Бірінші класстың триангуляциясы торы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы

ЖОҒАРҒЫ ГЕОДЕЗИЯ

пәні бойынша

Курстық жоба

Тақырыбы:

Қабылдаған:

(баға)

(аты-жөні)

(қолы, күні)

Комиссия мүшелері: Орындаған:

(қолы, аты-жөні) (аты-жөні)

(қолы, аты-жөні)

(қолы, аты-жөні)

Қарағанды 2019

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

факультеті

кафедрасы

Курстық жоба (жұмыс) бойынша

№ ТАПСЫРМА

тобыныңмамандығының студенті тегіатыәкесінің аты Жобалау жетекшісі

Жобалау мерзімібастап дейін. Курстық жобалаудың жұмыстың тақырыбы

2. Жобаның (жұмыстың) мазмұны (қандай графикалық жұмыстар мен есептеулер орындалуы қажет)

3. Негізгі қосымша талаптар

4. Курстық жобаны (жұмысты орындаудың жоспары)

Элементтер атауы
Мерзімдер
Ескерту

Орындалғаны

туралы белгі

Элементтер атауы:
Мерзімдер:
Ескерту:
Орындалғанытуралы белгі:
Элементтер атауы:
Мерзімдер:
Ескерту:
Орындалғанытуралы белгі:
Элементтер атауы:
Мерзімдер:
Ескерту:
Орындалғанытуралы белгі:
Элементтер атауы:
Мерзімдер:
Ескерту:
Орындалғанытуралы белгі:
Элементтер атауы:
Мерзімдер:
Ескерту:
Орындалғанытуралы белгі:
Элементтер атауы:
Мерзімдер:
Ескерту:
Орындалғанытуралы белгі:

5. Курстық жоба аяқталды

6. Жобаның бағасы

Жетекші

Бекітемін: Каф. меңгерушісі

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АНЫҚТАМА

ҚарМТУ ГиК-18-1 тобының студенті Азилханова Аянгул Жумаханкызы “Жоғарғы геодезия” пәні бойынша курстық жобаның салыстырмалы талдауын жүргізді.

Барлық мәліметтер Антиплагиат жүйесінің технологиясына сәйкес алынды.

Толық ақпарат алу үшін сарапшымен толық талдау жүргізілуі тиіс. Мәтіннің бірегейлігі-90, 52%

МІ және Г кафедрасының меңгерушісі Хмырова Е. Н.

C:\Users\Aventador\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\Screenshot_3.png

Кіріспе

І Пландық геодезиялық торлардың классификациясы

1. 1. Геодезиялық тор

ІІ. Триангуляция

2. 1. Триангуляция туралы жалпы мәлімет. І, ІІ, ІІІ, ІV класс

триангуляциясының сипаттамасы

2. 2. Бірінші класстың триангуляциясы торы

2. 3. Екінші және төменгі класс торлар жүйесі

2. 4. Триангуляциондық жүйенің жобасын құрудың жалпы мәліметтері

2. 5. Трангуляция жүйесінің қабырға ұзындықтарының қателігін алдын ала

есептеу

2. 6. Триангуляция пункттерінің рекогносцировкасы

2. 7. Пункттердің центрлері

III Базистер және базистік жүйелер

3. 1. Базистік өлшеу

3. 2. Базистік тор, базисті өлшеу және құру

ІV Полигонометрия

4. 1 Теодолит және оның түрлері

4. 2. Полигонометрияның түрлері

4. 3. Полигонометрияның қолайлылығы және кемшіліктері

4. 4. Полигонометриялық жүрістердің түрлері

4. 5. 1 және 2-ші дәрежелі полигонеометрия

4. 6. Полигонометриялық жұмыстардың жобаларын жасау. Орталықты

белгілеу

4. 7. Полигонометрияны жобалау

4. 8. Рекогносцировка және полигонометрия пункттерін белгілеу

4. 9. Полигонометриядағы бұрыштық және сызықтық өлшеулер

4. 10. Бұрыштық өлшеулер кезіндегі қателіктер

V Нивелирлеу әдістері

5. 1. ІV классты нивелирлеу

5. 2. Нивелирлеуде қолданылатын аспаптар

5. 3. Н05 нивелирі

5. 4. Нивелир рейкалары

5. 5. Рейкадан есеп алу

Кіріспе

Геодезия Жер туралы ғылым ретінде ежелгі көне ғылымдардан келді және грек тілінен аударғанда «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді. ХІХ ғасырдан бастап жалпы геодезияны геодезия және жоғарғы геодезия деп бөле бастады.

Жоғарғы геодезия - Жердің өлшемдерін, пішінін және гравитациялық өрісін анықтаумен, мемлекеттік геодезиялық тірек тораптарын құрумен, геодинамикалық құбылыстарды зерттеумен, Жер эллипсоиды бетіндегі және кеңістіктегі геодезиялық есептерді шешумен айналысатын ғылым.

Жоғарғы геодезияның шешетін есептері ғылыми және ғылыми-техникалық болып екіге бөлінеді. Жоғарғы геодезия мен оған қатысты ғылымдардың (гравиметрия және Жер пішіні теориясы, ғарыштық геодезия және астрономия) негізгі ғылыми мәселесіне Жер пішінінің параметрлерін, сыртқы гравитациялық өрісін және олардың уақыттық кеңістіктік өзгерістерін анықтау болып табылады. Қазіргі кезде жоғарғы геодезияда Жер пішіні ретінде Жердің физикалық бетімен, яғни құрлықтың қатты қабығымен және мұхиттар мен теңіздердің тыныштық күйіндегі деңгейімен шектелген фигура қабылданған. Жердің гравитациялық өрісі деп Жердің тәуліктік айналуынан туындайтын центрден итеруші күш пен тартылыс күшіне тең болатын ауырлық күшінің өрісі қабылданады.

Жоғарғы геодезия мен оған қатысты ғылымдардың негізгі ғылыми-техникалық мәселесіне жоғары дәлдікті ғаламдық (жалпы Жер шары) және ұлттық (мемлекет аумағында) геодезиялық тірек тораптарын құру жатады. Ұлттық тірек тораптарына мемлекеттік геодезиялық тораптар (негізгі торап, жиі жоспарлы деп аталады), мемлекеттік нивелирлік (биіктіктік) және мемлекеттік гравиметриялық тораптар кіреді. Бұл тораптар өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып отырады. Сонымен қатар, астрономиялық-геодезиялық және гравиметриялық өлшеулерді қатар орындағанда пункт координаттары мен биіктіктерін мемлекет аумағында бірыңғай жүйеде және Жердің пішіні мен гравитациялық өрісін сипаттайтын параметрлерді анықтауға мүмкіндік береді. Осы тораптарда өлшеулерді қайта жүргізген кезде пункт координаттары мен биіктіктерін нақтылап отыруға, сонымен қатар геодинамикалық құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік туады.

Жоғарғы геодезия үздіксіз жаңартылуда және жақсартылуда. Ол Жер пішіні теориясы, гравиметрия, геодезиялық астрономия, ғарыштық геодезия сияқты ғылыми пәндермен тығыз байланыста.

Жоғарғы геодезия өз зерттеулерінде физика, математика, астрономия және басқа да іргелі ғылымдардың жетістіктерін, ал жоғары дәлдікті өлшеу техникасын құрастыруда қолданбалы оптика, аспаптар құрастыру, радиоэлектроника, лазерлік техника сияқты қолданбалы пәндердің жетістіктері кеңінен қолданылады. Өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеуде ықтималдылық теориясы, математикалық статистика, ең кіші квадраттар әдісі қолданылады. Барлық есептеулер жаңа электрондық есептеу техникасы арқылы орындалады.

І Пландық геодезиялық торлардың классификациясы

1. 1. Геодезиялық тор

Геодезиялық тор деп Жер бетіндегі координаттары белгілі центрі арнайы белгілермен бекітілген геодезиялық пункттердің (нүктелердің) жиынтығын айтады. Геодезиялық торлар үлкен және кіші аймақтарда құрылады, сондықтан оларды келесі түрлерге жіктеуге болады:

1) глобальды геодезиялық тор;

2) мемлекеттік геодезиялық тор;

3) жиілету торлары;

4) геодезиялық түсіру торлары.

Геодезиялық түрі бойынша геодезиялық торларды пландық, биіктіктік және кеңістіктік торларға бөледі.

Торды құрғанда «жалпыдан жекеге ауысу» принципі қолданылады. Глобальды геодезиялық тор ғарыштық геодезия әдістері арқылы жобаланады. Пункттердің орналасу жағдайы тік бұрышты геоцентриялық жүйеде анықталады. Бұл жүйенің басы жердің салмақ орталығымен бірлескен Z осьі ретінде жердің айналу осьі алынған. Ал, ZУ жазықтығы ретінде бастапқы меридианның жазықтығы алынған. Глобальды геодезиялық торды жоғарғы геодезияда, геодинамикада, астрономияда және басқа да ғылымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық мәселелерін шешуге қолданады. Осындай мәселелерге мыналар жатады:

1) фундаментальды геодезияның тұрақты шамалары;

2) жердің гравиметриялық аясын және фигурасын зерттеу;

3) жер бетінің деформациясын, жылжуын зерттеу.

Мемлекеттік геодезиялық тор деп мемлекеттің территориясында координаталардың таралуын қамтамасыз ететін және басқа да геодезиялық торларды құруға негіз бола алатын геодезиялық торды айтады.

Мемлекеттік геодезиялық тордың пландық жағдайы жалпылама мемлекеттік геодезиялық жүйеде, ал биіктіктер бірегей мемлекеттік жүйеде анықталады.

Мемлекеттік геодезиялық торлар 3 түрге бөлінеді:

1) мемлекеттік геодезиялық тор(пландық) ;

2) нивелирлік тор(биіктік) ;

3) мемлекеттік гравиметриялық тор.

Пландық геодезиялық торларды негізінен триангуляция, трилатерация, полигонометрия, сонымен қатар осы әдістердің аралас әдістерімен құрылады.

Мемлекеттік пландық геодезиялық тор триангуляция, трилатерация және полигонометрия әдістерімен құрылып, 1, 2, 3, 4 классқа бөлінеді де, бір-бірінен бұрыштарды және ұзындықтарды өлшеу дәлдігімен, үшбұрыштардың өлшемдері, жүріс ұзындықтары және оларды құру ретімен ерекшеленеді.

Көрсеткіштер

атауы

1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
Көрсеткіштератауы: 1. Жүйе ұзындығы, км
1 класс: 200
2 класс: -
3 класс: -
4 класс: -
Көрсеткіштератауы: 2. Үшбұрыш қабырғасының ұзындығы, км
1 класс: 20-25
2 класс: 7-20
3 класс: 5-8
4 класс: 2-5
Көрсеткіштератауы: 3. Базисті өлшеудің салыстырмалы қателігі
1 класс: 1:4
2 класс: 1:3
3 класс: 1:2
4 класс: 1:2
Көрсеткіштератауы: 4. Мүмкін болатын үшбұрыштағы бұрыштық қиылыспаушылық
1 класс: ±3̎
2 класс: ±4̎
3 класс: ±6̎
4 класс: ±8̎
Көрсеткіштератауы: 5. Өлшенген бұрыштың О. к. қ.
1 класс: ± 0, 7̎
2 класс: ±1̎
3 класс: ±1, 5̎
4 класс: ±2̎

1. 1-кесте. Мемлекеттік геодезиялық торлар.

Жердің физикалық бетінде орналасқан, геодезиялық пункттер орны 3 координат бойынша анықталады; B ендігімен, референц-эллипсоид бетіндегі L бойлығымен және пункттердің эллипсоид бетімен, H биіктігімен, B және L координаталары пункттің пландық орнын анықтайды. Тәжірибелік мақсаттар үшін пункттің пландық орнын жазықтықта x және y координаталарымен, мысалы, Гаусс проекциясында анықтайды. Н биіктігі оның геоид бетінен биіктік шамасының және геоидтың эллипсоидтан алшақтау шамасының қосынды ретінде келтіреді. Жер бетінде пункттердің өзара орнын анықтаудың жалпы принципі келесідей. Жергілікті жерде бір-бірімен байланысқан геометриялық фигураларды, әдетте, үшбұрыштарды орналастырады. Бұл фигуралардың төбелерін, олардың кейбір элементтері үздіксіз өлшеулер үшін ыңғайлы болатындай етіп таңдайды.

Үшбұрыштағы пункттердің пландық орнын анықтау үшін, мысалы, бір қабырғасын және екі бұрышты немесе екі қабырғасын және бір бұрышын өлшеу жеткілікті, қалған элементтерін аналитикалық түрде оңай есептеп шығаруға болады. Бірақ геодезиялық жұмыстар тәжірибесінде, геометриялық құрылыстардың барлық элементтерін анықтауға қажетті өлшеулерден көп орындайды. Артық өлшеулерді геодезиялық торлар құрудың сапасын жоғарылату үшін және дәлдігін бағалау үшін жасайды.

Фигуралар төбесінің абсолютті биіктіктерін анықтау мақсатымен, не қабырғалар ұзындығын біле отыра вертикаль бұрыштарды өлшеу жолымен, не геометриялық нивелирлеу жолымен, сәйкес өсімшелерді(биітіктер айырмашылығы) анықтайды, көршілес пункттердің биіктіктерінің айырмашылығын анықтайды.

ІІ Триангуляция

2. 1. Триангуляция туралы жалпы мәлімет. І, ІІ, ІІІ, ІV класс триангуляциясының сипаттамасы

Триангуляция( лат. traіngulum - үшбұрыш) - геодезиялық тірек пункттер (нүктелер) торын құру әдістерінің бірі және осы әдістермен жасалған сол тордың өзі. Ол бір-бірімен жалғасып жатқан үшбұрыштар жүйесінен немесе тордан құралады. Триангуляцияда берілген координаттар жүйесінде үшбұрыштар төбелерінің орны анықталады. Ол үшін бастапқы үшбұрыштың қабырғасының біреуі жүргізілген өлшеулер нәтижесі бойынша есептеледі және әрбір үшбұрыштың үш бұрышы өлшенеді. Егер бастапқы үшбұрыштың қабырғасы тікелей өлшеулер арқылы анықталса, онда ол базистік қабырға деп аталады. Триангуляция тәсілі Жер пішіні мен мөлшерін анықтау, жер қыртысының горизонталь қозғалыстарын зерттеу; әр түрлі топографиялық түсірулер мен геодезиялық жұмыстарды негіздеу, т. б. үшін кеңінен қолданылады.

1. 2-сурет. Триангуляция үшбұрыштар қатары

2. 2. Бірінші класстың триангуляциялық торы

Мемлекеттік триангуляция жүйелерін 1, 2, 3 4 кластарға бөледі.

1 класс -астрономды геодезиялық, Жердің өлшемі мен пішінін анықтаумен байланысты ғылыми мәселелерді шешуге арналған. Сонымен қатар 1 кластың триангуляция жүйелері төменгі класты триангуляциондық жүйелерді дамыту үшін негізі болып табылады. 1 кластың триангуляцисының үлкен аймақтарында меридиандар мен параллельдер бағытында орналасқан және бір бірінен 200 км артық емес қашықтыққа алыстаған үшбұрыштар тізбегі ретінде жасалады. Трангуляция тізбектері өзара қиылысып периметрі 800 км артық емес полигондарды түзеді. Үшбұрыштардың қабырғалары пішіні бойынша теңқабырғалыларға жақын болуы керек. Түйіннің ұштарында А, В, С, D нүктелерінде базистік қабырғалар беріледі (қабырғаның ұзындығын өлшейді) . Көлденең бұрыштарды өлшегеннен кейін 1 класс триангуляциясында гравиметриялық түсірілімді жүргіземіз.

2. 3 Екінші және төменгі класс торлар жүйесі

Бұл жұмыс 1 кластық жүйенің әр полигонында орындалады. 2 кластың триангуляциясы 1 класс полигонының толық ауданын толтыратын және контур бойында бірінші кластың тірек пункттерімен сенімді байланысқан үшбұрыштардың тұтас жүйесі ретінде дамиды. Екінші кластық жүйесінің ортасында бір EF базистік қабырғасы беріледі, онда астрономиялық координаттардың анықталуын жүргізіледі. 2 кластың триангуляциясының үшбұрыштарының қабырғалары 7 ден 20 км дейін болуы мүмкін. 2 кластық триангуляциясында барлық бұрыштарды өлшейді және I класс триангуляциясына сәйкес теңестіреді. 3 және 4 класс триангуляциясының тірек пункттері жоғары кластар тірек пункттерімен байланысты анықталады, негізгі пункттерді немесе жеке пункттерді салу. 3 класс триангуляциясын өзара жеке 1 және 2 класты кірістірмей теңгереді. 4 класс триангуляциясын жоғары класс үшбұрышына тура немесе кері тіреті қосумен салады 2, 3, 4 кластар триангуляциялары топографиялық түсірімдердің дамуы үшін тіреуіш жүйе болып табылады. 1:5 - 1:5000 масштабты түсірімдерді қамтамасыз ету үшін біріктіру жүйелері жүргізіледі, оларға I және II дәрежелі триангуляциялар және I, II дәрежелі полигонометрия жатады. 1:2000 - 1:500 масштабтары үшін салынбалы жүйелер қызмет етеді. 1 класс триангуляциясының бекеттеріне 2 класс триангуляциясының бекеттерінің байланысу сызбасы үшбұрышпен, төртбұрышпен және желпеуішпен жүзеге желпеуішпен жүзеге асырылады.

2. 4 Триангуляциондық жүйенің жобасын құрудың жалпы мәліметтері

Триангуляция жүйесін жобалау құрамына кіретіндер:

1. Алдында дамытылған жүйелерді аса толық мөлшерде қолдану үшін жұмыс аймағының геодезиялық зерттелуінің талдауы;

2. Жүйенің жобалау сызбасын картада бекеттердің ыңғайлы орналасуын және жобының техникалық тапсырмасына сәйкес олардың қажетті бірлесуін жасауды ескерумен құрастыру;

3. Триангуляция бекеттерінде белгілердің биіктігінің алдын ала есебі;

4. Қолда бар нұсқаулықтар бойынша жұмыс әдістемесін, техникалық шектерді белгілеу, триангуляциондық жүйенің элементтерінің болжамды нақтылығының алдын ала есебі;

5. Жұмыстың жалпы көлемін және қажетті құралдарды (кадрлар, көлік, саймандар, материалдар) белгілеу.

Техникалық жобалау алдында орындалған геодезиялық жұмыстар бойынша мәліметтер жинаудан басталады. Іс жүзінде бар триангуляция тірек пункттерін және олардың тұрғызылу сызбасын жобаның топографиялық картасына түсіреді. Егер бастапқы болып табылатын пункттердің сақталуы туралы күмән болса бекеттердің сақталуын зерттеу мақсатында рекогносцировка жүргізу қажет. 1, 2 класс триангуляциясының жүйелерінің жобасын құрастыру 1:1 масштабты топографиялық карталарда, ал 3, 4 кластарды 1:15, 1:25000, 1:1 масштабты карталарда орындалады.

2. 5 Триангуляция жүйесінің қабырға ұзындықтарының қателігін алдын ала есептеу

Әдетте алшақ қабырғаның ұзындығының қателігін жүйенің қажетті нақтылығының қанағаттануын анықтау үшін алдын ала есептейді. Қателік өлшемдер, жүйе конструкцияларының және үшбұрыштардың пішіндерінің дәлдігімен анықталады. Аса әлсіз қабырғаны анықтау кезінде екі факторды ескеру қажет:

  1. Қабырғаның бастапқыдан алыстау дәрежесін;
  2. Осы қабырғаның басқа қабырғалармен салыстырғандағы ұзындығын.

Басқа тез жағдайларда қабырға қанша қысқа болса, соншалықты оның салыстырмалы қателігі көп болады.

Дәлдіктің алдын ала есебін жүйенің әр түрлері үшін есептейді:

  1. Егер А және К нүктелерінің координаталары белгілі болса, онда жүйе қатты деп аталады;
  2. Егер соңғы бекеттің координаттары белгісіз болса онда жүйе бос деп аталады.

https://cf2.ppt-online.org/files2/slide/p/PTNgfsx5XO0ca2eVEiI7vdFYku6bD9HBSmhZtKRJ1/slide-8.jpg

1. 3 - сурет. Бастапқы (базистік) қабырға

АВ - бастапқы (базистік) қабырға;

а қабырғалар - байланыстыру қабырғалары;

с қабырғалар - аралық қабырғалар.

Үшбұрыштар тізбегінің соңғы қабырғасы алшақ қабырға деп аталады. Бос тізбекте үш шарт қанағаттандырылуы керек:

1. ∠А +∠В + ∠С = 180° - фигураның (үшбұрыштың) шарты (2. 1)

∠А +∠В + ∠С - 180° = W - үйлеспеушілік (2. 2)

б А + б в + б С - W = 0 (2. 3)

2. Базистік шарттар

S n -S n = W (2. 4)

Мұндағы S n - есептеп шығарылған ұзындық;

3. Дирекциондық бұрыш немесе азимут шарты, егер бастапқы және соңғы дирекциондық бұрыштар белгілі болса.

Егер жүйе бос емес яғни, қатты болса, онда X, Y координаталарының шарты және қатты бұрыш шарты пайда болады.

https://studref.com/htm/img/32/6830/163.png

1. 4 - сурет. Орталық жүйе

Нақтылықты алдын ала есептеу жүйе элементтерінің орташа квадраттық қателіктерін анықтаудан тұрады:

m F = μ 1 P F \sqrt{\frac{1}{P_{F}}} (2. 5)

мұндағы m F - о. к. қ. функциялар;

μ - салмақ о. к. қ. ;

P F - салмақ.

Бұрыштар үшін μ = m β m_{\beta} (бұрыштық о. к. қ. ) . Бастапқы мәліметтердің қателігін ескерумен мынаны жазамыз:

$\frac{m_{S_{n}}^{2}}{S_{n}^{2}} = \ \frac{m_{\beta}^{2}}{b^{2}} - \ \left( \frac{\mu^{"}}{p} \right) ^{2}*\ \frac{2}{3}\ \sum_{\ }^{n}\left( {ctd}^{2}A_{i} + \ {ctg}^{2\ }B_{i} + \ ctg\ A_{i}*ctg\ B_{i} \right) $ ( 2. 6)

2 3 n ( c t d 2 A i + c t g 2 B i + c t g A i * c t g B i ) \frac{2}{3}\ \sum_{\ }^{n}\left( {ctd}^{2}A_{i} + \ {ctg}^{2\ }B_{i} + \ ctg\ A_{i}*ctg\ B_{i} \right) (2. 7)

жүйенің геометриялық шарты немесе кері салмақ деп аталады.

1 P = 2 3 n ( c t d 2 A i + c t g 2 B i + c t g A i * c t g B i ) \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \frac{1}{P} = \frac{2}{3}\sum_{\ }^{n}\left( {ctd}^{2}A_{i} + \ {ctg}^{2\ }B_{i} + \ ctg\ A_{i}*ctg\ B_{i} \right) \ (2. 8)

Тәжірибеде котангенстер синус бұрышының логарифмінің 1 секундқа өзгеру шамасына алмастырылған формулалар қолданылады.

$\frac{m_{S_{n}}^{2}}{S_{n}^{2}} = \ \frac{m_{\beta}^{2}}{b^{2}} - \ \left( \frac{\mu^{"}}{p} \right) ^{2}*\ \frac{2}{3}$ n ( б A 2 + б β 2 + б A + б β ) \sum_{\ }^{n}\left( б_{A}^{2} + \ б_{\beta}^{2} + \ б_{A} + \ б_{\beta} \right) (2. 9)

2. 6 Триангуляция пункттерінің рекогносцировкасы

Рекогносцировканың басты мақсаты жобаланған пункттердің орналасуын нақты таңдау және геодезиялық белгілердің биіктігін анықтау болып табылады. Рекогносцировка кезінде елді - мекендердің жерінің сипаты, жол және гидрографиялық жүйе, топырақ, құрылыс материалдарының болуы жайлы мәліметтер жинау жүргізіледі.

Рекогносцировка негізінде жобаға қосымшалар мен толықтырулар енгізіледі. Пункттерді салу орнын таңдау кезінде пункттерді басты биіктіктерде, жер бетінің тау жұмыстары әсерінен ығысуынан тыс аймақта орнықты топырақта центрлердің және сыртқы белгілердің ұзақ уақыттық сақтаулығы орындалатындай етіп орналастыру қажет. Пункттерді темір жолдан және автокөлік жолынан, телефон және телеграф желісінен белгінің екі еселі биіктігінен жақын емес қашықтықта және жоғары кернеулі электр желілерінен 120 м аз емес қашықтықта салу керек.

Жергілікті жерде бекеттердің салыну орындары жерге жер қорғандарымен немесе тастардан үйілетін турлармен көмілетін белгілермен, бағаналармен белгіленеді. Пункттердің атауы топографиялық картада қабылданған транскрипцияны сақтаумен жақындағы елді - мекеннің атымен сәйкес келуі керек. Егер жобаланған пункт іс жүзінде бар триангуляциямен немесе талдау жүйесімен сәйкес келсе, онда центрдің дәл бірлесуін қарастыру қажет. Іс жүзінде бар центрлерге тікелей жақын арада жаңа центрлердің салынуына жол бермеу керек.

Егер қандай да бір себептермен жаңа триангуляция пункті алдында дамытылған жүйенің пунктімен бірлеспесе, онда ескі пункт орталығын жояды (рұқсат алғаннан кейін) .

Рекогносцировка жұмыстарының күрделілігі және әдістері жердің жағдайларына және триангуляция класына тәуелді болады. Белгілердің қабылданған биіктігі кезінде пункттердің арасындағы көру мүмкіндігінің болуы теодолиттің көтерілу биіктігіне тез биіктіктен елді мекенді тікелей қарау жолымен бекітілуі қажет. Триангуляция пункттерінің рекогносцировкасы кезінде қоныстанған аймақтарда ағаштарды қолданады немесе оларға елді мекенді көру үшін көтеріліп арнайы діңгектерді жасайды. Жүйенің класына қарамастан әр пунктте бағыттың магнитті азимуттарын, елді мекеннің нүктелеріне дейінгі қашықтықтарды және еркін масштабта басқа анықтамалар енгізілетін көкжиектің суретін салу жүргізіледі.

- пирамида - 3-5м;

- жай сигнал - 8-11м;

- күрделі сигнал - 11-30м.

2. 7 Пункттердің центрлері

Триангуляцияның немесе талдау жүйесінің әр пунктінде орталық салынады, оның түрі сол аймақтың физика-географиялық жағдайына байланысты орталықтардың қозғалмауын және ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз ететіндей таңдалады.

Центрлердің құрылысын анықтайтын басты фактор топырақтың құрамы және қату тереңдігі болып табылады.

Центрлерді бетон блоктарынан немесе металл құбырлардан жасайды. Жартысфералы тесігі болатын басы бар барлық бұрыштық және сызықтық өлшемдерді келтіретін шойын маркаларды бетонға салады немесе құбырларға дәнекерлейді.

Құбырларды коррозиядан сақтау үшін цемент қоспасымен толтырады. Қазіргі уақытта орталықтардың 8 түрін қолданады.

Қалыпты жағдайларда топырақтың мезгілдік қатуы 1, 5 м аспаған кезде және топырақтың қасиеттері котлован қазуға кедергі болмайтын жағдайда барлық класты пункттерде центрлердің түрі салынады.

image017.jpg

1. 5 - сурет. Пункттің центрі

Ол 4 бетон монолитінен тұратын пилон түрінде болады.

Монолит IV - 25-20 см қабырғалы текше пішінді, жоғары жағына маркасы салынған.

Монолит III 60х60х20 өлшемді.

Монолит II биіктігі 130 см, пішіні қималы төртжақты, маркасы жоғары жағында.

Монолит I биіктігі 70 см, айыру бағанасы болып қызмет етеді.

Барлық монолиттер өзара цемент қоспасымен бекітілген.

III Базистер және базистік жүйелер

Инварлы сымы бар базисті құралды триангуляцияда базистік қабырғаларды өлшеу үшін, полигонометрияда қабырғалардың ұзындықтарын өлшеу үшін және инженерлік - геодезиялық жұмыстарды жасағанда басқа жоғары дәлдікті сызықтық өлшемдер үшін қолданылады.

Сызықтық өлшемдердің аса жоғары дәлдігі базисті құралды қолданумен қол жеткізілуі мүмкін 1:1 қатарлы салыстырмалы қателікпен сипатталады.

Инвар -300 С-ден +1000 С дейінгі температуралар интервалында тұрақты сызықтық кеңеюдің кіші температуралық еселігіне ие. Ол тотықтанбайды және өңдеуге жақсы бейімделген.

Мақсатына байланысты базисті құралдардың 3 түрін бөледі:

- БҚ-1 6 - 8 сымы бар, триангуляцияда және 1 және 2 класс полигонометриясында базистерді өлшеуге арналған;

- БҚ-2 және 4 сымы бар, базисті қабырғаларды және 3 мен 4 класс полигонометриясының қабырғаларын өлшеуге арналған;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пландық геодезиялық торлардың классификациясы
Геодезиялық торлардың классификациясы
Триангуляция жүйесінің қабырға ұзындықтарының қателігін алдын ала есептеу
Геодезия пәні мен міндеттері
Геодезияның даму тарихы
Геодезия және картографияның даму тарихы
Картографиялық жұмыстар
Java туралы жалпы түсiнiк
Қазақстанда геодезиялық қызметтің дамуы және жұмыс реті
Мұнай-газ кенорындағы маркшейдерлік-геодезиялық жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz