Жаһандану үдерісінің ықпалы
Қарағанды қаласы
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
Жаһандану және Қазақстан
Тақырып: Жаһандану үдерісінің қазақ тіліне ықпалы қандай?
(3229 сөз)
Орындаған: Зекенова Мадина_______
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Юсупова Т.К_____________
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор:Аблайханов Б.М_________
(аты-жөні, қолы)
Қарағанды - 2017
Мазмұны:
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл 4
Мемлекеттік тіл әлемдік деңгейде 4
Жаһандану үдерісінің ықпалы 4
Зерттеу әдістемесі 5
Зерттеу нәтижелері 5
Талқылау 7
Қорытынды 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11
Қосымшалар 12
Кіріспе
Өзектілігі:
Қазіргі кезде, тіл мәселесіне байланысты көп бағдарламалар ойластырылып, нәтижесін көрсетуде. Алайда Тілімізден, мәдениетімізден айырыла жаздадық, сол қорқыныш бізде қалып қойды. Әсіресе, бұл үрей аға буында басым деп Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауларының бірінде айтып кеткен еді.[1] Тіл-мемлекет құндылығы, мемлекеттік тілсіз қандай да бір ел мемлекет деген атқа мүлделі бола алмайды. Біздің мемлекеттік тіл-қазақ тілі және әрбір ҚР-ның азаматы немесе азаматшасы қазақ тілінде сөйлеуге міндетті деп ойлаймын. Бірақ әлемде болып жатқан өзгерістердің әсерінен біздің елге біршама жаңа бағдарламалар, өзгерістер енгізуге мәжбүр.
Қазіргі кезде, мектептерде Үш тілдік бағдарламасы бойынша балаларға сабақ берілуде. Осы өзгерістердің әсерінен қарама-қайшы көзқарастар пайда болды. Себебі олардың ойынша, жаһандану үдерісінің әсерінен біздің ана тіліміз - қазақ тілі ұмытылуы мүмкін деген үрей бар. Жастардың біршамасы шетелде оқу үшін немесе шетел мәдениетіне еліктегеннен, басқа елдің тілдерін оқып, қызыға бастайды. Ағылшын, қытай, француз сияқты тілдерін үйренсе, орыс тілі бұрынғы кезден бері басым. Білім және Ғылым министірлігінің маманы - Гүлсыйла Мұздыбекованың айтуы бойынша (2016), бағдарлама бойынша, 5-сыныптардан бастап, информатика, физика, xимия, биология сабақтарына ағылшын тілін енгізетін болса, 10-11-сыныптар толығымен жоғарыда айтылған сабақтарды ағылшын тілінде оқитын болады. Ал 2017-2018 жылдардан бастап, дүние жүзі тариxы, оқу тіліне қарамастан, орыс тілінде оқытылатын болады. [2]
Әйгілі педагог, ғалым Ерсайын Ерқожа бұл бағдарламаға мүлдем қарсы, себебі, оның ойынша, оқушы мектептерде мемлекеттік тілде сабақ оқуы керек және бұл бағдарлама қазақ xалқына келетін бірде-бір зиян екенін айтып кеткен еді. [3]
Жаңа тілдерді үйренуінің әсерінен, өз ана тілін ұмытады деген қорқыныш бар ағаларымызда. Алайда, шетел тілдерді оқып, үйренгені жастардың білім деңгейін айқын көрсетеді. Әртүрлі тілдерді білу - жұмыс, білім саласында өте қажет. Ол жарқын болашақтың кепілі деп нақты айтуға болады. Жастардың білім саласындағы көрсеткіштері мемлекеттің барлық салаларына тығыз байланысты. Жастар - еліміздің болашағы, сондықтан олардың жоғары деңгейде білім алуы мемлекет үшін өте маңызды. Сол үшін жаңа бағдарламалар, білім беру орталары ашылып, нәтижесін көрсетуде.
Осындай мәселелердің пайда болуы жаһандану үдерісіне тікелей қатысты. Сондықтан жаһандану үдерісі қазақ тіліне жақсы жағынан немесе жаман жағынан әсер етуін анықтау маңызды.
Мақсаты: Жаһандану үдерісінің қазақ тіліне ықпалын анықтап, кері әсерін жоятын тиімді ұсыныстар келтіру.
Міндеттері:
Жаһандану үдерісі жайлы, оның қазақ тіліне ықпалы жайлы жалпы ақпараттар, деректер жинау.
Осы мәселеге байланысты Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі мен оқушыларынан сандық және сапалық ақпараттар жинау.
Алынған мәліметтер арқылы SWOT талдау жасау.
Жиналған ақпараттарды қорытындылау.
Мәселеге қатысты ұсыныстар келтіру.
Болжамы:
Егер жаһандану үдерісі қазақ тіліне тек кері әсерін тигізсе, енгізілген жаңа бағдарламалардың тиімсіз болуы мүмкін екенін қарастыру.
Негізгі бөлім
1.1. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
А.Е:Абуовтың зерттемесі бойынша, жаһандану - мемлекеттер мен ұлттық және этникалық одақтардың мемлекеттік құрылымдарының арасындағы мәдени, идеологиялық және экономикалық жағынан бір қалыпқа түсіруді көздейтін жалпы және жан -жақты үдеріс. [4]
Қазіргі кезде, жаһандану үдерісі жаңа деңгейге жетіп, мемлекеттер арасындағы достықты саяси, экономикалық, мәдениет жағынан дамытып ғана қоймай, сонымен қатар мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Алайда, әрбір жағдайдың кемшіліктері мен артықшылықтары болады. Бұл үдерістің де өзінің жақсы жақтары мен жаман жақтары бар.
Тіл - өміріміздің, адамзаттың аса маңызды бір бөлігі. Адамның ары қарай өсіп, дамуына керек бір ажырамас зат. Халықтың, ұлттың өткенін, қазіргісін және болашағын айқындайтын құралы. Байырғы кездерден, қазақ тілі қазақ ұлты үшін маңызды әрі бағалы құндылықтарының бірі болып келеді және солай қала береді. Ата-бабаларымыз тілімізді ұмыттырмау үшін, ары қарай жаңғырту үшін барын салған. Қазіргі кезге дейін, сақталып келгені сол ата-бабаларымыздың арқасы. Сондықтан да, Елбасымыз өз жолдауларының бірінде қазақ тілі біздің-рухани негізіміз деп айтып кеткен еді.[5] Қазақ тілін жаңғыртып, ата-бабаларының өситін орындап жүрген Елбасымыз жаңа бағдарламалар енгізгені барлығына мәлім.
2018 жылдың қаңтар айында қабылданған Елбасының Жолдауынданың жетінші міндетінде тарихын, мәдениетін, ең бастысы тілін білетін, сонымен қатар, заманға сай, шет тілдерін білетін, жаһандық көзқарасы бар қазақстандық қоғамыздың идеалына айналуы тиіс деп нақты айтып кеткен.[6] Яғни, тіл мәселесіне Елбасымыз көп көңіл бөлуде, себебі жоғарыда айтылған критерийлерге сай қоғам, еліміздің жарқын болашағының кепілі.
1.2. Мемлекеттік тіл мәселесі әлемдік деңгейде
Мемлекеттің, әрбір ұлттың жылдар бойы қалыптасқан өзіндік мәдениеті, ерекшелігі болады. Мәдениет - ұлттың не елдің даму дәрежесін, тарихын, бір сөзбен айтқанда бет-бейнесін айқындайтын бірден-бір көрсеткіш. Ал тіл - сол бір ұлтты көрсететін мәдениеттің бір құралы деп айтуға болады. Жаһандану үдерісінің барысында, көп ұлттар өзінің ұлттық құндылықтарын, ерекшеліктерін жоғалтып жатады, әсіресе, тіл мәселесіне келгенде. Атақты ғалым С. Хантингтонтың айтуы бойынша, қазіргі кездегі жаһандануға байланысты мәселелердің себебі идеология не экономикада емес. Мәселе себебі мәдениетте деп айтқан. Яғни, оның ойынша, жаһандану үдерісі мәдениетке, өркениетке жаман болмасын, жақсы болмасын, өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар өзінің зерттеулерінде, Батыс мемлекеттері барлығына ортақ мәдениет ретінде өзінің мәдениетін басқа елдерге ұсынбақшы. [7]
Алайда, егер басқа елдердің мәдениетін өзіміздің мәдениетіміз деп алсақ, қазақ ұлтының тек қазақ деген аты қалмайды ма? Бұл тілге де байланысты мәселе болып тұр.
1.3. Жаһандану үдерісінің ықпалы
Қазіргі кезде, үштілділік елімізде өз орнын алған. Нақтырақ айтқанда, қазақ тілі -мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ал ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Осы бағдарламаға байланысты, көптеген жаңа енгізулер болды. Мысалы, Әлия Далабаеваның айтуы бойынша, 2017 жылы 692 мектепте математика сабағы ағылшын тілінде оқыту енгізілді. Қазақстан тарихы оқытылу тіліне қарамастан қазақстан тарихын тек ғана қазақ тілінде оқитын болады, ал дүние жүзі тарихын орыс тілінде оқитын болады және ағылшын тілін оқу жаңа деңгейге көтерілді. [8]
Жаһандану үдерісінің мәдениетке ықпалы жайлы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы тапқан зерттемелері бойынша, жаһандану үдерісі қазақ тіліне кері әсерін тигізеді. Оған біршама себептер бар, жалпы айтқанда, қостілділіктің орын алуы, мемлекеттік тілге қарағанда, орыс тілі мен ағылшан тіліне сұраныстың артуы, қазақ тілінің ауыр болуы, яғни көнерген, диалект сөздердің, фразеологизмдердің көп болуы, бұл қазақ тілінің қолданысынң төмендеуіне алып келеді. [9]
Алайда, Елбасымыз үштілділікті заман талабы, қажеттіліктен туып отыр деп айтқан еді. [10]
Яғни, үштілділік еліміз үшін ары қарай дамып, әлем аренасында алдынғы қатарларда көріну үшін стратегиялық ерекше мәні бар бағдарлама. Әйгілі саясаттанушы Т. Әбдуәлидің осы мәселеге байланысты көзқарасын айтатын болсам, ол кісі бұл бағдарламаны қолдайды. Ағалшын тілінің қажеттілігін уақыт өткен сайын түсінетін боламыз, жоғары деңгейге жеткен елдермен қарым-қатынасымызды жақсарту үшін, ағылшын тілі өте қажет және біз ол тілді үйренгеннен мәңгүрттенбейміз, себебі ағылшын тілі мемлекеттік тілмен, тіпті, бәсекелес емес. [11]
Жалпы, жаһандану үдерісінің қазақ тіліне оң не кері әсерін тигізетінін осы зерттеу жобасында анықтайтын боламыз.
1.4. Зерттеу әдістемесі
Бұл ғылыми жобаның басты мақсаты - жаһандану үдерісінің қазақ тіліне ықпалын айқындау және осы мақсатқа жету барысында маған НЗМ-нің оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиет мұғалімінің жауаптары көмектеседі.
Зерттеу жобасында екі зерттеу әдістері қолданылды. Дәлірек айтқанда, сандық және сапалық әдістер. Екі зерттеу әдісін ақапараттың нақтылығына көзім жету үшін және жан-жақты қарастырылуды талап ететін мәселе болғандықтан қолдандым. Қарағанды қаласындағы НЗМ-нің оқушыларынан сауалнама жүргіздім және қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі - Айтжамал Оралхановнадан сұхбат өткіздім.
Сауалнама үшін сандық әдісті қолдандым. Сауалнамға өте көп көңіл бөлдім, себебі оқушылардың айтқан жауабына қарай, зерттеуімнің басым бөлігіне жауап таба аламын. Жалпы, сауалнамада 5 сұрақтар болды, қосымша сұрақ ретінде, қай бөлімде оқитыны жайлы сұрадым, соған қарай сауалнама жауаптарын талдадым. Сауалнамада әртүрлі сұрақтар болды. Оның ішінде, Үйде қазақ тілінде сөйлесесіз бе?, Шет тілі қанщалықты маңызды?, Қазақ тілінің қазіргі қоғамда маңызы қандай? және т.б. сұрақтар қойдым. Әрбір сұраққа жауап беру үшін келтірілген нұсқаның біреуін таңдау керек. Бұл оқушыларға да, маған анализ жасағанда да ыңғайлы болды.
Сапалық ақпараттарды жинауда маған сұхбат көмектесті. Эндейлге (2016) сүйенетін болсақ, сапалық әдіс ақпаратты жан-жақты қарастыруға, нақты зерттеуге көмектеседі. [12] Жоғарыда айтылғандай, сұхбатты НЗМ-нің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі - Айтжамал Оралхановнадан сұрадым. Сұхбат 4 сұрақтардан тұрды. Мұғалімнен оқушылардың қазақ тіліне деген ынтасын, қазіргі кездегі, қазақ тілінің жағдайын, оған қандай факторлар әсер ететінін және осы тақырыпқа қатысты тікелей сұрақ қойдым.
Сауалнаманы 12-сынып оқушыларына ғана өткіздім. Себебі 12-сынып оқушылары жоғарғы сынып оқушылары және жас түлектер болғандықтан, олардың көбісі мектеп ашылғанынан бастап НЗМ-де оқиды. Қазақ тілінің қазіргі жағдайын, қоғамдағы маңызын білу үшін нақты жауап табу үшін, жас түлектерден сұрағанды жөн көрдім. 12-сынып оқушылары қазақ тілінің жағдайын, маңызын басқа сыныптарға қарағанда түсінігі мен білімі мол деп есептедім. Ал сұхбатты қосымша ақпарат жинау үшін алғандықтан, тек бір мұғалімнен өткіздім және қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі болғаны, басқа пән мұғалімдеріне қарағанда осы тақырыпқа байланысты ақпаратты молырақ біледі.
Сауалнаманы қағаз бетіне түсіріп, оқушылардын сұрап шықтым. Сұхбатты арнайы диктофонға жазып, транскриптін жасадым.
Сауалнама және сұхбат сұрақтарын мен жауаптарын талдауға оңай болды. Зерттеулер жүргізген соң, анализ жасалып, кестелер мен графиктер жасалынды.
1.5. Зерттеу нәтижелері
2017 жылдың қазан айында, жаһандану үрдісінің қазақ тіліне ықпалы жайлы оқушылардан сауалнама өткіздім. Сауалнамадан тек Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары ғана өтті. Ал сұхбатқа Қарағанды қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі жауап берді.
Сауалнамада жіңішке де, жуан сұрақтар болды. Сауалнаманы 150 оқушыдан сұрадым, 76 оқушы қазақ, 74 оқушы орыс сыныбынан сұрадым. Ал сұхбатта тек жуан сұрақтар болды. Сауалнаманы да, сұхбатты да жүргізген себебім, оқушылар мен мұғалімнің жауаптарып салыстырғым келді.
Сауалнамадағы 1-сұраққа жауаптарды талдайтын болсақ, қазақ сыныбы мен орыс сыныбының арасындағы үлкен айырмашылықты жоқ екенін байқауға болады. Оқу тіліне қарамастан, көбісі басқа тілдерге қарағанда орыс тілінде кітапты оқығанды жөн көреді. Оның ішінде, орыс сыныбынан 41 оқушы, қазақ сыныбынан 36 оқушы осы нұсқаны таңдаған. Одан кейінгі үлкен көрсеткіш ағылшын тілі нұсқасы, қазақ, орыс сыныптарының ағылшын тілін таңдағандардан 5 оқушыға айырмашылық бар. Қазақ тілін таңдағандар саны, қазақ сыныбынан 18 оқушы, орыс сыныбынан 7 оқушы. (Сурет 1)
Үйде қазақ тілінде сөйлесуі жайлы сұрақта орыс сыныбының қазақ сыныбымен жауаптары бірдей емес. Нақтырақ айтқанда, қазақ сыныбынан қазақ тілде сөйлесетіндер 21 оқушы болса, орыс сыныбынан мүлдем ешкім сөйлеспейді. Олардың 9 оқушысы, қазақ сыныбының 32 оқушысы кейде қазақ тілінде сөйлеседі. (Сурет 2)
Сурет 2. Оқушылардың үйде қай тілде сөйлесетіні жайлы ақпарат.
3-сұрақ мектептен тыс баратын тіл үйірмелеріне (курстарға) қатысты, бұл сұрақта қазақ сыныбанан 76 оқушының 19 оқушысы ағылшын тілі үйірмесі нұсқасын таңдаса, орыс сыныбынан 24 оқушы таңдады. Қазақ тілі нұсқасын ешкім таңдаған жоқ және орыс сыныбанан 2 оқушы басқа тіл үйірмесіне барады екен. Қазақ сыныбының 54 оқушысы, орыс сыныбының 48 оқушысы ешқандай тіл үйірмелеріне бармайды. (Сурет 3)
150 оқушының 31% шкала бойынша шет тілінің маңыздылығын 9 ұпаймен бағалады, 23% 8 ұпаймен, 21% 7 ұпаймен, 12% 6 ұпаймен және 11% 10 ұпаймен бағалаған екен. Сонымен қатар, орташа баға, яғни 5 ұпаймен бағалағандар 2% ғана болса, 5-тен төмен ұпайды ешкім таңдаған жоқ. (Сурет 4)
Ең ақырғы сұрақта оқушылардың көбісі, яғни 34% қазақ тілінің білуі мемлекеттік тіл болғандықтан маңызды деп ойлайды. Қалған оқушылар қарым-қатынас құру үшін және мәдениетті сақтау үшін нұсқасын таңдады, оның ішінде, 27% қарым-қатынас, 31% ұлттық құндылық нұсқалары таңдалынды. 8% осы сұраққа жауап беруге қиналды. (Сурет 5)
Сурет 5. Оқушылар үшін қазақ тілінің маңызы жайлы мағлұмат.
Cұхбатты Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім беретін қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Айтжамал Оралхановнадан алдым. Алғашқы қойған сұрағыма, Айтжамал Оралхановна, қазіргі кезде, балалардың қазақ тілге ынтасы бар деп жауап берді. Сонымен қатар, қазақ тілінің қазіргі жағдайын орташа деп есептейді. Себебі, ол кісінің ойынша, бір жағынан, қазақтардың өзі қазақша сөйлемей, көшеде де, қоңырауда да орысша сөйлесе, ал, екінші жағынан, өзге ұлттардың өзі қазақша сөйлейді және қазақ тілін қазақтардан артық біледі деп айтты.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл және барлығы қазақ тілді білу керек деп жауабын түйіндеді. Тіл - ұлттың жаны деп Мағжан Жұмабаевтің сөзімен бастап, әрбір халық өзінің ана тілінде сөйлесу керек, бірақ, бізде бір қынжылатын нәрсе, өзге ұлттардың өзі қазақша сөйлеп жатқан кезде, бізде, керісінше, қандастарымыз өзге тілде сөйлесетінін айтып, Қазақ тілінің дамуына не құлдырауына қандай факторлар әсер етеді? деген сұраққа жауабын осылай бастады. Қазақта Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл, кезінде жеті түрлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz