Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы
Астана Медициналық университеті КеАҚ
Гистология және цитология кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы:
Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы. Гистологияның ҚР дамуы
Тобы: 104 Жалпы Медицина
Орындаған: Соғынғали Нурия Саматқызы
Қабылдаған: Мухажанова Гульмира Оразхановна
Нұр-Сұлтан, 2020 ж.
Жоспар:
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Негізгі бөлім
2.1. Гистологияның даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...5
2.2. Цитологияның даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .11
2.3. Эмбриологияның даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 12
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1. Кіріспе
Гистология - адамның және көп жасушалы жануарлардың ұлпаларын зерттейтін ғылым; Гистологияның міндеті - ұлпа эволюциясын анықтау, оның организмде дамуын , химиялық қасиеттерін , жасушаларының құрылысын, атқаратын зерттеу. Жеке ғылым саласы болып Гистология 19 ғасырдың басында микроскоппен зерттеудің дамуына байланысты қалыптасты. Жалпы Гистология - ұлпаның дамуын, құрылысын және атқаратын қызметін зерттесе, жеке Гистология - адам және көп жасушалы жануарлар органдарының микроскопиялық құрылымын зерттейді. Кейде бұны микроскопиялық анатомия деп те атайды.
Цитология - жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын,қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияның зерттейтін құрылыстары мен заңдылықтары цитология, тәнтану, эмбриология, физиология, генетика, биохимия,молекулалық биология және т.б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты. Цитология бөлімі -цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын,олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін және оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялық қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді.
Эмбриология - жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда болуын және оның эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдерін зерттейтін биологиялық ғы-лым. Эмбриология -- ұрықтың пайда болуы және дамуы туралы ілім. Эмбриология жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтан тыс мүшелердің дамуын зерттейтін морфология ғылымының саласы. Ол биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы. Эмбриологияның соңғы қол жеткен ғылыми жетістіктері биологияда, медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда, қолдан ұрықтандыру, ұрықтануды аналық организмнен тыс пробиркада жүргізіп, ұрықтарды мұздату әдістері, клондау, мал шаруашылығындағы суперовуляция және ұрықтарды басқа организмдерге көшіру және т.б. өдістер. Эмбриология -- медициналық және ветеринарлық пәндердің іргетасын қалайды.
Адамның эмбриондық даму кезеңі
2.1. Жалпы организмді ұлпаларға бөлу жөніндегі алғашқы пайымдаулар Аристотельдің, Галеннің, Ибн Синаның, Везалийдің, Фаллопийдің, тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Гистология ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы ретінде микроскопты зерттеулердің негізінде әр түрлі ұлпалар мен құрылымдарды бір топқа топтастырып қарау қате еді. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяғына дейін созылған.
Гистология саласының дамуындағы жаңа дәуір микроскоптын шығуынан басталады. Микроскопты ойлап табу тарихы әлі күнге дейін нақты емес, ол туралы әр түрлі деректер бар. Бірақ та микроскопты жасаушылар кезінде көзілдірікті жасап шығарушылар тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз. Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда алғашқы микроскопты голландиялық оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап шығарған делінді. Атақты Галилей де 1612 жылы микроскоп құрастырған екен деген мәлімет бар.
Микроско Галилео Галилей
Алғашқы ойлап табылған микроскоптар ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолданылмады. Ағылшын математигі, физигі әрі механигі Роберт Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен тоз ағашының құрылысын зерттеп, жеке ұяшықтардан тұратынын анықтаған. Осы ұяшықтарды Р. Гук "клетка" деп атады (гректің "китос" -- қуыс деген сөзінен шыққан). Сонымен Р. Гук "клетка" деген терминді алғаш қолданған ғалым. Бұл қазіргі әрине біздін ұғымымыздағы клетканың ашылуы емес.
Кейінірек Грю мен Мальпиги микроскопты өсімдіктердің құрылысын зерттеуге қолданды. 1671 жылы Мальпиги "Өсімдіктер анатомиясы жөніндегі түсініктер" деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда "Өсімдіктер анатомиясы" деген кітабын жариялады. Сонымен бірге Грю 1671 жылы "Өсімдіктер анатомиясының бастамасы" деген еңбегін де Лондонның Королевалык қоғамына тапсырады. Мальпиги, әсіресе, Грю өсімдіктердің микроскопиялық күрылысын зерттей жүріп өсімдіктердің әр түрлі беліктерінің күрамында көпіршіктердің болатынын анықтайды. Өсімдіктердің клеткалық қүрылысын зерттеген XVII ғасырда зерттеуші А. Левенгук болды, бірақ та ол өзі ашқан жаңалықтарынын маңызын үғына алмады. А. Левенгук жануарлар клеткаларында эритроциттерді, сперматозоидтарды, бір клеткалы жануарларды алғаш зерттеп көрді. Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің "клеткалық құрылысы" ашылды. Бірақта шын мағынасындағы клетка осы ғасырда өмір сүрген оқымыстыларға белгісіз болды.
XVII ғасырдағы микроскоптың құрылысы әлі де тым қарапайым болатын. Ал XVIII ғасырда микроскоптың құрылысына біршама жаңалықтар еңгізілді -- штативі азды-көпті жетілдірілді. Бұның себебі XVIII ғасырда ғұмыр кешкен ғалымдар микроскопқа аз көңіл бөлді, күнделікті ғылыми жұмысқа қолдана бермеді.
XVII ғасыр мен XIX ғасырдың бас кезінде өсімдіктер клеткасын зерттеуде елеулі жаналықтар болмады. XVII және XVIII ғасырларда өсімдік клеткасының қабықшасы зерттелді. XIX ғасырдың басында ғалымдар өз назарын клетканың ішіне аудара бастады. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада ядроны (1825) байқады. Оны алғаш тауық жұмыртқасынан тауып, ұрык көпіршігі деп атады. Кейінірек өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы. Р. Броун ашты. Осыдан соң клетканың қалған құрылымьш атау үшін Я. Пуркинье протоплазма (1839-1840) деген термин енгізді. Сонымен 1830 жылдары өсімдіктер анатомиясьш зерттеу ісінде елулі жаңалықтар ашылды. Егер де XIX ғасырдың басында клетканың өзінің не екендігі, өсімдіктердің клеткалық қүрылысының маңызы жөніңдегі мәселе әлі де анық болмаған болса, өткен ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде жағдай баскаша өзгерді. Клетканың барлық өсімдіктер организмінің қүрылымдық элементі екендігі белгілі болды.
XIX ғасырдың басында микроскопиялық зерттеулердің кең таралуы клеткалық қүрылыстын өсімдіктерге ғана емес, жануарлар организміне де тән екенін көрсетті. Бүл бағытта Я. Пуркинье мен И. Мюллердің мектептері көп еңбек сіңірді. Ян Эвангелиста Пуркииье өзінің шәкірттерімен бірге (әсіресе Валентинмен) адам мен жану-арлардың әр түрлі үлпаларын зерттейді. Пуркинье микро-скопиялық анатомияның ғана емес, сонымен бірге микроскопиялық техниканың да негізін салушылардың бірі болды.
Иоганнес Мюллер мектебі ғылым тарихында ерекше орын алады. Оның шәкірттері: Т. Шванның, Я. Генленің, Р. Ремактың, гистологияның негізін қалаушылардын бірі А. Келликердін, Э. Дюбуа-Реймонның, Р. Вирховтын, Э. Геккельдің, И. М. Сеченовтың енбектері бүкіл әлемге мәлім. 1838 және 1839 жылдары немістін екі ғалымы, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн көптеген деректік материалға сүйеніп клеткалық теорияны жасады. Т. Шванн клетканы өсімдіктер мен жануарлардың универсал-дық құрылымдық компоненті деп қарастырды.
Алайда, М. Шлейден мен Т. Шванн организмдегі клеткалар қүрылымы жоқ заттан пайда болады деп қате түсінген. Клеткалық теория барлық тірі табиғаттың біртүтас екендігін көрсетеді. Оның биологияның дамуына ғана емес, философияның да дамуьша үлкен прогрессивтік әсері болды.
Т. Шванн М. Шлейден
Ф. Энгельс клеткалық теорияны XIX ғасырдағы үш ұлы жаңалықтың (энергиянын түрақтылық заны, клеткалық теория және Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі) бірі деп жоғары бағалады. Клеткалық теория шыққаннан кейін 20 жылдан соң неміс дәрігері Рудольф Вирхов (1859) клетка клеткадан ғана пайда болады деген корытынды жасап клеткалық теорияны одан әрі дамытты.
Қазіргі кездегі клеткалық (жасушалық) теорияның негізгі қағидалары мыналар:
* Жасуша -- тіршіліктің ең нәзік әрі кішкене бірлігі (единицасы);
* Түрлі организмнін клеткалары қүрылысы жағынан ұқсас;
* Клеткалар бөліну арқылы көбейеді;
* Көп клеткалы организмдер клеткалар мен олардың туындыларының жиынтығы.
XIX ғасырдың ортасынан бастап гистология жедел дамыды. Клеткалық теорияның негізінде түрлі органдар мен ұлпалар қүрамы және олардың гистогенезі түбегейлі зерттелді. Осымен бірге Еуропада Гассельдің, Келликердің, Лейдигтің және басқалардың алғашқы гистология жөніндегі оқулықтары щықты.
Микроскоппен зерттеу әдістері мен оның техникасының жетілуі XIX ғасырдың екінші жартысында гистологияның жедел дамуына жағдай жасады. Осы кезде жақсартылған иммерсиялык объективтер тәжірибеге енгізіліп, микроскоптың үлкейтіп көрсету мүмкіндігі артты, жаңа фиксаторлар -- формалин (Блум 1893), хром қышқылы (Ганновер 1840) жәие пикрин қышқылы (Ранвье 1865) тағы басқалары қолданыла бастады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы елеулі жаңалық микротомның шығуы, оны Я. Пуркиньенің шәкірті А. Ошац жасап шығарған. Осы қүралдың гистология тәжірибесіне енуі клеткалар мен ұлпалардың нәзік қүрылысын зерттеуге мүмкіндік берді. 1876 жылы клетка орталығы, 1894 жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи аппараты ашылды. Осы органоидтардын ашылуы цитоплазмада клетканың тіршілігі мен кызметіне байланысты маңызды процестердің жүретінін көрсетті.
Клеткалық теорияның қалыптасуьша клетканың бөлінуі жайындағы жаңалыктың ашылуы игі әсерін тигізді. Клетканың тікелей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz