Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы
Silkway халықаралық университеті
Тілдік пәндер кафедрасы
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ газет-журналдарының мақсат-мүдделлері
Пәні: ХХ ғасыр әдебиеті
Орындаған: Анварова Д.К
ІІ курс 117-81 топ
Жетекші: ф.ғ.к., доцент м.а.
Бейсенбаева Р.Х ____________
Шымкент, 2020
Silkway халықаралық университеті
Тілдік пәндер кафедрасы
Курстық жұмысты орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Студент: Анварова Динара Каримжановна

1.Курс жұмысының тақырыбы
2.Мақсаты
3.Тапсырмалар
4.Тақырыпқа қатысты сұрақтар тізімі:
а) теориялық бөлім бойынша
б) әдістемелік тізім бойынша
в) практикалық бөлім бойынша
5.Курстық жұмысқа кіретін мәліметтер:
а) әдебиет дереккөздері бойынша
б) оқытушы дайындаған нұсқа бойынша
6.Ұсынылған әдебиеттер тізімі
7.Бақылау мерзімінде курстық жұмыс бөлімдерінің ұсынылуы:
25% - 10 .09. 2020 ж.
50% - 15 .10.2020ж.
75% - 12 .11.2020 ж.
100% - 01.12.2020 ж.
Курстық жұмыстың жетекшісі:
Ф.ғ.к., доцен м.а. ___________ Бейсенбаева Р.Х 08 .12.2020ж.
Тапсырманы орындауға қабылдаған
Студент Анварова Д.К _____________ 08 . 12 .2020ж.
Курстық жұмысты қорғау
ХАТТАМАСЫ № ___
_________ 2020ж.
Қатысқандар:
______________________
(оқытушылар саны)
Күн тәртібінде:
1. Филология факультеті, 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы, __117-81________топ студенті __________________________
___________________________________ _________________жетекшілігімен
_________________________________ __________________ тақырыбында курстық жұмысын қорғау
Тыңдаушылар: ___________________________________ ______________________________
___________________________________ ___________________________
Сұрақтар: 1.___________________________________ _____________________________
2.___________________________________ _____________________________
3._________________________________ ___________________________
Сөйлегендер:___________________________________ ___________________________________ _______________________________________________
Қаулы:
1.___________________________________ _____________________________

Комиссия төрағасы:
__________________ ____________ ______________
(дәрежесі) (қолы) (т.а.ж.)
Хатшы:
_____________ ____________ ____________
(дәрежесі) (қолы) (т.а.ж.)
Күні: _______
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
І ТАРАУ
ХХ ғасыр баспасөзі және Қазақ газеті
1. ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзінің дамуы ... ... ... ... ... 6-15
2. Қазақ газеті көтерген өзекті мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ..15-21
ІІ ТАРАУ
Қазақ газеті және көсемсөздің даму мәселелері ... ... ... ... ... ..22- 47
Қорытынды
Қазақ газетінің, ХХ ғ.басындағы қазақ баспасөзі мен оның дамуындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48-50
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 51-52
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі.XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші - баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе. Бұл кезеңде Абайдың жалғасы Шәкәрім шығармашылығы өзінің шырқау биігіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Ғұмар, Сұлтанмахмұт, Мағжан тәрізді алыптар әдебиет айдынына шығып, көркемдік сипаты соны дүниелері арқылы әдебиетіміздің жазба түрін жаңа белестерге көтерді.
Сонымен қатар XX ғасырдың бас кезі қазақ өміріндегі азаттық жолындағы күрестің, яғни, саяси-әлеуметтік қозғалыстың күрт дамып, құлаш жая бастаған тұсы болып табылады. Себебі Ресей самодержавиесіндегі жалпы қоғамдық ой-сананың дамуында бостандық идеясы белең алған 1905 жылғы революцияның түпкір-түкпірге жеткен сарынынан еді.
Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы. Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланысты. Ол 1905-1907 жылдардағы революцияның арқасында ғана туды. Алайда бұл басылымдар дүниеге едәуір қиындықпен келді. 1907 жылғы 28 наурызда II Мемлекеттік Думаның депутаты Шаймерден (Шахмардан) Қосшығұловтың (қосарлас редакторы А. Ибрагимов) бастамасымен "Улфат" газетіне қосымша ретінде "Серке" газетінің бірінші нөмірі шықты. Ш. Қосшығұловтың айтуынша, небәрі 3-4 нөмірі шығарылған. Цензура оны қауіпті деп тауып, газет жабылып қалған.
1907 жылғы наурызда Троицкіде "Қазақ" газетінің бірінші, әрі соңғы нөмірі шықты. Тыйым салынған екінші нөміріндегі "Біздің мақсаттарымыз" деген бас мақалының авторы М. Дулатов еді. Нақ сол жылы қазақ жастарының Томск қаласында "Дала" газетін шығаруды жолға қоймақ болған әрекеті де табысқа жеткізбеді.
"Айқап" журналы. Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында журнал шығаруға рұқсат алды. "Қостанай уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М. Сералинге, - делінген құжатта,- Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайын "Эй-кафь" журналын шығаруға рұқсат берілді".
І ТАРАУ
ХХ ғасыр баспасөзі және Қазақ газеті
1. ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзінің дамуы
Патшалық Рессейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасырдың басында қиын жағдайда болды. Ұланғайыр өлкені мекендеген қазақтардың саяси сауатын ашу бірінші кезекте тұрды. Сол себепті газет шығару, кітап бастыру міндеттері алдыңғы қатарға шықты.
Жалпы ғасыр басындағы Ресейдің мұсылман оқығандары өздерін ел үшін төрт іс тындыруға міндетті деп санады. Олар - ұлт тілін дамыту, мектеп ашу, ұйым-қоғам құру және ұлт баспасөзін жасау. Осылардың алғашқы үшеуінің үдесінен шығу мүмкін болғанымен, төртінші міндет қиынға соқты. Себебі, мектеп ашу, сол негізде сауатты, бірақ бұлжымайтын империя патриотын тәрбиелеу патшашылдық жүйенің мәдени міндетіне кіргенімен, мерзімді басылымға келгенде жан саны жиырма миллион мұсылманның газет арқылы басы бірігіп кетеді деп қорқып, бұл іске аса ынталы бола қоймады. Әйтсе де, ХІХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап-ақ Ресей қол астындағы түрік жұртының алдыңғы қатарлы оқыған азаматтары баспасөз ісіне ден қоя бастады. Іс нәтижесіз де болған жоқ. Түрік халықтарының алғашқы газеттері де шыға бастады. Бір жағынан бұл іске орыс патшалығы да біршама мүдделі болған секілді. Мысалы, орыс патшалығының түрлі жарлықтары мен бұйрықтары т.т. бұратана халықтарға да дер кезінде жетіп отыру керек еді. Насихат ісінің кемдігінен үкіметтің шарапатты шараларының өзі төменгі елге кесапатты боп жетіп, бейхабар жатқан елді дүрліктіріп кететін. Әрі патша ағзамның жарлықтарын, түрлі бұйрықтарын кең түрде тарату, насихаттау керек болды. Осыны ойлаған патша өкіметі өткен ғасырдыңорта ортасынан бастап, бұратана ұлттар үшін екі тілде газет шығаруға рұқсат бере бастады. Бұлардың мұсылман ішіндегі ең ілгерісі - 20-30 жылдары Тифлисские ведомости газетіне әзірбайжан тілінде қосымша боп шыққан Татар хабәрлары. 1838-1845 жылдары осындай қосымша Тифлистегі Закавказский вестник газетінің де жанында болған. Ал таза әзірбайжан тіліндегі газет Бақыда Г.Зардаби шығарған Егінші (1875-1877) газетінен басталады. Бұдан соң осында Зия (1876-1880), Зияи-Кавказие (1880-1884), Кешкүл(1884-1891) газеттері шығып тұрды. 1891 жылы қаржы тапшылығынан және цензура қысымынан Кешкүл жабылды, содан 1906 жылға дейін әзірбайжан тілінде шыққан басылым болмады.
1893 жылы Бақшасарайда Исмаил-бей Гаспралы орысша және түркі-осман тілінде Тәржіман газетін шығара бастады. Ал қазақ тілінде 1870-1881 жылдар аралығында Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы Түркістан уалаятының газеті, 1888-1902 жылдар аралығында Омбыда Дала генерал-губернаторлығының органы Дала уалаятының газеті шығып тұрды. Дала уалаятының газетінің 1902 ж. Сельскохозяйственный листокке айналуымен бұратана ұлттардағы газет дәуірі бітеді. Ресейдегі мұсылман қауымы жалғыз газетке - Бақшасарайдағы Тәржіманға қарап қалады. Сонымен бірге, 1907жылы Қазақ ғазиті, 1911 жылы Қазақстан газеті, 1907 жылы Үлфәт, 1913 жылы Ешім даласы секілді газеттер шыққанымен, олардың шығармашылық өмірі көпке созылған емес. Бір-екі жылдың көлемінде түрлі себептермен жабылып тынған.
Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған армандары орындалды:1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш "Айқап" ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Нақ соның, ал кейініректе, 1913 жылғы 2 ақпанда Орынбор қаласында шыққан "Қазақ" газетінің де тағдырына жалпы ұлттық басылымдар болу жазылған еді.
Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын педагоктік және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. Кеңестік тарихнаманың дегені жүріп тұрған кезеңде көптеген зерттеушілер идеологияға жағынып, М. Сералинді XX ғасырдың басында Оңтүстік Оралдың революцияшыл социалдемократтардың шеңберіне кезігуге тырысты. Мұның бәрі "Айқап" журналын кеңес өкіметі контрреволюциялық ұлтшыл деп айыптаған "Қазақ" газетіне қарсы қою мақсатымен жасалған еді. М. Сералиннің өз айтуына қарағанда, журнал "еңбекші таптың органы болған жоқ. Халықтық болған ол белгілі бір таптық, саяси және экономикалықбағдар ұстанбады "."Оренбургский край" газетінің журналды "жергілікті халықтық басылым" деп атағаны кездейсоқ емес.
Журналдың бірінші нөмірінде М. Сералин оқырмандарға басылымды құрудың ұзаққа созылған оқиғасын түсіндіріп берді: "Біз бір-бірімізді үнемі... кінәлап жүрдік... Басымыз қосылмады. ...Біздің қазақтың неше жерден "қап" деп қапы қалған істері көп. "Қап" дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге ылайық "Айқап" болды".
"Айқап" журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті.
"Оқиғалар" айдарынан көрініп отырғанындай, жер-жерден Ташкент, Верный, Шымкент, Әулиеата, Орал, Қостанай, Торғай, Ақтөбе, Маңғыстау, Бөкей Ордасы, Омбы, Қапал, Семей, Аягөз және басқа жерлерден хабарлар түсіп тұрған.
"Бізге не істеу керек?" деп аталған мақаласында "Айқап" өз бағдарламасын былай деп белгілеген:
Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу, жерден қол үзбеу.
Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі мәдениетті болу.
Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау.
Мемлекеттік Думаның мінберінен халық мүдделерін қорғау және оларды үкіметке жеткізе алатын депутаттардың болуы.
Петербургте тұрақты өкілдік болуы."
Қазақ қоғамы демократияшыл жұртшылығыныңұлттық баспасөз ұйымын құру жөніндегі ынтасы күшейе берді. 1911жылғы 16 наурызда Орал қаласында қазақ және орыс тілдерінде шағын көлемді "Қазақстан" газеті шықты. 1911-1913жылдарда (қаңтар-ақпан) небәрі 16 нөмірі шығарылды (редакторы Елеусін Бұйрин). Газет "кәсіпкерлік пен ғылымға үйрету" ізгі мақсат деп санады. Профессор Ү. Субханбердинаның пайымдауынша, газет прогресшіл-демократияшыл түсінікте болып, отандастарын орыстың озық мәдениетін меңгеруге шақырған. Ол оқырмандарына кітап шығару жаңалықтары туралы хабарлап, шаруашылықты прогресшіл жолмен жүргізу жөнінде кеңестер беріп отырды. Оның беттерінде Гурьев уезінде жаңа мұнай кенішінің ашылғаны туралы хабар бірінші болып жарияланды. 1913 жылы қыркүйектен желтоқсанға дейін Петропавлда"Емші даласы" газеті шығып тұрды.
Алайда таралымы шектеулі бұл газеттер орасан үлкен аймақтың түрлі топтарының өскелең талап -тілегін қанағаттандыра алмады. Жалпы ұлттық көлемде мерзімді баспасөз құру бұрынғысынша жалпыұлттықт проблема болып қала берді.
"Қазақ" газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты. "А. Байтұрсыновтың шебер басшылығы мен жанқиярлық еңбегінің арқасында,-деп жазды М. Дулатов,-жоқтан барды жасаған деуге болатын және патшалық-полицейлік режимнің ауыр жағдайларында тіршілік еткен газеттің жабылар алдында өз баспаханасы, қағаздың үлкен қоры, шағын кітапханасы болды, таралымы 8000-нан асты". Редакциялық алқа 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстық қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса оны Орынбор, Уфа, Қазан, Петербург, Мәскеу, Томск қалаларындағы, басқа да бірқатар қалалардағы, сондай-ақ Түркия мен Қытайдағы оқырмандар алып тұрды.
"Қазақ" газетінің редакторы Орынборда айдауда жүрген кезінде сол кезге қарай ағартушылық қозғалыстың танымал көшбасшысы болған, аса көрнекті ақын, көсемсөзші, түркі тілінің маманы, М. Дулатовтың анықтауынша, "қазақ әдеби тілінің мектебін жасаушы", бірақ ең алдымен - ой өрісі аса кең және ұлт дамуының жолдарын көре білген жалынды қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. Азаттық қозғалысының мұраттарына, қазақ халқының топтасуы мен рухани өрлеуі мүдделеріне белгілендік, таңғажайып талант және ғылымның көптеген салаларынан энциклопедиялық білімділік оны ұлт ағартушылары мен рухани аталарының алдыңғы қатарларына шығарды. 1914 жылғы 19 мамырда Баспасөз істері жөніндегі бас басқарманың кеңсесі М. Дулатовқа "Қазақ" газетінің екінші жауапты редакторы міндетін атқаруға рұқсат етті. Құлшынған қызба қанды, әсте ымырасыз, жалынды көсемсөзші, топ көрсе қыранша түлейтін ақын М. Дулатов өзінің ерлік және қайғылы тағдырымен көп жағынан XIX ғасырдағы Махамбет Өтемісұлын еске салатын. "Қазақ" газеті 1918 жылы (№ 261-265) Жанұзақ Жәнібековтың редакциялауымен шықты.
XX ғасырдың басындағы демократияшыл қазақ зиялыларының бүкіл азаттық қозғалысы сияқты, бұл газеттің де жетекші бағытын белгілеуде қазақ халқының бостандығы жолындағы аса көрнекті күрескер, саясатшы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, статистик-социолог, көсемсөзші, энциклопедиялық тұрғыдағы ғұлама Ә. Бөкейханов зор рөл атқарды.
Біртұтас болып біріккен ғажайып үштік-А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы болған ғасырдың ұлттық газетін құра білд. Олар "Қазақ" газетінің төңірегіне қазақ демократиялық зиялыларының бүкіл бетке ұстарларын, соның ішінде Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ғ.Қарашев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, Б. Майлин, Ж. Ақбаев, Х. Досмұхамедов, С. Дөнентаев, М. Шоқай, М. Тынышбаев және басқа да көптеген адамдар сияқты көрнекті қайраткерлерді топтастыра алады. Дегенмен де, негізгі идеялық-теориялық салмақты А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов көтерді. Зерттеуші К. Атабаевтың деректері көрсетіп отырғандай,"Қазақ" газетінің беттерінде жарияланған, бүгінгі күні қолда бар және "Қазақ" басылымы жинағында келтірілген материалдардың жартысынан астамын солар жазған. Тек Ә. Бөкейхановтың өзі "Қазақ" үшін 200-дей мақала жазыпты.
Бағдарламалық мақалада (авторы А. Байтұрсынов) газет "ұлттың көзі, құлағы және тілі" деп аталған. Редактордың пікірінше, газет адамдардың мүдделеріне қызмет етуге, білімді таратушы, халықтың қорғаушысы, оның рухани тәлімгері болуға тиіс. Сонымен, А. Байтұрсынов нағыз жалпыхалықтық басылым құруды ойлады және оны жүзеге асырды.
Газетті оның негізін қалаушылар"Қазақ" деп атады. Халықтың өз атын қалпына келтіріп, олар сол арқылы отаршылар тарапынан бұратаналарға менсінбей қарауға қарсы наразылық білдірді, қазақтар арасына ұлтжандылық басылым құруды ойлады және бірлік идеясын таратты.
Газеттің бірінші нөмірінде басылған бағдарламалық мақаласында А. Байтұрсынов отаршылдық режим жағдайларындағы ұлттың тағдыры туралы мәселені ашық қойды. Ол былай деп жазды: "Өзіміздің өзіндік ерекшелігімізді сақтап қалуымыз үшін біздің бар күш пен құралды жұмсап, оқу-ағартуға және ортақ мәдениетке ұмтылуымыз қажет; бұл үшін біз әдебиетті ана тілінде дамытумен айналысуды бірінші борыш деуге міндеттіміз. Өз тілінде сөйлейтін және өз әдебиеті бар халықтың ғана дербес өмірге үміттенуге құқылы екенін ешқашан ұмытпау керек".
"Қазақ" газеті XX ғасырдың басындағы азаттық қозғалысының стратегиясын анықтап берді. Ә. Бөкейханов былай деп атап өтті "Жуық арада далада, бәлкім, қазақ арасында белең алып келе жатқан екі саяси бағытқа сәйкес екі саяси партия ұйымдастырылатын сыңайлы. Олардың бірі ұлттық-діни партия деп аталуы мүмкін және де қазақтарды басқа мұсылман халықтарымен біріктіру оның мұраты болып табылады. Басқа бір батыстық бағыт қырғыз даласының болашағы-осы сөздің кең мағынасында-батыс мәдениетін саналы түрде іс жүзіне асыруда деп біледі".
"Қазақ" екінші бағыттың ой-пиғылын көрсетті. Ол тұжырымдамалық проблемаларды көрсеткен кезде соны негізге ала отырып жазды. Ең алдымен Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов қазақ халқының өркениет, түрік дүниесі тарихында алатын орнын анықтап берді. Халықты топтпстыру, оның ежелгі мәдениетін және демократиялық Ресей құрамындағы қазақ ұлттық мемлекеттігін қайта түлету проблемалары газет қызметінің өзегіне айналды. "Шаруашылықтағы өзгерістер" деген сериалы мақалаларында А. Байтұрсынов қазақ халқының эволюциясын және мәдениет тарихын көрсетті.
"Қазақ" газеті өз беттерінде халық ағарту, кітап шығару мәселелеріне басымдық берді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы ұлы ағартушылардың дәстүрлерінде тәрбиеленген қазақ демократияшыл зиялылары Шығыс пен Батыс ағартушыларының тәжірибесін жинақтап, тұтас доктрина жасады. Мысалы, И. Гаспринскийдің жаңа әдіспен оқыту туралы идеясының өзін қабылдай отырып, олар оны түрік-татар үстемдігі идеологиясынан, оқуды дінмен қосудан тазартты. Егер И. Гаспринскийдің ізбасарлары жаңа әдіспен дауыстап оқытудан татар мәдениеті мен жазуының үстемдігін тануға қарай жүрсе, қазақ демократтары Абай, Шоқан және Ыбырай ағартушылығынан отаршылдық режимді қирату, қазақ мемлекеттігін қайта туғызу идеясына бет алды. Бұл эволюцияда А. Байтұрсыновтың ғылыми-педагогикалық ізденістері ерекше рөл атқарды, соның арқасында ұлт қазақ әліпбиін алды, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сөз өнері теориясы мен мәдениет тарихы дамытылды. "Осы тынымсыз еңбегімен,-деп жазды XX ғасырдағы ұлы ойшылдың 50 жасқа толған күнінде М. Дулатов,-А. Байтұрсынов қазақтың сөз өнерін жоғары сатыға көтеріп, ұлттық мектеп пен туған әдебиет үшін берік іргетас қалады".
"Қазақ" газетінің беттерінде аграрлық проблеманың Ә. Бөкейханов бастаған көрнекті білгірлері отаршылдықтың мәнін, қазақ шаруаларының құнарлы жерлерін алып қою арқылы қоныс аудару қоры құрылуының, шаруалардың жерсіз қалуы үрдісінің мәнін ашып көрсетті. "Қазақ" газетіӘ. Бөкейхановтың жер мәселесі жөніндегі тұжырымдамасын қорғады, онда егіншілікпен ұштастырылған көшпелі мал шаруашылығын, қауымдық жер пайдалану негізінде жер алқаптарының тұтастығын, олардың құнарлылығын сақтау көзделген еді. Жер үлесінің болмашы жағдайында отырықшылыққа көшу, егіншілік, агрономия тәжірибесі, диқанның күнделікті титықтататын еңбегінің қанына сіңген етенелі болмаған жағдайда орыс деревнясы үлгісіндегі ауылдар құру қазақ шаруаларына мал шаруашылығы кәсібінен біржола айырылу, Башқұртстан мен Қостанай уезінде болғанындай, мұқтаждықтан жерді қоныс аударушыларға сату қатерін төндірер еді.
"Қазақ" газеті мұсылман діні мәселесі бойынша ғылыми негізделген тактика ұстанды. Ол қазақ халқының артта қалған бөлігінің діншіл екеніне, Алланы және оның "жердегі өкілдері" молдаларды шын жүректен қадірлейтініне көңіл бөлді. Газет редакциясы "мұсылмандар одағының кадеттік бағдар ұстанатынын ескерді. Ә. Бөкейханов пен басқа да авторлар 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін бүкіл Ресейде орын алған қуатты мұсылман қозғалысымен есептесіп отырды. Қозғалыстың қай тапқа жататынына қарамастан, елдегі 20 миллион халық түрінде тірегі болды. Мұсылмандардың бірінші съезінің қарарында мұсылмандардың прогресшіл бөлігі "озық қоғамның мұраттарына" қосылатыны және "орыс халқымен бірдей тең(саяси, азаматтық, діни) құқықтарды" пайдаланғысы келетіні атап өтілді".
Бірқатар мұсылмандар съездерінің жұмысына қатысқан Ә. Бөкейханов бір-біріне жалғасты, бірнеше мақалалар жазып, онда "Қазақ" оқырмандарына адамгершілік проблемаларын және оларды Ресей жағдайында шешу жолдарын ұғынықты етіп түсіндірді. "Қазақ" газеті діни қызбалықты қоздырған жоқ, керісінше, империя құрамындағы түрлі ұлттардың дінге сенушілерін топтасуға шақырды. Газет көзі ашық халықтардың француз революциясы мен өзге де буржуазиялық революциялар рухындағы теңдік, жеке адамға ешкімнің тиіспеушілігі, дін ұстану еркіндігі жөніндегі мұраттарын ескерді. "Қазақ" газеті бұхаралық, хиуалық, қазандық молдаларды, олардың озбырлығын, патриархаттық-рулық соқырсенімдердің тірегіне айналған әдет пен шариғат догмаларын әшкереледі, татарландырудың, арабтандырудың қазақ тілі дамуына, оның рухани келбетіне теріс ықпалын ашып көсетті. "Қазақ" газеті дінді мектеп пен мемлекеттен бөлуді жақтап, діни экстремизмге қарсы шықты, сонымен бірге жыныс, дін ұстану, ұлт айырмашылығына қарамастан, барлық ресейліктердің заң алдында тең екенін жариялап, жеке адамның бас бостандығы мен оның еркіндігіне қол сұқпауды қорғады.
"Қазақ" газеті беттеріндегі жарияланымдардың едәуір бөлігі тіл мен әдебиет, этнография, мәдениет пен тәрбие, педагогика мәселелеріне, рыногтық жағдайларға бейімдей отырып, халық санасын жетілдіруге арналды. Газет өзінің нысаналы жарияланымдары арқылы ұлттың тарихи санасын қалаптастырды, Абай сияқты аса көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметі үлгісімен ұлттық мақтанышқа тәрбиелеу міндеттерін белгіледі, Абай даналығы деңгейіне көтерілуге, өз халқының қамын ойластыруға, оның дәстүрлерінен, гуманистік принциптерінен таймауға шақырды. Қазақ газеті төңірегіндегілер көтеріліске барынша қарсы болды. Себебі түсінікті. Әскери техникасы, қару-жарағы мығым, әдіс-тәсілі күшті патша әскеріне қарсы көтерілу қазаққа үлкен қайғы, қан төгіс әкелері даусыз еді. Ел үстіне әскер әкелмей, еркек тоқты құрбандық деп соғысқа аттануды, ер азаматтың ел көруін, жер көруін, тәжірибе жинақтауын, оны қазақ болашағына пайдалануын көздеді.
Патша үкіметі қазақ халқының қолына қару бергісі келмей, қара жұмысқа алуды ұйғарды. Мұны алдын-ала сезген Қазақ 8 сәуірдегі санында, 25 наурыз күнгі Г. Думаның жабық мәжілісінде бұратана халықтарды әскерге алу туралы қарағанын, жақын арада әскерге шақыру заңының жобасы шығып қалуы мүмкін екендігін хабарлайды.
Газет осы тұста салиқалы кеңес, ақылға салар іс қылу жайында сөз етіп, елде болып жатқан істермен оқырмандарды хабардар етіп тұрды. Оның 30 сәуірдегі санында Қарқаралы қазақтарының 9 адамы қол қойған, Семей губернаторынан әскерге шақырылуға байланысты съезд өткізу туралы өтінішін жариялады. Ол съезде қандай әскер түріне қазақ жігіттері жарамды екені талқыланды (Қазақ газеті. 1916, №179).
Патша өкіметі ешбір өтінішті қабылдамады. Қазақ жігіттері әскери қызметке емес, қара жұмысқа, окоп қазу жұмысына алынатын болды. Солдат, соғыс! дегеннен шошып, сеңдей сапырылысқан қалың елге септігі тиер ме деген үмітпен Қазақ газетінде Байтұрсыновтың бас мақаласы жарияланды. Маусым жарлығының қазақты қара жұмысқа алу жөнінде екенін, өздері жүргізген көп жүмыстың ақталмағанын меңзей отыра: ...мемлекет керегі үшін мынадай қырғын соғыста мал шығынынан тартынбай, кәтте әскерлікке алам десе де, ақылдасып барудан тайынбастай болып жүрген қазақ халқын бүгін қара жұмысқа алатын жарлық шыққанға дағдарып, таңырқап қалдық. Қазақсекілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануды кемшін санаймыз. Бірақ патша жарлығы хақ, оған қарсы айтар сөз жоқ. Бұл күнде соғыс уақыты, тәртіп қатты,- қашқандардың артынан қуғыншы отряд шығып, елді һәм артында қалған әке-шешесін, қатын-баласын шулатқаннан, шаруасын күйзеткеннен басқа өнер ешнәрсе жоқ,- деп елдің арандап қалмауын ойлайды. Патшаның құрығы ұзын екенін, қашқанмен құтыла алмасын елге түсіндіруді ел ақсақалдарынан, ел жақсыларынан өтінеді.
А.Байтұрсыновтың, Ә.Бөкейхановтың қатты күш салуымен Торғай, Орал, Семей, Жетісу облыстары қазақтарының Орынборда осы мәселе жөніндегі мәжіліс өтеді. Мәжіліс патша өкіметіне нақты-нақты 17 талап қойды. Қойылған талаптармен мәжілістің қаулылары Қазақ газетінде жариялады. Мәжіліс көп нәтиже берген жоқ. Тек жарлықтағы 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарды майданға алу 19 бен 31 жас аралығы болып өзгерді. Бұл мәжіліс кеңесі қаулысының нәтижесінде қол жеткізген жетістіктің бірі еді.
Көп ұзамай, ел іші тынышсыздана бастаған тұста Ахмет, Әлихан, Міржақыптар екі бірдей үндеу жариялады. Оның бірі Алаш азаматына, екіншісі - Қазақ халқына деп аталды. Бұл екі үндеудің айтар ойы мынаған саяды: ...ойламаған жерден жұрт басына мұндай іс, мұндай ауыртпалық түсті мұны қалай қыламыз... Біздің жұртқа айтатынымыз мынау: бұған көнбеске болмайды... Көнбейміз дегенніңсүйенгені жантәттілік болса, салыстырып қаралық: Көнгенде жұртқа қандай ауырлық бар, көнбегенде қандай ауырлық бар. ...Бірі - барса шаруаға кемшілік келіп, алынған жігіттер аз қазаға, бейнетке ұшырағаны, екіншісі - бармаймын десе, қарсылық қылса, елге келетін зор бүліншілік (Қазақ, 1916, № 192).
Шындығында, бұл уақыт шындығынан туындаған пікір екені, қазақ даласының көп жерінде қолдау тапқан, жалпы қазақ зиялыларының ортақ тілегі екеніанық. Мәселен, Семей уезінде жеті болыстың ақсақалдары мен ел жақсыларының кеңесі болып, Тұрағұл Құнанбаевтың төрағалығымен өтсе, Жетісу өлкесінде М.Тынышпаев елді сабыр сақтауға шақырып, үндеу телеграммалар жөнелтті. Батыста Бақытжан Қаратаев пен Жанша Сейдалин Гос. Думаның төрағасына хат жолдап, әскерге шақырудың 1917 жылдың май айына дейін шегерілуін талап етіп жатты [37,241].
Бұл тұста бұрынғы Айқап журналының бас редакторы Мұхамеджан Сералин де Қазақ тобының іс-әрекетін қолдағанын, қазақ жігіттерінің қара жұмысқа баруын дұрыс деп тапқаны Айқап журналы жайлы зерттеулерден кездеседі [38, 133].
Қазақ зиялылары мен Қазақ газеті ұстанған 1916 жылға қатысты бұл шешімнің дұрыстығын тарих көрсетіп берді. Патшаға қарсы көтерілген қазақ халқы сол жылдары көп қырғын тапты.
Төңкеріс жолында қазақ жұрты қүрбан болып кетсін деуге дәтіміз бармады. Сондықтан біз екінші жолды қаладық - көну керек дедік. Оған бел байлағаннан кейін елге, көзіне айтатын сөзіміз де, басшылығымыз да осы бетте болды. Тек неше түрлі сылтаумен соза түсуін ескеріп отырдық...,- деп жазады Міржақып, өздерінің сол тұстағы мақсаттары жайлы. Бұдан Қазақ жетекшілерінің шебер де мүлтіксіз саясат жүргізгенін байқауға болады.
Жиырмасыншы жылдардағы ғұмыры қысқа болған еркіндіктің тұсында Міржақып Дулатов 1916 жылғы Қазақ газетінің жай-күйі туралы: Ол заманның жуан ортасында болмаған, ащы-тұщысын татпаған бүгінгі бақытты жастар ол Қазақ газетін ендіоқыса, Бишара қандай жасқаншақ, қалай қорқақ, былай жазса болмас па еді? дер еді. Ол кездегі газеттердің бет-аузын алапес қылып шығаратын цензураны бүгінгі жастар көрген жоқ қой. Өз ойыңды, өз атыңды өзің ұрлап, осылай жазсам, жұрт бірдеңе қып түсінер-ау деп ишаралап, жасқанып, жалтақтап отыруды бүгінгі жастар көрген емес,- деп шынайы шындықты жазады.
Қазақтың күткен қаупі расқа айналды, әр жерден бас көтерген көтерілісшілер аяусыз басып жаншылды. Ел басы ауған жаққа босып кетуге мәжбүр болды. Екінші ақтабан шұбырынды қайта келгендей күн туды. Патша әкімшілігінің көктен күткені жерден табылды. Олар халықтық тоз-тозын шығару үшін ештедеден аянған жоқ. Сөйтіп, өздерінің қанды жорықтарының Ұлы дайындығын (генеральная репетиция) жасай бастады. Жетісу губернаторы Фольбаум: Бүлікті тез басу үшін әскерлер қозғалысқа қатысқан бір облыс елдің әлденеше жүз адамын қырып салып, үлгі көрсеткені дұрыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz