Палеозойға дейінгі кезең


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ
Іс-тәжірибе өтуші: 6М060900 «География» мамандығының
2-курс магистранты Бауыржан А.
Іс-тәжірибе мерзімі: 11. 11. 2019 ж. - 29. 11. 2019 ж.
Тексергендер:
Экология және география кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор.
« __ » __ 2019 ж. Женсикбаева. Н. Ж
Педагогикалық жетекші, п. ғ. д., ШҚМУ профессоры
«__» __2019 ж. Игибаева А. К.
Психологиялық жетекші
аға оқытушы пс. ғ. к., доцент
«__» __ 2019 ж М. Д. Ауренова
Өскемен, 2019 ж.
Іс-тәжірибе жоспары
Қазақстан территориясының геологиялық және тектоникалық құрылымы.
Жер бедері. Пайдалы қазбалары .
11. 11. 2019 ж
12:45, ауд. 9
4 оқу ғимараты
Қазақстанның ішкі сулары. Ішкі сулардың таралуындағы негізгі заңдылықтар мен ерекшеліктер
18. 11. 2019 ж
11:50, 29 ауд
4 оқу ғимараты
Қазақстан территориясының геологиялық және тектоникалық құрылымы.
Жер бедері. Пайдалы қазбалары .
15. 11. 2019 ж
11:50, ауд. 9
4 оқу ғимараты
Қазақстанның климаттық аудандастырылуы
22. 11. 2019 ж
12:45, ауд 29
4 оқу ғимараты
Қазақстанның рекреациялық ресурстары (Қазақстанның жеті кереметі)
Ашық тәрбие
сабақ
25. 11. 2018 ж
11:50, ауд. 9
4 оқу ғимараты
Бекітілген топ: 5В011600 «География» мамандығы, 2-курс
Сабаққа психологиялық талдау
Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы
Сабақтың тақырыбы :«Қазақстан территориясының геологиялық және тектоникалық құрылымы. Жер бедері. Пайдалы қазбалары. »
Сабақты өткізу формасы : дәріс
Тобы : 5В011600 «География» мамандығының -2 курс
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның географиялық орнының ерекшелігін, ауданын, шекарасының ұзындығын, көршілес мемлекеттері туралы, сонымен қатар территориясының зерттелу тарихын, тектоникалық - геологиялық құрылымын, жер бедерін (рельефін), климатын, климат құрастырушы факторларын, ішкі суларын және олардың таралу ерекшеліктерін, топырақ - өсімдік жамылғысын, оның таралу заңдылығын, жануарлар дүниесін, зоогеографиялық аудандастырылуын, табиғат зоналарын, ол зоналардың қалыптасуы және оның таралу ерекшелігін, экологиялық проблемаларын, аудандардың физикалық - географиялық ерекшелігін, қорғалатын территорияларын, табиғи жолмен болатын төтенше жағдайларын оқыту.
Осы Қазақстанның физикалық географиялық ерекшеліктерімен студенттер толықтай танысып, меңгеріп шығу қажет.
Өткізілген сабаққа талдау
2019 жылдың 11 қарашасы мен 29 қарашасы аралығында экология және география кафедрасында ғылыми-педагогикалық іс-тәжірибеден өттім. Аталған мерзім ішінде өзіме бекітілген 5В011600 «География» мамандығының 2 курс студенттеріне «Қазақстанның физикалық географиясы» пәні бойынша 2 дәріс, 2 тәжірибелік сабақ және 1 ашық тәрбие сағатын жүргіздім. Сабақ барысында АКТ, сын тұрғысынан ойлау, оқытудың 7 модулі сынды жаңа технологияларды пайдаландым. Бұл технологиялар студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.
Дәріс
Қазақстан территориясының геологиялық және тектоникалық құрылымы.
Жер бедері. Пайдалы қазбалары.
Мақсаты: Қазақстанныі геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын, жер бедерінің ерекшеліктерін, пайдалы қазбалары, тектоникалық аудандарын түсіндіру.
Өткізу түрі: дәріс
Дәріс барысында қаралатын сұрақтар:
1. Палеозойға дейінгі тау жыныстар, шөгінді және магмалық тау жыныстардың палеозой тобы;
2. Мезозой жыныстар, кайназой эрасаның шөгінділері, тектоникалық аудандар.
3 Жер бедері. Пайдалы қазбалары
1. Қазақстан Республикасының кең көлемді территориясы дамудың күрделі кезеңінен өтіп, геологиялық құрылысы ұзақ уақыт бойы қалыптасқан. Сондықтан оның геологиясын, тектоникалық құрылысын және пайдлалы қазбалары туралы ғылыми зерттеулер мен көптеген ғалымдар айналысты. Атап айтсақ, А. А. Абдулигн, А. Д. Архангельский, В. Ф. Беспалов, Р. А. Борукаев, Ш. И. Есенов, Н. Г. Кассин, Н. Н. Костенко, Г. Ц. Медоев, К. И. Сатпаев, Е. Д. Шлигин, Б. А. Федорович, А. А. Яншин және т. б.
Қазақстан амағы өзінің қалыптасу тарихында бірнеше геологиялық дамуы өте күрделі. Кез-келген аймақтың геологиялық құрылысы мен геологиялық жасы геохронологиялық кесте бойынша есептелінеді.
Геохронологиялық кесте дегеніміз (геох. кестені жаттау) - геологияда жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының пайда болған кезі мен ретін білдіретін уақыт бөліктерінің жүйесі.
Пайда болған кезеңдеріне қарай Қазақстандағы тау жыныстары әр түрлі топтарға бөлінеді. Олар:
Палеозойға дейінгі таужыныстар - бұлар қатпарлы құрылымдардың ішіндегі ең ежелгі шөгінділер болып есептелінеді. Қазақстан территориясында мрамор, кристалл тақтатастар, кварциттер түрінде Іле Алатауында, Талас Алатауында, Қаратау мен Шу-Іле тауаралық ойыстарында көптеп кездеседі. Олардың ең көп қабаттары Көкшетау мен Қазақтың ұсақ шоқысында (Сарыарқада) шоғырланған.
Шөгінді және магмалық тау жыныстардың палеозой тобы - бұлар көбінесе Мұғалжар, Қазақстың ұсақ шоқысы және Оңтүстік-Шығыс пен Шығыстағы тау жүйелерінде көптеп қалыптасқан. Төменгі палеозойдың жыныстары, яғни кембрий жыныстары (мен силур) әртүрлі әктастар, құмдауыттар және сазды тақтатастар түрінде Бозшакөл, Шыңғыстау, Қаратау мен Талас Алатуында (картадан табу) кездессе, силур шөгінділері Орталық Қазақстанда, Мұғалжарда, Балқаш маңы мен Тянь-Шаньда таралған. Төменгі палеозойдың интрузивті жыныстары шоғырланған жерлерде бірте-бірте хромит пен никель сияқты рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады. (Мысалы, Мұғалжардың Оңтүстік бөлігі) Орта палеозой жыныстары литологиялық құрамына қарай әртүрлі болып келеді. Тянь-Шаньда, Мұғалжарда, Жоңғар Алатауында дөңбек тастар, қиыршық және малтатас пен әктастар түрінде кездеседі.
Жоғары палеозойдың шөгінділері Орталық Қазақстанда, Оңтүстік Балқаш маңында, Арал маңы мен Зайсан ойыстарында қызғылт түсті құмдар мен тақтатастар түрінде тараған. Карбон дәуірінде Солтүстік Тянь- Шань, Алтай, Тарбағатай, Мұғалжар таулары мен Сарыарқада мыс, қорғасын, темір, марганец, қалайы, вольфрам, сурьма, молибден және алтын рудаларының пайда болып қалыптасқан.
Пермь шөгінділері Қазақстан бойынша өте сирек тараған. Олар тек қана Орал-Ембі ауданы мен Маңғышлақ түбегіндегі Қаратау жотасында құмдар мен сазды мергель түрінде таралған. Мергель деп - құрамы саз карбонат қосылысынан тұратын тау жынысы, түсі ақшылдау болып келеді, цемент өндіру үшін шикізат ретінде қолданылады.
2. Мезозой жыныстары (MZ) . MZ эрасы триас, юра, бор болып 3 дәуірге бөлінеді. Қазақстанда PZ (палеозой) жыныстарына қарағанда MZ жыныстары сирек тараған. Себебі - мезозой кезеңінде денудация процестері басым болған.
Денудациялық процес - тау жыныстарының үгіліп, пайда болған үгінділердің биік жерлерден су, жел, мұздардың әрекетінен сырғып ойыс жерлерге шөгуін айтамыз. Триас дәуірінің теңіздік шөгінділері Маңғышлақта қалыптасса, юра дәуірінің қызыл түсті құмдары және құрамында көмірі бар тақтатастар Іле ойпатында, Маңғышлақтағы Қаратауда, Торғай ойысында кездеседі. Бор дәуірінің шөгінділері Іле ойпаты мен зайсанда құрғақ құмдар түрінде табылған.
Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі Қаратау жоталарында бор шөгінділері құмдар мен қиыршық тастар түрінде қалыптасып, сол өңірлерде фосфариттердің кен орындары пайда болған.
Кайназой (KZ) эрасының шөгінділері - бұлардың бір ерекшелігі Қазақстанның барлық территориясында кездеседі. Бұл жыныстардың литологиялық құрамы өте болғандықтан 3 кешенге бөлінеді: палеоген, неоген, төрттік шөгінділер.
Палеоген шөгінділері мергельді және гипсті қызыл саздардан, құмдар мен алвриттерден тұрып көбінесе тауаралық Шу, Іле және Зайсан ойыстарында кездеседі. Палеогеннің қызыл түсті балшықтарының қалыңдығы Солтүстік Тянь-Шаньның шығысы мен Жоңғар Алатауының тау бөктерінде 100 м-ден асады.
Неоген шөгінділері палеоген жыныстарының бетінен қалыптасады да, құба түсті болып келеді, құрамында саз, ұсақ тасты конгломераттар, гравелиттер болады. Іле Алатауының шығыс бөлігі мен Кетпен қыраттарында неоген шөгінділерінің қалыңдығы 150-170 м жетеді.
Қазақстан территориясында палеоген және неоген жыныстарымен бірге ең жас төрттік шөгінділерде бар, олар генетикалық құрамдарына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: теңіздік, аллювиалдық, пролювиалдық, көлдік, өзендік, мұздықтық және эолдық .
Теңіздік шөгінділер Каспий маңы ойпатында, Қарақұмда және Торғай үстірттері нде жайғасса, пролювиалдық шөгінділер тау беткейінің төменгі бөліктерінде, ал аллювиалдық - көлдік және өзендік шөгінділер Қазақстан территориясындағы барлық ірі қазаншұңқырларда етек жайған.
Мұздық шөгінділер мореналық және мұзды жыныстар түрінде Алтай, Жоңғар Алатауы, Солтүстік Тянь-Шаньның биік беткейлерінде пайда болып механикалық құрамында дөңбек тастар мен малта тастар болады, мысалы, Іле Алатауында 1800м биіктікте мұздық жыныстар кездесіп, олардың қалыңдықтары 25 м-г жетеді.
Эолдық шөгінділер дегеніміз - желдің соғуы нәтижесінде құмдардың бір жерге шоғырлануынан пайда болған жыныстар.
Тау жыныстарының пайда болуы мен таралу ерекшеліктеріне қарай Қазақстан территориясы бірнеше тектоникалық аудандарға бөлінген: Шығыс-Европа платформасы.
Орал-Монғол қатпарлы белдеуі (1-сурет. Қазақстанның Орал-маңғол қатпарлы белдеміне тиесілі бөлігін тектоникалық аудандастыру сұлбасы (В. Ф. Беспалов бойынша-қосымшада) .
Шығыс-Европа платформасы - оған Каспий маңы ойпаты кіреді. Бұл аймақ қалыптасуының бастапқы кезеңінде фундаменттің толқу салдарынан бірнеше блоктарға бөлінген. Мұндағы биіктік және PZ жыныстардың қалыңдығы 13 км-ге жетті.
Орал-Монғол қатпарлы белдеуі - Оралдың оңтүстігі, Тянь-Шаньның оңтүстік, Қазақтың қатпарлы өлкесін және Алтай, Саян қатпарлы елдерін қамтиды. Орал қатпарлы жүйесі Үстіртпен Арал теңізінің солтүстігінде Орыс плитасына ұласып, протерозой мен палеозой шөгінділерінен құралады.
Герциндік қатпарлы белдеудегі Маңғыстау жүйесіне батыстағы Қаратау, Орталық Каспий, Қарабұғаз көтерілімдері жатады. Ал, палеозой қатпарлық құрылымындағы Қазақтың ұсақ шоқысына Торғай, Сарыназ (Орталық Қазақстанда), Ұлытау, Мойынқұм, Ақбастау (Орталықта), Баянауыл, Ерейментау және Шығыс Тарбағатай жатады. Алтай -Саян қатпарлы өлкесіне Кенді Алтай тау жүйесі жатады, ол Ертіс арқалы өтіп, көбінесе ордовик, карбон, силур шөгінділерімен көмкерілген. Қазақстандағы ең ірі Тұран плитасына Арал және Каспий теңіздеріне іргелес жатқан Үстірт, Маңғыстау Қарақұм, Қызылқұм және оңтүстік Торғай жатады.
Әрбір қатпарлы құрылымдар, облыстар және өлкелер ерекше геологиялық кезеңдерден өтіп, сол кезеңге сай тау жыныстарымен көмкерілген. Атап айтсақ, PZ -ңкембриінде вулканогендік процестер мен базальтты шөгінділердің қалыптасуы болып өтсе, родовикте жаңа көтерілемдер пайда болған граниттер түзілген. Девонда теңіздердің алабтары көмкеріліп, каледондық тауларда бұзылу процестері басым болды. Ал MZ-да Қазақстанның Шығыс бөлігінің көпшілік жері континеттік массив болып, карбонатты мергелдер түзіледі.
Неогеннің ішінде Қазақстан территориясын құрлыққа айналып, құмды-сазды теңіз шөгінділері тек Каспий маңы ауданы мен шекттеледі. Бұл кезде Сарыарқаның темірлі- марганицті, тұзды жыныстары жинала бастады.
KZ-ң соңғы кезеңдерінде Қазақстанның таулы аудандары күмбезді көтерілімдерге шалынып, тау бөктерлерінде ысырылып конустары пайда болды. Онда лесс тәрізді саздақтар шөккен. Қазақстан территориясында 4 рет теңіз трансгрессия жүріп өтті (Хазар, Хвасин, Баку және Каспий) . Соның әсерінен Шөлді аудандардың көлдерінде сульфат, сода, ас тұзы тұнған.
Сонымен, кезеңдер бойынша нақты сипаттама бере кетсек:
Палеозойға дейінгі кезең. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша Қазақстан территориясында архей және төменгі протерозой құрылымдары кездеспейді. Сондықтан, ежелгі қабаттың төменгі шекарасы жоғарғы протерозой шегінде көрінбейді. Антициклонерилік құрылымдардың осьтік бөлігінде қалыптасқан және кристалл тақтатастар мен гнейстерге айналған ежелгі тау жыныстары Қазақстанның көптеген аудандарында дамыған.
Протерозой тау жыныстары көбінесе Мұғалжар тауы мен Торғай ойысының батыс қақпасында тараған. Кембрийге дейінгі шөгінді тау жыныстары Көкшетау, Ұлытау, Қарсақпай, Шыңғыстау жоталары мен Атасу - Мойынты су айрығы мен Балқаш маңының шығысында қалыптасқан. Жоғарғы протерозой құрылымдары Ерейментау мен Баянауыл тауларында, ал ежелгі метаморфтықты шөгінділер солтүстік Тянь-Шань антиклинорилерінің осьтік бөліктерінде қалыптасқан.
Палеозой кезеңі. Геологиялық палеозой кезеңінде Қазақстан территориясында құрылымдық-тектоникалық белгілер байқалады. Палеозойдың бас кезінде Қазақстан территориясында теңіздік геосинклинальдық жағдайлар басым болды., яғни жер қабатында шөгінділердің жиналуы мен үгілу процестері жүріп отырса, жер қабығы учаскелерінің шекараларында опырылмалар пайда болып, олар арқылы жер бетіне вулкагндық шөгінділер шығып отырады.
Мезозой кезеңі. Қазақстан жерінің даму тарихындағы мезозой кезеңінде көптеген геологиялық құрылыстар болып өткен., яғни триаста ауданы қысқара түсті. Бірақ Қазақстанның батысындағы Орал-Ембі платформалық аймағы теңіз түбіне батты. Триастағы теңіздік шөгінділер Маңғыстау Қаратауының антиклинорий зонасында, Басқұншақ көлдерінің жағалауында пайда болған.
Кайнозой кезеңі. Кайнозой кезеңінің басты ерекшелігі - оның шөгінділері Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседлі. Олардың литологиялық құрамы күрделі болғандықтан 3 кешенге бөлінеді: палеоген, неоген, және төрттік.
Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
3. Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.
Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т. б. ) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.
1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдык ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.
Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді.
Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т. б. кен орындары жатады.
Мұнай мен газдың молқоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңғыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республиканың жылына (2005 ж. ) шамамен 50, 2 млн мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4, 8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.
Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд тоннаға жетті. Республика 90-жылдардың аяғына қарай жылына 90 млн т. көмір өндіреді. Ғалымдардың жобалауы бойынша жылына 140 млн т. өндірілсе еліміздегі көмір қоры 250 жылға жетеді. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.
Қазіргі кезде Қарағанды алабы 3600 км 2 жерді алып жатыр. Бұл Қазақстанның негізгі көмір базасы. Қарағанды көмірі кокстелетіндіктен сапасы өте жоғары. Тас көмірдің 80 кабаты анықталған, олардың жалпы қалыңдығы 120 м. Көмірдің барланған жалпы қоры 60 млрд т.
Маңызы жағынан екінші орынды Екібастұз көмір алабы алады. Бұл алап Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығы аралығында орналасқан. Павлодар облысында ауданы 160 км 2 , қазып алынатын көмір қабатының қалыңдығы 150 м. ашық әдіспен өндірілетін болғандықтан, еліміздегі көмірдің ең арзаны болып табылады. Дүние жүзіндегі ең ірі «Алып» кенішінде жылына 36 млн т. көмір өндіріледі. Соңғы кезде Майкүбі (Павлодар облысы) және Торғай (Обаған) көмір алаптарын игеру басталып, сондай-ақ Екібастұз көмір алабының «Алып», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде кайта құру, кайта жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Экзогендік кен орындары басым таралған. Елімізде уранның 100-ге жуык кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңғыстау түбегінде кездеседі. Барланған қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Қазақстанда бүкіл ТМД жерінде өте қуатты урна минералдық базасы бар.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Геохронологиялық кестеге сүйене отырып Қазақстанның тектоникалық аудандарын кескін картаға аудандастырып түсіріңіз.
2. Кайназой (KZ) эрасының шөгінділерінің ерекшеліктерін түсіндіру.
3. Қазақстанның пайдалы қазбаларын кескін картаға түсіріп сипаттама беріңіз.
Тақырып бойынша жетекші ұғымдар
Геохронологиялық кесте, Кайназой (KZ) Мезозой (MZ), Палеозой, Протерозой, Пайдалы қазба т. б
Зерделеу үшін әдебиет
Негізгі:
- Б. Асубаев, Г. Сүлейменова, К. Ысқақова, С. Көбенқұлова «Қазақстанның физикалық географиясы» /Оқыту әдістемесі/ А., 2004 ж.
- Физическая география Казахстана. Под ред. А. А. Науменко. Алматы, КазНУ, 2009.
- Физическая география Республики Казахстан. Под ред К. М. Джаналеевой. Алма-Ата, 1998.
- Бейсенова Ә. С. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. -А., Рауан. 1990.
- Горбунов А. П. Природа Казахстана: история познания. Алматы, 2011.
- Молдағұлов, Н. . Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. - Алматы, 1994
- Леонтьев О. К. . Рычагов Г. И. Общая геоморфология. М. : Высш. шк., 1988.
Қосымша:
1. Неклюкова, Н. П. . Жалпы жер тану. - Алматы, 1980
2. Мұқашева, Ж. Н. . Жалпы жер тану. - Алматы, 2007
3. Вильямс В. Р. Топырақтану. Егіншілік, -А., 1954. Қаз. ауд. Бияшев А. Б.
4. Мұқашева, Ж. Н. . Антропогендік ландшафтану. - Алматы, 2004
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық атласы. Алматы, 2006.
6. Құсаинов С. А. Жалпы геоморфология. -А., Қазақ университеті. 292 б.
7. http. //www. geographvabout. com - образовательный портал «Все о географии».
8. http:/7www. worldwatch. org-сайт Института всемирных наблюдений (worldwatch Institute) .
9. http; //www. wri. org- сайт института мировых ресурсов (World resours Institute) .
10. http://www. wto. org - сайт Всемирной торговой организации - ВТО (The World Trade Organisation - WTO) .
Сабаққа психологиялық талдау
Күні: 18. 11. 2019 ж.
Уақыты: 11:50
- Сабақтың құрылымы.
- Тақырыбы:Қазақстанның ішкі сулары. Ішкі сулардың таралуындағы негізгі заңдылықтар мен ерекшеліктері
Мақсаты: Қазақстанның ішкі сулары. Ішкі сулардың таралуындағы негізгі заңдылықтар мен ерекшеліктерін түсіндіру.
- Сабақтың құрылымы және оның маңызы. Дәріс сабақтың ұйымдастыру кезеңі өткізілді. Студенттер тақырып бойынша қысқаша конспект жазды. Бекіту кезеңінде магистрант брейн-ринг ойнын өткізді. Семинар сабаққа дәріс бойынша бақылау сұрақтарын қарастыру берілді.
- Сабақтың мазмұнына педагогиялық баға беру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz