Негізгі құралдардың жөндеуінің есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қаржы және есеп» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : « Негізгі құралдар есебі »

Орындаған _Багдатова З. Б.

(студенттің аты-жөні, тобы)

Тексерген Ахунова Д. З. (оқытушының аты-жөні, қызметі)

Семей 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ МОЙЫНДАУ . . . 5

1. 1 Негізгі құралдар, олардың жіктелуі мен бағалануы . . . 5

1. 2 Негізгі құралдардың түсуінің есебі және талдамалық есебін

ұйымдастыру . . . 9

2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРАДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ . . . 11

2. 1 Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясын есептеу . . . 11

2. 2 Негізгі құралдардың жөндеуінің есебі . . . 18

3 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚАЙТА БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ . . . 22

3. 1 Активтерді қайта бағалау бойынша резервтер мен жиынтық есеп. . 22

3. 2 Негізгі құралдарды түгендеу және оның нәтижелерін есепте

көрсету . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы « Негізгі құралдар есебі ». Тақырыптың басты мақсаты - негізгі құралдарды қалыптастыру және оның кәсіпорында қалай жүргізілуін қамтамасыз ету.

Өндірістік үрдіске жылдар бойы өз қызметін көрсететін, алдағы кезеңдерде табыс келтіруге арналған және өндірілген жаңа өнімдер үшін жұмсалған щығындар құрамына өзінің бастапқы құнын амортизация түрінде біртіндеп беріп отыратын активтерді - негізгі құралдар деп атаймыз. Бұларға: ғимараттар, құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, күш беруші құралдар, өлшеу мен реттеу аспаптары, көлік құралдары, жер учаскелері жатады.

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал- жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субькт үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.

Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі 6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субьектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.

Инвентарлық обьектілер негізгі құралдың есеп бірлігі болып табылады. Инвентарлық обьект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын обьектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар, т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) . Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

Материалдық - мүліктік формадағы активтер негізгі құралдардың құрамына жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, жылжымайтын және жылжымалы мүліктер қатарына жатқызылатын, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, машиналар мен жабдықтау және басқа да мүліктерді негізгі құралдар деп атайды. Оларды субъектілер өнім өндіру немесе тауарларды (қызметтерді) жеткізу немесе өзге тұлғаларға жалға беру мақсатында пайдаланады және оларды қолдану мерзімі бір жылдан артық болады.

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың объективтілік қажеттілігі туындайды.

1НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ МОЙЫНДАУ

  1. Негізгі құралдар, олардың жіктелуі мен бағалануы

Кәсіпорынның қалыпты өндірістік - шаруашылық қызыметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалармен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызымет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды «негізгі құралды» құрайды.

Негізгі құралдар- дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар) . Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды қайта сатуға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Оларға жер, құрылыстар мен ғимараттар, транспорт құралдары, жабдықтар мен берілгіш құрылғылар және басқалар жатады.

Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы көптеген өндіріс цилында пайдаланылады. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.

Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастыру және тозу мөлшерін есептеу үшін негізгі құралдарды жіктеудің маңызы зор.

Ұйымдарда негізгі құралдардың біріңғай типтік жіктеуі қолданылады. Осыған сәйкес негізгі құралдар келесі белгілері бойынша топтастырылады:

  • салалар бойынша;
  • мақсатына қарай;
  • түрі бойынша;
  • кімге қарайтындығына қарай;
  • пайдалану сипатына қарай,
  • салық салу мақсатына қарай.

Экономикалық мақсатына қарай негізгі құралдар өнеркәсіптік-өндірістік негізгі құралдар, басқа салалардың өндірістік негізгі құралдары және өндірістік емес негізгі құралдар болып бөлінеді.

Негізгі құралдардың есебі ҚЕХС №16 «жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтар» стандарына сәйкес жіктеледі.

  • салалар бойынша;
  • бағыты бойынша:

Халық шаруашылығының әрбір саласында негізгі құралдар бұйымдық-заттық белгілері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

  • ғимараттар;
  • құрылыстар;
  • өткізгіш жабдықтар;
  • машиналар мен жабдықтар;
  • көлік құралдары;
  • аспаптар;
  • өндірістік инвентар және керек жарақтар;
  • шаруашылық инвентары;
  • биологиялық активтер;
  • библиотека қоры;
  • жерді жақсартуға жұмсалатын күрделі шығындар;
  • басқа да негізгі құралдар.

Кімге қарайтынына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемейтін (консервациядағы) және қосалқыдағы болып бөлінеді.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.

Салық салу мақсатына қарай негізгі құралдар төрт топқа бөлінген, олар амортизациялық төлемдердің салықтық нормалары бекітілген:

Өндірістік негізгі құралдар өнім өндіру немесе оған қызмет көрсету процесіне тікелей қатысатын негізгі құралдар. Олардың құрамына өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуішприборлар, көлік құралдары, аспаптар, өндірістің және шарауашылық инвентарь және басқа еңбек құралдары жатады.

Өндірістік емес негізгі құралдар - өнім өндіру процесіне қатыспайтын, яғни тұтынуға арналған негізгі құралдар - тұрғын -үй коммуналдық шаруашылықтар, денсаулық сақтау ұйымдары, мәдени, білім беру салаларының негізгі құралдары.

Жұмыс істеп тұрған негізгі құралдарға ұйымдағы өндірістегі барлық құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдарға өндіріс процесінде пайдаланылмайтын негізгі құралдар жатады.

Негізгі құралдардың құрамына енетіндер:

  • жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;
  • үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;
  • ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;
  • өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
  • машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті затгарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады.
  • көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
  • құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;
  • өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқада заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;
  • шаруашылық мүлік - кеңсе жөне шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект- мүліктік объекті бола алады;
  • жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар;
  • көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) . Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
  • жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу, егіс даласын тастардан тазарту) ;
  • басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.

Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Есептеу тәжірибесінде алғашқы, ағымдағы, баланстық, жою және әділ құндары ажыратылады.

Бастапқы - негізгі құралдарды алу немесе тұрғызу бойынша іс жүзінде болған шығындардың құны, оларды жеткізу, құрастыру, орнату, іске қосу және активті мақсаты бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен байланысты басқа да шығындарды, сонымен бірге төленген салықтар төлемдерді қоса.

Ағымдағы - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.

Баланстық - бұл активтің есепте және есеп беруде көрсетілетін, жинақталынған амортизация сомасы шегерілген бастапқы немесе ағымдағы құны.

Жою - пайдалы қызмет мерзімінің аяғында негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын, шығу бойынша күтілген шығындары шегерілген қалдықтардың, заттардың, қосалқы бөлшектердің болжамды құны.

Әділ құны - тәуелсіз екі жақ арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкін болатын құн.

Негізгі құралдар активтердің қатарына жатқызылады, егер:

1) активпен байланысты туындайтын келешекте алынатын экономикалық табыстардың субъекті пайдасына түсу мүмкіндігі бар болса;

2) активтің өзіндік құнын мұқият өлшеу мүмкіндігі бар болса;

3) актив кейінен қайта сату үшін сатып алынбаса;

Егер актив экономикалық табыс әкелмейтін болса, онда сатып алу шығындары есепті кезеңнің шығынына жатқызылады. Егер негізгі құрадарға байланысты тиімділік пен тәуелділік субъектінің қарамағына көшпейтін болса, онда негізгі құралдар актив болып саналмайды.

Келешекте экономикалық тиімділік әкелу үшін, негізгі құралдар:

1) субъекті сататын тауарларды өндіріп, қызметтерді көрсету кезінде өзге активтерден бөлек және олармен қоса пайдалануы мүмкін;

2) сатылуы немесе өзге активтерге айырбастылуы мүмкін;

3) міндеттемелер бойынша есептесу мақсатында берілуі мүмкін;

4) ұйым иелеріне бөлініп берілуі мүмкін.

Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін жүргізгенде өлшем ретінде инвентарлық нысан пайдаланылады. Егер негізгі құрал мысалы пайдалану мерзімі бірнеше бөліктен тұратын болса, әрбір бөлік жеке инвентарлық нысан ретінде есепке алынады.

1. 2 Негізгі құралдардың түсуінің есебі және талдамалық есебін

ұйымдастыру.

Негізгі құралдардың қозғалысы, олардың келіп түсуі, шығуы және ішкі орын ауыстыруы бойынша шаруашылық операцияларын жүргізумен байланысты. Әрбір шаруашылық операция алғашқы есептік құжаттаудың типтік үлгілерімен тіркеледі.

Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде ұйым жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан қабылдау- тапсыру актін - (Ф. №ОС-1) жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманын, жабдықтардың және тағы басқа есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттамасы қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, ұйым жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. Негізгі құралдар объектілеріне балансқа қабылдануы кезінде инвентарлық номер берілуі керек. Ол номер негізгі құралда кәсіпорында болған уақыт бойында сақталады және негізгі құралдардың құрамындағы өзгерістерді және бар болуын бейнелейтін барлық есептік құжаттарда көрсетіледі.

Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші дана бухгалтерияға тапсырылады, екіншісі бөлімге-тапсырушы цехқа беріледі.

Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалады.

Автокөлік құралдарынан басқа негізгі құралдарды жою кезінде негізгі құралдарды есептен шығару актісі (Ф. №ОС-3) жасалады, ал автокөлік құралдары үшін - (Ф. №ОС-4) хаттайды.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті тізімге енгізеді, негізгі құралдарды алу туралы жазба жасайды.

Негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал-сайманынан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы мен құны бірдей бір өндірістік бөлімшеде орналасқан басқа да заттарды ескермегенде, әр мүліктік объектіге ашылатын Мүліктік карточкаларда (Ф. №ОС-5) жүргізіледі. Мүліктік карточкалар негізгі құралдарды есептеу жөніндегі мүліктік карточкалар (Ф. №ОС-6) тізбесінде, карточка номері, объектінің мүліктік номері, аты көрсетіле отырып тіркеледі.

Негізгі құралдардың есебі үшін 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттары арналған, ол келесідей шоттар топтарын қамтиды:

2410 «Негізгі құралдар»,

2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы»

Топтардың әрқайсысында негізгі құралдардың түрлері бойынша шоттар ашылады. 2500 бөлімше биологиялық активтерге берілген.

Негізгі құралдардың есебі 2410 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің мынадай мүліктік активті шоттарында жүргізіледі: 2411 “Жер”, 2412 "Ғимаратгар мен құрылғылар", 2413 "Машиналар мен жабдықтар", 2414 "Көлік құралдары", 2415 “Компьютерлер, мәліметтерді өңдеу жабдықтары”, 2416 “Кеңсе жиһазы”, 2417 “Өндірістік мүлік және заттар”.

Негізгі құралдар деп танылатын түсуші матриалдық активтер бастапқы құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдарды заңды және жеке тұлғалардан ақы төлеп алу кезінде олардың бастапқы құны 2400 шоттардың дебеті бойынша және 1000 «Ақшалай қаржылар» бөлімшесі шоттарының (есеп айырысу түріне және төлену көзіне байланысты) немесе 3310, 3390, 4110, 4170 шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі.

Құрылтайшылардан жарғылық капиталға салымдар ретінде алынған негізгі құралдар 2400 «Негізгі құралдар» шоттардың дебеті және 5020 “Төленбеген капитал” шотының кредиті бойынша көрсетіледі, ал акционерлік емес кәсіпорындарда 5010 «Салымдар мен жарналар» шоты кредиттеледі. Негізгі құралдарды мемлекеттен тегін алуы кезінде 2400 «Негізгі құралдар» шоттары дебеттеліп, 6230 “Мемлекеттік субсидиялардан табыстар” шоты кредиттеледі, ал заңды және жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдар 2400 «Негізгі құралдар» шоттардың дебеті және 6200 “Басқадай табыстар” шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Ұзақ мерзімді жал жағдайында негізгі құралдардың құны сәйкес шоттардың 2411-2417 дебеті бойынша және 4150 «Жал бойынша ұзақ мерзімді қарыздар» шотының кредиті бойынша кіріске алынады.

2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРАДЫҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ

2. 1 Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясын есептеу

Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатыса отырып, біртіндеп тоза бастайды. Тозу- бұл негізгі құралдардың заттай және моральдық сипатын және құндарын жоғалту процесі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы оларды пайдаланудың және сыртқы факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Моральдық тозу активтердің ғылым мен техниканың дамуының нәтижесінде, оның жаңа талаптарға сәйкес келмеу процесін білдіреді.

Бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалы қызмет мерзімі ішінде, яғни объект табыс әкелетін қызметін орындауға қабілетті уақыт кезеңінде, заңды түрде тағайындалған мөлшерге байланысты ай сайын амортизациялық төлемдер түрінде үлестіреді. Амортизацияланған құн амортизациялық төлемдер түрінде ұйым шығындарына пайдалы немесе нормативті қызмет мерзімі бойында жүйелі түрде үлестіріп тұрады.

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын қүрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмсалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына, бұдан барып салық салудағы дәлсіздікке әкеліп соғады.

Амортизация (латынның өтеу деген сөзінен) -тозуына қарай негізгі құралдардың құнын олардың көмегімен өндірілетін өнімге аударатын объективті процесс; арнайы ақша қаражаттарын-негізгі құралдарды (негізгі капиталды) қарапайым және кеңейтіп өндіру үшін өндіріс немесе айналыс шығындарына енетін амортизациялық аударымдарды пайдалану. Амортизация үшін еңбек құралдарының өндіріс процесіне және құн жасауға қатысу ерекшеліктері объективті негіз болады. Негізгі құралдардың қызмет мерзімінің ұзақтығы нәтижесінде олардың құны өнімге бір циклда толықтай емес, олардың табиғи және сапалық тозуына қарай бөлек-бөлек өтетін болады. Өнімнің құнының бөлігі ретінде амортизация бірнеше кезеңнен өтеді: бітпеген өндіріс, дайын және сатып-өткізілген өнім элементі болып қызмет етеді. Оның бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдеріндегі қозғалысы айналым қаражаттарының аванстандырылуын (алдын ала ақша жұмсалуын) тәлап етеді.

Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.

Амортизациялық аударымдар қатардан шыққан негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру үшін жүмсалады. Сондықтан да қызмет етуінің бүкіл кезеңіндегі амортизациялық аударулар мөлшері жоюдан түскен таза түсімді (жою құнын) алып тастағанда, олардың бастапқы (қалпына келтіру) құнына тең болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялар есеби
Негізгі құралдар бухгалтерлік есебі
Негізгі құралдарды жөндеудің және жаңғыртуд
Өндірістік шығындар есебінің теориялық негізі
Негізгі құралдар есебін инвентаризациялау
Негізгі құралдарды жөндеу есебі
Негізгі құралдар
Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде негізгі құралдардың есебі мен ішкі аудитін ұйымдастыру және оның жетілдіру жолдарын
Өндірістік шығындар есебі
Негізгі құралдардың есебі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz