Безді эпителий



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жезқазған қаласының жоғары медициналық колледжі

Реферат
Эпителий тіні

Орындаған: 125 ЛД тобының студенті
Балабиева Р.Т.

Жезқазған, 2020 жыл

Жоспар
Кіріспе
Алғашқы ұлпалар пайда болуы туралы теориялар (болжамдар)
Эпителийдің классификациясы
Функциялық классификация
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Эпителий (лат. Epithelium, грек. ἐPIι- -- жоғары- и θηλή - емшек үрпі) -- жануар денесіндегі төрт ұлппаның бірі, қалған үшеуі Дәнекер ұлпасы, Бұлшықет ұлпасы және нерв ұлпасы. Эпителий ұлпалары ағзалар мен бүкіл денедегі қан тамырлардың сыртқы беттерінде тізіледі, сондай-ақ көптеген ішкі ағзалардағы қуыстардың ішкі беттерінде тізіледі. Бір мысал эпидермис - ол терінің ең сыртқы қабаты.
Эпителий жасушасының үш негізгі формасы бар: Қабыршақты (squamous), бағаналы (columnar) және төртбұрышты (cuboidal).
Эпителиальды қабаттарда қан тамырлар болмайды, сондықтан олар негізінен терең қабаттағы дәнекер ұлпасынан заттардың кеңеюі арқылы, сондай-ақ негізгі мембрана арқылы азықтанады. жасушалар түйісімі эпителий ұлпаларында жақсы жұмыс істейді.
Эпителий ұлпасы өзінің атауын гректің екі сөзінен эпи-үсті және телий-еміздікше деген ұғымдардан тұрады. Дәнекер ұлпалар еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, Бұл терминді алғаш рет Рюйеш қолданған.
Эпителий ұлпасы (epithelium), дененің сыртқы бетін, куыс органдардың ішкі бетін (ішектің, асқазанның, қуықтың) және ағзаның секрет бездерін алып жатады.
Эпителий-шекаралық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы ортаның аралығында жатады. Эпителий арқылы организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасу жүреді.

Алғашқы ұлпалар пайда болуы туралы теориялар (болжамдар)
Бірінші ұлпалар пайда болу жайында екі үлкен мағлұматтар қаралады:
Гастрей теориясы (бұның авторы Геккель). Бұл теория бойынша көп жасушалы ағза-бластея - бір жасушалы эпителий жасушаларынан пайда болды деген ұғым берді. Талшықтары бар жасушалар тобы ағзаның қимыл қызметін атқарса, ал баска жасушалар тобы қоректік қызмет атқарады. Инвагинация процесі арқылы екі клетка тобы - екі қабатты - гастрея болып саналады. Сыртқы қабаты - эктодерма жабынды эпителийде, ал эктодерма - бірінші ішек қабатын құрайды.
Екінші теориясы Мечниковтың фагоцетелла теориясы. Бұл ұғым бойынша көп жасушалы ағза біртектес жасушалардан тұрды, дейді - олар екі түрлі қызмет атқарады. Сыртқы жасушалардың талшықтары болады, олар үсақ ас түйіршіктерінен фагоцитоз арқылы қоректенеді, ал жасушалар бірте-бірте талшықтарын жоғалтып, амебоид пішінді болып жануарлардың ішкі кабатына кіреді де, ас қорыту сонда аяқталды, сөйтіп, сыртқы жасушалар - кинобласт, ішкі жасушалар - фагоцитобласт. Осыдан барып жабынды эпителий және ішкі орта ұлпалары пайда болады.
Заварзиннің айтуы бойынша ұлпалар эволюция процесінде ағзаға бағынады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Эпителий ұлпасына жалпы сипаттама

Безді ұлпадағы секреция формалары

Дене бездерінің әртүрлі сипаттамалары
Эпителий ұлпасы өзінің атауын гректің екі сөзінен эпи-үсті және телий-еміздікше деген ұғымдардан тұрады. Дәнекер ұлпалар еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, Бұл терминді алғаш рет Рюйеш қолданған.
Эпителий ұлпасы (epithelium), дененің сыртқы бетін, куыс органдардың ішкі бетін (ішектің, асқазанның, қуықтың) және ағзаның секрет бездерін алып жатады.
Эпителий-шекаралық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы ортаның аралығында жатады. Эпителий арқылы организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасу жүреді.
Ішек эпителийі арқылы қоректік заттар, ақуыз, майлар, углеводтар қан мен лимфаға беріледі, олар арқылы ағзаға таралады, қоректік заттар энергия көзі болып табылады. Көп уақытта ағзадан сыртқы ортаға әртүрлі продуктылар (заттар) сыртқа шығарылып отырады. Мысалы: көміртегі-өкпеден сыртқа шығады, несеп, несепқышқылы бүйрек арқылы сыртқа шығады. Эпителий шекарада түрғандықтан қорғаныш қызметін атқарады. Ол ағнаны химиялық, механикалық және басқа да әрекеттерден сақтап тұрады, микроб, улы заттарды өткізбейді.
Секрет шығаратын бездердің эпителий ұлпасы маңызды қызмет атқарады, өйткені олар секрет шығарып отырады, ол секрет бүкіл ағзадағы зат алмасу процесінің дүрыс жүруін қамтамасыз етеді. Мысалға, асқазан бөлетін сөл оны химиялық және механикалық өзгерістерден сактайды, ішек эпителиі шығаратын фермент ас қорту процесінде үлкен роль атқарады.
Қалқан безі (щитовидная железа) шағаратын гормон жалпы ағзадағы алмасу процесін реттейді.
Шығу тегі және аткаратын қызметіне байланысты эпителийдің құрылысы әртүрлі болады, бірақ та эпителий ұлпасының басқа ұлпадан ерекшелігі болады. Бұл ерекшелігі оның шекаралық жағдайына және аткаратын қызметіне байланысты. Эпителий ұлпасы жасуша пластысын құрайды. Эпителий базальды мембранада жатады, оның астында борпылдақ дәнекер ұлпасы жатады. Оларда кан тамырлары болмайды, ал қоректік затты базальды мембрана арқылы алады. Эпиталий ұлпасы жасушалардан - эпителиоциттерден тұрады.
Эпителийдің басқа ұлпалардан айыратын, жалпы белгілері болады.
Эпителий ағнаны сыртқы және ішкі ортадан бөліп тұратын және олармен байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа. Ішектің куысы, асқазанның, бүйректің жыныс органдардың қуыстарын эпителий ұлпасы астарлап жатады және периқордиаль, превраль және кұрсак бөлімдерін бөліп тұрады. Эпителий ұлпасының негізгі бір ерекшелігі шекаралық қызметі. Осы қызметіне байланысты эпителий ұлпасының құрамындағы жасуша элементтері әртүрлі болады.
Эпителийдің жасушалар кабат құрап, үлкен бетті алып орналасады. Қабат түзіп орналасуына байланысты эпителий қорғаныштық қызмет атқарады.
Эпителий ұлпасының негізгі массасын жасушалар құрайды. Бұл эволюция барысында калыптаскан касиет. Себебі регенирация жасау үшін және ол неғұрлым тез жүру үшін ұлпа жасушаларға бай болу керек. Эпителий түрлі қорғаныштық құрылымдарды (кутикула, хитин, бақалшақ) құрайды. Бұл құрылымдардың барлығы эпителий ұлпасының құрамындағы жасушалардың қызметіне байланысты.
Эпителиалдық жасушалардың құрылысы полярлы келеді. Базальдық және апикальдық бөліктері құрылысы мен қызметі жағынан бірдей болмайды. Мысалы, ішектің эпителиалдық жасушаларының апикалық бетінде микробүрлер болады, ішкі торлы аппарат ядроның үстіңгі аймағында орналасқан, ол жасушалардың базальдық бөліктерінде микробүрлер мен торлы аппараттың элементтері болмайды. Эпителий жасушаларының полярлы болуы оларды шекарада орналасуына байланысты.
Эпителий базальдық мембрананың үстінде жатады. Базальдық мембрана эпителий жасушалары мен оның астындағы дәнекер жасушаларының тіршілік әрекеттерінің әсерінен пайда болады және осы екі ұлпаны, бір жағынан бір- бірінен бөліп, екінші жағынан оларды біріктіріп біртұтас комплекс құрайды. Эпителийдің қоректену базальдық мембрана арқылы диффузиялық жолмен қамтамасыз етіледі. Осы жерде, эпителийде кан мен лимфа тамырларының болмайтынын, ал жүйке талшықтарының көп болатынын ескеру кажет.
Эпителийдің негізгі қызметі өзінің астында орналасқан дәнекер ұлпасын қорғау. Сонымен қатар кейбір жағдайларда белгілі эпителиалдық жасушалар секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Морфологиялық классификация
Эпителийдің құрылыс ерекшелігіне негізделген. Бұл классификация бойынша эпителийлерді бір кабатты және көп қабатты деп бөледі. Бір кабатты эпителий бір қатарлы және көп қатарлы болып бөлінеді. Эпителийлерді жасушаларының пішініне қарай жалпақ, куб пішінді, цилиндр тәрізді деп ажыратады. Онто және филогенетикалық классификация. Эпителийлер классификация-сының бұл түрін олардың белгілі бір ұрық жапырақшадан шығу тегін еске алып Н.Г. Хлопин үсынған. Ол эпителиийлердің төмендегі типтерін ажыраткан:
Эктодермадан пайда болатын эпидермалық эпителий (жабындылық эпителий, тері бездері, ауыз қуысының эпителийі, сілекей бездері);
Энтодермадан пайда болатын энтодермалық эпителий (ішектің, бауырдың, ұйқы безінің эпителийлері);
Мезодермадан пайда болатын цело-нефродермалық эпителий (жыныс бездерінің, бүйректің, эпителий мен мезотелий);
Нерв түтігінің бастамасынан дамитын эпендимо-глиялық эпителий (эпендимо);
Мезенхимадан тұзілетін эндотелий. Эпителийдің соңғы екі түрінің зерттеушілердің көпшілігі эпителийлер қтарына жатқызбайды. Жүлын каналы мен ми карыншаларының астары-эпендиманы-жүйке ұлпасына, ал кан тамырларының астары-эндотелийді дәнекер ұлпасына жатқызуды орынды деп санайды.
Функциялық классификация
Жануарлардың көпшілігінде эпителийдің мына типтерін ажыратуға болады.
Жабынды тері эпителийі;
Кілегей кабықшаларының эпителийі;
Дененің екінші куысын астарлап тұратын серозалық кабықшаларының эпителийі (плевралық, перикардиалық және күрсақ куысының);
Ішкі органдардың перинхимасының эпителийлі (альвеолалық, бүйрек эпителийі, гонадалар мен бездердің эпителийі т.б.).
Целомдық эпителийі
Эпителийдің бұл түрі, адам мен сүтқоректілердің өкпе альвеолаларының, серозалық куыстардың және серозалық кабықшалардың беттерін астарлап тұрады. Серозалық кабықшалар мен куыстар эпителийінің целомдық деп аталады. Мезотелий - Жалпақ жасушалардың жұқа кабаты. Клеткаларының жиегі тегіс болмай, ирек-ирек болып келеді. Олардың кей бірі екі немесе үш ядролы. Электрондық микроскопиялық зерттеу мезотелий жасушаларының бетінде микробүрлердің болатынын анықтады. Мезотелий шын мағынасындағы эпителий қатарына жатпайды. Мезотелий жасушаларының фагоцитоздық қабілеті бар. Мезотелий дене куысы мен ұлпалар арасында сероза - гематолимфалық тоскауыл тұзуге қатысады. Ішкі мүшелер бірімен-бірі қосылып, бітісіп - жабысып калмауына және олардың орнын ауыстырып козғалуына мезотелий колайлы жағдай туғызады.

Ac қазанның шырышты эпителийі
Омыртқалы жануарлардың ас қорту жүйесінің алдыңғы бөлімінің эпителийі жақсы зерттелген. Өңештің эпителийінің кұрлысы оның тек қана жапырақшадан пайда болуында ғана емес, жануарлардың қандай тамақпен тамақтануына да байланысты.
Адамдарда және сүтқоректілерде өңештің эпителийі көп қабатты болып келеді. Сыртқы кабаты кейбір жануарларда мысалы жыртқыштарда мүйізделеді, ол қатты тағамдармен тамактануына байланысты. Базальді кабатында толық қалыптаспаған клеткалар кездеседі. Негізінде Бұл эпителий тері эпителийіне морфология жағынан өте ұқсас келеді.
Қүстарда өңеш эпителийі көп кабатты болып келеді. Көбінесе шырышты- талшықты. Бауырмен жорғалаушылар да (рептилийде) жабынды эпителийден айырмашылығы бар. Бұлар негізінде көп кабатты кейде көп катпарлы призма тәрізді эпителийден құралады. Олардың Құрамында шырышты эпителий көп кездеседі.
Амфибийде және кейбір балықтарда (бекіреде) өңештің эпителийі көп қатарлы, шырышты, талшықты. Салыстырмалы гистологиялық зерттеулер Бұлардың бэрі энтодермадан пайда болғанын көрсетеді. Филогенезде және онтогенезде эпителий бір қабатты негізгі ішектен пайда болды.

Ішектің шырышты эпителийі
Жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда ас ішектің шырышты эпителийінің апикальді бетінде ворсинкалар (бүртіктер) кездеседі. Ворсинкалар мен крипталар тереңірек орналасқан. Ворсинкалар мен крипталар бір қабатты энтероциттер орналасқан. Энтероциттер өздерінің бөлінуінің аркасында жоғары варсиика жағына шығады.
Энтероциттер өздерінің бөлінуінің аркасында жоғары варсиика жағына шығады.
Эпителий кабатында энтероциттерден баска бокал тәрізді без жасушасы, эпторождокринді жасушалар болады. Адамда және көміргіш отрядтарында пищеристый жасушалар кездеседі.Суда жүзетін күстарда ерекше осмос реттейтін құрылым болады, солевые железы тұзды бездер және ректальді бездер мысалы акулада кездеседі.

Бүйрек эпителийі
Бүйрек ыдырау процесінде пайда болған керексіз заттарды ағзадан шығарып қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады. Бүйректің іші біртекті күрлыстан келген нефрондардан тұрады. Олардың саны 2млн-ға дейін барады. Осы нефрондар арқылы қаннан несеп бөлініп шығады. Нефронның қүрлысына келсек, ол капилляр шумағын орап жатқан капсуладан басталады. Капсула мен капилляр шумағын бүйрек денешігі деп атайды. Капсула қос қабырғалы тостақанша тәрізді. Оның капилляр шумағына тығыз байланысқан ішкі кабырғасы мен сыртқы кабырғасының арасында саңлау кеңістігі жатады. Осы кеңістікте каннан сүзіліп шыққан сқйықтық жиналады.
Фильтрация және реабсорбцияЖоғары дәрежеде маманданған бүйрек эпителийі шығару және осмос реттеуші эпителий болып саналады (тұздардың тұрақтылығын сақтайды) мұнда сүзу, реабсорбция және секреция процестері жүреді. Әртүрлі тұзды суда өмір сүретін жануарларда осмос реттеуші эпителий үлкен роль атқарады.

Безді эпителий
Ең ерте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Безді эпителийдің экзо және эндокринді бездердің құрамында мамандану
Безді эпителий ұлпасы
Эпителиалды тіндер
Рак - эпителий тканінен өсетін қатерлі ісік
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу туралы мәлімет
Эмбрионалдық даму жолы және шығу тегі
Жатыр мойны эрозиясы туралы
Құйрықты амфибиялар өкпесінің гистологиялық құрылысы
Адам ағзасына радиацияның кері әсері
Органдар биохимиясы туралы ақпарат
Пәндер