Психологиялық - педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

"Шәкәрім атындағы университеті" Коммерсиялық емес акционерлік қоғамы

РЕФЕРАТ

Орындаған:Бағдатова Шырай

ТОП:ИЗО-815

Тексерген: Акерім Қазбекқызы

2020-2021 жж

Интеграциялық оқыту жағдайында ЕБҚбБ-ға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Интеграциялық оқыту жағдайында ЕБҚбБ-ға
  • Интеграциялық оқыту
  • Интеграция түрлері
  • Интеграция моделі
  1. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру
  2. Қорытынды
  1. Кіріспе

Инклюзивті білім беру субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау шарттары және оны ұйымдастыру қалыпастыру бойынша білімдерін шыңдау. Білім беру саласында Қазақстан Республикасы ұстанған қазіргі әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі - балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуы арқылы білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру жолдары. Барлық балаларды (оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды да) жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу; балаларды бір-бірінен айыратын кедергілерді барынша жою үшін тұтас қоғам боп атсалысу және осы жолда ата-аналардың белсенділігіне сүйену баланы түрлі (дене және психоэмоциялық, әлеуметтік) мұқтаждықтарына қарай дамыту-түзету және арнайы қолдау, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

2. Интеграциялық оқыту жағдайында ЕБҚбБ-ға

Интеграциялық оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Интеграциялық оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Интеграциялық оқытудың бірнеше түрлері мен қалыптары бар.

Толық интеграция - қандай да бұзылыс түрі бар балыны қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда, сыныптарда оқыту. Толық интеграция психофизикалық және тілдік дамуы жасерекшелік деңгейіне сәйкес немесе жақын, және де балалардың қалыпты құрбыларымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын жағдайында іске асырылуы мүмкін.

«Жартылай» интеграция - қалыпты дамудағы құрбыларымен қажетті іскерліктер мен дағдылардың аз ғана мөлшерін меңгере алатын, сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін балалармен өткізе алатын балалармен нәтижелі жүргізіледі.

Тұрақты, толық емес интеграцияның маңыздылығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты деңгейдегі құрбыларымен қарым-қатынасын кеңейтумен анықталады. Жартылай интеграция қалыпты және арнайы топтары бар аралас типті мектепке дейінгі мекемелерде, сонымен қатар даму ауытқушылықтары бар балаларға ашылған арнайы сыныптары бар жалпыға білім беру мектептерінде жүргізіле алады

Уақытша интеграцияда арнайы топтың немесе сыныптың тәрбиеленушілері жеткен жетістік деңгейлеріне қарамастан қалыпты деңгейде дамитын құрбыларымен айына 2 реттен кем емес тәрбиелік мәнді іс-шараларды бірге өткізуге кездеседі.

Уақытша интеграцияның мағыналылығы мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты деңгейлі құрбыларымен қарым-қатынасқа түсудің алғашқы тәжірибесін меңгеруге жағдай жасаумен анықталады.

Эпизодтық интеграция моделі - мүмкіндігі шектеулі балалармен қалыпты деңгейлі балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеу жұмысын жүйелі жүргізуге жағдайы жасалмаған арнайы мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына арналған. Эпизодтық интеграцияның мағынасы болып анық күрделі даму бұзылыстары бар балалардың құрдастарымен аз ғана мөлшерде болса да өзара байланысқа түсуін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі балалар оқытылатын арнайы (түзету) мекеме жағдайында қалыптасатын әлеуметтік қарым-қатынастағы объективті шектеулерден асу табылады. Сонымен бірге, бұл жағдайды инклюзивті білім беру деп атауға болмайды.

3. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру

Даму мүмкіндігі шектеулі баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан кейін - ПМПК) ұсынысы мен қорытындысының нәтижесінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының ішінде штаттық мамандармен (арнайы педагогпен, психологпен, логопед мұғаліммен, әлеуметтік педагогпен, ЕДШ маманымен және т. б. ), сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс арнайы білім беру ұйымдарының (психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталығы, түзету және инклюзивті білім беру кабинеті) мамандарымен, сондай-ақ келісім шарт негізінде қызмет жасайтын арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтарымен іске асырылады.

Қажет болған жағдайда оқу бағдарламасы бейімделеді немесе оқу жоспарындағы пәндер бойынша жеке оқу бағдарламалары құрылады. Жеке түзете дамыту және оқу бағдарламаларының мазмұны баланың жасын емес, оның зерде дамуының деңгейін, жеке даму ерекшеліктерін, баланың өтемдік мүмкіндіктерін есепке ала отырып анықталады.

Білім беру үдерісін ұйымдастыру барысында денсаулыққа қолайлы педагогикалық-күзету тәртібін қарастыру қажет (дамуында проблемалары бар балалардың мүмкіндігінен жоғары талаптарды қоймай, баланың қажеттілігін және келешек өмірін есепке ала отырып оқыту керек, сондай-ақ қойылатын талапты да аса төмендетпеу қажет) .

Психологиялық-педагогикалық қолдау тобының әрбір мүшесі кәсіби этиканы сақтауға, балаға немесе оның жанұясына зиян тигізетін жағдайда, психологиялық-педагогикалық тексеру, кеңес беру жұмысы немесе қызметтің басқа да түрінің нәтижесінде алынған мәліметтерді жарияламауға міндетті.

Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барысында әрбір баланың білім беру-тәрбие үдерісінде өз мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады.

Бағалау қызметінде психологиялық және педагогикалық қолдау

көрсетудің екі бағытын көрсетуге болады:

  • өзекті - балада осыған дейін пайда болған қиындықтарды шешуге бағытталған;
  • перспективалы - оқуда болуы мүмкін ауытқуларды ескеру және алдын алуға бағытталған.

Екі бағыт та педагогикалық үдеріске қолдау қызметінің барлық мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында іске асырылуы мүмкін. Олардың қызметінде өзара байланысты және оларды ескеру қажет міндетті үш компонент бар:

  • бала дамуының диагностикасы (психикалық, тұлғалық, әлеуметтік) ;
  • түзету-дамыту бағыттылығының жеке және топтық сабақтарының бағдарламаларын іске асыру;
  • білім беру ортасын баланы оқыту мен дамыту және бағалау жүйесі арқылы оның даму деңгейін бағалауға қоятын талаптары көзқарасы тұрғысынан талдау .

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды психологиялық-педагогикалық қолдау төмендегілерге бағытталуы тиіс:

- баланың денсаулығын және дене күшін қолдау: бала өмірінің

денсаулық-сақтау түзімін ұйымдастыру, оларды жеке таңдалған қимылдық белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру;

- балалардың зерде дамуын қолдау: әрбір баланың танымдық

ерекшелігін анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай тудыру;

- баланы қарым-қатынас саласында қолдау: балаларға гуманистік өзара әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде жеке қабілеттерін байқатуларын қолдау, тәртіп түрін саналы түрде таңдауына көмектесу;

- баланың жанұясын қолдау: жанұялық қатынасты зерттеу, олардың үйлесімді болуына көмек көрсету.

Оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың психологиялық-педагогикалық шарттар келесі аспектілерден тұрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың әлеуметтік кызметтері
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Инклюзивті сабақта қолайлы білім ортасын жасау
Әлеуметтік қызмет көрсету - әлеуметтік жұмыстың ажырамас бөлігі
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға инклюзивті оқыту идеясының артықшылықтары
Қазақстандағы нарықтық әлеуметтік қызмет жағдайлары мен проблемалары
Инклюзивті білім беру жүйесінде ПОҚ құрамына кіретін мамандар құрамы
Қазақстан Республикасындағы жастарға арналған қызмет көрсету жүйесі
Мүмкіндігі шектелген балалардың құқығы туралы
Отбасы қатыгездіктегі жедел көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz