Амортизациялық аударымдарды есептеу әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1
1. Амортизациялық аударымдарды анықтау әдістерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2
1.1 Амортизация туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2
1.2 Амортизациялық аударым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1.3 Амортизациялық аударымды есептеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...
5
2. Кока-Кола Алматы Боттлерс компанисы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
12
2.1 Компания жайлы ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
2.2 Өнімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
3. Кока-Кола Алматы Боттлерс компанисы амортизациялық аударымдарын есептеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

14
3.1 Кока-Кола Алматы Боттлерс компанисының амортизациялық аударымдарды есептеу тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

14
3.2 Кока-Кола Алматы Боттлерс компанисының амортизациялық аударымын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
18

КІРІСПЕ
Ең алдымен амортизация сөзіне анықтама бере кететін болсам. Амортизация дегеніміз қызмет мерзімі кезінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқаша айтатын болсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде тұтынған немесе пайдаланған негізгі құралдардың құнын көрсетеді.
Амортизацияланатын құн пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сынық құралға, қалдықтарға айналатын қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық аударымдар әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.
Амортизация, ең алдымен, негізгі қорлар тозуының орнын толтыруға кұрылады, сондықтан оның сомалық мөлшері қор құнынан аспауы тиіс.
Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент -- оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, амортизациялық қордың көлеміне, төлемдер мөлшеріне тікелей әсер етеді. Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәсілі түсіндіріледі. Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәртібі де кіреді.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жүзеге асады. Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі тоқтатылады.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері:
Амортизация терминіне толық анықтама беру;
Амортизациялық аударымдар туралы түсінік қалыптастыру;
Амортизациялық аударымдарды анықтау әдістерін меңгеру;
Іс жүзінде амортизациядық аударымдар сомасын есептептеу.

Амортизациялық аударымдарды анықтау әдістерінің сипаттамасы
Амортизация туралы түсінік

Амортизация дегеніміз қызмет мерзімі кезінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқаша айтатын болсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде тұтынған немесе пайдаланған негізгі құралдардың құнын көрсетеді.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жүзеге асады. Амортизация нормасы дегеніміз амортизациялық аударымның жылдық сомасының негізгі құрал-жабдықтың пайызда көрсетілген орташа жылдық құнына қатынасын білдіреді. Норма негізгі құрал-жабдық құны өтелетін нормативтік немесе пайдалы мерзімді көрсететін еңбек құралының экономикалық жағынан орынды қызмет ету мерзіміне орай белгіленеді. Оның деңгейі еңбек құралының техникалық - конструкциялық және материалдык - мүліктік ерекшеліктеріне; негізгі қордың, әсіресе пайдаланыстағы машина мен жабдықтың нақты жа сына, қолданыстағы еңбек құралының сапасының тозуы сияқты негізгі қордың төзімділігі мен табиғи тозуына байла нысты. Норма ұзақ кезең бойы қолданылады. Амортизация нормасының деңгейі күрделі салым мен жаңа техниканың жаңа нұсқасын таңдауда өте маңызды рөл атқарады.
Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылды, олардың физикалық және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді:
бітпеген өндіріс элементі ретінде,
дайын және шығарылған өнім ретінде.
Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді.
Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі капиталдың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық өнімнің өзіндік құнына қосылатын сомасы.
Амортизацияның негізгі міндетіне келетін болсақ, ол -- негізгі қорлардың тозу орнын толтыруға байланысты амортизациялық қор оның орнын толтыру құнына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, амортизация өндірісті бұрынғы қалпында ұстап тұратын жай ұдайы өндіріс көзі болып табылады. Бірақ, амортизациялық ударымдар негізгі қорлар қызметін аяқтаған соң ғана қалпына келтіруге жұмсалады. Сондықтан, осы кезең ішінде көрсетілген төлемдер резервтік қор түрінде сақталып, толығымен тозған еңбек құралдары табиғи түрде қалпына келтіруді кажет еткенше тұрады. Бұл уақыт жеткенге дейін машиналар құны резервтік акша қоры түрінде жинала береді. Демек, амортизациялық қордың өзі жинақтау көзі болып табылады.
Амортизация, ең алдымен, негізгі қорлар тозуының орнын толтыруға кұрылған, сондықтан оның сомалық мөлшері қор құнынан аспауы тиіс.
Амортизациялық қорды дұрыс санау үшін амортизациялық мөлшердің негізделінген жүйесі қажет. Амортизациялық мөлшер -- негізгі қорлар құнының белгілі бір пайызы. Амортизациялық мөлшерлер амортизация көлеміне қарай ерекшеленуі мүмкін. Ол:
Уақыт бірлігіне (бір жылға);
Негізгі қор құнының пайыздық бөлігіне (%);
Шығарылатын өнім бірлігіне (теңге);
Жұмыс бірлігіне (тонна, км -- жүріс жолы, ұшу сағатына) сәйкес белгіленеді.

Амортизациялық аударым
Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент -- оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне тікелей әсер етеді. Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын тольыру тәсілі түсіндіріледі. Алайда оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәртібі де кіреді.
Амортизация келесі негізгі құрал - жабдыққа, яғни өнімді мал, бұқа, бұғы; тиісті әкімшіліктерге қарасты кітап хана қорлары; қалалық абаттандыру құрылыстары; жалпы пайдаланыстағы автокөлік жолдары, Қазақстан Республи касы Үкіметінің немесе облыс әкімінің шешімі бойынша консервацияға (уақытша тоқтатып қойылған) негізгі құрал жабдық бойынша есептелмейді. Субъекті негізгі құрал жабдықтың жай - күйі мен мерзімін жақсартатын, сонымен бірге осы мерзімді қысқартатын технологиялық өзгерістерді ескере отырып, кейінгі өндірістік шығын ескерілген не гізгі құрал - жабдық объектісінің пайдалы қызмет мерзімін қарастыруы мүмкін.
Есептелген амортизация сомасы шығарылатын өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өзіндік кұнына ай сайын жатқызылады, науқанды өндірісте амортизациялық есептен жылдық сомасы жыл ішіндегі кәсіпорыннның жұмыс кезеңіндегі өндіріс шығынына еңгізіледі.
Жыл ішінде осы айдың амортизациялық аударымының мөлшері негізгі қордың өткен айда құрамындағы өзгеріске байланысты, сондай-ақ өзін-өзі толықтай амортизациялаған негізгі құрал-жабдық қызметінің нормативтік мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген норма бойынша нақтыланған, өткен айда есептелген амортизация сомасына негізделе отырып анықталады.
Пайдалануға жаңадан берілген негізгі құрал-жабдық бойынша амортизация есептеу негізгі құрал-жабдық келіп түскеннен кейін келесі айдың бірінші күнінен бастап басталады, ал кеткен негізгі қор бойынша кеткен айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Өзін - өзі толықтай амортизациялаған негізгі құрал жабдық бойынша амортизация есептеу осы қордың өнімінің өзіндік құнына толықтай ауда рылған соңғы айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Негізгі құрал - жабдық толық тоқтатылып қайта жаңар тылған және техникалық қайта жарақтандырылған уақытта, сондай - ақ ол белгіленген тәртіппен консервацияға көшірілген кезде амортизация есептелмейді. Негізгі құрал - жабдық қызметінің нормативтік мерзімі қайта жаңарту және қайта жарақтандыру уақытына ұзартылады.
Жалға алынған негізгі құрал - жабдық бойынша амортизация жалға беруші немесе жалға алушы жалға беру шартының нысанына және шарттың ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Амортизация мөлшерін есептеуге келесі факторлар ықпал етеді:
Бастапқы құн;
Қалпына келтіру кұны;
Қалдықтық құн;
Амортизациялық құн;
Тарату құны;
Пайдалы жұмыс істеу (пайдалану) ұйғарылатын мерзім.
Халыкаралык бухгалтерлік есеп стандартына (ХБЕС) сәйкес негізгі құрал - жабдык кұнының төмендегі аныктамалары қолданылады:
Бастапқы құн нақты жұмсалған шығынның кұны (негізгі құрал-жабдықты салу және салуды аяктау немесе сатып алу, сонымен бірге төленген және өтелмейтін салық (жиын), сонмен қатар активті жеткізу және құрастыру, орнату, пайдалануға беру және тағайындалуы бойынша пайдалану үшін оны жұмыс істейтін қалыпқа келтірумен тікелей бай занысты кез келген басқа шығыс. Негізгі құрал - жабдыктың бастапқы куны инфляцияның қарқыны ескеріле отырып кезең - кезеңмен кайта бағаланады. Негізгі құрал-жабдықты кайта бағалауы ескерілген ұлы қалпына келтіру куны деп аталады.
Ағымдағы кұн - негізгі құрал-жабдықтың белгіленген күні қолданылатын нарықтық бағасы бойынша сомасы немесе актив жөнінде хабардар әрі мүдделі тараптардың арасында айырбасталуы мүмкін сома.
Қалдық құн - актив есепте және есеп беруде көрсетілетін жиынтық амортизация сомасы шегерілген негізгі құрал-жабдықтың бастапқы құны немесе ағымдағы құны.
Тарату құны - пайдалы қызмет мерзімінің соңында негізгі құрал-жабдықты жою кезінде активтің кету шығыны шегерілген ұйғарымды құны.
Амортизациялық құн - тарату құны шегерілген бастапқы құн.
Негізгі құрал - жабдықтың әр түрлі түріне амортизация есептеудің тек бір әдісін ғана қолдануға болады. Мұның өзінде негізгі құрал - жабдықтың бір түріне амортизация есептеудің бір ғана әдісін қолдануға болады.
Амортизация есептеудің таңдалған әдісі кәсіпорынның Есептік саясатына енгізілуі және бір есепті кезеңнен екіншіrе жүйелі түрде қолданылуы керек. Амортизация есептеу әдісі өзгерген жағдайда жылдық есепке түсіндірме жазбада осы өзгерісті туындатқан себептер айтылуы тиіс.

1.3 Амортизациялық аударымды есептеу әдістері
Ұлттық қаржылық есептілік стандарт (ҰҚЕС) талаптарына сәйкес амортизацияны есептеудің 4 әдісі бар.

1-Сызба. Амортизациялық аударымдарды есептеу әдістері.

Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі (тура жолды).
Тура жолды есептен шығару әдісіне сәйкес объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделrен. Осы әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.
Мысалы:
Станоктың бастапқы құны 1000000 теңге, ал қалдық құны 100000 теңгені құрайды деп есептесек. Бұл станоктың пайдалану мерзімін 5 жыл деп алып, осы жоғарыда айтылған әдіс бойынша бір жылдық амортизациялық аударымды есептейтін болсақ
1000000 - 100 000 = 900000
9000005=180000
Яғни ол 180000 теңгені құрайды.
Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 900000 теңге, яғни бастапқы құны мен Қалдық құнының айырмасы, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін сол соманың 20% деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады
900000 х 20% = 180000

1.1-Кесте. Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі

Станоктың бастапқы құны (теңге)
Бір жылдық амортиза-циялық аударым сомасы (теңге)
Жинақталған тозу сомасы (теңге)
Станоктың қалдық құны (теңге)
Сатып алынған кездегі
1000000

1000000
1-жылдың соңында
1000000
180000
180000
820000
2-жылдың соңында
1000000
180000
360000
640000
3-жылдың соңында
1000000
180000
540000
460000
4-жылдың соңында
1000000
180000
720000
280000
5-жылдың соңында
1000000
180000
900000
100000

Бұл кестеден үш жағдайды көруrе болады:
Негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ішінде, яғни 5 жыл бойы оған есептелетін амортизациялық аударым сомасы өзгермейді (тұрақты);
Жинақталған тозу сомасы бірқалыпты өсіп отырады;
Негізгі құралдардың қалдық құны бірқалыпты азайып отырады.
Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)
Бұл әдіс объектінің пайдаланылған уақытына емес, оны пайдаланудың нәтижесіне негізделген. Егер алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 10 000 000 дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.Яғни:

Бастапқы құны-Қалдық құныЖалпы өндірілуге тиісті өнім саны*Әр жылдағы өндірілген өнім саны=
=1 000 000-100 0001 000 000*Әр жылдағы өндірілген өнім саны=
0.09 теңге * әр жылдағы өндірілген өнім саны

Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0.09 теңгені құрайды.
Егер станок:
Бірінші жылы 3 миллион
Екінші жылы 3 миллион
Үшінші жылы 2 миллион
Төртінші жылы 1 миллион
Бесінші жылы 1 миллион өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшерінің есебі:

1.2-Кесте. Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі

Станоктың бастапқы құны (теңге)
Өндірілген өнім көлемі (дана)
Бір жылдық амортиза-циялық аударым сомасы (теңге)
Жинақ-талған тозу сомасы (теңге)
Станоктың қалдық құны (теңге)
Сатып алынған кездегі
1000000

1000000
1-ж соңында
1000000
3000000
270000
270000
730000
2-ж соңында
1000000
3000000
270000
540000
460000
3-ж соңында
1000000
2000000
180000
720000
280000
4-ж соңында
1000000
1000000
180000
810000
190000
5-ж соңында
1000000
1000000
90000
900000
100000

Бұл әдісті қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің, яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амор-тизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына тікелей үйлесімді түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

Жылдамдатып есептен шығару әдісі
Жеделдетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі құралдарды өздерінің мөлшерленген пайдалану мөлшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады. Бұл әдістерді қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасы, оның соңғы пайдаланатын жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасынан едәуір асып түседі. Себебі, негізгі құралдардың алғашқы пайдалану, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабілеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амортизациялық аударым есептеудің жоғырыда аталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның амортизациялық саясатының мәні мен мазмұны
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі
Амортизациялық аударым
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары - еңбек құралдарының құндық көрінісі
Кәсіпорынның амортизациялық саясатының қалыптасуының негіздері
Кәсіпорынның негізгі капиталының пайдалануын талдау
Амортизация әдістері
Амортизациялық саясаттың және негізгі қордың теориялық негіздері
Негізгі құралдар объектісінің жылдармен пайдалы пайдалану мерзімі
Меншікті капиталдың рентабельділігі
Пәндер