Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің мәртебесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің құрылу жолы және Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің ерекшеліктері ... ...6
2.1Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің мәртебесі ... ... ... ..8
2.2Конституциялық Кеңестің актілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.3Конституциялық Кеңестің іс жүргізу тәртібі және Конституциялық Кеңес шешiмдерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақстан Республиксының Конституциялық Кеңесі - Конституцияның аса жоғарғы заңдық және тілкелей орындауына ықпал жасайтын органболып табылады. Онда азаматтардың еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизімнің дұрыс жұмыс атқаруы мен биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принціптердің жоғарғы дәрежеде қорғалуына және орындалуына ықпал етеді.
Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын органның құқықтық мәртебесі, құрылуы және қызмет атқару құзіреттері, шешім қабылдауы Конституцияда бекітіліп әр елдің ішкі заңымен көрсетілген.
Жұмыстың өзектілігі: Алғаш рет Қазақстанда Конституциялық қадағалау институты арнайы орган түрінде 1989 жылы - Конституциялық қадағалау Комитеті түрінде құрылған болатын. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Конституциялық заң күші бар ҚР-ның тәуелсіздігі туралы заңында Конституцияны соттық қорғаудың ең жоғарғы органы болып, Конституциялық сот болып табылады деп атап көрсетілген. Осы нормаға сәйкес 1992 жылы 2 шілдесінде Жоғарғы Кеңеспен Конституциялық сот құрылып, оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тоғыз мүшесі 1995 жылға дейін қызмет аткарады.
1995 жылы жаңа Конституция қабылданып- ҚР-сың Конституциялық Кенестің негізгі ережелерімен құқықтық статусы анықталып - бұл орган ендігі жерде ҚР-ның барлық жерінде Конституциялық жоғарғы заңдық күшінің бар екенін және оның орындалуына қызмет аткарады.
Конституциялық Кеңестің құрылуымен қызмет атқаруы ҚР-ның Президентінің жарлығына сәйкес Конституциялық жарлығы бар ҚР-ның Конституциялық Кеңесі туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы заңымен реттеледі. Констиуциялық Кеңес өз қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар тәуелсіз ешқандай саяси және басқа себептер көзделмей, тек қана ҚР- ның Конституциясына ғана бағынады.Конституциялық Кеңес 7 мүшеден тұрады, оның ішінде төраға және де ҚР- ның экс- Президенттері өмір бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болады. Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент тағайындайды, ал екі мүшесін Мәжіліс пен Сенат төрағалары 6 жыл мерзімге тағайындайды.Кеңес мүшелерінің жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып отырады.Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың өтінішіне орай Конституциялық Кеңес шешім шығарады.
Аталған жұмыстың басты мақсаты: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің құқықтық тарихы мен мәртебесіне және құрылымына тоқталу жасу болып табылады.
Жұмыстың мақсатына сүйене отырып, келесідей міндеттерді шешуге бел будым:
ҚР-ның Конституциялық Кеңестің құрылу жолымен өкілеттіктерін анықтау;
ҚР-ның Конституциялық Кеңестің мәртебесіне тоқталу;
ҚР-ның Конституциялық Кеңестің Төрағасымен мүшелерінің мәртебесіне және актілеріне, іс жүргізу тәртіптемелеріне сипаттама беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Конституциялық Кеңесті қалыптастыру және оның қызметінің негізгі қағидалары тақырыбына жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің құрылу жолы және Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы Конституциялық заң қабылданып, соған сәйкес Негізгі Заңның ұлықтығын қамтамасыз ететін жаңа конституциялық бақылау органы - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі құрылғанына 2018 жылғы 29 желтоқсанында 28 жыл толады.
Мемлекет құрылысы тарихында конституциялық бақылаудың пайда болуы конституциялардың өмірге келуімен , олардың іске асырылуын және қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігімен үздіксіз байланысты болып келеді. ХХ ғасырдың басына дейін ол Еуропа үшін бейтаныс болды. Қазіргі дәуірде ол әмбебап сипатқа ие. Конституциялық бақылау - қазіргі түрінде биліктің бөлінуі жүйесінде маңызды болып табылады.
Казақ КСР-інің 1978 жылға Конституциясына Конституциялық қадағалау комитетін құру көзделген өзгерістер мен толықтырулар енгізгеннен кейін, Қазақстанда конституциялық юстиция органын құру процесі 1989 жылы басталды, алайда қызмет істейтін орган ретінде ол сол күйінде құрылмай қалады.
Конституциялық сот арқылы қорғаудың алғашқы жоғарғы органы - Конституциялық Сот Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы 1991 жылы 16 желтоқсанында Конституциялық заңға сәйкес құрылды.Осы конституциялық негізде 1992 жылы Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы және Қазақстан Республикасындағы констиуциялық іс жүргізу туралы заідары қабылданды. Аталған актілер қабылданған соң, Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша, Жоғарғы Кеңес ішінде Констиуциялық Соттың төрағасын, орынбасарын және тоғыз мүшесін сайлады. Конституциялық Соттың өкілеттік ауқымы заңдардың және өзге де құқықтық актілердің конституциялығы туралы істерді шешуді, азаматтардың конституциылық құқықтарын қатысты құқық қолдану практикасын және өзге де мәселелерді қамтыды.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қолданыстағы Конституция қабылдауына байланысты жаңа конституциялық бақылау органы - Крнституциялық Кеңес құрылды.
Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесін айқындайтын негізгі ережелер Негізгі Заңның Конституциялық Кеңес деп аталатын VI бөлімінде бекітіліп, Кеңестің құзіреті, бұл органға өтініш беру субъектілері және оның салдары, кеңестің құрамын қалыптастыру тәртібі, шешімдердің заңдық күші мен сипаты анықталған. Констиуциялық Кеңестің құрылуы мен қызметі мәселелері Қазақстан Республикасның Конституциялық Кеңесі туралы Конституциялық заңмен нақтырық реттеледі. Конституциялық іс жүргізудің бірқатар мәселелері, сондай- ақ Республиканың процессуалдық және өзге де заңдарында қарастырылады.
Конституциялық іс жүргізуді қозғау және материалды қарауға дайындау тәртібі, өтініштерді отырыстарда қарау, шешімдер қабылдау тәртібі және өзге де мәселелер Конституциялық Кеңестің қаулысымен бекітілген Регламентпен реттеледі.
Конституциялық Кеңес Республиканың барлық аумағында ҚР Конституциясының жоғары түруын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган ретінде өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, үйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, республика Конституциясына ғана бағынады әрі саяси және өзге себептерді негізге ала алмайды.
КР Конституцияльқ Кеңесі Төрағасының 2001 ж. 1 ақпандағы бұйрығымен ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты туралы оның мәртебесі, міндетгері мен функциялары белгіленген ереже және құрылымы бекітілді.
ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты ҚР Конституциялық Кеңес қызметін және оның өкілеттіктерінің іске асуын қамтамасыз ету үшін қүрылды. Аппарат ұйымдық, ғылыми-құқықтық, ақпараттық-анықтамалық және басқа ҚР Конституциялық Кеңес қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қосалқы жұмыстарды орындайды.
ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты құрылымдық бөлімшелері:ғылыми-құқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім, қаржы-шаруашылық бөлімі бар.
ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2002 ж. 1 қаңтардағы бұйрығыменҚР Конституцияльқ Кеңесі аппаратыньң құрылымы бекітіледі: ұйымдастыру жұмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі; құқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім; қаржы-шаруашылық бөлімі.
ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2004 ж. 15 қыркүйектегі бұйрығымен ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының құрылымына өзгертулер енгізеді: ұйымдастыру жұыстары және сыртқы байланыстар бөлімі мен жаалры бөлім ұйымдастыру және кадрлар жұмысы бөлімі болып, құқықтық және ақпараттық-талдау бөлімдері құқықтық сараптама бөлімі болып қайта ұйымдастырылды. ҚР Конституциялық Кеңесі төрағасының 2005 ж. Маусымдағы бұйрығымен қаржы-шаруашылық бөлімі қаржы бөлімі болып қайта құрылды.

2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің қалыпты ерекшеліктері
2.1 Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерінің мәртебесі

- Өз міндеттерін орындау кезінде олар тәуелсіз және Конституцияға және Президентінің Крнституциялық Кеңес туралы Жарлығына ғана бағынады. Басқа актілердің ( нормативтік және нормативтік емес) ол үшін айтарлықтай міндеттілік күші болмайды;
Олардың қызметіне қайсібір араласушылық, сондай- ақ қысым көрсету неиесе өзгедей бір қандай да болсын нысанда әрекет жасу заң бойынша жауаптылыққа тартылады;
Конституциялық Кеңестің немесе оның мүшелерінің қандай да бір орган алдында есеп беретіндігін көздемейді. Қаралған мәселе бойынша шешім шығарғанша Конституциялық Кеңес Төрағасынан немесе оның мүшелерінен ешкім ешнәрсе сұрауына құқығы жоқ. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері шешім шығарғанша оған қатысты мәселелер бойынша пікір білдіруге немес ақыл- кеңес беруге құқылы емес.
Конституциялық Кеңес мүшелері өкілеттік мерзімі біткенше ауыстырмайды. Олардың өкілеттігі Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығымен көзделгенен өзге жағдайға ғана тоқталуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.
Конституциялық Кеңес мүшелерінің сотта немесе өзге де құқыққа мұрагерлік органдарда қорғаушылықты немесе өкілдікті жүзеге аыруына, қандайда болсын адамның құқықтары мен міндеттерін босауына қорғаншылық көрсетуіне рұқсат етілмейді. Әрине, олар басқа азаматтар сияқты, мысалы:өз балалары, т.б. үшін заңды өкіл ьола алады.
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері иммунитетік пайдаланады.Олар өз өкілеттігінің мерзімі ішінде түрмеге қамалмайды, күштеп әкелінбейді,сот тәртібімен әкімшілік жазалау шаралары қолданылмайды, қылмыстық немесе ауыр қылмыс үстінде ұсталған өзге жағдайларда қылмыстық жауапқа тартылмайды. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тек алдын ала анықтау және тергеу жүргізуші республикалық мемлекеттік органның басшысы ғана қорғай алады. Мәселе мемлекеттік органның лауазымды жоғары адамы туралы болғандықтан Бас Прокурор істі тергеу барысында заңдылықтың сақталуын қалағалауда жүзеге асырады. Қылмыстық жасалғаны туралы дәлелдемелер болған жағдайда Бас Прокурор Конституциялық Кеңес Төрағасын немесе мүшелерін қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы Парламентке ұсыныс енгізеді.Конституциялық Кеңестің Төрағасына және оның мүшелері қатысты қылмыстық істі тек Жоғарғы Сот жүргізеді.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мәртебесінің тағы бір ерекшелігі мынада: ол тәртіптік жауаптылыққа жатқызылмайды. Оның үстіне Конституциялық Кеңес мүшелерін оның отырысынан аластауға ешкімнің құқығы жоқ. Конституциялық Кеңестің өкілеттігі ол туралы Жарлыққа сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда, Төрағаның оны отырысқа қатыстырмауға құқығы бар.

Конституциялық Кеңес, оның ішінде Төраға бар, жеті адамнан тұрады. Осыған қоса республиканың бұрынғы Президенті өмір бойына Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады. Конституциялық Кеңесті Төрағасын қызметке Президент тағайындап, Президент қызметінен босатады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін - Президент, екі мүшесін- Сеннаттың Төрағасы , екі мүшесін- Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайындап, қызметтен босатады. Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттілігі- 6жыл. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылып отырады.
Конституциялық Кеңес мүшелеріне мынадай талаптар қойылады:
олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс;
жасы отыздан төмен болмауы керек;
Қазақстан аумағында тұруы тиіс;
Жоғары заң білімі болуы тиіс;
Заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері Парламент палаталарының бірлескен отырысында тағайындалғанна кейін Республика Президенті алдында ант береді. Ант мәтіні: Өзіме жүктелген Қазақстан Респуликасының Конституциялық Кеңесінің Төрағасы (мүшесі) міндеттін адал атқаруға, әділ болуға және басқа ешкімге, ешнәрсеге емес, Қазақстан Респуликасының Конституциясына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемін .
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып табылады. Олардың мәртебесі Конституцияға, Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығына қоса алғашқы екеуінде реттелмеген бөліктері мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
Конституциялық Кеңестің белгілі бір шектеушілікке байланысты мүшелігі Депутаттық мандатына орай , оның оқытушылық ғылыми және өзге шығармашылық қызметінен басқа органдарды немесе комерциялық ұйымдардың қадағалау кеңестерінің құрамына кіруіне жол берілмейді. Конституциялық кеңес туралы Жарлықта Жоғарыда аталған тыйымдарды орындамау мүшелікті тоқтатуға әкеліп соқтыратындығы туралы жазылған.
Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшесінің өкілеттігін тоқтата тұру туралы шешім өкілеттікті тоқтата тұру үшін негіз белгілі болған кезден әрі кеткенде бір айдың ішінде қабылданады. Аталған адамдардың өкілеттілігі оны тоқтата тұруға қызмет еткен негіздер дәлелденгенше тоқтатылуға әкеліп соқтырады.
Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе оның мүшелерінің өкілеттілігі мынадай,егер:
орнынан түсу туралы өтініш қабылданса;
Жоғары Соттың ол туралы айыптау үкімі заңды күшіне енсе;
ол қайтыс болған жағдайда;
атқаруға тыйым салынған қызметті атқаруын тоқтатпаса;
антын бұзса, Конституцияның, Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығы талаптарын орындамаған, оның жоғары мәртебесімен сыйыспайтын өрескел теріс қылық жасаған; заң талабын бұза отырып тағайындалған;
оның қайтыс болғандығы туралы сот шешімі заңдық күшіне енген;
қызметінің Конституция бойынша белгіленген мерзімі біткен;
алпыс жасқа, ерекше жағдайларда - алпыс бес жасқа толған ( мұның экс- Президенттерге немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерге кірген жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.
Конституциялық Кеңеске Конституцияның дау туған жағдайда Республика Президентінің , парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселелер бойынша өтініш жасаған ретте, Президенттің қызметіне кірісуі, Парламенттің сайланған депутаттары тіркеу не республикалық референдум нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады.
Конституциялық Кеңеске Парламент қабылдаған заңдарды Республика Конституциясына сәйкестігі Президент қол қойғанға дейін қарайды және Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарап осы мәселелер бойынша өтініш жасаған ретте, тиісті актілерге қол қою не оларды бекіту мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.
Конституциялық Кеңес өтініштер түскен күнен бастап бір ай ішінде өз шешімін шығарады. Егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін қысқартылуы мүмкін.
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің тәуелсіздігі
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері өз міндеттерін орындау кезінде тәуелсіз болады және тек Конституциямен осы Конституциялық заңға ғана бағынады. Басқа ешқандай да актінің олар үшін сөзсіз міндетті күші болмайды. Олардың қызметіне қандайда болса араласуға, сондай- ақ оларға қандай түрде болса да қысым жасауға немесе басқадай ықпал етуге жол берілмейді және бұл заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады.
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің конституциялық іс жүргізуі мәселелері жөніндегі қызметі есеп беруге жатпайды. Өз өкілеттігін жүзеге асыру мәселелері бойынша олардан есеп талап етуге ешкімнің хақы жоқ.
Қорытынды шешім шығарғанға дейін Конституциялық Кеңестің қарауына арқау болып отырған мәселелер бойынша ешкімнің де пікірі немесе кеңес сұрауға, ал Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің, Конституциялық Кеңес отырысынан басқа кезде, пікір айтуға немесе кеңес беруге хақы жоқ.
Конституциялық Кеңестің мүшелері өкілеттік мерзімі ішінде ауыстырылмайды. Олардың өкілеттігін, осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тоқтатуға немесе тоқтата тұруға
болмайды.
Егер Конституциялық Кеңестің қарауындағы мәселеге тікелей жеке немесе жанама мүдделігіне байланысты өзінің әділдігіне күмән тууы мүмкін болса, Конституциялық Кеңестің Төрағасы немесе мүшесі бұл мәселені қараудан бас тартуға міндетті, мұны Констиуциялық Кеңес қанағаттандыруға тиіс.
Конституциялық кеңес мүшесінің сотта немесе өзге құқық қолдану органдарында, заңды өкілеттіктен басқа, қорғауды немесе өкілеттікті жүзеге асыруға, құқықтарды жүзеге асыру мен міндетті босату ісінде қандай адамдарға болса да қамқоршылық жасауға хақы жоқ.
Конституциялық Кеңес мүшелерiне ешкiмнiң тиiспеуi
1. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өз өкiлеттiктері мерзiмi iшiнде Парламенттің келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үй қамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін Конституциялық Кеңестiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін, ол Конституциялық Кеңестiң Төрағасын немесе мүшесiн қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы ұсынуды Парламентке енгізеді. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы немесе мүшелерi қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не олар ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас Прокурордың келісімін алғанға дейін, бірақ бір тәулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып, жалғастырылуы мүмкін. Істі тергеп-тексеру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Бас Прокурор жүзеге асырады.
3. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылмайды.
4. Конституциялық Кеңестiң мүшесiн, егер осы Конституциялық заңға сәйкес оның өкiлеттiгi тоқтатыла тұрмаған болса, Конституциялық Кеңестiң отырысына қатысудан шеттетуге ешкiмнiң хақы жоқ.

2.3.Конституциялық Кеңестің актілері:

Конституциялық Кеңес шешімдерінің түрлері
Конституциялық Кеңес шешімдері Конституциялық Кеңестің конституциялық өкілеттігін жүзеге асыратын қорытынды шешімдер және Конституциялық Кеңестің өзге де өкілеттігін жүзеге асыратын басқа да шешімдер болып бөлінеді. Шешімдер қаулылар, солардың ішінде нормативтік қаулылар, қорытындылар және жолдаулар нысанында қабылданады. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары қолданыстағы құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.
Конституциялық Кеңес шешімдері алқалы түрде, өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесі және оның құқықтық мәртебесі
Конституциялық Кеңестің актілері
Республика Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшелерiнiң мәртебесi
ҚР конституциялық кеңестің құрылымы, құзыреті
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы
Конституциялық Кеңестің регламенті
Қазақстан Республикасында конституциялық бақылау институтының қалыптасуы мен дамуының ерекшелiктерi
Конституциялық бақылаудың мәртебесі
Сенат құрамына екі депутат сайланып енді
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Пәндер