Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының сандарды оқу,жазу және салыстыру дағдыларын қалыптастыру

Орындаған:Тегисова.А
Тексерген:Ерниязова.С

Жоспар:
Кіріспе: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1.1Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық жүйесі. 1.2 Бастауыш сынып оқушыларының қосу,алу, жазу жүйесі. 1.3 Бастауыш сынып оқушыларының бағанды түрде есептеуі.1.4 Бастауыш сынып оқушыларының талдау, салыстыру нәтижелері.

1 Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын

Қалыптастырудың теориялық негізі

Функционалдық сауаттылық ұғымына қатысты мектеп оқушыларының

Функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға

Арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25

Маусымдағы №832 қаулысы), Қазақстан Республикасында білім беруді

Дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, пәндік

Сауаттылық, функционалды сауаттылық, оқытудың түпкі нәтижесі ретінде

Оқушылардың игерген құзіреттіліктеріне байланысты ғалымдар, В.В. Давыдов,

А.А. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.А. Болотов, О.Е.Лебедев, И.А. Зимняя,

А.К. Маркова, С.Г. Молчанов, Г.К. Селевко, В.В. Сериков, В.А. Сластенин,

А.В. Хуторской, М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова, И.И.Бим, Ф.Ш.Оразбаева,

Е.И.Пассов, В.Л.Ляховицкий, Н.Сауранбаев, С.Кеңесбаев, С.Жиенбаев,

Т.Ахметов, Ғ.Бегалиев, А.Айдаров, Ж.Д.Адамбаева, Б.Б.Құлмағамбетова,

К.Ы.Сариева, М.М.Артықова, жүргізілген зерттеулерді қарастыра келе, бүгінгі

Таңда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде функционалдық

Сауаттылық ұғымын қолдануда бірізділік жоқ екені байқалды.

Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі

Халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық

Дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын.

Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының

Мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр.

Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің

Грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені

Байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге

Ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен

Дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т.б.) ретіндегі

Тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраным талаптарымен сәйкес

Келе бермейді.

Сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына

Қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады.

Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік

Үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі

Айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық

Сауаттылықты меңгеруді де қамтиды. С.И.Ожеговтың сөздігінде функция

Сөзінің мәні Вызванный функционированием чего-нибудь, зависящий от

Деятельности, а не от структуры, строения чего-нибудь (книжн) - деп

Анықталса, Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: фукционалдық ұғымы бір

Нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне

Байланысты болады - деп сипаттама беріледі. Бұдан функция ұғымы

Белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты

Айтылатыны танылады. Мысалы, техникалық құрал-жабдықтарды алар болсақ

(компьютер, сканер, принтер, т.б.), олардың өз функциялары бар
Бастауыш білім -- білім беру жүйесінің алғашқы сатысында меңгертілетін дағдылар мен ұғымдардың жиынтық атауы. Бастауыш білім беру сатысында оқушы әріп танып, жаза білуге, дұрыс, жатық оқуға, өз ойын ауызша, жазбаша жеткізе білуге, мазмұндауға үйренеді. Қазан төңкерісіне дейін Бастауыш білім беру ісі Бастауыш халық училищелері арқылы жүргізілді. Кеңес үкіметі тұсында Бастауыш білім беру кезеңі әр түрлі болды (қара Сауатсыздықты жою, Білім беру). Орта мектепте Бастауыш білім көлемі 1 -- 4 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай (7 -- 11 жас) жасалған бағдарлама мазмұнына сай қалыптасады. Бастауыш білім беру балаларды орта мектептің негізгі сатысына (5 -- 9 сынып) көшірудің дайындық жұмысы ретінде жүргізіледі (қара Бастауыш мектеп). Бастауыш білім беру кезеңінде оқушы алғашқы ғылыми мәліметтерді ұғуға ынталанып, қажетті дағдыларды игереді, ойлау қабілеті мен танымы қалыптасады. Ана тілінің, математиканың, табиғаттану пәндерінің ғылыми негізін білуге, оны өмірге пайдаланудың алғашқы элементтерін алуға дағдыланады
Арифметикалық амалдар - берілген сандар бойынша тиісті шартты қанағаттандыратын басқа бір санды табу әдісі. Мектеп арифметикасында натурал сандар мен оң бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары қарастырылады. Берілген натурал сандарды қосу деп сол сандарда қанша бірлік болса, сонша бірліктерден құралған санды табу амалын айтады. Берілген сандар қосылғыштар, ал қосу нәтижесі қосынды деп аталады. Мыс., 5+7+8=20, мұндағы 5, 7, 8 -- қосылғыштар, 20 -- қосынды. Қосу амалы ауыстырымдылық (коммутативтілік) және терімділік (ассоциативтілік) заңдарына бағынады. Ерте кезде сандарды сол жақтан бастап қосатын болған. Өзімізге үйреншікті түрдегі қосу тәсілі жәпе оның таңбасы (+) 15 ғасырда енгізілген. Азайту амалы деп берілген қосынды мен бір қосылғыш бойынша екінші қосылғышты табу амалын айтады. Берілген қосынды азайғыш, берілген қосылғыш азайтқыш, ал азайту нәтижесі айырма деп аталады. Сонымен, азайту амалы -- қосу амалына кері амал. Мыс., 15 -- 8=7; 15 -- азайғыш, 8 -- азайтқыш, 7 -- айырма. Ертеректе азайту амалы да қазіргіге керісінше, сол жақтан басталып орындалатын. Қазіргі үйреншікті тәсіл Европада 15 ғасырдан бастап қолданылған. Азайту таңбасының ( -- ) да шыққан кезі -- сол уақыт.

Натурал сандарды көбейту деп бірдей қосылғыштардың қосындысын табу амалын айтады. Қосылғыш ретінде қайталанатын сан көбейгіш, оның неше рет қосылатынын көрсететін сан көбейткіш, ал амал нәтижесі көбейтінді деп аталады. Көбейгіш пен көбейткішті жалпы алғанда көбейткіштер деп те атайды. Мыс., 6X5=30, 6 -- көбейгіш. 5 -- көбейткіш, 30 -- көбейтінді. Көбейту амалы да ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік (дистрибутивтілік) заңдарына бағынады. Ертедегі Үндістанда көбейту амалы сол жағынан басталып орындалатын. Қазіргі үйреншікті тәсіл 15 ғасырдан бастап қолданылған. Көбейту таңбасы әуелде нүкте (::) түрінде (15 ғ.), кейін онымен қатар кірес (X) түрінде (17 ғ.) жазылатын болған.

Екі көбейткіштің көбейтіндісінен сол көбейткіштердің бірі арқылы екіншісін табу амалы бөлу деп аталады. Бөлінетін сан бөлінгіш, оны бөлетiн сан бөлгіш, бөлу нәтижесі бөлінді деп аталады. Мыс., 12:3=4, 12 -- бөлінгіш, 3 -- бөлгіш, 4 -- бөлінді. Бөлу амалы -- көбейту амалына кері амал. Бөлу амалы бүтіндей бөлу және қалдықпен бөлу деп екі түрге бөлінеді. Қалдықпен бөлу дегеніміз -- бөлгішпен көбейтіндісі берілген бөлінгіштен артпайтын ең үлкен бүтін санды табу деген сөз. Бұл іздеп отырған сан толымсыз бөлінді деп аталады. Бөлінгіштің толымсыз бөлінді мен бөлгіш көбейтіндісінен айырмасы қалдық деп аталады, ол -- бөлгіштен әрқашан да кем болады. Мыс., 21-ді 4-ке бөлгенде, толымсыз бөлінді 5, қалдық 1 болады, яғни 21=4x5+1. Бөлудің қазіргі қолданылатын тәсілін 15 ғасырда итальян ғалымдары ойлап шығарған. Бөлу таңбасын ( алғаш қолданған (1633 жылы) -- ағылшын ғалымы Джонсон.

Теңдік таңбасын (=) алғаш енгізген (1557 жылы) ағылшын дәрігері -- Роберт Рекорд. Арифметикалық амалдардағы қазіргі таңбалар тек 17 ғасырдың ақырында ғана барлық елдерде қолданыла бастаған.
Талдау - бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу, қарапайым формадағы талдау әрқандай затты практикалық қажеттілікке орай құрама бөлшектерге ажырату.
Талдау тәжірибелік және теориялық болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда айтылған ой операцяларына ұштаспаса,онда қате, механикалық сипат алады. Мұндай талдау элементтері жас балаларда көптеп кездеседі.
Біріктіру - бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттермен әрекет қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру.Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі,бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек,элементтер тобы ретінде қарастырылады.
Ой процесіндегі талдау мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен функционалдық сауаттылығын арттыру
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Ауыл мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын бағалау
Пәндер