Малды гибридтеу тәсілі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.1 Малды гибридтеу тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1.2 Мал шаруашылығында гибридтеуді пайдаланудағы негізгі мақсат...
1.1.3 Малдарды гибридтеуде кездесетін қиындықтар ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
1.1.4 Мал шаруашылығында гетерозисті пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2 Технологиялық бөлім. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Гибрид негізінде алынған қашыр гибриді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Гибрид негізінде алынған Арқар-меринос ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Жалпы, халқымыздың өмір бақиғы тіршілік көзі болған мал шаруашылығы.Қазақстандағы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып есептелінеді. Ауыл шаруашылығының бұл саласының бірден-бір ерекшелігі жыл бойы өнім өндіруге бағытталғандығы. Мал шаруашылығы халықтың жылдың төрт мезгілінде етпен, сүтпен және маймен, ал өндірісті - жүнмен, қаракөл елтірісімен, мал терісімен, т.б. қамтамасыз етеді. Сала екі бағытта өркендейді; оның біріншісі жылдам өркендеу - сүт пен етті ірі қара мал, шошқа және құс шарашылығы, екіншісі жайбарақат қоркендеудегі-жайылым мал шаруашылығы - оған қой, түйе, жылқы және ешкі шаруашылықтары. Сондықтанда, мал шаруашылығын өркендету жолдарын таңдағанда мал өнімдерін өндірудің бағытын ең алдымен есепке алған жөн.
Болашақ адамзат тағдырына әсер ететін әлемдік проблемалар қатарына жануарлардың гендік қорын сақтау мәселесі де жататын болады. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығы малдарын сақтау, қорғау және пайдалану мемлекеттік қамқорлыққа алынып, осы бағытта жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Дүние жүзінде Қазақстан қой шаруашылығы мал шаруашылығының негізгі саласы болып есептелінетін бірден-бір республика. Қазақстанның көп көлемдегі шөлді-шөлейтті және кең байтақ жазық даласы қой шаруашылығын өркендетуге өте тиімді аймақ.
Мал шаруашылығын өркендету кезеңінде аса мән беретін жағдай, ол табиғатың тепе-теңдігін сақтау. Мал басы көбейген сайын жайылым нашарлай береді, ал азайса жайылым жақсарады. Сондықтан, мал басымен жұмыс істегенде жайылымдық өсімдіктер құрамымен, жемшөп қорына назар аудара отырып, жануарлар мен өсімдік әлемінің тепе-теңдігін сақтау қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың [1] жолдауында... "Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды. Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс. Ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет. Осыған орай аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керек. Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек. Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс. Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет. Бұл бүкіл әлемге танылатын Қазақстанда жасалған табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді.
Экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарында, генетикамен селекцияның жетістіктеріне сай малды сапалық жағынан жақсартудың биологиялық жаңа әдістерін пайдалану арқылы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру қамтамасыз етіліп отыр.
Бұл міндеттерді орындау үшін ең алдымен мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жолға қоюды, жаңа технологияларды енгізуді белсенді қолға алып, берік жем-шөп қорын жасаудың ұтымды әдістерін іздестіру қажет.
Осы жағдайды еске ескере отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығы малдарын сақтау, қорғау және пайдалану мемлекеттік қамқорлыққа алынып осы бағытта жүйелі түрде зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Соған байланысты мал өнімдерін арттырудың бірден-бір тиімді тәсілі мал тұқымдарын будандастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты:малды гибридтеу тәсілі
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Малды гибридтеу;
-Мал шаруашылығында гибридтеуді пайдаланудағы негізгі мақсат;
-Малдарды гибридтеуде кездесетін қиындықтар;
-Мал шаруашылығында гетерозисті пайдалану;
-Гибрид негізінде алынған қашыр гибриді;
-Гибрид негізінде алынған Арқар-меринос

І. Негізгі бөлім

0.1. Әдебиетке шолу

1.1.1Малды гибридтеу тәсілі

Байжұманов Ә.Б.[2] айтуы бойынша гибридтеу(түраралық немесе шалғай будандастыру) деп әр түрге жататын жануарларды шағылыстыруды атайды. Алынған ұрпақты гибрид дейді. Гибридтерді шығу тегі бірдей және әр түрлі гибридтермен шағылыстыруды да мал өсіру әдісі ретінде гибридтеуге жатқызады. Бұл өте күрделі будандастыру әдісінің негізгі мақсаты - жануарлардың бағалы жабайы түрлерін адам игілігіне пайдалану.
Гибридтердің ұрпақ беру немесе бермеу қабілетіне қарай: а)шаруашылыкқа пайдаланылатын жануарларды (мысалы, қашыр) б)жануарлардың жаңа тұқымдары мен түрлерін шығару үшін пайдаланылатын гибридтеу деп бөледі.
Гибридтеудің әдістемесіне қарай төрт түрі бар: өнеркәсіптік, сіңіре, тұқым түзуші және түзетуші (кірістіре) гибридтеу. Бүлардың ішіндегі кең таралғандары - өнеркәсіптік (пайдаланушы) гибридтеу және тұқым түзуші гибридтеу.
Адам игілігіне пайдалану тұрғысынан гибридтеу екі бағытта қолданылады:
1) өндірістік будандастыру жолымен, яғни екі түрдің өкілдерін шағылыстыру арқылы, мол өнімді тек бірінші ұрпақ гибридтерін алу.
Мысалы, жылқының биесін есектің айғырымен шағылыстыру арқылы жүк тартуға, мініске жылқыдан да, есектен де анағүрлым төзімді, әрі күшті және үзақтіршілік ететін қашыр алу ертеден қалыптасқан тәсіл.
2) жаңа мал тұқымын шығару. Бүл бағыттағы жүмыс зауыттық немесе кірістіре будандастыру жолымен жүргізіледі. Мысалы АҚШ-та шортгорн сиырын үнді зебуімен гибридтеу нәтижесінде санта-гертруда, шароле мен герефорд сиырларын бизонмен шағылыстырудан бифали атты етті бағыттағы жаңа тұқымдар шығарылған.
Табиғи жағдайда екі түр өкілінің бір-бірімен шағылысуы сирек кездесетін қүбылыс. Себебі эволюция барысында екі түрдің шағылысуына жол бермейтін біршама кедергілер қалыптасқан. Осы кедергілерден өту жолдарын ашу биология саласындағы ғылымдардың басты мәселелерінің бірі. Өйткені, бір түрмен селекция келешекте мүмкіншілік шегіне жеткен уақытта оның жететін жаңа белестерін ашудың жолы басқа түрмен гибридтеу болмақ.
Соңғы ғасырда Африкадағы кваги зебралары, американ бизоны, тур, тарпаң, арктикалық пингвиндер, дронттар секілді түрлер, моа түйеқұсы (массасы -- 300 кг, биіктігі 4 м) әлдеқашан жойылып кеткен.
Қазақстан территориясында аңның 350-ден астам және құстардың 650-ден астам түрлері тіршілік етеді. ТМД елдеріндегі көптеген қорықтардың ішінде Аскания-Нова, Астрахань, Беловеж Нуы, Лапланд, Кавказ, Ыстық көл секілді ірі ғылыми орталықтар бар. Олар жануарларды гибридтеу және жабайы фаунаның бағалы түрлерін сақтау жөнінде зор жұмыстар жүргізуде.
Бегімбеков К.Н., Тореханов А.Ә., Байжұманов Ә. Б.[3] пікірінше жабайы жануарлардың жойылуына жол бермеу үшін табиғат қорғау жөніндегі арнайы шаралар қабылдануда. 1948 жылы табиғат қорғаудың Халықаралық одағы құрылған. Олар жануарларды гибридтеу және жабайы фаунаның бағалы түрлерін сақтау жөнінде зор жұмыстар жүргізуде.
Жануарларды гибридтеуде көптеген қиындықтарының ішіндегі ең басты мыналар:олардың ішіндегі ең бастылары мыналар: 1) түрлердің өзара будандаспауы; 2) гибридтердің ішінара немесе толық бедеулігі. Түрлердің будавдаспауының және гибридтердің бедеу болуының негізгі себептері генетикалық факторлар болып табылады: гаметалардағы хромосомалардың әр түрлі жиынтығы мен қүрылымы, олардың тіршілікке қабілетті зигота түзе алмауы, өзінің морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне қарай сперманың бөгде жүмыртқа клеткасының қабықшасын бүзып, оған ене алмауы. Егер гибридті зигота түзілген болса да, эмбрионалдық патологияның нәтижесінде іштегі төл қалыптасуының алғашқы сатыларында ақ жойылып кетеді. Мүның себебі, организмнің иммунды қорғаныш денелері ішке енген бөгде белоктарға қарсы күресіп, оны жояды. Ата-енелеріндегі айырмашылықтарға байланысты гибридтерде аталық және аналық жыныс клеткаларының түзілу процесі бұзылып, олар бедеу болып шығады. Гибридтердің стерильдігі гонадалар мен митоздың дамуындағы ауытқушылықтарға байланысты.
Гибридтер бедеулігінің цитогенетикалық себептерін егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді. Оларды үш топқа бөлуге болады:
а) кариотиптегі хромосомалар санының сәйкессіздігі;
б) хромосомалар құрылысындағы морфологиялық құрылымдық айырмашылықтар;
в) хромосомалардың мінез-құлығына, олардың морфологиясына әсер етпейтін ген құрамының өзгеруі.
Садықұлов Т.С., Байжұманов А.Б.Бегімбеков К.Н.[4]деп айтуынша қазіргі уақытта ғалымдар кейбір түрлердің будандаспаушылығын жоюдың бірқатар әдістерін жасауда: жануарлардың бір түрінің қанын екінші түріне құю, бірнеше түр жануарларының спермасын араластыру, реципрокты (кері) будандастыру, гормондық препараттар, арнайы сперма сүйылтқыштар пайдалану, гонадаларды көшіріп қондыру, ұрпақ алу және өсіру үшін қажетті жағдайлар жасауды ұйымдастыру.
Красота В.Ф. [5] былай деген тәжірибелер жас аналықтардың гибридті ұрпақты көп беретінін көрсетуде.Гибридтердің стерильдігі немесе тіршілікке бейімділік қабілеті жөнінен жынысына байланысты айырмашылықтардың болатындығы байқалған, олар гомогаметалы аналық (хх) жынысқа қарағанда, гетерогаметалы (ху) жыныстың гибрид аталықтарында жиі байқалады. Сірә, бұл құбылыста цитоплазмалық тұқым қуалаушылық және белгілерді тұқым қуалай қабылдаудың аналық эффекті әсер ететін болса керек, оларды ата-енелерінің жынысын ескере отырып будандастыру үшін жұп таңдауда пайдалануға болады (реципрокты жұп құру).
Садықұлов Т.С., Ким Г.Л., Жазылбекова Р.А. [6] Генетика, молекулалық биология, биотехнология, гендік және клеткалық инженерияның соматикалық клетка-ларды гибридтеуді (ультрагибридтеу), эксперименттік поли-плоидияны жоғарыда айтылған проблемаларды шешудің ең перспективалы әдістері деуге болады. Ұлпалар өсіруде соматикалық клеткаларды гибридтеу арқылы ірі қараның эмбрионалдық соматикалық клекалары мен солтүстік күзенінің (северная норка) осындай клеткаларын көшіріп-қондырудың сәті түсті. Іс жузінде клеткаларды гибридтеу былайша етеді: будандастыру кезінде пайдалы қасиеттерін біріктіру екі организмнің туыс емес клеткаларын жасанды қоректік ортаға егіп, одан соң бұл ортаны араластырады. Белгілі бір жағдайларда клеткалардың бір бөлігі қосылады. Әзірше белгілісі -- жасушалардан гибрид жүйелердің пайда болу процесі белгілі бір тәртіпсіз шашыраңқы сипатта жүретіндігі. Алайда бұл әдісті жетілдіруге ұлпалар өсірудегі клеткалардың соматикалық гибридтелуі жануарларды түраралық гибридтеудің эксперименттік моделі ретінде пайдаланылады деп күтуге болады.
Ол жануарларды зауыттық гибридтеу мынадай жағдайларды сақтау қажеттігін көрсетті:
1) жаңа тұқымның қандай болатыны жөнінде айқын түсінік
болуы қажет (өнімдік бағыты, типі);
2) гибридтеу жолын дұрыс анықтау (әр буын ұрпақ-
тарымен жүргізілетін тұқым асылдандыру ерекшеліктері);
3) гибридтеу арналған бастапқы тұқымдарды дұрыс
тандай білу;
4) жұмысқа көптеген жануарларды пайдалану;
5) тұқымды қалыптастырып, бекітудің алғашқы сатысында
қатаң сұрыптау жүргізе отырып, туыстық жұптастыру қолдану;
6) табынды толықтыратын төлдер үшін жақсы азықтандыру
және күтіп-бағу жағдайларын жасау.
Мұнда бастапқы тұқым ретінде мынадай екі тұқым алынды: тірілей массасы төмен жене тез жетіле қоймайтын украиндық жергілікті қысқа құлақты шошқа және аса өсімтал, тез жетілетін, тірілей массасы үлкен, бірақ Украинаның оңтүстігіне нашар жерсінетін ағылшындық ірі ақ шошқа. М.Ф. Иванов бірінші кезеңде ірі ақ шошқа тұқымының таңдаулы аталық іздерінің бірінің қабаны Керзонды украиндық жергілікті бес мегежінмен будандастырған. I ұрпақ дамуы мен өсімталдығы жөнінен бастапқы аналық тұқымға қарағанда әлдеқайда жақсы болғанымен, ол ғалымның қойған талаптарына сай келмеді. Ол енді алынатын ұрпақта ірі ақ тұқымның белгілерін күшейтіп нығайту үшін I ұрпақтың будандарын осы ірі ақ тұқымның Бар-Нон 197 жене Бар-Нон 15 қабандарымен қайтадан будандастырды. Бұл қабанның екеуі де тұқымды қалыптастырушылар ретінде пайдаланылды. Бар-Нон 197 мегежіндердің бір тобына пайдаланылып, одан аналық ұрпағы ғана тұқымға қалдырылды. Бар-Нон 15 мегежіннің келесі тобын ұрықтандырып, тұқымға оның тек еркек ұрпағы ғана қалдырылды. Қайыра будандастыру арқылы алынған 2 ұрпақтан Асканий 1 қабаны сұрыпталып алынды, ол инбри-динг (ІІ-ІІІ) қолдану арқылы шығарылған, дене бітімі мықты, тірілей массасы үлкен, жетілгіштігі жақсы мал болды. Бұл жануар алға қойылған мақсатқа сай келді. Сөйтіп Украинаның оңтүстігінде мол өнімді, етті-майлы, тез жетілетін, осы аймақта өсіруге жақсы бейімделген жануар болып шықты.
Садыкұлов Т.С., Ким Г. Л. [7] былай деген гибридтеу малдың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне тікелей әсер ететін, адам баласының ежелден қолданып келген тәсілі. Біз осы әдіс арқылы жаңа нәсілдік қасиеті бар, белгілі бір қасиеті жетік дамыған немесе әр түрлі өнімдік қасиеттердің жаңа бірлестігі бар будан аламыз. Оларды мұхият сұрыптау және белгілі бағытта жұп құру арқылы жаңа мал тұқымы шығарылады.
Бұлардың негізінде будандастыру арқылы алынған ұрпақта, гетерозиготалықтың күшеюі, соның нәтижесінде белгілердің комбинативтік өзгергіштігінің көбеюі жатыр. Соңғы жағдай жоғырыда айтқан мал тұқымын шығаруға мүмкіншілік туғызды.
Гибридтендірген уақытта гетерозиготтылықтың күшеюіне байланысты будандарда гетерозис атты биологиялық құбылыс жиі кездеседі. Гетерозистік құбылыс деп будандардың аталық және аналық тұқымдардан өнімі жағынан басымдылығын айтады. Өндірістік мал шаруашылықтары үшін маңызы зор.
Мал тұқымдарын будандастыруда көздеген мақсатқа жететін нәтижеге байланысты будандастыру мынадай бес түрге бөлінеді: сіңіре будандастыру, қан араластыра будандастыру, заводтық будандастыру, өндірістік, кезек будандастыру.
Гибридтеудің әр түрлі жолдарын пайдалану арқылы мына төмендегі зоотехниялық мәселелерді шешуге болады:
1.Адамға кажетті,пайдалы мал шығару;
2. Өсіріп отырған мал тұқымының кейбір кемшіліктерін қысқа мерзімде жақсарту;
3. Жаңа мал тұқымын шығару;
4. Гетерозис құбылысын барынша пайдалану.
Садықұлов Т.С., Ким Г.Л., Жазылбекова Р.А [8] аитқандары бойынша гибридтеу деп - екі түрге жататын малды шағылыстыруды айтады. Гибридтеудің ғылыми тәсіл ретінде жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын және ұрықтану процестері мен олардың шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен. Дегенмен де гибридтеуді пайдаланудағы негізгі мақсат - жабайы және жартылай жабайы жануарлардың адам игілігіне пайдалану. Осы тұрғыдан гибридтеуді екі түрге бөледі. Оның бірі күнделікті пайдалануға жарайтын мал алу үшін, ал екіншісі - малдың жаңа тұқымдарын шығару үшін кеңінен қолданылады. Сонымен қатар гибридтеудің қан араластыру немесе бір түрді екінші түрмен сіңіре будандастыру мақсатымен қолданылады. Бірақ бұл гибридтеудің сирек кездесетін түрлері.
Күнделікті пайдалануға жарайтын мал алу үшін қолданылатын гибридтеу көне заманнан белгілі. Адам осыдан төрт мың жылдай бұрын жылқыны есекпен будандастырып, жүк артуға, қара жұмысқа пайдалануда басқа малдан анағұрлым төзімді, әрі күшті, ұзақ тіршілік ететін алғашқы ұрпақ қашырды алды. Сол сияқты айыр түйе мен аруананы будандастырудан қоспақ алу ертеден қалыптасқан; бұдан алынған ұрпақ ата-енесіне қарағанда жұмысқа көнбісті, әрі өнімді болды.
Әр түрге жататын жануарларды шағылыстыруды гибридтеу (түраралық немесе шалғай будандастыру) деп атайды. Осының нәтижесінде алынатын ұрпақты гибридтер дейді. Гибридтерді шығу тегі бірдей және әр түрлі гибридтермен шағылыстыруды да мал өсіру әдісі ретінде гибридтеуге жатқызады. Бүл өте қиын будандастыру әдісінің негізгі міндеті - адамның материалдық мәдениетіне жануарлардың бағалы жабайы және жартылай жабайы формаларын енгізу. Гибридтеу - тіршілікті зерттеу ғылымдарында қолдану шеңбері кең тәсіл. Өсімдіктер мен жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым куалаушылығын, үрықтану процестері мен шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен.
Гибридтердің ұрпақ беру немесе бермеу қабілетіне қарай гибридтеуді былайша бөледі: шаруашылыкқа пайдаланылатын жануарларды (мысалы, қашырдың шығарылуы) шығаратын және жануарлардың жаңа тұқымдары мен түрлерін шығару үшін пайдаланылатын гибридтеу. Осыған байланысты жануарларды гибридтеудің мынадай төрт түрі бар: өнеркәсіптік, сіңіре, тұқым түзуші және түзетуші (кірістіре) гибридтеу. Бүлардың ішіндегі кең таралғандары - өнеркәсіптік (пайдаланушы) гибридтеу және тұқым түзуші гибридтеу.

0.1.1. Мал шаруашылығында гибридтеуді пайдаланудағы негізгі мақсат

Красота В.Ф., Лобанов В,Т.,Джапаридзе Т.Г. [9] пікірлерінше мал шаруашылығында гибридтеуді пайдаланудағы негізгі мақсат - жабайы және жартылай жабайы жануарларды адам игілігіне пайдалану. Осы түрғыдан гибридтеу екі бағытта қолданылады:
1) өндірістік гибридтеу жолымен, яғни екі түрдің өкілдерін шағылыстыру арқылы, мол өнімді тек бірінші ұрпақ гибридтерін алу. Мысалы, жылқының биесін есектің айғырымен шағылыстыру арқылы жүк тартуға, мініске жылқыдан да, есектен де анағүрлым төзімді, әрі күшті және үзақтіршілік ететін қашыр алу ертеден қалыптасқан тәсіл.
2) жаңа мал тұқымын шығару. Бұл бағыттағы жүмыс зауыттық немесе кірістіре будандастыру жолымен жүргізіледі. Мысалы АҚШ-та шортгорн сиырын үнді зебуімен гибридтеу нәтижесінде санта-гертруда, шароле мен герефорд сиырларын бизонмен шағылыстырудан бифали атты етті бағыттағы жаңа тұқымдар шығарылған.
Садықұлов Т.С. [10] пайымдауынша табиғи жағдайдың өзінде екі түр өкілінің бір-бірімен шағылысуы сирек кездесетін қүбылыс. Себебі эволюция барысында екі түрдің шағылысуына жол бермейтін біршама кедергілер қалыптасқан. Осы кедергілерден өту жолдарын ашу биология саласындағы ғылымдардың басты мәселелерінің бірі. Өйткені, бір түрмен селекция келешекте мүмкіншілік шегіне жеткен уақытта оның жететін жаңа белестерін ашудың жолы басқа түрмен гибридтеу болмақ.
Кравченко Н.А. [11] айтуынша жылқыны есекпен будандастырып, қашыр алуды гибридтеудің ежелгі формаларының бірі деуге болады. Қашыр өсіру Ежелгі Римде кең дамыған. Қашыр -- төзімділігі, ұзақ жасайтындығы және жұмыс қабілеті жөнінен ешбір жануар тең келе алмайтын жүк көлігі. Оны есек пен биені будандастыру арқылы шығарады, есекті айғырмен жұптастырудан қарта қашыр туады. Қашыр жылқыдан ірі, әрі бағалы, бірақ, әдетте, бедеу болып келеді. Бұл жануарларды "өз ішінде" өсіру мүмкін болмады.
Көптеген зерттеушілер "сүтті зебу тәрізді" мал алу үшін 1 ұрпақтың гибридтерін "өз ішінде" өсіру тиімді емес деп есептейді. Мұнда ауыспалы будандастыру да дұрыс баға алмады. Сүтті гибридтерді зебу қанының 18-116 үлесі деңгейінде және бастапқы зауыттық тұқым қанының 78 және 1516 үлесі деңгейінде алудың болашағы бар деп есептеледі. Бірқатар авторлар II ұрпақтың гибридтерін (зебу қанының 14 үлесі және бастапқы зауыттық тұқым қанының 34 үлесі) өсіруді жақтайды. Зебу қанының үлесін кеміткен сайын гибридтердің қан паразиті аурулары мен сыртқы факторлардың қолайсыз жағдайларына төзімділігі кемиді.
Ірі қараны гаялдармен және африкалық ватуси малымен будандастырудан да гибрид алынған. Африкалық канна бөкені шалғай гибридтеу үшін ең қолайлы түр болып табылады. Бұл бөкендердің ішіндегі ең ірі түрі: еркегі -- 700 кг, ұрғашысы 540-500 кг тартады. Ұрғашылары жақсы сауылады, лактация ішіндегі сүттілігі 700 кг-нан аспайды, бірақ сүтінің майлылығы 10-14 пайызға дейін жетеді. Канна бөкенінің сүті шипалық және бактерицидтік қасиеттерге ие. Оның сүтінен ашытылған айран әдеттегі жағдайларда көптеген жылдар бойы бұзылмайды. Қазіргі кезде канна бөкені аталығының спермасын қынапқа құйып алып, гибридті формалар шығару үшін сиырларды қолдан үрықтандыру әдісі жасалған.

0.1.2. Малдарды гибридтеуде кездесетін қиындықтар

Меркурьева Е.К., Абрамова З.В. және т.б. [12] пайымдауларынша жануарларды гибридтеуде көптеген қиындықтар кездесуде. Олардың ішіндегі ең бастылары мыналар: 1) түрлердің өзара будандаспауы; 2) гибридтердің ішінара немесе толық бедеулігі. Түрлердің будавдаспауының және гибридтердің бедеу болуының негізгі себептері генетикалық факторлар болып табылады: гаметалардағы хромосомалардың әр түрлі жиынтығы мен қүрылымы, олардың тіршілікке қабілетті зигота түзе алмауы, өзінің морфологиялық және биохимиялық ерекшеліктеріне қарай сперманың бөгде жүмыртқа клеткасының қабықшасын бүзып, оған ене алмауы. Егер гибридті зигота түзілген болса да, эмбрионалдық патологияның нәтижесінде іштегі төл қалыптасуының алғашқы сатыларында ақ жойылып кетеді. Мүның себебі, организмнің иммунды қорғаныш денелері ішке енген бөгде белоктарға қарсы күресіп, оны жояды. Ата-енелеріндегі айырмашылықтарға байланысты гибридтерде аталық және аналық жыныс клеткаларының түзілу процесі бұзылып, олар бедеу болып шығады. Гибридтердің стерильдігі гонадалар мен митоздың дамуындағы ауытқушылықтарға байланысты.
Петухов В.Л., Эрнст Л.К. және т.б. [13] ғалымдардың тұжырымдауынша қазіргі кезде цитогенетиканың қауырт дамуы гибридтер бедеулігінің цитогенетикалық себептерін егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді. Оларды үш топқа бөлуге болады: а) кариотиптегі хромосомалар санының сәйкессіздігі; б) хромосомалар құрылысындағы морфологиялық құрылымдық айырмашылықтар; в) хромосомалардың мінез-қүлығына, олардың морфологиясына әсер етпейтін ген қүрамының өзгеруі.
Қазіргі уақытта ғалымдар кейбір түрлердің будандаспау-шылығын жоюдың бірқатар әдістерін жасауда. Оларға мыналар жатады: жануарлардың бір түрінің қанын екінші түріне қүю, бірнеше түр жануарларының спермасын араластыру, реципрокты (кері) будандастыру қолдану, гормовдық препараттар, арнайы сперма сүйылтқыштар пайдалану, гонадаларды көшіріп қондыру, ұрпақ алу және өсіру үшін қажетті жағдайлар жасау. Жас аналықтардың гибридті ұрпақты көп беретінін тәжірибелер көрсетті: өздері будандастыру нәтижесінде алынған жануарлардың гибридтеуге жарамдылығы және өсімтал ұрпақ туу қабілеті жоғары болады.
Гибридтердің стерильдігі немесе тіршілікке бейімділік қабілеті жөнінен жынысына байланысты айырмашылықтардың болатындығы байқалған, олар гомогаметалы аналық (хх) жынысқа қарағанда, гетерогаметалы (ху) жыныстың гибрид аталықтарында жиі байқалады. Сірә, бұл құбылыста цитоплазмалық тұқым қуалаушылық және белгілерді тұқым қуалай қабылдаудың аналық эффекті әсер ететін болса керек, оларды ата-енелерінің жынысын ескере отырып будандастыру үшін жұп таңдауда пайдалануға болады (реципрокты жұп құру). Біз түрлердің будандаспаушылығын және гибридтердің бедеулігін жоюдың негізгі әдістерін ғана көрсеттік. Генетиканың, молекулалық биологияның, биотехнологияның, гендік және клеткалық инженерияның қазіргі қауырт дамуы таяудағы болашақта жануарларды гибридтеудегі бедеулік проблемасын толық шешуте мүмкіндік береді.
Алайда бұл әдісті жетілдіруге ұлпалар өсірудегі клеткалардың соматикалық гибридтелуі жануарларды түр аралық гибридтеудің эксперименттік моделі ретінде пайдаланылады деп күтуге болады. Хромосомалардың физикалық және химиялық мутагендермен зақымдалуы, сондай ақ биологиялық активті қосылыстар супермутагендердің микродозасын қолдануды жануарларды гибридтеудегі бедеулікті жоюдың перспективалық жаңа әдістеріне жатқызуға болады.

0.1.3. Мал шаруашылығында гетерозисті пайдалану

Ростовцев Н.Ф. [14] айтуынша гетерозис деп - жануарлардың тіршілік қабілеті, өсу энергиясы,өсімталдығы, дене бітімінің мықтылығы, ауруларға төзімділігі жөнінен таңдаулы ата-енелерінен асып түсу қабілетін айтады. С.А.Рузский және басқа ғалымдар будандастыру нәтижесінде алынған ұрпақ ата-енелерінің орташа көрсеткіштерінен асып түсетін, шаруашылыққа пайдалы белгілері бар жағдайларды гетерозис эффекті деп есептеді, бірақ мұнда олар ата-енелерінің тандаулы қасиеттерінен аспауы тиіс.
Гетерозис алуға бағытталған селекция асыл тұқымдық сұрыптау мен жұп тандау теориясымен және практикасымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қараның сырт пішіні және малдың жеке мүшелеріне жалпы сипаттама беру және асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру
Мал тұқымын асылдандыру жұмысы
Мал шаруашылығында гетерозисті пайдалану
Мал тұқымын жерсіндіру
Таза тұқымды мал өсіру жолдары
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Мал тұқымын жіктеу
Мал тұқымын будандастыру
Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру әдістері
Малдардың тұқымын асылдандыру
Пәндер