Адам құқығын қорғау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекет және құқық теориясы негіздері пәнінен
Мемлекет және құқық теориясы негіздері пәнінен: КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Мемлекет және құқық теориясы негіздері пәнінен: Тақырыбы: Адам құқығын қорғау

Экономика-заң колледжі Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы

Орындаған: мамандығы «Құқықтану» біліктілігі «заңгер-кеңесші» ПК-2 «А» тобы студенті

Қарабаев Жасұлан

Тексерген: ЭЗК «Құқықтану» мамандығы оқытушысы Сүлейменов Ж. Т.

Бағасы:

Оқытушы қолы:

Н Ұ Р - С Ұ Л Т А Н - 2020

Мазмұны

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 2

I ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУС_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5

  1. Адам құқығы статусының жүйесі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
  2. Орта ғасырларда азаматтық бостандықтар _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6
  3. Адам құқығы жайлы жалпы түсінік _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7

II ТАРАУ. АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8

2. 1. Құқықтың даму тарихы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8

2. 2. Құқықтық нормалар_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 14

2. 3. Халықаралық қатынастардың субъектілері_ _ _ _ _ _ _ _ _ 17

Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 28

Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 32

Кіріспе

Курстық жұмысымның өзектілігі: Адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығы. Адам құқықтарын қорғау өте өзекті тақырып. Адам дүниеге келгеннен бастап белгілі бір құқықтарға ие болады. Ол ең алдымен өмір сүру құқығы. Өмір сүру құқығы осы саладағы қалыптасатын басқа барлық құқықтар мен бостандықтың бастапқы негізін қалайды. Ол әлемдік өркениеттіңең жоғарғы құндылығы болып табылады, өйткені адам мерт болған жағдайда басқа құқықтың маңызы жойылады. Адамның өмір сүру және жеке басына қол сұғылмау, еркін жүріп тұру, ар-ождан мен діни сенім бостандығы, бірлесу, бейбіт жиналыстар мен митингтер бостандығы, сөз және наным, денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарының сақталуы мәселелері егжей-тегжейлі танылады. Сондықтан, адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттердің халықаралық құқықтық ынтымақтасуының рөлі маңызды.
Курстық жұмысымның объектісін екі мағынада қарастыруға болады. Тар мағынада бұл - адам құқықтары. Кең мағынада алғанда адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыру саласында мемлекеттердің халықаралық құқықтық ынтымықтастығы. Сонымен қатар бұл тақырып өте ауқымды болып келеді.
Курстық жұмысымның мақсаты : Адам құқықтары саласындағы қолданыстағы құжаттар мен ұйымдарды мемлекеттер ынтымақтастығының нысаны ретінде талдау және тарихтың осы кезеңіндегі мемлекеттердің құқықтық ынтымақтастық проблемаларын анықтау және оларды шешу жолдары.
Курстық жұмысым кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және де пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы - сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан, жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжірибесі бар.
Біз осы тарихқа, осы мол тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік нор-малардың диалектикалық объективтік даму процесімен танысамыз. Адам қоғамының әр формациясында азаматтардың қандай құқығы, қандай бостандығы болғанын білеміз.
Адам құқығы - тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан, әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады. Әлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғамдағы жүздеген, мыңдаған қарым-қатынасты реттейтін, басқаратын әлеуметтік норма. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып, нығайып жақсарады, оның әділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.
Жеке адамның құқығы қоғамдағы құқықпен тығыз байланысты. Бірі болса екіншісі де болады. Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Бұл екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды.
Сонымен адамның құқығы, бостандығы олардың мазмұндық дәрежесі қоғамның даму деңгейімен байланысты.
Алғашқы қоғамдағы бостандық:
- құл иелену қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
- феодалдық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
- буржуазиялық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;
- қазіргі замандағы бостандық түсінігі мен мазмұны.

I ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУС

  1. Адам құқығы статусының жүйесі

Құқық пен жеке тұлғаның өзара байланысын тек құқықтық статус арқылы толық түсінуге, білуге болады. Онда олардың санқырлы байла-нысының түсінігі, мазмұны, құрылымы, мақсаты, талаптары, мемлекет пен қоғамдық ұйымдармен арақатынасы көрсетіледі.
Құқықтық статус - жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Бұл статустың мазмұны адамның қоғамның әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал статустың нысаны - сол адамның қоғамдағы алатын орын заңды түрде сипаттауы. Статус латын тілінен аударғанда положение - жағдай - деген ұғымды көрсетеді.
Сонымен, құқықтық статус - «құкықтық жағдай» - бір мағынадағы ұғым. Оның негізгі мазмұны мемлекеттің Конституциясында бекітілген жеке тұлғаның бостандығы, құқықтары мен міндеттері.
Құқықтық статус объективтік тұрғыдан бостандықтың, демократияның жетістіктері мен кемшілігінің көрінісінің айнасы деуге болады. Адам қоғамының көне дәуірден даму кезеңдерінде құқықтық статус әртүрлі болды. Бірақ бұл процесс үнемі прогрестік жолмен дамыды.
Сонымен кұқықтық статус - кешенді, интеграциялық категория. Ол адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке тұлға мен еңбек ұжымының ара байланысының көрініс - айнасы.
Құқықтық статустың негізгі түрлері:
1) Жалпылама құқықтық статус - бұл азаматтық статус, қоғамның мүшесі, Конституциялықстатус.
2) Арнаулы құқықтық статус - студемттер, зейнеткерлер, шахтерлер т. б. статус.
3) Жеке тұлғаның құкықтық статусы - бір адамның өмірбаянының реквизиттері: білімі, қызметі, отбасы, аты-жөні т. б. Олардың қоғамның қай саласында кызмет атқаруы, соған сәйкес саяси және арнаулы жеңілдіктер болуы.
4) Жеке тұлға және заңды тұлғалар статусы.
5) Шет елдердің азаматтарының статусы.
6) Қазақстан Республикасыиың шетелдердегі азаматтарының статусы.
7) Жүйелік статустар: азаматтық, әкімшілік т. б.
8) Кәсіпқойлық, лауазымды тұлғалар статусы.
9) Статус - қиын жағдайда жұмыс атқаратын адамдар (солтүстікте, қиыр-шығыста, қорғаныс өндірісінде, құпия өндірістет. б. )
Қазіргі заманда жеке тұлғаның кұкықтық статусы заң ғылымының бір саласына айналды және жалпы тсорияның жеке тақырыбы болып отыр.
1. 2. Орта ғасырларда азаматтық бостандықтар

Адамдар тек құқықтық жүйедегі қоғамда өмір сүре алады. Бұл объективтік тұжырымға адамдар мыңдаған жылдар өмір тәжірибесінен сезініп білді. Біздің заманымыздан бұрынғы V - IV мыңжылдықтан бастап адам қоғамы әлеуметтік нормасыз өмір сүре алмайды. Норма объективтік тұрғыдан қоғамның өмір сүруінің ең қажетті құралы болды. Осы тәжірибеге сүйене отырып гректің ойшыл-ғалымдары Ликофрон, Антифон ( V- ІV мың жылдықта) адамның табиғи бостандығы, құқықта-ры бар, оны ешкім жоя алмайды - деген. Бұл пікірді кейін Аристотель, Локк, Монтескье, Руссо, Канттар да қостаған. Сөйтіп «Табиғи кұқықтық теория» өмірге келген.
Бұл теория Англияның 1215 ж. бостандық партиясында, 1689 ж. құқық петициясында; АҚШ 1776 ж. декларациясында, 1791 ж. Конституциясында, Францияның 1789 ж. Конституциясында мемлекеттік заңға айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1948 ж - Декларациясында адамның «Табиғи құқық теориясы» қабылданып, эр мемлекеттің кұқығының негізі болсын деп қаулы қабылдады. 1966 ж. БҰҰ Халықаралық пакт атты қаулы қабылдап, онда адамдардың экономикалық, әлеуметтік жэне мәдени құқықтарын әлем көлемінде дамытуды, жақсартуды міндеттеді.
Қазіргі заманда адамдардың бостандығы мен құқықтары барлық мемлекеттердің Конституциясына, Декларациясына енгізіліп, ең негізгі ресми саясатқа айналды. Қазақстан Республикасының 1993-1995 жж. Конституциялары адамның бостандығы мен құқықтарына арнаулы бөлім беріліп бұл мәселені жан-жақты дамыту, жақсарту өзінің мемлекеттік міндеті деп жариялады.
Сонымен, адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы сонау көне дәуірден қазіргі заманға дейін әлеуметтік және құқыктық нормалар арқылы басқа-рылып келеді. Сондықтан, жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы және мол тәжірибесі бар. Оның даму мазмұны, шеңбері қоғамының даму деңгейімен байланысты. Әр формацияда адам бостандығы мен құқығы әр түрлі болады. Бірақ оның дамуы объективтік прогрестік жолмен дамыды. Қоғам дамып, нығайып жақсарған сайын құқықта, бостандық та нығайып жақсарады, оның әділеттік, демократиялық мазмұны да, кеңістігі де күрделенеді, жақсарады. Егерде бұл бостандыққа, құқыққа шектеу қойылса оны іске асыруға кедергілер жасалса, адамдардың табиғи бостандықтарына мән берілмесе ондай қоғамда антидемократиялық (фашизм, тоталитаризм, деспотизм) мемлекет орнап саяси, экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Адам қоғамының тарихында бұған мысал жеткілікті. Осы XX ғасырдың өзінде осындай дағдарыс екі дүниежүзілік соғысты өмірге әкелді.
1. 3. Адам құқығы жайлы түсінік

Сонымен, адам құқығы - жеке тұлғаның табиғи мүмкіншіліктері арқылы қоғамның барлық саласында іс-әрекет жасап өздерінің қадір-қасиетін, ар-намысын, абырой беделін корғап, жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуі.
Заң ғылымында адам құкығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғым бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.
Адам кұқығы - табиғи қүқық, табиғи бостандықтар субъектілері оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет бекітсе онда ол адам сол мемлекеттің адамы болады.
Азамат құқығы - табиғи кұкықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамныц азаматы болу.
Жеке тұлғаның құқығы - жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық статусының шеңберіне байланысты. Жеке тұлғаға жата-тындар: адам, азамат, шет елдердің азаматы, азаматтығы жоқ адамдар, саяси-экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қашқындар.
Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігі бұл үш ұғымды бір мағынада қолдана береді. Жеке адамдардың кұкықтарында объективтік және субъективтік деген түсініктср бар. Елді солардың мазмұнына тоқтайық.
Объективтік құқық - заңды пормалардың бір жүйесі, оның мазмұны, нормалардың өмірге келуі жекс адамдармен қатысы жоқ. Субъективтік құкық - субъектілердің бостандығы мен құқықтары объективтік құқықтағы іс-әрекеттерді орындауға байлаиысты.
Азаматтардың, адамдардың негізгі құқықтарымен бостандығы халық-аралық актіде және әр мемлекеттің Конституциясында толық көрсетіледі. Оныңтүрлері: азаматтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, эколо-гиялық, ақпараттык құқықтар. Енді оларға қысқаша түсінік берейік.
Азаматтық құқық - адамиың табиғи бостандығы мен құқықтары. Адам не істесе де ерікті. Тек қоғамға жеке азаматтарға зиян келтірмеуге міндетгі.
Экономикалық құқық-табиғи бостандық пен кұқықтың экономикалық талаптары - жеке меншік кооперацияға мүше болу, акционерлік ұйымдарға қатысу, жұмыс істеу, бизнеске қатысу т. б.
Саяси құкық - қоғамды, мемлекетті, өндірісті, шаруашылықты басқару, қоғамдық ұйымдар, партия құру, жиналыс, митинг, демонстрация өткізу, сайлауға қатысу, сайлану т. б.
Әлеуметтік құқық - қоғамның экономикалық, материалдық дамуы сол арқылы адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек, үй құқығы, денсаулықты жаксарту т. б.
Мәдени құқыктар - білім алу, рухани сананы жақсарту; әдебиет, өнермен шұғылдану; тіл, дін құкықтары т. б.
Экологиялық кұқық - адамды қоршаған ортаны, табиғатты жақсарту, ол туралы мәліметтер алу, зиянға ұшыраса төлету т. б.
Ақпараттық құқық - ойлау, сөйлеу бостандығы, газет-журнал шығару, мақалалар жазу т. б. қүқықтар.
Халықаралық құқықтар - жоғарыда көрсетілген құқықтардың кепшілігі адамдар басқа елдерге барғанда да пайдаланады. Адамдардың саяхат жасауына, жүріп тұруына шектеу қойылмайды.
Адамдардың негізгі міндеттері - адамдардың құқықтары мен міндеттері тығыз байланыста болады. Мысалы: сөз, ойлау бостандығы мен қате, бұрыс ойламау, сөйлемеу міндеттері. Адамдардың міндеттерін екі топқа бөледі: табиғи және заңды міндеттер.
Табиғи міндеттер табиғи құқықтар мен сәйкес болады. Заңды міндеттер - нормативтік актілер арқылы қалыптасқан міндеттер. Мысалы: азаматтардың табиғатты жақсарту, қоғамдық тәртіпті сақтау т. б.
Азаматтардың негізгі міндеттерінің көпшілігі Конституцияда көрсетіледі. Адамдар құкықты қалай талап етсе, олар сол дәрежеде міндеттерді орындауы қажет. Құқықпен міндет бірге қалыптасады, өмірге бірге келеді, бірге дамиды. Бұл объективтік процесс. Адамдар өз міндеттерін дұрыс, уақытында жақсы орындаса құқықтары да кедергісіз орындалуға тиісті.
Адам құқығы - азаматтың басты игілігі. Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бос-тандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ. Қазақстан Ата заңының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостан-дықтары», - деп атап көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстанға әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұруға моралдік құқық береді.
II ТАРАУ. АДАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ

2. 1. Құқықтың даму тарихы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығын сот тәртібімен қорғау
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары бойынша меншік құқықтарын қорғау мәселелері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы
Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңдар
Балалар құқығын қорғау саласындағы құжаттар
Қазақстан Республикасындағы меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz