Балаларға қосымша білім берудің даму тетіктері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі МКҚК
кафедра
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОСЫМША ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІНІҢ ПОТЕНЦИАЛЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мамандық атауы:
Біліктілігі: :
Пәні:
Орындаған:
Ғылыми жетекші:Азбергенова Б.А
Курстық жұмыс қорғаған бағасы ____
Кафедра меңгерушісі _______
Хаттама№ __ ___ _________ 20__ ж.
Көкшетау, 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1Қазақстандағы балаларды қосымша оқытудың заманауи жүйесінің даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Қосымша білім беру жүйесінің әлемдік даму үрдістері ... ... ... ... ... 8
II.Практикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2Балаларға қосымша білім берудің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын және технологияларын жетілдіру есебінен балаларға қосымша білім берудің тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
III.Білім беру мекемесінде тәрбиеленушінің потенциалын арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..23
3.1.Балаларға қосымша білім берудің даму тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі жағдайда балалардың мектеп білімі аясында үнемі іске асырыла бермейтін салалардағы танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты білім беру іс-әрекеті кең қанат жайып келеді. Балаларға қосымша білім берудің құндылығы сол, ол жалпы білім берудің вариативті құрамын күшейтеді, жасөспірімдерге өз-өздерін кәсіби бағдарлауда көмектеседі, балалардың мектепте алған білімдері мен күш-қуаттарын іске асыруға септеседі.
Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің 6 шығармашылық әлеуеттерін, қазіргі қоғамға бейімделу дағдыларын дамыта алады және бос уақытты толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Қосымша білім беру міндеттерін іске асыра отырып, мектеп бір жағынан білім беру стандартын игеру, ал екінші жағынан - білім беруді жаңғыртудың маңызды ұстанымы ретінде жарияланған білім беруді ізгілендірудің негізі болып табылатын тұлғаның еркін дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі арасындағы қарама-қайшылықты шешеді.
Қазақстандағы қосымша білім берудің жылдар бойғы қалыптасу тарихы және қазіргі жағдайына талдау оның төмендегі өзара әрекет етуші элементтер жиынтығынан тұратын белгілі бір жүйе ретінде қарастырыла алатынын көрсетеді: түрлі деңгейдегі және бағыттағы білім беру бағдарламалары; балаларға қосымша білім беру ұйымдары; білім беруді басқару органдары; қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырушы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық бірлестіктері. Қосымша білім беруді дамыту стратегиясы елдегі қосымша білім берудің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің және өзін-өзі дамытудың негізгі міндеттерін шешуге бағытталған және Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Білім туралы, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасы Заңдарымен, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен және т.б. анықталған Қазақстанның тәрбие беру саясатының негізгі ұстанымдарын дамытады.
Зерттеудің мақсаты: : білім берудегі қызмет көрсетулерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған қосымша білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру
Зерттеудің міндеті:
1.Балаларды қосымша оқыту бөлігіндегі заңнамалық базаны жетілдіру;
2.Балаларды қосымша оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, әдістері мен технологияларын жетілдіру;
3.Қосымша білім алуда қолжетімділік пен тең мүмкіндіктерге мемлекеттік кепілде беруді қамтамасыз ету; балаларға қосымша білім беру тиімділігі мен сапалылығына қол жеткізу;
I.Негізгі бөлім
1.1Қазақстандағы балаларды қосымша оқытудың заманауи
жүйесінің даму ерекшеліктері
Қазақстанда балаларға қосымша білім беру және тәрбие беру саласы ХХ ғасырдың 90-шы жылдардың басына дейін кеңестік білім беру жүйесінде зор маңызға ие болды. Балалардың басым көпшілігі аталмыш үрдіске тартылды. Бұған екі фактор себеп болды: біріншісі - тегін қосымша білім беру, екіншісі - мамандандырылған білім берудің таралым кеңдігі. ХХ ғасырдың соңында - ХХІ ғасырдың басында мектептен тыс тәрбие берудің балаларға қосымша білім беру жүйесіне трансформациялануы Қазақстанның демократиялық және құқықтық мемлекетке, нарықтық экономикаға көшу міндеттерімен байланысты. Осы көшу үрдісі кезінде тұлға мен қоғам үшін сан түрлі формальды емес құрылымдардың, бірінші кезекте, қосымша білім берудің мәні артты, қосымша білім берудің негізгі мақсаты - балалардың үнемі өзгеріп тұратын жеке мәдени-әлеуметтік және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру. Тәжірибе көрсеткендей, адамның біліміне деген талаптар тек базалық біліммен ғана қанағаттандырылмайды. Базалық білім қосымша формальды емес білім беруге барынша мұқтаж, қосымша білім адамның бейімдерін, қабілеттерін және қызығушылықтарын дамытудың, оның әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі анықтауының басты факторларының бірі болып отыр және болып қала береді. Республикада алғаш рет балаларға негізгі (базалық) және қосымша білім беру тең құқылы, бір-бірін өзара толықтырушы компоненттер ретінде қарастырылуда және осылайша әр баланың толыққанды жеке дамуы үшін қажет бірыңғай білім беру кеңістігін құруда. Мұндай жағдайларда мектеп оқушыларды дамытуға зияткерлік ауықтушылықты еңсеріп, олардың қоғамда табысты әлеуметтенулері үшін негіз құрай алады.
Жаңа буындағы білім беру стандарттарын енгізу жағдайларында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына енгізудің өзектілігі мектепте алынған білім, іскерлік пен дағдыны тәжірибеде қолдануға септігін тигізетін жалпы білімнің вариативті құрамдас бөлігін күшейту, оқушылардың танымдық 10 мотивацияларын ынталандыру қажеттігімен байланыстырылады. Мектеп сабағындағы оқу үрдісінде қосымша білім беру жүйесіне тән технологияларды қолдануға болады. Бұлар кешенді сабақтар, оқу жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар, пәндік технологиялар болуы мүмкін. Олар, әдетте, сабақтың шеңберінен шығуды қажет етеді, мұғалімнің тікелей жетекшілігінде оқушылардың өз еркілерімен жеке және топтық іс-әрекеттерін қарастырады. Сондай ақ, мектеп сабағы материал мазмұнын кеңейту және тереңдету деңгейінде де және мектеп сабағы мазмұнының жекелеген эелементтерін сабақтан тыс қызметтің түрлі формаларында өңдеу есебінен де қосымша білім беру бағдарламасын іске асыру үрдісіндегі оқу сабақтары аясында жалғасын таба алады. Сабақтан тыс жұмыс жүйесіне қосымша білім беру бағдарламаларымен айналысатын балаларды қосу өзіндік ерекшеліктерге ие бола алады және түрлі тәрбиелік нәтижелерге шыға алады, бұл әр нақты мектеп қосымша білім беру мекемелерінің қандай деңгейін қамтитынына байланысты. Ол:
1) жұмыстары бір-бірімен аз үйлеетін және толығымен бар кадрлық және материалдық жағдайларға тәуелді болып келетін үйірмелердің, секциялардың, клубтардың кездейсоқ жиынтығы;
2) балалар шығармашылық ұжымдары мен бірлестіктерінің жұмысының ішкі шоғырлануы, олардың қызметінің түрлі бағыттанушылығы;
3) балаларға қосымша білім берудің мектептің жеке бөлімшесі ретінде дамуы;
4) балаларға негізгі және қосымша білім берудің бірігуі, мектептердің негізгі құрылымдарының ұйымдық және мазмұндық бірлігі бола алады.
Қазіргі уақытта мектептердің тәжірибесінде жоғарыда аталған барлық ұйымдық үлгілер пайдаланылады. Мектептегі қосымша білім беруді ұйымдастырудың алғашқы екі деңгейіне артықшылық беріледі. Бірігу үрдестерін жүзеге асыру жағдайларындағы үшінші және төртінші деңгейлер өзіндік тәрбиедік жүйелерді құруға бағдарланған мектептерге тән. Әр үлгі өзін жобалап, ары қарай іс-тәжірибеде жүзеге 11 асыратындар үшін белгілі бір құндылықты білдіреді. Осылайша, негізінде мектептегі қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші деңгейі бар үлгілер белгілі мағынаға ие, себебі балалардың бос уақытын қамтамасыз етеді және олардың сабақтан тыс қызығушылықтарының спектрін анықтауға мүмкіндік туғызады. Екінші деңгейдегі үлгілер балаларды, сондай-ақ, балалар мен ересектерді біріктіретін жұмысының өзіндік формаларымен бағалы (қауымдастықтар, шығармашылық зертханалар, экспедициялар, шеберханалар және т.с.с.). Ұйымдық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлеріне негізделген үлгілер балалардың қосымша білім беруге деген түрлі сұраныстарын қамтамасыз етуге және осы тұста маңызды нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Әрекеттестіктің барлық субъектілерінің тәрбиелік бағдарламалардың мазмұнын бірлесе әзірлеу арқылы жұмысының келісушілігінің есебінде мүмкін болады. Бірінші жағдайда, тәрбиелік қызметтің жалпы мектептік бағдарламасының компоненті ретінде қаралатын бірыңғай бағдарламаның негізінде жұмыс істеп жүрген қосымша білім берудің барлық оқытушыларының әрекеттерінің келісушілігінің есебіне. Екінші жағдайда - қосымша білім беруді мазмұндық деңгейде де, қызметтің технологиясында да негізгі жалпы білім беру бағдарламасымен біріктіру есебіне. Ұйымдық әрекеттесудің үшінші және төртінші деңгейлерінің есебінде құрылған, бірігудің ішкі де, сыртқы да механизмдерін пайдаланатын үлгілер басым болып қаралады, себебі олар мектептік тәрбиелік жүйелерді құруға бағдарланған, ал бұл мектептік білім берудің барлық деңгейлерінде жаңа ұрпақтың стандарттарымен қарастырылған. Мектептегі қосымша білім беру қызығушылықтар бойынша түрлі балалар шығармашылық бірлестіктерінің басшыларымен жүзеге асырылады, олар қосымша білім берудің оқыту бағдарламаларын міндетті түрде басшылыққа алады. Сабақтан тыс жұмыс пен қосымша білім берудің арасындағы байланыстырып тұратын маңызды буын болып пән үйірмелері табылады: бұл міндетті оқу материалына ынтықтық, білімге, 12 икемділікке, дағды және жеке бастың дамуына бағдарлану; сабақтарға міндетті немесе ерікті түрде қатысу; оқыту материалының көлемі мен игерудің қарқынын таңдау мүмкіндігі. Бір жағынан бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан - қосымша білім берудің бөлігі. Қазіргі таңда оқытушының ұстанымы түбегейлі өзгеруде: ол білім беруші ғана емес, оқушының тұлға болуына көмекші болып та табылады; серіктестік пен бейресми қатынас идеясы бекітіледі. Қосымша білім беру оқытушысы кеңесшінің функциясын атқара отырып, балаларға күшті тұлғалық ықпал жасайды. Осыдан - оның тұлғалық қасиеттеріне деген жоғары талаптар. Оқытуды дараландыру және саралау, тұлғаның өзін-өзін белгілеу мен қалыптастыру мәселелерін шешу жағдайында балаларға қосымша білім берудің маңыздылығы айтарлықтай арта түседі. Қосымша білім беру оқытушысының түбегейлі мақсаты - балаға пән мен тәрбие - қара бастың қамы үшін емес, ол тұлғаның барлық қырларын: зердені, тәжірибелік ақылды, еңбексүйгіштікті, дене дамуын, өзін-өзі қалыптастыруға мінез бен ерікті қалыптастыру мен жетілдіру құралы ретінде танытып, тәрбиелеу. Басқа сөзбен айтқанда, қосымша білім беру - баланың бай ішкі дүниесіне ену, түсіну және оның шегін кеңейту тәсілі. Қазіргі Қазақстанда балаларға қосымша білім берудің қызметі мен дамуының негізгі мән-мағынасы оның білім беруді жаңартудың талаптарымен шартталған жалпы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болуға бағытталуымен белгіленеді. Алайда үздіксіз білім беру жүйесінің бөлігі болу үшін қосымша білім беру өздігінен дамуға тиіс. Негізгі және қосымша білім беру жақындасуларын дамытудың бір қыры мектептің түрлі мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарымен ынтымақтастығы болып табылады. Бұл мектеп оқушыларын көркемдік, спорттық, туристік-өлкетанушылық және басқа іс-әрекеттерге тартудың тамаша мүмкіндігі. Ынтымақтастық жұмыс жоспарларын мектептің және қосымша білім беру ұйымының мүмкіндіктерін есепке ала отырып үйлестіруге мүмкіндік береді. Балаларға қосымша білім беру - балалықтың әлеуметтік 13 институттарының бірі, ол балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту үшін құрылып, қолданылып келеді. Қосымша білім берудің ерекшелігі баланың шығармашылық қызметі ол үшін бастапқы болуында.Бәрінен бұрын, тұлғаны шығармашылықта дамыту тұр, ал оқыту сол дамытуға демеу болады. Қосымша білім беру баланың ерікті таңдау бойынша жеке дара және ұжымдық шығармашылық қызметте тәжірибе жинауына мүмкіндік туғызады. Бұл әлеуметті талап етілген сала, онда білім берудегі қызмет көрсетудің тапсырыс берушісі мен тұтынушылары жас азаматтар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдер), сондай-ақ, қоғам мен мемлекет болып табылады. Білім берудің осы түрі өскелең ұрпақтың бейімділігін, қабілеттілігін және қызығушылықтарын, азаматтық және адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өмірлік және кәсіби өзін-өзі белгілеуге мүмкіндік береді. Қосымша білім беру жүйесі шешетін міндеттердің арасында - қараусыздықтың, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және маскүнемдіктің алдын алу. Балаларға қосымша білім беру мектептің тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ашықтық, тұтастық және икемділікке ие болып табылатын балаларға қосымша білім беру жүйесі баланың, оның отбасының, қоғамның және мемлекеттің мүддесінде уақыт талаптарына тез әрі дәл әрекет етуге қабілетті. Жаңа технологиялар әлеміндегі балалар мен жастар шығармашылығы ұғымының өзгергенін түсіну инновациялық әдістемелерді белсенді енгізуді, заманауи құрал-жабдықтарды қолдануды, оқытудың жаңа формаларын іздестіруді, қосымша білім берудің ресурстық орталықтарының рөлін заманауи технологиялар орталығы ретінде кеңейтуді талап етеді. Балаларға қосымша білім беру терминімен баланың өз талаптарына және қажеттіліктеріне сәйкес өзі таңдап алған мәдениеттегі жеке дамуымен байланысты формальды емес білім беру саласын сипаттайды. 14 Балаларға қосымша білім беру ерекше білім беру жүйесі және білім берудің айырықша түрі ретінде Қазақстанда салыстырмалы түрде қысқа тарихқа ие. Бірақ қосымша білім берудің қазіргі дәрежесі және қолда бар әлеуеті мектептен тыс жұмыс мекемелерінің түрлі қызметінің ұзақ тарихы бойында қалыптасты. Балаларға қосымша білім беру айтарлықтай педагогикалық әлеуетке ие: тұлғаның даму уәждемесін қалыптастырудың қуатты құралы болып табылады; қосымша білім беру үрдістерінде әр бала үшін табыс жағдайын құру мүмкіндіктері шексіз, бұл оның жеке қасиеттерін тәрбиелеуге және нығайтуға оң әсер етеді. Іс-әрекеттің сан түрін игеруге құрылған қосымша білім беру тұлғаның өзін-өзі іске асыруының мәдени кеңістігін кеңейтеді, оны шығармашылыққа ынталандырады. Қосымша білім беру саласында бала мен ересек адамның жеке қызығушылықтарының ортақтығы негізінде гуманистік құнды бағдарлардың қалыптасу үрдісі қарқынды әрі мақсатты жүреді; қосымша білім беру бағдарламалары баланың жақын дамуы аумағына айнала отырып, оның мәдени дарындылығын тәрбиелеуге септеседі.
Адам әлеуетін қосымша білім беру құралдары арқылы дамыту сонымен қатар ел элитасын (ғылыми, инженерлік, мәдени және саяси) дарынды балаларды анықтау, олардың уәждемелері мен қабілеттерін дамыту арқылы қалыптастыру тәсілімен іске асырылады. Қосымша білім беру өзінің ерекшелігіне орай бос уақытты (демалыс, көңіл көтеру, мереке, өздігінен білім алу, шығармашылық) ұйымдастырудың түрлерін білім беру іс-әрекетінің түрлі формаларымен үйлесімді байланыстыруға тырысады және нәтижесінде балалардың бос уақытын қамту мәселесін шешу арқылы девинатты мінез-құлық кеңістігін қысқартады. Қосымша білім беру жүйесі тұтас алғанда жалпы білім беру жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Бұл балаға ұсынылатын дайын мәдени-әлеуметтік орта емес, оны өзі жасаған вариативті, оның өзінің рефлексивті мүмкіндіктеріне арқа сүйейтін орта.
1.2 Қосымша білім беру жүйесінің әлемдік даму үрдістері
ЮНЕСКО-ның Білім берудің халықаралық стандарттық классификациясы (ББХСК) формальды, формальды емес және информальды білім берудің білім беру бағдарламаларын қамтиды. Формалды білім беру мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының қатысуымен институцияланған, мақсатты жоспарланумен анықталады. Формалды емес білім беру формальды білім беруге қосымша немесе балама болып табылады, әлеуметтік және мәдени дамуға бағытталған өмірлік және еңбек дағдыларын дамыту бойынша бағдарламаны қамтиды. Формалды емес білім беру отбасындағы, жұмыс орнындағы, тұрғылықты жер бойынша және күнделікті өмірдегі оқу іс-әрекетін қосуы мүмкін, оның бағыттылығы адамның өзімен, отбасымен немесе қоғаммен анықталады.
Бүгінде ақпараттың жаңа арналары мен көздері пайда болған жағдайда мектеп білімді, дағдыларды және жүріс-тұрыс үлгілерін қалыптастыруға деген монополияны жоғалтуда. Формалды білім беру аясынан шығу, басқа әлеуметтік институттар мүмкіндіктерін қолдану қажеттігін тудырып отыр. Мектеп көптеген елдерде монополистен білім беру мен әлеуметтенудің үйлестірушісіне айналуда. Мұндай іс-әрекеттің табысы қосымша білім беру саласының дамуына тәуелді. Жоғары технологиялық экономика білімді, бірегейлікті, жоғары креативтілікті қолдану құндылығының артуын талап етеді. Бұл өзгерістер ұқсауға, көшіруге және мойынсұнуға бағытталған білім берудегі дәстүрлі амал-тәсілдердің адекватсыздық жағдайын тудырады. PISA халықаралық зерттеулері мектеп түлектерінің оқу жағдайлары аясынан шығатын жеке және қоғамдық маңызды 22 жағдайларда алған білімдері мен іскерліктерін қолдану қабілеттерін бағалайды. Оқушылардың білім жетістіктері бейінінде білімді іске асыру және белгілі алгоритмдерді қолдану іскерлігі жоғары деңгейдегі зияткерлік іскерліктермен салыстырғанда басым болады.
Халықаралық зерттеулер мектептен кейінгі және каникул кезеңдеріндегі білім берудің барлық түрлерін қолдау балалардың психологиялық және әлеуметтік дамуы үшін аса маңызды екенін растайды. Түбейгейлі өзгерістер орын алып жататын барынша жаһанданған қоғам, сонымен қатар қазіргі әлемдегі бос уақыттың өсіп келе жатқан рөлі белгілі бір қажеттіліктерді талап етеді. Еуропалық Одақ жылдам кеңеюде, Шығыс Еуропа елдері батыс экономикасы үлгісіне көшуде, қоғамның құндылық бағыттары интернационализация салдарынан өзінің тұрақтылығын жоғалтуда, халықаралық қарымқатынас өте қолжетімді болып отыр және т.б. Білім беру жүйесі осы әлеуметтік және саяси өзгерістерден тысқары қала алмайды. Мұндай жағдайларда балалар мен жасөспірімдердің бос уақыты ерекше маңызға ие болады. Көптеген елдерде балалар мен жастарға өздерінің бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы саясат бар. Мектептен бос уақытты оларға арнайы ұйымдар ұсынатын арнайы бағытталған ісәрекетпен шұғылдана отырып арнайы орындарда өткізу ұсынылады. Бұл жай ғана көңіл көтеру мен демалыс немесе дамуға бағытталған белгілі бір іс-әрекет түрі болуы мүмкін. Балалармен жұмыс істейтін кәсіпқойлар педагог немесе оқытушы деп аталады және көп жағдайда бейінді жоғары білімге ие болады. 23 Көптеген елдерде педагогиканың бұл бөлігі жеке мамандану ретінде оқытылады. Ал балалар өз дарындары мен құзіреттіліктерін жағымды демалыс ауанында дамыту мүмкіндігін иеленеді. Түрлі елдерде мектептен тыс бос уақытта ұсынылатын іс-әрекетті белгілеу үшін әр түрлі терминдер қолданылады. Қосымша білім беру термині формальды емес білім беру (ФЕББ), мектептен тыс білім беру, бос уақыт бағдарламалары және т.б. терминдерімен алмастырылуы мүмкін. Еуропа Кеңесінде және Еуропалық Одақта мақсатты бос уақыт іс-әрекеті формальды емес білім беру терминімен белгіленеді. Жастардың өміріндегі оқудың шамамен 70 пайызы формальды емес немесе бейресми білім беру жағдайларында өтеді: отбасында, құрдастар тобында, жастар ұйымдарында және бос уақыт топтарында. Білім беру уақытының шамамен 30 пайызын формальды білім беру иеленеді. Қосымша немесе формальды емес білім беру формальды білім беруге қарама-қарсылық ретінде ұсынылады. Балалар мен жастар үшін формальды емес білім беру барынша қызықты. Формальды емес білім беру формальды білім беруге қарағанда барынша икемді және жаңашыл форма болып табылады, ол ФЕББ-тің қоғамның балаларға қатысты үнемі өзгеріп отыратын сұраныстарына барынша тез әрекет ету қабілетімен түсіндіріледі. Еуропа кеңесі ФЕББ іс-әрекеттерін сараптай отырып төмендегі қорытындылар жасады:
-Формальды білім беру жүйесі жеке дара жұмыс істей отырып ұдайы ұлғаятын технологиялық, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге сәйкес келе бермейді, сол себепті ол формальды емес білім берудің әс-тәжірибесімен байытылуы тиіс;
-Үкімет және тиісті билік ұзақмерзімді келешекте формальды емес білім беру ұйымдарын de facto серіктестер ретінде танулары және формальды емес білім беруді баршаға қолжетімді етуі тиіс;
ФЕББ балалар мен жастарға үнемі өзгеріп отыратын ортаға бейімделуге арналған іскерліктерді, дағдыларды және құзіреттіліктерді меңгеруге және дамытуға мүмкіндік беретін өмір бақи оқыту тұжырымдамасының ажырамас бөлшегі болып табылады.
Бүгінде Еуропаның барлық дерлік елдерінде он мыңдаған қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде үкімет балалар даму үшін қосымша мүмкіндік алатын формальды емес білім беруді ұйымдастыру формальды білім беруді ұйымдастырумен қатар мемлекеттің міндеті болып табылады деген пікірді ұстанады.
Финляндия мен Литвада ФЕББ арқылы түрлі құзіреттіліктерді сатып алудың дамыған үдерісі байқалады. Финляндияда ФЕББ бос уақытта мектеп қабырғасынан тыс, көп жағдайда мемлекеттік емес ұйымдарда (ары қарай - МЕҰ) және қоғамдық іс-әрекеттің басқа түрлері аясында өткізілетін оқуға жатқызылады. Финляндияда ФЕББ формальды білім беру арқылы алынатын білімге қатысты баламалы немесе сындарлы болып табылатын білімнің көзі есептеледі. Финляндияның министрлігі мен муниципалитеттері балалармен және жастармен қоғамдық жұмысты үйлестіреді және қаржыландырады. Мәдениет, спорт және жастармен жұмыс 25 саласындағы ұсынылатын қызметтер салыстырмалы түрде қымбат емес: мүшелік жарна 5 еуро немесе тегін. Еуропада ФЕББ формальды білім берудің қателіктерін өтеу ретінде қарастырылмайды. ФЕББ тиімді дамыған жүйесі роман тілдік елдерге (Италия, Испания, Португалия, Франция) тән, бірақ ФЕББ бұрынғы социалистік елдер үшін барынша тән. Батыс Еуропа елдерінде дамыған қамқоршылық жүйесі басымдыққа ие. Бұл жастардың қажеттілігі үшін ұлттық және жергілікті үкімет тарапынан бөлінетін қаржылық көмектің көп бөлігі күрделі мәселелері бар балалар мен жастарға (олар балалар мен жастардың жалпы санының 5-10% құрайды) бағытталуға әкеледі. Сондықтан Батыс Еуропада формальды емес білім беру саласы жекеменшік сипатқа ие. ЕО елдерінде қазіргі уақытта Еуропа 2020 және жастарды дамыту стратегиясы (Europe 2020 and Youth Strategy) бағдарламасы іске асырылуда.
Аталмыш бағдарламаның мәні - Еуропа елдерін жастармен жұмыс бойынша іс-шараларды ұйымдастыруда және қаржылық көмекте қолдау. Қосымша білім беру саласындағы істәжірибенің үздік үлгілерін іріктеудің әзірленген өлшемдер жүйесі (жаңашылдық, өзектілік, оңтайлылық, жоғары нәтижелілік, тұрақтылық, инновацияны бұқаралық іс-тәжірибеде қолдану мүмкіндігі) төмендегі елдерді анықтауға мүмкіндік берді: Нидерланды, Польша, Чех Республикасы. Нидерланды орталықтандырылмаған ел болып табылады, онда мемлекет формальды емес білім беру саласына қатысты белсенді рөль атқармайды. Қосымша білім берудің көптеген мекемелері - жекеменшік. Жеке бастамаларға кейде жергілікті басқару органдары субсидия ретінде қолдау көрсетеді. Соңғыларының ескертпелі сипатқа ие жобаларға деген қызығушылығы байқалады.
Нидерланды елінде формальды емес білім беру бизнестің айтарлықтай саласына айналуда. Бос уақыт секторы мұнда жылына 50 млрд. еуро айналымына ие. Балалар мен жастар өз бос уақыттарын қалаған түрде өткізу үшін ақша төлейді. Бұл үдеріс Еуропаның көптеген елдерінде айқын сипатқа ие болуда. Бос уақытты ұйымдастыру жергілікті деңгейде көп жағдайда қалалар немес аудандар тұрғындары қатарынан шыққан волонтерлардың күшімен іске 26 асырылады, сондықтан қосымша білім беруді ұсыну іс-тәжірибесі әртүрлі: ол әрбір деревняда және қалада өзгеріп тұрады. Формальды емес білім беру Польшаның білім беру ортасында айтарлықтай орын алады. Мектептен тыс мекемелермен қатар мұнда формальды емес білім берудің қауымдастықтары, қорлары мен орталықтары, жастар сарайлары, иордан бақтары, жастар орталықтары жұмыс істейді - 223. Елде 11 жастар сарайы, 119 жастар орталығы, 51 формальды емес білім беру орталығы, 10 иордан бағы жұмыс істейді. Мұнымен қоса, Мектептен тыс Ұлттық кеңес аясында 142 формальды емес білім беру ұйымы жұмыс істейді, 42 ұйым Поляк мектептен тыс білім беру қауымдастығына қарайды. Польшадағы формальды білім беру мекемелері ұлттық бірегейлік міндеттерін шешуге арналған, патриоттық тәрбиеге ерекше назар аударады. Іс-әрекет аясында өз өлкесінің тарихы мен мәдениетін зерделеу негізгі орын алады.
Чехияның формальды емес білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты елдің бәсекеге қабілеттілігінің бір факторы ретінде қарастырылатын ғұмыр бойы оқуды қолдау түрінде көрініс табады. Осыған орай, мұндай оқытуға инвестициялар дамуға құйылған аса маңызды инвестициялар ретінде танылады. Формальды емес білім беру мекемелерінің іс-әрекетін қаржылай қамтамасыз ету көп жағдайда мемлекеттік бюджетке байланысты. Алайда, мұнымен қатар ол қатысушылардың жарнасынан, демеушілер көмегінен және жеке шаруашылық іс-әрекетінен құралады. Жалпы алғанда, Чехия балалар мен жастарға бос уақытты белсенді өткізуді ұйымдастыруға ерікті негізде қосылу мүмкіндігін беретін мекемелердің көп әрі қолжетімді желісіне ие.
Қазіргі уақытта әлемнің 40 елінде 500-ден астам балалар ғылыми қалашығы жұмыс істейді. Аталмыш орталықтардың, саябақтардың, ғылыми қалашықтардың, балалардың бейінді лагерьлерінің мақсаты - балаларды ғылым мен технология саласындағы өз білімдерін зерттеуге және дамытуға тарту, болашақ ғалымдардың, инженерлердің буынын әзірлеу және қоғам мен ғылым арасындағы тығыз байланысты арттыру.
Келтірілген мысалдардың ортақ сипаттары:
-орталықтарды құруда түрлі салалардағы ең озық технологияларды қолдану;
-оқыту бағдарламаларының және ғылыммен өз еркімен танысу бағдарламаларының болуы;
-мемлекеттікжекеменшік кәсіпорын үлгісін қолдану;
-мемлекет басшыларының, ірі өнеркәсіптік компаниялардың , қоғамдық қорлар және корпорациялар басшыларының бастамалары және қатысулары бойынша құрылу.
Еуропа кеңесі ФЕББ іс-әрекеттерін сараптай отырып төмендегі қорытындылар жасады: Формальды білім беру жүйесі жеке дара жұмыс істей отырып ұдайы ұлғаятын технологиялық, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге сәйкес келе бермейді, сол себепті ол формальды емес білім берудің әс-тәжірибесімен байытылуы тиіс; Үкімет және тиісті билік ұзақмерзімді келешекте формальды емес білім беру ұйымдарын de facto серіктестер ретінде танулары және формальды емес білім беруді баршаға қолжетімді етуі тиіс; ФЕББ балалар мен жастарға үнемі өзгеріп отыратын ортаға бейімделуге арналған іскерліктерді, дағдыларды және құзіреттіліктерді меңгеруге және дамытуға мүмкіндік беретін өмір бақи оқыту тұжырымдамасының ажырамас бөлшегі болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz