Қазақстанда кездесетін қой қолтұқымдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1
Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.1
Қазақстанда кездесетін қой қолтұқымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.2
Қой малын өсірудің гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.3
Қойларды азықтандыру және күтіп-бағудың гигиенасы ... ... ... ... ... ...
8
1.4
Қой қораларының және технологиялық бөлшектерінің өлшемдері ... .
10
1.5
Саулықтарды ұстау және азықтандыру гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ..
12
1.6
Қой бағландарын және қозы күтіп-бағу гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ..
13
1.7
Қой және ешкі малдарына арналған қоралардың жобасы ... ... ... ... ... .
17
II
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18
2.1
Физиологиялық кесте ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
2.2
Ауа алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
2.3
Қора жайдағы жылу алмасу тепе-теңдігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ...
21
2.4
Қорадағы жасанды жарықтандыру дәрежесін есептеу ... ... ... ... ... ... ..
22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23

Кіріспе

Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орт. Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған.
Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді. 19 ғ-дың соңына қарай Ақмола, Семей, кейінірек Торғай және Жетісу өңіріне орыс шаруалары меринос қой тұқымдарын ала келді. 1913 ж. қазіргі Қазақстан жерінде 19,6 млн. уақ мал болды. Азамат соғысы жылдары өзге түліктермен бірге қой саны да барынша азайып (1920 ж. - 8,8 млн.), елдегі мал шаурашылығына үлкен нұқсан келтірілді. Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928 жылға дейін дәстүрлі мал ш-ның ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Сол жылғы үкімет қаулысынан кейін елдегі ірі байларды жаппай кәмпескелеудің соңы мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын да қатты күйзеліске ұшыратып, 1930 - 32 жылдардағы ашаршылыққа алып келді. 1936 ж. республикада небәрі 4,3 млн. қой қалды. Күштеп ұжымдастыру науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығының қарқынды дамуына тежеу салынып, 1928 - 85 жылға дейінгі аралықта қой шаруашылығының кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды. Қой тұқымдарының санымен қатар сапасын да көтеру шараларының нәтижесінде 1960 ж. республикадағы барлық койдың 84,6%-ы, 1974 ж. 99,99%-ы, 1980 ж. 100%-ы асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1966 - 70 ж. уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен - 471,3 мың т, 1981 - 83 ж. - 493,3 мың т-ға жетті. Қойдың мол өнімді жаңа тұқымдары - қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы, т.б. шығарылды. 1984 жылдың басында Қазақстанда 36567,8 мың (барлық шаруашылық түрлерінде) қой болды. Қой саны жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қой шаруашылығы әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой тұқымдары мен шетелдік тұқымдар: австралия мериносы, австралия корриделі, линкольн қойы, ромни-марш қойлары, т. б. пайдаланылды. Қазақстанда қой шаруашылығының дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биол. ерекшеліктері, т.б. байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңт. таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңт. және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылықтары болды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар мен ауыл шаруашылығындағы кейбір сәтсіз реформалар нәтижесінде қой шаруашылығы елеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,3 млн. уақ мал бар (2004). Мұның негізгі бөлігі жеке меншік иелікте өсіріледі. Республикада қой шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, т.б. айналысады.

1 Әдебиеттерге шолу
1.1 Қазақстанда кездесетін қой қолтұқымдары

Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті-майлы бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның әрбір табиғи аймақтарын бейімделіп, қолтұқымдар өсірілген. Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға - еділбай, баданалы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары жатады. Еділбай қойы Бөкей ордасында өсірілген. Денесі ірі және салмақты. Жетісу мен Шу өңірінде кетпен құйрықты қоңыр қой өсірілді. Әрбір аймақтық табиғи жағдайына бейімделген қолтұқымдарын халық ғасырлар бойы іріктеп, сақтап отырған. Монғолиядағы Баян-Өлгей аймағында VI ғасырдан әйгілі болған қолтұқым - қазақы қызылқой. Басқа мал шыдамайтын қыстың қатаң аязына бейімделген. Оны жергілікті халық өте жоғары бағалап, әлі күнге дейін сақтап, өсіріп келеді.
Қазақстан жерінің жусанды жайылымды қара отты жерлері түйе мен қой өсіруге өте қолайлы. Еліміздің қой шаруашылығы саласында ерен еңбегімен құрметке бөленген, Еңбек Ері атағын екі рет алған Жазылбек Қуанышбаевты мақтан етеміз.
Қазақстандағы қой шаруашылығы әрбір аймақтық табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 4 бағытта жүргізіліп келеді. Биязы жүнді қолтұқымдар жүні өте сапалы әрі жіңішке салалы биязы жүнді. Осы бағытта сегіз қой тұқымы өсіріледі. Әлемдік сұрыптау жетістіктердің бірі - Қазақстанда шығарылған арқар-меринос қойы. Ол 1934-1950 жылдары арқардың құлжасы (қошқары) мен жергілікті саулық қойларды жұптастыру арқылы алынды. Бұл - қазақстандық ғалымдар И. С. Бутарин, Ө. Есенжолов, А. Жандеркин, т.б. ұзақ жылғы ғылыми еңбектерінің жемісі.
Арқар-меринос қолтұқымы. Арқар-меринос қолтұқымы таулы аймақтың табиғатына төзімді. Қазіргі кезде Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан аймақтарында өсіріледі. Қазақтың биязы жүнді қойы - 1934-1946 жылдар аралығында қазақстандық белгілі ғалым В. А. Бальмонттың жетекшілігімен шығарылды. Қолтұқым Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Оңтүстік қазақ меринос қойы - Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүнді-етті бағыттағы қолтұқым. Солтүстік қазақ меринос қойы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстанда өсіруге бейімделген.
Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар. Қазақстанда бұл бағытта дегерес, қазақтың етті-жүнді, гемпшир және кроссбред қолтұқымдары өсіріледі. Дегерес қойы - етті-жүнді, әрі етті-майлы (құйрықты) бағытта шөл-шөлейтті жердің табиғатына бейімделген. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстан өңірінде де өсірілуде.
Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар. Қазақстанда бұл бағытта қарғалы және саралжын қолтұқымдары өсіріледі. Қарғалы қойы қазақтың қылшық жүнді, құйрықты саулықтарын еділбай, дегерес қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Ол әрі етті, әрі жүнді мол береді. Қарағанды өңірінде өсіріледі. Саралжын қойы ертеде Түрікменстанда халықтық сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған. Жүнінің түсі ақ, жібек тәрізді талшықтары біркелкі, кілем тоқуға өте ыңғайлы. Ақтөбе алқабындағы шөлейтті жерлерде өсіріледі.
Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары. Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары Қазақстанда бұл бағытта еділбай, қазақтың қылшық жүнді және қаракөл қойлары өсірілуде. Еділбай қойы еліміздің батыс аймағында ертеден өсіріліп келеді. Еті дәмді, жүні мол, шөл-шөлейтті жерлерге бейім, ірі тұлғалы. Қазіргі кезде еділбай қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды өңірінде өсірілуде. Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы - Қазақстанда ертеден келе жатқан қолтұқым. Ол шөл-шөлейтті аймақта өсіруге ыңғайлы, еділбай қойынан кішілеу. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Қаракөл қойы. Қаракөл қойы - әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой тұқымы. Ол бұдан 3-3,5 мың жыл бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Оның 2-3 күндік сойылған қозыларының елтірісі өте сапалы болады. Қаракөл қойы құрғақ далалы, шөл-шөлейтті аймақта өсіруге бейімделген. Қатаң ауа райына шыдамды, тұлғасы берік, терісі жұқа, бірақ тығыз. 1990 жылдары Қазақстанда қаракөл қойының саны 6 млн болса, 2000 жылғы саны 2 миллион шамасында. Қаракөл қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өсіріледі.
Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі. Қой шаруашылығы - қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тікелей тамырласып жатыр. Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір деген сөздерде терең ұғым бар. Мүшел жыл санауда қой 8-жыл. Қой да киелі түліктің бірі. Оның пірі - Шопан ата (кейде Қошқар ата) деп аталады. Сондықтан Шопан атадан тілеу тілегенде малды берсең, қойды бер деп өтінген. Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулық, үшінші байлық - он саулық деген ұғым қойға қатысты. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі - қойшы (шопан) [1].

1.2 Қой малын өсірудің гигиенасы

Қойларды төрт түрлі жүйелерде ұстайды: тұрғызып-жайып, жайып-тұрғызып, жайып және жыл бойына тұрғызып қолда ұстайды.
Тұрғызып-жайып ұстау. Мұндай жүйеде қойларды жылдың ұзақ уақытын қолда тұрғызып, ал шамалы мезгілін жайып күтіп-бағады. Қолда тұрғызып көбінесе қойларды қыс айларында азықтандырып, серуендететін алаңы қаралған қораларда ұстайды. Ашық алаңдардың (база) ішінде азық науаларын орнатып, су ішетін астаулармен тұз салатын орындар белгіленеді. Ауа райының қолайлы кездерінде базаға шығарып азықтандырып, түнгі жатар кезде қораға қамайды. Ал күннің жылынған мезгілдерінде жайып-бағады.
Жайып-тұрғызып ұстау тәсілін - табиғи жайылымдары бар аймақтарда қолданады. Біздің еліміздің көптеген жерлерінде мал жаятын, әсіресе ұсақ малдар жайылатын жайылымдар жеткілікті кездеседі де оларды қыс кездерінде қар көп баспайды. Мұндай аймақтарда ауа райының қолайсыз кездерінде пайдалану үшін жеңіл, үш қабырғалы, төбесі жабылған қоралар немесе буылған қамыс, талдардан жасалған, төбесі қазақ үйше тоқылған-катондар тұрғызылады. Үш қабырғалы қораларда да, сол сияқты катондарда да қалың, құрғақ төсеніштермен қамтамасыз етілуі керек. Қысқы айларда нашар, әлсіз, ауру малдарды көректендіру үшін азық қорын дайындайды. Қысқы немесе ерте көктемгі мал төлдету кезінде саулықтарды қозылары мен алғашқы айда ұстау үшін, табындағы малдың 30-35 % шамалап жылыланған қора соғылады.
Жайып ұстау тәсілі - жайылым жерлерге бай аймақтарда қолданып, малды жыл бойына жайып тек қыстың суығында, ерте көктемде қоздаған малдарға қатаң және құрама азықтар дайындайды. Мұндай жыл бойы қойларды жаю мен күтіп-бағуға оңтүстік жылы аймақтар қолайлы болады.
Тұрғызып қолда ұстау тәсілі - егін шаруашылығымен шұғылданып, мал жаятын жерлері жоқ аймақтарда қолданылады. Мұндай жағдайда қойларды қораларда ұстап, ал оларға азықты жасанды, екпелі шөптерден дайындайды. Жайылымға малдары тек серуендеу үшін ғана бостады. Жазда оларды қоршалған алаңдарда азықтандырып, ал қыста қораларда көректендіреді. Қораларды қыстың жайсыз, суық мезгілдерінде және төл алатын кездерде пайдаланады. Қойларды жылы, ылғалды және тығыз қораларда ұстауға болмайды, өйткені ондай жағдайда малдар әлсізденіп, жүнінің өсуі бөгеліп, тұяқ аурулары пайда болып, резистентілігі төмендеп ауруға жиі шалдыққыш келеді.
Бағыты бойынша қой шаруашылықтары екіге бөлінеді: бірінші - тұқымдық, яғни малдардың бұрынғы тұқымын жақсартумен қоса жас тұқымды тоқтыларды өсіріп, жаңа тұқымды малдарды еңгізу, екінші - өнім алуға (жүн, ет, елтірі т.б.) негізделген [2].

1.3 Қойларды азықтандыру және күтіп-бағудың гигиенасы

Қойларды биологиялық құнарлы азықтар мен қамтамасыз ету, олардың аман сақталуы мен өнімінің молаюының бірде-бір кепілі болып саналады. Рационда неғұрлым күкірті бар аминқышқылдары (цистеин, цистин, метионин) көп болса, солғұрлым қой жүні өседі. Азықтағы протейннің мөлшері емес, сапасы мал өніміне айтарлықтай әсерін тигізеді. Басқа малдармен салыстырғанда, қойлардың қатаң азықтың түрі, құрамы мен сапасына сезімталдығы жоғары болады. Мысалы, қойларды тарының соломымен көректендіру олардың жүннің түсуіне соғады. Сол сияқты, қойлардың жүнінің сапасы оларды қыша (горчица) шөптері мен және ірі сабақты, қышқылдары дәнді шалғындар мен азықтандырғанда төмендейді.
Биязы және жартылай биязы жүнді қойларды селеулі шөптер мен көректендіруге болмайды, әсіресе дәні піскеннен кейін, селеудің басы қатайып, жүн арасына кіреді де, біртіндеп теріні, тесіп етке өтіп, кейде тіпті ішкі өкпе, жүрекке дейін жетеді де, малды жүдетіп, ауруға ұрындырады. Сол сияқты түйе ошаған (репей) араласқан шөппен де азықтандыруға болмайды.
Қойлардың рациондарында минералдық заттардың жетіспеушілігіде олардың денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Әсіресе, қыс айларында, қозыларда минералды заттар мен витаминдердің жетіспеушілігінен бірін-бірі еміп, жүнін сорып, соның салдарынан ұлтабарының аузына жеке ішек жолына жүн-жұрқа жиылып, ауруға ұшырап, кейде жаппай өлім-жітімге шалдығады. Бұдан сақтандыру үшін саулықтар мен қозыларға арналған азықтарға сәбіз, сүйек ұны, тұз қосып береді. Қойлардың арасындағы арық, әлсіз малдарды іріктеп бөліп алып, жеке күтім жасау қажет. Қыс аяғында, көктемнің басында азықтың тапшылығынан, немесе құнарсыздығынан қойлардың жүнінің жіңішкеруі, сынауы көбейіп, экономикалық шығынды арттырады. Қойларды арнайы азық науаларын пайдаланып, ашық жерлерде - аландарда көректендірген дұрыс болады. Ондай жағдайда қатаң, құрама және сулы азықтар үшін екі жақты немесе бір жақты науалармен қамтамасыз етіледі.
Екі жақты азық науаларын қораның, алаңның ортасына қояды да екі жағында малдардың еркін келіп тұруына мүмкіндік жасалады. Мұндай науалардың жалпы ұзындығы 2-3 м болып, әр ірі малға - 0,25 м, қозыларға - 0,15 орын қаралады. Рештак-науаны тақтайдан төрт бұрышты жасап, 30-40 см биіктікте аяққа орнатып, енін - 25-30 см, тереңдігін - 10-12 см жасап, екінші қабатына қатаң азық салынатын сирек сырықшалардан, төбесі ашық, науа қалдырады.
Ұрықтандырудың алдында 1,5-2 ай бұрын арпа жармасы, жүгері, сұлы ұнтақтары т.б. құнарлы азықтармен көректендіру (протейндері мол) қоздауын 10-30 % арттырады. Күйлі саулықтар ірі қозылар туып, сүті мол болады. Сол сияқты қойларды сүрлеммен азықтандырған сүтін 15-22 %, жүнін - 20 % жоғарлатады.
Буаз саулықтар минералды заттарға сұранысы жоғары болып, туардың алдында, әсіресе кальции және фосфорға тәуліктік сұранысы 10 есе артады. Рационда кальций, фосфор, кобальт, мыс, йод, жез, темір, марганец және витаминдер А, Д, Е жетіспеушілігі өте әлсіз қозылардың тууына және саулықтың сүтінің кемуіне апарып соғады.
Қойларға арналған азықтар сапалы болып, ас қорту жүйелерінің ауруларына ұшыратпайтын, әсіресе ұнтақты азықтар тыныс жолдарына тұрып, өкпесіне кетіп, әртүрлі ауру тудырмас үшін дымқылдап берген дұрыс. Ас тұзы мен зат алмасу процесстерінің жұмысын бұзып уланбас үшін, тәуліктік мөлшерін ірі қойлар үшін - 10-15 г, қозыларға - 5-8 г аспауы керек.
Қойларды таза сумен қамтамасыз ету керек, әсіресе олардың жаз айларында суға сұранысы жоғары болады да тәулігіне кем дегенде екі рет, таңертең және кешке суарылуы қажет.
Қойлардың күтімі жақсы болып, таза жерлерде ұстаған жағдайда жүннің өсуі жақсарып, сапасы артады, іші таза емес, ылғалдығы жоғары, асты сыз жерлерде ұстағанда, олардың жүндерінде, әсіресе бауыр жүндеріне нәжістер қатып, оның түсін сарғайтып, серпінділігі төмендеп, сыңғыш болып, сапасы нашарлайды. Қойлардың жүндерінің сапасын төмендетпеу жолында, сол сияқты оларды тікенек шөптердің ішіне жібермей маяларды қоршап қояды.
Қойлардың басқа малдардан артық биологиялық ерекшеліктері, олардың ірі топтармен жайылып, көптеген жерлерде жыл бойына, қар астынан керек көректерді тауып жейді (тебіндеп). Олар тауылы, шөлейт, жартылай шөлейт жерлерде жайылып көректенеді, әсіресе жаз айларында шөбі қысқа қыратты жерлерде жайылса, қысқы кездерде шөбі қалың, шалғынды аймақтарда қар астынан тебіндеп азықтанады.
Егер ауа құрғақ болса, ірі қойлар суықтан қорықпайды, бірақ қатты желді, ылғалды-жауынды күндері суыққа төзімсіз болады. Буаз сулықтарды мұздақ қарлы жерлерге жаюға болмайды. Ондай жағдайда олардың тұяқтары қыйылып, мұз қабыршақтарын жұтып, іш тастауға апарып соғады.
Буаз саулықтарды қоздар алдында 20-30 күн бұрын, және туғаннан соң 5-7 күндер бойы жайылымға шығармай қолда тұрғызып күтеді. Саулықтарды қозыларымен бірге 20-30 күннен кейін құрғақ, шөбі мол жерлерге жаяды.
Қойларды көбінесе 0º дейінгі температурада, бірақ ауа құрғақ кездерінде 5-6ºС жоғары болмаған жөн. Жылы сызды қораларда ұстағанда олардың тұяқтары ауруға ұшырап (айырма болып), жүні нашар өсіп, түсіп өнімі төмендетеді. Сондықтан қой қоралар құрғақ, ауа температурасы 5-6ºС, ылғалдығы 80 % және газдардың, әсіресе аммиактың концентрациясының көбейіп кетпес үшін қалыпты желдетілуі керек.
Қойларға арналған қораларға құрылыс материалдарын әрбір аймақтың жер орайы, ауа райына байланыстырып алады [3].

1.4 Қой қораларының және технологиялық бөлшектерінің өлшемдері

Ірілендірілген қой шаруашылықтарында бірнеше қоралардың түрлерін жобалап - тұрғызады. Оларға қысқы және ерте көктемде қоздайтын аналықтарға арналған жылыланған төл үйшігі бар қоралар: негізгі қошарларды (тұқымды) ұстайтын, әртүрлі жастағы және жынысты қойларға арналған қоралар, қаракул шаруашылықтарында төл үйшік және мал сою пункті қаралады. Қой қораларымен біріктіріліп немесе жеке ұрықтандыру пункті, қой қырқу орындары қаралады. Қой фермаларының территориясында ветеринариялық және мал өлшенетін орындар, су, жылу көздерінің ғимараттары, азық дайындайтын, сақтайтын, малдар тұратын ашық алаңдар т.б. болады.
Қой қоралар табиғи жасанды жайылымдардың маңайында орналастырылуы керек. Қой қоралардың сиымдылығы 1500 басқа дейін орналастыруға арналады. Кең тараған қой қоралардың сиымдылығы 600-800 басқа болады. Қой қораларды сол түстік және орталық аймақтарда көбінесе Г типті, ал оңтүстікте П тәрізді тұрғызылады (сызба 12). Бұл қоралардың сыртқы бұрышы жел өтін азайтып және қора ішінің суып кетпеуін қамтамасыз ету үшін, желдің басым соғатын жағына қаратып орналастырады. Ал ық жағынан биіктігі 1,5 м дейін қоршау жасап, малдардың серуендеп азықтанатын алаңын қалдырады. Олардың ішіне қатаң азықтарға және жемге арналған науалар қойылады (кесте 11). Қорадағы әр басқа арналған орындардың размері әртүрлі болып, олардың жасына, жынысына, ұстау тәсіліне, өніміне және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.
Әр түрлі типті қораларында қойларды орналастыру кезінде бір басқа шаққандағы еденнің ауданы саулықтарға көктемде қоздағанда - 1,0-1,2 м², қошқарларға жекелеме ұстағанда - 3-4 м², топта - 1,5-1,7 м².
Жартылай ашық күрке базаларда жас тоқты-түсақтарға - 0,3 - 0,4 м², ірі қойларға 0,5 м², тұрақты төл үйшіктер үшін - 2,0-2,5 м², ал роман тұқымды саулықтарға - 3,0 м² кем қаралмайды. Төл үйшік үшін қой қораның ортасынан, жылы жерден орын бөлінеді. Қой төлдеген кезде қосымша жылжымалы бөлгіштер мен (тор көзді щиттер) барлық қоздайтын саулықтың 30 % есептеп бірнеше бөліктерге бөлінген төл үйшіктер жасайды. Саулық саны 500 бастан артық болса, жеке төл үйшік қаралады. Сыртқы орта ауа температурасы - 30ºС төмен болса, төл үйшіктерді қосымша жылылайды. Еліміздің кей ауа райы жұмсақ аймақтарында жеңіл типті, жергілікті арзан материалдардан катондар-шатырлы немесе қазақ үй тәріздес қоралар тұрғызады. Катонның екі типі болады: читинді (шатырлы) және (қазақ үй тәріздес) орынборлы. Катондарды биіктігі 4 м ағаш тіреуіштерден (сырықтар) жасап, сыртын қалың қабатпен солома немесе қамыспен жауып жылылайды. 650 бас ірі қойларға арналған катондардың еденнің диаметірі 16 м, үстіңгі тесігі - 2 м, болып әрбір ірі қойға - 0,4 м², жас тоқтыларға - 0,25 м² қаралып, ені - 2,0-2,5 м қақпа қалдырады.
Мұндай катондарға төбедегі тесіктен таза ауа алмасып, ішінде улы газдар болмайды. Ауаның ең суық күндерінде де катон ішінің температурасы 2-7ºС болып, мал организміне пайдалы әсерін тигізеді. Қой фермаларында өндірістік және шаруашылық объектілерге мал тұратын қоралардан басқа изолятор (ауру малдарға) және жасанды ұрықтандыру пункті жатады. Ұрықтандыру пунктінің ауданы - 16 м², лабораториясы - 7,6 м², қошқарлар тұратын орын - 8 м² және екі бөлме - 16,6 м²-тан әрқайсысы ұрықтанған және ұрықтануға дайындалған саулықтарға арналады.
Қышыма, қотыр ауруларының алдын алып, сақтандыру үшін жайылымда немесе жайлауда малдарды ұстаған кездерде, жеңілдетілген, жинамалы, брезент немесе басқа су өтпейтін материалдардан қой тоғыту ваннасы купка жасалады.
Ірілендірген қой фермаларында тоғыту ванналарының орнына арнайы жасалған жанбырлататын құрылымдар пайдаланады [4].

1.5 Саулықтарды ұстау және азықтандыру гигиенасы

Саулықтардың жатырындағы төлдің эмбрионалдық өсуі және туғаннан соң мол, сапалы жас төлді жарытатын уызы болуы үшін оларды күтіп-бағу және азықтандыруына аса көңіл бөлу қажет.
Аналық қойларды азықтандырудағы жіберілген кемшіліктер, әсіресе буаздықтың екінші жартысында, төлдің дені сау туына үлкен әсерін тигізеді.
Саулықтың буаздық мерзімі 150 тәулікке созылады. Бұл мезгіл аралығында ұрықтың өсіп-дамуына және аналықтың денесінде көректі заттардың қоры жиналуға ерекше күтім қажет болады. Сондықтан саулықтардың осы мерзімде рационындағы құнарлы заттардың жетіспеушілігі, оларда зат алмасу процесстерінің бұзылуына байланысты көптеген аурулардың (кетоздар, гиповитаминдер; макро-микро элементтерден туатын аурулар т.б.) шығуына себепші болады да, көбінесе аналықтардың қысыр қалуына, әлсіз, шала төлдер тууына (тірі салмағы 3,5 ег кем), кейде саулықтардың буаздығының екінші жартысында көтерем болып, өлім-жітімге ұшырауына апарып соғады. Буаз саулықтардың зат алмасу процесстерін бақылау үшін, олардың қандарын биохимиялық зерттеуден өткізеді [5].
Әр аймақтардың ерекшеліктеріне (биогеохимиялық) байланысты сауылқтардың рационына макро-микроэлементтердің (йод, кабольт, темір, цинк, мыс т.б.) және витаминдердің жинағын қосады. Буаз саулықтардың, әсіресе азыққа қосып, ұнтақтап берген ас тұзына сұранысы жоғары болады (15-20 г тәулігіне), ал кесек жалауға қойылған тұздан тәулігіне 5 г, яғни сұранысының 30 % ғана қамтамасыз ете алады.
Саулықтардың буаздығының екінші жартысында, олардың рационындағы сүрлемнің мөлшерін азайтады (0,1-0,5 кг дейін), ал тууына 30-40 күн қалғанда толықтай рацонның құрамынан сүрлемді шығарып тастайды. Қозылы саулықтардың рационына туғаннан соң 20 тәулік өткеннен кейін ғана кіргізеді. Саулықтарды серуен алаңдарында азықтандырып, олардың қозғалыстарын шектемеу қажет.
Туған төлдің алғашқы айда өсіп-дамуы, оның енесінің сүттілігіне тікелей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой шаруашылығы және Қазақстандағы жағдайы
Қой малын өсірудің гигиенасы
Қой шаруашылығы туралы
Қой шаруашылығы
Құс етін сою технологиясы
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
Құс өнімдері
Ірі қара мал шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы
Құс тұқымдары
Ісек қойлар
Пәндер