табу.

1 2.1Берілген санның процентін
табу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-9

2.2Проценті бойынша санды
табу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9 Практикалық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.

Ұрпақ тәрбиесі барлық уақытта әр қоғамның көкейтесті мәселесі болып
келген. Ал қоғамның деңгейінің қандай болуына қарай мектептердегі білім
беру сапасы да соған лайық болмақ.Қоғамның алдына қойған мақсаттарына
сәйкес білім беру жүйесінің өзгертілетіні педагогикалық ғылымдардан
белгілі. Себебі қоғам тапсырыс беруші,ал мектеп болса осы тапсырысты
жүзеге асырушы педагогикалық жүйе.Бұл мәселелер ең алдымен оқушыға деген
көзқарастың өзгеруіне алып келетіні түсінікті. Себебі оқыту үрдісі тек
шәкірт үшін ұйымдастырылып, қызмет етеді.
Егер бала осы үрдіс барысында мақсатты әрекет жасамаса, онда оқыту
үрдісінің нәтижелі болуы екі талай. Оқушыны оқыту субъектісі ретінде
қарай отырып қана математиканы оқытудың мақсаты мен міндетін нәтижелі іске
асыруға болады.Сонымен оқушының өз қызметін саналы және мақсатты түрде
жүргізуіне көмек көрсету мұғалімнің қызметінің басты мазмұны. Әсіресе
бастауыш сынып мұғалімінің қызметі оқушылар үшін маңызды болатындығы
бәрімізге мәлім.Сондықтанда мұғалім балаға білім нәрін беріп, жетелеу
қажет. Ол үшін мұғалімнің өзінің білімінің жетік болуы сөзсіз. Қазіргі
кезде бастауыш мектеп мұғалімдері жаңа бағдарламаның енгізілуіне
байланысты қыйындық тудыратын пәндері – математика пәні болып отыр.
Оқулықта берілген тапсырмаларды шешудің әдіс - тәсілдерін меңгергенімен,
оны практикада қолдану,балаларға меңгерте білулері қиын мәселенің бірі
болып отыр. Сондықтанда мен курстық жұмысымды қиындық тудыратын мәселелері
көп математикадан алып отырмын.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп математикасындағы пайыздық есептерді оқыту
арқылы математикалық білім беруді жетілдіру.
Зерттеу міндеттері:
1. Пайыздық есептердің шешу жолдарын зерттеу;
2. Пайыз тақырыбындағы есептердің ерекшеліктерін қарастыру;
3. Пайыздық есептерді шешу әдістері мен тәсілдерін қарастыру;
4. Пайыз тақырыбындағы есептерді шығаруда оқушылардың өмірмен
байланысты мәселелерді шешу құзыреттіліктерін қалыптастыратынын
дәлелдеу.

Зерттеудің объектісі: Мектеп математика курсындағы пайыздық
есептерді шығару әдістемесі.
Зерттеудің пәні: Орта мектептердегі  математика курсын оқыту процесi.
Зерттеу болжамы: Егер оқушыларға пайыздық есептерді жетік меңгерте
алсақ, онда олар математикалықь пайыздық есептерді шығару әдіснамасын
меңгереді.
Зерттеу әдістері:
Теориялық, ғылыми-әдістемелік оқулықтармен, жаңашыл бағдарламашылардың
тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау,
сұрыптау, талдау, тест әдістерін қолдану, өзіндік
жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.
Зерттеудің көздері: мектеп оқулықтары, журналдар.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
Оқушыларға пайызбен берілген есептерді шешуде үйретуге қажетті білімі
мен біліктерін, дағдысын жетілдіріп, бекіте түсетін арнаулы мысалдар және
оларды шешу жолдары көрсетілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Оқытудың сапасын арттыру, әдіс- тәсілдерін жетілдіру, оқытудың негізгі
қағидалары мен бағыт - бағдарын жаңаша түрлендіру үшін, еліміздің
мемлекеттік білім беру жүйесін және жалпы математиканы оқыту әдістемесін
дамыту үшін барлық оқу орындарында мектеп, орта кәсіптік оқу орындары,
колледждер мен жоғары оқу орындары пайдалануға болады.
Зерттеу базасы: Казталовка ауданы, Ақпәтер ауылы, Ақпәтер орта
жалпы білім беретін мектебі КММ.

І бөлім.Пайыз.Пайыздың шығу тегі.
1.1. Пайыз.Оның пайда болуы және факторлары.

2 Процентті пайдаланып, шама мәнінің өсімін анықтауға және тұтас
шаманың бөліктерін өзара салыстыруға болады.

Проценттер туралы алғашқы түсініктер V ғасырда Үндістанда пайда
болды.Вавилондықтар алпыстық санау жүйесін пайдаланып жүрген кездерде
берген қарыздан алған өсімді сол қарыздың алпыстық бөліктерімен есептеген.
Кейіннен санаудың ондық жүйесінің қалыптасуымен байланысты қарыз өсімі
саудадағы пайданың жүзден бір бөлігімен есептеледі.
Процент латынның pro centum сөзінен шыққаны белгілі. Рro centum
сөзі қолжазбаларда қысқартылып пайдаланылып cento (жүз), кейіннен қысқаша
- cto түрінде жазылған.1685 жылы Парижде басылып шыққан коммерциялық
арифметикаға нұсқау туралы кітапты терушілерге қателесіп cto сөзінің
орнына %-ті терген. Осы қатеден кейін процентті % белгісімен белгілеу
қолданыла бастаған.Италиядағы қолжазбаларда да проценттің % белгісі
қолданыла бастады.Нидерландиялық математик Симон Стевин (1584) өзінің
Арифметика кітабына алғашқы проценттік кестені енгізді.
Өндіріс пен сауда-саттықтың дамуымен байланысты шамаларды
салыстыруда,шамалар өзгерістерін бағалауда, өсімдерді белгілеуде проценттік
есептеулер толық қалыптасты.
Өндірісте межеленген жоспардың орындалуы, заттың бағасының өсуі
(кемуі), оқушылардың үлгерімдері және т.с.с шамалардың өзгеруі процент
түрінде беріледі.
Кез келген шаманың (санның) жүзден бір [ ] бөлігін бір процент
деп атау қабылданған.

Бір процент – жүзден бір бөлік.
1% = немесе 1% = 0,01.
Мысалы, Жүзден бір бөлігі

1 метрдің 1 сантиметр
Бір проценті
Процентті бөлшекпен (натурал санмен) жазу үшін, процент белгісі (%)
алдындағы процент санын 100-ге бөлу керек.
7% = = 0,07%;
300% = = 3%.

Бөлшекті (натурал санды) процентпен жазу үшін, оны 100-ге көбейтіп,
процент белгісін (%) тіркеп жазу керек.
Мыс: 0,4= (0,4*100)%=40%;
1,3=(1,3*100)= 130%;

1.2.Әртүрлі есептеулерді жүргізу барысында пайызды қолдану.
.

Мәтін есептерде пайызды қолдану.
Мәтен есепті шығару процесінің төмендегідей міндетті кезеңдері
болулары керек: 
1. Есеп мәтінін оқу  (нәтижесі – есеп мазмұнын қабылдау және талдау,
негізгі мақсаты – есепте баяндалған жағдайды жалпы түрде түсіну, есеп
шартын, талабын, яғни мәтінде бар сұрақты, барлық терминдеоді және
белгілерді түсіну, яғни есеп мазмұнын меңгеру). 
2. Есеп шешуін іздестіру (нәтиже – есепті шешудің жоспарын құру,
негізгі мақсаты – есеп мазмұнында баяндалған қандай да нақты қатынасқа
немесе жағдайға сәйкес келетін арифметикалық амалды анықтау немесе есеп
мәтініндегі қойылған сұраққа жауап беру үшін орындалатын арифметикалық
амалдардың рет-тәртібін логикалық тұрғыда анықтау және негіздеу). 
3. Шешу жоспарын жүзеге асыру (нәтижесі – ауызша немесе жазбаша түрде
құрылған жоспарды орындау, яғни есептің шешуін жазу, негізгі мақсаты – есеп
сұрағына жауап алу, яғни есеп талабының орындалғаны жайлы қорытынды
жасау). 
4. Шешімді тексеру және егер қате болса, оны түзеу (нәтижесі – есеп
жауабын көрсету, негізгі мақсаты – есептің талабының орындалғаны, яғни
есептің сұрағына жауап алынғаны жайлы түпкілікті қорытынды жасау. 
Пайызға есеп шығарғанда нені 100%-ға тең деп алатын шаманы анықтап
алғанымыз дұрыс болады. Мысалы, Петя екі кітап сатып алды. Бірінші кітабы
екіншісінен 75 %-ке арзан. Екінші кітап бірінші кітаптан неше процентке
қымбат? Шешуі: Екінші кітаптың бағасын 100% ретінде алуға болады. Бірінші
кітаптың бағасы 75 пайызға арзан болғандықтан, ол екінші кітаптың 25
пайызын құрады. Сондықтан екінші кітап бірінші кітаптан төрт есе қымбат.
Есептің сұрағына жауап беру үшін 100 пайыз деп бірінші кітаптың бағасын
аламыз. Екінші кітаптың бағасы бірінші кітаптың 400 пайызын құрайды.
Сондықтан екінші кітаптың бағасы бірінші кітаптың бағасынан 300 пайызға
қымбат. Бұл жерде көңіл бөлетін нәрсе 100 пайыз ретінде нені таңдап
алатынымыз. Бірінші жағдайда 100 пайыз екінші кітаптың бағасы да, екінші
жағдайда 100 пайыз бірінші кітаптың бағасы. Нені 100 пайыз етіп алу есептің
шартына байланысты болады да, басқа шаманы табу барысында 100 пайыз ретінде
алынған шаманы өзгертуге де болатына есепте көзіміз жетті. Есептің шарты
бойынша бір кітап екінші кітаптан 75 пайызға арзан, сондықтан екінші
кітаптың бағасын 75 пайызға арзандату керек те, 100 пайыз етіп оның бағасын
алу керек, ӛйткені екінші кітап бірінші кітаптан неше пайызға қымбат, яғни
бірінші кітаптың бағасын неше пайызға арттыруымыз керек екенін табу керек
болғандықтан, 100 пайыз ретінде бірінші кітаптың бағасын алу керек .
1. Картоп 20 пайызға арзандады. Сол ақшаға неше пайыз картоп артық
салуға болады? Шешуі: Есептің шарты бойынша картоп 20 пайызға арзандады.
Сондықтан сатып алынған картопқа төленген ақша барлық ақшаның 80 пайызы
ғана. Осы картопты қапқа саламыз. Қалған ақшаға тағы да осы қаптағы
картоптың төрттен біріне тең картоп сатып алуға болады, яғни 25 пайыз артық
картоп сатып алуға болады.
2. Бастапқыда екі дүкенде де сүттің бағасы бірдей болатын. Бірінші
дүкенде сүт 40%- ға, ал екінші дүкенде әуелі 20%-ға, содан соң тағы да 25%-
ға арзандады. Қай дүкенде сүт арзан? Шешуі: Екінші дүкенде бірінші рет
арзандатқаннан кейін сүттің бағасы бастапқы бағаның 80%-не тең болды, ал
екінші рет арзандатқанда - 80%*0,75=60%, яғни бірінші дүкендегі сүттің
бағасымен бірдей. Олай болса екі дүкендегі сүттің бағалары бірдей болды.
3. Тік төртбұрышты участоктың ұзындығын 50%-ға арттырып, ал енін 10%-
ға кеміткенде оның ауданы қалай өзгерді? Шешуі: Ұзындықты 50%-ға
арттырғанда участок ауданы 1,5 есе артты да, ал енін 10%-ке кеміткенде
аудан 0,9 есе артады. Сондықтан аудан 1,5*0,9=1,35 есе артады.
4. Кептірілмеген саңырауқұлақтың құрамындағы су 99%, ал кептірілген
саңырауқұлақтың құрамындағы су 98%. Саңырауқұлақтың массасы кептірілгеннен
кейін қалай өзгереді? Шешуі: Мысалы кептірілмеген саңырауқұлақтың массасы
100m кг болсын, онда оның құрамындағы сусыз бөлік m болады. Кептіргеннен
кейін құрамындағы құрғақ заттың массасы өзгерген жоқ, бірақ ол кептірілген
саңырауқұлақтың 2%-ін құрады. Сондықтан кептірілген саңырауқұлақтың массасы
50m кг.
5. Егер бір оң санды 1%-ға арттырып, ал екіншісін 4%-ға арттыра отырып
қосындыны 3%- ға арттыруға бола ма?Шешуі: Мысалы бірінші сан 100 болсын, ал
екінші сан 200 болсын. Онда олардың қосындысы 300 болады. Сандарды
арттырғаннан кейін бірінші сан 101, ал екінші сан 208 болады, онда екеуінің
қосындысы 309 болады, яғни 3%-ға артады. Оқушыға бұл есепті түсіндіру үшін:
егер бірінші санды 1%-ға емес, екінші сан сияқты оны да 4%-ға арттырсақ,
онда қосынды 4%-ке артады. Яғни бірінші санды 3%-ға артық арттырғанымыз
қосындыны 1%-ға артық арттырып тұр. Олай болса бірінші қосылғыштың пайызы
қосындының пайызынан үш есе кіші. Егер бірінші қосылғыш қосындыдан үш есе
кіші және екінші қосылғыштан екі есе кіші болуы тиіс.

2.1.Берілген санның процентін табу
Берілген санның процентін табу берілген санның бөлігін табу арқылы
есептеледі.
1-есеп.Алманың 85%-і су.4 кг алманың неше килограмы су?
Шешуі.
1)4 кг алманың 1%-і неше килограмм?
4:100=0,04(кг).
2) 4 кг алманың 85%-і неше килограмм?
0,04*85=3,4(кг).
Масса Процент
4кг-----------100%
?кг------------85%

Берілген сан

(4:100)*85,яғни 4* ─ немесе 4*0,85

Бөлшекпен өрнектелген
процент
Жауабы: 4кг,алманың 3,4 килограмы су.

Демек,4 санын жай бөлшегіне немесе 0,85 ондық бөлшегіне көбейтіп,4
санының 85%-ін табуға болады екен.
Егер а=4;Р=85 деп белгілесек, есептің шығару өрнегіиәріптермен мына түрде
жазылады.

берілген сан процент саны
b=a*
берілген санның процентке сәйкес мәні
Бұл- проценттің негізгі формуласы.
1)процентті жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеу керек;
2)берілген санды осы бөлшекке көбейту керек.

2.2Проценті бойынша санды табу
Қандай да бір шаманың берілген процентке сәйкес мәні бойынша оның
толық мәнін (100%-ін) табу проценті бойынша санды табу делінеді.
Проценті бойынша санды табу бөлігі бойынша санды табу арқылы
есептеледі.
1-есеп.Мектептің бастауыш сыныптарында 480 оқушы оқиды.Бұл мектептегі
барлық оқушылардың 60%-індей.Мектепте барлығы неше оқушы оқиды?

Шешуі.
Оқушы Процент
480--------60%
?----------100%

1)48060=8(оқушы)-мектептегі оқушылардың 1%-і.
2)8*100=800(оқушы)- мектепте оқитын барлық оқушылыр, яғни 800 оқушы 100%-ді
құрайды.
Жауабы.800 оқушы.

1- жұмалық пайыз тақырыбының оқытылуы.
Процент.
5- сынып
7 сағат

Бөлімі Сағат саны Мазмұны Уақыты
1- сағат 1.Модульдің құрылымымен,
Кіріспе мақсат-міндеттерімен таныстыру 5 минут
2. Тірек сызба арқылы жаңа сабақты 15 минут
түсіндіру
3. Жұмыс дәптермен жұмыс жасау 20 минут
4. Қорытынды 5 минут
2-сағат Тақырыпты меңгерту
Сөйлесу “ Мұғалім оқушы” ойыны 20 минут
бөлімі Есептер шығару 20 минут
Қорытынды 5 минут
3- сағат Тақырыпты дамыту
“Алгоритм ” ойыны 25 минут
“ Математикалық лото” 15 минут
Қорытынды 5 минут
4-сағат Тақырыпты пысықтау
“Өрмекші ” ойыны 40 минут
Қорытынды 5 минут
5- сағат Тақырыпты қорыту, бекіту
“Брейн ринг” ойыны 40 минут
Қорытынды 5 минут
6- сағат Тест 10 минут
Бақылау жұмысы 30 минут
Қорытынды Қорытынды 5 минут
7- сағат Қатемен жұмыс 10 мимнут
Сынақ 30 минут
Қорытынды 5 минут

Нені үйрену қажет:

• Ерітіндінің концентрациясын табуды;
• Егіннің шығымдылығын табуды;
• Жұмыс өнімділігін табуды;
• Заттың арзандатылған бағасын есептеуді;
• Заттың қымбаттатылған бағасын есептеуді.

Нені білуі тиіс:

• Процент туралы ұғымды;
• Процентті жай бөлшекпен, ондық бөлшекпен жазуды
• Жай бөлшекті, ондық бөлшекті процентпен жазуды;
• Берілген санның процентін табуды;
• Проценті бойынша санды табуды;
• Бөліндінің проценттік шамасын табуды;
• Күрделі процентті табуды.

Қосымша әдебиеттер:

1. Т. А. Алдамұратова Математика 5- сынып
2. О.Р. Глейзер Математика тарихы 5-6- сынып
3. Т. А. Алдамұратова Математика (дидактикалық материалдар) 5- сынып
4. Т. А. Алдамұратова Математиканы оқыту әдістемесі 5- сынып
5. Математическая шкатулка

Шығармашылық тапсырмалар:
Проценттің шығу тарихы

Мақсаты:
тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа
ұжымшылдыққа баулу. Оқушыларға адам-
гершілік, еңбек тәрбиесін беру
білімділік: Оқушыларға процент ұғымын түсіндіру.
Берілген сан арқылы процентті, проценті
бойынша санды табуға үйрету. Алған бі-
білімдерін, ережелерді есептер шығару
барысында пайдалана білуге үйрету
дамытушылық: Оқушыларды логикалық ойлау тұрғы-
сынан қалыптастыру. Білім, білік,
дағдыларын дамыту.

1- сабақ.

3 Кіріспе бөлімі

1 Тақырыбы: § 41 Процент. Берілген санның прдоцентін табу

§ 42 Проценті бойынша санды табу
Проценттерге берілген есептер

1 І. Модульдің құрылымымен, мақсат-міндеттерімен таныстыру

2 ІІ. Тірек сызбалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру

1. Үйге берілген тапсырмалар арқылы тақырыпты ашу
Тақырыптың алдын-ала даярлық тапсырмасы бойынша оқушылар толық бір шаманың
1100 үлесін табуға арналған есептеулерді орындайды
1. 1 дециметрдің 0,01-і 1 миллиметр
2. 1 центнердің 0,01-і 1 килограмм
3. 1 килограмның 0,01-і 10 грамм екенін өз беттерімен тауып үйренеді

2. Процент.

1 Тақырыпта шамалардың жүзден бір үлесі процент деп аталатынына тоқталамыз.

ІІІ. Оқушылардың дәптермен жұмысы:
ІҮ Қорытындылау

Мысалы, 1) 3%=3100=0.03
10%=10100=0.1
50%=50100=12=0.5

2) 0.4=(0.4*100)%=40%
3= (3*100)%=300%
Есеп. Мысықтар көрмесіне әкелінген 60 мысықтың 20 %-і сиам мысықтары.
Көрмеге неше сиам мысығы әкелінді?
Шешуі:

100% - 60 мысық

20%-?
Процентті жай бөлшекпен жазуды пайдалансақ:
20%=20100=15
60*(15)=12
Процентті ондық бөлшекпен жазуды пайдалансақ:
20%=0.2
60*0.2=12 мысық Жауабы: 12 мысық

Сөйлесу бөлімі
2- сабақ

2 І. “Мұғалім оқушы” оқыта үйрету ойыны

Ойынның мақсаты: тақырыпты меңгерту
Ойынның шарты: Ойын жұпқа бөлініп жүргізіледі.
1. Әрбір оқушы тапсырма алады, дайындыққа 10 минут беріледі.
2. Дайындалған соң І нұсқа оқушылары тірек сызба конспектілерін пайдална
отырып, ІІ нұсқа оқушыларына түсіндіреді. Яғни “мұғалім” рөлінде
болады.
3. Рөлдермен ауысады
4. Тапсырма тақтаға жазылады
5. Бірін бірі тексереді
6. Сұрақтар қоя отырып, оқушыларды фйишкалар арқылы бағалайды.

3 №1 тапсырма (І-нұсқа) Процент. Берілген санның прдоцентін табу

№ 2 тапсырма (ІІ-нұсқа) Проценті бойынша санды табу
Ойынды қорытындылау
ІІ. Есептер шығару. Мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімін
есептер шығаруда қолдана білу дағдысын қалыптастыру
№1363 Проценттерді ондық бөлшектермен жазыңдар:
1%=0.01 25%=0.25
6%=0.06 50%=0.5
10%=0.1 75%=0.75

№1364

Бөлшектер 3100 0.08 310 0.5 34 0.8 1.6
Проценттер 3 8 30 50 75 80 160

№1374
125%= 1.25 110%=1.1 325%=3.25
220%=2.2 119%=1.19

№1376
Ыдыстың 710 бөлігіне су құйылған. Ыдыстың неше процентіне су құйылған?
Неше проценті бос?
710 = (0.7*100)%=70% 100%-70%= 30% Жауабы: 70%, 30%

№1381 Бұйымның бағасы 3% -ке қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы:
1) 2000 тг; 2) 5000 тг; 3) 8000 тг болса, бұйымның қымбаттаған бағасы
неше теңге?
Жауабы: 1) 2060тг 2) 5150 тг 3) 8240 тг

№1384
Санның процентін табуды микрокалькуляторда орындаңдар:
970-тің 25 % -ін 970*25100= 242,5
Қорытындылау.
Оқушылардың фишкаларына қарай бағалау
Үйге тапсырма: “Алгоритм”, “Математикалық лото” ойындарына дайындалып келу.

3-сабақ

1 І “Алгоритм” оқыта үйрету ойыны

Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту.
Шарты: Сынып оқушылары 4 оқушыдан топқа бөлінеді. Тақтаға 4 тапсырма
жазылады.
1. 1 тапсырманы әр оқушы өз дәптеріне орындайды
2. 2 тапсырманы сағат тілімен дәптерлерін ауыстырып орындайды.
3. 3 тапсырманы сағат тілімен дәптерлерін ауыстырып орындайды.
4. 4 тапсырманы сағат тілімен дәптерлерін ауыстырып орындайды.
5. Оқушылар алдына келген тапсырманы тексерріп, бағалап, бағалау
парағына жазады.
Тапсырмалар: 1. Процент дегеніміз не?
2. Берілген санның процентін қалай табады?
3. Проценті бойынша санды қалай табады?
4. Бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше
процентін құрайтынын қалай табады?

2 ІІ. Математикалық лото

Мақсаты: процентке арналған есептерді шығару барысында ережелерді қолдана
білуге үйрету.
Шарты: Сынып оқушылары 4оқушыдан топтарға бөлінеді. Әр топқа құрастырмалы
лото карточкалары таратылады. Әр топ дұрыс жауаптарын тауып, лото құрастыру
барысында “Математика – ғылымдардың патшасы” деген сөйлемді құрастырады
І топта Математика
ІІ топта ғылымдардың
ІІІ патшасы
Топ тапсырмалары:
І топ 1 карточка
Құлпынайдың 6%-і қант 35кг құлпынайда неше кг қант бар? Жауабы: 2,1 кг
2 карточка
Белгісіз санды табыңдар: 15%-і 9- ға тең , 40%-і 15,6 –ға тең Жауабы: 60 ,
39
ІІ топ 1 карточка
Картоптың 80%-і су. 25 кг картопта неше кг су бар? Жауабы: 20 кг
2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзара қатысты анықтаудың теңдестік әдісі
Қоспаға (қорытпаларға) берілген есептер
«Мathcad-та программалауды оқыту»
Microsoft Еxcel бағдарламасымен жұмыс істеу жолдары. Практикум ПЭВМ
Статистикалық көрсеткіштің мәні мен маңызы
Статистикалық көрсеткіштің мәні, маңызы
«МULTIMEDIA LED» ЖШС--жалпы сипаттамасы. Кәсіпорынның қаржылық қамтамассыз ету қызметінің әдістері, қайнар көздері және формалары
МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН 9-10 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Сандардың пайыздық қатынасын табу
Пайда түрі мен есептелуі
Пәндер