Шоқан Уалихановтың еңбектерінің зерттелуін анықтау


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Жақсылықова Сара
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Шоқан Уалиханов хаттарындағы демократиялық, ағартушылық көзқарастар
Ғылыми жетекші : Сейсембай Г. А.
Қостанай - 2017
МAЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-4
1. Шоқан Уалихановтың этнографияға қосқан үлесі . . . 5
1. 1. Шоқан Уалихановтың қазақ әдебиеті мен қазақ халқы жайлы ойлары . . . 5-10
1. 2. Шоқанның орыс мәдениетімен үндестігі . . . 11-16
2. Шоқанның қоғамдық, қайраткерлік қызметі және саяси көзқарасы . . . 17
2. 1. Ғалымның қазақ халқына қатысты ағартушылық идеялары мен демократиялық ойлары . . . 17-23
2. 2. Шоқан хаттарының көркемдік ерекшелігі . . . 24-28
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 30-31
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі : Шоқан Уалиханов (1835-1865) қазақ қоғамында ХІХ ғасырдың орта тұсында өркен жайған ағартушылық идеяларды биік шыңға көтерген аса көрнекті қоғам қайраткері, қаһарман саяхатшы, әлемге аты әйгілі фольклортанушы, этнограф, географ және дарынды көсем сөздің (публицист) шебері. Қазақтың рухани мәдениетін, тарихын, поэзиясын терең танып-білген Шоқан өз елінің тағдырын, өткені мен келешегінің зәру проблемаларын әлемдік өркениеттің, дүниежүзілік шығыстану ғылымының жетістіктері тұрғысынан қарап, талдап баяндады [1; 243 б] .
Шоқанды өз халқының тарихын, мәдениетін, дәстүрін сүйген адам ретінде бағалауымыз керек. Ғалымның өскен ортасы екі түрлі, бірі - таза қазақы орта, екіншісі - орыстың алдыңғы қатарлы демократиялы ойшылдары. Шоқан осы екі ортаның айырмашылығын, артықшылығын, ерекшелігін жақсы білді. Ол әртүрлі саяхаттарға шыға жүріп, жиған деректерінің халқының болашағы үшін аса құнды екенін білді [2; 5 бет] .
Шоқанның барлық күнделіктері халық өмірін терең зерттеудің жемісі. Осынау құнды көркем шығармалардың стилі мен жазылу мәнері очерктер жанрына өте жақын. Шоқанның ғылыми еңбектері шет елдерде жарық көріп, аса жоғары бағаланды. Әсіресе Батыс Европа ғалымдары қазақ ғалымының ойлы әрі терең талдауларына көңіл бөлді. Оның ғылыми зерттеулері неміс, ағылшын және француз ориенталистерінің және тарихшыларының назарын аударды. «Очерки Джунгарии» және Шығыс Түркістан туралы жазылған ірі туынды «Описание Алтыашара» дереу неміс тіліне аударылып, Германияда жарық көрді. Бұларды неміс тіліне аударып, жарыққа шығарған ұлы ғалымдар А. Гумбольт пен К. Риттердің ізбасарлары А. Эрманн мен әйгілі географ Петерманн еді. Сондай-ақ Шоқанның бұл еңбектері ағайынды Джон мен Роберт Мичельдердің аудармасымен ағылшын тілінде Лондонда жарық көрді (1865) . Ш. Уалихановтың ғылыми мұрасы көптеген ағылшын ғалымдары (Мервин, Роулинс, Гроттер, Бидольф, т. б. ) аса жоғары бағалады және өз еңбектерінде жан-жақты пайдаланды. Шоқан қайтыс болған соң оның «Отрывки из Кашгарского дневника», «Казахские народные обычаи», «Похороны и поминки усопшим», «О кочевках киргиз», «Казахские зимовки» және басқа еңбектері жарық көрді [3; 5 б] .
Қазақ тарихынды халқын берісі Ресейдің, арысы Еуропаның озат мәдениетіне үндеген тұнғыш ағартушы, мұралары алғаш жетекші шет елдердің тіліне аударылған ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов Батыстың демократиялық үрдістерін бойына сіңіре отырып, оны қазақ өміріне пайдалану тұрғысында терең пайымдаулар жасады. Сондықтан да Шоқан Уалихановтың мәңгі өшпес мол мұрасын әлі де терең зерттеу, азаматтық парыз бола береді. Әсіресе мұны тәуелсіздік талаптарына зерттеу маңызды [4; 37-38 б] .
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері:
- Шоқан Уалихановтың еңбектерінің зерттелуін анықтау;
- Ғалымның хаттарындағы ағартушылық-демократиялық идеясын айқындау;
Курстық жұмыстың нысаны: Шоқан Уалихановтың ғылыми еңбектері мен хаттарын пайдалана отырып, ғалымның негізгі идеясын анықтап, оның орыс ағартушы-демократтарымен арасындағы хаттардың ой үндестігін табу. Курстық жұмысты жазу барысында Шоқан Уалиханов шығармаларының бес томдығы, А. О. Сұлтаньяев, Шәмшиябану Сәтбаеваның еңбегі мен баспасөзде жарияланған ғылыми-публицистикалық мақалалар негізге алынды.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Курстық жұмыс барысында жүйелі-кешенді, тарихи-салыстырмалы, зерттеу әдіс түрлері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тарау, әр тарау екі тараушадан және қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Шоқан Уалихановтың этнографияға қосқан үлесі
1. 1. Шоқан Уалихановтың қазақ әдебиеті мен қазақ халқы жайлы ойлары
Ғылымның әр тарабын ұштастыра, қатарластыра дамытқан жан-жақты ғалым Шоқанның еңбегі ұшан-теңіз, шексіз зор, ғылыми зерттеулері сан-салалы дегенде, сол мұраның маңызды бір саласы әдебиет туралы ой-пікірлері екенін ауыз толтыра айта аламыз. Мұның өзі үш тармақтан құралатынын байқауға болады.
Бірінші- тікелей әдебиет мәселесіне арналған еңбектері. («Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы») деген зерттеуі және өлең жырлардың өзі жинап, бастырған мәтіндері.
Екінші - түгелдей не жартылай халықтың аңыз-әңгімелерінің өлең-жырларына, басқа әдебиет нұсқаларына негізделіп жазылған, бірақ осы үлгілерді тарих, этнография тұрғысынан қарап тексеретін еңбектері («Орта жүз қазақтарының аңыз-ертегілер», «ХVIІІ ғасырдағы батырлар жайлы тарихи аңыздар», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары» т. б. ) .
Үшінші - әдебиет туралы әр жерінде бөлек тоқталып, бірақ өте құнды пікірлер айтқан еңбектері («Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Сібір қарамағындағы сот реформасы жазбалары», «Қырғыздар туралы жазбалар», т. б. ) .
Г. Н. Потанин : «Шоқан келелі кеңес құрып, ұзақ әңгіме қозғағанда, сөз арасында үнемі өлең-жырлардан үзінділер келтіріп, кейбір жайларды анықтау үшін ертегі-аңыздарды, мақал-мәтелдерді айтып, қазақтың әдет-ғұрыптары туралы да түсінік беріп отырады».
Шоқан халық әдебиеті қазынасын емін-еркін игеріп, сөз теңізінің тұнғиығына да бойлап, тұщысы мен тұнығын да айыра білді. Ол халық поэзиясының үлгілерін құнды, құнсызын сараптап, үлкен талғампаздықпен екшеп алды. Кейбір деректерге қарағанда, ол Жанақ туралы көп жайларды әңгімелеп айтады екен. Жеке сөздерге, сөз орамдарына түсінік бергенде, әр сөздің шығу төркінін, түпкі мағынасын өте байыпты талдап анықтайды.
Әдебиеттің, ақындық өнердің өзгешілігі, тарихи дамуы туралы сөз қозғағанда, Шоқан әрқашанда өлең-жыр, ертегі-аңыздарды күрделі қоғамдық, саяси мәселелермен ұштастырып, кең арнада тексереді. Ал мұның өзі - оның әдебиеттегі зерттеудегі әдісінің аса бір ұтымды жағы, артықша ерекшелігі еді. Шоқан көркем шығармаларды сол кездегі тарихи жағдайдан, қоғамдық өмірден тыс алып қарамайды. Бұдан оның ескі мен жаңаның қақтығысы, халық мүддесі үшін күресте әдебиет күшті құрал екенін терең түсінгені көрінеді. Ол би, сұлтандардың, ел билеушілердің мүддесі халық мүддесіне сәйкес келе бермейтінін айтқан. Ауыз әдебиеті үлгілеріне баға бергенде, білгір зерттеуші шығарманың халықтың тілек-талабына қаншалықты сәйкес екеніне зер салады. Ескі сананы уағыздайтын, бай, сұлтандарды мадақтайтын ақындарды қатты сынайды.
«Қазақтардың батырлар эпосы мен аңыздары, ертегілері өте көп және олар өлең мен музыканы жақсы көреді» - дейді Шоқан.
Шоқан халық поэзиясы жан-жақты, сан-салалы, бай, мазмұнды, өрнегі мол, өскелең өнер болып дамығанын мақтан тұта айтады.
«Көшпелі кәсіптердің қай-қайсысының болсын бір өзгешелігі - олар өлең-жырға, әсіресе суырып салма өнерге бейім келеді . . . Мұндай қасиеттердің болуына көшпелілердің алаңсыз, бейқам өмірі әсер етті ме, әлде ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдыздары ашық аспанды сұлу табиғаты әсер етті ме кім білсін!».
Шоқан бірнеше еңбектерінде қазақтың батырлар жыры туралы терең пікір қозғап, олардың тарихи мәні зор екенін дәлелді де дәйекті талдап көрсеткен.
«Тарихи жағынан алғанда қазақ халқының поэзиялық рухы тамаша: 1) неге десеңіз, ескі замандағы батырлар жорығын баяндаған поэзия бізге төл қалпында жетіп отыр. 2) әр уақытта жасаған әртүрлі ақындар бұл жырларға үлесін қосып тұтасқанда қымбат қазына тастап кеткен» .
«Сот реформасы туралы» еңбегінде халықтың күш-қуатына, болашағына сенімі күшті ағартушы-ғалым ел болып, халық болып келешекке үміт артқанда, келер заманды ойлағанда нені медет қыламыз деген сұрауға жауап бере отырып, екі нәрсеге тоқталады. Сонда бірінші - халықтың, қауымның баянды табысы, берік игілігі дерлік тума әдебиетіміз бар десе, екінші - қоғамдық қалпымыз жоғары сатыда болмағанмен, мәдениетті елдерге ұқсастықтан құр алақан емеспіз дейді.
«Қазақтың шежіресі» деген еңбегінде: «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында естеріңде қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар не жыршылар жыр етті, енді біреулерінің атын ұрпақтардың естеріңде ұмытылмастай етіп қандай да болсын, бір белгілі сыбызғышы не қобызшы музыканттар мәңгі өшпестей мұра ғып тастап кетті» - деп жазады Шоқан [1; 246 -252 б] .
«Қазақтардың ру-руға бөлінуі бұрыннан келе жатқан дәстүрден ауытқымайды. Олар шығу тектерін таратқанда, ортақ бір кіндіктен өрбитіндерін қатты діттейді. Ру мен ру, жүз бен жүз араларындағы жол-жора бойынша да, үлкен-кіші тәрізді салт-сана ұғымында да о бастағы тұқым қуалау әдеті басты шарт болып саналады. Қазақтың қай руы болмасн жүздерден тараған ұрпақ ретінде, ал рулардың өз ішіндегі тармақтары:ноқта ағасы, қарашаңырақ иесі болып жіктеледі. Сол себепті де, қай жүздің болмасын, жолы үлкен - ноқтаұстар ең көне руының өзі шежіре бойынша жүздерден тараған ұрпақ болып келеді. Осының бәрі, патриархалды-рулық тұрмыс-салтта, ата-баба жолының үлкен-кішілігі жайлы дүбірлі айтыстарда да көрініс тапқан . . . [20; 15-16 бет]
Қырғыз халқының байырғы замандарынан елес беретін ғажайып мұрасы «Манас жырымен Шоқан экспедициялық отряд Сантас асуы маңындағы Түп өзені жағасындағы қоналқаға тоқтаған күннің ертеңінде-ақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Мамырдың 26-сы күні оған Боранбайлар жіберген Назар манасшы арнайы келіп жолыққан еді. [18; 250 бет]
Қазақ сахарасында «филология» деген сөзді, ұғымды ғылым мағынасында алғаш және бірнеше рет қолданған да Ш. Ш. Уәлиханов. Ол « . . . бүкіл халық аузынан айтылған шығармалар тарихтық, филологиялық және де психологиялық назардан тыс қалмауы керек . . . » деп жазды. Бұл терең тұжырымдар сөз өнері филология тұрғысынан зерттелу қажеттілігіне, зерттелгенде әр ғылым салаларына байланыстыра қаралуына, қазіргі тілмен айтсақ комплексті түрде, тұтастықта зерттелуіне мегзейді. Мұндай зерттелу үлгілерін Ш. Уәлиханов ең алдымен өзі көрсетті. Өз заманының орыс, Батыс Европа қоғамдық ғылымдары дамуы биігінде бола алған ғалым қазақ халқының көршілес басқа халықтардың өткені мен сол кездегі қоғамдық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдениеттік жағдайларын айтқанда, суреттегенде әмәнда сөз өнері мен тілге де назар аударып, оны жалпы қоғамдық мәселелер қатарында және байланыста қарастырып отырды. Ғалымның мұрасын мұқият жинап, зерттеп, халық қазынасына айналдыруға ерекше еңбек еткен ғалым Ә. Х. Марғұлан оның әдебиет пен тіл саласындағы ой-тұжырымдарына үнемі назар аударды. Ол: «Қазақтың аса көрнекті ғалымы және ғаратушысы Шоқан Уәлихановтан мол әдеби мұра қалы», -деп жазды [6; 5-6 бет]
Шоқан қазақтың тарихы мен әдебиетін Алтын Орда заманымен сабақтастыра қарастыруға бейіл береді. «Едіге» жырының ең көркем әрі ежелгі нұсқаларының бірін жазып алған ол, жырды Жошы ұлысының соңғы ыдырау кезеңінде арналған шығарма, сол замандардан бері қазақ арасында айтылып келе жатқан, тілдік тұрғыда да көп өзгеріске түсе қоймаған жыр ретінде пайымдайды. Профессор Березиннің «Хан жарлықтары» туралы еңбегін зерделеу барысында Алтын Орда билеушілерінің жарлықтарындағы сөздердің әлі де қазақ арасында кеңінен қолданыста екенін дәйектейді [2; 5 бет] .
«Халық аңыздарының қандайы болмасын, -деп санады Ш. Уәлиханов, -әсіресе тарихи аңыздар аса қызықты . . . бұл жөніндеқазақ аңыздары өзінің мейлінше қарапайымдылығымен, айқындығымен, онда табиғатқа қайшы ғажайып оқиғалардың жоқтығымен айрықша бағалы орын алады. Ол көбінесе Әбілғазфы хабарларында құпталады, әсіресе «Жәми ат-тауарихтың», қырғыз-қайсақтың жазғаны таңдай қағарлық . . . бірде -бір айтулы оқиға, бірде-бір тамаша адам халықтың есінен шықпай сақталып қалған». Осыған байланысты Г. Н. Потанин былай деген: «Шоқан халықтың аңыздары мен қырғыздың көне көздерінен алынған мәлеметтер арқылы Шығыстың көне тарихынан жаңалық ашуды армандады»[10; . 20 - 24 б. ]
Шоқанның қазақ ақындары мен ауыз әдебиеті туралы пікірлері бұдан бір ғасыр бұрын айтылғандығына қарамастан, қазірде маңызын жойған жоқ. Ол, - ең алдымен, қазақ халқының ақындық қабілетін жоғары бағалай білді.
«Түркі тектес халықтардың ішінде, -дейді ол, - поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады деуге болады. Біздің шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың арабтар туралы айтқан сөзі қазақтарға да дәл келеді. Қазақтар да бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын. Қазақ жыршыларының өлеңдерінде араб өлеңдеріндей, тұрақты ереже (канон) болмағанмен, олар да белгілі бір мөлшерде ырғақ үйлесімдерін сақтайды».
Ол - қазақ жерін түгел дерлік аралап, халық ауыз әдебиетін сүйсіне жинаған, оны зерттеп, пікір айтқан фольклорист ғалым. Өзінің Майковқа жазған хатында Шоқан сол жиғандары туралы мақалалар жазбақшы болып жүргенін, «Петербургские ведомости» мен «Отечественные записки» журналдарына тілші болғысы келетінін ескертеді.
Әдебиет тарихы туралы да Шоқан түсінігі терең. Оның ойынша, қазақ халқының өзіне тән әріден келе жатқан мәдениеті бар және басқа халықтар сияқты, оның да әдеби қабілеті ерте оянған халық. Сондықтан қазақтың да басқа халықтар жеткен жоғары мәдениетке жетерлік, себебі, оған негіз боларлық мәдени мұрасы баршылық. Осындай өзіндік пікірлер қозғап, осыны дәлелдеуге кұш салады. « Өткенді еске түсіріп, жаңаның ойлау қандай жақсы» дейді ғалым.
«Бір елдің этнографиясын түсіну үшін, сол елдің тұрмысын, салтын жақсы көрсететін халықтық жырларды тексеру қажет екенін оқымыстылар көптен бері айтып келеді, халықтың өткен өмірін суреттейтін бай аңыз-әңгімелерін солтүстік халықтары мен Орта Азия халықтары ерекше қымбат қазына санаған. Бұл аңыздар мен рулардың басынан өткен оқиғаларды қарт адамдардың шежірелер мен шешендік сөздерді, эпостарды қасиеттеп естеріне берік сақтауы арқылы рудан руға, елден елге тараған».
Қазақ ауыз әдебиетінің мазмұнына тоқтағанда, Шоқан ауыз әдебиеті халық тарихына байланысты өмір шындығының бір көрінісі екенін дұрыс көрсетеді. «Халықтың ертеден бері келе жатқан тұрмысында естерінде сақталмаған бірде - бір даңқты адамдары жоқ емес, - дейді Шоқан. - Олардың бірін суырып салма ақындар не жыршылар жыр етті, енді біреулерін ақын ұрпақтарының естерінде ұмытылмас етіп, қандай да болмасын бір белгілі сыбызғышы не қобызшы-музыканттар мәңгі мұра ғып тастап кетті». Шоқан қазақ ақындарын айта келіп, олардың бәрі бірдей халық тілегіндегі ақын емес, олардың ішінде халық үшін қызмет етушілермен бірге халыққа жат идеяда өлең айтушылардың да болғанын ескертеді. Өзінің өлеңін байдын сыйына сатып, тілін безеген ақындардың бар екенін, олардың өлеңдері шындықтан да, көркемдіктен де жұрдай келетінін ол өте дәлдікпен көрсетіп айтып береді. Оларды жағымпаз бейшара ақындар деп әділ сынады. Ал халыққа ниеттес ақындардың өлеңдерін ол ерекше жоғары бағалайды: «Олардың тамашалығы да сол, олар халықтың рухын жақсы, дәл түсіндіреді. Елдің тегін айқындауда белгілі тарихи мәліметтерге қосымша дерек болады», - дейді Шоқан,
Шоқан қазақтың суырыпсалма ақындарының ішінде Шөже, Жанақ ақындардың дарындылығын олардың шыққан тегін байланыстыра шебер ашады. Жанақтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлуды» жырлап өткен өз кезінінің ірі суырып салма ақыны болғанын атап көрсетеді.
«Жыр үлгісіндегі өлең және әнді қобызбен айту даңқты импровизатор Жанақ жыршы қайтыс болғаннан кейін салттан шыға бастады. Қазіргі импровизатор ақындар оның жыр үлгісін және импровизациясын сөзбе-сөз қайталайды. Оның өлеңін, айтыс үлгісін қазіргі қарауылдың Орынбайы мен Соқыр Шөже ақындар дамытып отыр. Бірақ кейінгі ақындар негізінен екі шекті домбырамен айтады» - дейді зерттеуші.
Қазақ өлеңдерінің тіл көркемдігі туралы да пікір айтқан Шоқан оны түркі, араб тілдеріндегі өлеңдермен салыстыра отырып, бір-бірінің ұқсас жерін де, артық жағын да айқындауға тырысады.
« Түркі тілдерінің ішіндегі ең тамашасы қазақ өлеңдерінің нақышы деуге болады. Онда араб тіліндегідей жасанды, бояма сөздер жоқ, біл таза тіл », - деп ой түйеді ол. Қазақ ауыз әдебиетінің ескі үлгілерінің де халық аузында ұзақ сақталып, көп өзгеріске түспей айтылып жүргенін көрсете келіп, былайша болуының өзі қазақ халқының ерекше қабілетін танытатындай факт. Қазақтардың өткен дәуіріндегі ертегілері мен наным-сенімдері тың сақтаулары ғажап, мұндағы таңырқарлық бір жай - соншалық кең даланың қай жерінде айтылатын жыр болса да, мазмұны жағынан да, түрі жағынан да, біріне-бірі тіпті дәл ұқсап жатады, ақындардың ауызында жазып алып жаттағандай болып, толық сақталады. Көшпелі сауатсыз халықтың ауыз әдебиетінің мұншама діл сақталуы қайран қаларлық іс, бірақ ол ешбір күмәнсіз факт, - деп Шоқан қазақ ақындары мен ертегіші-жыршыларының ауызша айту, жырлау қабілетіне сүйсінеді. Достарына жазған хаттарында Шоқан ауыз әдебиеті үлгілерін мұқият жинап жүргенін айтып, сол туралы өзінің зерттеу еңбектерін де жазбақшы екенін хабарлайды. Профессор Бекетовке жазған хатында өзі туралы айта келіп: « Менің даладағы жұмысым жақсы жүріп жатыр. көп өлең, жырлар жинадым», - дейді.
Ғалымның өлең туралы зерттеулері де маңызды. Ол қазақ өлеңдерінің түрлерін жіктеп берді. Қазақ өлеңдерін: жыр, жоқтау-толғау, қайым өлең, қара өлең, өлең деп түрге бөледі. Онда жіктеулерге жататын қазақ өлеңдерінің түрлерін атап көрсетіп, өзгеше болжаулар жасайды. Бұл - қазақ өлеңінің түрі туралы алғаш айтылған пікір еді. сондықтан да ол ғылым үшін құнды. Осы сияқты болжауларды Шоқан қырғыз ауыз әдебиетінің жанр түрлері туралы да айтады. Өзінің «Ру жіктері» деген мақаласында ол қырғыз ауыз әдебиетінің үш түрін атап көрсетеді. Олар : ертегілер, эпостық жырлар (сага), өлеңдер. «Манас» жырында қырғыз әдебиетінің барлық жанр түрлерінің қамтылатынын атап көрсетеді. Бұл жырды «үлкен бір энциклопедия» деп қарап, «Иллиадамен» салыстырады.
«Қазақ поэзиясы өмір шындығын көрсетуі жағынан, қоғамның ұғымын, қарым-қатынасын көрсетуі жағынан өте қызғылықты», - деп жазған Шоқан. Бұған қарағанда, ол қазақ поэзиясының құндылығын оның өмір шындығын бейнелеуі жағынан алып бағалағаны, реалистік поэзияны жақтағаны, сондай-ақ позияны жақтағаны, және оның қоғамдық ролін ерекше ескергені байқалады[5; 254-270 бет] .
Зерттеуші қайым өлең сұрақ пен жауаптан құралатын, тойларда құрбы-құрдас жастар айтысатынын, төрт шумақты, алдыңғы екі тармағы төртінші тармақпен ұйқасатынын, кейде жұмбақтар, эпиграммалар, әзіл-қалжын араласа жүретінін айтады. Ш. Уәлиханов өлең шағын поэзиялық шығармалармен қатар айтыс, поэмалар үшін де қолданылады деген мағынада атайды:
«Өлең. Бұл форма қазіргі кезде барлық жаңашыл ақындар тарапынан суырып салма өлеңдерге де, әсіресе Орынбай өлеңдеріне қатысты көбірек айтылады . . . Шөже ақындар насихаттап, салт-санаға дарытушылар болды . . . Бұл өлеңнің кәлпін өздері үйреніп қалған суырып салма өлеңге де сәйкестеп, қолайы келгенде айта береді».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz