Мінез және адам қылықтарының мотивациясы
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігі
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Факультет:Педагогика-Психология
Мамандық:Психология
Орындаған:Жұмабаева Фариза
Тексерген:Құлымбаева Айнур
Жоспар:
1.Мінез туралы отандық және шет ел психологиясындағы көзқарастар.
2. Мінез және тұлға ұғымдары мен мінез және темперамент ұғымдарының өзара қатынасы.
3. Индивидтің әлеуметенуі үрдісінде мінездің қалыптасуы.
4. Мінез құрылымы.
5. Мінез бітістері.
6. Мінез және адам қылықтарының мотивациясы.
7. Мінезді қалыптастыру және тәрбиелеу.
Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез - даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
Мінез сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді жақсы, жаман, ауыр, жеңіл деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: Мінезіміз келіспеді,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің Этические характеры тракты арқылы ғылымға мінез (грек. сharacter - қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы - мінезнаманы жасады.
Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В.Н. Мясищев пен Б.Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады.
К.К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.
Тұлға сипаты және мінез сапалары ұғымдары, көбінекей синонимдер ретінде қолданыады, алайда оларды айыра білуіміз керек. Психологиялық түсінік ретінде тұлға, өзінің бір ғана құраушы бөлігі болып табылатын, мінезге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Тұлғаның өзегі - қажеттілікті-мотивациялық аймақ. Жетекші мотивтер, құндылықтар және мақсаттар тұлға бағыттылығын анықтайды. Тұлға сипатының құрамына оның бағыттылығын анықтайтын қасиеттері енеді. Өзінің басты құндылықтарына қол жеткізу үшін адам түрліше мінез сапаларын таныта не оларды өзгерте алады. Сондықтан, тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда жоғары инстанция.
Адам өмірі қарым-қатынасқан адамдарымен, тәрбие алу жағдайларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар даралық дамудың табиғи алғышарттары да әр түрлі. Сондықтан, әр адамда тек өзіне ғана тән, қайталанбас мінез бітістері мен сапаларының бірлігі қалыптасады. Алайда, мінез даралық ерекшелік көрсеткіші болуымен қоса, басқа адамдармен ортақ қырларымен танымал. Ұқсас жағдайларда, бір ортада өмір сүретін адамдар үшін типтік мінез бітістері тән. Мәселен, бұрынырақта еліміздегі адамдарға нұсқаумен жүру, енжарлық, тәртіптілік тән болса, қазірде өзбетті, тәуелсіз, бастамашыл адамдар жиі кезігеді. Осыған қоса, қоғамның әр мүшесі басқа нақты бір топтың мүшесі болып табылады, ол: отбасы, оқу тобы, өндіріс ұжымы, түрліше ресми емес топтар. Олардың әрқайсы адамның мінезінде өзіндік рең қалдырады. Мінездің мәні - даралық және типтік ерекшеліктердің бірлігінде. кез келген қатынас мінезқалыптастырушы болмайды, тек өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты, материалды және рухани қажеттіліктермен байланыстылары ғана. Ең алдымен бұл қоғамға, басқа адамдарға, еңбекке, өзіне, заттарға қатынасы.
Қоғамға және өзге адамдарға қатынас адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ізгіліктілік, шыншылдық, әділеттілік - адамгершілік дамудың жоғары сатысын сипаттайды. Өзімшілдік, қатігездік, жалғандық, керісінше, мінездегі адамгершіліктің таяздығына көрсеткіш. Басқа адамдармен қатынаста коммуникативті қатынастар ерекше орын алады: мейірмандық, елгезектік, сезімталдық, ашықтық, шыншылдық, сыпайылық. Мұндай мінез сапаларының иегері түрліше жағдайларда тиімді қарым-қатынаста бола алады: отбасында, жұмыста, әрәптестерімен, достарымен. Олар әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға қатысты туындайтын психологиялық бөгеттерді, не қарым-қатынас барысында пайда болған негативті сезімдерді, мысалы, сенімсіздік, қызғаныш, жаратпаушылықты, оңай жеңеді.
Адамгершілік және коммуникативті мінез сапалары мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеті болып табылады. Мұғалім үшін пәндік білім мен педагогикалық дағдылары игеру қаншалықты маңызды болса, кәсіби мәнді мінез сападарын өз бойында қалыптастыру да саншалықты мәнді. Адамның еңбекке қатынасынан еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіптілік қалыптасады. Қарсылықтарды жеңуден тұратын еңбек пен оқу әрекеті ерікті мінез сапаларының дамуын қамтамасыз етеді, ол: мақсатқа бағыттылық, табандылық, өзбеттілік, шыдамдылық.
Адамның өзіне деген қатынасы өзіндік таным құрылымында когнитивті, эмоциональді, бағалаушы компоненті ретінде қалыптасады. Ерте балалық шақтан бастап, бүкіл өмір бойы қоршаған адамдар баланың әрекет-қылықтарын бағалап өтеді. Бұл қатынас адамның өз-өзіне деген ішкі психологиялық қатынасына, мінез сапасына айналады. Балаға деген қатынас типінің басымдылығына қатысты мінезде қарапайымдылық не масаттанушылық, өзіндік сыншылдық не өз-өзіне сенімділік, намысшылдқ не бәсеңдік, өз-өзін бағалау немесе толымсыздық сезімі пайда болады. Адамның заттарға қатынасы да аса маңызды. Нәресте туғанынан басқа адамдардың еңбегімен жасалған заттарды қолданады. Жасы өскен сайын баланың заттарға деген қажеттіліктері арта түседі. Заттар дегеніміз - ойыншықтар, кітаптар, киімдер, ыдыстар, т.б. Бір бала ойыншығын сындырса, оған ұрысады, ал екіншісіне келесіні сатып әпереді. Бір бала жолдасына өз ойыншығын бермесе, келісі бірі өз ойыншықтарын таратып салады. Осыдан біртіндеп балада ұқыптылық, ашықтық не негативті қасиеттер жинақталады.
1. Мiнез жөнiнде түсiнiк
Мiнез жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы.
Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бəрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мəндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда даудамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы əр адамның ойлау, сезiм, ниет, əрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жанжақты қамтыған қоғамдық шарттар мен əлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы əртүрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға тəуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы абройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мəндi де ұнамды бiтiстерiнiң қалыптасуына оң əсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дəреже, деңгейiн арттыра түседi.
Қоғам əсерлерi мен ықпалдарын бейнелейтiн мiнез мазмұны жеке адамның өмiрлiк бағытбағдарын құрайды, яғни оның заттай жəне рухани қажеттерiне, қызығуларына, нанымсенiмдерiне, мұраттарына ж.т.б. негiз болады. Бағытбағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмiрлiк жоспары мен сол жоспарды iске асыруда қажет белсендiлiк деңгейiн белгiлей алады. Мiнезге орай адамның дүние талғамы, өмiр мəнi, белгiленген мақсатмүдделерiнiң, əрекет қылықтарының себептерi ашылады.
Мiнездi дұрыс түсiнуде адам үшiн маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен жеке талғамдар арақатынасы шешушi мəнге ие. Əр қоғамның өзiне сай маңызды да мəндi мiндеттерi болады. Мiне осы мiндеттердi iске асыру барысында мiнез қалыптасады. Кейiн солар тұрғысынан тексерiледi, бағаланады. Сондықтан да мiнез қандай да адам қасиетiнiң (төзiмдiлiк, өжеттiк т.б.) көрiнiсi ғана болып қоймастан, қоғамдық мəнi бар iсəрекетке болған бағытбағдар сипатын аңдатады. Осыдан мiнездiң тыңғылықтылығы, бiргелкiлiгi адамның өмiрлiк бағытбағдары негiзiнде нақты бiр қалыпқа келедi. Мiнез қалыптасудағы басты шарт өмiрлiк мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы босбелбеулiк, мiнезсiздiктiң белгiсi. Солайда болса, жеке адам мiнезi мен оның бағытбағдары екiталай нəрсе. Алдыңызға ақ көңiл кейiппен келген адамның бiрi iзгi ниеттi де, ал екiншiсi жауыз болуы мүмкiн. Жеке адам бағытбағдары оның барша əрекетқылығына iз бередi. Əрдайым қылық осылай болсын деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының бiртұтас жүйесiне негiзделедi, ал бұл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам мiнезiне белгiлi сипат ендiредi.
Қалыпқа түскен мiнезде адамның нанымсенiмдер жүйесi жетекшiлiк етедi. Тиянақты көзқарас наным адамның өз iсəрекетiн ұзақ мерзiмдi бағытбағдарға сай белгiлеп, мақсатқа жетуде жiгерiлiлiктiң, орындап жатқан iсiнiң дұрыс та маңызды екенiне сенiмдiлiк туғызады.
Мiнез ерекшелiктерi адам қызығуларымен тығыз байланысты, бiрақ оның бұл қызығулары мəндi əрi тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстiрт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестiгiнiң кемдiгi мен тиянақтылығы болмағанынан жеке адам елiктегiш келедi. Қызығулар ұқсастығы мiнез теңдiгiн аңдатпайды. Мысалы, өнертапқыштар арасында көңiлдi не мұңды, кiшiпейiл не өзiмшiл тұлғаларды айыруға болады.
Мiнез адамның қолы бос уақытындағы (досуг) өзi қалап шұғылданған iстерiнен де танылуы мүмкiн. Мұндай қызуғалар тұлға мiнезiнiң жаңа, ерекше қырларынан хабардар етедi. Мысалы, ұлы ғалым химик Ебней Бөкетов қолы босаса, аудармашылықпен айналысып, орыс, батыс қаламгерлерiнiң небiр əйгiлi көркем шығармаларын қазақ оқырманына жеткiзген; атақты тiл ғалымы Əбдуəли Хайдари демалыс уақытында қазақы ертұрман, қамшы жəне т.б. заттарды оюлап, жолдастарын таң қалдырған; ғұламатүркiтанүшы академик Рахманкүл Бердiбай колы босаса, күйшiлiк өнермен айналысады. Адамның рухани немесе заттай қажеттiлiктерiнiң қайсысының басым болуына қарай оның тек ой, сезiмдерiнiң ғана емес, сондайақ iсəрекетiнiң де бағытбағдары айқындалады. Бұл арада аса маңызды нəрсе iсəрекеттiң алға қойылған мақсатқа тiкелей сай болғаны, себебi адам не iстеп жатқаны немесе не iстейтiнiне қарай бағаланбайды, əңгiме сол iстi қалай орындайтынында. Осыдан мiнез калпы адамның бағытбағдары мен iсəрекет кейпiнiң бiрлiгiнен келiп шығады.
Мақсатқа жетуде бағытбағдар бiрдейлiгi болғанымен, əр адам өз жолын таңдайды, өзiне қолай, қайталанбас əдiстəсiлдердi пайдаланады. Осы дербестiктен адам мiнезiнiң ерекшелiгi көрiнедi. Белгiлi ықпалға ие мiнез бiтiстерi əрекет немесе қылық түрiн таңдауда айқын жүз бередi. Бұл тұрғыдан тұлғаның табысқа жету қажеттiгiн туындатқан ықылас, ниет көрiнiсiнiң деңгейiн (табандылық, шешiмдiлiк, жүректiлiк немесе ерiксiздiк, қорқақтық, күдiкшiлдiк ж.т.б.) мiнез бiтiсi деп тануға болады. Осыған байланысты кей адамдар күмəнсiз табыс қамтамасыз ететiн əрекеттердi (ынта бiлдiру, жарысқа түсу, тəуекелге бел байлау ж.т.б.) таңдап алады, ал екiншiлерi сəтсiздiктен қашуды көздейдi (жауапкершiлiк алмайды, жүрексiнедi, ықыласы мардымсыз ж.т.б.).
2. Мiнез жөнiндегi бiлiмдер
Мiнез құбылысын зерттейтiн ғылым характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мiнездер типiн саралап, адамның əртүрлi өмiр жағдайларындағы əрекетқылығын болжастыру мақсатында əрқандай мiнез сипатын нақтылаумен шұғылданып келдi. Адамның тума емес, өмiр барысында қалыптасатын белгiсi болғандықтан, мiнез типтерiн жiктеу көбiне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негiзделедi. Осы бағытта ежелден өрiстеп келе жатқан, мiнез танып, əрекетқылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбiрiне қысқаша түсiнiк:
Жұлдызнама(гороскоп) адам мiнезiн туған күнiмен байланыстырып түсiндiредi. Жалпы қабылданған уақыт өлшемдерi белгiлi кезең, аралыққа бөлiнедi, олардың əрқайсысына нақты белгi, символ берiледi. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т.б.) тəн əртүрлi қасиеттерге орай адам мiнезi суреттеледi. Мысалы, кельт жұлдызнамасында 22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында туылған алмаға тектес, осыдан мұндай адам сүйкiмдi, ақ жарқын, кеуiлшең т.б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда аталған күндерi туылғандар таутеке, яғни мұндайлар өжет, тұрақты, төзiмдi, тұйық, сыршыл келедi.
Физиогномика(phisis табиғат, gnomon бiлу) адамның сыртқы келбетiне жəне сондай келбеттi тұлғаларды ұқсастығымен белгiлi топқа бiрiктiрiп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бiтiстерiне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тəн мiнез ерекшелiгi оған таңылады. Мысалы, Аристотель пiкiрiнше, адамның мұрын танауы өгiздiкiндей жуан да қалың болып келсе, ол ерiншектiк белгiсi; шошқадай кең танау, жалпақ мұрын ақымақтық; қой, ешкi жүнiне ұқсас шашты адам үркек; доңыз, арыстан қылшықтарындай тiке шашты адам ержүрек, батыл ж.т.б.
Адамның басқа да келбет көрiнiстерi (көз, ауыз, отырыстұрыс т.б.) негiзiнде мiнездi байқастыру осы физиогномика аймағында жоғары дамыған.
Хиромантия(сһеіг қол, тапііа бал ашу) адам мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.
Дерматоглификабармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.
Графологиямəнерлі əрекет жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға бағытталған ғылым.
3. Мiнез бiтiстерi
Адам мінезі сан алуан. Бұл ісəрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы шапшаң, екінші асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер мiнез бiтiстерi деп аталады. Қандай да бітіс əрекетқылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде əдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.
Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез бітістері адам əдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен əдеттер арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік адамның ұқыптылық əдетінде көрінеді. Бірақ əдет мінез бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну əдістерін қамтиды. Қайсы бір тұлғаға тəн қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал əдет мұндай психикалық процестердің бірімен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына ықпал ете отырып, сол қылықəрекет барысында қалыптасады, бекиді. Мінез бітістерінің қалыптасуын əрекетқылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві əрекетте іске аса отырып, мінезде бекиді. Əрқандай мəнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны əрекет тұрақты қасиет ке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылықəрекет мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған ісəрекеттерді ұйымдастырудан басталады.
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарамақарсылықтарында көрінеді: күштіəлсіз, қаталжұмсақ, тыңғылықты өзара қайшы, кеңтар ж.т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына жетудегі, кедергілерді жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез əлсіздігі қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші жəне екінші деңгейлі қасиеттердің дəрежесімен анықталады. Қасиеттердің бəрі өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz