Қанның ұюы сызбанұсқасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі
Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биотехнология және микробиология кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Қанның ұюы.Қанның ұю факторлары

Дайындаған:Таңатар Ә.М
Тобы: БТ-393
Тексерген: Базарбаева Қ.Ж

Нұр-Сұлтан,2020 жыл

Мазмұны:
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2. Негізгі бөлім
2.1.Қанның ұюы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2.Плазмалық қан ұйытатын факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...5
2.3.Тамырдағы тромбоциттік гемостаз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.4.Коагуляциялық гемостаз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.5.Антикоагулянттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.6.Қан ұюының реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

Кіріспе:
Қан , лимфа және клеткааралық ( интерстициялық ) сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды . Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық , химиялық , биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт , тек осы тұрақты лықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады . Адамның солтүстік полюс суығын да да , оңтүстіктің шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты . Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологi Клод Бернар еді . Организмнің ішкі сұйықтық ортасының салыс тырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет , деп мәлім деді ол 1878 жылы . 1929 ж . америка физиологi В. Кэннон ішкі ортаның , организмнің басты - басты биологиялық көрсеткіштерінің ( константалардың ) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гоме . остаз деген жаңа термин ұсынды . Гомеостаз , деп қан көлемі мен құрамының және физикалық , химиялық , биологиялық қаси еттерінің тұрақтылығы , яғни барлық биологиялық константалар ды ( артериялық қан қысымы , дене температурасы т . т . ) айтады . Клеткалардың тіршілігіне байланысты және олардың айна ладағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым - қатынас сауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады . Бірақ бүйрек , тер бездері , өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында , сондай - ақ денедегі арнайы меха низмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды . Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстыр малы және динамикалық гомеостаз тән . Қан жан - жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйық тық . Жарақаттану , салдарынан қанның 25 -- 30 % сыртқа : ағып кетсе , тіршілікке қауіп төнеді , ал 50 % ағып кетсе өледі . Қан та мырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы баяуласа адам өлуі мүмкін . Мыєалы , денедегі кейбір клеткалар , әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса , 5 -- 6 минуттан кейін бұзыла бастайды . Қанның негізгі функциялары : 1 ) Тіршілікке қажет заттарды , клеткаларға , тканьдерге жет кізеді , ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып оты рады ( тасымалдау қызметі ) . 2 ) Оттегін өкпеден тканьдерге , клеткалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді ( тыныс алу қызметі ) . 3 ) Ішек - қарыннан қоректік заттарды , витаминдерді , су мен тұздарды ( минералдарды ) тканьдерге жеткізеді ( трофикалық Яғни қоректендіру қызметі ) . 4 ) Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді , мәселен , адам денесіндегі уытты заттар , азот қалдықтарын тканьдерден бүйрекке , өкпеге , тер бездеріне , ішекке апарады . Сөйтіп оларды шығарып тастайды ( экскреторлық қызмет ) . 5 ) Қан клеткалары ( лейкоциттер ) , плазмадағы антиденелер денеге енген микробтарды , вирустарды , табиғаты жат , улы зат тарды бейтараптап , зиянсыздайды ( қорғаныс қызметі).

Негізгі бөлім
2.1.Қанның ұюы.
Ұю - қанның биологиялық қасиеті , қорғаныс қызметінің бір түрі . Осы қасиеттің арқасында қанның сыртқа шығуы ( қан кету ) тоқтайды . Мұны гемостаз ( грек . haemo . қан , stasis тоқтау ) , Яғни қан тоқтау дейді . Бұл өте жиі әрі кең мағынада қолданыла тын сөз . Гемостаз деп қанның сұйық қалпын және эндотелийдің бүтіндігін , тамырдағы қан ағысының сақталуын , сондай - ақ сыр тына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық процестерді ай тады . Ұйыған кезде қан қойылып , тромбыға айналады . Тромб қан тамырының жарасын бiтейді де , сыртқа қан кетуін тоқтатады . Қа ны ұйымайтын адамдар да болады . Бұл ауру -- гемофилия деп аталады . Гемофилиясы бар адам қапелімде жарақаттана қалса , қаны тоқтамай өліп кетуі де мүмкін .
Қан ұюын көру үшін оны пробиркаға құйып , біраз уақыт бай қайды . Қан 2 -- 3 минуттен кейін қойылып , біртіндеп қоймалжың данған массаға айналады . Ұйыған қан бұрынғы сұйық күйіндегі көлемін сақтайды және ыдыстың формасын қайталайды . Ол төгіл мейді , аздан соң қатайып ұйындының көлемі кішірейеді . Ұйынды дан плазма түстес , сарғыш сұйық зат бөлініп шығады . Оны қан са рысуы ( сыворотка ) деп атайды . Оның плазмадан айырмашылы құрамында фибриноген болмайды . 10 -- 12 сағаттан кейін ұйынды нығыздалады . Қан сарсуы ұйындының жан - жағын қор шайды . Қанның ұйып нығыздалып айналасына сарысуының шығ уын ұйынды ретракциясы деп аталады . Бөлінген қан сарысуын басқа бір ыдысқа құйып алуға болады . Ұйындыны ағып тұрған суға ұстап жуса , формалы элементтер жуындымен бірге ағып ке теді де , қолда ақ түсті ұйысқан фибрин талшықтары ( белок ) қалады .
Ұйыған қанның құрылысын микроскоп арқылы қарау үшін заттық әйнекке бір тамшы қан тамызады да микроскоп астына қояды . Қараған кезде ең алдымен сұйық плазмада жүзіп жүрген жеке - жеке қан клеткалары көрінеді . 3-5 минуттан кейін плазма да жіп тәрізді жіңішке фибрин талшықтары ұйысып , торға айна лады . Тордың арасы қан клеткаларына толады да қан қойылып , тромб құрады . Сонымен жоғарыда келтірілген тәжірибелер қан ұйыған кезде фибрин жіптері пайда болатынын көрсетеді . Қанның ұюы барлық омыртқалы жануарларға тән құбылыс . Ұю меха низмі олардың бәрінде бірдей , бірақ ұю шапшандығы әртүрлі . Ересек адамның қаны 5 минут , жаңа туған нәресте қаны 8 -- 10 , иттікі -- 2,5 , шошқанiкi -- 3,5 , жылқынікі -- 11,5 мин , құс каны 30 сек ішінде ұйып болады т . т . Қанның ұю жылдамдығы қан ұйтатын заттардың санына , күшіне байланысты . Қанның ұюы туралы ілімнің негізін салған Юрьев ( Дерп , қазір Тарту ) университетінің профессоры Александр Шмидт ( 1872 -- 1895 ) . А. Шмидтше қан ұюы тромбин ферментінің қатысуымен өтетін процесс , Ұю барысында тромбин еритін фириногенді фибринге айналдырады . Кейін алуан деректермен толықтырылып , жаңа теориялық болжамдар жасалды . Қан ұюына қатысатын жаңа факторлар ( XIII плазмалық , 11 - тромбоциттік ) табылды . Бұл фактолрлардың қан ұюына қайсысы қалай қатысатыны , олардың орны туралы көптеген деректер жиналды , дәлелдемелер айтыл ды . Қан ұюы туралы ілімге үлкен үлес қосқан ғалымдар Могаwіts , Quik , В. А. Кудряшов , А. А. Маркосян т . т . Соңғы кез дегі мәліметтер бойынша қан ұюы 3 фазадан : а ) протромбинаҙа пайда болуы ; б ) тромбин пайда болуы ; в ) фибрин пайда болуы фазаларынан өтеді . Сондай - ақ алғашқы және соңғы фазалары анықталды . Алғашқы фазасы -- тромбоциттік гемостаз , ал соңғы фазасы -- ретракция ( нығыздалу ) мен фибринолиз ( ұйыған қан ның еруі ) .
Қан құрамында ұюды тездететін көптеген коагуляторлар , олардың асцелераторлары ( үдеткіштері ) , сондай - ақ қанды ұйыт пайтын антикоагулянттар бар . Мұнымен бірге коагулянттармен антикоагулянттардың Ингибиторлары ( белсенділігін төмендете тетін заттар ) болатыны дәлелденді . Гемостаз процесіне рим са нымен белгіленетін 13 плазмалық , 11 тромбоциттік факторлар мен бірге эритроциттермен лейкоциттерден бөлінетін заттар , сон дай - ақ қан тамырының кемересі - эндотелий қатысады . Жарақаттанған қан тамырының жуан жіңішкелігіне , ондағы қысымына қарай қан тоқтау 2 түрге бөлінеді . Соның бірі тамыр дағы тромбоциттік гемостаз -- тромбоцит пен қан тамыры қа бырғасының ішкі бетінің қасиеттеріне , ал екіншісі коагуля циялық гемостаз -- қан ұю жүйесін құратын плазмалық факторларға байланысты .

2.2.Плазмалық қан ұйытатын факторлар
Қан ұю мәселесі жөнін дегі халықаралық комитет қан ұйытушы плазмалық факторлар ды рим санымен белгілеу қажет деп тапты .
I- фактор-фибриноген-үлкен молекулалы глобулин , м.с . -- 340 000. Плазмада 0,3--0,4 % фибриноген бар . Қан ұйырда фибриноген зольден гелге айналып , ұйыған қан ның негізін құрады .
ІІ фактор протромбин гликопротеид ( гексоза , ацетил тексозаминнің қосындысы ) . Қ витаминінің қатысуымен бауыр клеткаларында түзіледі . Бұл -- пассивті фермент , қан ұюы кезін де белсенді тромбинге айналады .
ІІІ фактор -- тканьдік тромбопластин мен қан тромбопласти ні ( екеуі де фосфолипид ) -- клетка мембранасының құрамына кіреді . Тромбопластиндер протромбиназа түзілуіне қажет.
IV фактор -кальций ионы -- коагуляциялық , гемостаздық кезеңдердің үшеуіне де қатысады .
V -- VI факторлар проакцелерин және акцелерин глобу лин . Екеуін қосып акцелератор глобулин ( белсенді ) дейді . Екі фак тордың біреуі ( V ) белсенді , екіншісі ( V ) пассивті болғандық тан соңғысы көбінесе қолданылмайды .
VII фактор - проконвертин- Қ витаминнің қатысуымен бауырда жасалады , тканьдік протромбиназа түзілуіне қажет зат .
VIII фактор- антигемофилдік ( гемофилияға қарсы ) глобу лин А . АГГ жеткіліксіз болса , гемофилия А ауруы пайда бо лады . АГГ IX және Х факторлардың әсерін күшейтеді .
ІХ фактор-Кристмас факторы( аурудың аты )- антигемо филдік глобулин В . Бұл да K витаминнің қатысуымен бау ырда түзіледі . Іх фактордың жеткіліксіздігі гемофилия В ауруына әкеліп соғады .
Х фактор - Стюарт - Проуэр факторы ( аурудың аты ) , К витаминінің қатысуымен бауырда жасалады , тканьдік протром биназа мен қан протромбиназасы түзілуіне керек .
XI фактор тромбопластиннің плазмадағы негізі ( РТА ) ( plasma tromboplastin antecedent ) -- глобулин бауырда түзіледі , ол жеткіліксіз болса , гемофилия С ауруына әкеліп соғады .
XII фактор Хагеман факторы қан тамыры , клеткалары жарақаттанғанда әрекет етеді , ол үшін қан бұзылған клетканың бетімен түйісуі қажет . Сондықтан оны жанасу факторы дейді . Белсенді ХІІ фактор XI факторды белсендіріп , екеуі бірігіп комплекс құрады ( жанасу комплексі ) . XII фактор , сондай - ақ кал лекреин жүйесі мен фибринолизді де күшейтеді .
XIII фактор - фибринді тұрақты ететін фактор ( фибрина за ) -плазмада , тканьде және қан клеткаларында кездеседі , ері мейтін фибрин түзілуіне қажетті зат . Бұл фактор жеткіліксіз болса,жарақаттанудан болған жаралар көпке дейін жазылмайды.

2.3.Тамырдағы тромбоциттік гемостаз.
Бұл гемостаз қан қысымы төмен ең жіңішке қылтамырларда кездеседі . Тромбоциттік гемо стаз 5 кезеңнен тұрады .
1 -- қан тамырының рефлекстік жолмен уақытша тарылуы , үзілген ( жыртылған ) қан тамырын қандағы тромбоциттен босап шыққан серотонин мен адреналин тарылтады .
2 -- тромбоциттер жабысуы ( адгезиясы ) . Тамырдың жыртыл ған А ( үзілген ) жеріндегі оң зарядты , коллаген талшықтарына те ріс зарядты тромбоциттер жабысады да тромбоциттер үймесі бо лады . Бірақ бұл қанды ұзақ уақыт тоқтата алмайды .
3 -- тромбоциттер агрегациясы . Жыртылған , үзілген қан та мырынан , жарылған эритроциттен және тромбоциттен бөлініп шыққан АДФ , серотонин , адреналин әсерінен тез бұзылатын , на шар бекіrен , тек тромбоциттерден тұратын жұмсақ тығын пайда болады . Бұл тығын арқылы плазма ағып тұрады . Агрегация ме ханизмі әбден анықталмаған . Тромбоцит мембранасында АДФ , серотонин , адреналинге арналған рецепторлар болады , олармен химиялық заттар әрекеттесіп тез бұзылатын комплекс құрады деген болжамдар бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанның құрамы, физикалық-химиялық қасиеттері мен қызметі
Генетика ғылымы
Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау
Қан ұюы
Қан плазмасы
Жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметінің реттелуі
Қанның құрамы мен қасиеттері
Тромбоциттердің жалпы сипаттамасы
Қан алу, оның физикалық қасиеттерін анықтау
Қан физиологиясы
Пәндер