Жібіту үрдісі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Инженерлік-технологиялық факультет
(факультет атауы)
« Тамақ өнімдері және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы »
(кафедра атауы)
Реферат
(жұмыс атауы)
Жібіту процесі
(жұмыс тақырыбы)
Орындаған: Солтанова А. А.
Тексерген: Камбарова А. С.
Тобы: ТК-703
Семей, 2019 жыл
Жоспар:
- Жібіту процесі дегеніміз не?
- Жібіту процесінің талаптары.
- Зертханалық жағдайда терінің сапасын анықтау.
- Қолданылған әдебиеттер.
Жібіту үрдісі
Мех және былғары шикізаттарын сумен өңдеуді - жібіту деп атайды. Жібітудің мақсаты - шикізатты сулану дәрежесі және микроқұрылымы жағынан мал денесінен жаңа сыпырылған күйіне мейлінше жақындату, яғни «жас тері» қалпына жеткізу.
Егер тері консервілегеннен кейін тұрып қалған болса, теріні міндетті түрде жібіту керек. Жібіту жеңіл көрінгенмен, күрделі және маңызды операция, ол терінің сапасына әсер етеді. Келесі операцияларды қанша сапалы істеп, жібітуді нашар орындаған болсаңыз, тері бәрібір ірі, іші қатты және онымен жұмыс істеу жағдайы ыңғайсыз болады. Жібітуді орындамас бұрын терідегі кір, қан, тұз және ерігіш ақуыздар (альбуминдер, глобулиндер) кетіріледі. Жібіту дұрыс жүргізілген кезде шикізаттардан ақуыздық заттарды аз шығындай отырып, толық және бірқалыпты суландыру қамтамасыз етіледі, сонымен қатар шикізаттардан мүмкіндігінше барлық натрий хлоридін және басқа да консервіленген заттарды кетіріп, шикізаттарды бактериалдық әсер етуден қорғауды қамтамасыз ету керек (әсіресе мех терілері үшін) .
Жібіту үрдісінде жеткіліксіз және бірқалыпсыз суландырылған тері, басқа үрдістерді жүргізгенде терінің беткі қабатының тартылуына немесе қатты болуына себеп болуы мүмкін. Бірқалыпсыз суландырылған мех терілері жеткіліксіз созымдылыққа ие болуы мүмкін. Жібіту кезіндегі ақуыздық заттардың өте көп шығын болуы былғары құрылымының босаңқы болуына алып келеді. Мех және былғары шикізаттарын жібіту үрдісі, әдетте мынадай реагенттердің қалыптасуымен жүргізіледі: натрий хлориді, натрий корбанаты, әртүрлі беткі белсенді заттар (ПАВ), натрий гексафтормиликаты, қалий хлориді.
Бұл реагенттерді жібітетін суға не жібітуді жеделдетуге көмек ретінде немесе бактерияның өсіп-өнуін тоқтататын антисептиттік заттар ретінде қосады. Натрий гексафторсиликаты ең көп тараған антисептикке жатады. Кейбір кезде аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне қолданылатын былғарыны өндіру үшін, әсіресе қой мен ешкі терісін қолданылғанда жібітетін суға жібіту соңында кальций гидроксидін қосады.
Жібіту үрдісінде температураны үрдістің ұзақтылығы, жібітетін сұйықтың рН-ын және оның құрамындағы аз тұзының бактериалдығын, жібітуден кейінгі шикізаттардың серпімділігін және суландырылған дәрежесін бақылайды. Мақсатқа сәйкес, зертханалық (лабораториялық) жағдайда, оқтын-оқтын терінің әр қабатының суландырылу дәрежесі тексеріледі. Жібітетін сұйықтықта жоғарғы мөлшерде азотты заттар болса, онда терінің бүлінгендігін дәлелдейді. Жібітуден өткен терінің бар ауданы жұмсақ болуы керек, кескен кезде кесінді ақшыл-күңгірт түсте болып, терінің ылғалдылығы 67% төмен болмауы керек. Мех пен былғары шикізаттарының сулану дәрежесін кептіру әдісімен анықтайды.
Жібітуді орыңдағаңда келесідегідей талаптарды ескеру қажет:
1. Судың сапасы мен температурасы. Біріншіден су таза, жаңа және ағын судан алынған болуы керек. Әйтпесе, тұрып қалған судағы шіріткіш бактериялар терінің белок сапасын бұзады. Екіншіден, ең жұмсақ немесе орташа кермектікте болғаны дұрыс. Өте кермекті су тұздың үлкен концентрациясын қажет етіп, ерімейтін әктік сабын түзеді, ол теріні баптауға бөгет жасайды. Егер сізде өте кермекті су болса, оған әлсіз сілті немесе калъциленген сода қосьп, жұмсартыңыз.
Су температурасы 10 о -20 о С болу керек. Төменгі температурада жібіту баяу жүріп, тері сапасын төмендетеді, ал жоғары температурада- тезірек өсіп, шіріткіш бактериялар көбейеді.
2. Судың мөлшері. Судың мөлшері жібітіп жатқан теріден 6-7 есе көп болады.
3. Өлтіргіш заттар. Суланған теріде тез және шіріткіш бактерияларды көбейтпеу үшін өлтіргіш заттар қолданады. Үй жағдайында өлтіргіш зат ретінде ас тұзын пайдаланды. Бірақ керекті концентрациясын білген жөн, әйтпесе шіріткіш бактериялар керісінше көбейіп кетеді, 1 л суға 30-50 г тұз қажет. Жібітуді тездету үшін басқа да өлтіргіштер ретінде - сілтіні, өте қатты кептірілген шикізатқа әлсіз сілті (кальциленген сода, аммиак бұлар 1 л суға 1г кетеді) пайдаланады. Тері біркелкі ылғалдану үшін жүйелі түрде араластырған дұрыс.
Натрий гексафторсиликатының мөлшерін анықтау. Сыйымдылығы 200 - 300 мл конус формалы шыны ыдысқа 100 см 3 жібітетін сұйықтық құяды (анықтауды жібітетін суға басқа да материал қоспастан бұрын жүргізіледі) да 5 мин қайнатады. Содан соң 0, 5 н натрий гидросиді ертіндісімен феиолфталейіннің қатысумен әлсіз қызғылт түске боялғанға дейін титрлейді. Бұл кезде мына реакция жүреді:
Натрий мөлшері, г/л
Мұндағы: а - 0, 5 н натрий гидроксидінің титрлегенде кеткен көлемі, см 3 ; К - кальций гидроксидінің ертіндісінің титрдегі түзетуі; 23, 51 - натрий гексафторсиликат саны, бұл 1 дм 3 0, 5 н натрий гидросиді ертіндісіне тең, г.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz