Тұлға әлеуметтенуі түсінігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС КАФЕДРАСЫ

«Әлеуметтану» пәні

ДӘРІС САБАҚТАРЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК

НҰСҚАУЛАР

Алматы, 2020

«Әлеуметтану» пәні

ДӘРІС САБАҚТАРЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІКНҰСҚАУЛАР

1. Әлеуметтану ғылым ретінде

Әлеуметтанудың объектісі және пәні. Әлеуметтанудағы «әлеуметтік» түсінігі.

  1. Әлеуметтанулық теориялардың құрылымы. Теориялық және қолданбалы социология. Макро және микро социология.
  2. Әлеуметтанудағы теориялық және эмпирикалық мәселесі.
  3. Әлеуметтік заңдар және адамдардың әлеуметтік қызметі. Әлеуметтік заңдардың түрлері.

Социология өоғам туралы ғылым. Оны қоғамдық ңылым ретінде негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт ( 1798-1857) . Социология философиядан бөлінгенімен қоғамның біртұтастығы, оны дамытатын қозғаушы күштер мен тағы басқа проблемаларды да қарастырды. Оның ішінде қоғам өмірінің барлық жақтарын мемлекет, саясат, құқық,

“Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas - қоғам және гректің logos - сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандай да бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Ол үшін ең алдымен әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ара жігін ажыратып алған жөн.

Ғылыми таным объектісіне зерттеу қызметі бағытталатынның бәрі, оған объективті шынайылық ретіндегі қарсы тұратын нәрсенің бәрі жатады. Нақты ғылымның зерттеу объектісі туралы әңгіме болғанда объективті шынайылықтың қандай да бір бөлігі тұтас зерттелмейді, сол ғылымның ерекшелігімен анықталатын жағынан бастап қана зерттеледі. Объективті шынайылықтың нақты бөлігінің басқа жақтары бұл жағдайда қосалқы нәрсе ретінде немесе берілген объектінің міндетті шарты ретінде қарастырылады.

Кез келген ғылымның пәні объективті дүниенің жай ғана бір құбылысы немесе процесі емес, оның зерделенетін объектісінің дамуы мен қызмет етуінің басқа ғылым емес, тек қана осы ғылым үшін ерекшеленген белгілі бір заңдылықтарын бөліп қарауға мүмкіндік беретін теориялық абстрактілеу нәтижесі болып табылады. Мұндай абстрактілеу (зерделенетін объектінің үлгісін жасау) әлеуметтік шынайылылықтың әллеуметтанушы қызметі бағытталған “бөлігін”, “саласын”, “қырларын” анықтайды.

Жоғарыда аталған анықтамаларға жасалған қысқаша шолу барлық көзқарастардың макро не микроәлеуметтанушылық парадигмалармен арақатынаста болатынын көрсетеді. Макро-теоретиктер қоғамның ғаламдық заңдарын ашып көрсетуге талпына отырып қоғамның, мәдениеттің, әлеуметтік институттардың, әлеуметтік жүйелер мен құрылымдардың, ғаламдық әлеуметтік процестердің ұғымдарын пайдаланады. Микротеоретиктер қоғам туралы философияшыл болудан бас тарта отырып, жалпы жеке адамдардың түрлі әлеуметтік жағдайлардағы мінез-құлқын, олардың әрекеттерінің себеп-салдарын, жеке тұлғалар арасындағы өзара әрекет механизмдерін және басқа да нақты мәселелерді зерделеумен шұғылданады.

Осыдан барып әлеуметтануды анықтаған кезде бір-бірінен мүлде бөлек екі көзқарас келіп шығады: бірі - оның пәнін қоғамдық организмнің тұтастығы, әлеуметтік ұйымдар мен жүйелер туралы ғылым ретінде анықтау болса, екіншісі - әлеуметтік процестер мен бұқаралық мінез-құлықтар туралы ғылым ретінде анықтау. Бірінші көзқараста әлеуметтану демографиялық, экономикалық және саяси ғылымдармен ұштасса, екіншісінде әлеуметтік психологиямен ұштасады.

Макроәлеуметтанудың дамуы қазіргі заманғы теориялық әлеуметтанудың қалыптасуына, ал микроәлеуметтанудың дамуы эмпирикалық (қолданбалы) әлеуметтанудың қалыптасуына алып келді деген түсінік бар. Мұндай баға негізсіз емес, бірақ оны толық мәніндегі ақиқат нәрсе деп мойындауға болмайды. Макроәлеуметтануда да, микроәлеуметтануда да теориялық және эмпирикалық деңгей бар. Макроәлеуметтанушылар (Э. Дюркгейм, М. Вебер, Ф. Теннис, П. Сорокин, т. б. ) эмпирикалық әлеуметанушылық зерттеулермен белсене айналысқан, ал микроәлеуметтанушылар (мысалы, американ әлеуметтану мектебінің өкілдері) маңызды әлеуметтану­шылық теориялардың негізін қалаған.

Қазіргі микро және макроәлеуметтанудың жақындасуы оның объектісі мен пәнін қазіргі заман тұрғысынан түсіну үшін аса маңызды. Бұл жақындасу макротеоретиктер де, микротеоретиктер де материяның әлеуметтік нысанының алғашқы “клеткасы” болатынын және қоғамды да, нақты адамдардың мінез-құлқын да әлеуметтанушылық талдау ісін содан бастау қажеттігін мойындауда бір-бірімен үндес екендігінен көрінеді.

Теориялық білім - теориялық білімнің әлеуметтанушылық теориялары, болжамдары, типологиялары және т. б. нысандары .

Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары .

Егер де әлеуметтануды “теориялық” және “эмпирикалық” деп бөлу білімнің деңгейімен (теориялық және эмпирикалық) байланысты болса, әлеуметтануды “ іргелі” және “қолданбалы” деп бөлу - әлеуметтанудың өзінің ғылыми немесе қолданбалы бағдарларына байланысты. Эмпирикалық зерттеу іргелі әлеуметтанудың да, қолданбалы әлеуметтанудың да шеңберінде жүргізілуі мүмкін. Егер оның мақсаты - теория жасау болса, онда ол іргелі әлеуметтануға жатады. Егер де оның мақсаты - тәжірибелік ұсынымдар жасау болса, онда ол қолданбалы әлеуметтануға жатады. Алатын білімнің деңгейіне қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы болуы мүмкін. Бұл теориялық зерттеулерге қатысты. Сөйтіп қолданбалы зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеулердің өзі, бірақ қолданбалы бағытта болады. Әлеуметтану заңдары жалпы әлеуметтану және жеке әлеуметтану болып бөлінеді. Бөлу өлшемдері ретінде заңдармен бейнеленетін объектінің көлемі алынады: қоғам тұтас жүйе немесе қоғамның ішкі жүйесі, оның құрамдас бөлігі ретінде бейнеленеді, пәрмені шағын топтарға, белгілі бір әлеуметтік стратаға, әлеуметтік топқа немесе тапқа және тұтас қоғамға қолданылатын заңдар бар. Жалпы әлеуметтану заңдары - өздігінен дамитын әлеуметтік жүйе ретінде бүкіл қоғамның маңызды байланыстарын көрсететін заңдар. Жеке әлеуметтану заңдары қоғамның құрамдас бөліктерінің маңызды байланыстарын, олардың ішкі дамуы мен қызмет атқаруын, сондай-ақ тұтас әлеуметтік организм ретінде қоғаммен байланысын көрсететін заңдар болып табылады.

Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. Әбдікерова, Г. О. Әлеуметтану, Алматы, Қазақ университеті, 2012, 132б.
  2. Биекенов К. Ү. Әлеуметтану тарихы, Алматы, 2010, 214б.
  3. Нұрбекова Ж. А. Отандық әлеуметтану тарихы, Алматы, 2012, 112б.
  4. Маулшариф М. Әлеуметтану, Алматы, 2010, 115б.
  5. Добреньков В. И. Социология: Краткий курс/ Добреньков В. И., Кравченко А. И. . М. : Инфра-М., 2008- 231с.

Қосымша әдебиет:

  1. Кравченко А. И. Общая социология: учебное пособие для вузов - М. : Юнити, 2007. - 479с.
  2. Кравченко А. И. Социология: Учебник для студентов несоциологических специальночтей, естественно-научных и гуманитарных вузов. / Кравченко А. И., Анурин В. Ф. - СПб и др. Питер, 2008 -431с.
  1. Нурбекова, Ж. А. Социология управления : Учеб. -метод. пособие для студентов гуманит. фак. вузов; КазНУ им. аль-Фараби. - Алматы: Қазақ ун-ті, 2003. - 51, [3] с.

2. ДӘРІС. ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕРІ.

  1. О. Конт - әлеуметтанудың негізін салушы. Оның қоғамның даму кезеңдерін қарастыруы. Әлеуметтік статика және динамика концепциясы.
  2. О. Конттың көзқарастарының Г. Спенсер, Г. Тард, Э. Дюркгейм және т. б. ғалымдардың еңбектерінде жалғастырылуы.
  3. М. Вебер социологиясы.
  4. Әлеуметтанудағы құрылымдық-функционализм (Т. Парсонс, Р. Мертон) .
  5. Қазақстандағы социологиялық ойлардың дамуының кезеңдері мен бағыттары.

Әлеуметтанудың негізін қалаушы О. Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне сүйенеді. О. Конт оң әлеуметтанушылық білімді табиғи-физикалық процестерге ұқсатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік физика деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамика бөлу осыдан келіп шыққан.

Ағылшын философы әрі ғалымы Г. Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым деп білді.

Неміс кәсіби әлеуметтануының атасы Ф. Теннис әлеуметтанудың өзі жасаған тұжырымдамасы шеңберінде теориялық және қолданбалы әлеуметтанумен қатар салыстырмалы оқу пәні ретінде эмпирикалық әлеуметтануды бөліп қарайды. Ол индуктивтік әдіске сүйенеді және жалпы ұстанымдар ретінде теориялық әлеуметтану ұғымдарын пайдаланады. Ф. Теннистің ойынша, әлеуметтану пәнін әлеуметтіліктің, қоғамдастықтың барлық түрлері және олардың негізін адамдардың өзара әрекеті құрайды.

Француз әлеуметтану мектебінің негізін қалаушы Э. Дюркгейм үшін дербес және ерекшеленген ғылым ретіндегі әлеуметтанудың пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу болды, оларды “заттар ретінде”, қоғамдық тұтастықты нығайтатын наным, ұжымдық сана жүйесіне қатысты функционалдылық көзқарасы тұрғысынан түсіндірілуге тиіс нәрсе ретінде қарастыру қажет.

Неміс әлеуметтанушысы М. Вебердің көзқарасы бойынша, әлеуметтану пәнін анықтау әлеуметтік мінез-құлықты түсінумен тығыз байланысты. М. Вебер үшін әлеуметтану пәні дегеніміз әлеуметтік іс-әрекеттердің мән-мағынасының, әлеуметтік қарым-қатынастар мәнінің және олардың әрекет субъектісіне арналған құрылымдарының тұтас жиынтығы. Бұл позитивтік-баяндаушы емес, түсінікті әлеуметтану болуға тиіс.

Әлеуметтану пәні туралы американ әлеуметтанушысы П. Сорокиннің түсініктері қызықты. Ол барлық ғылымдарды үш топқа - объективті нақты өмірдің органикалық бөлігін зерделеумен шұғылданатын ғылымдарға, органикалық емес бөлігі және “органика үстілік” немесе әлеуметтік мәдени бөлігін зерделейтін ғылымдарға бөледі. Объективті шынайылықтағы органикалықтан тыс феномендер саласын адамның ментальдік, ойлау қызметінде көрініс табатын әлеуметтік феномендер құрайды. Бұл салаға тіл, ғылым мен техника, дін, философия, өнер, құқық, этика, адамдардың әдет-ғұрыптары мен мінез-құлықтары жатады. Әлеуметтану ғылымдардың үшінші тобына кіреді және органикалықтан тыс феномендер үшін ортақ нәрселерді зерделейді. Сонымен әлеуметтану барлық категориядағы әлеуметтік феномендер, сондай-ақ оларды біріктіретін қарым-қатынастар мен өзара байланыстар туралы жалпы ғылым болып табылады.

Американ әлеуметтануының классигі Т. Парсонс әлеуметтануды мінез-құлықтардың өзара іс-әрекеттері мен атқаратын рөлдерінен - құндылықтардың жалпы иерархиясына бағытталған өзара іс-қимылдардан тұратын, мәдени үлгілер, ережелер мен мәртебелердің институциялануына негізделетін құрылымдарға сүйенетін, әлеуметтік жүйелерді зерделейтін ғылым деп біледі.

Символикалық интеракционизмнің негізін қалаушы Дж. Г. Мид әлеуметтану жануарлардың мінез-құлқынан принципті түрде өзгеше болатын адам мінез-құлқының механизмін түсінуге тырысуы тиіс деп есептейді. Әлеуметтік өзара әрекет механизмін оның барлық деңгейлері мен мән-мағынасы бойынша барабар түсіну міндетін жеке тұлғаның ішкі дүниесі мен оған себепші болатын факторларды түсінген жағдайда ғана шешуге болады. А. Шюцтің пайымдауы бойынша, әлеуметтану пәні “”, яғни жеке адамдар бірін-бірі қалай түсінетіндігінің, дүние туралы жалпы қабылдау мен жалпы түсінік қалай қалыптасатындығының проблемасы болып табылады. Шюцтің интерсубъективтілікті талдаулары кәдуілгі білімнің әлеуметтанушылық іргетасын - феноменалдық әлеуметтанудың бүгінгі таңдағы неғұрлым толық жасалған тұжырымдамаларының бірінің іргетасын қалады.

Қазақстанда әлеуметтану көзқарастарының қалыптасу негіздері

Қазақстандағы әлеуметтік ой қалыптасуының қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды:

1) рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді;

2) әлеуметтік-саяси даму - Қазақ­стан­дағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты.

ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835-65), Абай Құнанбаев (1845-1904), Ыбырай Алтынсарин (1841-89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:

1. Классикалық кезең - Ш. Уәлихановтан, А. Құнанбаевтан және Ы. Алтынсариннен бастау алады;

  1. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері: М. Сералин, С. Торайғыров (1893-1920), С. Дөнентаев.

Әлеуметтанудың біршама бой көтеруі ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында “хрущевтік жылымық” дейтін кезеңде ғана атап өтілді. 1962 жылы Кеңестік әлеуметтанушылар қауымдастығы құрылды, ол әлеуметтанудың ресми институттануын білдіретін еді. Мәскеу және Ленинград университеттерінің философия факультеттерінде әлеуметтану лабораториялары құрыла бастады (Ю. В. Арутюнян және В. А. Ядов), 1960 жылы КСРО ҒА Философия институтында әлеуметтану бөлімі ашылды, оны Г. В. Осипов басқарды. 1968 жылы Нақты әлеуметтік зерттеулер институты және оның басқа қалалардағы бөлімдері жұмысын бастады. Қазақстанда 1964 жылы ҚазКСР ҒА Құқық философиясы институтының жанындағы қылмыстың әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерделеу жөніндегі топ ұйымдастырылды, оны заң ғылымдарының кандидаты У. Жекенбаев басқарды. Топ қылмыс әлеуметтануы саласындағы проблемалармен шұғылданды. Ғылыми өмірдегі маңызды оқиға КСРО-ға Батыстың көрнекті ғалымдары Р. Аронның, Р. Мертонның, Т. Парсонстың келуі болды (1958-64) .

1970-ші жылдары Қазақстанда мына бағыттар бойынша бірнеше әлеуметтанулық топтары құрылып, жұмыс істеді:

  1. ұлттық қатынастардың дамуын басқару проблемаларын зерделеу жөніндегі топ (1970), жетекшісі - М. М. Сужиков;
  1. ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) рухани-идеологиялық салдарларын зерделеу жөніндегі топ (1974), жетекшісі - В. А. Черняк;
  1. Қазақ политехникалық институты жанындағы өнеркәсіптік әлеуметтану лабораториясы (1975), жетекшісі - М. Б. Батырбеков.

Осы даму кезеңінде әлеуметтану маркстік әдістеме шеңберінде белгілі бір тәжірибе жинақтады. Осы жылдарда қазақстандық авторлардың - С. Н. Соскин, А. А. Рогачев, У. М. Ысқақов, А. Ш. Алтаев, Н. А. Аитов сияқты ғалымдардың әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелері бойынша алғашқы ғылыми еңбектері, социалистік қоғамның, еңбек ұжымының, қала мен ауылдың әлеуметтік құрылымы проблемаларын зерделеуге әлеуметтанушылық зерттеулер әдістерін қолдану жөніндегі әр түрлі әдістемелік ұсынымдары жарыққа шықты. Л. А. Байдельдиновтің, Ө. К. Шеденовтің, Д. А. Дорждың және т. б. еңбектерінде әлеуметтану ғылымының қолданбалы жақтары қарастырылды. Әлеуметтанудағы жеке тұлғаның проблемалары Ғ. Ғ. Ақмамбетовтің, Т. М. Дәуітовтің және т. б. еңбектерінде қаралған.

Қаз КСР Ғылым академиясының жанындағы әлеуметтану секциясы жұмыс істеген қысқа мерзім ішінде әлеуметтануға арналған зерттеулердің тұтас сериялары жүргізілді, олардың нәтижелері В. А. Сапрыкиннің, В. А. Черняктің, Т. С. Сәрсенбаевтің және т. б. монографияларында көрсетілген. Бұл жұмыстардың құндылығы әлеуметтану . Зерттеушілер бір мезгілде әлеуметтануға арналған зерттеулердің бірнеше әдістерін қолданған. В. А. Черняк өзінің әлеуметтанулық зерттеулерінің материалдары негізінде атеизм әлеуметтануының негізін салушы болды, оның зерттеулерінің әдістемесі мыналарды қамтыды: 1) халықтың мәдениеті мен тұрмысын іріктеп тексеру; 2) құдайға мінәжат ету орындарына еніп бақылау; 3) әлеуметтік ақпаратты айқындау, белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені, оның ішінде, біздің көзқарасымызша, фокус топтық зерттеу; 4) құжаттарды - қолжазба материалдарды, мұрағат көздерін, мерзімді баспасөзді зерделеу; 5) қоғамдық пікірді зерделеу. Аталмыш зерттеулер көпфакторлы сапалық және сандық сипаттамаларымен ерекшеленді, бұл қазіргі заманғы жаппай қолданылатын сауалнама жүргізу әдістерімен салыстырғанда өзіне назар аудартады. Алайда әлемдік әлеуметтану практикасынан, атап айтқанда, американдық зерттеу әдістерінен бойды аулақ ұстау ғалымдарды зерттеулерге өте сақтықпен қарауға және жүргізетін зерттеулеріне маркстік дәйектеме келтіруге мәжбүр етті, бұл зерттеулердің сандық әдістерін, олардың инструментарийлерін жасауға және мәліметтерді өңдеуге қиындық туғызды.

Бұл кезеңде Қазақстан ғылымында қоғамның әлеуметтік құрылымын зерделеудің әдіснамалық негіздері қаланды, ол 90-шы жылдары әлеуметтану ғылымы шеңберінде одан әрі дами түсті.

Жоғары оқу орындарындағы әлеуметтанудың қалыптасуы мен дамуында 1996 жылы әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор К. Ғабдуллинаның жетекшілігімен құрылған “Әлеумет­тану­шылар академиясы” әлеуметтану орталығы үлкен рөл атқарды.

Қазақстандық әлеуметтанудың дамуы мен қалыптасуына Нариман Әбдірахманұлы Аитов ерекше үлес қосты. Ол ондаған ғылыми еңбектер, алғашқы жаңа буын оқулықтарын жазған. А. Ә. Аитовтың жаңа еңбектерінің бірі - “Тең емес адамдардың теңдігі” маркстік және қазіргі заманғы әдіснаманың өзіндік ара жігін ашушы болды.

Қолданылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. Әбдікерова, Г. О. Әлеуметтану, Алматы, Қазақ университеті, 2012, 132б.

Әбдірайымова Г. С. Жастар социологиясы, Алматы, Қазақ университеті, 2012, 166б.

  1. Биекенов К. Ү. Әлеуметтану тарихы, Алматы, 2010, 214б.
  2. Нұрбекова Ж. А. Отандық әлеуметтану тарихы, Алматы, 2012, 112б.
  3. Маулшариф М. Әлеуметтану, Алматы, 2010, 115б.

Қосымша әдебиет:

  1. Бачинин В. А. История западной социологии. Учебник. СПб. : Лань, 2002. - 383
  2. Голенкова З. Т. История социологической мысли в странах Центральной и Восточной Европы. М., РУДН, 2003. - 235 с.
  3. Гофман А. Б. 7 лекций по истории социологии. М. : Университет: Высшая школа, 2003. - 237 с.
  4. Кравченко А. И. История зарубежной социологии. М. : Культура: Академический проект, 2005. - 701 с.

3. Дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі әлеуметтік - педагогикалық атқаратын рөлі туралы
Отбасындағы сәтсіздік түрлері балалық шаққа педагогикалық демеу беру әдістері
ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЛЫПТАСУЫ
Жастардың әлеуметтену механизмі
Әлеуметтену түсінігі
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Орта мектептерде бесінші сыныпқа бейімделуге бейімделуі
Тұлғаның дамуы
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz