Қара топырақты аймақ 817 мың гектар
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті
"Агробиология" факультеті
"Өсімдік қорғау және карантин" кафедрасы
Өндірістік практика есебі
Білім алушы: Дәуірбаева Дана
Тобы: ЗР-308
Кафедрадағы практика жетекшісі: Жунусова.А.С
Өндірістегі практика жетекшісі: Жігітеков Н.Р
Алматы,2020
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Мекеме орнымен танысу
2.2.Қауіпсіздік техникасымен танысу
2.3.Жамбыл облысының 2020 жылғы жаз айындағы ауа райы, топырақ жамылғысы
2.4 Жаздық бмдайды залалдайтын зиянкестер: Мароккалық шегіртке - мароккская саранча (Dociostraurus maroccanus Thunb., Азиялық шегірткесі- Азиатская саранча
2.5 Жамбыл облысық аумақтық есеп бойынша астық дақылдылардың( жаздық бидай) аурумен залалдану көрсеткіші
2.6. ҚР АШМ АӨК МИК Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы зертханасымен танысу
2.7. Жамбыл ауданының далалық аймағында кездесетін каратиндік өсімдік. Күресу шаралары.
2.8. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы алқаптарына химиялық өңдеу жүргізу. Арамшырмауыққа қарсы жүргізілген улау жұмыстарының нәтижесі
2.9 Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының құжатнамаларымен танысу және жұмыс жасау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Агроөнеркәсіп комплексі халық шаруашылыгының ең басты салаларының бірі болып табылады, сондықтан да елімізде, әсіресе Қазақстан республикасында оны әрі қарай дамыту мәселесіне зор назар аударылып келді және келе де бермек.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, ал мал шаруашылығына тиісті жем-шөп қорын мол жинап жасау болып табылады.
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты - еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерденколорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан - үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден - сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты - республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті "Өсімдіктер карантині туралы" заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.. Біліктілік - Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры.Оқыту мерзімі - 4 жыл.Білімді қолдану аумағы-мамандық ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісіне шаруашылық және экономикалық нұқсан келтіретін зиянды ағзалардан (зиянкестер, өсімдік аурулары және арамшөптер) өсімдіктерді қорғаумен байланысты мәселелерді зерттеуге бағытталған. Мамандықты жақсы меңгеру үшін студенттер ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды және карантинді ағзаларының биологиясы, экологиясы, түрлік құрамы мен олармен күресу шаралары жөнінде терең білім алады.Кәсіби дағдылар-Бакалавриат курсын аяқтағаннан кейін мамандар ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды ағзаларына фитосанитарлық мониторинг пен олардан кешенді қорғау шараларын, сонымен қатар кедендік бекеттерде карантиндік тексерістің барлық кезеңдерін жүргізу бойынша кәсіби дағдыларын қалыптастырады. Түлектер келесі бағыттарда жұмыс істей алады: өсімдік қорғау жəне карантиннің мемлекеттік қызметтерінде, ҚР АШМ ғылыми-өндірістік құрылымдарында, фитосанитарлық диагностика жəне болжамдар орталықтарында, өсімдіктер карантині орталығында, бақылау-токсиологиялық зертханаларында, шекаралық карантиндік бекеттерде.Білім беру бағдарламасы:мамандықтың білім беру бағдарламасының негізін келесі курстар құрайды: жалпы және ауылшаруашылық энтомологиясы; жалпы және ауылшаруашылық фитопотологиясы; зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер; өсімдіктерді химиялық және биологиялық қорғау; өсімдіктер карантині; өсімдіктер иммунитеті және т.б. Студенттер жыл сайын ЖОО арасында өтетін Республикалық және Халықаралық олимпиадаларға қатысуға, сонымен қатар бір семестр барысында еліміздің және шет елдің алдыңғы қатарлы ЖОО - да академиялық ұтқырлықпен оқуға мүмкіндікке ие.
5В081100 - Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін өндірістік іс-тәжірибе арнайы оқу бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Студенттер үшін өндірістік іс-тәжірибеден өту, болашақ бакалавр ретінде аса маңызды. Өндірістік іс-тәжірибе студенттер арнайы мамандық пәндерін оқып аяқтағаннан кейін, өткізіледі. Іс-тәжірибе басталар алдында студенттер жалпы және ауыл шаруашылық энтомологиясы; жалпы және ауыл шаруашылық фитопатологиясы; зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер; өсімдіктерді химиялық жолмен қорғау; өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғау; зиянды және аса қауіпті зиянды және карантинді ағзаларға фитосанитарлық мониторинг жүргізу және олардың таралуын болжау секілді мамандықты оқытуға арналған арнайы пәндер бойынша теориялық білім алады. Алған білімін студенттер өндірістік тәжірибеде практика жүзінде іске асыру қажет. Студент іс-тәжірибе өту барысында ЖОО-да алған білімдерін бекітеді және кеңейтеді, ауыл шаруашылығына қатысты барлық жүйелерді меңгере алады.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Мекеме орнымен танысу.
ҚР АШМ АӨК МИК Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесі Жамбыл облыстық филиалы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2001 жылғы 21 ақпандағы № 88 қаулысын іске асыру жөніндегі жеке шаралар туралы бұйрығына сәйкес, РФД және БӘО мемлекеттік мекемесінің 2002 жылғы 15 наурыздағы № 05 бұйрығымен құрылған. Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы құрамына 6 аудан бөлімінде жұмыс жасайтын мекеме кіреді.
Аудандық аумақтық инспекцияның мақсаты өсімдіктердің зиянды, ерекше қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына мониторингті жүзеге асыру және карантиндік объектілердің таралуы ошақтарын анықтап, таралу шекараларын облыс бойынша айқындау болып табылады және шет елден келген өнімнің сапсы мен сыртқа жіберілетін өнімнің сапасына аса мән беру және оның кауіпсіздігіне мән беру, .
Облыстық инспекция облыс орталығында Тараз қаласынды орналасқан. Филиалдың штаттық саны 85- 90 қызметкерден тұрады, мекеменің орналасқан мекен жайы: Пушкин көшесі , 140Б
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы келесі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1)Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі,
2)Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндiк сертификат беру, Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу, Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті электрондық үкімет www.e.gov.kz, веб-порталы алуға мүмкіндігі бар және (немесе) қағаз түрінде. Портал тәулік бойы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың жеке кабинеті, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 алуға болады.
2.2.Қауіпсіздік техникасымен танысу.
"Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолдану саласы
1. Осы "Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы, "Өсімдіктер карантині туралы " 1999 жылғы 11 ақпандағы,"Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі,"Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі,"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" қараңыз.K090193 2002 жылғы 4 желтоқсандағы,"Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы,"Химия өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Техникалық регламенттің талаптары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасындағы (ҚР СЭҚ ТН) тауарлар жіктеліміне сәйкес жіктелетін, техникалық реттеу объектілері болып табылатын пестицидтерге (улы химикаттарға) және олардың әсер ететін заттарына таралады.
4-1-тарау. Пестицидтер (улы химикаттар) айналымы
саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен.
19-6-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) буып-түю және олардың ыдысы жөнiндегi талаптар
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) буып-түю және оларға арналған ыдыс өнiмдi сақтау, тасу және өткiзу кезiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
2. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар адамды, қоршаған ортаны пестицидтердiң (улы химикаттардың) қауiптi қасиеттерiнен қорғау үшiн арнайы лайықталуға тиiс.
3. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар пестицидтердiң (улы химикаттардың) құрама заттарының бұзылуына немесе өзге де зиянды әсерiне төзiмдi болуға және:
1) жану және (немесе) жылудың едәуiр бөлiгiнiң бөлiнуiн;
2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдардың бөлiнуiн;
3)басқа да химиялық белсендi және қауiптi заттардың түзiлуiн тудыратын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспеуге тиiс.
Ескерту. 19-6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-7-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары:
1.Пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiнде белгiленген тиiмдi және қауiпсiз қолдану технологияларын сақтай отырып жүзеге асырылады.
2.Пестицидтердi (улы химикаттарды) техникалық регламенттердiң талаптарын бұза отырып қолдануға тыйым салынады.
3.Пайдаланылмаған пестицидтердi (улы химикаттарды) уақытша сақтауға арнайы арналған орындардан басқа жұмыс орындарында қалдыруға тыйым салынады.
19-8-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау жөнiндегi талаптар:
1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау:
1) телефонның, факстың, телекстiң нөмiрiн және электрондық мекен-жайды қоса алғанда, өтiнiш берушiнiң (жеткiзушiнiң, дайындаушының, дистрибьютордың немесе импортердiң) атауы және толық мекен-жайын;
2) пестицидтiң (улы химикаттың) атауы мен оның нысаналы мақсатын;
3) пестицидтiң (улы химикаттың) номиналды мөлшерiн (салмағын немесе көлемiн);
4) шығару партиясы нөмiрiнiң белгiленуiн;
5) дайындалған (шығарылған) күнiн;
6) қауiптiлiк қасиеттерiнiң және адамға, қоршаған ортаға және мүлiкке әсер ету сыныптарының белгiлерiн (пиктограммаларын);
7) өнiмдi қауiпсiз сақтау, тасымалдау, өткiзу, қолдану және кәдеге жарату жөнiндегi ұсыныстарды қамтуға тиiс.
2. Буып-түюді таңбалау өшiрiлмейтiн анық әрiптермен немесе нышандармен түсiрiледi.
Ескерту. 19-8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-9-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау осы үшiн арнайы арналған, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына, экологиялық талаптарға, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сай келетiн арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылуға тиiс.
2. Қоймалар үрлейтiн және тартатын желдеткiштерiмен жабдықталады. Тартатын желдеткiш құрғақ сүзгiш элементтермен жабдықталады.
3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) қоймада сақтауға үй-жайды санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қызметiнiң органдары зерттеп болғаннан кейiн пестицидтердi (улы химикаттарды) алу және сақтау құқығына санитарлық паспорт жасалғаннан кейiн ғана жол берiледi.
4. Сақталынатын пестицидтердiң (улы химикаттардың) мөлшерi қойманың жобалық құжаттамасында көзделген қойма сыйымдылығынан аспауға тиiс.
5. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар әзiрлеудi, сондай-ақ аталған талаптардың сақталуын бақылауды мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 19-9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17. № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-10-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау қауiптi жүктердi көлiк құралдарымен тасу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Пестицидтермен (улы химикаттармен) бiрге немесе бұрын пестицидтердi (улы химикаттарды) тасу үшiн пайдаланылған көлiк құралдарымен тамақ өнiмдерiн, жемшөп және ауыз су тасуға қатаң тыйым салынады.
3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау үшiн пайдаланылған көлiк алдын ала тазартылмай және көлiк құралы залалсыздандырылмай, басқа да тағамдық емес жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылуға тиiс емес.
2.3 Жамбыл облысы, Сарысу ауданының ауа райы және топырақ-климаттық жағдай
Жамбыл облысы, Сарысу ауданыың агрометеорологиялық жағдайлары. 2017-2019 жылдарында жүгері дақылының өсіп-даму кезеңінде айлар және онкүндіктер бойынша ауа райы жағдайлары әр түрлі болып қалыптасты.
Шаруашылықтың орналасқан жері Қазақстанның батыс аймағы. соның ішінде Шалқар өңірінің топырақ-климат жағдайлары қарастырылады.
Көп жылдық деректерге қарағанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданның ең суық айы қаңтардың орташа температурасы - 20 - 18 °С, ең төменгі температура - 30 градус, жекелеген жылдары - 45 - 50 градусқа дейін төмендейді. Көктемде жылу тез көтеріледі. Аймақтың солтүстігінде сәуірдің сонында, ал оңтүстігінде оның ортасында тәуліктік орташа температура + 5 градустан асады, ал күндізгі сағаттарда + 10 - 12 градусқа дейін көтеріледі. Жекелеген жағдайда кенеттен жылынғанда ең жоғары температура осы кезде + 30 градусқа дейін көтеріледі. Ал кейде кенеттен суытқанда орташа температура сәуірде - 10 градусқа дейін төмендейді, мамырда 0 градус, ал ең төменгі температура - тиісінше - 15 градус және -5 градус. Ашық жерлерде үсіксіз кезең 3,5 айдың шамасында. Ең жылы, шілде айындағы ауаның орташа жылылығы + 19-24 градус, түс кезіне қарай +24-26 градус, ал жекелеген жағдайларда + 40 градусқа дейін көтеріледі.
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы жағдайында Температураның күрт өзгермелілігі біздің бағалы дақылымыз - жүгері дақылын өсіруге және одан тұрақты және сапалы өнім алуға мүмкіндік бермейді, егер ғылыми жетістікті және озат тәжірибені жергілікті жерге бейіімдеп, әрі дақылдың биологаялық ерекшеліктеріне сай технологияны дайындамасақ. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы жағдайында Жауын-шашын мөлшері (орташа көп жылдық және соңғы 3 жылда), жыл бойы олардың бөлінуі, күзгі және көктемгі пайдалы ылғал қоры. Пайдалы ылғал қорын толықтыру мүмкіндігін бағалау.
Шаруашылық ауданында орналасқандықтан климаты шұғыл континентальды құрғақшылықты. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы жағдайында жауын шашынның он жыл ішіндегі орташа мөлшері 250 - 300 мм шамасында ауытқыды. Жауын - шашынның көп мөлшері шілде айына келеді. Соңғы жылдары қысы қатаң, қар мол түсуде. Вегетация кезеңінің үзақтығы 120 -130 күн. Жылына орташа температура + 0,6°С қүрайды. Жел жыл бойы соғады деп айтуға болады. Желдің орташа жылдамдығы 4,4 мс тең.
Аймақтың көптеген қолайсыз климаттың жағдайларына қарамастан, топырақ ылғалын сақтау агротехника жұмыстарын дұрыс қолдану жағдайында жоғары және тұрақты өнім алуға болады.
Сонымен, көпжылдық зерттеулерге сүйене отырып, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы жағдайында топырақ және климат жағдайлары жүгері дақылын өсіруге қолайлы болып отыр.
Төмендегі кестелерден 2017-2019 жылдар аралығындағы Жамбыл облысы, Сарысу ауданының климаттық және метеорологиялық жағдайы көрсетілген.
Жауын - шашынның жылдар бойы түсу мөлшері төмендегі кесте бойынша 2017 -2019 жылдардағы жауын шашынның көп жылдық орташа көрсеткіштерімен салыстырғандағы мөлшері, мм:
Кесте 1 - 2018-2020 жылдар аралығындағы жауын-шашын мөлшері (мм)
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы жағдайында жыл бойы жауған жауын-шашын біркелкі болған жоқ. Жауын-шашынның ең көп мөлшері көктемгі-жазғы айларға келеді. Осы жылда жауын - шашын мөлшері бір жылда 286 мм құрады. Бұл орташа көп жылдық мәліметтерден 10 мм төмен жауын шашынның ең көп мөлшері шілде айына келеді. Өткен екі жылмен (2017 - 2020 жыл) салыстырғанда бұл көрсеткіш орташа 7 мм - ге жоғарылады (1-кесте).
Жамбыл облысы ең жоғарғы жауған жауын - шашын шілде - тамыз айларында бодцы. Жауын-шашыннын осылай жаууы өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы өсерін тигізеді, әсіресе астық дақылдарына. Күзде, яғни тамыз айының соңында жауын-шашыннын көп жауғанынын әсерінен егістікті жинауға көптеген қолайсыз жағдайлар туғызды.Шаруашылық аумағында ылғал тапшылығы жиі байқалатындыктап, оны жинауға, сақтауға және үнемді пайдалануға болашақта басты көңіл бөлген жөн.
Күзде, яғни тамыз айының соңында жауын-шашыннын көп жауғанынын әсерінен егістікті жинауға көптеген қолайсыз жағдайлар туғызды.Шаруашылық аумағында ылғал тапшылығы жиі байқалатындыктап, оны жинауға, сақтауға және үнемді пайдалануға болашақта басты көңіл бөлген жөн. Ол үшін ауыспалы егісті мұқият енгізіп, тыңайтқыштарды қажет мөлшерде беру де ылгалды дұрыс пайдаланудың бір жолы болып табылатынын естен шығармау керек. Мүмкін болса аңызақ желдің екпінін басу үшін қорғағыш орман алқаптарын көбейту, сондай-ақ егістікте бидайдың жиілігін де үкыпты қалыптастыру ылғалды тиімді пайдаланудың бірде-бір жолы болып табылады, басқа агротехникалық тәсілдерді (себу мен себу тәсілін, тұқым сіңіру тереңдігін дұрыс таңдауды, егінді уақытында жинап, сүдігерді агрономиялык дәл уақытында көтеруді айтуға болады.
2-кестеден 2020 жылдың жылы кезеңіңдегі ауаның тәуліктік орташа температурасы жайында толық және көп жылдық орташа температурамен салыстырғанда оның ауытқуы туралы мәлімет беріледі.
Кесте 2 - 2018-2020 жылдың жылы кезеніңдегі ауаның тәуліктік орташа температурасы, °С
Көктемгі соңғы бозқырау 18 сәуірде байқалды -3,6 °С. Күзгі алғашқы бозқырау қыркүйек айының 27 жүлдызында байқалған болатын, оның көрсеткіші -3,4 °С болды.
Бозқыраусыз (аязсыз) кезең, бидай өсірген кездегі белсенді температура жиынтығы, өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы, өсіп-жетілуінің басталу және аяқталу мерзімдері. Қарастырылып отырған аймақтың негізгі ауыл шаруашылықты аудандарда алғашқы күзгі бозқырау тамыздың 19-25 жұлдыздарында түсуі ықтимал, бірақта алғашқы бозқыраудың орташа түсу мезгілі қазан айының 16 -20 жұлдыздарынын аралығында. Үсіксіз кезеңнің орташа түсу ұзақтығы 117 -135 күн болса дағы, жекелеген жылдары 78 - 88 күнге дейін қысқарады. ал алғашқы суық түскенге дейінгі белсенді температура жиынтығы 2100 - ден 2500 С - дан аспайды.
Бұл температуралық жиынтық бидайдың орташа және ортадан ерте мерзімде пісетін сүрыптарының толық пісуіне жеткілікті деуге болады.
Көпжылдык зерттеулер көрсеткендей төмендегі кестеден алғашқы және соңғы бозқыраудың түсу мезгілі мен үсіксіз кезеңнің ұзақтығы туралы мәлімет алуға болады. Белсенді температура жиынтығын бағалағанда күзгі алғашкы бозқыраудың түсу мезгіліне де көңіл аудару қажет, өйткені олар бидайдың жекелеген сұрыптарына көктемгі бозқырауға қарағанда анағүрлым көп зиян келтіреді (3-кесте).
Шаруашылық орналасқан жердің топырағы және өсімдік жамылғысы
Жамбыл облысы Сарысу ауданының жер көлемі 30,1 миллион гектарға тең. Облыс территориясы солтүстігінен бастап оңтүстігіне қарай үш топырақ аймағына бөлінеді: қара, қара-қоңыр және қоңыр топырақтар. Әр аймақ шағын аймақтаршаға бөлінеді.
Қара топырақты аймақ 817 мың гектар. Өсімдігінің дені селеу, көде көкшұнақ шөп және басқа да шөптердің көптеген түрлері кездеседі. Бұл аймаққа облыстың оңтүстігінде орналасқан Мартөк, Ленин және Новоросийск аудандары кіреді. Жылдың жылы мерзімі 145 күн, жалпы осы жылы температураның жиынтығы 2600 градусқа тең.
Бұл аймаққа жылына орта есеппен 300-350 мм ылғал түседі. Осы аймақтағы оңтүстік қара топырақ қалыпты, фосфорлы, карбонатты және кебірлі болып бөлінеді. Соның ішінде қалыпты оңтүстік қара топырақ төмендегідей морфологиялық айырмашылықтары мен көзге түседі. Топырақтың жырту А жиегі (қарашіріндісі мол) 20-25 см; ал А+В жиегінің қалыңдығы -46-49 см.
Агрохимиялық картаны жасау тыңайтқыштарды тиімді, әрі дұрыс пайдалануға. Бұл жиектің түсі қара немесе қара-қоңыр, құрылымы берік емес, саңылаулары көп болады. Одан төмен қарай топырақ түсі қоңырқай тартып, құрылымы беки береді. Мұнда астық шаруашылығы дамыған. Өйткені бұл аймақта жаздық бидай себу кезіндегі ылғал мөлшері жеткілікті болады. Топырақтың жоғарғы бір метр қабатындағы ылғал 100-120 милиметр немесе қажетті ылғалдың 50 пайызына тең. Сондықтан дәнді дақылдардан, соның ішінде жаздық бидайдан, мол өнім алуға толық мүмкіншілік бар. Қара-қоңыр топырақты аймақтың жер көлемі 4 миллион гектардай. Мұнда негізінен жусан, селеу, көде және басқа да шөптердің түрлері өседі. Жылдық орташа температура 5°С, жылы күн саны 150, бір жылда орта есеппен 220-250 мм ылғал түседі.
А горизонтының химиялық құрамы: қарашірінді 2,5-3,9 пайыз, жалпы азот -0,15 %, әр түрлі тұздар -0,11 пайыз, топырақ реакциясы сілтілі - рН-7,3-8 тең.
А+В жиегінің тереңдігі 25-35 см. Ал жоғарғы А жиегі 16-18 сантиметрдей, түрі қара-сұр, құрылымы ірі кесектерден тұрады. В жиектің түсі сұрлау, топырағы нығыз, 100-130 см тереңдікке жеңіл еритін тұздар кездеседі.
Қалыпты қара-қоңыр топырақты аймақ 7 миллион гектар жерді алып жатыр.
Күңгірт қара-қоңыр карбонатты топырақ облыс территориясында кең тараған. Жырту қабаты да терең -45-65 сантиметрге дейін барады. А жиегінің тереңдігі 18-20 сантиметр. Топырағының түсі көбінесе қара-қоңыр, құрылымы ірі түйіртпекті болып келеді. В жиек топырағының түсі қоңырқай, құрылымы нығыз болады. Одан әрі қарай карбонатты сары балшық жатады. А жиектің химиялық құрамы төмендегідей: қарашіріндісі -3,5-4,5 пайыз, жалпы азот -0,21-0,27 пайыз, фосфор-0,23 пайыз, калий 2,36 пайыз, натрий-0,96 пайыз. Топырақ реакциясы сілтілі- рН 8,1-ге тең.
Бұл жерлерге негізінен дәнді дақылдар себіледі. Көктемдегі ылғал қоры 80-90 милиметр. Жаздық бидайды өсіруге қажетті ылғалдың 40 пайызымен қамтамасыз етілген. Құрғақ жылдары дәнді дақылдардан өнім аз жиналады. Сондықтан көктемде және жазғы маусымда ылғал ысырабына жол бермей, оны топырақта сақтау шараларының зор маңызы бар.
Ашық қара-қоңыр топырақтың қарашірінділі жиегі 25-35 сантиметрдей, топырақтың негізгі түсі қоңырқай - қызғылт болып келеді. Құрылымы ірі кесекті, құрамында тұздар кездеседі. В жиегі топырағының түсі сұр, реңі қоңырлау келеді,салынымы өте нығыз болады.
Горизонттың 40-50 сантиметрінен бастап карбонаттар, 80-100 сантиметрден әрі тұздар кездеседі. А жиегінің химиялық құрамында қарашірінді 1,5-2 пайыз, жалпы азот-0,1 пайызға дейін, жеңіл еритін тұздар, басқа да химиялық элементтер бар. Топырақ реакциясы аздап сілті болады-рН-7,8-ге тең. Бұл аймақтағы жердің 150 мың гектардайы ғана егіншілікке жарамды, қалғаны мал жайылымына пайдаланады.
Қоңыр топырақты аймақта 12,5 миллион гектардай жер бар. Көбінесе жусан типтес шөптер өседі. Жоғарыда аталған аймақтарға қарағанда, мұнда жылы күн саны көбірек (165 күн), әрә жылы, тиімді температураның жиынтығы 3200 градус, бір жылда орта есеппен 100-150 мииметрдей ылғал түседі. Қалыпты қоңыр топырақтың А+В жиегінің тереңдігі 32-35 сантиметрге дейін барады. А жиегінің топырағы қоңыр, реңі сұрлау келеді, құрамында 1,5 пйыздай қарашірінді, 0,05 пайыз жалпы азот, басқа да химиялық элементтердің бірнеше түрі болады. Бұл жерлер түгелдей жайылым ретінде пайдаланылады. Ал егіншілік, кейбір шағын учаскелерді суарып, агротехниканың озық әдістерін қолданған жерлерде ғана кездеседі.
Сұр-қоңыр топырақ аймағы 1,82миллион гектар, өсімдікке онша бай емес. Мұнда да жусан типтес өсімдіктер кездеседі. Жылы мерзім 170 күнге созылады. Тиімді температураның жиынтығы 3400 градус, жылдық орташа температура 8 градусқа тең. Жылына 80-100 милиметрдей ғана ылғал түседі. Сұр-қоңыр топырақтың беті 4-5 сантиметрдей қабыршақтанған. Соның астында қарашірінділі А жиек орналасқан (12-15 сантиметр). Топырақ құрамында бір пайыздай ғана қарашірінді, 0,07-0,08 пайыздай жалпы азот бар. 40-50 сантиметрден әрі жиылған ғаныштық көп қоры кездеседі.
Мұнда егіншілікпен айналыспайды. Өйткені табиғи ылғал аз түседі, топырақ құнары нашар. Дақылды өсімдіктерді өсіруге көп су және жерді игеруге көп қаржы керек. Сондықтан бұл аймақтүгелдей мал жайылымы болып саналады.
Жамбыл облысының топырақ қыртысы әртекті. Солтүстік өңірі қара топырақгы, оңтүстікке қарай қоңыр топырақгы, ал оңтүстігінде - шөлейт далалық топырақгы болып келеді.
Шаруашылықтың жері Қазақстанның солтүстігі, оның ішінде Шалқар өңірі болғандықтан жері орманды - далалы шымды болып келеді. Қара топырақтарда 9 пайызға дейін қарашірінді болады да, ол топырақтың 50 - 65 см терең қабатында орналасқан.
Қара топырақтарда 9 пайызға дейін қарашірінді болады да, ол топырақтың 50 - 65 см терең қабатында орналасқан. Шаруашылықтың топырағы кәдімгі қара топырақ. Қара топырақтардың қолайлы химиялық және физикалық қасиеттері оларды Солтүстік Қазакстанның жақсы топырактарының қатарына енуіне мүмкіндік береді. Красноярское АҚ-нің орналасқан өңірінің топырақтары төмендегідей:
Карбонаттардың қара топырақта орналасу терендігі және оларды бөліп алу маңызды және В1 - горизонттарының қалыңдығы 45 - 55 см жетеді. В1-горизонтынан төмен, қарашіріндінің шайындысы аққан, В2 - горизонты орналасады. Қара түсті тілшелер 90 - 100 см дейін басталуы мүмкін. В2 - горизонты жиі карбонатты иллювиалды ВС горизонтымен үйлесе жүреді. Мұнда карбонатгар ақ көздер пішінінде басады.Кәдімгі қара топырақгардың жоғары горизонтында 6-8 пайызға дейін қарашірнді болады, төменгі қабаттарда ол күрт 2,0-1,0 пайызға дейін төмендейді. Кәдімгі қара топырақтардың механикалық құрамы бойынша негізінен құмбалшықты және ауыр құмбалшықты түршелерге жатады. Ауыр механикалық құрам топырақтың ең жоғарғы гигроскопиялығына себепші болады. А горизонтында ол 13 - 14 % жетеді.
Бір гектар топырақтың 0 - 50 см қабатындағы карашіріңдінің жалпы коры 319-265 тонна, Бір гектар топырақтың 0 - 50 см қабатындағы карашіріңдінің жалпы коры 319-265 тонна, Бір гектар топырақтың 0 - 50 см қабатындағы карашіріңдінің жалпы коры 319-265 тонна, азоттың-15,4-10,0 тга, фосфордың - 9,4 тга, калийдың-171,2 тга тең.
Бірақ топырақтың қоректік заттармен қамтамасыз етілуін жалпы қоры бойынша жорамалдауға болмайды, себебі өсімдіктерге олардың шамалы бөлігі ғана сіңіріледі. Өсімдік азоттың жалпы қорына тек 2,0 - 3,0 пайызы ғана, фосфордың не бәрі 1,0-1,5 пайызын сіңіре алады.
Шаруашылықтың жері жазық дала аймағында орналасқан, жер бедері жазықты, орман шоқтары да кездеседі.
Агрохимиялық картаны жасау тыңайтқыштарды тиімді, әрі дұрыс пайдалануга, Топырақтың азот, фосфор, калиймен қамтамасыз етілуіне қарай агрохимиялық сипаттамасы(4-кесте).
Кесте 4 - Топырақтың негізгі қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне қарай агрохимиялық сипаттамасы, га
Шаруашылықта өсірілетін дәніді - дақылдарға көп көңіл бөлінеді.
Агрохимиялық зерттеулердің нәтижесі келесідей: Азотпен 12145 гектар жер топырағы орташа қамтамасыз етілген. Фосформен 4630 гектар жер өте төмен қамтамасыз етілген және 14005 гектар жер төмен болды. Ал калий әуеліне топырақ жеткілікті болып отыр.
2.4 Мароккалық шегіртке - мароккская саранча (Dociostraurus maroccanus Thunb..
Мароккалық шегіртке - мароккская саранча (Dociostraurus maroccanus Thunb.. Бұл шегіртке Оңтүстік-Қазақстан және Жамбыл облыстарында таралған. Астық, техникалық және көкөніс дақылдарын ақымдайды. Ал еліміздің оңтүстігінде тың жерлер мен жайылымдықтардан өрістеген шегірткелер мақта мен мақсары егістіктеріне кейбір жылдары елеулі зиян келтіреді. Ересегінің (имаго) - дене тұрқы орташа, мүсінді келген. Еркектерінің денесінің ұзындығы 16,5-28,5, ал ұрғашылары - 20,5-38,0 мм. Басының төбе шұңқыры кеңдеу болып келеді, төртбұрышты. Үстіңгі қанаты жақсы дамыған, оның ұзындығы артқы бөксесінің төбе тұсынан да арырақ өткен, түсі мөлдірлеу, кейде сұр немесе қоңырлау дақтары бар. Аталықтардың үстіңгі қанатының ұзындығы 17,5-27,0, аналықтары - 23,0-36,0 мм. Қанаттары түссіз. Артқы бөкселері мүсінді, олардың ұзындығы енінен 3,7-4,2 рет ұзындау. Еркектерінің артқы бөксесінің ұзындығы - 13,2-17,4, ал ұрғашылары-15,5-21,6 мм. Денесінің жалпы түсі сұрғылт-сары, қоңыр дақты. Фазалық кезеңіне байланысты артқы бөксесінде қара нүктелі дақтардыңболуы және болмауы мүмкін. Артқы сирағының (жіліншігі) түсі әдетте 17 қызыл, сирек жағдайда сары түсті, қызғылттау немесе ақшылдау. Алдыңғы арқасындағы айқышты суреті сарғыштау немесе ақшылдау, оның қатарлары тарлау және көлденең сызықтан кейін ұлғаймайды. Саяқ фазасындағы аталықтардың кептірілген салмағы - 1-ші жастағы дернәсілдер. Дернәсілдердің барлық жастағы дене мөлшерлері 1 кестеде көрсетілген. Алдыңғы арқасында Х тәріздес таңбашасы бар. Қанат бастамалары мен астыңғы қанаттары жоқ. Жыныстық белгілерін айыру өте қиын. Денесінің түсі қара немесе қоңырқай-қара. Артқы бөксесінің іш жағында 3 қара дағы бар. Артқы сирағы қара, түп жағында боз түстісақина орналасқан.
1сурет. Мароккалық шегіртке - мароккская саранча (Dociostraurus maroccanus Thunb..
1-ші жастағы дернәсілдер. Дернәсілдердің барлық жастағы дене мөлшерлері 1 кестеде көрсетілген. Алдыңғы арқасында Х тәріздес таңбашасы
бар. Қанат бастамалары мен астыңғы қанаттары жоқ. Жыныстық белгілерін айыру өте қиын. Денесінің түсі қара немесе қоңырқай-қара. Артқы бөксесінің
іш жағында 3 қара дағы бар. Артқы сирағы қара, түп жағында боз түсті сақина орналасқан.
2-ші жастағы дернәсілдер. Артқы қанаттары мен қанат бастамалары ортаңғы және артқы арқаларының төменгі жағына қарай қайырылған. Жыныстық белгілері анық байқалады. Денесінің түсі қоңырқай-қара, Х тәріздес таңбашасы 1-ші жастағы дернәсілдерге қарағанда анығырақ көрінеді.
3-ші жастағы дернәсілдер. Үстіңгі қанаттары (0,5 мм) мен астыңғы қанаттарының (1,3 мм) бастамасы жақсы қалыптасқан үш бұрышты қара 18 пластинка тәріздес, бойлық тарамыстары айқын. Жыныстық белгілері анық. Жалпы денесінің түсі бозғылттау. Дернәсілдің бас бөлігінің бет жағындағы және алдыңғы арқасының бүйіріндегі қара түсті дақтар анық байқалады.
4-ші жастағы дернәсілдер. Үстіңгі қанат пен артқы қанат бастамалары дернәсілдің арқасына жайылған, бірақ алдыңғы арқадан қысқалау; қанат бастамалары ұзынша келген, үшбұрышты, үстіңгі қанаттың ұзынша және енсіздеу бастамаларын жауып тұрады. Жыныстық белгілері анық білінеді. Қанық қара түсті дақтары айқыштанып, денесінің түсі бозғылт тартады.
5-ші жастағы дернәсілдер. Үстіңгі қанат пен артқы қанат бастамалары алдыңғы арқадан ұзынырақ, құрсағының 13 - 12 бөлігінің ұзындығындай; ішкі қос жұбы сыртқысынан қысқа емес. Қанатының тарамыстары анық білінеді. Қанат бастамаларының түп жағында бүйрек түстес бозғылт дағы бар. Жыныстық белгілері анық білінеді. Денесінің түсі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz