Жердің айрықша белгілер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ«АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ»
![]()
Факультеті: Индустриялды - технология
Кафедрасы: Химия және химиялық технология
«Салалар бойынша еңбек және қоршаған ортаны қорғау»
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының жер ресурстарының экологиялық жағдайы
Орындаған: Қатыхова Д. Ж.
Тобы: ОЗХТ - 19 (ДОТ)
Тексерген: Шахманова А. К
2020 - жыл
Жоспары:
I Кіріспе - Жер ресурсы
II Негізгі бөлім
- Жердің айрықша белгілер
2. Типтерге байланысты жердің ластануы:
III Қорытынды-қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды, соның ішінде жерді ластанудан, бүлінуден, шөлейттенуден, өзге де зиянды салдардан қорғау мақсаты
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жер ресурсы
Қазақстанның жер ресурсы орасан зор, оның жалпы көлемі 270, 1 млн га-ды құрайды. Мұндағы жер көлемінің 82-ы ауыл шаруашылығына жарамды жер. Оның жайылым мен шабындыққа жарамдысы-190млн га, ал жыртылған жер көлемі -36млн га. Бірақ еліміздің рыноктық эканомикаға көшіуінің қиындықтарымен байланысты жыртылған жердің көлемі біртіндеп азаюда. Қазақстан дүниежүзі бойынша жыртылған жер көлемі жөнінен алтыншы орында, ал жайылым мен шабындықтан төртінші орында тұр.
Адам қоғамының барлық өмірінде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды роль атқарған. Жер адам баласының барлық мұқтаждықтары үшін керек бірден-бір арсенал. Жер - табиғаттың берген сыйы ретінде, адам қоғамының пайда болуына дейін болған. Жер өзінің еңбектің жалпы заты қызметін атқару үшін міндетті түрде оны біреу иемденуі жəне өндірістік процесін жүзеге асыруы қажет. Жер ең негізгі табиғат байлығы - ол барлық тіршілік көзі жəне өмір сүру ортасы. Оны адамдар өздеріне керек қоректі заттардың 88%-ын егістік жерлерден, 10% ормандар мен жайылымдардан, 2% теңіз бен мұхит суларынан алады. Дүниежүзіндегі жер ресурсының жалпы көлемі 149 млн. км. шаршы кв. немесе құрлықтың 86, 5% қамтиды. Соның ішінде Қазақстан жер қорының үлесі 272, 5 млн. га құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз əлемде жер көлемі бойынша 9 орынды иеленеді. Мемлекеттік шекараның ұзындығы - 13392, 6 км-ді құрайды, соның ішінде Ресеймен - 7591, 0 км, Өзбекістанмен - 2351, 4 км, Қырғызстанмен - 1241, 6 км, Қытай Халық Республикасымен - 1782, 8 км, Түркменістанмен - 425, 8 км-ді қамтиды.
Республиканың əкімшілік аумақтық құрылымына 14 облыс, 2 республикалық маңызы бар қалалар, 160 əкімшілік аудандар, 86 қала, 174 поселкі, 7660 ауылдық жерлер кіреді. Қазіргі жаһандану кезінде, адамзат табиғатқа араласу белсенділігін арттырған жағдайда, табиғи объектілерді қорғау ерекше маңызға ие, ұзақ уақыт бойы қалпына келетін жер ресурстарын ұтымды пайдалану саласында жалпы глобалдық жəне ішкі мемлекетті өзара келісілген шараларды қалыптастыру қажет. Көптеген зерттеушілер осыған байланысты жердің ерекше маңыздылығын атап өткен. Б. Ж. Əбдірайымов, жер дегеніміз - мемлекет пен халықтың өмір сүру қызметінің негізі болып табылатын табиғаттың басты объектісі. Жерге меншік нысаны, иелену мен пайдалануға кімге берілгендігі жəне жердің сандық, сапалық жағдайына біздің болашағымыз тəуелді деп жазған болатын
А. Х. Хаджиевтың пікірі бойынша, жердің табиғи қасиеті өзге қоршаған табиғи орта объектілерімен өзара байланыс жүйесінде басым орнын белгілейді. Орман, су, жануарлар дүниесі табиғат объектілері ретінде жермен байланыссыз өмір сүре алмайды. Тек қана жермен тығыз байланыста бола отырып, олар өздерінің өсіп өну мүмкіндіктері мен ерекше қасиеттерін сақтайды жəне барлық табиғи кешендермен бірге экологиялық қызметін жүзеге асырады.
Жер - барлық адамзат баласының өмір сүруінің негізі болып табылатын негізгі табиғи объект. 2003 жылы 20 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 12-бабы 7- тармағына сəйкес, жер - Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы жəне кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі. Жер ерекше белгілерге ие. Н. А. Сыроедовтың пікірі бойынша, жердің қайта қалыптасушылық, орны толмастық жəне шектеушілік сияқты белгілермен сипатталады.
А. Х. Хаджиев, жердің айрықша белгілері ретінде келесі белгілерді айтады:
- жердің құнарлы қабатының болуы;
- жердің өндірістік қабілеті мен тұтынушылық бағалығын қалпына келтіру жəне сақтап қалу мүмкіндігі;
- кеңістіктік шектеулік;
- орнынан қозғалта алмайтындық, орналасқан жерінің тұрақтылығы.
Осы белгілер жердің функционалдық сипаты мен əлеуметтік құндылығын анықтайды.
Материалдық өмірдің өзге объектілерінен жер өзінің табиғи түрде пайда болуымен ерекшеленеді. Өйткені жер адам еңбегінің жемісі болып табылмайды. Жер бұл-экологиялық функцияны жүзеге асыратын қоршаған ортаның ең басты компонентінің бірі болып есептеледі. Сондықтан адам өмірі жəне мекен етуі үшін жердің маңызы зор. Сонымен, жердің келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, жер құнарлыққа ие. Құнарлық табиғи жəне жасанды (экономикалық) болуы мүмкін. Табиғи құнарлық - ұзақ мерзім ішінде құнарлану процесінің нəтижесі. Бұл топырақта құнарлы заттардың болуымен жəне өсімдіктер əлемі үшін қол жетімдікпен анықталады.
Табиғи құнарлық мелиорация жəне агротехника арқылы адамның топырақтың химиялық, биологиялық жəне физикалық қасиетіне əсер етуі арқылы жасандыға ауысады.
Екіншіден, жер - табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған.
Үшіншіден, жер айырбасталмайды. Өндіріс құралдарынан айырмашылығы оның еш нəрсемен айырбасталмайтындығы.
Төртіншіден, жерді пайдалану жердің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Жерді өзге өндіріс құралдары сияқты басқа бір жерге ауыстырып, қолдануға болмайды.
Бесіншіден, жер беті шектеулі. Жерді өзге өндіріс құралы сияқты сандық жағынан ұлғайтуға болмайды.
Аталған белгілер мен себептерге байланысты жер сату-сатып алу объектісі болғанымен жəне мүлік ретінде танылғанымен, өндірістік қызмет нəтижесінде пайда болатын мүлікпен, өніммен немесе өзге затпен теңеспейді. Сол себептен, жерді азаматтық айналымның еркін объектісі ретінде тануға болмайды жəне табиғи ресурс ретінде сақталуын, ұтымды жəне мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуіміз қажет.
Қазақстан Республикасының жер қоры 2003 жылы 20 маусымда қабылданған Жер кодексінің 1-бабына сай, нысаналы мақсатына сəйкес:
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
- елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
- өнеркəсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері жəне өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағ жерлер;
- орман қорының жерлері;
- су қорының жерлері;
- босалқы жер санаттарына бөлінеді.
ҚР Жер қорын осындай санаттарға бөлу өзінің заңдық мақсаты мен мағынасы бар.
Жердің жеке меншік институтының енгізілуі оны қорғау мəселесіне де ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Өйткені жерді өз меншігіне немесе уақытша пайдалануға алған тұлға оны заң талаптарына сай пайдалануы тиіс. Ал кей-кезде бұл талаптар орындалмай, оның салдары жердің қасиетінің бұзылып, ластануына жəне оны одан əрі мақсатты пайдаланылуына мүмкіндік бермей отыр. Бүгінде Қазақстан Республикасының жер учаскелері əртүрлі ластанудан зардап шегіп жатыр. 2007 жылы қабылданған ҚР Экологиялық кодексінде «қоршаған ортаның авариялық ластануы», «химиялық ластану», «радиоактивті ластану» сияқты терминдер кездеседі. 2004-2015 жылға арналған ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясында химиялық, радиоактивті жəне бактериологиялық ластану терминдері қолданылған. Бұдан қорытындылай келе, қоршаған ортаны ластау - адамның шаруашылық жəне өзге де қызметін жүргізу арқылы қоршаған орта нормативтерін сақтамау барысында адамның денсаулығы мен өміріне, табиғи ресурстарға зиян келтіру салдарынан қоршаған ортаның физикалық, биологиялық, химиялық қасиетінің өзгеруі. Əсер ету типіне байланысты жердің ластануы: 1) физикалық ластану; 2) химиялық ластану; 3) биологиялық ластану деп бөлінеді. Физикалық ластану қоршаған ортаның физикалық параметрлерінің өзгеруімен байланысты: температура-энергетикалық (жылулық ластану), толқындық (күннің, желдің, судың, электромагниттің əсері), радиациялық (радиациялық ластану) . Қазіргі таңда жер қойнауының өзгеріске ұшырауының бірі болып шөлейттену танылады. Қазақстан территориясының 60 процентке жуық аумағына шөлейттену қаупі төнуде. 215, 9 млн. га ауылшаруашылық алқаптардың 42, 3 млн. га (20%) тасты жерлер, 58, 9 млн. га (27, 3%) құрамында тұзы бар жерлер, 4, 99 млн. га. (2, 3%) шайылған жерлер, 25, 6 млн. га (11, 9%) дефлирленген жерлер қатарына жатады. 182, 6 млн. га жайылымдық жерлердің 24, 1 млн. га көлемі шөлейттену процессіне ұшыраған. Дефлирленген жерлердің ең көп бөлігі: Алматы облысы (4988, 7 мың га. ), Атырау облысы (3185, 8 мың га. ), Оңтүстік Қазақстан облысы (3112, 9 мың га. ), Қызылорда облысы (2914, 1 мың га. ) жəне Жамбыл облысын (2849 мың га. ) қамтиды. Су жəне жел эрозиясынан Оңтүстік Қазақстан (178, 6 мың га. ) жəне Маңғыстау облыстарының (8, 3 мың га. ) жерлері зардап шегеді. Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бұл қоршаған орта мен жердің радиациялық ластануға ұшырауы болып есептеледі.
Радиациялық ластанудың мынадай 4 қайнар көзі бар:
- уранбайыту мен қайтаөндіруді жүзеге асыратын істен шыққан кəсіпорындардың қалдықтары;
- атом қаруын сынау салдарынан ластанған аумақтар;
- мұнай құрылысы мен мұнайөндіру өндірісінің қалдықтары;
- атом рекакторымен байланысты жұмыстарды жүргізу салдарынан пайда болған қалдықтар.
Қазақстан уран өндіруге жəне оны тасымалдауға басты көңіл бөледі. Казатомпромның мəліметіне сүйенсек, əр жыл сайын 2. 5 мың тонна (дүниежүзілік уран өндірудің 5%-ын қамтиды) уран өндірілсе, бұл көрсеткіш 2009 жылы 10%-ға артты. Қазақстан Республикасында əлі күнге дейін экологиялық талаптарға сай жауап беретін радиоактивті көму орындарының жəне радиоактивті қалдықтарды жоятын техниканың болмауы салдарынан қоршаған ортаға, соның ішінде жерге өте үлкен мөлшерде зиян келуде [5] .
Ал Семей полигонында атом қаруларын сынау əсерінен радиоактивті зиянды заттар 304 мың шаршы км аумаққа жайылды.
Жердің химиялық ластануы химиялық заттардың жерге жайылуымен (сіңуімен) сипатталады. Б. Ж. Абдраимов жəне Е. Ж. Жарылқасын көрсеткендей, жердің химиялық ластануы - улы заттың ену салдарынан жердің бастапқы қасиетін жоғалту процессі.
Қазақстанда бүгінгі күндері экономиканың дамуының негізі минералды-шикізат комплексін қамтитын тау-кен байыту, энергетикалық, металлургиялық, химиялық өндіріс болып табылады. Мұның өзі қоршаған ортаның басты ластауыш көзі болып есептеледі.
Тау-кен байыту жəне металлургия өндірісінің салдарынан Шығыс Қазақстан облысының 976 га. жер бетінде 1, 3 млрд. тоннадан астам зиянды қалдықтар орналасқан. Əр жыл сайын 30 млн. тонна қалдықтар қосылып жатады. Облыстың жерлері мыс, мырыш, кадмий, қорғасын, мышьяк сынды химиялық элементтермен əрекетке түсіп өз бастапқы қасиетін жоғалтады [6] . Ал Балқаш аумағының ластануы Балқаш тау-металлургия комбинатының жерді улы жəне ауыр металды заттармен ластауының себебінен болуда. Бұған қоса, бұның салдарынан жердің тұздалуы мен шөлейттену процесі болып жатыр.
Кейбір жер санаттарының көлемдерінің азаюы жер заңнамасының талаптарын сақталмауының бір айғағы деп санауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz