Қобыз бен қоңырау бақсының аспаптары


АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ТИТ кафедрасы
№1 Семестірлік жұмыс
Пәні: ЭТИКА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Тақырыбы: Қазақ халқының өмір салты мен менталитетінің ерекшеліктері.
Мамандығы:Ғарыштық техника және технологиялар
Орындаған:Орынбасарқызы Ақзер Берлібаев
Тобы: КТТк-20-3
Қабылдаған:Берлібаев Бақдәулет Тұрбекұлы
« »
2020ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2020
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе . . . 3
2. Дәстүрлі мәдениеттің өзінділігі . . . 4
3. . «Адам бол!» - Ұлы Даланың басты
адамгершілік ұстанымы . . . 7
4. Адамгершілік принциптердің
қазақ халқының өміріндегі маңызы . . . 10
5. Қорытынды . . . 14
6. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 15
1. Кіріспе
Қазақ халқының ұлттық мінезі ғасырлар бойы елдің тұрмыс-тіршілігіне, табиғатына, тарихи жағдайларына байланысты дамып, қалыптасқан. Айталық, қазақтың ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі халқымыздың бойындағы, батырлық, ерлік дәстүрді тудырды. Содан, отанын сүю, елін қорғау ер азаматтардың міндетіне кірді де. Ауыз әдебиетіндегі батырлар бейнесі осылай жасалынған. Осы бір қадір-қасиеттер жас ұрпақтың бойына сіңіп, ұлттық идеологияның қалыптасуына негіз болды. Осы тұста, «Қалыптасып, халықтық әдеп-әдетке айналған - ұлттық мінезге заман лебі әсер етпей ме?» деген сауал туындайды. Жалпы, ұлттық мінез дегеніміз не, ол қалай, қандай себептерменен қалыптасады?
Бүгінгі тақырыптың өткірлігі, өзектілігі қаншалықты болса, оның қыры-сыры да соншалықты көп. Айтылып жатқан әңгімеге қосатын үш сұрағым бар. Оны өзіме де, мына қауымға да қоямын. Ұлттық менталитет деген ұғымда, біз тиянақты тоқтамға келген жоқпыз. Өйткені, бұл ғылымға соңғы кезде енген ұғым. Ал, негізінде әрбір ұлттың қалыптасу тарихы күрделі екенін, әр деңгейде қалыптасқанын ескере отырсақ, осында отырған әр маман бір ұғымды өзінше айтып жатқаны заңды дүние. Сондықтан, «Ұлттық менталитет дегенде не білеміз»? деген сұрақ тууы заңды. Әңгіме ұлттық менталитеттің мән-мағынасын ашуда болуы керек. Жағымды жақтарын айттық. Тарихи тұрғыда, кемшіліктерді де айттық. Халқымыздың тарихы да, тағдыры да күреспен, ізденіспен, жеңіспен де, жеңіліспен де өтті. Біз қай жағын көреміз, қай жағын байқаймыз, сол жағын айтып жатырмыз. Дей тұрғанмен, менталитеттің негізі бар. Ол өмір сүру салты, тәсілі, өмірлік тәжірибесі.
Онда ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан тектік-қандық (гендік) қадір-қасиет бола ма? Бұл мәселелер ғылыми- теориялық жағынан қалай зерттеліп, зерделенілген? Міне, осындай сауалдардан соң, сөз жоқ, «Қазақтың ұлттық мінезі және менталитеті қандай?» деген мәселенің туары анық. Назарларыңызға сол отырыста айтылған ой-тұжырымдарды ұсынамыз.
2. Дәстүрлі мәдениеттің өзінділігі.
Қазақ мәдениеті - Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар - Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті - оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т. б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.
Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.
Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады. К. Ясперстің пікірі бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды. (. - М., 1991. - С. 71, 72) . Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн.
Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен Үндіге көшпенді түрік-моңғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Белгілі ғұлама А. Вебердің пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті игеруі «халықтардың Ұлы қоныс аударуы» атты құбылысты әкелді. Бұл қазіргі өркениетгердің қалыптасуына үлкен себебін тигізді. Осы айтылғандардан адамзат тарихында жылқыны пайдалана білудің маңызы зор болғандығын көреміз
Жылқыны кеңістікті жеңу мақсатында әсіресе, көшпелі халықтар шебер пайдалана білген. Ат пен көшпенді біріккен жан болып көрінеді. Мұны көрші халықтардың миф-аңыздарынан да анық байқаймыз. Мысалы, ежелгі грек мифологиясындағы қанатты түлпар Пегас бүкіл елді қан қақсатқан жауыз Химераны өлтіруге көмектеседі. Ал салт атты көшпенді скифтің метафорасы - кентавр Хирон өзінің досы атақты Прометейге көмек беру үшін мәңгілік өмірден бас тартады. Бұл сарынды ертедегі шумерлік жырдағы Гильгамеш пен көшпенді Энкидудың достығынан да аңғарамыз.
Атқа мінген адам жерден өзінің босай бастағанын, еріктілік мүмкіндіктерінің молайғанын және ғарышқа жақындай түскенін сезінеді. Жер-Ана оны қаншама босатқысы келмесе де, ол шексіз әлемге өзінің қадамын нық басады. Халық дәстүрінде де тәй- тәй қадам басқан нәрестенің тұсауын кеседі.
Кеңістікті игеруге көшпелілер үшін жылқыдан басқа да себебін тигізген қолға үйретілген жануарлар болған. Себебі далада тек малшылар мен үй малдарынан басқа да тіршілік иелері бар. Олардың ішінде иттің алатын орны бөлек. Қазақ «ит - жеті қазынаның бірі» деп бекерден-бекер айтпаған. Егер қой мен сиырдың өнімдерін қажеттікке жарату үшін оларды бағу жеткілікті болса, онда ит пен жылқыны баулу, үйрету керек. Бұл үлкен шеберлік пен төзімділікті талап етті. Тек сол жағдайда олар адамның көмекшілеріне айнала алады. Кейін осман түріктері бұл тәжірибені өз империясындағы халықтарды ұстап тұруға пайдаланды.
Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы даланы тұтас бір континиум ретінде бағалаумен қатысты. XX ғасырда қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар. Қазақ және басқа да түрік халықтарының мәдени мұраларынан бүкіл еуразиялық Ұлы даланың түріктердің ата қонысы деп есептелінетінін байқаймыз. Мысалы, қазақ эпосында Қырым, Қоқан, Ыстамбол, Хиуа, Алтай, Қазан, Ордос т. б. түріктердің өз жері, ал бұлардың сыртындағы Шам, Мысыр қысылғанда арқа сүйейтін тілектес елдер болып есептелген. Әрине, бұл кеңістіктік, тұтастық уақыт ағынына төуелді болған. Ӏшкі қайшылықтар шиеленіскенде жалпытуыстық сезім кейін қарай шегіндіріліп отырған. Тарихтан тек үлкен суперэтностардың (өркениеттердің) ішінде ғана емес, сонымен бірге этностардың құрамында да кескілескен қақтығыстардың болғанын білеміз. Алайда тарихи өркениеттерге аян болған кеңістіктің шекаралары туралы мәселе тек саясаттанулық емес, бүл туралы мәдениеттану ілімінде де бірнеше қарама-қарсы пікірлер бар.
Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар - ұрмалы даңғыра, құрайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы "адырнасын ала өгіздей мөңіреткен" деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп- тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптың көне түрі болуы мүмкін.
Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған қала деп аталатын дөңгелек бекіністен домбыра сияқты екі ішекті аспапта ойнап отырған адамдардың бейнесі табылған. Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі. Академик В. В. Виноградовтың пікірінше, қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызы сиякты аспап кем дегенде бүдан екі мың жыл бүрын пайда болған, қазақтың қобызы осы күнгі виолончель, скрипкалардың арғы атасы.
Музыка, музыканың аспаптар тарихын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, ән түріндегі музыкалық мұра (вокалды музыка) және сарын, күй түріндегі мұраның (аспапты музыка) жіктеліп бөлінуі, бері дегенде, VI-VIII ғасырларда басталды. Ұлытау төңірегінен табылған түркі дәуіріне жататын тас мүсіннің бір бүйірінде қобыздың суреті, ал арқасында қоңыраудың суреті салынған. Қобыз бен қоңырау бақсының аспаптары. Олар қоңырау, әр түрлі сылдырмақтарды қағып жүріп би билеп, қобызбен сарын ойнап, жын шақырған. Тас мүсінде осындай бақсы бейнеленген болуы керек. Жалпы, көшпелілердегі алғашқы кәсіпқой музыкант бақсы болған. Сонау VIII ғасырда өмір сүрген, түркі әлеміне ортақ Қорқыт алғашқы шебер музыкант, күй атасы, бақсылардың пірі болып саналады.
Ауызбен үрлеп ойнайтын қазақтың қыштан жасалған уілдек деп аталатын аспабының көне түрлері ортағасырлық Отырар қаласынан, Жамбыл облысындағы Ақтөбе (Баласағұн) қаласынан табылған. Олар X-XII ғасырларға жатады.
Қорқыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы болса, одан бергі музыка өнері әл-Фарабидің (IX-X ғасырдарда), ибн-Синаның (X ғасыр), ұлы жыршы Кетбұғаның (XIII ғасырда), Сыпыра жыраудың (XIV ғасырда), Асан қайғының (XV ғасырда), Қазтуғанның (XV ғасырда), Әбу әл-Қадырдың (XV ғасырда), Әбдірахман Жәмидің (XV ғасырда), Бұқардың (XVIII ғасырда), Нысан абыздың (XVIII ғасырда) аттарымен байланысты. Олар күйші-сазгер, жыршылар болған. Ал әл-Фараби, ибн-Сина музыка ілімінің теориясын алғаш жасаушы ғалымдар.
Кеңістік аясындағы мәдениеттің табиғи қалыптасқан тұтастығын бұзу осы мәдениетті терең күйзеліске ұшыратады. Мұны Еуразияны Ресей отарлауынан анық байқаймыз. Орыс казактары көшпелілер үшін табиғи кедергі болып табылатын өзендерге бекініп алды. Скандинав теңізшілерінің навигациялық әдістерімен таныс казактар өзендерді орыстың байырғы жерлерімен байланысу артериясы ретінде шебер қолдана білді. Ал көшпелілер үшін өзен транспорттық байланыс құралы болмап еді. Көшпелілерден салт атпен соғысуды жақсы үйренген казактар қайықтарын да тастамады. Осының нөтижесінде көшпелілік этномәдени кеңістіктің буыны үзілді, тұтастығы бүлінді. Кейін Столыпин әрекеттері нәтижесінде қазақтар және басқа да көшпелі халықтар өздерінің шұрайлы жерінен айырылды. Бұл көшпелілік этномәдени кеңістіктің егіншілік алқабына айналуына негізгі себепкер болды. Ал бұл процесті прогресшіл немесе реакцияшыл деп бағалау әр мәдениет үшін әртүрлі сипатта.
Жалпы алғанда, кеңістіктің этномөдениетке тигізетін әсерін дұрыс бағалау керек. Қысқаша айтқанда, Отаны жоқ халық болған емес. Бұған бүкіл тарих куә. Әрине, кеңістік ерекшеліктері(ландшафт, биоценоз, оқшаулық ж. т. б. ) өркениетке үлкен әсер етті. Алайда, басқа мысалдар бұл қағиданың абсолюттігіне күмән келтіреді. Айталық, Солтүстік Американың прерийлерінде, Аргентинаның пампасында, Австралияның жайылымдарында номадалар пайда болмады. Яғни, өркениетті дұрыс түсіну үшін басқа да факторларды қарастыру қажет
3. «Адам бол!» - Ұлы Даланың басты адамгершілік ұстанымы.
«Адам бол!» ұстыны ақылдың адамгершілік қатынастар саласына енуінің мәнін ұғынуға да септігін тигізеді, өйткені ол адами қарым-қатынасты тек адамның адамға деген сыртқы бағыты тұрғысынан ғана емес, адамның өз өзіне ішкі бағыттылығынан да, әрбір жеке адамның ішіндегі ар-ұяттың үнін де сипаттайды. Адамгершілік қылық, Абай бойынша, қашанда тек сыртқы жағдайларға, нормалар мен дәстүрлерге ғана сәйкес болмай, ішкі ақыл-ойыңа саналы түрде бағынып, ішкі еркің арқылы әрекет етуді білдіреді. Ақылға сай әрекет ету сондықтан нағыз шынайы адами әрекет ретінде пайымдалады.
Абайдың көзқарастарына ақыл-ой адамның сезімдерін, эмоциясын, еркін қадағалауға қабілетті деген тұжырым тән және сонымен бірге адам, Абай бойынша, өз «жаратылысының» тұтқынында қалып қоймауы тиіс, ол одан тысқа шығып, өз табиғатынан жоғары тұруы тиіс. Тәрбиенің, мәдениеттің, білімді молайтудың арқасында адам өзінің табиғи нышандарын жетілдіруі керек. Бұл Абайдың ағартушылық-философиялық тұжырымдамасының күре жолы.
Абайдың тұлғасына қатысты, оның адамгершілік туралы ойларының өмірлік практикалық ұстанымынан алшақтамағанын сипаттайтын тағы бір маңызды сәтті атап өту керек. Оның ар-ожданының ішкі дауысы одан өзінің туған қазақ халқының тағдырын шынайы пайымдауды талап етті, ащы да болса халыққа шындықты айтуға шақырды, өйткені оның іліміне сәйкес, ұлы мақсаты немесе ортақ ақиқаты болмаған халық рухани сырқат күйде болады. Ал өмір болмаған жерде жетілу де болмайды. Қазақ халқының рухани күш-жігерінің сарқылмас бастауына айналып, үздіксіз рухани кемелденудің ұлы жолында оны асқақтата білген өзінің «Адам бол!» ұстынына негізделген философиясының адамгершілік талабын өмірге енгізген Абайдың өмірлік ұстанымы осындай болды. Біз бүгінде жүрекпен сезініп, ақылмен саралап ойлана алатын адамның қабілетін қалыптастыруымыз керек.
Абайдың әлеуметтік онтологиясының жоғарыда аталған қырларынан басқа бір өзгешелігі, біздің пікірімізше, оның енді рулық центризм ұстанымында қалып қоймай, одан жалпы халықтық биікке асқақтағанында, бірақ қазіргі заманда белең алған дарашылдық ұстанымына, капиталистік өзімшілдікке де мүлдем «асықпайтынымен» сипатталатынын байқаймыз. Мұны ойшыл мына сөздерімен тамаша әрі ерекше мәнді білдірген: «Өзімшілдіктің кез келген көрінісі сияқты, дарақы мақтаншақтық та бұл дүниеде талай адамды бұзады. Сондықтан молда болу аз, адам болуға ұмтылған абзал». Абай қоғамдық қатынастар мен байланыстарға енген адам қоғамдық жүйенің басы мен аяғы, оның дамуының кепілі деген тұжырымнан шығады. Бірақ соған қарамастан, қазақ қоғамында орын алған қайшылықтар мен жағымсыз айғақтарды көре отырып, ол ақылды өзімшілдікті қатаң түрде қабылдай алмайды, өйткені бұл мұрат, бұл ұстаным адамды бұзады, оны қарым-қатынастың басты және анықтаушы формасы «араласу, өзара қатынас» болып табылатын әлеуметтік онтологияның қойнауынан өсіп шығатын адамгершіліктен айырады.
Бұл - «Мен» және «Өзгенің» бетпе-бет кездесуі іске асатын, ән-айтыстарда дара тұлғалардың біріккен шығармашылығынан туындайтын, жолаушыға құрметпен қарайтын қонақжайлық түрінде адами қатынастарды бекітетін іргелі негіз болатын және Абайдың тілімен айтқанда, «адам болмысының негізін» құрайтын жеке адамдардың тікелей байланысының формасы. Бұл, Абайдың іліміне сәйкес, «қабылдаудың тірілігін», «жақын тектінің тартылыс күшін» және жүрек сезімталдығын білдіреді.
Абай үшін адам болу нені білдіреді? Адам болу, ең алдымен, өз жүрегіңде Құдаймен үндесуді және білімге, әділдікке және қайырымдылыққа ұмтылуды білдіреді. Бұл Жаратқанның адамның маңдайына жазған жазмышына сәйкес болуды аңғартады, бұл адамдарға жақсылық жасауды, оларға білім нұрын әкелуді және адал әрі мейірімді болуды байқатады. Бұл адамгершілік қасиеттерге ие болу және оларды жетілдіру, Абай бойынша, ғылымға, сенімге және өмірге деген адалдық пен жігер арқылы мүмкін болады. Адамшылық - онда қоғам өзін-өзі іске асыруы тиіс жалпыға ортақтықтың формасы. Қоғамда негізгі орынды саяси, экономикалық немесе басқа қатынастар емес, адамгершілік қатынастар алуы тиіс. «Адамның мәнін, - деп түйіндейді ойшыл, - махаббат, әділдік және руханилық құрайды. Адамдардың бұл бастауларсыз күні жоқ. Олар араласпайтын және қандай да бір адами тағдырдың алдын алмайтындай өмірде бірде-бір жағдай болмайды. Алла тағала ғаламды осылай жаратқан».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz