Ғылымның негізгі ерекшеліктері


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ғылымның негізгі ерекшеліктері

Ғылым ерекше әлеуметтік институт және танымдық қызметтің ерекше формасы ретіңде XV-XVI ғасырларда пайда болды. Яғни, ол қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заманның мұқтаждығынан туған әлеуметтік құбылыс. Ендеше, ғылым, -жаратылыстану ғылымы ең алдымен капиталистік өндіріс тәсілінің нәтижесі. Оның қалыптасуына - үлкен үлес қосқан атақты ғалымдар Коперник, Галилей, Кеплер және басқалар болды. Осы жерде Галилей мен Ньютон жасаған классикалық механиканы айта кету керек. Өйткені, ол қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болғай ең алғашқы ғылыми теория.

Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына әлеуметтік және логикалық факторлар әсер етті. Әлеуметтікке практикалық қызметтің, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық еңбектің бөлінуінің өндіріс, техника талаптары, ал лоғикалыққа ғылыми таным дамуының ішкі логиқасының мұқтаждығы жатады. Ғылымның әлеуметтік мәнін, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда әлеуметтік және логикалық факторлардың бірлігі қажет.

Ғылым дегеніміз ылғи дамуға байланысты қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айрықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің бір саласы.

Ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық. Табиғат пен қоғамның объективтік, адам санасынан тәуелсіз заңдарын ашу ғылымның негізгі қызметі Ғылым тарихи заттың дүниенің объективтік заңдарын ашу және олардың негізінде қарастырылып отырған құбылыстарды түсіндіру және жаңа процестерді болжай білу тарихы. Осыған мысалдар келтірейік.

Химия ғылымындағы тамаша мысал 1869 жылы ұлы орыс ғалымы Д. И. -Менделеев ашқан периодтық заң. Ф. Энгельс бұл заңның ашылуын ұлы ғылыми ерлік деп бағалады. 1860 жылға дейін химиктерге тек 63 элемент қана белгілі еді. Сол кезде белгілі және белгісіз химиялық элементтердің қатал ғылыми-жүйесін, кестесін ашу өте үлкен іс болатын.

Творчестволық іздену мен ұзақ зерттеудің нәтижесінде Д. И. Менделеев элементтердің қайталау заңын тапты. Бұл заңның, мәні мынада: химиялық элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелді, яғни барлығы атомдық салмақтың өсуіне қарай орналасқан. Осы кестеде бірнеше (төрт) белгісіз элементтің орны бос тұрды. Сөйтіп, Д. И. Менделеев өзі ашқан заңға сүйене отырып, белгісіз элементтердің қасиеттерін теориялық жолмен алдын ала көре білді. Кейінгі зерттеулер элементтердің химиялық қасиеттері атомдар ядросы зарядының санымен (яғни протондардың санымен) байланысты екенін анықтап, ол тәуелділіктің маңызын және мазмұнын тереңдете түсті. Өсыған орай химия ғылымы көп нәрсені түсіндірді, яғни алға қарай дамыды.

Менделеев ашқан заңның ақиқаттығын кейінгі тәжірибе толық дәлелдеді. Мәселен, 1875 жылы француз ғалымы Лекок де Буабодран спектрлік жолмен галлий деп аталатъын жаңа элементті ашты. Бірақ, француз ғалымы жаңа элеметтің атомдық салмағын анықтауда қате жіберді. Мұны Менделеев кезінде атап көрсетті. Қайтадан есептеп қараған кезде Д. И. Менделеев пікірінің дұрыстығына француз ғалымының көзі жетті. 1880 жылы екінші элемент -скандий ашылды. Сонан кейін 1886 жылы неміс ғалымм К. Винклер үшінші элемент-германийді ашты. Д. Й. Менделеев кестенің бос көздері, әсіресе, осы соңғы жылдары жедел қарқынимен толтырыла бастады. Бұған көз жеткізу үшін 1935 жылдары элементтер кестесі мен қазіргі кестені салыстырудың өзі-ақ жеткілікті.

Ұлы орыс ғалымының тамаша ғылыми көрегендігі осылайша- іске асты, Айта кететін бір жағдай мынау: периодтық заңды ашуда химиялық ойлаумен қатар тәжірибе зор роль атқарды.

Сонымен табиғаттың жаңа заңын (мысалы, периодтық заңын) ашу - ғылымының шешуші ерекшелігі дедік. Ол ғылымның белгілі бір құбылыстарды түсіндіру және практикалық өзгерту функцияларының негізі.

Дүниені, қоғамды революциялық, жолмен өзгертудің, қайта құрудың және оны танып-білудің жалпы әдісі - материалистік диалектика. Олай болса, сол диалектика ғана басқа ғылымдар саласындағы ғылыми болжамның теориялық және методалогиялық негізі бола алады.

Сонымен, қоғам мен табитаттың даму заңдарын тану негізінде ғана ғылыми болжам болуы мүмкін. Мысалы, қоғамның даму заңдарна зерттей отырып, Маркс пен Энгельс социалкстік революцияны іске асыру арқылы капиталистік орнына түбірінен жаңа, социалистік қоғамды құруға болатынын болжап қана қоймай, сонымен бірге адамды жоятын әлеуметтік күш - жұмысшы табы екенін XIX ғасырдың қырқыншы жылдарында-ақ көрсетіп берді. Бұл ғылыми? болжам біздің елімізде 1917 жылы практикалық түрде жүзеге асты.

XX ғасырдың басында-ақ Россиядағы нақты тарих жағдайды зерттей келіп, Е. И. Ленин социализмнің барлы елде бір мезгілде емес, бір немесе бірнеше ғана елдерді жеңіп шығуы мүмкін деген даналық болжам айтты. Бұл теориялық болжамды кейінгі қоғамдық практика дәлелдеі отыр.

В. И. Ленин. 1908 жылдың өзінде-ақ электронның сарқылмайтындығы туралы да тамаша болжам айтқан болатын. Оның ішкі құрылымы мен қасиеттері ол кезде әлі зерттелмеген еді. Міне, осы болжам физика мен биология ғылымдарының дамуында зор бағыт сілтеуші роль атқарады, яғни ғалымдар одан басқа, элементар бөлшектерді ашуға ұмтылды. Сол ізденістің нәтижесінде кейіннен - элементар бөлшектердің үлкен семьясы анықталды. Қазіргі астрономия ғылымы күннің немесе айдың тұтылуын бірнеше минуттың дәлдікпен жүздеген жыл бұрын есептеп шығарып отыр. Мысалы, 2126 жылғы октябрьдің 16 күні ертеңгі сағат 11-де күннің толық тұтылуы Москва қаласында байқалатыны қазірдің өзінде аян.

Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техпикасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техникалық еркін енуі қазіргі ғылымның ерекшеліктерінің бірі.

Ғылымға енетін қағидалар дәлелденілген және негізделген болуы керек. Күмән туғызатындар ғылым аясынан шығарылап тамталды. Сондықтан ғылым теориялардың ашық жүйесі болғандықтан оған жаңа теориялар ғылыми прогресс барысында ылғи еніп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым дамуының қазіргі тарихы, ерекшеліктері: информатика, интернет клондау
Жаратылыстану дамуының негізгі кезеңдері
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Ғылым тарихы және философиясы
“Қазіргі жаратылыстану концепциялары” пәні және оның әлеуметтік маңызы
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Ғылымның қазіргі кезеңінің ерекшеліктері
Қоғамдық сана ұғымы
Әдеби бастаулардың түрлері
Философиядағы тәсіл мәселесі. Ғылым және техника
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz