Қалкан безіне йодтың жиналуы


Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Реферат
«Клиникалық ветеринариялық медицина»
кафедрасы
Тақырыбы: Макро және мироэлементтер алмасуы бұзылуын анықтау әдістері
Орындаған : Вс-315
Исахожа Жұлдыз
Тексерген : Сиябеков С. Т
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Кальций мен фосфордың жануар ағзасындағы биологиялық ролі
- Азық құрамындағы микроэлементтердің организмге тигізетін әсері
- Микроэлементтердің жетіспеуіненен туындайтын аурулар
- Макроэлементтердің биологиялық ролі
- Микро және макроэлементтерді анықтау үшін жүргізілетін анализ
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Микроэлементтер - топырақта, тау жыныстарында, қазба көмірлерде, табиғи және минералды суларда, организмдерде (аз мөлшерде 0, 01 - 0, 1% не одан төмен) кездесетін химиялық элементтер. Микроэлементтерге Ал, Фе, Цұ, Мн, Зн, Мо, Цо, І, т. б. жатады. Олар бірқатар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың, тыныс алу пигменттерінің құрамына кіреді. Академик В. Вернадский Микроэлементтердің биосферадағы таралуының бірнеше заңдылықтары бар екенін зерттеді. 30-дан астам Микроэлементтер адам, жануар және өсімдік тіршілігіне өте қажет. Микроэлементтердің артық не кем болуы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Микроэлементтер өсімдіктің организміне топырақпен, ал жануарлар мен адам организміне тамақпен ауысады. Микроэлементтер бойдың өсуіне (жануарларда - Мн, Зн, І), қанның түзілуіне (Фе, Цұ, Цо), т. б. әсер етеді. Егер өсімдік құрамында бор болған жағдайда ол азот, фосфор және калийді жақсы сіңіреді. Бор жетіспегенде өсімдік тұқымы нашарлайды, әр түрлі ауруларға шалдығады. Марганец пен мырыш тотығу - тотықсыздану процесін жылдамдатып, өсімдіктің өсуін тездетеді. Мыс тотығу ферменттерінің құрамына кіреді және В тобы витаминдерінің синтезін белсендендіреді. Йод адам және жануарлар организміндегі тироксин гормонының қызметін жақсартады. Микроэлементтер мұнай, газ және полиметалл кендерін іздеуге, ауыл шауашылығындағы дақылдарының өнімділігін арттыруға (микротыңайтқыштар), т. б. пайдаланылады.
1-сурет. Микроэлементтер
Негізгі бөлім
1. Кальций мен фосфордың жануар ағзасындағы биологиялық ролі
Са ерімеген тұздар Са3(РО4) 2, Са+-2, СаСО3, гидроксипатит Са10(РО4) 6(ОН) 3 түрінде сүйекті тканнің органикалық емес фракциясының түзілуіне қатысады.
Бұлшық ет жасушаларының саркоплазматикалық торында болатын Са бұлшық еттің жиырылуы мен жазылуына қатысады.
Ферменттердің активаторы ретінде қан ұюының көптеген сатыларына қатысады.
Жүйке импульсін өткізуге қатысады.
Мембраналардың өткізгіштігін азайтады.
Тканді коллоидтардың суды байланыстыру қабілеті төмендейді.
Бірқатар ферменттерді (актомиозин -АТФ-аза, амилаза) активтендіреді және ұйқы безінің трипсині мен амилазасын тұрақтандырады.
Организмнің жалпы ерекшелік емес резистенттілігін жоғарлатады.
Са биологиялық импульсті (гормондар), әр түрлі типтегі клеткаларға беруде сарапшы ретінде қатысады. Са-дың клеткалық процестерге қатысуы оның цАМФ-пен және бірқатар болып қызмет атқаратын ерекшелік кальцийбайланыстырушы белоктармен өзара әсерімен жанамаланған.
Фосфордың биологиялық ролі:
- Фосфордың негізгі қызметі сүйек ткані мен тістердің бүтінділігін ұстап тұру мен өсуіне байланысты.
- Жоғары эргиялық қосылыстардың тѕзілуіне қатысады (АТФ, креатин-фосфат) .
- Көмірсулар алмасуының аралық өнімдерінің фосфорилденуіне қатысады (глюкозо-6-фосфат) .
- Фосфолипидтің құрамына кіреді.
- Генетикалық маңызды қосылыстардың (ДНК, РНК) синтезінде құрылыстық блок қызметін атқарады.
- Фосфопротеиндердің күрделі белоктарының құрамына кіреді (сүт казеині) .
- Клеткалардың және сұйықтықтардың фосфатты буферлі жүйесінің түзілуіне қатысады.
2. Азық құрамындағы микроэлементтердің организмге тигізетін әсері
Азық құрамында жүзден, мыңнан пайыз болып келетін микроэлементтер-дің жалпы организмге ас қорыту процестерінде атқаратын ролі зор. Олардың рационда жетіспеуі эндемиялық ауруларға әкеліп соғады.
Йод. Азық йоды мал организміне йодидтер түрінде сіңіріліп, қалқанша безде жиналады. Йод молекулаларының тирозинмен құрған бір-, екі-, тирозин түріндегі қосындылары осы бездің Т3-үшйодтиронин мен Т4-төртйодтиронин, яғни тироксин гормондарының құрамына кіреді. Қанда бұл гормондар альбумин және глобулинмен байланып таратылады да, зат алмасуының барлық қырына барынша күшті ықпал етеді. Соған орай қалқанша безін тіпті орга-низмдегі «зат алмасу моторы» деп те атайды. Ол жалпы организм резистент-тігін күшейтіп, оны айғақтайтын динамикалық статусын жоғарылатады.
1-кесте. Микроэлементтер жетіспеуінің белгілері
йод
мырыш
кобальт
мыс
селен
марганец
фтор
2-кесте. Макроэлементтердің шектен тыс жиналуының белгілері
кальций
фосфор
калий
натрий
магний
күкірт
темір
3-кесте. Микроэлементтердің шектен тыс жиналуының белгілері
фтор
селен
қорғасын
никель
стронций
молибен
мыс
бор
3. Микроэлементтердің жетіспеуіненен туындайтын аурулар
Организмдегі зат алмасуында атқаратын физиологиялық қызметтері айқындалған бұл биологиялық маңызды, яғни биогенді, микроэлементтермен қатар тіршілікте маңыздылығы айқындалып келе жатқан шартты биогенді микроэлементтерге жатқызуға болады.
Рационда йод жетіспейтін жағдайда эндемиялық алқым ісігі (қалқанша безінін ісуі) немесе энзоотикалық алқым ісігі - өте кең тараған геохимиялық энзоотия. Бұл ауруға шалдыққан қалқан безінің қызметі бұзылып, зат алмасу барысы зақымдалады.
Алқым (қалқан) ауруы ауа, су және топырақ кұрамында йод жетіспеген жағдайда, яғни топырақта йодтың мөлшері - 0, 1%, суда - 10 мкг/л аз болғанда орын алады.
Иод жетіспеушілігімен қатар энзоотикалық ісіктің пайда болуына йодқа қарсы әсер ететін химиялық элементтер, яғни кальций, стронций, марганец, қорғасын, фтор, кобальт, күкірт және кейбір азықтық қосындылар құрамында күкірті бар тұздар, зәрлік, антибиотиктер мен параминсалицил қышқылының көп мөлшері, С витаминінің жетіспеуі себептеседі.
Қалқан безінің ісуі және оның қызметінің бұзылуы гормон түзу құбылы-сының бұзылуына тікелей байланысты. Ол жеті сатымен өрбиді:
- Қалкан безіне йодтың жиналуы;
- Йодтің молекулалық йодқа ыдырауы;
- Йод пен тирозиннің монойодтирозин, дийодтирозин, үшйодтирозин және тетрайодтирозинге айналып, тиреоглобулинмен тығыз байланысуы;
- Қалқан безінің гормондары тиреоглобулиннен бөлініп, ыдырап, өз алдына жеке дара монойодтирозин, дийодтирозин, үшйодтирозин, тетрайод-тирозин түрінде қан айналымына сіңуі;
- Монойодтирозин, дийодтирозиннің галогенсізденуі және қалқан безінің йодидті пайдалануы;
- Үшйодтирозин мен тетрайодтирозиндердің қан кұрамындағы альфа-глобулинмен йодтың ақзатпен байланысқан түрін түзуі;
- Ақзатпен байланысқан йод торшада одан бөлініп, галогенсізденіп және ацитилді йодидтанып, торша ішіндегі зат алмасу құбылысын жылдамдатуы.
Сонымен қалқан безі гормондарының негізгісі йодид пен тирозин. Егер бұл заттар жетіспесе тиреоид гормондарының түзілуі төмендеп, қалқан безінің құрылымы мен қызметі бұзылады.
Энзотикалық дерт өте баяу білінеді. Малдың қоңдылығы мен өнімділігі, жүйке тамыр-тірек-қимыл тонусы төмендейді, түлеуі кешігеді.
Ірі қара малдың организімінде йод жетіспесе басы мен мойынның жүні шектен тыс өседі, яғни «жал» мен «кекіл» пайда болады. Терісі құрғақ, қатты, серпімділігі нашарлап, көзге сөлекет көрінеді. Жүрек сазы мен дүрсілі әлсірейді, малдың азыққа араны ашылады, қарынның алдыңғы бөлігінің гипотониясы, ішек-қарын қабығы қабынады.
Төменгі жақ асты мен мойнына су үймелеп, ісінеді, яғни микседема пайда болады. Сүт құрамындағы йодтың мөлшері 20-100 есе азаяды.
Қан құрамындары гемоглобиннің мөлшері, эритроцитпен лейкоциттің саны азаяды. Аналық малдың арасында іш тастау және өлідей туу кездеседі, Өлідей туған түсіктің қалқанша безі шектен тыс үлкен, жақ асты, мойын және арқа терілерінің астына сұйық жиналып, ісінген.
Диагноз қойғанда сойылған және өлген малдан зерттеуге алынған заттарды тексеріп, талдап анықталады.
Геохимиялық эндемикалық зобты немесе йодтың жетіспеуін анықтауда қалқанша бездің дене массасына қатынасты салмағы арқылы, биогеоценоз-дағы йодтың мөлшері анықталады. Н. Уразаев (1978) дерегі бойынша қалқанша безінің салыстырмалы салмағы (100 кг тірі салмаққа шаққанда) ірі қарада - 7 граммнан аспауы керек.
Аурудың дауасы (емі мен алдын алу) - мал организмінде жетіспейтін йодтың мөлшері үстеп қоректендіру арқылы толтыру.
Йодтың жетіспеуінен пайда болатын ауруларды емдеп, алдын алу үшін йодты калий қолданылады. Калий йодидінің аурудың алдын-ала алу үшін қолданылатын мөлшері (1 кг тірілей салмағына шаққанда) - ірі қара малға - 3 мг.
Калий йодидін ас тұзына қосып та қолданады. Йодталған ас тұзының құрамында калий йодидінің мөлшері 25 мг/кг болады, ал йодталған ас тұзын ұзақ сақтағанда оның құрамындағы йод ұшып кетеді, сондықтан йодтың мөлшерін белгілі бір уақыттан кейін тексеріп тұру қажет.
Калий йодидін йоды байланған түйіршек түрінде беруге болады, оны кайод деп атайды. Кайод - ас тұзының калий йодпен түйіршегі - оның кұрамында 3 кг калий йодиді бар, ондағы йод жылға дейін сақталады. Ірі қара малға тәулігіне - 1, ал сүтті сиырларға - 2-3 талдай береді.
Калий йодидін тері астына немесе етке вазелинмен немесе А витамині ерітіндісімен араластырып енгізуге болады.
Эндемикалық зобтың алдын алудың тиімді жолы - агробиогеоценоздағы биохимиялық жағдайды қалыптастырып, топырақ құрамына йодты енгізу. Мұны йод жетіспеушілігі орын алған Қазақстан аймағында қатаң ескерген жөн. Өйткені тіпті клиникалық ісік түрінде бейімделмеген жағдайда да йод жетіспеушілігі өсімі мен көбеюі, өнімділігін төмендету арқылы сала экономикасына орасан зиян тигізеді[1, 6, 10, 11, 13] .
Мыс. Мал азығымен желінген мыстың қанға сіңірілуін аш ішек кілегей қабатында онымен байланысатын металтионеин белогі реттейді. Қанға сіңірілген мыс аминқышқылдары және альбуминдермен байланысып, негізінен бауырда, сүйек кемігінде, жұлын мен жүнде, ал денедегі бүкіл мыстың жартысына дейіні бұлшық етте жиналады. Сондай-ақ, ішек, сүйек, тері құрамында кездеседі. Бауырдан қанға церулоплазмин түрінде енген мыс малдың көбеюшілігіне, сүттілігіне, жүннің өсімі мен оның түске боялуына (пигментациялануына) әсер етеді[1, 5, 13] .
Кобальт . Кобальттың биологиялық әсері мыстікіне ұқсас келеді. Ол күйісті малдың алдыңғы қарын бөліктеріндегі микробиологиялық түзуде цианкобаламин, яғни В12 витамині құрамына мукопротеинмен байланыста еніп, оның түзілуіне, темір мен мыс болған жағдайда гемоглобинінің, глобинінің, эритроциттер мен лейкоциттердің түзілуіне ықпал етеді. Денедегі кобальт гидролитикалық ферменттерді белсендіріп, нуклеин қышқылдары мен бұлшық ет белогының түзілуін күшейтеді. Қан глобуліндерімен байланысқан кобальт бауыр, көкбауыр, бүйректе жиналады.
Төменде рационда мыс пен кобальт жетіспеген жағдайдағы эндемиялық аураларды қарастырамыз.
Гипокупроз мал организмінде мыстың жетіспеуінен пайда болатын ауру. Гипокупрозда эритроциттің, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, ұлпаның тыныс алуы нашарлайды, ферменттердің белсенділігі әлсіреп, жүйке, азық қорыту жүйесінің қызметі бұзылады.
Ауру мал азығанда мыстың мөлшері аз болса немесе жетіспесе орын алады. Әдетте, азықтың 1 кг құрғақ затының құрамында мыстың мөлшері 6, 0 мг-нан аз болса, сиырдың қанындағы мөлшері 0, 7 мг/л кем болады да мыс жетіспеушілігінің белгілері айқындалады.
Қан мен бауырда мыстың мөлшері шектен тыс төмен болса оның қажетті мөлшері миға жетпейді, мидың коректенуі бұзылып, ми торшаларында кеңістік пайда болады, жүйке тамырдың миеленсізденуі өрбиді, ми жұмсарып, . оған су жиналады. Каротиннің және ақзат сульфгидрильді тобының пайда болуы тежеледі және де басқа зат алмасу құбылыстары бұзылады.
Мал төлдерінің қоректенуі бұзылу салдарынан атаксия байқалады.
Гипокупроз жіті, созылыңқы және созылмалы болады. Жіті және созылыңқы түрімен мал туғаннан кейін 2-3 күнде, ал созылмалы түрі 2 ай және одан үлкен кезінде ауырады.
Жасы үлкен малдардың сүттілігі, тірілей салмағы төмендейді, тәбеті бұзылады, яғни заттарды жалап, мал астына төселген зәр мен нәжіспен ластанған нәрселерді жеп, сүйек, шүберек, ағаш қиқымдарын, сымтемірді жұтып жейді, содан барып азық қорыту ағзалары зақымданып, кейбір бөлік-терін бітеп тастайды, Жүрек соғысы жиілеп, ырғағы бұзылады. Жүрек сазы әлсіз, естілер-естілмес болады.
Ауру малды азық, қан, бауырдағы мыстың мөлшсрін анықтау арқылы анықталады. Мыс тұздарымен қоректендіру арқылы емдеп білуге болады.
Ауру малға азыққа малдың тірілей салмағының 1 кг-на 0, 25 - 0, 5 - 1, 0 мг мыс сульфатын енгізіп, 30-60 күн бойы қоректендіру керек.
Егер мал азығының құрамында мыс шектен тыс төмен болса мал азығына мыс сульфатының немесе тотияинның 0, 5-1% ерітіндісін немесе 0, 5 мг тұзын жемге қосып, берілетін мөлшер көлеміне шектеп беруге болады.
Егер аймақта молибден көп болып, кобальт және йод жетпесе онда мыстың мөлшерін көбейту қажет, яғни 1 кг салмаққа 1 кг мыс тұзын беруге болады.
Кобальт хлоридін, мыс сульфатын және калий йодидін бір мезгілде бірге берген жағдайда, мыстың мөлшерін азайту қажет, себебі кобальт пен йод мыстың сіңуін жылдамдатады.
Мал азығына мыс тұзын қосынды ретінде берген дұрыс (1 кг мыс сульфаты және 10 кг натрий хлориді бар қоспаны 1 кг салмаққа 1 г мөлшерінде беру керек) немесе құрама жемге қосып беруге болады.
Ішетін суға мыс тұзын қосып беріп суаруға болады (100 л суға 20-30 мг 5% мыс ерітіндісін қосу қажет) .
Энзоотикалық атаксия - гипокупроздың бір түрі. Ол өсімдік пен мал организмінде мыс жетіспеуінен болады. Бұл аурумен негізінен малдың төлі, яғни қозы, лақ, бұзау және торайлар ауырады. Әсіресе қозы жиі ауырады: 40-65% ауырып, оның 50-90% өлім-жітімге ұшырайды. Содан барып мал басының өсуі төмендеп, өнімділігі төмендейді.
Кейбір жерлерде мыс мөлшері қалыпты жағдайда болғанда да бұл ауру байқалады, ал оның себебі сол жердің топырағы мен өсімдігінің мал организімнің құрамында мыстың антогонистері бор, молибден, қорғасын, марганец, мырыш, күкірт шектен тыс болуында.
Энзоотикалық атаксияның бірнеше себептері бар:
- мыстың абсолютті жетіспеуі, яғни азықпен суда мыстың мөлшерінің шектен төмен болуы;
- мыстың салыстырылмалы түрде жетпеуі, яғни мыстың антогонистерінің мөлшерінің ортада жоғары болуы;
- мал азығында мыстың жетіспеуі мен антогонистердің шектен тыс болуы. Ең соңғы себеппен ауырған мал өте ауыр ауырады.
Мал гипокупрозбен ауырғанда құрамында мыс, темір бар ферменттердің тотығуы төмендейді, жүйке тамыр жүйесінде өзгеріс пайда болады, яғни мыс жетіспегенде ми құрамындағы белоктық заттарға әсер ететін жүйке торшалары өледі, ал олардың ыдырауынан шыққан зат қанға сіңеді.
Ми ұлпаларының еріп, ыдырап, сінуінің салдарынан мидың жарты бөлігі қабығы жұқа қуысқа айналады, ол сұйыққа толады (гидроцефалия) . Жүйке тамыр талшықтары ісініп, кеуіп, бөлектеніп, біркелкіленіп, өзгереді. Ол талшықтардың етпен жалғасуы бұзылады, яғни үзіледі, содан барып төлдің атаксиясы пайда болады немесе тірек-қимыл жүріс-тұрысы бұзылады.
Малдың қоңдылығы, өнімділігі, ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Дене бітімі бұрыштанып, түр-тұлғасы бұзылады, жүні жығылып, түссізденеді, тері түгінің түсі түссізденеді, терісі қыртыстанып, дөрекіленіп қатайып, серпімділігі төмендейді.
Қарынның алдыңғы бөлігінің гипотониясы, асқазан мен ішек қабынады, тісі қозғалып түседі, анемия, қанның құрамындағы гемоглобин мен эритроцит азаяды.
Билирубиннің мәлшері көбейеді, кілегей қабықпен тері сарғыш тартады. Малдың қозғалған және тыныштық сақтаған кезінде де атаксия байқалады.
Ауруды анықтағанда биогеоценозбен малды зерттеп тексергенде алынған мағлұматтарды жіктеп, талдап, анықтайды. Малдың ауруын алдын-ала анық-тауды клиникалық, ал - негізінен биохимиялық тәсілмен жүргізеді. Бауырдағы мыстың мөлшері 500 мг/кг төмен болса, мал ауру деп саналады.
Ауруды емдеу үшін 1 литр сиыр сүтіне 5-10 мл 0, 1% мыс сульфатының ерітіндісін қосып, ауру малға тәулігіне бір рет береді. Ал, сауылатын сиырдың азығына кобальт және мыс тұздарын қосу қажет, себебі қой сүтімен салыстырғанда сиыр сүтінің құрамында мыс мөлшері 40 есе көп.
Мысты жалағыш ас тұзымен тотиянның 1:1000 қатынастағы қоспасын жасап беруге болады.
Гипокрупоздың алдын алудың ең негізгі жолының бірі топыраққа мыстың тұзын енгізу арқылы биогеоценоздың геохимиялық жағдайын қалыптастыру.
Гипокобальтоз - энзоотикалық созылмалы ауру, ол топырақта, өсімдікте және мал организмінде кобальт жетіспегенде туындайды. Гипокобальтозда малдың тәбеті мен дәм сезуі бұзылып, жылдам арықтайды, қаны азаяды, эритроциттің пайда болуы және зат алмасу бұзылады.
Аурудың негізгі себебі топырақта кобальттың жетіспеуі (2-2, 5 мг/кг төмен болса) және осы жерде өскен өсімдіктің құрамындағы мөлшері 0, 07-0, 08 мг/кг құрғақ затқа шаққандағы шамасы болса.
Гипокобальтоздың пайда болуына топырақпен өсімдікте кобальтқа қарама қарсы әсер ететін элементтер (марганец, стронций, бор) шектен тыс болса әсер етеді.
Сондай-ақ өсімдікті кальций, фосфор тыңайтқыштарымен қоректендір-генде кобальттың организімге сіңуі нашарлап төмендейді.
Кобальт организімде өте қажетті микроэлемент. Ол организімге азықпен енеді немесе витамин В12 түрінде жиылады. Кобальтпен В12 витамині бір-бірінің белсенділігін арттырып отырады, В12 витаминінің құрамында үш валентті кобальт 4, 5% мөлшерінде болады. Ол қан құрылымын, ұлпа тынысын, иммундық дененің пайда болуын және зат алмасу құбылысын жылдамдатады.
Мал азығында кобальт ұзақ уақыт жетіспесе үлкен қарындағы азық қорыту, микроорганизмдердің сандық және сапалық қасиеттері өзгереді.
Малдың біртіндеп тәбетінің бұзылуы анорексиямен аяқталады. Құнарлы азықты қабылдаудан бас тартып, малдың түріне тән емес заттарды жейді, яғни зәр мен қиға былғанған төсеніш нәрселерді, темір, шүберек, ағаш, жіп және басқа заттарды.
Малдың тәбеті бұзылған соң, ол жылдам азып, арықтайды, яғни іші жабысып қатып қалады - қатпа болады.
Сиырдың салмағы 150-250 кг дейін төмендеп сүттілігі азайып, жүні жығылып, ұйпаланып, кейбір аумақта түсіп қалады, түлеуі кетеді, құрғақ тартып, серпімділігі төмендейді. Кілегей қабықтың түсі ақшыл тартып, бозарады. Күйіс қайтаруы мен шайнауы әлсізденіп, күйіс қайтару уақыты азаяды. Үлкен қарынның жиырылуының саны азайып, әлсізденеді.
Жүрек сазы тармақталып, әлсізденеді, диурез бұзылады, жүйке тамыр жүйесінің сезімталдығы төмендейді.
Гипокобальтозда гемоглобин мен эритроциттің мөлшері күрт төмендейді, эритроциттің көлемі мен түрі өзгереді, яғни анизоцитоз, пойкилоцитоз, полихромазия, эозинофилия, гипохромды анемия, В12 агиповитаминозы орын алады.
Малдың сыртқы жағымсыз әсер етуші күштерге тұрақтылығы нашарлап, ауруға шалдыққыш болып, өлімге алып келеді.
Өлексе арық, құр сүйек пен теріден тұрады. Кілегей қабықтар ақшыл, сұрғылт тартады.
Еттің көлемі мүлдем кішірейеді, ішкі ағзалар іседі. Ағзалардың ұлпалары мен торшаларында атрофия және дистрофиялық өзгерістері ұшырайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz