Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Экономика және құқық институты
Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасы

Қазақстан экономикасын басқару пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстанның аграрлық секторы:мәселелері және дамуы перспективалары

6В04139 (5В051000)- Мемлекеттік және жергілікті басқару

Орындаған:
ГМУ-18-3 топ студенті ТАӘ :Әлиакбарова Анар
Ғылыми жетекші оқытушы ТАӘ :Шайхисламова Г.Ш

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ..
1.1Аграрлық сектор мәні,сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 ҚР-сының агроөнеркәсіп кешенінің даму тенденциялары ... ... ... ... ... .. ... ...
2.2 Қызылорда облысы ауылшаруашылық экономикасының қазіргі кезеңіндегі жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шаралары ... ... ... ... ... ... .
3.2 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту мәселелері ... ... ... ... ... ... . ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы ерекше маңызды сала болғандықтан аграрлық салаға байланысты мәселе мемлекет саясатының стратегиялық маңызы бар бағыты болып табылады. Мемлекеттің аграрлық саясаты біріншіден республиканың байырғы тұрғындары - қазақ халқының тағдырына, өсіп - өркендеу және әлемдік өркениетке қосылу мәселелеріне қатысты шешуші рөл атқарады.Мемлекет жергілікті халықтың әлеуметтік экономикалық даму деңгейін қамтамасыз ету үшін,оның дәстүрлі,қалыптасқан ата кәсібі - мал және егін шаруашылықтарын, жалпы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға экономиканың басқа салаларына қарағанда артықшылық беруі қажет. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық-әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршамызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса,ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста.Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық - саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі.Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады.Ауыл шаруашылығындағы экономиканың қалыптасуы, агрокәсіпкерлік құрылымдарды қалыптастырып дамыту аз уақыт ішінде өзінің нәтижелерін беретіні, нарықтық жағдайға сай құрылған агроқұрылымдар өндірістік тиімділікті арттыру барысында құлдырап кеткен ауыл шаруашылығының экономикасын жақсаруына, аграрлық саладағы кәсіпкерлік жүйесіндегі шағын және орта бизнестік субъектілердің ұлғая бастағаны мысал бола алады.Ауылдық жерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын дамытуды емес,одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмыс жағдайын жақсарту олардың мықты өндірістік және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін болады.
Курстық жұмыстың мақсаты- ауыл шаруашылығы өндірісінің даму жағдайына талдау жасау негізінде, саланы мемлекеттік қолдауды экономикалық тұрғыдан негіздеу және қолдауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті- қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі басымдықтарды шешуді көздейді:
oo аграрлық өндірісті дамытуды және экономикалық механизм тұрақтылығының теориялық және әдіснамалық негізін дамыту;
oo Қазақстанның аграрлық секторын реттеудегі шет мемлекеттердің жұмыс істеу ерекшеліктерін пайдалану мүмкіншіліктерін анықтау;
oo экономикалық механизм тұрақтылығы мен аграрлық өндірістің дамуын анықтау;
-аграрлық секторды несиелеу тиімділігін анықтау әдісі.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы және Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өндірісі алынды.
Зерттеу пәні болып ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдауды экономикалық негіздеу барысында туындайтын мәселелер саналады.
Жұмыстың құрылымы:диплом кіріспеден,үш негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде ауыл шаруашылығының дамуын мемлекеттік қолдаудың теориялық негіздері қарастырылды. Осы мақсатта аграрлық саясаттың негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын экономикалық механизмнің мәні жетік қарастырылып өтілді.Сонымен қатар ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесіне сипаттама берілді.
Екінші бөлімде Қазақстанның, сонымен қатар Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жай-күйіне талдау жасалынып, соның негізінде ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау экономикалық тұрғыдан негізделді.
Үшінші бөлімде алдыңғы тараулар нәтижесін саралай келіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуын мемлекеттік қолдауды жетілдірудің негізгі бағыттары ұсынылды.
Жұмыстың қорытынды бөлімінде курстық жұмысты жазу барысында алынған ұсыныстар мен тұжырымдар баяндалды.
Ауыл шаруашылығы - бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады.Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралалары айдан анық емеспе. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз.Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл - мемлекет болып табылады.Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.Сонда ғана ауыл шаруашылығы одан әрі көркейіп,дами түседі.
Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.Осы курстық жұмысымда ауыл шаруашылығының мәселелері түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас.

1.Аграрлық сектор мәні, сипаттамасы

Ауыл шаруашылығы - адамзат тіршілігінің, кез келген қоғам экономикасының, яғни барлық өндірістің негізі, материалдық өндірістің ерекше саласы. Кез-келген мемлекеттің дамуы - өркениетке қол жеткізуі оның өз халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету қабілетімен анықталады.
Аграрлық сектор - бұл халық шаруашылығын төмендегідей үш элементтің экологиялық ұтымдылық, экономикалық мақсаттылық және әлеуметтік тиімділігін қажет ететін сферасы.
Агроөнеркәсіпті дамыту дегеніміз - елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сөз. Азық-түлік қауіпсіздігі - экономикалық және саяси тұрақтылықтың басты тетігі.
Ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу отандық ғылымда Агроөнеркәсіптік кешені (АӨК) атауының пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енуіне түрткі болды. Бізге оның үш тармағы белгілі. Бірінші тармағы өндіріс қорларын өндіру, бұған ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге арналған технология жасау, қолданысқа беру жатады. Екіншісіне тікелей ауыл шаруашылығының өзі, ал үшінші тармағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар жиынтығы екені белгілі.
Егер агроөнеркәсіп кешенінің мақсаттылық функциясын қарастырсақ оны екі үлкен ішкі жүйеге бөлуге болады:
1. Азық - түлік комплексі;
2. Ауыл шаруашылығы шикізатынан басқа да тұтыну заттарын өндіру комплексі.
Ал оның мәні мен қызметі тұрғындарды азықтар мен ауыл шаруашылығы шикізатынан дайындалған азық - түлік емес тұтыну заттарымен қамтамасыз етудің негізінде анық байқалады. Сонымен қатар өзінің экономикалық мазмұны жағынан агроөнеркәсіп кешені динамикалық жүйені көрсетеді, мұндағы барлық элементтер өзара байланысты, өзара тәуелді және ақырғы ортақ мақсаттар жетістіктері бағытында өзара бірлесіп іс атқарады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі ортақ мақсаттар дегеніміз, тұрғындарды азық - түлікпен және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан дайындалған басқа да тұтыну заттарымен қамтамасыз ету.
Осы заманғы нарықтық экономикада мемлекет неғұрлым реттейтiн және қолдайтын секторлардың бiрi аграрлық сектор болып табылады.
Аграрлық-өнеркәсіптік кешен (Аграрнопромышленный комплекс; лат. 'agrarius', және complexus -- байланыс, үйлестіру):
1. Іс-әрекеті өзара тікелей немесе жанама байланысты, халықтың азық-түлік қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған салалардың (кәсіпорындардың) жиынтығы. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің мынадай негізгі үш саласы бар:
oo ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және ішінара жеңіл өнеркәсіпке қызмет көрсетуге және күрделі құрылысқа арналған өндіріс құралдарын өндіру;
oo ауыл шаруашылығының өзі;
oo бауыл шаруашылығы өнімдерін даярлау, тасу, сақтау, ұқсату және тұтынушыларға жеткізу салалары;
1 Егіншілік және мал шаруашылығы өнімдерін сол өнімдерді ұқсатумен үйлестіріп, шаруашылықты жүргізуді қамтамасыз ететін салалармен (мысалы, минерал тыңайтқыштар өндірісі) бірлесе қызмет атқаратын шаруашылық бірлестігі (көсіпорындар тобы).
Кәсіпорын қалдықтары ауыл шаруашылығының дамуына, ал ауыл шаруашылығы қалыптаса бастаған кешен шегіндегі кәсіпорындардың дамуына жәрдемін тигізетін болғандықтан, жаңа байланыс - ресурстық-энергетикалық байланыстың пайда болуы аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің маңызын арттыра түсті.
Биотехникалық революция қоғамдық өндірістегі құрылымдық өзгерістермен және қоғамдағы жаңа әлеуметтік құбылыстармен байланысты жүріп отырады. Осылардың арасында себепті-салдарлы байланыс болады: бір процесс келесінің дамуын ынталандырады және керісінше, осы байланыстағы ең маңызды жағдай - азық-түлік өндірісінде жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы.
Ұзақ мерзім бойы азық-түлікпен қамтамасыз ету аграрлық еңбектің қызметі болып келген еді. Ал бүгінгі заманда осы қызметті өнеркәсіптік еңбек атқарады.
Астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнiмдерi - әлемдiк нарықта экспорттық өктемдiк жасауда әлеуеттi өнiмдердiң және валюталық түсiм көздерiнiң бiрi.Аграрлық сектордағы өрлеу - экономиканың сабақтас салаларда өсуiнiң тетiгi.Тұтас алғанда, аграрлық сектордың дамуы мемлекет үшiн экономикалық және ең бастысы әлеуметтiк аспектiде стратегиялық жағынан маңызды.
Ауыл шаруашылығының ерекшелігі - ондағы экономикалық қатынастар жер иесі мен оны пайдаланушылар арасында жүзеге асатындығы. Жер иелену - жерге меншік иесі құқығын білдіреді. Ал меншік мәселесі ерте заманнан бүгінгі күнге дейін аса күрделі экономикалық, құқықтық категория болып есептелінеді [1].
Ауыл шаруашылық шикізаттарынан азық және басқа тауарлар өндірісінің жаңа жүйесі бойынша біріншілік өнім өндіруі тек аграрлық өндіріс қызметіне жататын болды. Ал осы өнімнің аз бөлшегі (14) тұтынушыға таза түрде жетеді, көбі (34)-техникалық өңдеуден өтеді. Ауыл шаруашылық өндірісі оңашаланған өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйеден жаңа ұдайы өндірістік жүйенің буынына айналады. Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің арқасында, аграрлық өндіріс қоғамдық, капиталдың ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және ол осы жүйенің даму заңдарына сәйкес дамитын болады.
Осымен қатар, аграрлық өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан, көбінесе, өндіріс құралдарын (шикізат өндейтін өнеркәсіп үшін) өндіретін салаға айналады.
Ауыл шаруашылығы кез-келегн мемлекеттің экономикалық өркендеуіне себеп болатын буындарының бірі.
Азық және ауыл шаруашылық шикізатынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағында экономиканың ерекше сферасы қалыптасады. Ол аграрлық-өнеркәсіптік кешен (АӨК) деп аталды. АӨК-нің құрылымын құратындар:
oo біріншілік және түпкі өнім өндіретін сфера (өсімдік өсірушілік,мал өсірушілік және осылардың өнімдерін өндейтін өнеркәсіп салалары);
oo ресурс құратын сфера (АӨК-ің барлық сферасына еңбекқұралдарын жасайтын өнеркәсіп салалары және кадрлар дайындайтын жүйе);
oo АӨК-тің өндірістік инфрақұрылымы, тауар және ақша айналымы және информациялық қамту жүйесі;
oo АӨК жабық өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйе болып қызмет етеді.
Азық-түлік шаруашылығын, немесе, азық-түлік кешенін жеке бөліп қараған жөн. Осыған АӨК-ің азық-түлік бөлімі және балық, орман шаруашылығы, минералдық су өндірісі, ішетін су дайындау және тұрғындарды сумен қамту, тамақ тұзы өндірісі және т.б. жатады.
Ауыл шаруашылық өндірістің машиналық стадияға ауысуымен байланысты, аграрлық еңбек аграрлық-өнеркәсіптік еңбекке айналады, ал аграрлық өндірістің өзі аграрлық-өнеркәсіптік өндіріске айналады. Осыны бүгін жаңа типті жиынтық жұмыскер жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады.Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді.
Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие.Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Қазақстан ауыл шаруашылығының өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар:
- ауыл шарушылық өндірісі, оның ішінде мал шаруашылығы - жергілікті халықтың ата кәсібі, бұл ерекшелік елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлін анықтауы тиіс. А.Смиттің абсолюттік артықшылық теориясына негізделген еңбек бөлінісінің, маманданудың тиімділігін басты назарға алар болсақ Қазақстан әлемдік нарыққа қонақ ретінде қосылмай ауыл шаруашылығы өндірісін бағыттануына толық мүмкіндік бар;
- тарихи тұрғыдан алғанда Қазақстанда жер жеке меншік пен сату - сатып алу объектісі болған емес. Бір жағынан алғанда бұл экономиканың ең басты саласы ретінде жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізу үшін қажетті алғышарт болды. Екіншіден, бұл түрі жыл мезгілдерінде мал жайылымдарын қолайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіріп, тиімді қолдануға мүмкіндік береді;
- ауыл шаруашылығы саласында негізгі өндіріс құралы - жер болып табылады;
- ауыл шаруашылығы өндірісі маусымдық сипатқа ие, яғни өндіріс процесі экономиканың басқа секторларындағы тәрізді үздіксіз жүрмейді, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісі климаттық жағдайларға тікелей тәуелді болып табылады;
- Республикамызда шаруашылық жүргізу тәсілдері Үкіметтің жоғарыдан күштеп ұжымдастыру және жаппай жекешелендіру саясаттары арқылы қалыптасты [2].
Аграрлық-өнеркәсіптік өндірістің өзіне тән жаңа біріншілік буыны болады. Сапа жағынан қарағанда оның биологиялық, материалдық-техникалық және ғылыми базасы бөтен болады. Ал ірі және ұсақ өндіріс үшін осы базаның дәрежесі бірдей болады. Бұл жағдаймен фермерлік шаруашылық құрғанда есептесу керек.
Жаңа жағдайларда ұтылмау үшін, тапсырма беруші ірі фирмалардың қажеттігімен есептесе отырып, шаруалар өз шаруашылығын мамандандыруға мәжбүр болады. Ал осы қадам оның еркіндігін шектетеді, ол экономикалық, технологиялық және ғылыми тәуелсіздігінен айрылады. Өндірілетін өнімге, пайдаланған тұқымға, гербицидке, тыңайтқыштарға, жанармайға, арендаға алынған техникаға, техникалық, агрономиялық, ветеринарлық және басқа түрлі қызметтерге бағаны тапсырма беруші белгілейді. Бірсыпыра елдерде, шаруалар өздерінің мүдделерін қорғайтын кооперативтер құрып отыр. Осыған қарамастан, шаруалар мекен-жайының аграрлық өндірістің біріншілік буыны болуы жоққа шығып келеді.
АӨК қалыптасуы және егіншіліктің өнеркәсіптік агрономияға айналуы, капиталдың ауыл шаруашылығына тартылуына жол ашып отыр, ірі капитал АӨК-ің барлық төрт сферасын қамтыған агробизнес жүйесі қалыптасып отыр. Мұнда басты рөлді қаржы өнеркәсіп топтары атқарады. Агробизнес жүйесі арқылы, капиталдың жалпы айналысына, еңбектік жеке меншікке негізделген шаруашылық қожалықтары тартылып отыр.
Фермерліктің мәселелері шиеленісіп келеді. Шаруашылық қожалықтарынан өзгеше, фермерлік ауыл шарушылықтар жалдамалы еңбек қолдануға негізделеді. Бұлар ауыл шаруашылығының капитализациялануының бірінші кезеңінде пайда болған.
Еңбек бөлінісі, өндірістің мамандануы, аграрлық өндірістің аграрлық өнеркәсіптікке айналуы, қатал бәсекелестік, бәсекелестік қабілеті бар шаруашылықтың көлемінің өсуі-осының барлығы фермерлік шаруашылықтардың шұғыл дифференциялануын тудырады. Бұлардың көбі жалдамалы еңбекті қолданудан бас тартып, шаруашылық қожалықтарымен қосылды, немесе, мүлде жойылды.
Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн - деп түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс және оның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің нәтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері зерттеу тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдың өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.
Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.
АӨК құрамында үш негізгі буын бар: АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері.
Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.
Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 110 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.
Ауыл шаруашылығы - АӨК-тің орталық тізбегі болып табылатын, ел экономикасының дәстүрлік саласы.
Ауыл шаруашылығында жер - негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады. Сондықтан жерді дұрыс пайдалану, құнарлылығын сақтау - қоғамның маңызды міндеті.
Ауыл шаруашылығы - экономиканың маусымдық саласы.
Ауыл шаруашылық өндірісіне табиғи жағдайлар қатты әсер етеді.
Жиі болатын құрғақшылық, қатты аяздар, қар басуы мен көктайғақ ауыл еңбеккерлеріне егін өнімі мен мал басын сақтап қалу үшін қажырлы күрес жүргізуге мәжбүр етеді. Осыған байланысты, еліміздің аумағын тәуекелді егін жөне мал шаруашылығы зонасы деп атауға болады.
Ауыл шаруашылығымен 200 мыңдай әр түрлі кәсіпорындар - фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, кооперативтер мен тұрғындар шаруашылықтары айналысады.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің рөлі өзгереді. Ол енді ауыл шаруашылық өнімдерін шығарумен айналыспайды, тек ол үшін қажетті жағдай жасайды.
Мемлекет ауыл тұрғындарының тіршілігі мен еңбек жағдайын жақсартып, шаруашылықтарға техника мен жанар-жағармай алуға көмектеседі, сонымен бірге ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелері мен тәжірибе стансаларын қаржыландырады. Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы ауыл тұрғындарынан өсірген өнімнің бір бөлігін сатып алады.
Қазақстанның жер аумағы үлкен - 272 млн га. Еліміздің барлық жері - жер қорына (немесе жер фондына) жатады.
Оның көп бөлігін ауыл шаруашылығына жарамды жерлер құрайды. Бұлар - ауыл шаруашылық жерлері (аумақтары). Олардың негізгі түрлері - егістік жерлер, жайылымдықтар мен шабындықтap, сонымен бірге көп жылдық алқаптар (бақтар мен жүзімдіктер).
Егістік жерлердің жекелеген бөліктері көп уақыт бойы өңделмей, тыңайған жер есебінде қалдырылады.
Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымындағы ең бағалы жерлерінің (егістіктер) үлесі көп емес. Бірақ оның жан басына есептегендегі шамасы әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады. Ең көп аумақты жайылымдық жерлер алып жатыр.
Еліміздің әр бөлігіндегі ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы бірдей емес.
Ауыл шаруашылық жерлеріне қолайсыз факторлар - құрғақшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы әсер етеді. Сондықтан жерді мелиорациялау (жақсарту) шараларының егістік жерлерді суарудың, жайылымдарды суландырудың; ағаш отырғызудың, құмдарды бекітудің, жер бетін тегістеудің, қышқыл топырақтарды әктаспен өңдеудің маңызы зор. Бірнеше мелиоративтік шараларды бір уақытта қатар жүргізуге де болады. Оны кешенді мелиорация деп атайды. Мысалы, Оңтүстікте егістікті суару және онда ағаш отырғызу арқылы қорғаумен ұштастырыла жүргізіледі. Мелиорациялық шаралар тұрақты өнім алу мен жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Біздің елімізде ауыл шаруашылық жұмыстары орасан үлкен аумақтарда қысқа мерзім ішінде жүргізіледі. Ол үшін әр түрлі қазіргі заманға сай техниканың көп мөлшері қажет. Ол бірақ әзірге жеткіліксіз.
Сондықтан егістік жерлерді өңдеудің карапайым технологиясын қолдануға тура келеді. Жағдай дегенмен, біртіндеп жақсарып келеді. Бірақ бәрібір материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігі - ауыл шаруашылық өндірісіне кедергі келтіретін негізгі себептердің бірі.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі өңделетін жер мен мал басының өсуі есебінен ұлғаюы мүмкін. Ондай жол экстенсивті болар еді. Өндірістің өсуін жерді, техниканы, тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы ғалымдарының жаңа жетістіктерін қолдана отырып қамтамасыз етуге болады. Бұл - ауыл шаруашылығын дамытудың интенсивті жолы. Қазіргі уақытта негізінен осы жол басым болуы керек.
Ауыл шаруашылығы бір-бірімен байланысты екі саланы - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Олар тиісінше ауыл шаруашылық өнімдерінің 53% және 47%-ын береді.
Агроөнекәсіп кешені қалыптасуы мен қызмет атқаруы өзінен екі тенденцияны-өндіріс интеграциясы мен дифференциациясын біліп көрсетеді.
Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) Қазақстанда басқа халық шаруашылығы салаларымен салыстырғанда өте күрделі шаруашылық құрамы болып саналады. Оның өсіп өркейуіне мемлекет тарапынан ұдайы көңіл аударылып, жыл сайын қаржының 13 бөлігі бөлініп материалдық ресурстар бөлініп отырады. Агроөнеркәсіп кешенінде қазірдің өзінде республика халық шаруашылығының 40 % астам негізі қоры, өндіріс өндірісінде қызмет атқаратын адамның 38% шоғырланған. Оның үлесіне біздің 13 ҰТ-дың мемлекеттік бюджеттің 30% астам кірісі жатады. Барлық азық-түлік өнеркәсібі, сол сияқты жеңіл өнеркәсіптің көптеген салалары осы өнеркәсіп кешенінің шикізаттарымен жұмыс істейді.
Агроөнеркәсіп кешенінің экономикалық категория негізіндегі қасиетін қарастырсақ, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, оны тұтынушыға дейін жеткізуден туындайтын өндірістік қатынастар жиынтығын көрсетеді. Материалдың өндірістің сәйкес звенолары бұл қатынастардың тасымалдаушылары қызметін атқарады.
Агроөнеркәсіп кешенінің қалыптасуы тек бір мақсатпен ортақтасқан бірнеше салалардың бірігуінен ғана байқалмайды, ол күрделі экономикалық байланыстардың қалыптасуы мен олардың одан әрі пропорционалды дамуынан байқалады. Салалардың бірігуі кәдімгі синтездің материалдық базасы түрінде ғана қызмет атқарады.

1.1.Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың экономикалық механизмдері

Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.
Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.
Ауыл шаруашылығы мен азық - түлік мәселесі мемлекет саясатының әрдайым маңызды бағыттарының бірі. Біріншіден, кез келген мемлекеттің басты міндеті - елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта азық-түлік бағдарламасын қабылдау арқылы Үкімет азаматтарының ең төменгі тұтыну қоржынына сәйкес тамақтануын жақсарту және елдің азық-түлік резервін қалыптастыру мәселелерін бірінші кезекте шешуі керек.
Екіншіден, өндіріс бағдарламасында ауыл шаруашылық өнімдерінің балансы, бағаны тұрақтандыру және ауылдық тауар өндірушілердің табысын қолдау шаралары қарастырылады.Жыл сайын ауыл шаруашылығы министрлігі нарықты тұрақтандыру үшін қажетті өнім көлемін анықтаумен айналысады.
Үшіншіден, жер қатынастарын реттеу бағдарламалары бойынша ауылдық тауар өндірушілердің ерікті және орындауға міндетті шаралар жүйесі белгіленеді. Ауылдық тауар өндірушілер топырақты қорғау, сапасын жақсарту шараларын атқаруға міндетті. Мемлекет ол үшін жағдай жасаумен қатар қатаң бақылау функциясын жүзеге асырады.
Төртіншіден, мемлекет ауыл шаруашылық өнімдерін сату жөнінде бағдарлама әзірлеу арқылы экспорттық саясатын бір жүйеге келтіреді. Ондай бағдарлама ауылдық тауар өндірушілердің әлемдік нарыққа қосылуы үшін кейбір шығындарын өтеуіне көмек көрсету,ауыл шаруашылық өнімдерін несиелер бойынша төменгі бағада сату,басқа елдерге азық-түлік көмегін көрсету сияқты шараларды қамтиды. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында мемлекет ауыл шаруашылық өнімдерінің импортын бақылап отырады, әрі тиісті мөлшерде протекционистік шараларды қолданады [3]. Халықаралық қатынастардың тереңдеуіне қарай қазір ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен сатып таратуға байланысты ауыл шаруашылығы протекционизм күшейе түсті. Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын протекционистік шара - кедендік тариф. Сырттан әкелінетін тауарларға ол фискалдық және протекционистік тариф түрінде салынады. Фискалдық тариф мемлекеттің ақша кірісін арттыру мақсатында белгіленсе, протекционистік тариф отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғауды көздейді. Протекционистік шара ретінде квота, яғни импортталынатын тауарлардың көлемін, сандық мөлшерін белгілеу және оның күрделі формасы - эмбарго,яғни импорттың кейбір түріне толықтай тыйым салу қолданылады. Сондай-ақ тарифтік емес протекционистік шаралар - әр елдің өзіндік өндірістік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін белгілеу - ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына қойылатын талапты күшейтеді. Бесіншіден, мемлекеттің ауыл шаруашылығы саясатының құрамдас бөліктері ретінде азық-түлік, ауыл шаруашылық, агроөнеркәсіптік, сыртқы саудамен қатар әлеуметтік бағдарлама қабылдаудың үлкен маңызы бар. Ауыл шаруашылығының дамуына ықпал ету мақсатында осы айтылған экономикалық механизмдер қолданылады [4].

Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі ауыл шаруашылық өндірістің тұрақтылығы мен даму механизмі

Қаржылық реттеу

Несиелендіру

Салық салу жүйесі

Баға құру жүйесі

-мақсатты бағдарламаларды құру
-жеделдетілген амортизация механизмі
-минералды тыңайтқыштар, жанар-жағай май және басқа қорлар өтемақысы
-аграрлық қаржы институттарын құру жүйесі
-жеңілдік несиелерге 8% үлесті орнату
-несие кооперативтері мен бірлестіктерін құру
-несиелік кепілдік ұсыну
-жеңілдік несиелеу қорының жұмыс істеу механизмін жетілдіру

Салықтың көптүрлілігін жойып, жаңа салық жүйесін құру
-жер салығы
-іске асырылған өнім салығы
-акциздер
-өнімдік қорға өнім сатып алуға кепілдеме бағаны пайдалану
-интервециялық қорлар құру және тауарлық механизмін белсенді пайдалану
-өлшемдестік паритетін пайдалану арқылы бағаны реттеу

Сурет 1. Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі ауылшаруашылық өндірістің тұрақтылығы мен даму механизмі

1-суретте көрсетілгендей, Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі ауылшаруашылық өндірістің тұрақтылығы мен даму механизмінің төрт түрі бар. Олар: қаржылық реттеу, несиелендіру,салық салу жүйесі, баға құру жүйесі.
Мемлекеттік реттеудің көп бағыттарының бірі несие және салық механизмін жетілдіру болып табылады. Жетілдірудің бұл түріне қол жеткізу үшін төмендегі шараларды іске асыру керек: орташа және ірі ауыл шаруашылығын қалыптастыруда және өңдеу кәсіпорындарында қаржыландыруды мақсатты түрде пайдаланып, қайтарым және төлемді уақытында іске асыруды талап ету жолымен; агроөнеркәсіп кешендерін несиелеуден босату; шаруашылыққа негізделген көмек - қаржы алушыларға (несиенің негізгі сомасын және мөлшерлемесін өтеу үшін демеуқаржы беру).
Қаржыны басқарудың мынадай негізгі түрлерін атап көрсету керек: бюджеттік механизм, агроөнеркәсіп өндірісінің тұрақты дамуына әсер ету керек (жоғары сапалы азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің көлемін арттыру); баға саясаты - өңдеуді қамтуға, ауыл шаруашылық және өндіріс өнімдерін өткізуге бағытталған болуы керек; несиелік механизм, кезеңдік жұмыстарды өткізу үшін ауыл шаруашылығын қалыптастыруда жетіспейтін айналым қаражатын толықтыру, ал қаржылық механизм - кепіл жүйесін, сонымен бірге ипотеканы, қаржы ресурстарын құру; ауыл шаруашылығы мәдени түрлері мен жануарларын міндетті сақтандыру.
Несиелеу жүйесі аграрлық өндіріс есебінен құрылып, банктік несиелеудің және мемлекет қаражаты есебінен жеңілдік пайыздық мөлшерлеменің тікелей принциптерін қамтуы керек. Сонымен бірге бюджет қаражатының мақсатты пайдалануына бақылау жасау, несие жүйелерінің тиімділігін қамтамасыз ету және қайтарымды белгіленген мерзімде іске асыруды кепілге алу - несиелеу жүйесінің негізгі принципі болып табылады.
Экономикалық механизмнің әр элементінің ерекшелігі мен өзіне тән сипаты бар, бірақ олардың әрекеттесу нәтижесі қала және ауылдық әлеуметтік инфрақұрылымы мен өмір сүру сапасын жақындастыратын, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрекет ететін, бәсекеге қабілетті және тұрақты өндірісті дамытуды қарайтын нарықтық ортаны құруға байланысты аграрлық саясаттың бірікті мәселесін шешуді қарастырады.
Экономикалық механизм - шаруашылық механизмі мен ұйымдастырушылық-экономикалық қатынас түрлерінің бөлігі, оның мағынасы өнім өндіруге әрекет жасаушы әртүрлі әдістердің қатынасының дұрыстығын анықтауға бекінеді (оның ішіне баға және қаржылау-несиелеу механизмі, салық пен сақтандыру жүйесі, АӨК инвестициялау мен бюджеттік қолдау да кіреді).
Экономикалық механизмнің қайта құрылу мәселесі экономикалық дамудың объективті және субъективті факторларымен, халық санасының дамуын анықтаумен, қоғамның экономикалық жүйесінің даму концепциясын қалыптастыру мен жасақтауға байланысты болу керек.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңымен мемлекеттік қолдаудың жаңа түрі - ауыл шаруашылығы дақылдарын жабық топырақта өсіруді субсидиялау қарастырылған.
Осыған байланысты ағымдағы жылдан бастап басым дақылдардың өндірісін субсидиялау бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көкөніс дақылдарын жабық топырақта өсіруге кеткен шығындарын өтеуге республикалық бюджеттен субсидия төлеу, 1 гектар жылыжай алқабына 1,3 млн. теңге есебінен жүзеге асырылатын болады [5].
Төмендегі суретте ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау жүйесі көрсетілген.
Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау жүйесі
Мақсаттарды анықтау
Тұрақтылық және даму механизмі
Бақылау механизмі
Бағдарламаны болжау,жоспарлау
базалық
салықтық
несиелік
қаржыландыру
Бюджет

Ауыл шаруашылығы өндірісі
(шаруашылық обьектісі, инфрақұрылым, т.б.)
Заңдар мен басқа да нормативтік актілер жасау
Ауыл шаруашылығы өндірісінің жұмыс істеу тиімділігінің өлшемдері
Ақпарат

Сурет 2. Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау жүйесі.

Аграрлық саладағы мемлекеттік реттеу, төмендегі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- ауылшаруашылық дамудың қазіргі заманғы үрдісіне барабар, агроөндірістік кәсіпкерлкті реттеудің құқықтық базасын дайындау ;
- болашақ кезеңде тұрақты кіріс алу мақсатында жерді меншікке және жалға алушылардың ауылшаруашылық өндірісіндегі өз құқын жүзеге асырудың жағымды фискальді тәртібін жасау;
- Қазақстандағы жер нарығының құру мен ұйымдастыруын дамытуға үлес қосу;
- жерді жалға алуға байланысты жер меншік иелері және жалға алушы кәсіпкерлер ушін процедуралық және федералдық механизмді дайындау;
- шетелдік және халықаралық несиелеу институттары арқылы агроөнеркәсіптік бағдарлама мен жобаларды несиелеуге тиімді жағдай жасау;
- агроөнеркәсіптік сектордың технологиялық дамуына республикалық қордың қаржылық қолдауы мен құрылуына жағдай туғызу;
- ауылдық (селолық) аудандардың әлеуметтік инфрақұрылымының дамуын қаржыландыру;
- ауылшаруашылық өндіріс пен өнімдерді өндеуге қатысушылар үшін арнайы құрылым жүйесіне несиелік қолдауды реттеу.
- шетелдік капиталды тарту арқылы аграрлық және агроөнеркәсіптік өндірістің нарықтық инфрақұрылымының даму бағдарламасын қаржыландыру және жобалар дайындау ақпараттық желі мен банк мәлеметтерін құру;
- отандық аграрлық өнімдерді импортқа бағыттау ірі өнеркәсіп компаниялар мен қатар және кіші ауылшаруашылық кәсіпкерлерді де сыртқы шартқа шығару;
- табиғи- климат жағдайының әртүрлілігі және күрделілігі ауылшаруашылық өндірістің ерекше қауіп-қатерлігі;
- өндіріс саласының өндеу және ресурсты қамтамасыз етумен салыстырғандағы ауыл шаруашылық өндірісінің монополизация дәрежесінің төмендігі;
- ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымының ерекше артта қалуы;
- тез бұзылатын өнімдердің көлемінің көптігі, бұл оларды сақтау орындарының қажеттігін көрсетеді;
- өнімді пайдалану тұрақтылығымен қамтылған аграрлық өнімнің нарықта жұмыс істеу тұрақтылығы ;
- өзін-өзі басқару мен өзін-өзі ұйымдастырудың нарықтық - бәсекелестік екпіні жүйесін құрастыра отырып, ауыл шаруашылығы экономикасының ерекше санасы екенін атап өту қажет.
Реттеуші нарықтық экономикада мемлекет (әр түрлі дәрежеде болса да) ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуде, мысалы артық өнімді сатып алу немесе сату бағасын қолдау үшін квота тағайындау бірқатар бюджеттік жеңілдіктерді жүзеге асыру т.б.
Одан басқа, мемлекет нарық механизмі қызметі салдарынан табиғатына байланысты пайда болатын- инфляция, жұмыссыздық, монополизм сияқты келеңсіздікпен күреседі.
Сонымен, реттеуші нарықты экономика жағдайында мемлекет бір жағынан нарық механизмінің еркін іс- әрекет етуіне жұмыс істеуне ықпал етеді, екінші жағынан бәсекелестіктің әсерін жеңілдету арқылы, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге бюджеттік және басқа да қолдау көрсетеді де, жүзеге асырады.
Қазіргі жағдайдағы экономикалық механизмнің тұрақтандыруы мен дамуының жетекші буыны ретінде қаржылай-несиелік механизм қарастырылуы керек.
Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бюджеттен қаражат бөлуді негізгі үш бағыт бойынша қарастырады: мемлекеттік мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру, ауыл шаруашылық өндірісті тікелей бюджеттік қолдау және сақтандыру.

Аграрлық бюджет
Мақсатты бағдарлама
Ауыл шаруашылығын тікелей бюджеттік қолдау
Сақтандыру
Әлеуметтік жәрдем- ақылар
Жалпы шығыс
Несиелік жәрдем-ақылар
Шығынның өтем ақысы
Өнімге жәрдемақы беру

Сақтандыру өтем ақысы
Мемлекеттік қор
Мал шаруашылығы өнімі, асыл тұқымды өсіру ісі, дән, зығыр, жүн
Tыңайтқыштар, техника, жем-шөп, энерготасы-малдаушылар, тұқым шаруашылығы
Несие бша пайыз бөлігінің өтемақысы, ауыл шаруашылық техникаға мемлкеттік лизингі бша қарызын есептеп шығару
Ауылдық жердегі тұрғын үйді жылыту
Ауыл шаруашылық ғылымы, жерді жақсарту, шаруашылық-ты несиелеуді қолдауға қаржы салу
Өз еркімен сақтандыру

Сурет 3. Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қаржыландыру жүйесі

Заңға сәйкес агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бөлінетін бюджеттік қаржы:
- инвестициялық қызметті қолдау, оның ішінде жаңа техника мен құрал- жабдықтарды алу, асыл тұқымды жануарлар мен сортты дақылдарды дәндерді мақсатты бағдарламаға сәйкес алу;
- топырақтың құнарлылығын арттыру және жақсарту шараларын жүргізу, ауылшаруашылық дақылдар зиянкестерімен күресу жұмыстарын жүзеге асыру, жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу, жою, онымен қатар қоршаған ортаны қорғау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- кадрлар біліктілігін арттыру және дайындауды ұйымдастыру;
- өтемақы мен жәрдемақының басқа түрлері (әлеуметтік, несиелік жәрдемақы).
Әлемдік экспорттың 3,25% кем емес үлесі бара сала жалпы қабылданған стандарт бойынша бәсекеге қабілетті деп есептеледі; ал Қазақстанның ауыл шаруашылық өндірісі бойынша үлесі әлемдік экспорттың 0,25% құрайды. Сондықтан ҚТО БСҰ кірісуге дайындық барысында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін көтеру қажет. Мемлекеттің тікелей қолдауы ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігін оңтайландыруға бағытталу керек. Бюджеттік жәрдемақы мен өтемақы тиісті жұмыс істейтін тауар өндірушілерге төлену қажет.
Ауыл шаруашылық өндірісі көп және тұрақты аймақтардағы мемлекеттік қолдау шараларын оның тиімділігін көтеруге бағыттау қажет, ал ауыл шаруашылығын депрессивті аймақтардағы субсидиялар ауыл тұрғындары үшін бағытталған қосымша кіріс көзін құруға қайта бағытталуы керек [6].
Ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігін көтеру үшін ауылшаруашылық құрылымдарды қаржыландыру механизмін дайындау қажет:
Барлық көздерден (жеке меншік, бюджеттік, шетелдік); барлық несиелеу түрлерінен, ипотекалық несиелеуді қоса алғанда; әртүрлі бағалар есебінен (нарықтық, кепілдік, кепілдемелік); салықтардан (патент, бірыңғай жер салығы); сақтандыру, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік сақтандыру және негізгі қор; мемлекеттік қаржылай қолдау (жәрдемақы, субсидия, жеңілдетілген бюджеттік несиелер және жеңілдетілген инвестициялар).
Негізгі қаржыландыру көзінен, бюджеттік қаржыландыру мен шетелдік инвестициялардан, халықаралық несиелер және тікелей шетелдік инвестициялардан максимал кіріс алуға бағытталған шаралар жасақтау қажет. Аграрлық өндіріс жағдайына қолданылатын бағалар жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар да қажет [7].
Мақсат мынаған бағытталу керек - ауыл шаруашылық өнім және материалды-техникалық қор нарығындағы бос баға белгілеу аралығындағы нақты баға қатынасын анықтауға; ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін тең құқ пен жағдайды қамтамасыз етуге (демонополизация және экономикалық бәсекелестікті қорғау, кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосу, тауар мен қорларды бос өткізу, нарық пен базардың ашықтығы); өндіріс қоры мен ауыл шаруашылық өнімге нарықтық бағаның қатынасы және технологиялық процесстерді сақтап, өндіріс шығынының бағасын есепке ала отырып, ауыл шаруашылық өнімнің кепілдемелік баға деңгейін анықтау; ауыл шаруашылық өнімді өндіруге жұмсалатын жәрдемақы және төлемақы беру ретін анықтайтын өлшемдестік бағаны қамтамасыз ету үшін (жанар-жағар май заттары, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді, жануарларды қорғау құралдары); материалды- техникалық қордың, табиғи монополиялар өнімінің бағасын мемлекеттік реттеу.
Агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеу ауыл шаруашылығы өнімі, шикізат пен азық-түлік өндірісіне, қайта өңдеу және сатуға құқықтық, әкімшіліктік және экономикалық мемлекеттік әрекет ету жүйесі. Сондықтан да аграрлық саланы мемлекеттік реттеуде шешуге тиісті міндеттерге болып агроөнеркәсіп өндірісін дамыту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аймақтағы өндіріс саласын басқаруды жетілдіру, ауыл шаруашылық өнім, азық-түлік, шикізат нарығын реттеу, халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін жақсарту, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салалары арасындағы паритетті экономикалық қолдау, ауыл шаруашылығы және басқа салалар жұмыскерлерінің табыстарын жақындату, отандық тауар өндірушілерді қорғау жатады. Осы міндеттерді шешу үшін мемлекеттің экономикадағы рөлі жоғары болуы тиіс.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығындағы несие қорын және ең алдымен мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану үшін арнайы несие қорларын ұйымдастыру қажет, несие кооперативтері желісін дамыту, жерді кепілдікке салу арқылы ипотекалық несие, пайыздық ставканы төмендету, кепілдік операцияларды кеңейту, қысқа және ұзақ мерзімді несиелеу жүйесін жаңарту; несиені арзандату бойынша төлемақы әдісін қолдану.
Аграрлық секторды мемлекеттік қолдау экономикалық саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Мұның ішінде негізгісі болып табылатыны.
1. Тікелей мемлекеттік төлемдер енетін, өндірушілердің кірісін қолдау:
- өтемақылық;
- сұрапыл апаттардан (зілзала нәубетінен) келген зияндық төлемдер;
- өндірісті қайта құруға байланысты келтірілген зияндар үшін төлемдер.
2. Азық- түлік нарығын болжауға әрекет ететін бірқатар шараларға арнайы араласу:
- ауылшаруашлықы өнімінің ішкі бағасын қолдау;
- үлес(квота) пен тарифті белгілеу;
- экспорт және импортқа шығатын азық-түлікке салық белгілеу;
3. Шығындар өтемақысы.
- тыңайтқыштар, мал азығын және улы химикаттар алуға;
- алынған несиелер бойынша пайыздар төлемі;
- мүлікті сақтандыру бойынша төлемдер.
4. Нарықтың дамуына көмектесу. Бұл тарауда топтастырылған шаралар мемлкеттік қаражаттың:
- нарықтық бағдарламалардың дайындалуымен жүзеге асырылуына;
- АӨК барлық буындарының өнімдерін тасымалдау бойынша көліктердің жұмысына және өнімді сақтауға төлем ақшаның бөлінуін болжайды.
5. Өндірістік инфрақұрылымға көмектесу ұзақ мерзімді сипаттағы шараларды өткізуге мемлкеттік қаражатты бөлуді болжайды, өндірістің тиімділігін өсіруді қамтамасыз етеді.
Қабылданған топтастыруға сәйкес бірінші топ ауыл шаруашылығы өндірісін тікелей ақша бөлу шараларын анықтайды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірісінің елдің сұранысын әлі де қанағаттандырмай отырған салалары қаржыландырылуда. Бұл - жылыжай шаруашылығы желілерін ұйымдастыру, көкөніс сақтау қоймаларын салу және қайта құру, тамшылап суару технологиясын қолдана отырып жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруді ұйымдастыру, ірі тауарлы-сүт фермаларын салу, ет өндіруге бағытталған құс фабрикаларының құрылысын салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту. Осы және басқа да инвестициялық жобаларды ұйымдастыруға және іске асыруға Дағдарысқа қарсы жоспар шеңберінде Ұлттық қордан 120 млрд. теңге бөлініп отыр.
Сонымен, экономиканың агроөнеркәсіптік секторын өндірушілерді жан-жақты қолдау жолымен мемлекеттік реттеу көптеген дамыған елдердің де аграрлық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Мұнымен қатар көптеген экономикалық рычагтар да қолданылады, олардың әсері ауылдық жердегі әлеуметтік - инфрақұрылымның тиімді қалыптасуына және ауыл шаруашылық азық- түлік өндірісінің өсуі үшін тиімді коньюктура жасайды.

2.Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын талдау

2.1.ҚР-сының агроөнеркәсіп кешенінің даму тенденциялары

Соңғы жылдардағы мемлекеттік қолдауды күшейтудің нәтижесі ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру, оның тиімділігін жоғарылату және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Ең жақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығының инфроқұрылымы
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Ауыл шаруашылығының дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-әдістемелік астары
Заңды тұлғаларға салық салу
Экономикадағы интеграциялық процестер
Ауыл шаруашылығының дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-әдістемелік астары жайлы
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Ауыл шаруашылығына салық салудың теориялық негіздері
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржы-несиелік реттеу мәселелерінің теориялық - әдістемелік негіздері
Пәндер