Кадет партиясының мүшесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Медициналық Университет Астана
Жалпы Медицина

РЕФЕРАТ
Алаш қозғалысының 100 жылдығы: ұлттық интеллигенцияның саяси, мәдени-ағартушылық қызметіне жаңа көзқарастың қалыптасуы.

Орындаған: Сейдалы Нұрислам 102-группа
Қабылдаған: Бибижамал Омарова

2020жыл

Жоспар:
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2.Негізгі бөлім:
І. "І, ІІ Дума және қазақ депутаттары" ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ.Алаш зиялылары және ұлт тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
ІІІ.Алаш идеясы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
4.Қолданылған ресурстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

1.Кіріспе
ХХ ғасырдың басында қазақ өлкесіне кеңестік билік орнады. Бұл кезең қазақ жеріндегі халық үшін қиын кезеңдердің бірі еді. Біріншіден, 1918-1920 жылдары болған ақтар мен қызылдар соғысы немесе Қос Үкіметтің орнауы қазақ халқын екіге бөлді. Екіншіден, соғыс кезінде бекіністерге зардап келіп, адамдарға тамақ пен үйлер жетіспеушілігі пайда болды.
Алайда, "Алаш" қозғалысы алғашқы қадамдарын Ресей империсяның соңғы кезеңдерінен бастау алады.І және ІІ Думаның (1906, 1907 жж.) қазақ депутаттарының алдында тұрған ең маңызды міндет - жер-аграрлық мәселе болды. Атап айтқанда, біріншіден, Ресейдің ішкі еуропалық гүбернелерінен миллиондаған жерсіз орыс және украин шаруасын (мұжығын - С.А.) қазақ даласынан жер үлесін беріп қоныстандыру саясатын Думаның қадағалауына алдырып, оны заң жүзінде тоқтату, екіншіден, Қарқаралы құзырхатының 4-тармағында жазылғандай, қазақ халқына ата-бадан мұраға қалған төл жерін Дума қабылдайтын заң жүзінде меншігіне рәсімдеп беру.[1]
ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық өкілдері рөлін атқарған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясы өзінің алдына халқын дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол қазақ халқының объективті мүдделері мен жағдайын жүйеге түсірілген теориялық білім ретіндегі идеолдогиялық деңгейде ұғынып білдіруге, оның саяси күрес бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды. Демократиялық ұлттық интеллегенция қоғамның таптарға бөлінуі мойындамай бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте көмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адамзаттық қазыналар жолында күресті. Осы мақсатпен қазақ интелегенциясы 1905 жылдан бастап саяси қызметті қызу өрістетті. Қазақ интелегенциясы саяси қызметінің қорытындысында Алаш партиясы құрылды.[4]
Партия ұраны десек, бабамыздың Алаш ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сүйтіп қазақ саяси партиясының атын Алаш қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп отыр - делініпті Алаш партиясы құрылған Бірінші жалпықазақ сиезі жөнінде жазылған Қазақ газетіндегі сүйінші мақалада 1, 414. Сонау XX ғасырдың басында елдің еркіндігі үшін күрескен ерлер қалаған осы қасиетті сөз тәуелсіздігіне жеткен қазақ баласына да соншалықты қымбат, аяулы ұғымға айналуда. Бұл - санамыздың жаңғыруы, тарихи тамырларымызды қастерлеуіміз, елдіктің белгісі, өсер жұрттың өнегесі.
Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері - бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектерінің алуандығы - олардың ұлт тағдырындағы тілдің төтенше маңызын әрі терең, әрі жан-жақты түсінгендігін аңғартады. [[]2[]]
Жоғарыда көрсетілген ақпараттар сүйене отырып "Алаш" қозғалысының басты мақсаты қазақ өлкесіндегі халықтың жағдайын әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрғыдан тұрақтандыру мен қатар, білім салсы бойынша дамыту болып табылды.
2.Негізгі Бөлім:
І. "І, ІІ Дума және қазақ депутаттары"
XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында қазақ даласында Ресейдің саяси партияларының филиалдары ашыла бастады. 1905-1906 жылдары сол кездегі қазақ қалаларында Кадет, Народная свобода, Социал демократтар және т.б. партиялар ресми түрде тіркеліп, өздерінің үгіт- насихат жұмыстарын жүргізіп тұрған. Ішкі Ресейдегі толқулардың екпіні қазақ қалаларын да шарпып, патшаға қарсы ереуілдер мен шерулер Орал, Перовск, Ақтөбе, Петропавл, және т.б. қалалардағы өнеркәсіп орындарында, теміржол жұмысшылары арасында жиі болып отырды.
Міне, осындай кезде мем - лекеттік Ду - маға сайлау болатыны туралы заң шыққаны қазақ арасына да жетеді. Өздерін теңгермей, жартыкеш санап жүрген үкіметтің енді елдің басты заң шығарушы органының мүшелігінен орын бермегі қазаққа жақсы жаңалық әкелген хабар еді. Бірақ, жергілікті биліктегілер сайлау науқанын ұйымдастыруды көп уақыт қолға алмайды. Тек, халықтың қысымымен ғана ол мерзімінен әлдеқайда кеш басталады. Тіпті, аумақтық бөлініске келгенде де барынша әділетсіз болады. Мәселен, қазақ даласының Ақмола, Семей, Торғай, Орал губернияларына бөлінген 10 депутаттық мандаттың бүкіл халықтың 70% құрайтын қазақтарға 4-еуін, ал 30% құрайтын орыстар қоныстанған қалаларда 6-уын ғана береді. Осылайша, уақытылы өткізілмеген сайлаудың ұзаққа созылуының кесірінен қазақ депутаттары тым кеш қалып, Думаның жұмысына алғашқы күннен қатыса алмайды. Мәселен, А.Қалменұлы, А.Бірімжанұлы, Санкт-Петербургке Дума ашылғаннан кейін бір жарым ай өткен соң келсе, Ә.Бөкейханұлы оның жабылуына біраз күндер қалғанда ғана жетеді (себебі, Дала генерал губернаторының негізсіз жарлығымен соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақ - тысында отырды). Дегенмен, қанша жетіспеушіліктері болса да, бұл қазақ даласында демократиялық жолмен өткен тұңғыш сайлау еді. 1-ші Думаға қазақтар арасынан 8 депутат қана сайланды. Соның өзінде де қазақ депутаттары белсенділік танытып, әртүрлі комиссияларға мүше болды. Жоғары білімді заңгер А.Бірімжанұлы - әскери дала соттарын жою жөніндегі заң жобасын жасау комиссиясына енгізіледі. Ол А.Қалменұлы екеуі жоғарғы үкімет орындарына қазақ жеріне қоныс аударушыларды орналастыру барысында заң бұзушылық әрекеттер жасалып жатқаны жөнінде сұрау салады. Патша 1-ші Думаны өктемдікпен таратқанда оған сайланған депутаттар қарсылық білдіріп, Выборг қаласына жиналады. 182 депутат қатысқан бұл оппозициялық жиын тарихта Выборг үндеуі деген атаумен қалды. Жиналғандар патшаның әділетсіз шешімін айыптап, оның жүгенсіз істерін әшкерелеуге тырысты. II мемлекеттік Думаға қазақтардан 7 депутат сайланған. Олардың кейбіреулері (Ш.Қосшығұлұлы, А.Бірімжанұлы, Б.Құлманұлы) екі рет сайланды. Ал, Ә.Бөкей - ханұлы Выборг үндеуіне қол қойғандықтан өкімет оны қуғынға ұшыратып, қылмыскер атандырды, ал заң бойынша ол депутаттыққа кандидат бола алмады. Бұл Думада белсендірек болған қазақ депутаттары: Б.Қаратайұлы хат-хабарларды реттеу, ар-ождан бостандығы, ал М.Тынышбайұлы аграрлық комиссияға мүше болды. Яғни, Ресейдің 1-ші және 2-ші мемлекеттік Думаларына қазақтардан бар-жоғы 12 адам сайланған еді.
1. Әлихан Бөкей - ханұлы 1870 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Алаш қозғалысының жетекшісі, ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері. Қазақ халқының рухани көсемі, Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің төрағасы. 1-ші Думаға Семей облысынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі. Алдымен Қарқаралыдағы Зариф молда медресесінде оқығаннан кейін оны місе тұтпай қаладағы үшсыныпты бастауыш мектепке ауысады. 1889 ж. сол қаладағы қазақ балаларына арналған мектепті, 1890 ж. Омбыдағы техникалық училищені бітіреді. 1890-1894 жж. Санкт-Петербургтегі императорлық Орман институтының экономика факультетін аяқтайды. 1901 жылы императорлық Орыс Географиялық Қоғамының мүшесі болып сайланады. 1905 жылы қазақ даласында алғаш рет саяси талаптар жасап, 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясының ұйымдастырушысы болды.
2. Мұхаметжан Тыныш - байұлы 1879 жылы бұрынғы Жетісу облысының Лепсі уезіне қарасты Мақаншы-Садыр болысындағы Жыланды тауының етегінде туған. Қоғам қай - раткері, қазақтың тұңғыш те - міржол инженері, тарихшы ғалым, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. 2-ші мемлекеттік Думаға Жетісу облысынан сайланған. 1890 жылы Верный қаласындағы ерлер гимназиясына түсіп, оны алтын медальмен бітірген. Санкт-Петербургтегі I Александр атындағы Жол қатынасының инженерлерін даярлайтын инс - титутқа түскен. 1905 жылы осы қаладағы автономияшылар одағының 1-ші Құрылтайына қатысып, Қазақтар һәм азаттық қозғалысы деген тақырыпта баяндама жасаған.
3. Ахмет Бірімжанұлы 1871 туған. Алашорда үкіметінің мүшесі, қоғам қайраткері, Шақшақ Жәнібек батырдың ұрпағы, ағартушы-демократ Ыбырай Алтынсариннің туысы. Екікластық училищені, 1891 ж. Орынбордағы ерлер гимназиясын күміс медальмен, 1899 ж. Қазан университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1-ші және 2-ші мемлекеттік Ду - маларына Торғай облысы қазақ - тарының атынан сайланған.Орынбор, Ақтөбе уездерінде сот қызметкері, бітімгер судья болып қызмет істеген. 1906 жылы 2-шілде күнгі Дума отырысында қазақтар арасынан бірінші болып мінберден сөйлеген адам.
4. Сәлімгерей Жантөре - ұлы 1864 туған, 1-ші мемлекеттік Думаға Уфа губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, жоғары білімді, Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу университетінің физика-математика факультетінде оқыған. Губерниялық земствоның бас - тығы қызметін атқарған. Өзі Башқұрт жерінен депутат болып сайланса да, туған халқының мұң-мұқтажын қорғауға үлес қосты. Қазақ халқының болашақта орыс - танып кетуінен қауіптенген адам.
5. Алпысбай Қалменұлы 1860 жылы туған, I мемлекеттік Думаға Орал облысынан сай - ланған. Кадет партиясының мү - шесі, Орынбор гимназиясын бітіргеннен соң жоғары білім алған, Ішкі Орданы басқару кеңесінің мүшесі бол - ған. Хал - қының білім алып, оты - рық - шы болу істері оны үнемі толған - дырған. Ана тілінде мектептер ашылуын қолдаған.
6. Дәуіт Ноян Тұндыт 1860 жылы туған, I мемлекеттік Ду - маға Астрахань губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, ауқатты отбасында туып, патша лицейінен білім алған. Кейін жоғары оқу орнын бітірген. Мемлекеттік Дума мүшелерінің тізімінде жер иеленуші деп көрсетілген.
7. Темірғали Нұрекенұлы 1858 жылы туған, 2-ші мемлекеттік Думаға Семей облысынан сайланған. Бастауыш білімі бар, ауқатты отбасынан шыққан. Осы облыстағы Сәйтен әкімшілігінің болысы болған. Думаның мұсылмандар фракциясына енген. Өзі де көкірек көзі ояу, қажылық парызын өтеген, діни сауатты адам екен.
8. Тілеулі Аллабер - ген - ұлы 1856 жылы туған, 2-ші мемлекеттік Думаға Сырдария облысынан сайланған. Бастауыш білімі бар, бай адам болған. Думаның мұсылмандар фракциясының мүшелігіне өткен.
9. Шәймәрден Қосшығұлұлы 1869 жылы туған, 1-ші және 2-ші мемлекеттік Думаларға Ақмола облысынан сайланған. Ауыл молдасынан білім алған. Дума мүшелерінің тізімінде ауқатты, бай адам деп көрсетілген. Орыс тілін білмейтіндігі себепті 2-ші Думаның ресми тізіміне кіргізілмеген. Мұсылман фракциясында болған. Ел ішінде беделді кісі болып, өз қаражатына мектеп ашқан. Халықты қанаушылықтан, езгіден құтқарудың жолын іздеп, түрлі шараларға барған.
10. Бақытжан Қаратайұлы 1860 жылы туған, Әбілқайыр ханның шөбересі. II мемлекеттік Думаға Орал облысынан сайланған. Орынбор гимназиясын, ал 1890 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. Патшаның Әділет министрлігінің бұйрығымен Грузияның Кутаиси қаласына тергеуші болып барған. Бір қызығы, онымен Орал облысынан 18 отбасы бірге барады. Кеңес Одағы кезінде де түрлі қызметтер істеген. 1934 жылы 74 жасында дүниеден өтті.
11. Бақтыгерей Құлманұлы 1857 жылы туған, 1-ші және 2-ші мемлекеттік Думаға Астрахань губерниясындағы Ішкі Орда қазақтарынан сайланған. Ауқатты адам болған. Депутаттардың тізімінде жоғары білімді, шенеунік деп жазылған. Мұсылмандар фракциясының мүшесі.
12. Молда Тайынұлы 1-ші мемлекеттік Думаға Жетісу об - лысынан дәл оның тарайтын қарсаңында сайланған. Сондықтан болса керек, оның есімі ресми тізімге енгізіл - гені - мен, ол туралы басқа деректер та - былмауда. [3]

ІІ.Алаш зиялылары және ұлт тілі
"Алаш" қоғалысы қазақ халқының ұлттық тіліне зор байлық ала келді, ол- ұлттық жазу үлгісі мен қатар әдеби-шығармашылық байлықтар. Бұл мұраларды бағалайтын болсақ.
Біріншіден, Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады. Оның себебіне үңілсек, онда Алаш қайраткерлерінің барлық ұлттық ерекшеліктердің ішінен халықтың болмысын, өткені мен бүгінін танытарлық тіл сияқты ең көрнекті құбылысты таңдауы аса қисынды еді. Қандай ғылым болса да, әлбетте, белгілі бір қолданбалы, жүзелік сипаттан өрістейді. Осы тұрғыдан келгенде, Ахаңның тіл саласындағы еңбектері, кейінірек жазылған Халел Досмұхамедұлының, Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының еңбектері алдымен оқытуға, білім беруге арналған дүниелер болатын. Айталық, Ахмет Байтұрсынұлының Оқу құралы, Тіл құралы, Телжан Шонанұлының, Елдес Омарұлының оқу-әдістемелік мақалалары осыны аңғартады. Әсіресе, тіліміздің жазу үлгісінің, емлесінің қалыптасуындағы Алаш зиялыларының орны алабөтен. Алаш оқымыстыларының қазақ тіл білімі тарихындағы орнын 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі де байқатты. Осы алқалы, тарихи жағынан маңызды ғылыми жиындағы А.Байтұрсынұлының, Е.Омарұлының, Н.Төреқұлұлының баяндамалары, Т.Шонанұлының, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедұлының, М.Тұрғанбайұлының, М.Саматұлының сөйлеген сөздері, ой-пікірлері тілтану ғылымының күрделі мәселелерін шешуде алаштықтардың қаншалықты үлкен еңбек сіңіргендіктерін қаншалықты эрудициясы мен инстуициясы бай тұлғалар екендіктерін айғақтады. Осы сиезде, негізінен, әліпби, жазу ережелері тақырыптары баса көтерілгенімен, олар тілдің сан алуан мәселелері төңірегінде сөз қозғауға өрісті ой тудырды. Осындай білімпаздар сиезі, біздің пайымдауымызша, бүгін де қажет сияқты. Себебі емледе болсын, терминологияда болсын, ономастика саласында болсын тілші ғалымдармен бірге басқа ғылым саласы өкілдерімен бірге ақылдасып ортақ уәжге келерлік мәселелер баршылық. Алаш оқымыстылары қалыптастырған қазақ тіл білімі Ахаңның, Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-тілдік мектебін қалыптастырды. Бұл мектеп ілгеріде есімдері аталған тілтанушыларды өсірді, бұдан кейінгі кезеңде Ахаңның көзін көрген өнегесін алған қаншама ғалымдар қалыптасса, совет заманындағы қазақ тіл білімі де Ахаңның ізімен жүрді, оның атын атай алмаса да, еңбектерін пайдаланды. Енді тәуелсіздік алған заманда тағы да Ахаң өзінің ұстаздық мінберіне барша тұлғасымен көтерілді.
Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Бастапқыда Шортанбай Қанайұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Әбубәкір Кердері және тағы да басқа исламдық ағартушылық ағымның өкілдері шығармашылығында, сәл кейінірек тұтастай түрде Ыбырай Алтынсарин, Абай өнернамасында қалыптаса бастаған жазба әдебиетінің көркемдік, стильдік, жалпы тілдік белгілерін іргелендірді. А.Байтұрсынұлы, Ғ.Қараш, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Серкебаев шығармаларындағы жазба реалистік дәстүр, М.Жұмабаев, Б.Күлеев поэзиясындағы романтикалық жазба дәстүр мәдениетті жазба әдебиетінің қалыптасқандығын байқатса, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтердің көркем прозасы классикалық жазба әдебиетінің зор үлгілері болды. Әңгіме, повесть, роман, поэма, баллада, драма сияқты жанрлардың түгенденуі де ұлттық жазба әдебиетіміздің қалыптасу кезеңінен даму биігіне қарышты қадам жасағандығын әйгіледі. Қазіргі кезде ғалымдар тарапынан Алаш әдебиеті, Алаш ұранды әдебиет делініп жүрген әдебиет идеялық жағынан да,тақырыптық жағынан да, тілдік-стильдік жағынан да, жанрлық жағынан да, бейнелілік жағынан да ауызша дамыған сөз өнеріміздің жазба әдебиетке тән деңгейге көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты. Бұл тіліміздің бойындағы мүмкіндіктерді барынша көрсетуге, көркем әдебиет стилінің дамуына жағдай жасады. Алаш әдебиеті арқылы ұлттық сөз өнеріміз жаңа деңгейге жетіп, тіліміздің байлығы мен оралымдылығының, мағыналылығының, әлеуетінің мүмкіндіктері мол екендігін паш етті. Сайып келгенде, Алаш қозғалысының өзі сол қаламгерлердің шығармашылық жолын айқындады. М.Жұмабаев, Ж.аймауытов, М.Әуезов сияқты ұлы қаламгерлердің қалыптасуына шешуші ықпал етті. Бұған қоса Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы мақалаларынан басталып, Әдебиет танытқышқа, Әдебиет тарихына ұласқан әдебиеттану ғылымының қалыптасуы да Алаш қаламгерлерінің жазба әдебиетімізді дамытқанын, ғылыми-эстетикалық тілдің де негізін қалағандығын дәлелдеді. Қалам ұстаған Алаш азаматтарының әдеби тілімізге жасаған осы тарихи еңбегі қазақ тілінің кейінгі өрістеу жолдарын айқындаған өнегелі, өміршең дәстүр болды. Жазба әдебиетіміздің тарихындағы алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау, бейнелілік тудыру, тілдің стильдік мүмкіндіктерін ашу, құбылысты суреттеу - олардың ұлттық ойлаудың биігіне жеткендігін, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың рухани игіліктерін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ. Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы советшіл әдебиеттен көрініс тауып жатты. Алаш әдебиетінің рухы Мұхтар Әуезов сияқты данышпан жазушының қаламына қанат бітірді, осы рух Бауыржан Момышұлын, Ілияс Есенберлинді, Мұхтар Мағауинды тағы да қаншама қазақтың ұлыларын, ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет етудің жоралы дәстүріне баулыды.
Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, ұлттың рухани-мәдени өрлеуіндегі, саяси ұйысуындағы асыл қазынаның бірегейі тіл екендігін байыптады. Сөйтіп, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. Бұл алаштықтар тарапынан тілдің саяси, әлеуметтік маңызын, ұлттың тұтасуы мен өркендеуіндегі орнын сезініп, оған тұңғыш рет берілген толымды баға болатын. Бұл да тәлімі тарихи деуге татитын Алаштың орасан өнегесі болатын. Ресей отаршылдығының саяси, әскери қысымын ғана емес, рухани өктемдігін сезген, көрген Алаш зиялылары тілді, ұлтты сақтап қаларлық қуатты құрал деп қарады, бағалады, соған риясыз қызмет етті. Хандық мемлекет тұсында тіл билік пен шешендіктің, көсемдіктің, өнебойы отаршылдықта өткен XIX ғасырда қарсылық пен сынның құралы болса, Алаш қозғалысы тұсында тілге ең алғаш рет ұлтты тұтастырушылық ірі қызмет жүктелді. Яғни, қазақ тілі қалың ел, ордалы жұрттың тілі ретінде сақталу керек, сақтала тұрып ұлттың ұлттығын да сақтауы тиісті деп бағаланды. А.Байтұрсынұлы Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл-деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін алғаш аңғартты. Ахаңның осы сөзіне орайлас пікірлерді Алаш зиялыларының көпшілігі білдірді. Айталық, Ғұмар Қараштың: Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тиіс. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ
Ресей жоғарғы оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі
Алаш партиясының құрылуы
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты
Алаш партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі
Ә. Бөкейхан - ұлы мұрат жолындағы көшбасшы
Пәндер