Ірі қара малдың сүт өнімділігі


Ф. 7. 14-02
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Азық-түлік және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні «Мал өсіру және селекция»
Жұмыс тақырыбы: Әулиеата сиыры тұқымының өсіп дамуы
Мамандығы 5В080200- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
(мамандықтың аталуы мен шифрі)
Орындаған: Сәтенбаев Б. Е. ЖТ-17-7тк
(қолы, студенттің аты-жөні, тобы)
Жетекші
(қолы, оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)
Жұмыс
бағасы
бағасына қорғалды
«» 201___ ж.
Комиссия:
қолы, аты-жөні
қолы, аты-жөні
Норма бақылау
қолы, аты-жөні
Шымкент 2019 ж.
Ф. 7. 14-03
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Азық-түлік және мал шаруашылығының өнімдерінің технологиясы» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
Шингисов А. У.
«» 201___ ж.
№ ТАПСЫРМАСЫ
«Мал өсіру және селекция» пәні бойынша курстық жұмыс
Студент топ
(тегі, аты-жөні) Жұмыс тақырыбы
Берілген мәліметтер:
Әдебиеттер: 1.
2.
3.
Тапсырма берілген күні, жұмыстың қорғау күні
Жұмыстың жетекшісі
(қызметі, аты-жөні, қолы)
Мазмұны
Кіріспе
Халқымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз етуде ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор. Өйткені сүт өнімінің 99 пайызы, еттің 40-45 пайызы ірі қарадан өндіреді. Кейінгі жылдарда ірі қара мал шаруашылығының даму жолдары қайта айқындалып, сауын сиырларының сүтін 700-800 кғ-ға дейін көтеру көзделініп отыр . Соңғы кездері шет елдерден асыл тұқымды сүтті, етті ірі қараларды әкеліп жергілікті малдың өнімділігін жоғарылатуға айрықша көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ-тан, Австралиядан әкелінген голштин-фриз, герефорд ірі қараларды жергілікті малмен будандастырып, өнімділігі жоғары табындар қалыптастырылуда. Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20дай сүтті, сүтті-етті және 8-етті ірі қараның асыл тұқымды малдары өсірілуде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан сүт және ет өнімдерінің сапасы жоғарғы дәрежеде емес, малды күтіп-бағу технологиясы судың және мал азығының сапасы экологиялық талаптарға сай келмейді.
Қазақстан - Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені. Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде жəне батысында Ресеймен - 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде - Түрікменстан - 380 км, Өзбекстан - 2 300 км және Қырғызстан - 980 км, ал шығысында - Қытаймен - 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы - 13392, 6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады. Қазақстан Республикасының жер көлемі 2, 7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр. Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаевтың [1] халыққа жасаған Жолдауында көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқтады. Олар бойынша Үкіметке тиісті тапсырмаларды да бергені рас. Осы өзекті проблемалардың қатарында екі мәселеге тоқтаған жөн. Біріншісі - ауыл шаурашылығы, екіншісі - мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы.
Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т. б. ) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т. б. ) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т. б. ) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т. б. ), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т. б. ) алынады.
Сондықтан да Оңтүстік Қазақстанның ерекше табиғи-климаттық жағдайында сүт және ет өндіру көлемін арттыру негізінен ірі қараның өнімділігін көтеру арқылы жүргізілуі тиіс.
Сондықтан мал өнімдерін өндіруді молайтудың тиімді жолдарының бірі - жоғары өнімді генотиптерді, зауыттық мал тұқымдарын жерсіндіру болып табылады. Облыста аудандастырылған әулиеата сиырларымен қатар соңғы жылдары қара ала, алатау сиырлары да көптеп өсіріле бастады. Дегенмен оңтүстік өңірінде өсірілетін негізгі екі зауыттық тұқым - әулиеата мен қара ала сиырлардың өнімділік және биологиялық қасиеттері жергілікті табиғи-климаттық жағдайға бейімделуі әлі толық зерттелмеген. Осы көрсетілген келеңсіз жағдайлар біздің зерттеулеріміздің бағытынан орын алғандықтан тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.
Оңтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығының дамыған саласының бірі сүт бағытындағы ірі қара мал өсіру болып табылады. Қазіргі уақытта осы өңірде 840 мыңға жуық ірі қара мал шоғырландырылған. Соның ішінде сүт бағатындағы асыл тұқымды қара-ала сиырдың саны 3940 басты, яғни 0, 5% құрайды. Сүт бағытындағы ірі қара мал шаруашылығын дамытудың негізгі резерві өсіріліп жатқан мал тұқымдарының өнімділік және нәсілдік қасиеттерін жетілдірумен қатар олардың жаңа өнімді мал тұқымдарын, желілерін шығару және топтарын құру болып табылады. ТМД елдерінің әртүрлі аймақтарында жергілікті сиырлардың генотипі негізінде импорттық бұқаларды үнемі қолдану арқасында малдың жаңа типтерін шығару жұмыстары жүргізілуде.
Курстық жұмыстың мақсаты :Әулие ата сиыр тұқымының өсіп дамуы.
Курыстық жұмыстың міндеттері:
- Сүт бағытындағы ірі қара өсірудің селекциялық мәселелері.
- Әулие ата тұқымының жалпы сипаттамасы.
- Сүтті бағыттағы сиырларды өсіру.
- Ірі қара малдың сүт өнімділігі.
1 Негізгі бөлім
1. 1. Сүт бағытындағы ірі қара өсірудің селекциялық мәселелері
XХІ ғасырда адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етудің мәселелерін шешу өзекті іс-шараның бірі. Осыған орай, мал шаруашылығын дамытудың бірден-бір жолы қарқынды, тиімді технологияларды өндіріске енгізу .
Мал шаруашылығын жеделдете өркендетудің негізгі жолы, жоғары сапалы өнімдерді өндіруді молайту. Ірі қара мал шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттырумен, бәсекелестігін көтерудің, халық шаруашылығындағы маңызының артуы, мал өнімдерінің өсуі мен сапасының жоғарылауына тікелей байланысты.
А. Соловьеваның [2] зерттеуі бойынша Қазақстанның ауыл шаруашылығы потенциалы жоғары, ал БҰҰ жанындағы азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы Қазақстан 1 млрд адамды азықпен қамтамасыз етуге барлық ресурстар жеткілікті дейді.
М. А. Кинеев [3] Қазақстандағы мал шаруашылығындағы генетикалық ресурстарын және әлемдік генетикалық қорларды қолдануды талдай отырып мынадай тұжырымдама жасады: Қазақстан барлық мал шаруашылығы саласында жеткілікті генетикалық ресурстары бар, оларды сақтау және дамыту қажет және селекциялық процеске әлемдік гендік қорларды пайдалану керек; әлемдік айрықша генетикалық ресурстарды қолдану отандық тұқымдардың өнімділік және нәсілдік қасиеттерін жақсартып осы ортаға бейім мал тұқымдарын өсіруге қажет; отандық тұқымдардың өнімділік сапасын жақсартуда, селекциялық жұмыстарда мал тұқымының және табиғи климаттық жағдайларын ескеру қажет; отандық мал тұқымының генетикалық сан-алуандығын жақсартушы мал тұқымдарын пайдаланылғанда оларды есепсіз пайдалануға болмайды.
Табиғаттағы популяция структурасы гомозиготты және гетерозиготты генотиптердің белгілі жиілігін сақтау негізінде сақталады. Популяция структурасының әртүрлі генотиптерден тұруы, оны сыртқы ортаның тұрақсыз факторларынан бейімделуге мүмкіндік береді. Популяцияның сыртқы ортаның кез-келген өзгерісіне бейімделу арқылы жауап беруін генетикалық гомеостаз деп атайды.
Сыртқы факторлар популяция құрамына белгілі бір генотиптерді іріктеу немесе оның құрамынан шығарып тастау арқылы әсері етеді. Әсер етуші факторларға табиғи және қолдан іріктеу, мутация, көбею түрі, ген миграциясы және т. б. жатады.
Популяцияны жан-жақты, толық зерттеу үшін ғылымның жаңа методологиялық ағымдары пайда болуда. Табиғаттағы популяцияны басқа қырынан зерттейтін ағым - фенетика. Фенетиканың зерттеу ерекшелігіне морфологиялық, физиологиялық белгілердің кез-келген дискретті вариациясын анықтау және зерттеу жатады. Мұнда фен дегеніміз - кез-келген белгінің немесе қасиеттің дискретті, альтернативті вариациясы. Олар сапасын жоғалтпайтын, бөлінбейтін зат.
Популяция структурасының тұрақтылығына немесе өзгеруіне көбейту тәсілінің әсері де біршама. Егерде популяцияда туыстығы жақын малдар шағылысса, онда топ ішінде біртіндеп гомозиготты генотиптердің көбеюі салдарынан аллелдердің жиілігі өзгереді. Туыстық шағылысу жалғаса берсе, бір аллелдің жиілігі барынша артып, ал екіншісі тіпті азайып кетуі салдарынан популяция ішінде жік пайда болады.
Қазіргі кезде малдардың нәсілдік қасиеттерін анықтаудың бірден бір тәсілі, оларды ұрпағының сапасымен тексеру. Экономикалық талап-сұрыптауда шаруашылықтың пайдасын жоғары-лататын белгілердің саны аз болған сайын, олардың жеделдету қарқыны жоғарлайды;
Селекциялық белгінің жоғарғы генетикалық өзгергіштікке ие болуы;
Белгінің ұрпаққа берілуі, яғни жоғарғы нәсілділігі;
Кейінгі жылдары сиырлардың генетикалық құндылығын табынның орташа сүт өнімділігімен сиырлардың өзінің сүт өнімділігінің айырмашылығын тұқымқуалаушылық коэффициентіне көбейту арқылы анықтайды.
А. Панкратов, Н. Гончарова [4] зерттеулерінде ірі қара малдың голштин тұқымдары негізінен қара-ала түсті болады (60%) . Осы түске байланысты олардың өнімділік және конституциялық ерекшеліктері туралы ғалымдар мен мамандардың ойлары әр түрлі.
Сүттің майлылығы мен ақуызының көрсеткішінен де қара-ала сиыр жоғары болып, экономикалық жағынан тиімділігін көрсетті.
Б. Т. Тулебаев, Б. Т. Кадралиева [5] Батыс-Қазақстан облысының «Өсімтал» шаруа қожалығында голштин тұқымын жүргізілген зерттеулерінде, голштин тұқымының әр сиырынан 5363 сүт өндіріп, оның майлылығы 3, 63 пайыз құрағандығын атап өтіп, олардың генетикалық потенциалын толық іске асыру үшін күтім-бағу мәселесіне көңіл болу керектігін атаған.
1. 2 Әулиеата тұқымының жалпы сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін ірі қара малының аулиеата тұқымы жергілікті сиырларды голландық бұқалармен шағылыстыру арқылы алынған будандуындарды «өз-өзімен» өсіру арқылы шығарылып, 1950 жылы жаңа сүт бағытындағы ірі қара малдың аулиеата тұқымы деген атпен бекітілді.
Әулиеата сиыры Бұл - сүті өте майлы қолтұқым, оның сүтінің майлылығы 4% кем болмайды екен. Әулиеата сиыры жылына орта есеппен 3866 л сүт береді. Бұл сиыр да Қазақстанның дерлік барлық жерінде өсіріледі. Қазақстан мен Қырғызстанның Талас алқабында, Жамбыл, Шымкент, жергілікті қазақ пен қырғыз және қазақ - қалмақ сиырларының будандарын голланд бұқаларымен, ішінара симментал және швиц бұқаларын пайдалану арқылы будандастыру жолымен шығарылған. Жаңадан шыққан будан жергілікті климатқа төзімді, түсі қара, кейде ақ болып келеді. Сиырға байланысты айтылған атаулардың жасалуында төмендегідей заңдылықтар бар: Күй-жайына қарай аталуы; Бұзаулайтын мезгіліне байланысты аталуы; Жынысы мен жасына қарай аталуы;
Әулиеата тұқымының басқа қара-ала малдан айырмашылығы, ыстық-құрғақ климатқа бейімділігі мен қансорғыш зиянкестерге және басқа да ауруларға қарсы, табиғи төзімділігімен айрықшаланады [6] .
Мүйізді ірі қара малының әулиеата тұқымы Қырғыз және Қазақстан шарушылықтарында жергілікті малдарды голланд малдарымен шағылыстыруда алынған будандарды (өзіне) әдісімен өсіру арқылы шығарылған. Ол өз алдына жеке тұқым ретінде 1950 жылы бекітілді. Дегенмен әулиеата тұқымының қалыптасуының басы 1885 жылы Қырғызстанның Әулиеата уезінде малдардың будандары өсірілген кезге келеді.
Әулиеата сиыры. Қолтұқым XІX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қырғызстан мен Жамбыл өңірінде шығарылған. Жергілікті сиырларды голланд қолтұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Дене тұлғасы ұзынша, басы - шағын, мойны - жіңішке, қатпарлы, мүйізі - қысқа, түсі - қарала. Жылына орта есеппен 3 000-3 800 л сүт береді. Қолтұқым оңтүстіктегі таулы аймақтың құрғақ әрі ыстық ауа райына шыдамды келеді. Н. Г. Дмитриев, Ж. Г. Логинов, П. Н. Прохоренко [7] мәліметінше асыл тұқымды фермалар мен асыл тұқымды мал өсіретін орындар тек 1935 жылы құрыла бастады. Сондай-ақ Қазақстан және Қырғызстандағы әулиеата малының тұқымын қалыптастыру әдістерінде бірқатар айырмашылықтар болып, жұмыстың нәтижелеріне әсерін тигізгенін айтуға болады. Қазақстанда негізінен жергілікті малдармен голланд малын шағылыстырудан алынған будан бұқалар пайдаланып, жоғары сүт майлылығымен ерекшеленген төмен қанды будандарды (өзімен өзін) шағылыстыру әдісімен өсіру қолданылды.
Қазақстанда әулиеата малының асылдық және өнімділік сапаларының қалыптасуына үшінші бастапқы симменталь тұқымы маңызды орын алды. Симменталь бұқаларын қолдану әулиеата малдарының дене бітімінің типіне, тірілей салмағына және сүт майлылығына оң әсерін тигізді. Одан басқа жоғары сапалы асыл тұқымды бұқаларды қолданудың маңызы үлкен болды.
Қазақстандағы әулиеата малы тұқымының қалыптасуындағы ерекшеліктердің бірден бірі, бір, екі бастан басқа голланд тұқымының аналық бастары әкелінбеген. Республикада құрылған басқа тұқымдармен салыстырғандағы әулиеата тұқымының қалыптасуының өзіндік ерекшелілігі осында.
Ыстық климат жағдайына қарамастан, әулиеата малдарында қалыпты көбею қабілеттіліктері, жақсы ұрықтанғыш және жоғары бұзау шығымы сақталады. Жетекші табын сиырларының төлдеу арасы кезеңінің ұзақтығы 330-370 күнді құрады, ал сервис-кезең -54-81 күн. Бұзаулары денсаулығы жақсы және өміршең болып туылады.
Әулиеата тұқымының малдары берік коституциялы, шаруашылыққа пайдалану ұзақтығы жоғары. Бұл тұқымның сиырлары көп жағдайда өмірінің соңына дейін төлдегіштігін және жоғары өнімділігін сақтайды. Әулиеата тұқымы таулы жағдайларда шығарылған алғашқы мамандан-дырылған сүтті тұқымдардың бірі болып табылады. Малдардың сүттілік белгілері жақсы дамыған және тірілей салмақтары мейлінше жоғары. 1964 жылмен салыстырғанда әулиеата сиырларының тірілей салмақтары айтарлықтай жоғарылады: I төлдеу бойынша -319 дан 409 кг дейін, 2 төлдеу бойынша 352 ден 437 кг дейін, 3 төлдеу бойынша -365 -тен 481 кг-ға дейін.
Қазақстанда қазіргі уақытқа дейін әулиеата тұқымында сүт өнімділігі жоғары бірқатар малдар алынды. Дегенмен, қазіргі уақытта әулиеата тұқымды жануарлардың тек қана 50 %-ы жетекші шаруашылық белгілері бойынша типтелген белгілі бір генеологиялық сүлелер мен топтарға жатады. Әулиеата сиыры - сиырдың сүтті тұқымы. Қазақстандағы жергілікті сиырды голланд бұқасымен будандастыру арқылы алынған. 1952 жылдан жеке сиыр тұқымы болып саналады. Түсі қара немесе қара ала болып келеді, кейде қара құлақты, қара төбел ақ сиырлар да кездеседі. Әулиеата сиыры жергілікті жердің ауа-райына тез бейімделеді. Тұрқы шымыр, ұзын жіңішке мойынды, кеудесі шығыңқы, етсіз келеді. Әулиеата сиырының салмағы 460 кг-нан 530 кг-ға, ал бұқаларыныңсалмағы 750 - 770 кг-ға дейін тартады. Әрбір сауын сиыр жылына орта есеппен 3500 - 4000 кг (майл. 3, 8 - 3, 9%) шамасында сүт береді. Әулиеата сиыры Түлкібас, Сайрам аудандарының шаруашылықтарында өсіріледі.
Соңғы жылдары облыста әулиеата тұқымының гендік қоры жоғарғы өнімді шетелдік бұқалармен будандастыру (голландық, голштиндік, қара-ала) негізінде өзгеріске ұшырауда. Жүргізілген кең көлемді селекциялық-асылдандыру жұмысының нәтижесінде қара-ала малдың әр түрлі қанды жақсарған мал тұқымының тобы құрылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz