Бағдар кітапшасы
Туризмнің белсенді түрлерінде тактикалық өңдеудің мазмұны мен әдістемесі
Дәріс мақсаты. Саяхаттау аудандарын зерттеу тәртібін қарастыру, жер бедерлерінің ерекшеліктерін қарастыру, топографиялық белгілерге сипаттама беру, туристік жол бағдарларының тактикалық өңделуін және саяхатты ресімдеу ережелерін қарастыру.
3.1 Саяхаттау аудандарын зерттеу
Алғашқы саяхатты әдетте өзінің аймағында өткізеді. Олар көлікке және жол бағдарды дайындау жеріне келуге уақытқа кететін үлкен шығындарды талап етпейді. Жорықтың міндеті алуан түрлі болуы мүмкін және топтың құрамына, қызығушылықтарына байланысты. Алайда барлығын кезекті, едәуір күрделі бағдарды өтуге, физикалық шынығуға, спорттық разрядын арттыруға деген ұмтылыс біріктіреді. Осылайша, жорықтың міндеті кешенді болып, көпшіліктің мүдделерін көрсетуі керек.
Жердің сипатын зерттеу қажет. Ауданы, саяхаттың тақырыбын таңдау кезінде басты кеңесшілер кітаптар, басқа топтардың жорықтары туралы есеп берулер, бұл жерлерде бұрын болған туристермен жеке әңгімелесулер болуы керек. Жорықтарды ойдағыдай өткізу үшін оның міндеттерін, қатысушылар құрамын нақты анықтап, қатысушылар санына байланысты керек-жабдықтар сұрақтарын шешу керек.
Жердің өтімділік факторлары: өзендер, таулар, ормандар, батпақты жерлер, яғни бағдармен қозғалу жылдамдығына себепші болатын барлық кедергілер.
Таңдалған бағдар учаскесінің ұзындығы бойынша анықтау үшін, ауданның картасы қолда болуы керек. Картадан жердің сипатын зерттеп шығып, демалу үшін, топография бойынша ыңғайлы жерлерді алдын ала белгілеп қою керек.
Ауданды таңдап, картамен танысып, жол бағдарды біржолата анықтап, жорықтың кестесін құрады. Онда шығу уақыты, жекелеген өтулер мен демалу үшін аялдамалар тәртібі мен уақыты, екікүндік жорық кезіндегі үлкен демалу немесе түнеуге аялдамалар, және кері жолға шығу уақыты көрсетіледі.
Қозғалыс кестесін құрастыру кезінде ересек туристер үшін әрбір 50 минут сайын, ал мектеп оқушылары үшін әрбір 35-40 минут сайын 10-15 минуттық демалыс қажет екендігін ескеру керек. Күннің бірінші жартысында жол бағдардың едәуір қызықты және маңызды бөлігі өткізілуі тиіс. Күннің ыстық уақытында жүру ұсынылмайды. 12 адамға дейін топты қалыптастыру ұсынылады.
3.2 Жер бедері
Жер бедерін көрсетудің неғұрлым айқын көрнекті және дәл тәсілі - көлденеңдер тәсілі. Көлденеңдер - теңіз деңгейінен бір биіктікте орналасқан нүктелерді қосатын, жабық қисық сызықтар. Оларды пайдаланып, жер нүктесінің биіктігін анықтауға болады.
Биік және төмен жерлерді ажырату үшін бергштрихтар қолданылады. Бергштрих - қысқа сызықша, жердің төмендеу жағына қарай көлденеңге перпендикулярлы орналасады. Жерді көлденеңдер тәлісімен көрсету кезінде құламаның тіктілігі көлденеңдер жағына қарай жақындаумен немесе созылғандықпен білдіріледі. Олар қаншалықты жақын болса, баурай соншалықты тік.
Жер бедері. Жердің бетінде табиғи объектілер - дала, ормандар, теңіздер, өзендер, көлдер, таулар мен адамдар жасаған объектілер- қалалар, тұрғылықты жерлер, әр түрлі инженерлік құрылыстар орналасқан.
Жер бетінің формасы мен көлемі бойынша алуан түрлі кедір- бұдырлығының жиынтығын бедер деп атайды. Жер бетінде орналасқан, табиғи немесе адам жасаған объектілерді жергілікті заттар деп атайды. Бедер мен жергілікті заттарды топографиялық элементтер деп атайды. Бедер негізінен формасы мен көлемі бойынша әр түрлі оң және теріс кедір- бұдырлардан қалыптасады. Бедердің алты негізгі формасын ажыратады: тау, шұңқыр, жота, алқап, ойпат, жазық.
Тау - баурайы барлық бағытта төмендейтін мұнара тәріздес биік.
Шұңқыр - жабық ағынсыз ойдым.
Жота - бір бағытта созылған биік. Жотаның баурайын бөлетін және оның ең биік
нүктелерінен өтетін сызықтар суағарлар деп аталады. Арналар немесе өзендер ағатын кең алқаптар алаптар деп аталады.
Ойпат - екі қарама- қарсы бағыттағы жер төмендейтін, және екі оларға перпендикулярлы жер биіктейтін, жотаның төмендетілген бөлігі. Тау жотасы немесе сілемдер арқылы өту үшін мүмкін болатын неғұрлым төмен ойпаттар асулар деп аталады.
3.3 Топографиялық белгілер
Жер аудандарының кескінін, жер бедерін және жергілікті заттарды картада түспен және шартты белгілермен белгілейді. Осылайша, дала, шалғындар - ақшыл - жасыл түспен; әр түрлі су қоймалары - көгілдір; құмдар - сары; биіктер, таулар - қаралау-сарымен және әр түрлі қоңыр түс өңдерімен; соқпақтар, құм жолдар, елді жердің құрылыстары - сұр немесе қоңыр түспен белгіленеді.
Әдетте кескіндері бойынша нақты объектілерге жақын шартты белгілер төрт негізгі топқа бөлінеді:
Контурлық немесе масштабтық белгілермен карта көлемінде көрсетілмейтін үлкен объектілер, орман учаскелері, жайылымдар, айдалған жерлер, өзендер, сазды жерлер, ірі көлдер, құмдар және т.б. белгіленеді. Олардың контурларының шектері жердегі шын кескіндерге сәйкес тұтас сызықтармен немесе нүктелермен белгіленеді. Контур ішіндегі аудан сәйкес бояулармен боялады және қосымша шартты белгілермен толықтырылады.
Масштабтан тыс белгілер карта масштабында көріне алмайтын, көлемдері бойынша үлкен емес, маңызды объектілерді белгілеу үшін қолданылады. Оларға әр түрлі мұнаралар, фабрикалық құбырлар және т.б. жатады. Бұл суреттер картада үлкейтілген болып беріледі, және олар бойынша объектілердің нақты мөлшерлеру туралы айтуға болмайды.
Жолдар, соқпақтар, арналар, электр беру сымдары және масштабы тек ұзындықты ғана көрсететін басқа да сызықтық бейнелер масштабтық және масштабтан тыс белгілер арасындағы аралық орынды иеленеді және оларды сызықтық деп атайды.
Түсіндіргіш немесе көмекші белгілер - қысқартылған белгілер, шартты белгінің мағынасын түсіндіретін атаулар, сандар.
3.4 Туристік жол бағдарларының тактикалық өңделуі
Ауданды зерттеуді қамтиды: әдебиетпен (соның ішінде көркем әдебиетпен де), картографиялық материалмен танысу, саяхат жерлерінде болған адамдармен әңгімелесу. Сондай-ақ туристердің есептерін пайдаланған, өзіңе бедер, гидрография, климат, өсімдіктер, жануарлар әлемі, халықтың тарихы мен экономикасы, тұрмысы туралы үзінді көшірме жасап алған пайдалы. Көптеген құнды деректер, әсіресе бағдардың нақты назар аударарлық желрері туралы деректерді туризм мен экскурсиялар жөніндегі жергілікті кеңестермен, туристік клубтармен, жекелеген аймақтанушылармен хат алысулардан алып пайдалануға болады.
Картамен жұмыс саяхатқа дайындалу процесінде ерекше орынды иеленеді. Арақашықтықтарды мұқият өлшеу және шартты белгілерді айқындау арқылы туристер жердің өтімділік жағдайларымен танысады.
Бастап жатқан туристерге әдебиет пен карталар арқылы арақашықтықтарды; бағдар өтетін жердің ерекшеліктерін көрсетумен, жолдарды сипаттаумен; әр түрлі алыс және жақын жерлерден көрінетін бағдарларды және жолдың толық сипаттамасын құрастыру керек. Мұндай сипаттама үнемі картаға қарайласа бермей, алға сенімді қозғалуға мүмкіндік береді.
Бағдарды әзірлеу
Бағдарды құру саяхаттың ерекшелігіне және жердің нақты жағдайларына байланысты. Ол сызықтық (тура жүретін), алыс экскурсияларымен немесе негізгі жолдан қарай барлаушы жерлерімен сызықтық- радиалды, жолдың бастапқы жеріне қайтумен айналмалы болуы мүмкін.
Бағдарды жоспарлай отырып, табиғи кедергілердің қиындығын біртіндеп арттыруды және саяхатшылардың қызығушылығының саяхаттың үштен екісіне артуын қамтамасыз ету керек. Бұл бөлікке техникалық ең қиын учаскелерді, неғұрлым қызықты мұражайларға, панорамалық жерлерге және басқа да қызықты объектілерге баруды қалдырған дұрыс.
Бағдарды мүмкіндігінше жорық жүктемелерін төмендететіндей есеппен құру керек. Поштамен керек-жабдықтың және азық- түліктің бір бөлігін беріп жіберуге болатын немесе оның қорларын толықтыру мүмкіндігі бар жерлерді алдын ала белгілеу ұсынылады. Сондай-ақ минималды жүктемен әр түрлі радиалды саяхаттар жасауға болатын, базалық лагерьлер құрған жөн.
Негізгі бағдардан басқа, қатысушылардың бірі ауырып қалған, ауа-райы бұзылған, аса қауіпті көшкін аққан жағдайда жеңілдетілген қосымша нұсқасы болуы керек.
Апатты бағдарды топ жетекшісі ауру, жарақат алу және саяхатты жалғастыруға мүмкіндік бермейтін басқа да төтенше оқиғалар себебімен бағдардан шұғыл кеткен жағдайға жоспарлайды.
Бағдар қауіпсіз және логикалық болуы керек. Қандай да бір кедергілерді табиғи жинау, жолдың тым артық бұйралаңдауы туристерді қанағаттандырмайды және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Күнтізбелік жоспарды құрастыру. Саяхаттың күнтізбелік жоспары, қозғалыс кестесі және күндізгі қозғалу есебі жолдың қиындығына, топ қатысушыларының физикалық және техникалық дайындығына, арқа қоржынның салмағына, сондай-ақ қарау үшін аялдау қажет болатын қандай да бір экскурсиялық объектілердің болуына байланысты әзірленеді.
Жаяу саяхаттау. Туристер орташа алғанда күніне 15-25 км жүреді. Егер арқа қоржын ауыр болса немесе бағдар табиғи кедергілерден өтумен қиылысатын жермен
өтетін болса, сондай-ақ, егер топтың құрамында әлсіз дайындалған жаңа саяхатшылар болса, онда күндізгі жүруді 12-18 км дейін азайту керек. Жүктеменің артуы біртіндеп болуы керек. Осылайша, жаяу жорықта І-ІІ санатты километраж күндер бойынша келесідей болуы мүмкін: 15, 18, 20, 22 км, күндік аял, 22, 25, 18 км.
Шаңғымен саяхаттау. Шаңғымен тіпті бастаушы туристердің өзі күніне 20-30 км біршама жеңіл өтеді. Табиғи кедергілерден өтумен қарлы тыңда немесе қиын бағдарлану жағдайларында қозғалған кезде жылдамдық күніне 12-18 км дейін түседі. Жылдамдықта қозғалыс қарқыны күрт төмендейді, ал боран, қатты қарсы жел, күрт салқындау кезінде жалпы елді жерде күте тұрған дұрыс. Сондықтан қысқы жорықтағы барлық уақыттың (14)-15 дейін резервті ретінде жоспарланады және жолдағы алдын ала болжанбаған кідіріске қалдырылады.
Тауда саяхаттау. Көтерілуге қажетті уақыт топтың көлденеңінен қозғалуға (орташа жылдамдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz