Бақылау процесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
Негізгі бөлім
1. Бақылаудың қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Бақылаудың негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3. Бақылау процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
4. Тиімді бақылау жүргізу бойынша ғылымның тарапынан ұсыныстар ... ... ...9
5. Тиімді бақылау сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе

Басқару процесі әрқашан сәтті бола бермеуі мүмкін. Жоспарда ойлағандай орындала бермейді. Адамдар да өзіне қатысты құқықтар мен міндеттерді қабылдай бермейді. Басшылар адамдарға қойылған мақсатты әрдайым дәлелдеп, түсіндіре алмауы мүмкін.
Ұйымдастыру коршаған орта жағдайының өзгеруіне қарай бейімделуі тиіс. Үйым басшысы өзінің алдына қойған мақсатына жеткенін анықтауы үшін өз қатесін және қызметшілерінің қатесін байқауы үшін бақылау кажет. Бакылау ұйымды да, қызметкерлерді де шығыннан аллын-ала корғауытиіс.
Бақылау қызметі ондіріс процесінің нақты барысын бақылаудан, талдаудан, бағалаудан және басқарудың келесі циклінде қажетті іс-әрекеттерді айқындау мақсатында оны белгіленген бағдарлама бойынша салғастырудан тұрады.
Бақылау -- бұл үйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі. Бақылау бұл қолда не барын және де не болу керектігін ұдайы салыстыру.
Басшылар бақылау қызметін мақсат пен міндетті айқындап, ұйымды құрған сәттен бастап қолға ала бастайды. Ұйымның калыпты жұмыс істеуі үшін бақылаудың маңызы зор. Бақылау болмаған жерде берекесіздік етек алады, Бақылау -- ұйымның өмір сүруінің негізгі элементі болып саналады.
Бақылау процесінің ұтымды құрылымына қорытынды фаза ретінде шешуші параметрлері бақылау жатады. Бұл өндірістік функция өткізу нәтижесі туралы шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болу үшін нақты салыстырудан тұрады. Егер мұнда берілгендер мен нақты мәндер арасында сәйкессіздіктер қалыптасса, онда мұның себептерін талдау қажет етіледі. Берілген мәндер мен нақты мәндердің нәтижелерін салыстырғанда есеп беру түрінде бекітілетін қорытынды жасалады. Оның негізінде түзету мен жауапкершілік бойынша өлшемдер анықталу керек және болашақ өткізу мен шешімдер үшін дәрістер беріледі.
Бақылау дегеніміз -- ұйым өз мақсатына жету үшін қамтамасыз ететін процесс. Бақылау стандарттары тұрақтандырудан, нақты жеткен нәтижелерді өлшеуден және жеткен нәтижелердің стандартты тұрақтандыру айырмашылығы болса, оларға корректировка өткізуден тұратын процесс.
Бақылау - ұйымның өз мақсаттарына жетудің қамтамасыз ету процесі. Анықтама бойынша бақылау бұл жұмысты түзету мен бірге қойылған мақсаттың орындалу ісін жүйелік түрде қадағалау. Бақылау процессі стандартты белгілеуден фактілік түрде жеткен қортынды өлшеуден жəне жеткен қортындылар белгіленген стандарттардан айырмашылығы болған жағдайда түзетулер жүргізуден тұрады.
Бақылаудың функциясы - проблемаларды шешуге мүмкіндік туғызу жəне үйымның қызметін түзету, яғни бұл проблемалар дағдарысқа айналмай тұрып дағдарысты жағдайдың алдын алу. Бақылауды іске асырудың қажеттілігінің себебі: əрбір ұйым өзінің қателегін уақытында анықтау жəне ұйым мақсатына жетуге қатар туғызбай тұрғанға дейін қателігін түзеу қаблеттілігі болу керек. Бақылау нақты жағдайлардан дұрыс бағалауда қамтамасыз етуге тартылған соныман қатар фирмалармен бөлек бөлімшелердің дамуының жоспарлы көрсеткішіне түзету енгізуді құру, сондықтан бақылау фирмалардың дұрыс функциялануын ұзақ мерзімді болашақта белгіленген мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін шешім қабылдаудың жəне саясатта өңдеудің негізгі құралдары ретінде анықталады.

1. Бақылаудың қажеттілігі

Егер біздің жоспарымыз іске асып, жоспарға сәйкес жүріп отырса, онда басқарудың төртінші қызметін -- бақылауды алып тастауға болар еді. Бірақ біздің жоспарларымыз жетілмеген, жұмысын ойдағыдай орындамайды. Бізге Мерфидің мынадай заңдары белгілі: 1. Жаман болатын нәрсе болады, 2. Егер ештеңе де жаман болмаса, бәрібір жаман болады.
Басқарушылар бақылауды ұйым құрылғаннан кейін және мақсаттарын анықтап алғаннан кейін бастайды. Бақылау өте маңызды, онсыз қандай да болмасын топтардың қызметін біріктіру мүмкін емес.
Ұйым қызметінде табысты болу және қолдау өте маңызды болып табылады. Нақты жеткен нәтижелерді жоспарлағанмен салыстыра отырып, яғни "қойылған мақсаттарға қанша-лықты жеттік?" деген сұраққа басқарушы жауап бере отырып ұйымның қай жерде табысқа жеткенін, ал қай жерде сәтсіз дікке ұшырағанын анықтауға мүмкіндік алады. Басқаша айт-қанда, басқарудың маңызды аспектілерінің бірі -- ұйым қызметтерінің қандай бағыттары оның жалпы мақсатына жетуге себеп болғандығын анықтаудан тұрады.
Маңызды ерекшеліктерінің бірі бойынша, бақылау жан-жақты қарастырылатын болуы және әр басқарушы, оған арнайы ешкім тапсырмаса да, бақылауды өзінің міндеттерінің ажырамас бір бөлігі ретінде жауапкершілікпен жүзеге асыру керек.
Бақылау басқару процесінің бастапқы элементі болып табылады. Жоспарлау, ұйымдық құрылымдар, ынталандыруды бақылаудан бөліп қарастыруға болмайды. Бұлардың бәрі шын мәнінде ұйымның басқару жүйесінің ажырамас бөліктері болып есептеледі.

2. Бақылаудың негізгі түрлері

Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі, еңбек өнімділігін, қызметкерлердің ынта-жігерін арттырудың басты құралы.
Бақылаудың басты принциптерінің бірі -- бақылау тұтастай қамтылуы тиіс. Бақылау ісі тек менеджерлердің және оның көмекшілерінің ғана міндеті емес. Әрбір басшы, қызмет лауазымына қарамастан, өзінің тікелей жауапты міндеті ретінде бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Істің анық-қанығын жете білетін, соған білім өрісі жететін, әрі басқаларға үлгі-өнеге көрсете алатын адамдар ғана бақылай алады.
Бақылаудың келесі принципі - ол басқару процесінің негізгі элементі болып саналады. Барлық басқа кызметтерді одан бөлек қарастыруға болмайды.
Тиімді бақылаудың басты принциптері - жүйелік және жанжақтылық. Бақылаудағы мақсаттылық та, яғни тексеру барысында тек кемшілікті ашып қана қоймай, сондай-ақ оны жою шараларын қарастырудың зор маңызы бар.
Бақылаудың негізгі үш түрі бар: алдын ала, ағымдық, қорытынды. Іске асыру бойынша бақылаудың түрлері ұқсас, себебі олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: нақты алатын нәтижелер талап етілетін нәтижелерге жақын болуы керек. Олардың айырмашылықтары іске асырылатын уақытында ғана.
Жоспарлау мен жаңа ұйымдық кұрылымдарды құруда бақылауға сирек жатқызса да, олар ұйымның қызметіне алдын ала бақылауды жүргізуге мұмкіндік береді. Бақылаудың бұл түрі алдын ала деп аталады, өйткені ол жұмыстың басыңда жүзеге асырылады. Алдын ала бақылауды жүзеге асырудың негізгі құралдарына анықталған ережелерді, процедураларды және тәртіп сызықтарын жүргізу жатады. Ұйымдарда алдын ала жүргізілетін бақылау материалды, қаржылық және адамдардың қатынасы бойынша қолданылады.
Адам ресурстары облысындағы алдын ала бақылау қандай да болмасын міндеттерді орындау үшін қажет және дайындықтан өткен, мамандандырылған адамдарды тандау, іскерлік және профессионалды, білімді таңдау есебінде іске асырылады. Қабылданатын жұмысшылардың тапсырылған мін-деттерін орындай алатындығына көз жеткізу үшін білім деңгейін немесе жұмыс стажын бекіту керек және сипаттамалары мен кұжаттарын тексеру қажет. Сапасыз шикізаттан жоғары сапалы өнім шығару мүмкін емес. Сондықтан да өнеркәсіптік фирмалар қолданылатын материалдық ресурстарына міндетті алдын ала бақылауды бекітеді. Бақылау сапаның минималды деңгейінің жасалу стаңдарттары және осы талаптарға түсетін материалдарға сәйкес физикалық тексеру жүргізу жолдарымен іске асырылады. Алдын ала бақылаудың бір әдісі -- техникалық шарттарға сәйкес материалдармен жаб-дықтау мүмкіндігін дәлелдеген жабдықтаушының тандауы. Материалды ресурстарды алдын ала бақылаудың әдісіне ұйымның дефицитті болдырмайтын деңгейдегі қорлармен қамтамасыз етуі жатады.
Каржы ресурстарын алдын ала бақылаудың маңызды кұралы бюджет болып табылады (ағымдағы қаржы жоспары). Ол жоспарлау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Бюджет алдын ала бақылаудың механизмі егер ұйымға қолмақол қаражат қажет болған кезде қаражат болады деген сенім туғызғанда қалыптасады. Бюджеттік шығынның шекті мәнін қалыптастырады және қандай да болмасын бөлімнің немесе ұйымның қаражаттарын тауысады.
Ағымдағы бақылау жұмыс жүргізгенде тікелей жүзеге асырылады. Оның объектісі -- қол астындағы жұмысшысы, ал өзі тікелей басшысының артықшылығы болып табылады. Қол астындағы жұмысшыларының жұмысын ұнемі тексеріл отыру, пайда болатын және жұмысты жетілдіруге қатысты мәселелерді талқылау бекітілген жоспарлар мен инструкциялардан ауытқудан шығуға мүмкіндік туғызады. Егер де бұл ауытқулар дамып кетсе, олар ұйымға қиындықтар әкелуі мұмкін.
Ағымдағы бақылау жұмысты орындаумен бірге бір уақытта жүргізілмейді. Ол жұмыс орындалғаннан кейін алдына қойған мақсаттан алынған нақты нәтижелерді өлшеуге негізделеді. Бұндай жолмен ағымдағы бақылауды іске асыру үшін басқару аппаратына кері байланыс қажет. Кері байланыстың қарапайым мысалы ретінде, егер басшы өзінің қол астындағы жұмысшысының қателіктерін байқаса, онда ол жұмыс қана-ғаттанғысыз деп танылады. Кері байланыстың жүйесі басшыға көптеген мәселелерді анықтауға және алдына қойған міндеттерінің тиімді жолдан ауытқуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Егер жұмыс жүргізілу барысыңда талап етілетін мақсатқа жету үшін ағымдағы бақылауда кері байланыс қолданылса, оңда қорытынды бақылауда кері байланыс жұмыс орындалып біткеннен кейін қолданылады. Қызметті бақылап болғаннан немесе анықталған кезең біткеннен кейін нақты алынған нәтижелер талап етілетін нәтижелермен салыстырылады. Қорытынды бақылау мәселе пайда болғаннан кейін өте кеш жүзеге асырылады, ал профессор Уильям Ньюменнің ойынша, бұл бақылаудың екі маңызды қызметі бар. Бірінші қызметінің мәні -- қорытынды бақылау ұйым басқарушысына жұмысты болашақта жүргізу керек болған жағдайда жос-парлауға қажетті ақпарат беруде. Басқарушы нақты алынған нәтиже мен талап етілетін нәтижені салыстыра отырып құрылған жоспарларының қаншалықты нақты екенін бағалауға мүмкіндік туады. Бұл процедура пайда болған мәселелер туралы ақпарат алуға және жаңа жоспарлар құруға жағдай жасайды. Екінші қызметі -- ынталандыруға жағдай жасайды. Егер басшы ынталандыратын сый ақыны нәтиженің деңгейімен салыстырса, онда нақты жеткен нәтижені тура және объективті өлшеу керек.

3. Бақылау процесі

Бақылау процесі үш кезеннен түрады: стандарттар мен критерийлер жасау, оларды нақты нәтижелермен салыстыру енгізілетін кажетті түзетулерді қабылдау олардың әрқайсысында
алуан түрлі шаралар жиынтығы жүзеге асырылады..
Стандарттарды белгілеу. Бақылауға пайдаланылатын барлық стандарттар ұйымның мақсаты мен стратегиясына орай таңдалынып
алынуы тиіс. Бақылау үшін стандарттар ретінде пайдалануға болатын мақсаттардың манызды екі ерекшелігін атап көрсетуге болады. Олар уақыт аясының болуымен, сол уақыт аралығында жұмыстың орындалуымен сипатталады, сол арқылы жұмыстың орындалу дәрежесін бақылауға болады.
Схема 1. Бақылау процесінің бірінші кезеңі

Стандарттарды белгілеу

Нәтижелік көрсеткіштерін жасау

Нәтижелік көрсеткіштері түскен пайда, сату көлемі, материалдар құны болуы мүмкін. Бұл керсеткіштер сандық өлшеммен беріледі Алайда ұйымда сандық өлшемге келмейтін мақсатгар мен міндетгер бар. Мұндай жағдайда арнайы тексеру, сұрау салу арқылы жұмыскерлердің рухани деңгейі мен хал-ахуалы туралы мәлімет алуға болады.
Қол жеткен нәтижені белгіленген стандарттармен салыстыру процесінің екінші кезеңі, сол арқылы менеджер қол жеткен нәтижелердің алдын ала күтетін нәтижелермен сәйкес келуін, әрі стандартқа сай келуін немесе одан ауытқуын айкындайды. Бақылаудың осы кезеңінде тиісті баға беріліп, оның өзі тиісті шешім қабылдауға негіз қалайды. Мүндағы мақсат ауытқу аукымын, өлшемін, нәтижелерін, мәліметтердің берілуін анықтау және оны бағалау (схема 2).

Схема 2. Бақылау процесінің екінші кезеңі

Алынған нәтижелерді стандарттармен салыстыр

Ауытқу ауқымын белгіле.
Ерекшелік ауқымын белгіле.
Ерекшелік принципін пайдалан. Нәтижесін өлше
Стандарттар және нәтижелер туралы мұқият хабарла

Сонымен, бақылау процесінде үш нақты кезең бар: стандарттар мен критерийлерді жасау, олармен нақты нәтижелерді салыстыру және қажетті іс-қимылдар қабылдау. Әр кезенде әртүрлі шаралар кешені өткізіледі.
Бірінші кезеңде жоспарлау мен бақылау функцияларының қаншалықты бір-бірімен жақын екендігін көрсетеді.
Стандарттар дегеніміз -- нақты мақсаттар, прогресс олармен қарым-қатынаста өлшеуге жағдай жасалады. Бұл мақсаттар жоспарлау процесінен туындайды. Бақылау үшін қолданылатын барлық стандарттар ұйымның көптеген мақсаттары мен стратегияларынан тандалып алынуы керек. Бақылау үшін қолданылатын стандарттар есебіндегі мақсаттардың өте маңызды екі ерекшелігі бар. Олар орындалатын жұмыс дәрежесінің нақты критерийлерімен сипатталады.
Бақылау процесінің екінші кезеңі нақты жеткен нәтижелермен бекітілген стандарттарды салыстырудан тұрады. Бұл кезеңде менеджер жеткен нәтижелер, күткен нәтижелермен қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтап алу керек. Мұндайда ол тағы бір мынандай өте маңызды шешім кабылдайды: табылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақылаудың мәні мен маңызы
Басқару психологиясының пәні мен әдістері
Бақылау функциясы
Өндірісті Басқару фуңцялары
Басқару психологиясы ғылым ретінде
Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым - қатынастары
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Педагогикалық процестің заңдылықтары
Тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиенің рөлі
Касіптік білім беру
Пәндер