Ақпарат жанры


Ақпарат жанры
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Ақпараттық жанр
- Ақпараттық жанр туралы түсінік
- Ақпарат жанрының тілдік ерекшеліктері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ақпараттық жанр (журналистика) - газет бетіндегі матермалдар мен радио-, телеэфирінің 50 пайызынан астамын құрайтын журналистикадағы басты жанрлардың бірі. Оған хроника , шағын және кеңейтілген ақпараттар , сұхбат , есеп , суреттеме , репортаж жатады. Бұлардың бәріне қойылатын талаптар ортақ. Ақпараттық жанр дәлелдер мен дәйектерден тұрады және оның құрамында әдеби көркемдеуіш құралдар қолданылмайды. Күнделікті фактілер туралы баяндайды. Егер аталған жанрды орынды, дұрыс қолдана білсе, онда олардың мүмкіндігі шексіз. Ақпараттағы жанрдағы материалдар субъективті көзқарастан, жеке тұлғаның өзіндік қорытындысынан ада болғандықтан әлем журналистикаысн зерттеушілер оны жарияланымның жоғары формасы деп атайды.
Ақпараттық жанр туралы түсінік
Барлық журналистік шығармалардың негізі - дерек болып табылады. Дерек - бұл орын алған оқиға. Деректер ақпараттың негізі болып табылады. Деректер: нақты, таза шындыққа құрылған, қоғамдық мәнге ие және қарапайым қасиеттерге ие болуы тиіс. Деректерден ақпарат қалыптасады: Ақпаратты қабылдау стереотипінің үш сатысы бар: Бірінші сатысы - ақпарат санаға онша әсер етпей тек бір сәтке ғана реципиенттің қиялын қобалжытады. Екінші сатысы - ақпарат сана мен сезімге сәл әсер етеді, реципиенттің назарын аудартады. Үшінші саты - сана-сезімде қалған ақпарат, ол реципиентте нақты әрекетпен аяқталатын, шындық негізінде белсенді шығармашылық лебіз туғызады. Ақпараттық жанрлар «телеграфтық стльдегі» нақты деректердің нақты уақыт контекстінде мазмұндалатын, ақпаратты тасмалдаудың ерекше әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Ақпараттық жарнларға жататындар: хроникалық ақпарат, кеңейтілген ақпарат, қысқа жазба, есеп, эпистолярлық жанр, сұхпат және репортаж. Хроникалық ақпарат - не? Қашан? Қайда? Деген сұрақтарға жауап береді және 2-15 жолға дейінгі көлемге ие болады. Ресми және ресми емес газеттердің бірінші-екінші жолақтарында басылады. Хроникалық ақпараттың тілі - әдеби, стилі - құрғақ, ресми сарында жазылады. Кеңейтілген ақпараттың көлемі 30-150 жол. Хроникалық ақпаратқа қарағанда мұнда түсініктеме болуы мүмкін. Түсініктеме - бұл деректің кеңейтілген түсінігі, оның түсініксіз немесе нақтыланбаған жақтарын түсіндіру. Түсініктеменің түрлері: Кеңейтілген түсініктеме - деректің кеңейтіліп түсіндірілуі. Маманның түсініктемесі - дерек маманмен, одан әрі құзыретті адаммен түсіндіріледі. Полярлы түсініктеме - дәл осы саланың бірнеше мамандарымен деректің түсіндірілуі. Синхронды түсініктеме - айту барысында тілші мәтінімен түсіндіоілуі. Нақты түсініктеме - ұсақ бөлшектеріне дейін деректерді түсіндіру. Кеңейтілген түсініктемеде сондай-ақ қосымша бөлшектер, кейіпкер және тағы басқалар болуы мүмкін. Қысқа жазба - журналистикадағы ең ескі жанр. Хроникалық және кеңейтілген ақпараттан қысқа жазба авторлық прзициясымен ерекшелінеді. Өйткені оның негізі - оқырманның хаты болып табылады. Егер ақпаратта уақыт факторы маңызды болса, қызқа жазбада әртүрлі уақыт өлшеміндегі деректің өзі маңызды. Ілікпе сөз - бұл қандай-да бір сөз сөйлеуге қысқаша сезімдік лебіз. Ілікпе сөздің негізгі қасиеті көңіл болып табылады. Эпистолярлық жанр - бұл оқырмандардың хаттары, журналистиканың белсенді жанрларының бірі. Хаттар барлық кезең мен дәуірде, журналистиканың пайда болуының алғашқы күндерінен бастап барлық материалдардың негізі болды. Эпистолярлық жанр түрлері: ұсыным-хат, өтініш-хат, сұрақ-хат, жауап-хат, ашық-хаттағы басқа болып бөлінеді. Меңдігүл Шындалиева «Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана, 2012.
Барлық журналистік шығармалардың негізі - дерек болып табылады. Дерек - бұл орын алған оқиға. Деректер ақпараттың негізі болып табылады. Деректер: нақты, таза шындыққа құрылған, қоғамдық мәнге ие және қарапайым қасиеттерге ие болуы тиіс.
Деректерден ақпарат қалыптасады:
Ақпаратты қабылдау стереотипінің үш сатысы бар:
Бірінші сатысы - ақпарат санаға онша әсер етпей тек бір сәтке ғана реципиенттің қиялын қобалжытады.
Екінші сатысы - ақпарат сана мен сезімге сәл әсер етеді, реципиенттің назарын аудартады.
Үшінші саты - сана-сезімде қалған ақпарат, ол реципиентте нақты әрекетпен аяқталатын, шындық негізінде белсенді шығармашылық лебіз туғызады.
Ақпараттық жанрлар «телеграфтық стльдегі» нақты деректердің нақты уақыт контекстінде мазмұндалатын, ақпаратты тасмалдаудың ерекше әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Ақпараттық жарнларға жататындар: хроникалық ақпарат, кеңейтілген ақпарат, қысқа жазба, есеп, эпистолярлық жанр, сұхпат және репортаж.
Хроникалық ақпарат - не? Қашан? Қайда? Деген сұрақтарға жауап береді және 2-15 жолға дейінгі көлемге ие болады. Ресми және ресми емес газеттердің бірінші-екінші жолақтарында басылады. Хроникалық ақпараттың тілі - әдеби, стилі - құрғақ, ресми сарында жазылады.
Кеңейтілген ақпараттың көлемі 30-150 жол. Хроникалық ақпаратқа қарағанда мұнда түсініктеме болуы мүмкін. Түсініктеме - бұл деректің кеңейтілген түсінігі, оның түсініксіз немесе нақтыланбаған жақтарын түсіндіру. Түсініктеменің түрлері:
Кеңейтілген түсініктеме - деректің кеңейтіліп түсіндірілуі.
Маманның түсініктемесі - дерек маманмен, одан әрі құзыретті адаммен түсіндіріледі.
Полярлы түсініктеме - дәл осы саланың бірнеше мамандарымен деректің түсіндірілуі.
Синхронды түсініктеме - айту барысында тілші мәтінімен түсіндіоілуі.
Нақты түсініктеме - ұсақ бөлшектеріне дейін деректерді түсіндіру.
Кеңейтілген түсініктемеде сондай-ақ қосымша бөлшектер, кейіпкер және тағы басқалар болуы мүмкін.
Қысқа жазба - журналистикадағы ең ескі жанр. Хроникалық және кеңейтілген ақпараттан қысқа жазба авторлық прзициясымен ерекшелінеді. Өйткені оның негізі - оқырманның хаты болып табылады. Егер ақпаратта уақыт факторы маңызды болса, қызқа жазбада әртүрлі уақыт өлшеміндегі деректің өзі маңызды.
Ілікпе сөз - бұл қандай-да бір сөз сөйлеуге қысқаша сезімдік лебіз. Ілікпе сөздің негізгі қасиеті көңіл болып табылады.
Эпистолярлық жанр - бұл оқырмандардың хаттары, журналистиканың белсенді жанрларының бірі. Хаттар барлық кезең мен дәуірде, журналистиканың пайда болуының алғашқы күндерінен бастап барлық материалдардың негізі болды. Эпистолярлық жанр түрлері: ұсыным-хат, өтініш-хат, сұрақ-хат, жауап-хат, ашық-хаттағы басқа болып бөлінеді.
«Ақпарат» (информация) туралы түсінік. Сонау ерте дәуірден бастап, күні бүгінге дейін ақпарат тарату тәсілдерін жетілдіру жолында тынымсыз ізденіс үстінде келе жатқандығы белгілі. Соның бір көрінісі, яғни нәтижесі - ғарышқа хабарлар тарату болып табылады.
Бас мақала. Қазіргі кезде баспасөз бетінде онша көп қолданыла бермейді. Әйтсе де, кезінде бас мақала жетекші жанр болып есептелген. Себебі, ол өз алдына үлкен мақсаттар қойып, ірі мәселелерді жазады. Тек жазып қана қоймай, оларды шешудің жолдарын қарастырады. Осы жерде оның жазылу тілі мен стилі де айқындалады. Себебі, бас мақаланы жазған автор онда тек өз ойын ғана емес, жалпы редакция ұжымының ойын да айтады.
Бас мақаланың тағы бір өзгешелігі - оның публицистикалық ерекшелігінде. Мұнда журналистің өз ойы ғана емес, әлеуметтік мәні бар, көпшілікті қызықтыратын, оқырманды көптен толғандырып жүрген тақырыптар сөз болады.
Заметка. Хроникалық заметка жаңалық берудің ең қарапайым түрі болып есептелінеді. Оның көлемі екі жолдан 10-15 жолға дейін болып келеді. Жанрлық ерекшеліктерден туындайтын талаптар информацияны беру кезіндегі тілдің стиліне көп әсерін тигізеді.
В. А. Вьюник, В. Ж. Титуниннің «Информация - как газетный жанр» деген зерттеулерінде хроникалық заметкаға : «Ол жаңа фактінің тек өзін ғана, ешқандай бояма, қоспасыз беруі керек. Мұндай информациялардың тақырыбы болуы шарт емес. Олар болған оқиға төңірегінде қысқа әрі нұсқа, не? қайда? қашан? деген сұраққа жауап беруі керек», - деген анықтама берілген. Бұл жерде автор немесе журналистің міндеті оқиғаны суреттеу емес, фактіні хабарлау болып табылады.
Хроникалық жаңалықтар мазмұн жағынан өте бай болып келетіндіктен, оларға ешқандай шек қойылмайды. Себебі, ол ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, ғылым, білім, мәдениет, спорт және тағы да басқа тақырыптардың барлығын да қамтиды. Және бұл көбіне кітаби жазба стилімен жазылады. Ең бастысы кез - келген оқиға - құбылысты анық көрсету мен тура мағынасында қолдану хроникалық информацияны ауызекі тілден анықтатып, ғылыми стильге жақындатады.
Репортаж. Бұл жанр төңірегінде зерттеушілер арасында түрлі көзқарастар бар. Ал, осы пікірлерден шығатын қорытынды, біріншіден, репортаж - негізгі фактіге құрылатын, оқиғаны шындықпен суреттейтін әрі белгілібір объектіге арналатын жанр. Бұл қасиеттердің барлығы оның хабарлама жанрына жататынын дәлелдейді.
Екіншіден, репортаж - эмоциямен жазылады. Оқиғаны әсерлі етіп, әдемі сөздермен өрнектейді.
Үшіншіден, репортаж - халықтың көзі мен құлағы тәрізді. Оны жазу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Репортажды жазу үшін оның жанрлық ерекшелігін жете меңгерген жөн. Оны жазған журналист өзі қатысқан немесе өзі бақылап тұрған оқиғаны әлі жеткенше көркем тілмен жазуы керек.
Төртіншіден, репортаж - нақты бір уақыт аралығындағы болып өткен жаңалықты, оқиғаны қамтиды. Репортаж басқа хабар жанрлары сияқты жаңалықты, оқиға, құбылысты жай хабарлай салмайды, көз алдымызға елестетеді, суреттеп көрсетеді. Оқиғаның болған жері, ондағы кейіпкердің көңіл - күйі репортаж арқылы көрсетілуге тиіс.
Бесіншіден, репортажда автор көрген - білгенін тізе беру емес, оқиғаның ең маңызды, керек тұстарын ғана баяндайды. Репортажда проблема көтеріліп, ұсыныс - пікір айтылуы тиіс. Репортажда ойдан қосуға болмайды, ол оқиға сәттерін дәл беруге, ондағы әрбір сәтті шын, болған қалпында суреттеп, иә болмаса хабарлауы керек. Ең негізгісі - факті дәл әрі нақты берілуі тиіс.
Репортаждағы басты мақсат - оқиғаны елестету, көрсету, суреттеу болып табылады. Мысалы, газет репортажы ең қиыны. Себебі, оқырман оны оқып отырып, оқиғаны көз алдынан өткізуі шарт. Бұндағы оқырманның оны көз алдынан өткізіп, сезінуі, бір сөзбен айтқанда, барлығы да автордың жазу шеберлігіне байланысты. Ал, керісінше, радио мен теледидарда салыстырмалы түрде жеңілірек. өйткені, эфирден дауыс, көңіл - күй естіледі, теледидардан әрі көріп, әрі естиді.
Репортаж негізінен 3-ші жақта баяндалады. Әйтсе де, онда автордың «мені» айрықша білінп тұрғаны шарт. өйткені, оның осы «мені» репортажда оны және бір қырынан көрсетуге көмектеседі. Автор мұнда мәселенің тек сыртына ғана үңіліп қоймай, «өзіні» «мені» арқылы оқиғаның ішкі тылсымын да түсіндіруге тырысады. Яғни, бұл жерде репортаждың басты кейіпкері - автордың өзі. Басқа хабарлама жанрлар негізінен болған оқиғаны хабарлаумен шектелсе, ал репортаж болса қысқа жазылатынына қарамастан, құбылысты жан-жақты, барлық көрінісімен суреттеуге тырысып, әрекет жасайды.
Енді репортаждың тілдік құрылымына келетін болсақ, онда репортаж жазу барысында көптеген нәрселер қамтылады. Мысалы, хабарлау, суреттеу, көрсету, бағалау т. б. бұл қасиеттерді қамту автор тілінің тартымдылығын талап етеді. Сондықтан да біз репортаждан басқа да газет жанрларына тән элементтерді кездестіріп отырамыз. Бұл жөнінде орыс зерттеушісі Е. Рябчиков: «Репортаж басқа жанрлардың арасында көрнекті орын алады. Ол бойынша очерк, интервью, есеп, корреспонденция сияқты түрлі жанрлардың ең жақсы белгілерін жинай білген. Оның басқалардан айырмашылығы - белсенділігі мен күрескерлігінде, өмірдің алуан түрлі тақырыптарын қозғай білуінде. Кез келген оқиғаны жаза отырып, репортер оқиға көріністерін әдемі суреттейді, қатысушы адамдарға мінездеме беріп, олардың бет-бейнесін шебер жасайды. Сондай-ақ, оқырманға олардың тілдік белгілерін көрсетуге, өзі жазып отырған (завод, цех т. б. ) органдарының ауасымен тыныстатуға тырысады», - деп жазған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz