Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
МКҚК

Шетел тілі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАТУ АРҚЫЛЫ ОНЫҢ ҚАБІЛЕТІНЕ СӘЙКЕС ЖЕКЕ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Мамандық атауы: 0111000 Негізігі орта білім беру
Біліктілігі: 0111083 Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі
Пәні: Педагогика

Орындаған______________А.С. Куанышбекова
Ғылыми жетекшісі______________ п.ғ.м.
Курстық жұмысты қорғаған бағасы_______________

Кафедра меңгеруші ______________________Г.С. Мынбаева
Хаттама № ______ _______ ____________ 20___ж.

Көкшетау, 2019
Н.051-22. Басылым 2

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті, танымдық белсенділігі туралы педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы
5
1.2.
Танымдық іс-әрекет жеке тұлға дамуының негізі
9
1.3.
Танымдық іс-әрекеттегі белсенділік деңгейлері
12
1.4.
Танымдық іс-әрекетте белсенділікті дамыту жолдары
14

2.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН АРТТЫРУДА ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ
17
2.1.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін арттыру жолдары
17
2.2.
Өздігінен жұмыс істеу - оқушының танымдық іс-әрекет белсенділігін арттыру құралы ретінде
23
2.3.
Танымдық іс-әрекеттерін арттыру тиімділігі,озық педагогикалық технологияларда
29
2.4.
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
32

ҚОРЫТЫНДЫ
38

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
40

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: айналадағы ортамен қарым-қатынас кеңейген сайын адам барлық шынайылықтың жаңа заттары және оның әр қырларымен соқтығысады. Қай жағдайларда да адам үшін не нәрсенің болмасын, белгілі бір мәні бола бастаса, ол адам бойында жеке тұлғасына ерекше бағытталған қызығуды тудырады.
Қызығу деген сөз көп мәнді. Бір нәрсеге қызығушылық танытуға және бір нәрсеге қызығуға болады. Бұл екі түрлі нәрсе, дегенмен сөзсіз өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Өзге тенденциялардан ерекше етіп көрсететін қызығудың өзіндік ерекшелігі - оның белгілі бір затты жақын тануға, оны терең түсінуге, көз алдынан жіберіп алмауға деген ұмтылысын тудыратын ойдың тоқталуы. Жеке дамуы барысында қызығу, балалардың айналадағы ортамен қарым-қатынасының қалай қалыптасқанына орай құрылады және оқу мен тәрбие үрдісінде тарихи қалыптасқан және дамып келе жатқан мәдениетті игереді. Қызығулар оқудың шарты, әрі оның нәтижесі болып табылады. Оқыту балалардың қызығуына сүйенеді және оларды қалыптастырады. Сол себепті қызығу бір жағынан педагогтың оқытуды тиімді етуі үшін қолданатын құралы ретінде, бір жағынан қызығулардың қалыптасуы педагогикалық жұмыстың мақсаты болып табылады. Толық түрде қызығудың қалыптасуы - оқытудың басты міндеті.
Оқыту балалардың қызығуына сүйенеді және оларды қалыптастырады. Танымдық қызығу танымдық іс-әрекетінің түрлі салаларына жатады. Ол біршама кең болуы мүмкін, жалпы ақпаратты алуға, заттар әлемінің әр қырының жаңалықтарын үйренуге және танымның белгілі бір саласын тануға орай тарқаған. Танымдық қызығу мектеп пәндерінде ұсынылған білімді игеруге, тануға бағытталған. Осымен қатар, ол осы пән саласында ғана емес, сол білімді алу үрдісіне, танымдық әрекетіне қатысты, егер адам үнемі барынша белгілі бір іс-әркетпен ғана айналыса берген болса, онда танымдық қызығу бейімділік сипат алуы мүмкін. Танымдық қызығудың әсерімен болатын интеллектуалдық іс-әрекетте белсенді ізденіс, пайымдау, зерттеу әдістемесі, тапсырманы шешуге дайындығы көрініс береді.
Танымдық қызығуға тән эмоционалдық көріністер: таң қалу эмоциясы, жаңалықты күту сезімі, табысты сезуі. Танымдық қызығудың ұйытқысы ойлау үрдісі болып табылады. Мектеп оқушылары бойында қызығудың қалыптасуы алғашқы оқу кезеңінен басталады, оқу үрдісінің өзіне деген қызығуынан бастап кәсіби қызығудың дамуына дейін алып келеді, сондықтан төменгі мектеп оқушыларының жетекші дамуының тақырыбы өте өзекті және уақытылы қолға алынған тақырып болып саналады. Кіші мектеп жасында қызығуды қолдау және дамыту жолдарының бірі - топпен ойнау терапиясы.
Ойын баланың ең негізгі әрекеті, ол баланың психикалық дамуына көп әсер етеді. Ойын кезінде балалар жаңа біліктіліктер, дағдылар мен білімдерді игереді. Тек ойын барысында ғана адами қарым-қатынас ережесін игереді. Ойыннан тыс кезде баланың бойында толықтай адамгершілік пен ерікті дамуы бола алмайды, ойыннан тыс кезде жеке тұлға тәрбиесі жоқ.
Міне, сондықтан да тіпті ең қарапайым деген сұрақтардың өзі: психология саласының шынайы ғылыми зерттеу құралы болды, осы мәселемен Л. Абрамян., А. Варга., И. Выгодская., А. Зхаров., А. Спиваковская., Л. С. Выготский., Д. Б. Эльконин., А. Н. Леонтьев., А. В. Запорожец, Д. Б. Эльконин., П. Я. Гальперин., С. П. Рубейнштейн., М. Кляйн, В. Экслайн., Д. Тафттар айналысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мәселесінің психологиялық ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыдан зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мәселесінің теориялық негіздері;
2. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қарастыру;
3. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мәселесінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
4. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын эсперименттік тұрғыдан зерттеу;
5. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарын анықтауға арналған әдістемелерді іріктеу;
6. алынған нәтижелерге байланысты психокоррекциялық және психотерапиялық бағдарлама құрастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу әдісі: Зерттеу бойынша әдебиет көздерінен мәліметтерді жинау және талдау.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС- ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті, танымдық белсенділігі туралы педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.
Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр - деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында ұлттық және жалпы азаматтық құқықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани күш - қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан - жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген.
Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі, оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындауы мүмкін, сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Сонымен казіргі заман талабына сай мұғалім білім бұлағы емес, білім бұлағына жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологияларды менгеру қажеттілігі туындап отыр.
Қазір білім саласындағы болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Осы проблемалар мектептегі биология пәнінің оқытылуына да тікелей қатысты.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологияларға сын тұрғысынан ойлау, жобалау, проблема туғызу, ұжымдық қарым-қатынаста оқыту жатады. Қызығушылық деп - оқушының бір нәрсеге зейін қоюын, кейбір заттар мен құбылыстарды танып білуге ұмтылуын айтамыз.
Өз бетінше білім алу - білім сапасын көтерудің бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет.
Оқытушының алдындағы мақсат оқушының оқуға ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру, бұл білім сапасын көтеру деген сөз. Сабақты құру негізі - оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Бұл сабақтың маңызың және әдісін анықтайды. Сондықтан таңдалған әдіс сабақ барысының тиімділігін көрсетеді.
Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. Қиын шығармашылық тапсырмаларды тек қабілеті жоғары оқушыларға беру керек. Шығармашылық деңгейі жоғары тапсырмаларды орта деңгейлі қабілеті бар оқушыларға беру олардың өзі-өзіне деген сенімін түсіріп, келе-келе сабаққа деген ынтасын жоғалтуының себебі болады.
Оқушылар сабақ меңгеру барысында әртүрлі іс-әрекет жасайды: оқытушыны тыңдайды, оқулықты оқып, қосымша әдебиетпен жұмыс жасайды, зертханалық тапсырмаларды орындайды. Жоғарыда аталған әр іс-әрекет бөлек психикалық үрдіске жатады: жады, қабылдау, ойлау, ойша бейнелеу.
Аталған процестер ішінде ойлау ең негізгі болып табылады. Ойлау мен жады арасында тығыз байланыс бар. Ой елегінен өткен материал жадыда жақсы сақталады. Ойлау басқа да танымдық әрекеттерге әсерін тигізеді.
Оқушының танымдық іс-әрекетін белсендіру дегеніміз - ол ойлау қабілетін белсендіру деп айтуға болады. Оқушыға оқу барысында тек берілген танымдық тапсырмаларды орындау әдістерін үйрету ғана емес, сол тапсырмаларды өздігінен орындауға ынталандыру қажет. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыру казіргі заманғы мектептің басты талабы.
Әр сабақ тақырыптан басталады, тақырыпты жай ауызша мәлімдеу керек емес, тақырып айтпас бұрын қызығушылығын арттыру керек, өтетін тақырыптың маңыздылығын, бұрын өткен сабақпен байланысын көрсету маңызды. Оқушы тақырыптың маңызын түсіну барысында игеруге талпыныс жасау керек, әр сабақтың басты міндеті - білім алушының танымдық құзырлығын дамыту. Ол үшін мыналарды ескеру қажет:
- Оқушының материалды қабылдау ерекшелігін ескеру.
- Оқыту үрдісіндегі ашықтық, еркіндік.
- Оқушының тұлғалық қасиетін қалыптастыру
- Жеке дара оқыту үрдісін ұйымдастыру.
Танымдық қабілетті арттырудың жолдары:
- Ақпаратты өмірмен ұштастыру, байланыстыру
- Мәселелік жағдаятты туғызу.
- Әдеби, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді қолдана білу
- Салыстыру, талдау, жинақтауды үйрету
Әр пәннің оқушыларға берер танымдық тәрбиесі мол десек, соның ішінде биология пәнінің де оқушылардың ақыл-ой, танымдық қабілетін дамыту мүмкіндігі зор. Оқушыларға танымдық тәрбие берудің алғашқы баспалдағы деп оқытудағы саналылық принципін атауға болады, себебі табиғатты, сыртқы ортаны, жалпы тіршілікті оқыту барысында тәрбиелік міндеттердің де шешілетіні белгілі.
Табиғат құбылыстарының, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің мәнін, заңдылықтарын терең түсінудегі өздігінен өзінің білім дағдылары мен іскерлігін жетілдірудегі оқушының әрбір қадамы оның дүниетанымын кеңейте түседі.
Биологияны оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметін белсендіру -білім мазмұнын тереңдетеді, қоғамдық әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп шәкірттің дүниетанымын кеңейтеді, өзінше ой-пікір түйіндеуге үйретеді.
Таным үдерісі, біріншіден, оқытушы мен оқушының бірлескен әрекеті арқылы іске асса, екіншіден, олардың әрқайсысы жеке тұлға ретінде түрліше әсерге бөленеді.
Танымдық белсенділік пен оқушының дербестігі бір-бірінен ажыратқысыз. Оқушының таным белсенділігі оның білімге деген қабілетін сипаттайды. Ал басқа қабілет-қасиеттері іс-әрекет барысында айқындалып дамиды. Тиісті жағдай, мүмкіндік болмаса белсенділік те өркен жая алмайды.
Сондықтан да белсенділікті арттыратын әдістерді мейілінше дамыту тәжірибелік іс-әрекеттің өркендеуіне, ақыл-ойға қозғау салады. Мұның өзі білім сапасын көтерумен қатар оны өмірде пайдаланудың жолын кеңейтеді.
Танымдық белсенділік көрсеткіштеріне тұрақтылық, оқу саналылығы, шығармашылық қабілеттері, дәстүрден тыс оқу жағдайларындағы тәртібі, оқу міндеттерін шешудегі өз беттілігі жатады.

Таным үрдістері

Таным үрдісі - өте күрделі үрдіс. Білім қорының молаюы да осыған байланысты. Таным белсенділігін арттыруда биология пәнінің қосар үлесі ерекше. Ал оқушылардың таным белсенділігі артуының негізгі шарты -проблемалық оқыту.
Іздену, оқу таным проблемасын шешуге бағытталған оқушылардың іс - әрекеті. Оны ұйымдастырудың тәсілдері жиынтығынан зерттеу әдісі туады, ал одан проблема шешіледі.
Алдымызға қойған проблеманың басты мақсаты - оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру. Жеке оқушының таным белсенділігін арттыра түсуге болады. Нәтижесінде:
1.Оқушылардың таным деңгейі кеңейе түседі.
2.Оларға қиын, түсініксіз болып көрінетін тақырыптың өзіне бейімділік
белсенділігі артады.
3.Оқушылардың бойында Басқа сыныптасымнан кеммін бе, мен де
оқиын деген сияқты намыс белсенділігі артады.
Білім берудің негізгі сатысында биологияны оқытудың мақсаты - тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, бәсекеге қабілетті дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.
Пәнді оқытуда оқушының жан - жақты жұмыс істеу мүмкіндіктеріне жол ашу үшін мұғалімнің алдына мынадай міндеттер қойылады .
Қазіргі заман оқытушысынан тек өз пәнінің білгірі болу емес, жаңалыққа жаны құмар, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген, білімі мен білігі жоғары тұлға болу, ақпараттық сауаттылық талап етіледі.
Оқу құрылысын жүйелі талдау негізінде оқушылардың танымдық әрекетінде екі іс - әрекет тобын бөліп шығарады:
* оқушының оқытушымен бірге араласа отырып орындаған әрекеті;
* оқушының дербес іс - әрекет элементтері.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай оқыту үрдісін жүзеге асыру мүмкін емес.
Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу оқытушылар қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді. Менің ойымша сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар.
Олар:
* сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау;
* тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс - тәсілдерін түрлендіріп отыру;
* қосымша материалды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп алу;
* дидактикалы, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану;
* сабақта алдыңғы қатарлы озық іс - тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану.
Әрбір сабақ - мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушының есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану - ұстаз шеберлігінің белгісі.

1.2. Танымдық іс әрекет жеке тұлға дамуының негізі

Елімізде қарқын алып жатқан экономикалық-әлеуметтік дамулар келешек ұрпаққа білім берудің мақсаты мен мазмұнын түбірімен жаңартуды талап етіп, жаңа сапаға жеткізу міндетін қойып отыр. Білім беруді жаңарту бұл - үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі болып табылады. Қазақстанның білім саласындағы стратегиялық саясатын айқындайтын ресми құжаттарда, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттары айқын көрсетілген [2]. Білім беруді жаңарту үрдісі - салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды көздейтін тұрақты жүйе мен мазмұнға орай құрылымы өзгерген жаңа мектеп құруды талап етеді. Мұндағы басты нәтиже оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастырып қана қоймай, олардың интеллектуалдық, азаматтық, құқықтық, коммуникативтік, ақпараттық және басқа да салалар бойынша түпкілікті құзыреттердің жиынтығына жету қажет болып отыр. Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылдың 1-наурызындағы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына жолдауында: "Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз"- делінген [6]. Ал 2008 жылғы 7-ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына жолдауында: "Заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау",- деп көрсетеді [7].
Сондықтан да, алдымен "танымдық іс-әрекет" ұғымының мәнін ашқанды жөн көрдік. Мұндағы "таным" ұғымы адам санасын дамытудың негізі және ол арқылы адам өзі мен қоршаған ортаны таниды және оны игеруді үйренеді. Жалпы жас буынға білім беру мен тәрбиелеу мәселесінің ғылыми-практикалық дамуының қай кезеңі болмасын танымдық іс-әрекеттің мәні, оны ұйымдастыру зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Танымдық іс-әрекеттің педагогикалық мәселе ретінде дамуын үш қырынан (философиялық, психологиялық, педагогикалық) қарастыруға болады. Танымдық іс-әрекет туралы ілім ежелгі грек философтарының еңбектерінен бастау алады. Демокрит: "Әрбір адамның дара дамуы ақылдың нәтижесі. Сезім мүшелері қабылдаған түйсіктер күңгүрт, көмескі білім берсе, ақыл-ой осы сезім мүшелері қабылдаған түйсіктерді сараптау арқылы заттар мен құбылыстардың ішкі сырын, мән-жайын, себебін ашып ақиқатқа жеткізеді"-деді [8].
Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын бейнелі қабылдау нәтижесінде белгілі бір ұғым туады, ол танымға байланысты. Сондықтан Аристотель сыртқы дүние заттары алғашқы, ал олар туралы бiлiм соңғы, -дейдi. Ол адам танымы сыртқы дүние заттары туғызатын түсiнiктен басталады, танымның негiзi сезiмдiк қабылдау деп түсiнеді және ақыл-ойдың сезімнің танымдық сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау формаларында (ұғым, пікір, ой тиянағы, соны пікірлер) біртіндеп, сатылап дамитынын дәлелдеді [8].
Ал Сократ болса оқыту барысында шәкірттің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Ол шәкірттерге білімді жай ғана бере салмай, танымдық белсенділіктің көрсеткіші ретінде сұрақ қоюды ұсынды. Сократ танымды арнайы ұйымдастырылған еске түсіру, ал ол іздену мен тану арқылы жүзеге асады деп түсіндіреді [8].
Танымдық іс-әрекетті дамыту мәселесінің екінші қырын психолог-ғалымдар дамытты деуге болады. Таным теориясын зерттейтiн психология ғылымының саласы - гносеология немесе эпистемология айналадағы қоршаған дүниенiң адам санасында бейнеленуiн, танымның жалпы шарттары мен мүмкiндiгiн, бiлiмнiң шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжiрибе негiзiнде iске асатын таным үрдiсiнiң заңдылықтарын, оның негiзгi түрлерiн, әдiстерiн, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын анықтайды.
Психологиялық ғылыми еңбектердің ерекшеліктері таным мәселесін әрекет тұрғысында қарастырады. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші рөл атқарады. Адам қажеттілігінен туған іс-әрекет оның санасын бейнелейді. Ал іс-әрекет ұғымына "қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде": іс-әрекет - адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттес-тігінің іс жүзіндегі көрінісі. Ал адамның дамуында шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады және онымен адамның өзге іс-әрекеттерінің барлығы (ойын, оқу, т.б.) тығыз байланысты деген түсінік беріледі. Адамның іс-әрекеті дене және ой еңбегі арқылы көрінеді. Өнімді еңбек материалдық құндылықтарды, ал ой еңбегі рухани құндылықтарды жасайды. Адам үшін ең маңызды іс-әрекет - үйрену. Тұлға іс-әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, оның іскерлігі артады, дамиды.
Іс-әрекет туралы психологиялық ілімнің нобайы мен негізі психология ғылымының көрнекті өкілдері Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия зерттеулерінде салынды. Ғылыми психологияның әдісі ретінде іс-әрекетті талдау идеясы Л.С.Выготскийдің еңбектерінен бастау алған. Ол іс-әрекетті оның барлық арнайы ерекшеліктерін сақтайтын бірліктер арқылы талдауды қарастырған [15]. Ал іс-әрекеттің тұлғалық бағытын зерттеген С.Л.Рубинштейн тұлға іс-әрекетте қалыптасады деген тұжырым жасады. Ол: "...жалпы алғанда адам іс-әрекеті - бұл бәрінен бұрын әсер ету, ақиқаттылықты өзгерту; ...бұл тек қана әсер ету, әлемді өзгерту және қандай да бір объектілерді тудыру емес, сөздің ерекше мағынасындағы қоғамдық акт немесе қатынас. Сондықтан да іс-әрекет - ол қоғамға, адамдарға қатысты ұстаным", - деп жазды [16].
А.Н.Леонтьев адамның іс-әрекеті әрекет формасы немесе әрекеттер тізбегі ретінде болады, басқа түрде болмайды, мысалы: еңбек іс-әрекеті - еңбек әрекеттерінде, оқу іс-әрекеті - оқу әрекеттерінде, қарым-қатынас іс-әрекеті - қарым-қатынас әрекетінде және т.б. болады,- деп, әрекет ұғымын адам іс-әрекетінің маңызды бөлігі ретінде қарастырады. Іс-әрекет бірқатар нақты мақсаттарды көздейді, ол қатаң жүйелікпен жүзеге асады. Басқаша айтқанда, іс-әрекет әдетте жалпы мақсаттан бөлінген жекеленген мақсаттарға тәуелді әрекеттердің кейбір жиынтығынан жүзеге асады. Осы жағдайда, дамудың жоғары деңгейіне тән нәрсе - жалпы мақсаттың рөлін саналы түрде меңгерген мотив атқарады, сол себепті оны жете түсінуден мақсат мотивке айналады деп тұжырымдайды [17]. А.Н.Леонтьев "таным - әрекет түрлерінің бірі болғандықтан, таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік күші таным әрекетінің мақсатын кімнің алға қоятынына елеулі дәрежеде байланысты деп жорамалдауға болады" - дегенді айтады [16].
Іс-әрекетті сипаттай отырып, психологтар оның құрылымына үлкен мән береді және оны түрліше көрсетеді:
1) Сұраныс - түйсіну - мотив - шешім қабылдау - қағида - іс-әрекет
(Д.А.Кикнадзе);
2) Қажеттілік - сұраныс - қызығу - мақсат - еркіндік (А.Г.Здравомыслов);
3) Мақсат - мотив - тәсіл - нәтиже (К.К.Платонов);
4) Сұраныс - бағыт - мақсат - нәтиже - бағалау (Г.В.Суходольский).
Көпшілік мақұлдаған позиция А.Н.Леонтьевтікі болып табылады, онда іс-әрекет мынадай құрылымда беріледі: сұраныс - мотив - мақсат - мақсатқа жетудің жағдайы [18].
В.Н.Сагатовскийдің берген анықтамасы бойынша іс-әрекет дегеніміз - субъекттің объектке және олардың бір-бірімен белсенді қарым-қатынасының өзін-өзі дамытушы жүйесі [19]. В.Д.Шадриков:"...іс-әрекет қоғамдық тәжірибені игеру және қоғамдық маңызды құндылықтарды жасауға байланысты саналы түрде қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған ақиқаттылыққа деген белсенді қатынастың түрі ретінде" деп, іс-әрекетті әлеуметтік маңызды белсенділік ретінде қарастырады [20]. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін бірлескен диалогтық танымдық әрекетті қалыптастыру үрдісі қажет. Бірлескен диалогтық танымдық әрекетті қалыптастыру С.М.Жақыповтың құрылымы бойынша мынадай сатылардан тұрады: бірлескен ойлау әрекетінің бастауыш сатысы; бірлескен ойлау сатысы мен бірлескен әрекетке айналу сатыларының бірігу кезеңдері; дамыған ойлау әрекетінің сатысы [21]. Ал Ә.Алдамұратов "іс-әрекет - адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған белсенді қылықтары" - дейді.
Сонымен психологиялық еңбектерге талдау танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мәселесінің көптеген қырларын ашып берді, оның ішінде тұлғаны субъект ретінде қарау мәселесін көтерді. Психолог-ғалымдардың жетістіктері оқушының танымдық әрекетін қалыптастыру мен дамыту үрдісін толық сипаттауға үлес қосып, бүгінгі таңғы талаптарға сай педагогикалық зерттеулерге негіз болды.

1.3. Танымдық іс.әрекеттегі белсенділік деңгейлері

Танымдық белсенділік - деп оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып ұйымдастырылған таным үрдісінде пайда болатын, бекітілетін, дамитын жеке тұлғалық қасиет ретінде анықтауға болады.
Танымдық белсенділіктің көрсеткіштеріне тұрақтылық, оқу саналығы, шығармашылық қабілеттері, дәстүрден тыс оқу жағдайларындағы тәртібі, оқу міндеттерін шешудегі өз беттілігі, т.б. жатады.
Оқушылардың оқу үрдісіне кірісу деңгейі мен танымдық белсенділігінің байқалуы - нөлдік көрсеткіштен ең жоғарыға дейін өзгеретін динамикалық көрсеткіш. Белсенділігі әртүрлі деңгейдегі оқушылардың психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін талдап әрі олармен өзара оқу әрекетін ұйымдастыру стратегиясын анықтап көрелік. Оқытушының тактикалық әрекеті оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін күнделікті шешуге бағыттаса, стратегиясы оқу үрдісін оңтайландыруға бағытталады.
Олардың белсенділік деңгейлері:
Нөлдік деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушылар белсенділігі өте төмен, оқу жұмысына әрең кіріседі, жоғары бағалары жоқ, әуел баста оқуға ынтасы жоқ оқушылар.
Олар тез арада жұмысқа кірісе алмайды., алайда өз белсенділігін бірте-бірте көтеруге қабілетті.
Оқытушы бір қызметтен екінші түріне тез ауысуды қажет ететін тапсырмаларды ұсынбауы керек, олардан тез арада жауап беруді талап етпеу керек, жауап беріп жатқан кезде ойын бөлуге, тосыннан сұрақ қоюға болмайды.
Оқытушы олармен жақсы қарым-қатынаста болуы қажет. Бұл тактикалық кезең, ал стратегиялық жағынан қарасақ, оқытушы әртүрлі педагогикалық әрекеттер жасау арқылы оқушыларды нөлдік белсенділіктен жағдаяттық деңгейге көшіруі керек.
Жағдаяттық деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушылар көңіл-күй ықпалына тәуелді. Оларды сабақтың жаңашылдығы, сабақ беру әдіс-тәсілдерінің өзгешелігі қызықтырады. Сабақ кезінде мұндай оқушылар жұмыстың жаңа түріне оңай кіріседі, ал қиыншылық көрсе, сабаққа деген қызығушылығы күрт төмендеп кетеді.
Оқушыларға қатысты педагогтің тактикасы олардың көңіл күй белсенділігін құптау керек. Бұл топ басқаларға қарағанда жауап жоспарын, алгоритмді, тірек сигналдарын пайдалана білуді қажет етеді.
Орындаушылық деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушылар үнемі үй тапсырмасын орындап келеді. Кез келген жұмысқа дайын тұрады. Оқытушы жаңа тақырыпты түсіндіруде осы оқушыларға сүйенеді. Олар тұрақтылықпен ерекшеленеді. Олардың білімдері берік. Дегенмен оқушыларды тірек, сүйеніш ретінде пайдалану педагогикалық қателік деп саналуы керек. Егер материал өте жеңіл болса, оқытушы үлгірімі төмен оқушыларға ғана көңіл бөлсе, бұл оқушылар сабақта іші пысып отырады. Сондықтан осы деңгейдегі оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру өзекті мәселе болып саналады. Оларға проблемалық, ізденіс және эвристикалық жағдаяттар ұсынуға болады. Түрлі пікірталастарға, дебаттар, сот отырыстарына т.б. енгізуге болады.
Шығармашылық деңгейдегі белсенділік. Бұл деңгейдегі оқушыларға дәстүрден тыс шешімді қажет ететін ізденіс тапсырмаларын беру ұсынылады. Олар құбылыстың мәнін, олардың өзара байланысын түсінуге талпынады. Түрлі проблемалардың шешімінің жаңа жолдарын табуға тырысады.
Шығармашылық қабілетті әртүрлі оқушылар көрсете алатынын педагогтер ұмытпауы тиіс. Мұны ескере отырып оқытушы кез келген міндеттерді қабылдауында және интерпретациясындағы дәстүрден тыс қабілеттерін көрсету үшін жағдай жасауы керек.белсенділігі әртүрлі деңгейдегі оқушылары бар топпен сабақты қалай ұйымдастырып жүргізуге болатынына тоқталайық. Осындай сабақтың құрылымы үш негізгі моделді қарастырады:
* өзара оқу әрекеттері іске асырылады: педагогтың оқушыларды әрбір жеке топпен біртіндеп жүргізілген жұмысы;
* сабақ оқудың міндеттеріне байланысты сол немесе басқа топтың оқу қызметіне кірістіруді болжайтын мозаика түріндегі өзара әрекетте құрылуы мүмкін;
* сабақ белсенді- рөлдік болуы мүмкін, өзара оқу әрекетінде басқаларды оқыту үшін басты рөл белсенділігі жоғары деңгейдегі оқушыларға беріледі.
Оқытушыларға тағы бір кеңес. Оқушыға жаңа ойын, тапсырма, жаттығу, жағдаят ұсынбас бұрын, ең алдымен, өзіңізге- өзіңіз сынатып алыңыз. Сонда, бір жағынан, шарттың дұрыс- бұрыстығы көрінеді, екінші жағынан, бақылау жұмысының, берілген жағдайдың шығармашылық түзету жолы анықталады.
Кез келген педагогикалық технология оқушылардың белсенділігін арттыру құралдарына ие, кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеяны және нәтиженің тиімділігінің негізін құрайды. Оларға перспективті оқыту (С.Лысенкова), ойын, проблемалық, деңгейлеп оқыту (Ж.Қараев), компьютерлік, жеке оқыту, жалпы білімдік іскелігін жетілдіру (А.Зайцев) технологияларын жатқызуға болады.

1.4. Танымдық іс-әрекетте белсенділікті дамыту жолдары

Оқушы белсенділігін арттыратын технологиялардың бірі - деңгейлеп саралап оқыту (ДСО) педагогикалық технологиясы, авторы - профессор Ж.Қараев.
Заман талабына сай оқытудың осы технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жобасының ретінде енгізетін болсақ, онда: білімді демократияландыруға және ізгілендіруге; оқыту сапасын арттыруға; басқару тиімділігін жетілдіруге; оқушылардың дамуына бақылау жасауға; оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі - оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымызды маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электрондық оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін, жаңа мазмұнды қажет етеді.[14]
Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөлін оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.
Деңгейлік тапсырманың ауқымы өте кең: оқулықтағы жаттығулар, өткен ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға, бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыттайды. Деңгейлеп тапсырмалар 4 деңгейде беріледі.
I деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында танып-білу және үлгі бойынша қолдану арқылы орындалады.
II деңгейдегі тапсырмалар өзгертілген жағдайда немесе өткен сабаққа арналған тапсырмалар бойынша, III деңгейдегі тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорыту барысында есептер беріледі. IV деңгейлік тапсырмалар оқушының шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, ойын дәлелдей алатындай қабілетті оқушыларға орындау үшін беруге болады және ол мұғалімнің тәжірибесіне де байланысты.
Осы оқытудың педагогикалық технологиясы талап етіп отырған мақсатты деңгейлер тізбегін құру, яғни ол диагностика түрінде анықталады.
Деңгейлік тапсырмалар бойынша бағалау ұпайлық жүйемен жүзеге асырылады. I деңгейді орындаған бала 5 ұпай жинаса 3 алады. ІІ деңгейге 4 ұпай жинаса 4 алады. ІІІ деңгейден 3 ұпай жинаса 5 бағасы қойылады. 3 деңгейде 12 ұпай болса, беске бағаланады.
Ж.Қараев технологиясының тиімді жақтары:
1. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
2. Оқушының қабілеті анықталады.
3. Талпынысы, ұмтылысы байқалады.
4. Күрделі тапсырмаға байланысты оқушының ойлау қабілеті артады.
5. Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындап болған соң, жинаған ұпайы бойынша әр баланың деңгейі қабілетіне қарай бағаланады. Демек, әділ баға қойылады.
Әр мұғалім алдына қойған мақсатқа жету үшін тобының деңгейін, білімдерін көтеруге, шыңдауға тырысады.
Қазір оқыту әдістемесінде сабақты оқушыға меңгертуде, оқушылардың білімін тексеруде, өздігінен орындайтын жұмыстарда оқушылардың қабілеттерін жеке-жеке есепке ала отырып, саралау кеңінен қолданылуда.
Сабақта оқушы белсенділігін, қызығуын арттыруды назарда ұстап, жаңа тәсілдерді алдымен өзім меңгеріп білуді басты назарда ұстаймын. Осы үрдісті тәжірибеге енгізбей, мұғалімнің жақсы нәтижеге жетуі мүмкін емес.
Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылатындықтан, бұл жерде де жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі - оқыту мақсаты болып табылады.
Аталған жұмыс профессор Қараев Жауынбайдың тұжырымдамасы негізінде өтіп жатқан тәжірибелерде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Өзім сабақ беретін сыныптарда деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқытудың ерекшелігін талдап, сабақта пайдалану жолдарына бағдарламалар жасадым. Әсіресе, өз сабағымда оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге ерекше назар аударамын. Әр оқушы үшін оны есепке алып дамыту жолын таба білдім. Тақырып, тарау бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Себебі, ол оқушының ойлауын, есте сақтау, белсенділік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік саралау арқылы мұғалім оқушы білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік алады. Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін, қиындықты жеңуін, табандылығын үнемі назарда ұстап, олардың білімінен байқалған олқылықтарды сипатына қарай топтап, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізгеннен кейін сынып оқушыларын шартты түрде 4 деңгейге бөлемін.
І - оқуға өте жақсы қабілеті барлар.
ІІ - оқуға жақсы қабілеті барлар.
ІІІ - оқуға орташа қабілеті барлар.
ІУ - оқуға шамалы қабілеті барлар.
Ол үшін деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында әр оқушы мұғалімнің бақылауында болып, дұрыс орындалған тапсырмаға + белгісі мен өз алдындағы картасына белгілеп алады.
Барлық оқушылар өз қызметін ең төменгі І деңгей тапсырмасын орындауда бастайды да, оларды толық орындап болғаннан кейін мұғалімнің рұқсатымен келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарыс туғызады және әр оқушының білім алуына кепілдік береді. Сонымен қатар әр оқушының өз қабілетіне қарай (2-3 деңгей) көтерілуіне жағдай жасайды. Сабақтың соңында жинаған ұпайларына сәйкес оқушылар өз білімдерін бағалайды. Ол карталарды тексеріп болған соң сынып журналына түсіремін. Оқушы білімін тексеруде олардың өз пікірін жеткізе білуі мен есте сақтау қабілеттерінің біркелкі болмайтынын ескеремін. Қабілетті оқушылар негізгі сұраққа ғана емес, қосымша сұрақтарға да жауап бере алады. Ал қабілеті орташа дәрежедегілер тек негізгі сұрақтарға ғана жауап бере алады. Сыныпта өзінің жалпы ой-өрісі мен баяу ойлануына сәйкес, оқып-үйренетін объектілердің, оқиғалар мен құбылыстардың ұқсастығын, айырмашылығын әртүрлі карталарда оқып, өз бетінше салыстыра алмайтын оқушылар тобы кездеседі. Олар ерекше қарым - қатынасты қажет етеді. Бұндай оқушылар табыстары елеулі болмаса да мақтауды қажет етеді. Осындай мақтау баланың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Оқушыларға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән сапасы, қабілетін ашуға диагностикалық әдістерді 7-9 сыныптарда қолдануды тәжірибеге айналдырып жүрмін. Диагностика қорытындысын әр тарау бойынша шығарып, бағалап отырамын. Нәтижесінде жеке оқушының барлық білім сапасы қандай дәрежеде екендігі анықталады. Білім сапасының жоғарылауына, сабақта берілген білімнің оқушы жадында сақталуына диагностикалық тексерудің маңызы зор.
Диагностикалық зерттеу мұғалім мен оқушыны ынталандыра түсіп, олардың қабілетін арттырады.
Өркениетті 50 елдің қатарына енуді мақсат етіп отырған еліміз жан-жақты дамыған мәдениетті тұлғаны тәрбиелеп шығару арқылы ғана көздегеніне қол жеткізе алады. Ол үшін әр мұғалім ХХІ ғасыр мұғалімінің моделін, өз бойындағы қасиеттерді жетік меңгеруі керек.
ХХІ ғасыр мектебіндегі ізгілікті-тұлғалық педагогиканың және оның тәжірибелік маңызының тамыры ретінде кейінгі кезде Ж. Қараевтың технологиясы мектеп тәжірибелеріне енгізіліп отыр:
- Оқушыларымызды бүкіл адамзаттық даму үрдісінің, білім мен ғылымның технологиялық даму бағыттарына бағдарлап, соларға лайықтау;
- Маңызды әдістер мен ақпараттар алып үйрену;
- Жоғарғы дәрежедегі білім деңгейіне жету.
Бұл технологияны өз тәжірибесіне енгізген кез келген пән мұғалімі осы мақсатта жұмыс істейді[13].
2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН АРТТЫРУДА ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ

2.1. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін арттыру жолдары

Өсіп жатқан ұрпағымызды ойлы да іскер, өз-өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш мектеп - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз -- жеке тұлғаны дамытып, оқуға қызығушылығын ояту, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу -- қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан -- жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін дамыту жолдарын айқындап көрсету.
Танымдық белсенділік дегеніміз -- оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Ал, таным-ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі. Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті -- табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.
Оқу-танымдық іс-әрекет -- бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс-әрекеттер түрлері болып табылады. Оқу-танымдық іс-әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу-танымдық іс-әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл-ой, ерік-күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.
Танымдық іс-әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі -- оқушының үнемі жаңа дүниеге енумен, әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл-ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым-қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой-пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт-бағдар беру, істің дұрыс-бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту -- оның мінез-құлқында тұрақтылықты, өзін -- өзі бағалауды, ерік әрекетінде батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне-өзі талап қоя білуді, т. б. үйретеді.
Оқушының танымдық іс-әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс-әрекеттен тұрады. Оқушы қоғам өмірінде маңызды іс-әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу-танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс-әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың іс-әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т. б.); оқушы іс-әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы -- кітаптар, лабораториялық құрал-жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т. б. жоғары интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т. б.) жатады.
Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру -- оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды. Оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз -- оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл-қозғалыстары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Бастауыш сынып оқушылардың өзіндік оқу жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеттері
Оқушылардың білім, білік дағдыларын бағалау және тексеру
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Педагогикалық іс-əрекеттің инновациялық бағытылығы
Білімді беруді бақылау
Мұғалімнің басшылығымен сабақ барысында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үрдісі
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану
Пәндер