Экскурсияны дайындаудың әдістемесі


Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1. / Тема 1. Кіріспе. Экскурсиятану ғылым ретінде. Экскурсияның мәні және құрылымы
1. Экскурсия ұғымы
Дәріс мақсаты :
Экскурсиялық істің тарихнамасы, теориясы мен әдістемелігі қарастырылған. Берілген материалды пайдалана отырып сапалы экскурсиялык кызметті құрастыруға, оны ұтымды іске асыруға, қатысушылардың жасына, тұратын орнына, ұлтына, жалпы мәдени деңгейіне қарамастан туристер канағаттанатындай қылып экскурсияны дайындап өткізуге мүмкіндіктнрін түсіндіру.
1. Экскурсия ұғымы мен тарихы.
2. Экскурсия іс-әрекет түрі ретінде.
3. Экскурсия - қарым-қатынас формасы.
4. Экскурсияның әртүрлі аспектілері.
1.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев туризм саласы мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелуге қабілетті, болашағы зор экономика саласы ретінде көріне алатындығы жайлы өзінің стратегиялық бағдарламасында атап өткен болатын. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қоғам өкілдері, жалпы қалың бұқара жылы қабылдады. Онда елбасы қазіргі қоғам талабына сай ел болашағына бағытталған айқын басымдықтарды атап көрсетті. Бастысы, біздің рухани кемелдену мұратымыз аса биік екенін көрсетті. Осы рухани кемелденуге біздің туризм саласын дамытып оның экскурсиялық қызметінің мәні мен мазмұын басты ықпалдаушы факторларың бірі болатыны сөзсіз.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристiк фирмалар желiсi неғұрлым дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристiк ұйымдары жыл сайын туристердің және экскурсанттардың 88 пайызына дейiн қызмет көрсетедi.
Қазақстандық туристердің неғұрлым көп баратын жерлерi: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Түркия, БАӘ. Бiздiң елiмiзге Ресейдiң, Қытайдың, Германияның, Корея Республикасының, Пәкістанның, Польшаның, Түркияның азаматтары жиiрек.
Туристік саланың инфрақұрылымын жасау үшін қуатты қаржылық салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық көмекті тек мемлекет бере алады. Мемлекетке кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен туризм саласы қалыптасқаннан кейін, мемлекеттік органдар негізінен туризм дамуын реттеуші қызметіне ауысады.
Туристік қызметтердің ұйымдастырылу барысына талдау жасалынды. Көрсетілген қызметтердің сапалылығы мен оларды жетілдірудің негізгі бағыттарына сараптама берілді.
Туристiк қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың экскурсиялық қызметтің әлсіздігін көрсетіп отыр. Ол экономикалық дағдарыс кезеңiнде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбiнесе туристiк фирмалардың тиiстi тәжiрибесiнiң және бiлiктi мамандарының жетiспеушiлiгiне байланысты эксурсант мамандардың дайындығына көңіл бөлу керек. Бүкiл өркениеттi дүние негiзгi туристер ағынын өздерiне тартуға ұмтылуда, себебi туризм мемлекет бюджетiнiң кірiс бөлiгiн толықтырудың маңызды көздерiнiң бiрi болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдiк туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристiк ұйымдардың қызметiн, мұның өзi бiрiншi кезекте, келушi туризмдi қарсалып, қызмет жасайтын экскурсиялық қызметті дамытуға қайта бағдарлау қажет.
Экскурсоводтың тұлғалық, моралдық, рухани қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінген. Курсты оқыту мақсаты мен міндеттері: экскурсияларды дайындауда, өткізуде колданылатын заманауи тәсілдерді игеру, Қазакстандағы экскурсия кызметінің ерекшеліктері, даму жағдайлары және болашағы жайлы білім беру:
- студенттерге экскурсиялык мәтіндерді құрастыру, түрлі экскурсияларды өткізу әдістемесі туралы хабар беру;
- әдістемелік, өлкетанымдық, тарихи және т. б. әдебиеттерді талдау, пайдалана білу;
- экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру әдістерін зерттеу;
- экскурсия өткізу техникасы жөнінде терең білім беру;
Экскурсиялық іс - халық арасындағы мәдени ағартушылық жұмыстың маңызды бөлігі. Экскурсиялық істің дамуы әдістемелік және теориялық негіздер жоспарын талап етті. Экскурсия - ұжыммен немесе жеке түрде көрікті жерлерге, мұражай және т. б. жерлерге бару, оқыту және мәдени-сауаттандыру мақсатында болатын жол сапарлар. Экскурсиялық әдістеменің басты міндеттерінің бірі, саяхатшыларға естуге және көруге болатын материалдарды көріп, тыңдап және сезінуге көмектесу.
Экскурсиялық іс - халық арасында мәдени-ағарту жұмысының маңызды бөлігі. Оның тарихы жалпы 100 жылдан асқаны мен, ең дамыған кезі өткен ғасырдың 70-80 жылдарына келді.
Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан, экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленгені бекер емес. Экскурсияның бір неше түрлері бар: тарихи, тарихи-әскери, кәсіптік, табиғаттық, архитектура-градоқұрылыстық, әдебиетік т. б.
Алғашы экскурсияларға себепші болған, өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасау мен байланысты болды. Жалпы айтқанда саяхаттар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр келкі функцияларды атқарған, ол сол ғасырдың қызығушылығына, жетістіктеріне байланысты болды.
Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты. Өткен ғасырлардың белгілі педагогтары экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған, сондықтанда экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығып, айналамен танысуда экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар, оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашыда өте аз, серігу үшін жасалған, билеуші клас өкілдерінің ғана қолы жеткен. Крымға, Кавказға, шетел курорттарына (Баден-Баден, Карловы-Вары) саяхат жасаған.
Экскурсия кезінде білім алу мақсатын 18 ғасырдың алдыңғы қатардағы, прогресивті адамдары қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі меценаттар (демеуші) арқылы шешкен.
Экскурсия (латын тілінде excursion - жол жүру) - экскурсияны жүргізушінің жетекшілігімен оқу немесе мәдени-ағартушылық мақсаттармен көрнекі орындарда, мұражайларда және т. с. с. жерлерде. Ұжымдық немесе жеке түрде қарап шығу. Экскурсияның осындай анықтамасы 1993 жылы шыққан «Энциклопедия туриста» кітабында берілген. Экскурсияның мәні туралы «Орыс тілінің сөздігі» кітабында терең көрсетілген.
Экскурсия - бұл оқыту және таныстыру мақсатымен белгілі жоспар бойынша айтылатын, қандай да бір заттарды (өнер шығармалары, өткен күндердің ескерткіштері, қандай да болса құрылыстар, механизмдер және т. б. ) ұйымдастырылған түсініктемелермен жүргізілетін көрме.
Жоғарыда көрсетілген анықтамалар бойынша әрбір экскурсияның спецификасы көрме мен әңгіменің бірлестігіне сүйенеді.
Әрбір экскурсияға белгілі анықталған белгілер тән. Емельянов Б. В. (1976 ж) 5 керекті белгілерді бөліп көрсетті:
-Уақыт бойынша ұзақтығы, көбінесе 1 академиялық сағаттан 1 күнге дейін.
-Мамандырылған экскурсия жүргізушінің болуы.
-Экскурсиялық нысандарды қарау, көру, әсер алудың алғы шарттары.
-Нысандармен қозғалу және тоқтау кезінде таныстыру, әсіресе автобустан шығу кезінде.
-Осы көрменің негізі болып табылатын, яғни оның тұрақталатын нақты анықталған тақырыбы.
Экскурсия - орыс тіліне XIX ғ. енгізілген, басында бұл сөз «әскери шапқын», кейіннен «серуенге шығу, жорық» деп белгіленген.
Экскурсия - методика арқылы алдын ала ойластырылған назар аударарлық жерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді көрсету, оның негізіне экскурсанттардың көз алдындағы объекттердің анализі жатқызылған, және сонымен байланысты оқиғалар туралы епті әңгіме. Бірақ экскурсияның негізін тек қана осымен түсіндіру дұрыс емес.
Экскурсияның терминына түрлі басылымдарда соңғы 70 жылда берілген анықтамаларға тоқталайык:
Ен алғашқы түсінігін 1923 жылы М. П. Анциферов берген «Экскурсия - серуен, өз мақсаты ретінде, көруге қолайлы объектті, тақырыпты нақты материал арқылы зерттеу».
Экскурсиялық әрекеттің орнын мектептен тыс жұмысында сипаттай отырып экскурсионист Л. Бархаш былай деген - Экскурсия ол белгілі білім алудың көрнекілік тәсілі, алдын-ала өңделген тақырып арқылы нақты объектке бару кезінде тәрбие беру.
Уақыты бойынша соңғы жылдары жарияланған анықтамағада тоқталайық: «ЭКСКУРСИЯ - оқудың, оқудан тыс жұмысының ерекше формасы, оның барысында мұғалім - экскурсовод, оқушылар - экскурсанттар бірігіп, болып жатқан процесстерді табиғи жағдайда бақылауы (завод, колхоз, тарихи ескерткіш, естелік жер, табиғат аясы т. б. ) немесе арнайы жасалған коллекция қоймалары (мұражай, көрме) ».
Түрлі сөздіктерде, энциклопедияларда да «Экскурсия» терминіне анықтамалар беріледі. Ең алғашқы түсінігін 1882 жылы В. Даль береді «ЭКСКУРСИЯ - серуен, бір нәрсе іздеп шығұ, шөп жинау т. б. ». Кіші совет энциклопедиясында (1913 ж. т. 10) былай түсіндіріледі: «ЭКСКУРСИЯ - бір жерге көбінесе ғылыми немесе білім алу мақсатымен топпен шығу, өндіріс орны, совхоз, мұражай т. б. ».
Үлкен совет энциклопедиясында «ЭКСКУРСИЯ - назар аударарлық объекттерге бару (мәдениет ескерткіші, мұражай, өндіріс орны, т. б. ) білім алудың формасы мен тәсілі. Маман-экскурсоводтың басшылығымен топ үшін өткізіледі».
Жоғары берілген анықтамалардың бәрі өз кезеңіндегі идеологияны, сол уақытқа сай көзқарастарды, экскурсияға жүктеген міндеттерді қөрсетеді.
Экскурсияның даму жолы оның негізінің өзгеруіне байланысты. Басында экскурсия практикалық міндеттерді іске асыратын серуен болып табылатын, мысалы шипалы шөп іздеу, жинау. Кейінрек оның алдында өлкетану мұражайларға экспонат табу сияқты ғылыми міндеттер пайда болды,
Түрлі сөздіктерде, энциклопедияларда да «Экскурсия» терминіне анықтамалар беріледі. Экскурсия (лат. excursіo - сапар) - ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т. б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық.
Экскурсия (латын. excursio - серуендеу) - жеке тұлғаның өзі уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытта көріп тамашалауы. Сөз тұлғасы орыс тіліне XIX ғасырда енген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық» деген мағынада қолданылып, кейін сөз мағынасы «серуенге шығу», «жорық», саяхаттау деген ұғымға ауысқан. [1] «Экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі.
Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т. б. ) байланысты. Тақырыбы бойынша мәдени-тарихи, ғыл. жаратылыстану, өндірістік, өлкетану, т. б. Экскурсиялар болады. Экскурсия оқу жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады. Мұндай жағдайларда Экскурсия оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдейтін оқу-бағдарламалық және мектептен тыс Экскурсиялар болып бөлінеді. Экскурсия негізіне оның ақпараттық бөлімі, коршаған ортамен байланысы, ғылыми мәні, адамдардың бір-бірімен байланысы, оның идеялығы сияқты спектлерді қарастырады.
Ең алғашқы түсінігін 1882 жылы В. Даль береді «ЭКСКУРСИЯ - серуен, бір нәрсе іздеп шығұ, шөп жинау т. б. ». Кіші совет энциклопедиясында (1913 ж. т. 10) былай түсіндіріледі: «ЭКСКУРСИЯ - бір жерге көбінесе ғылыми немесе білім алу мақсатымен топпен шығу, өндіріс орны, совхоз, мұражай т. б. ».
Өзінің білімін жоғарлатуда, жаңа формаларды іздестіруде экскурсиялар алдында жалпы білімді арттыру мақсаты пайда болды. Төрбие жұмысын арттыру, оны тиімді қылуында, экскурсиялар мөдени-ағарту жұмысының бір туріне айналды.
Барлық берілген экскурсия жайлы анықтамалардың бәрі өз кезеңіндегі идеологияны, сол уақытқа сай көзқарастарды, экскурсияға жүктеген міндеттерді қөрсетеді.
Экскурсияның даму жолы оның негізінің өзгеруіне байланысты. Басында экскурсия практикалық міндеттерді іске асыратын серуен болып табылатын, мысалы шипалы шөп іздеу, жинау. Кейінірек оның алдында өлкетану мұражайларға экспонат табу сияқты ғылыми міндеттер пайда болды,
Өзінің білімін жоғарлатуда, жаңа формаларды іздестіруде экскурсиялар алдында жалпы білімді арттыру мақсаты пайда болды. Төрбие жұмысын арттыру, оны тиімді қылуында, экскурсиялар мөдени-ағарту жұмысының бір туріне айналды.
« Экскурсия» (excursio ) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі.
Бұл пән оқу үрдісіне Батыс Еуропа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХғғ енгізілген. 1910 жылы оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшінМәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды. Совет өкіметі экскурсияны оқу үрдісіне ең қажет элемент ретінде қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Оқушылардың орталық экскурсиялық бюросы» құрылды. Экскурсиялар туризмнің мәдени-танымдық түрі және құрама бөлігі ретінде 1920-30 жылдарда қарқынмен өрлей бастады. 1928 жылы «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 жылы «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкомпросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 жылдан бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығы ВЦСПС-ке өткізілді.
Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Кеңестер Одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырларда оқу-білім беру ісінің белгілі мамандары экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі ретінде санаған. Экскурсия бастапқы кезде мектептегі белгілі бір пәндердің бағдарламаларына енгізіліп, табиғатқа шығу, айналамен танысу сипатында өткізілген. Кейін оқу экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар да жолға қойыла бастаған. Бірақ мұндай экскурсияларға алғашында тек ауқатты адамдардың ғана шамасы келген. Олар сол кезде Қырымға, Кавказға, шетел курорттарына саяхат жасаған. Экскурсия кезінде танымдық білім алу мақсатын XVIII ғасырдағы алдыңғы қатардағы прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі демеушілер арқылы шешкен.
Экскурсия - білім алудың негізгі формасы. Экскурсиялардың түрлі қоғамдық формацияда да, мемлекеттің түрлі кезеңдерінде де өзіндік орны болған. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т. б. бірнеше түрлері бар. Алғашқы экскурсиялар өткен ғасырлардың қоғамдық өмірімен танысуға қызығушылықтан жүзеге асқан. Бұл сол кезеңде діни, әулие жерлерге қажылық жасау сапары арқылы көрініп отырды.
Ұйымдастырушылық және ақпараттық бөлімі. Экскурсияның негізгі бөлімі: тақырыпшылар және олардан құралған сұрақтар: экскурсия қортындысы және мазмұны. Экскурсияның жіктелуі. Жіктелудің негізгі ұстанымы. Мазмұны бойынша: шолу. Тақырыптық. Қатысушылардың санымен құрамына байланысты. Өткізулу орнына байланысты. Қозғалыс түріне байланысты. Өткізу формасына байланысты. Тақырыптық экскурсиялардың бөлінуі тарихи, табиғаттану, әдеби, архитектуралық, өндірістік-экономикалық, діни. Ішкі тақырыптық экскурсиялардың үдемділігін анықтау, оларға сипаттасы, экскурсиялық қызыметтін тұтынушылық сұранысы.
Экскурсиялық істің қалыптасуы, дамуы мен өрлеуі музейлердің тарихымен тікелей астасып жатыр. Экскурсияның шығуына себепшілік танытқан өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі десе де болады. Бұл бірінші кезекте біркатар қалаларда музейлердің ашылуынан да байқалады, Қазақстан аумағында тұңғыш рет музейдің ашылуын 1831 жылдан бастаған жөн. Себебі осы жылы Орынбор қаласындағы Неплюев әскери училищесінде Орынбор өлкесінің музейі (қазіргі ҚР Орталық Мемлекетгік музейі) ашылған еді. Оның алдында, яғни 1827 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханнын «Қару-жарақ бөлмесі» ұйымдастырылған-ды. 1883 жылы Семейде музейдің ашылуы, еліміздің шығыс аумағындағы елеулі оқиғаға айналды.
Сондай-ақ 1906 жылы ағайынды Белослюдовтар Семейде жекеменшік музей ашқан-ды. 1915 жылы Өскеменде де музей жұмыс істеп, халыкты қабылдай бастады. Негізінен алғанда, патшалық Ресей тұсында музейлердің ашылуына, қазақ тарихына қатысты көптеген көрмелердің ұйымдастырылуына Орыс географиялық қоғамының, Орынбор мұрағат комиссиясының белсенді мүшелері (әскери шенеуніктер, орыс зиялылары, Қазақстанға жер аударылған саяси қайраткерлер, т. б. ) атсалысты. Мұражайлардың ашылуы экскурсия жүргізу ісін біртіндеп жолға қоя бастады. Сонымен қатар өткен ғасырлардың белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу үдерісінің интерактивті түрі деп санаған. Сондықтан экскурсияға шығу алғашында мектептерде кең қанат жайды. Тарихи орындарға бару, табиғат аясына шығу, коршаған ортаны тану секілді іс-шаралардың маңызы зор екендігін озық ойлы мұғалімдер нақты білгендіктен, көпшілігі оқудың осындай белсенді түрін таңдап алып жатты. Оқушылар мен гимназистер музейлерге, тарихи орындарға және сәулет өнері ескерткіштеріне баруының нәтижесінде оқудан тыс экскурсиялар да пайда бола бастады. Десе де, патшалық Ресей тұсындағы Қазақстан мұражайларында экскурсиялық іс айтарлықтай дами қойған жоқ. Оған музейлерде экскурсия жүргізушінің арнайы штатының болмауы немесе аздығы, әдістеменің жетіле қоймауы, т. б. жайттар өзіндік әсерін тигізген еді. Бұл осы кездері бүкіл Ресейге тән құбылыс еді. Мұндай олқылықтардың орнын толтыру үшін мамандар 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрды. Оның негізгі мақсаты оқушылар мен оқытушыларға экскурсиялық қызмет көрсету тұғын. Комиссия мүшелері экскурсиялық істің кыр-сырына үңіліп, оның әдістемесін қалыптастыруға атсалыса бастады. Осы жылы «Мектеп экскурсиялары, олардың мәні мен ұйымдастырылуы» атты жинақ басылып шықты, кейіннен аталмыш жинақ 1921 жылы өзектілігіне орай кеңестік баспадан қайтадан жарық көрді.
Жалпы айтканда, экскурсиялар мемлекеттін түрлі кезеңдерінде өз миссиясын тиянақты түрде атқарып келген. Экскурсиятанудың пон ретінде дамуына Кеңес Одағы тұсында мамандар көп еңбек етті. Оның дамуы педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Республиканың нақты шекаралары межеленген 1925 жылдарға дейін Кеңес үкіметі Қазақстанда тағы бірнеше музейлер ұйымдастырып, музей ісін дамытуды жолға койды. Мысалы, 1919 жылы Костанайда, 1920 жылы Шымкентте, Оралда, Көкшетауда, 1923 жылы Ақмолада, Петропавлда музейлер ашылып, халыққа кызмет көрсете бастады. Сонымен қатар түрлі коғамдар, одақтар, мысалы, 1918 жылы Мәскеуде «Оқушылар экскурсиялық бюросының орталығы» кұрылды.
Экскурсиялар туризмнің медени-танымдық түрі әрі кұрама бөлігі ретінде 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында өрлей бастады. Бұл кездері «саяси-ағарту жұмыстарына» көп көңіл бөлінді. 1926 жылғы Саяси-ағарту кеңесінің IV съезінің шешімі бойынша, музей экскурсиялары маркстік-лениндік методология шеңберінде жүргізілуі тиіс болды. Ендігі кезекте «бүқаралық саяси-ағарту жұмыстары» атты термин негізінде музей кызметі, соның ішінде экскурсиялық іс жандана түсті.
1928 жылы «Кеңес турисі» атты АҚ құрылды, ол 1930 жылы «Бүкілкеңестік пролетарлық туризм және экскурсияның еркін қоғамы» болып өзгертілді. Көптеген қалаларда Халық ағарту комисариатының эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 жылдан бастап туризм және экскурсияны дамыту ісі орталықтандырылды.
Мамандардың (Ибраева, т. б. ) есептеулеріне қарағанда, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында музей қызметкерлерінің құрамы азайып кеткен. Соғыс кезінде майданға аттандыру, бюджеттің тапшылығына байланысты қысқарту сияқты себептер музейлердің онсыз да аз кадр әлеуетін күрт төмендетіп жіберді. Егер бұрын облыстық тарихи-өлкетану музейлерінде 6-7 адам қызмет етсе, соғыс жылдарында 2-3 адам болып сиреп, музей жұмысы жүрмеді. 1942 жылғы қаңтардағы музей қызметкерлері туралы мәліметтер мынадай: республиканың 13 облысы бойынша барлық кызметкерлер саны - 49 адам, оның ішінде БК(б) П мүшесі - 9 адам, комсомол мүшесі - 3 адам, жоғарғы білімі барлар ~ 8 адам, орта білімі барлар - 19 адам, аяқталмаған орта білімі барлар - 6 адам, арнайы білімі барлар - 3 адам, төменгі білімі (2, 3 сыныптық) барлар - 7 адам. Ал облыстық музейлердің жағдайы мынадай; Алматы облысы бойынша 5 адамның жоғары білімі жоқ, 2-інде орта білім, 2-і партия мүшесі, 1-і комсомол мушесі, Батыс Қазақстан облысы бойынша 2 адамның 1-інде орта білімі, екіншісінде аякталмаған орта білімі болған. Ұлттық кұрамы: қазақ - 1 (Қостанай облысы бойынша), орыстар 28, қалғаны басқа ұлт өкілдері. Міне, зерттеушілердің мағлұматы осындай. Бұл соғыс зардаптарынан туындаған жайт еді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оку үдерісінде экскурсия кеңінен қолданылып, өлкетанушылық жұмыстар дамыды. Облыстарда музейлер ұйымдастырылды. Айта кететін бір жайт, 1950-1960 жылдары мұражай ісінде «ғылыми-ағартушылық жұмыс» термині кеңінен қолданыла бастады. Мұны музей қызметінің негізі болып табылатын музей пәніне және осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтың артуымен түсіндіруге болады. Алайда, музейлер негізгі идеологиялық мекемелердің бірі ретінде саналып келді. Бұған кеңес одағы коммунистік партиясының 1964 жылғы «Еңбекшілерді коммунистік тұрғыдан тәрбиелеудегі музейлердің рөлі туралы», 1982 жылғы «Музейлердің идеялық-тәрбиелік жұмыстарын жақсарту туралы» деген қаулылары да дәлел бола алады. Ендігі жерде келушілерге қызмет көрсету келушілер саны, оқылған дәрістер көлемі мен жүргізілген экскурсиялар бойынша бағаланды. Сөйтіп, экскурсиялық қызметке социалистік құрылысты дәріптеу сынды жұмыстар жүктелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz