Медициналық сабындар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Сабын ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Cабындардың классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3. Медициналық сабындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
4. Медициналық сабындардың өндіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ...10
5. Қара сабын - қазақтың патенттелмеген тапқырлығы ... ... ... ... ... ... . ..12
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Кіріспе
Сабын - тілімізге арабтың сабун деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:
Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас...
Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:
Сабының сақар болды дені келін,
Көрмедің шыбын құрлы мені келін
Сабын -- жоғары май қышқылдарының тұздары. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 -- 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын -- кристалл қатты заттар, 220 -- 270 C-та балқиды; ыстық суда, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге ұшырайды.[1]
Сабынды алу үшін кем дегенде үш компонент керек: май (өсімдік немесе жануар майы), күйдіргіш натр (немесе күйдіргіш калий) және су. Жо-жоқ, құрамын көріп шошына көрмеңіз, терідегі май мен кірді ерітетін тап осы заттар саналады. Ғылыми тілмен айтсақ, классикалық сабын - бұл май қышқылдарының тұзы (натрий немесе калий). Өркениет сабындарды айналып өте алмады, нәтижесінде оның құрамына бояғыштар, иістендіргіштер, пішін ұстап тұрушылар, консерванттар, біріктіргіштер сынды синтетикалық компоненттер қосылады. Мұндай сабын қарапайым суда да, теңіз суында да жақсы көпіріп, оңай сақталынады. Алайда, бұл артықшылық біздің теріміздің синтетикалық жаңалықтарды дұрыс қабылдамайтындығын ақтай алмайды. Аллергия, терінің құрғауы, қабыршақтануы, иммунитеттің жоғалуы - міне осылар көпірік пен жарқын түстердің, жағымды иістердің ақысы. Сондықтан, ең жоғарғы сортқа табиғи майдан жасалған сабындар жатады.[2]
Сабын
Сабын -- жоғары карбон қышқылдарының тұздары RCOOMe. Сабынның құрамына пальмитин С15Н31СООН және стеарин С17Н35СООН қышқылдарының тұздары (негізінен, натрий мен калий тұздары) кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындағы металл катионына байланысты болады. Калий тұздары суда натрий тұздарына қарағанда жақсы ериді, ал магний, кальций, барий тұздары суда ерімейді. Сұйық сабынның құрамына калий, қатты сабынның құрамына натрий катиондары кіреді.
Қарапайым сабын -- карбон қышқылдарының тұздары. Оларды глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады. Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған. Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақар, конифоль, нафтен, т.б.) қолданылады. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда, глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар. Тоқыма, былғары, металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады.
Сабын молекуласы
Сабын молекуласы - кішкене бақаға ұқсайтын құрылымдар. Әрбір молекуланың екі ұшы бар, бір ұшы құйрық сияқты ұзын полюссіз және гидрофобиялық көмірсутек шынжыры, ал екінші ұшы басы сияқты қысқа полюсті және гидрофильді карбоксильді ион болады. Молекулардың гидрофобиялық қасиеті молеклалардың суда ерімейтін, алайда майда ери алатын ерекшіліктеріне байланысты айтылса, гидрофильдік қасиеттері заттың суда еритін, алайда майда ерімейтін ерекшіліктеріне қатысты айтылады. ==Майлы қышқылдар== Сабындарда стеарин, пальмитин және олеин қышқылдары секілді қаныққан және қанықпаған майлы қышқылдардың натрий және калий сияқты минералды тұздарынан тұрады.Мұндай қышқылдарда 10-20 көміртегі атомынан тұратын ұзын көмірсутекті тізбек және карбоксильді топ бар. Стеарин және пальмитин қышқылдары жалғыз байланыстардан тұратын қаныққа майлы қышқылдарға жатады. Олеин және линол қышқылдары бір немесе бірнеше қос байланыстан тұратын қанықпаған майлы қышқылдарға жатады.
Сабынмен тазалау
Сабын тазалау процесі барысында механизм бойынша жұмыс істейді. Сабынды сумен араластырып шайқағанда, сабын ерітіндісі концентраты түзіліп, көбік пайда болады.Көбік сабын молекулаларынан су бетінде жалғыз молекулалық қабықшаның пайда болуына ықпал етіп, олардың матаға кіруіне септігін тигізеді.Сабын молекуласының гидрофобиялық ұшы матаға сіңген кірді немесе майды қоршап алады.Ал, екінші жағынан, гидрофильді ұшы суды кірден алшақтатады. Кірді немесе майды қоршап тұрып, кір бөдшектерінен жұмсаратын сабын молекулаларының шоғыры мицелла деп аталады. Сабындарды кермек сула қолданбаған жөн.
Сабындану
Сабындану дегеніміз -- химиялық реакция басында майларды гидролиздеу жолымен сабын жасау процесі. Сабындану процесі кезінде триглицеридтер натрий немесе калий гидроксидімен реакцияға түсіп, глицерин мен сабын деп аталатын майлы қышқыл түзеді. Сабындану реакциясы барысында күшті қышқылдар немесе негіздер катализатор ретінде қолданылады.
1. Сабын алу. Сабындану реакциясын майды натрий гидроксидімен немесе натрий карбонатымен қыздыру арқылы жүргізеді. Реакция нәтижесінде глицерин мен жоғары карбон қышқылының натрий тұзы (сабын) түзіледі:
май + NaOH -- глицерин + сабын
Түзілген сабынды бөліп алу үшін реакция өнімдеріне натрий хлоридін қосады, сонда сабын қоспаның бетіне қалқып шығып, глицерин астында қалады. Сабынды жинап алады және пішін береді. Сабын жасағанда жоғары май қышқылы тұзынан (RCOOMe) басқа оған -- хош иісті заттар, бояулар, антисептиктер және т.б. заттар қосады.
2. Соңғы кезде майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алады:
2С36Н74 + 5O2 -- 4С17Н35СООН + 2Н2O
Түзілген қышқылдарды бейтараптау арқылы сабын алынады:
С17Н35СООН + NaOH -- C17H35COONa + Н2O (натрий стеараты (қатты сабын))
С17Н35СООН + Na2CO3 -- C17H35COONa + Н2O + СO2 (натрий стеараты)
Карбон қышқылы тұздарының (сабынның) гидролизі кезінде сілті түзіледі:
С17Н35СОО- + Na+ + НОН -- С17Н35СООН + Na++ ОН-
Сілті майлы заттарды ыдыратады, ал карбон қышқылы -- беттік белсенді зат (ББЗ).Ол екі сұйықтың немесе сұйық пен газ шекарасында беттік керілуді төмендететін зат. ББЗ болу үшін оның құрамындағы топтар әр түрлі затпен әрекеттесуі керек. Карбон қышқылы молекуласының беттік белсенді заты су мен органикалық сұйықтық шекарасында. Карбон қышқылында гидрофобты (гр. hydro -- су және phobos -- қорқады) көміртек қалдығы және гидрофильді (гр. hydro -- су және рһіlіо -- сүйеді, ұнатады) карбоксил тобы бар. 44-суретте сабынның жуғыш қасиеті көрсетілген. Сабын молекуласы екі бөліктен тұрады, көмірсутек тізбегі майдың құрамында, ал -- COONa+ тобы суда болады.
Сабындардың жуғыш қасиеті -- жуылатын беткейлердегі жабысқан кір бөлшектерін эмульсия, суспензия түріне ауыстыра алатын мүмкіндігіне байланысты.
Кермек суда сабын "іріп кетеді" де, кір ашылмайды. Себебі кермек суда карбон қышқылының кальций, магний тұздары тұнбаға түседі:
2C17H35COONa + СаСl2 -- (С17Н35СОО)2Са↓ + 2NaCl
Сабынның суда еруі кезінде жоғары қышқылдармен сілті түзе гидролиздену процесі бірге жүреді. Бұл жағдай матаға зиянды әсерін тигізеді:
C17H35COONa + Н2O -- С17Н35СООН +NaOH
Жоғары карбон қышқылдары тұздарының қолданылуы жуғыш заттар ретінде шектелмейді. Кальций тұзын мұнай майларына қосып, солидол жағар майын алады. Тығыз маталарды алюминий сабынымен (тұзымен) өңдеп, су өткізбейтін брезенттер жасайды. Қорғасын, марганец сабындарын майлы бояулар дайындағанда пайдаланады. Қазіргі кезде синтетикалық жуғыш заттар кеңінен қолданылуда. Синтетикалық жуғыш заттар (СЖЗ), негізінен, алкилсульфаттардың натрий тұзынан тұрады. RO -- SO2 -- ONa. R -- құрамында 8 -- 18 көміртек атомы бар көмірсутек радикалы.
СЖЗ алу үшін әуелі спирт пен күкірт қышқылын әрекеттестіріп, күкірт қышқылының күрделі эфирін алады:
R -- OH + HO -- SO2 -- OH -- R -- О -- SO2 -- OH + H2O
Түзілген алкилсульфаттан күрделі эфирдің натрий тұзын алады:
R -- О -- SO2 -- OH + NaOH -- R -- O -- SO2 -- ONa + H2O
СЖЗ күкіртсутектің ұзын тізбегі (R) мен ерігіш функционалдың топтан тұратындықтан, сабын сияқты жуғыштық қасиеті жоғары. Сабыннан айырмашылығы -- кальций мен магний тұздары ерігіш болғандықтан, жуғыштық қасиетін кермек суда да жоймайды. Синтетикалық жуғыш заттар өте баяу айырылады, сондықтан табиғатқа, қоршаған ортаға, тірі организмдерге зиян тигізуі мүмкін. Сол себепті акаба (кір) суларды тұндырғыштарда тұндырып, балдырларда болатын биологиялық бактериялар көмегімен тотықтыру арқылы тазалайды. Бұл кезде органикалық заттарды көмірқышқыл газы мен суға дейін ыдыратады. Алкилсульфаттар мен алкилсульфонаттарды ыдырататын бактериялар штамдары әзірленген, осылар арқылы микробиологиялық тазарту іске асады. Сабындар жоғары карбон қышқылдарынъш (палъмитнн және стеарин) калий және натрий тұздары. Сабындар қатты және сұйық болады. Сабын кермек суда "іріп" кетіп, кір ашылмайды. Синтетикалық жуғыш заттардың кір алғыштығы сабыннан жоғары, бірақ қоршаған ортаға зиян тигізуі мүмкін.[3]
Сабындардың классификациясы
Сабынды қолдану әдістеріне байланысты:
* шаруашылық-тұрмыстық;
* арнайы сабындар;
* медициналық .
Негізінен майлы, шайыр (канифоль) және нафтен қышқылдарының натрийлі тұздарынан тұратын қатты консистенциялы сабынды шаруашылық сабындар деп атайды, оларда сапаны жақсартатын әртүрлі органикалық және органикалық емес қоспалар болуы мүмкін.
Иіс сабын жоғары жуғыш әсерге ие және бөлме температурасында орташа қаттылық суда мол көбік береді; жағымды иісі, түсі, пішіні болуы және теріге зиянды және тітіркендіргіш әсер етпеуі тиіс. Дәретхана сабынының негізгі массасы улы сабыннан шығарылады, оның майлы рецептурасына кокос майы кіреді, алдын ала кептірілгеннен кейін, хош иісті заттармен ипарфюмдеу. Ол үшін кептірілген, бояумен және хош иісті заттармен араласқан ядро сабын жұқа сабын таспасына айналады. Алынған таспалар тығыз және біртекті сабынды бөренелерге нығыздалады, олардың жекелеген бөліктерін штампылайды.Иіс сабын құрамында кемінде 72% май қышқылдары бар.
Дайындау тәсілі бойынша ажыратылады:
* ядролы;
* желімді;
* және жартылай ядролы сабын.
Ядролы сабын-сабын желімі, "ядролы" бөлігі бар ас тұзы деп аталатын концентрацияланған сабын ерітіндісін төгу жолымен алынған техникалық таза сабын. Ядро құрамында 60% кем емес майлы және ұқсас қышқылдар бар.
Балалар сабыны
Балаларға арналған деген сөзді естісек, сабынды дәстүрлі түрде қауіпсіз, таза деп қабылдаймыз. Дұрысы - бейтарап деу, себебі, бұл сабындардың стандартты өндірілуі аллергия тудыруға қабілетті компоненттерді қосуда тартыншақтайды. Сіздердің ашық, қанық түсті балалар сабынын көрмейтіндіктеріңізді осылай түсіндіреміз. Сондай-ақ, бұл сабындарға жұмсартқыш, емдегіш (ланолин, түймедақ, календула, жебіршөп т.б.) компоненттер қосылады. Бұлардың мөлшері жеткіліксіз болғанымен, сезімтал терілі немесе аллергиясы бар адамдарға абайлап қолдануға болады.
Косметикалық сабын
Француз тілінің сөздігіне үңілсек, toilette сөзінің екі мағынасын көреміз: біріншісі - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz