Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

«Жеміс, көкөніс және жаңғақ» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары.

Алматы, 2020 ж

Жоспар:

Кіріспе бөлім

1. 1 Көкөніс дақылдары туралы түсінік.

Негізгі бөлім

2. 1 Көкөністердің зақымдану түрлері.

2. 2 Көкөністерді зақымдайтын аурулар мен залалдайтын зиянкестерге қысқаша сипаттама.

2. 3 Көкөністерді қорғау шаралары.

Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Көкөніс дақылдары - көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр жемісті өсімдіктер, баданалар) алу үшін өсірілетін өсімдіктер. Олардың 80 - тұқымдасының 600 - ден астам түрі бар. Олардың ішіне жеміс ұрықтылар (қызанақ, қияр, бұрыш), жапырақтылар(капуста, салат), баданалыларға (пияз және сарымсақ), тамыржемісті өсімдіктерге (сәбіз, қызылша, ақжелкен) т. б жатады. Бұлардың көпшілігі Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарында өсіріледі.

Көкөніс шаруашылығы - көкөніс алу мақсатында оларды өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының бір саласы. Көкөніс шаруашылығының басқа өсімдік шаруашылығынан айырмашылығы - мұнда көкөніс дақылдары ашық және қорғалған танаптарда өсіріледі. Көкөніс шаруашылығы өсіру тәсілі бойынша; танаптық көкөніс шаруашылығы, ашық танаптық көкөніс шаруашылығы және қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығы болып бөлінеді.

Қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығының ең жетілген түрінде осы заманғы жылыжайлар өсімдіктің өсіп дамуына қажетті барлық жағдайлар жасалады және жылдың кез келген мезгілінде (қыста, ерте көктемде және қара күзде) көкөніс алуға мүмкіндік береді.

Ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы - көкөністі танаптық жағдайларда өсіреді. Көкөніс шаруашылығында өсімдікті ерте көктеу, өсіріп жетілдіру (мысалы, түсті капусталар), көшетті тығыз (мысалы, кеш пісетін капусталар аралықтарына ерте пісетін капусталар отырғызылады) және қайта егу (мысалы, ерте алынатын шалғам орнына аскөк отығызса болады ) т. б отырғызу әдістерін қолдануға болады.

Көкөніс шаруашылығы көкөніс дақылдарының биологиясын көкөніс өсімдігін жоғарылату мен сапасын жақсарту озық технологиясын, еңбек шығыны мен өзіндік құнын төмендетуге бағытталған прогрессифті тәсілдерді зерттейтін ғылым. Көкөніс өсіруші ғалымдар көкөніс дақылдарының жаңа жетілген сортарын шығарумен де шұғылданады. әр бір адам күнделікті белгілі молшарде жасаң көкөністер пайдалануы керек. Көкөніс адам ағзасына өте пайдалы(1 - сурет) .

C:\Users\user\Pictures\The-Role-Of-Nrf2-Activation-Cover-Image.jpg

1 - сурет Жасаң (балғын) көкөністер.

2. 2 Көкөністерді зақымдайтын аурулар мен залалдайтын зиянкестерге қысқаша сипаттама.

Өсімдіктердің ауруларын, олардың таралу және шығу себептерін зерттейтін, сонымен бірге олармен күресу шараларын белгілейтін ғылымды - фитопатология деп атайды. Ал өсімдіктердің зиянкестерін, олардың зияндылығын және зақымдау тәсілдерін тексеріп зерттейтін ғылымды - энтомология деп атаймыз. Осы ғылымдардың зерттеу нәтижесінде көкөніс дақылдарының аурулары мен зиянкестерінен қорғау шараларын ұйымдастыу шаралары жүргізіледі.

Өсімдік аурулары, туындау себептеріне байланысты жұқпалы (түрлі бактерия, вирус, саңырауқұлақ, нематода, т. б. тудыратын) және жұқпайтын (қоректену тәртібінің бұзылуынан, ыстық - суықтан, өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен, т. б. ) аурулар топтарына бөлінеді. Жұқпайтын ауруларға қыстың үскірік аяздарынан жеміс ағаштарының діңі шытынап жарылуы, күздік егістер мен көпжылдық шөптесін өсімдіктердің үсікке ұрынуы, жаз айларының аптап ыстығы мен куаңшылығы, аңызақ желдер салдарынан астық дақылдарының масақтарында дән байлануы төмендеп, шөпектенуі және көкөніс өсіретін танаптардың қолайсыз жағдайға ұырауы жатады. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын - саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себебші болады. Соның ішінде көкөніс дақылдарына келтіретін аурулар мен зиянкестер алуан түрлі, олар көкөністерді ашық танапта өсірген жағдайда да жабық танапта, яғни жылыжайларда өсіріу кезінде де байқалады. Негізгі ауруларға мысал келтіре кетсек - ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, ақ шірік, антракноз, бактериоз, мазайка, тамыр шіріктер, төбе шіріктері, сулы шіріктер, тат, фитофторозсынды аурулар көкөніс дақылдарына жиі өз зиянын тигізеді. Көкөніс аурулары жемістерді, сабақтарды, жапырақтарды, тамырларды, тұқымды зақымдап үлкен шығын келтіреді. Өнім түсімін төмендетеді, кейде өсімдіктер өліп қалады. Көкөніс дақылдарының жиі кездесетін ауруларына тоқталатын болсақ, оларға :

Қызанақтың төбе шірігі. Ауырған жемістің жоғарғы жағында шағын дөңгелек, ойыс, қоңыр дақтар пайда болады. Бұл ауруға көбінесе алғашқы түйнектері шалдығады. Ауру қоздырғыш бактерия қызанақ тұқымында және жеміс қалдықтарында сақталады. Қызанақтың төбе шірігі ауруына қарсы күресу үшін суару режимін қатаң сақтау, әсіресе алғашқы түйнектері пісуге жақындағанда суды жеткілікті мөлшерде беру керек. Сонымен қатар топырақта азот тыңайтқышы мөлшерінің артық болуы және кальций жетіспеушілігі аурудың пайда болып дамуына әсер етеді(2 - сурет) .

http://www.100batyr.kz/characters/characters-6-3.jpg

2 - сурет. Қызанақтың төбе шірігі.

Қызанақтың альтернариоз ауруы. Бұл ауруға өсімдіктің жапырақтары, сабақтары және жемістері шалдығады. Жапырақтар мен сабақтарда қоңыр түсті шеңберлі дақтар пайда болады. Олар кейін ұлғая келе, жапырақ тақтасын басып кетеді. Бұл өз кезегінде өсімдіктің уақытынан бұрын солуына әкеп соғады. Жемістің жеміс сағағына жақын жерде қаралау, ішіне қарай басылған дөңгелек дақтар пайда болады. Ылғалдылық жоғары болған жағдайда дақтардың бетінде қара түсті барқыттай өңез пайда болады. Бұл - саңырауқұлақтың конидиялы спорасы. Өсімдік қалдықтары мен топырақта сақталатын саңырауқұлақ конидиялары мен мицелийлері індет көзі болып табылады. Аурудың дамуына жауын шашынмен алмасып отыратын құрғақ және ыстық ауа райы қолайлы болады(3 - сурет) .

http://www.100batyr.kz/characters/characters-6-4.jpg

3 - сурет. Қызанақтың альтернариоз ауруы.

Қиярдың ақ ұнтақ ауруы. Бұл ауру тек қиярда ғана емес, қауында және асқабақта, яғни асқабақ тұқымдас дақылдарда жиі кездеседі. Ауру белгілері жапырақтарда, желі сабақтарда, сабақ пен сағақтарда алдымен ақ түсті ұнтақ түрінде дөңгелек дақтар пайда болады. Кейін олар жайылып, бір - бірімен қосылып кетеді де, конидиялар мен конидия сағақтарынан тұратын қалың ақ өңезге айналады. Бұл аурудың дамуына ауа райының құрғақтығы, түнгі және күндізгі температураның арасында айтарлықтай ауытқудың болуы жақсы әсер етеді. Бұл ауру қатты зақым келтіретін болса өнімді 20 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Ауру қоздырғыштары саңырауқұлақ клейстотеций түрінде өсімдік қалдықтарында сақталады. Өсімдіктің өсу кезеңінде конидиялар ауа ағынымен және жаңбыр тамшыларымен таралады. Ауа райының құрғақтығы, аздаған жауынмен ауысып отыруы, түнгі және күндізгі температураның арасында айтарлықтай ауытқудың болуы(4 - сурет) .

C:\Users\user\Pictures\ZEBNDBGHQZA67ILL5CUEGO535Q.jpg

4 - сурет. Қиярдың ақ ұнтақ ауруы.

Таралу аумағы: Көкөніс өсіретін барлық аймақтарда кездеседі. Бұл аурулар тек қана бір өсімдікті емес сол тұқымдасқа жататын барлық көкөністерді залалдайды.

Көкөніс дақылы аурулары қоздырғыштарының сақталу, таралу немесе тасымалдану ерекшеліктеріне байланысты негізінен 3 топқа бөлінеді:

- тұқым немесе көшет арқылы;

- ауа толқыны және жаңбыр арқылы таралатындар, топырақта немесе өсімдік қалдықтарында сақталатындар;

-зиянкестер арқылы таралатын аурулар.

Көкөніс дақылдарының зиянкестері - қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақымдайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырыштылар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан - құстар мен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер) жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді. Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады. Кенелер ауыл шаруашылық дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен жеміс, көкөніс өнімдерімен қоректенеді. Кенелердің кейбір түрлері індет таратады. Жұмыр құрттар, негізінен өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Солардың ішінде бүлдірген, қызылша, картоп нематодасы көп зиян келтіреді. Зиянкес кеміргіштер Қазақстанда өте көп таралған. Олар астық дақылдарын, көкөністер мен жеміс-жидектерді зақымдайды, қоймада сақталатын азық-түлік қорына шығын келтіреді, сондай-ақ жұқпалы аурулар таратады. Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынының 20%-ы зиянкес кеміргіштер кесірінен болады(5 - сурет) .

C:\Users\user\Pictures\tomato-casanova-is-high-yielding-variety-8.jpg

5 - сурет. Көкөніс дақылдарының зиянкестері.

Бұл зиянкестер көкөністі өсіру барысының барлық кезеңдерінде өз зияндылықтарын тигізеді, яғни танапқа тұқымды еккеннен бастап жемісі пісіп жетілгенге дейін. Зиянкестер көкөністердің жапырағын, сабағын, жемісін, тамырын, тамыржемістерін, гүлдерін қорек етіп өз зияндылықтарын тигізеді. Одан кейін қоймада сақтау барысында да кездесетін зиянкестер немесе олар тарататын аурулар дамуы мүмкін. Көкөніс дақылдарының ішінде жиі кездесетін зиянкестеріне тоқтала кетсек, оларға бітелер, қоңыздар, шыбындар, кенелер, көбелектер және т. б. зиянды.

Мысалы:

Колорадо қоңызы (лат. Leptinotarsa decemlineata ) - қатты қанаттылар сабының жапырақ жегілер тұқымдасына жататын қоңыз; картоп және т. б. алқа тұқымдас көкөніс өсімдіктердің зиянкесі. Қазақстанның батыс, солтүстік, оңтүстік-шығысына, оңтүстігіннде таралған. Ұзындығы 9 - 11 мм, сопақтау келген, қанатының үсті қызғылт сары, он қара жолақты сызықтары (әр жағында 5-тен) бар. Жұмыртқаларының ұз. 2, 4 мм, ұзынша-сопақтау. Дернәсілдерінің түсі қоңыр-қызыл, ұз. 15 мм-ге дейін жетеді. Жылына 1 - 2, кейде 3 - 4 ұрпақ салады. Қоңыздары мен ірі дернәсілдері топырақта қыстайды, кейбіреулері қайта қыстайды. Қоңыздардың шығу кезеңі кейде 3 - 4 айға созылады. Қоңыздары мен дернәсілдері картоп, баклажан, қызанақ, т. б-қа көкөніс дақылдарының жапырақтарын зақымдайды. Олар қорек іздегенде ұша бастайды (күніне 500 м-ге дейін) . Жұмыртқаларын жапырақ астына 18 - 20-дан 2500-ге дейін салады. Дернәсілдері 16 - 24 күнде жетіледі. Картоптың қауіпті жауы, өнім түсімділігін төмендетеді(6 - сурет) .

C:\Users\user\Pictures\55bb81be5bb4d4bd00d05c98d3349c83.jpg

6 - сурет. Калорада қоңызы.

Күресу шаралары: ішкі және сыртқы карантинді сақтау; терең деңгейдегі сүдігер жырту және өсімдік қалдықтарынан тазарту. Картоп отырғызатын жерлерді дернәсілдер пайда бола бастағанда және жас қоңыздар шыға бастағанда химиялық препараттармен өңдеу.

Қырыққабат ақ көбелегі ( Pіerіs brassіcae ) - қырыққабат және қырыққабат тұқымдастарынның зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55 - 60 мм, қанатының үстіңгі жағы ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы қанаттарының жоғарғы бұрышында орақ тәріздес қара жолақ және екі қара нүктесі бар. Жылына 2 - 4 ұрпақ беріп көбейеді. Қуыршақтары қыстайды, сәуірт- мамыр айында шығады. Жұмыртқаларын топтап (15 - 200) капуста жапырақтың астыңғы бетіне салады. Капуста ақ көбелегі 1-ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөптердің жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе қырыққабаттылар жапырақтарына салады. Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар (ұзындығы 40 - 45 мм) бастапқы кезде шоғырланып капуста жапырағымен, кейінірек өсімдік бойымен өрмелеп жан-жаққа таралып, дараланып қоректенеді. Қырыққабат ақкөбелегінің жұлдызқұрты өскен кезде, ағашқа, дуалға немесе үйдің қабырғасына өрмелеп шығады. Осы жерде оның сыртқы жамылғысы түсіп, қуыршаққа айналады. Зақымданған өсімдіктің өсуі төмендеп, алатын өнім азаяды.

Күресу шаралары: егіс даласын өсімдік қалдықтарынан тазарту, арамшөптерді құрту, биологиялық және химиялық күрес шараларын қолдану.

Бақша бітесі -Aphis gossypii Glov(Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы) . Бұл жәндік қиярды, асқабақты, патиссонды, кәдіні зақымдайды. Бақша бетінің ұзындығы -1, 2-2мм, түсі сарыдан бастап қара жасыл, тіпті қара болып келеді. Баланқұрттары сары және жасыл. Ересек бітелер немесе баланқұрттар арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12 С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе көкөністерге көшеді. Бітелер тобы жапырақтардың төменгі бетінде, өскіндерінде, гүлдері мен түйіндерінде орнығады да, олардың бүрісуіне, қатпарлануына және кеуіп қалуына әкеп соқтырады. Кейде жапырақтар бетінде, бітелердің тәтті шырынына күйе саңырауқұлақтары орнығады солайша саңрауқұлақ ауруларының дамуына себепші болады(7 - сурет) .

C:\Users\user\Pictures\fizicheskaja-borba.jpg

7 - сурет. Бақша бітесі.

Күрес шаралары: алқапты терең сүдігер жырту, арамшөптерден және олардың тамырларынан тазарту. Ең қолайлы күресу шарасы энтомофактарқолдану олға қанқызы қоңыздары, алтын көздер т. б. Зиянкес шектен тыс көбейген жағдайда биопрепараттар қолдану және химиялық пепараттар қолдану керек.

2. 3 Көкөністерді қорғау шаралары.

Көкөністерді аурулардан қорғау шарасы:

- ауыспалы егістікті сақтау;

- өсімдік қалдықтарынан тазарту;

- тұқымды тек сау өсімдіктерден алу;

- суару ережесін сақтау;

- төзімді сорттарды өсіру;

- өсіп даму кезеңінде аурудың алғашқы белгілері байқалғанда фунгицидтерді қолдану қажет.

Көкөністерді зиянкестерден қорғау шарасы:

- мәдени өсімдіктердің зиянкестерге төзімді сорттарын шығару.

- ауыспалы егісті қолдану.

- зиянкестерге қарсы биологиялық тәсілдерді (трихограмма, афелинус, қанқызы қоңызы т. б. ) энтомофактарды қолдану.

- микробиологиялық препараттарды қолдану.

- химиялық заттарды (акарицидтер, инсектицидтер, зооцидтер т. б. ) қолдану арқылы жүргізіледі.

Бір дақылды танапта бір орнында бірнеше жыл бойы ауыстырмай өсіру жыл өткен сайын өнімділіктің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан көкөніс шаруашылығында ашық танапта дақылдарды белгілі бір мерзімде және кеңістікте кезектестіріп отырғызуды - ауыспалы егістікті қолданады.

Ауыспалы егістікті қолдану келесі жағдайларға байланысты жүргізіледі:

1. Дақылдарды дұрыс кезектестіру танапта бір түрге жататын өсімдіктердің зиянкестері мен аурулары жиналып көбеюін жояды.

2. Негізгі тамырларының орналасу тереңдігіне, қоректік элементтерді сіңіруіне қарай дақылдарды кезектестіру, топырақтың өңделетін қабатындағы қоректік элементтерді бірқалыпты пайдалануға және қоректік элементтер қорын қалпына келтіруге мүмкіншілік береді.

3. Дақылдардың жасаң көңді және оның келесі жылдарға қалдыратын әсерін пайдалануы әртүрлі. Ерте пісетін дақылдарды өсіргенде күзде енгізілген жасаң көң жаздың басына дейін ыдырап үлгермейді сондықтан өнімділікке әсері болмайды. Асқабақ тұқымдасы өсімдіктері, кеш пісетін капуста жасаң көңде жақсы өнім береді. Сәбіз көңді пайдаланғанда сол жылы да, келесі жылы да жоғары өнім береді. Шалқан пияз тыңайтқыш ретінде көңді пайдаланғанда пиязшығының пісуі мен сақталуы нашарлайды.

4. Көкөніс дақылдарының танаптың арам шөптермен ластануынақатынасы әртүрлі. Кеш пісетін капустаның алғашқы өсу кезеңінде жапырақтары нашар өседі, қатар аралығы кең болғандықтан ұзақ уақыт қатар аралығын қопсыту жұмысы жүргізіледі. Жаздың екінші жартысында капуста жапырақтары арам шөптерді көлеңкелеп олардың өсуін басады. Шалқан пияз, тамыржемістілер, қызанақ егістерінде арам шөптермен күрес жүргізу үлкен шығынды талап етеді. Бұл шығындарды азайту үшін аталған дақылдарды топырақты арам шөптерден тазалайтын дақылдармен (капуста, картоп) кезектестіріп отырғызған дұрыс.

5. Танапқа ерте отырғызылатын көкөніс дақылдарын (тамыржемістілер, пияздылар, ерте капуста) танапты ерте босататын алғы дақылдардан (капуста, бұршақ, қияр, пияз) кейін орналастыру қажет. Кеш пісетін капуста, Алқалылар және Асқабақтыларды танапқа кеш отырғызады. Оларды кеш жиналатын дақылдардан (тамыржемістілер, кеш пісетін капуста) кейін орналастырады. Бұл тұқым себуге немесе көшет отырғызуға дейін көктемде және күзде топырақты жақсылап дайындауға және арам шөптердің өскіндерін жоюға мүмкіншілік береді.

Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіргенде келесі ережелерге сүйену керек.

1. Бір тұқымдасқа жататын өсімдіктерді аурулары мен зиянкестері қоздырғыштарының топырақтағы сақталу мерзімі өткенге дейін сол орнына қайта отырғызуға болмайды.

2. Қоректік заттар мен ылғалға талабы жоғары дақылдардан кейін, бұл көрсеткіштерге талабы төмен дақылдарды отырғызу керек.

3. Органикалық тыңайтқышты берілген аймақта негізгі, бағалы болып саналатын, жоғары өнімділігімен шыққан шығынды қайтаратын дақылға енгізу керек. Органикалық тыңайтқышты енгізгеннен кейін екінші, үшінші жылы оның кейінге қалдыратын әсерін пайдаланатын дақылдарды және жасаң көңде өнімінің сапасы төмендеп, пісуі кешеуілдейтін дақылдарды орналастырады.

4. Ерте себілетін немесе ерте отырғызылатын көкөніс дақылдарын танапты ерте босататын дақылдардан кейін өсіреді. Танапқа кеш отырғызылатын дақылдарды, өнімін күздің соңында жинап алатын дақылдардан кейін отырғызады.

5. Арам шөптердің әсерінен өніп-өсуі нашарлайтын дақылдарды, биологиялық ерекшеліктері және атқарылатын агротехникалық жұмыстар танапты арам шөптерден тазартуға мүмкіндік беретін дақылдардан кейін отырғызған дұрыс.

6. Тамыр жүйесі жердің бетіне жақын орналасатын дақылдарды, тамыры тереңге бойлайтын дақылдардан кейін отырғызу қажет.

Ауыспалы егістің түрлері . Шарауашылықтың мамандануы және танаптың құрылымында көкөніс дақылдарының алатын пайыздық мөлшеріне қарай оларды арнайы көкөністік, көкөністі-малазықтық және малазықтық ауыспалы егістерге орналастырады.

Арнайы көкөністі ауыспалы егістік мамандандырылған, көкөніс өсірумен айналасатын шаруашылықтарда қолданады. Мұнда көп мөлшерде органикалық және минералды тыңайтқыш енгізу, біржылдық және көпжылдық шөптерді себу қарастырылады. Көкөністі ауыспалы егісте танаптың көпшілігі немесе барлық ауданға көкөніс дақылдары отырғызылады. Көбіне 1-2 танапта картоп отырғызылады, ол тамыржемістілер мен пиязға алғы дақыл болады. Мұнда шөптерді пайдалану міндетті емес, оларды шаруашылықтың малазықтық жақсарту және топырақтың құрылымын жақсартып, арам шөптердің өсуін басу үшін себеді. Көкөністік ауыспалы егісте көкөніс дақылдарының құрамы - 50-60 %; танап саны 4-6 (көпжылдық шөптерсіз) және көпжылдық шөптермен 7-9.

Мысалы, оңтүстікте консервілейтін заводтар үшін суармалы көкөністік ауыспалы егіс: 1, 2 - көпжылдық шөптер (фосфорлы тыңайтқыштар енгізілетін) ; 3 - қызанақ (NPK) ; 4 - кәді, патиссон, қияр (көң және минералды тыңайтқыштар) ; 5 - сәбіз, боташық, ақжелкен және басқа тамыржемістілер (NPK) ; 6 - бұршақ; 7 - бұрыш, баклажан және қызанақ (NPK) ; 8 - жаздық дәнді дақылдылар көпжылдық шөптермен бірге.

Көкөністімалазықтық ауыспалы егіс қала маңында орналасқан көкөніс шаруашылығымен және сонымен қатар сүт өндіру бағытындағы малшаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарда басым болады. Мұндай ауыспалы егістікте 20-50 % ауданды көкөніс дақылдарына, ал қалғаны малазықтық, немесе егістік дақылдарға беріледі. Көкөніс дақылдарының ішінде тамыржемістілер және технологиясы жақсы жолға қойылған дақылдар басым болады. Малазықтық дақылдардан шөптер және тамыржемістілер өсіріледі. Мысалы, көкөністік малазықтық ауыпалы егіс: 1-2 - көпжылдық шөп; 3 - кеш пісетін капуста (NPK) ; 4 - тұздауға арналған қияр, кәді (органикалық және минералды тыңайтқыштар) ; 5 - малазықтық жүгері (NPK) ; 6 - асханалық және малазықтық тамыржемістілер (NPK) ; 7 - жаздық дәнді дақылдар.

Танаптық ауыспалы егіс(полевые севообороты) көкөністі дақылдармен экономикалық, географиялық себептерге байланысты көкөніс дақылдарының 1-2 түрін ғана өсіретін шаруашылықтарда қолданады. Мұндай дақылдар шалқан пияз, қарбыз және қауын; қызанақ, баклажан, бұрыш (консервілейтін заводтар орналасқан аймақ) . Мұнда 1-2 танап жақсы алғы дақылдардан кейін көкөніс дақылдарына беріледі. Мысалы, танаптық ауыспалы егіс (полевой севооборот) қызанақ және көкөністік бұршақпен консерві заводтарына арналған: 1 - консервілеуге арналған бұршақ (минералды тыңайтқыш енгізіледі) ; 2 - күздік бидай (NPK) ; 3 - қызанақ (органикалық және минералды тыңайтқыш) ; 4 - жаздық дәнді дақылдар(8 - сурет) .

C:\Users\user\Pictures\1539854244_1534240596_v.jpg

8 - сурет. Ауыспалы егіс құрлымы.

Танапты арамшөптерден тазарту.

Өнімді күзе жинау аяқталғаннан кейін алқапты барлық өсімдік қалдықтарынан және арамшөптерден толық тазалу жұмыстары жүргізілу керек. Алқапқа жақын тұрған арамшөптерді де егін егер кезінде екі - үш метір көлемінде тазарту жұмысында жүргізген дұры себебі кейбір зиянкестер бастапқыда арамшөптермен қоректеніп содан соң мәдени көкөніс өсімдіктеріне ауысады. Танаптан тазаланып алынған қалдықтарды танаптан тыс жерге апарып өртеу керек немесе терең шұңқырлар қазып сонда көму керек, бұлда сақтық шараларының бірі болып табылады. Себебі басқа алқапқа біздің тастаған қалдықтарымыз өз зиянын тигізбегені дұрыс. Танап арамшөп немесе өсімдік қалдықтарынан тазартылмаған жағдайда ағымдағы жылыда сол зинкестер және аурулар қайталанып одан ары дамып өте үлкен шығынға ұшыратады. Өйткені барлық аурулар мен зиянкестер өсімдік қалдықтарында қыстап шығып келесі жылы сол жерден пайда болады. Сол себепті де алқапты арамшөптерден және өсімдік қалдықтарынан тазарту жұмысы өте маңызды рөл атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктерді интегралды қорғау жүйесі бойынша сұрақ/жауаптар
Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру
Өсімдіктің зиянкестері
Жүгері дақылының морфологиялық, биологиялық сипаттамасы
Нарық талабына сай өсімдік шаруашылығының мамандануы
Қызанақтың септориоз ауруы
Бұршақ дән қоңыздары
Асбұршақ
Жаздық жұмсақ бидай
Итальяндық шегірткелердің Қазақстанда кездесуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz