Қазақ жеріне келімсектерді жіберуді тоқтатып, жерді қазақтарға қайтару



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Алашорда үкіметінің Батыс бөлігі жетекшілерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері Жаһанша Досмұхамедов

Халқымызда өшкені жанып, өлгені тірілді дейтін қанатты сөз бар. Жетпіс жылдан астам уақыт аттарын атауға тыйым салынып, еңбектерін архивтің шаң басқан сөрелерінен шығартпай қойған солақай саясаттың заманы өтіп, бүгінгі тəуелсіздік тұсында Алаш арыстарының рухы халықпен қайта қауышты. Бүгінде Алаш қайраткерлерінің қайсыбірінің аты аталса да, өткен ғасырдағы зиялылардың тағылымды істері кісіні еріксіз толғандыратыны бар. Қазақтың Ресей патшалығы құрсауынан босаған шақтағы өз жолын іздеу үдерісіне атсалысқан тұлғалар шоғыры қомақты. Солардың бірі -- Батыс Алашорданы құруға белсене атсалысқан, Ресей империясы округінің орынбасар-прокуроры дəрежесіне дейін көтерілген, юстиция (əділет) генералы мəртебесіне жеткен Жанша (Жаhанша) Досмұхамедов. Өкінішке орай, Алашорданың Батыс бөлімі туралы зерттеулер əзірге аз. Алашорда үкіметі, соның ішінде оның Батыс бөлімі жайында құнды мəлімет беретін еңбектің бірі Жизнь национальностей деп аталған газеттің 1921 жылғы 3 қарашадағы № 20 (118) нөмірінде Тер-Погос Асетисовтың мақаласы жарияланған. Автор қазақ зиялы қауымының қалыптасу эволюциясына тоқтала келе: 1918 - 1920 жж. Алашорда атты ұлттық мемлекет құрылып, кейін оның екіге бөліну себебі бірін-бірі түсінбеушіліктен емес, қазақ жерінің кеңдігінен болды, дейді. Осы еңбекте Батыс Алашорда алғашқы күннен-ақ Орал мен Орынбор казактарымен, башқұрттарымен бірігіп, Кеңес үкіметіне қарсы жəне елде мобилизация жариялап, əскер құрғаны жайлы мəліметтер берді [1; 16]. Тоталитарлық жүйенің толық орнауы отандық тарихнамада 1930 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың соңына дейін Алаш қозғалысы туралы зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктер бермеді. Сондықтан да кейінгі жылдары ел тарихындағы ақтаңдақ беттердің бірі жəне бірегейі саналатын Алашорда үкіметінің Батыс бөлігін басқарған ұлт қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтің есімін ұрпақ жадында қалдыру мақсатында Оралда Жаһанша Досмұхамедов атындағы Қайраткер қоғамдық қоры құрылды. Қала орталығынан қайраткерге көше атауы берілсе, Оралдағы педагогикалық колледжге Жаһанша Досмұхамедовтің есімі берілді. 2012 жылы Астанадағы Күлəш Байсейітова атындағы Ұлттық опера жəне балет театрында Алашорда көсемдерінің бірі Жаhанша Досмұхамедовтің 125 жылдық мерейтойы аталып өтті. Салтанатты кешке Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрі Дархан Мыңбай қатысып, сөз сөйледі. Министр өткен ғасырдың басында ұлт мұратына қызмет еткен Алаш қайраткерлерінің ел тарихындағы еңбегі мен олардың өскелең ұрпаққа берген тағылымы жайында айтып өтті. Ол Алаш қайраткері Жаhанша Досмұхамедов қазақ халқының оқу-білімге ұмтылуына жол ашып, білім алып жатқан қазақ балаларына стипендия бергізіп, қазақ тіліндегі оқу құралдарының көптеп шығуына үлес қосқанын, тəуелді болудан құтылудың төте жолы оқу екенін жақсы түсінгенін жəне өз халқының алдыңғы қатарлы дамыған ұлттар тəрізді білімге ұмтылғанын, қалағанын тілге тиек етті. Қазақ сахарасындағы ең құнды құжат Тəуке ханның Жеті жарғысын қазақтың тұңғыш заңдар жинағы
ретінде көрсетіп, түркі жұртшылығына дəлелдей білгенін де атады. Шешендігі жайында сөз еткенде, оның шын мəнінде алғыр ойлы болғанына тоқталды: Жаhанша Досмұхамедов саясаткер ретінде Алашорданың Батыс бөлігін басқарып, қазақ сахарасында орныққан саяси жəне экономикалық ахуалды реттеп отыруға күш-жігерін салды. Алаштың бірігуіне, Батыс өңіріндегі Алаш жұртын сақтап қалуға, дамытуға үлкен еңбек сіңірді. Орта Азияда, Қазақстанда түпкілікті ұлттар мен этностардың мекендейтінін ескере отырып, осы халықтарды бір-бірімен өзара біріктіру саясатын қолдады. Алаш арысы мемлекет құру үшін ең əуелі мемлекеттік аппарат қалыптастырудың маңызды екеніне баса назар аударды. Ол бұл жөнінде мемлекеттік билік əзірге үстемдік құрған кезде қазақ халқы өзін сақтап қалу үшін мемлекеттік аппаратқа қол жеткізуі тиіс деген ұстанымын жұртшылыққа жария етіп, сол аппараттың қалыптасуына үлкен еңбек етті, -- деді министр [2]. Мерекелік жиында Жаhанша Досмұхамедовтің дербес мемлекет құрудағы сіңірген еңбегі, 1918 жылы мамырда Ойыл уəлаяты деп аталатын тұңғыш аймақтық автономияны жариялағаны, Үкімет төрағасына сайланып, Премьер-Министр жəне Əскери істері министрі қызметтерінде болғаны аталып өтілді. Алаш қайраткерінің өмірбаянына қатысты жүргізілген зерттеулер Бүкіл саналы ғұмырын ұлтының азаттығы жолына бағыштаған Жаhаншаның əкесі Досмұхамед Жайық өңіріне аты мəлім, дəулетті, көзі ашық, көшелі кісі болыпты. Ал анасы Рабиға атақты Сырым батырдың елінен шыққан көрегенді, ағайынға қолы ашық, қайырымды жан екен. Жаншаның асқан шешендігі осы нағашы жұртынан жұққан болуы мүмкін. Осындай əулетте дүниеге келген Ж.Досмұхамедұлы жастайынан зерек, алғыр болып өсті. Оның өмірбаянына қатысты соңғы жылдары жүргізілген кейбір зерттеулерге көңіл бөлген жөн. Ұлттық энциклопедияның үшінші томында мынадай деректер келтірілген: Досмұхамедов Жанша (Жаhанша) (1886, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, 1932) -- Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер, 1912 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітіріп, Томск округтік сотында 1917 жылдың ақпанына дейін қызмет істеді [3; 277]. М.Ескендірұлының Алаш Орда министрлері атты кітабында мынадай мəліметтерді оқуға болады: Ол 1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының № 1 ауылында дүниеге келген. 1899 жылы тамыз айында Орал əскери-реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға шейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мəскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куəлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан. Осы жерде айта кететін бір нəрсе, энциклопедиялар мен əдебиеттерде Жаншаның туған жылын жəне жоғары оқу орнында оқыған жері Санкт-Петербург университетін 1912 жылы бітірген деп қате көрсетілген. Ол ауыз дерекке негізделсе керек. Дұрысы: ұзақ жылғы ізденіс, көп машақатпен зорға дегенде алдырылған Жаншаның төңкеріске шейін толтырылған жеке ісінде жоғарыда келтірілген мəліметтер болып табылады [4]. Зерттеуші Т.Қажыбай Алаштың ардақты азаматы еді мақаласында былай жазады: Ол 1887 жылы Орал облысы Жəмбейіт болысына қарасты № 1 ауылда малмен күнін көрген Досмұхамедтің отбасында дүниеге келді. Жəмбейіттегі екі кластық ауылдың орыс-қазақ мектебін тəмамдап, Оралдағы əскери училищенің даярлық класына, артынан, яғни 1899 жылы оның толық құқықты оқушысы болып қабылданды. Бұл училищені қалай тамамдағаны жөнінде материал табылған. Онда шəкірттің сызу мен француз тілі пəнінен, басқа он шақты пəнді 4 пен 5-ке оқығандығын аңғарамыз. Сондай-ақ Мəскеудегі Император университетін бітіргендігі жөніндегі дипломы да сақталған. Жаншаға азаматтық құқық, қылмыстық құқық, мемлекеттік жəне əкімшілік құқық, сондайақ шығармадан кілең 5-ке тапсырғандығы үшін І дəрежелі диплом табыс етілген. Осы құжатқа қарап, Жаншаның Санкт-Петербург университетін бітірген деген пікірдің жансақтығын аңғарамыз. Қыр баласына Мəскеуде оқу, өзін асырау, пəтерақы төлеу, оқулықтар сатып алу оңайға түспегендігі өзінен өзі түсінікті. Əйтсе де білімге деген зор іңкəрлік оны алған бетінен қайтара алмаған. Оның сыдырғы ашқұрсақ болып жүрсе де оқуына Орал облыстық земствоның босатқан қаржысы өз септігін тигізді. Осы қаржының өтеуі үшін ол күні ертең Оралда қызмет етуге тиіс болатын. Бірақ үздік оқығандықтан, Жанша бұл міндеттен босатылды [5]. В.Ғайнуллина жоғарыда келтірілген мəліметтерді былай толықтырады: Оның туған жылы жөнінде əр түрлі деректер айтылып келді. Ал негізгі құжатты дерек -- Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан алынған № 424-інші Тергеу хаттамасы. Бұл хаттама 1930 жылдың желтоқсанында Ж.Досмұхамедовтің өз қолымен толтырылған. Онда Жаhанша: Мне 43 года, -- деп жазған. Жылдармен салыстыра есептегенде, оның туылған жылы жоғарыда аталған жылға сəйкес келеді. Ал Халел Досмұхамедовтің қызы Қарашаш Халелқызының айтуына қарағанда, оның туған күні 28 маусым болса керек [1; 16]. ХХ ғасыр басында еліміздің барлық өңірінде жаппай орын алған белсенді ұлт-азаттық қозғалыс легіне араласқанға дейін, Жаhанша Досмұхамедов патшалық сот органдарында қызмет атқарып, маңызды мемлекеттік іспен шұғылданған. 1910 жылы университет бітіріп, Орал облысына келген соң, Орал аумақтық сотының жанындағы сот лауазымына үміткер ретінде қызмет атқарып, бітімгершілік соты жəне қылмыстық бөлім хатшысы көмекшісінің міндеттерін орындаған. 1912 жылдың жазында Барнаул уезінің 10-учаскесіндегі бітімгершілік сотының міндеттемелерін орындау үшін іссапарға шығып, кейін Омбы сот палатасына аға үміткер ретінде ауыстырылды. 1913 жылы аталған лауазым бойынша Змеиногорск уезінің 1-учаскесіне жəне осы жылдың күзінде Барнаул қалалық прокуратура органдарына шақырылып, 1914 жылдың наурыз айында Каин уезі бойынша Томск округтік сотында прокурордың орынбасары қызметіне тағайындалды. Осы міндетті атқарып жүріп, ол əділет генералы шенін иеленді [6; 5]. 1915 жылғы Памятная книга Томской губернии (Томск губерниясының естелік кітабы) атты кітапқа Томск губернаторының нұсқауымен губернияның көрнекті қайраткерлерінің аты-жөні енгізілген. Прокурорлық қадағалау бөлімінде Ж.Досмұхамедұлының да есімі тұр. Ресей заңдарын терең білуі, адалдығы мен шынайылығы арқасында қазақ заңгер өзі жүрген ортада өте танымал болды. Жаhаншаның мықты заңгер екенін өз отандастары да жақсы білетін. Мысалы, Гурьевте (Атырау) атышулы сот процесі тағайындалған кезде танымал, белді заңгер Б.Қаратаев адвокат болуға өз келісімін беріп, прокурор ретінде заңдылықты қамтамасыз ету үшін Томск қаласына Ж.Досмұхамедұлы үшін арнайы хабарлама жолдаған [7; 20]. Жанша Досмұхамедов қазақ жұртынан шыққан тұңғыш прокурор болды. Көп зерттеулерде Жаhанша мен Халел Досмұхамедовтер есімдері қатар аталады. Олар бір-біріне ағайын адамдар емес. Өзара мүдделестер, бір мақсат-идея мен ой-пікірдегі адамдар болған. Жаhаншаның саяси күреске бел байлауы 1917 жылдың атышулы Ақпан төңкерісінен бастап Ж.Досмұхамедов саяси іске батыл араласады. Сол жылдың сəуірінде Жанша Орал облыстық атқару комитетінің төрағасы Ғұбайдолла Əлібековтің шақыруымен осы өлкеге келеді. 19 - 22 сəуір аралығында Орал қаласында облыстық Қазақтардың бірінші съезі өтті. Съезге 800 делегат қатысты. Съезд өз жұмысына тыңғылықты дайындықпен келді. Атқарушы комитет пен Ұйымдастыру бюросы съезге дейін Уақытша облыстық қазақ комитетін құрды. Оның төрағасы болып Ғұбайдолла Əлібеков тағайындалды. Съезді Ғ.Əлібеков құттықтау сөзбен ашып, съездің төрағасы жəне оның екі орынбасары мен үш хатшысын сайлауды ұсынды. Төраға болып Жаhанша Досмұхамедов, орынбасарлары болып Ғ.Əлібеков пен А.Қалменов, ал хатшылыққа Ғ.Жетпісов, Х.Ахметшин, Н.Арғыншиев сынды азаматтар сайланды. Ғ.Əлібековтың ұсынысымен съезд жұмысы күн тəртібінің алғашқы үш мəселесін: мемлекетті басқару түрі; Уақытша үкіметке қарым-қатынас; соғысқа көзқарас туралы мəселелерді талқылады. Делегаттар монархияны түпкілікті құртуды қолдап, демократиялық республика идеясы, ұлттықтерриториялық федерация мəселесін басы ашық мəселе ретінде кейінге қалдыруды ұсынды. Съезд Уақытша үкіметті жарияланған бағдарламаны іске асыру жəне демократиялық мүдделерді қорғау бағытында қызмет атқарған жағдайда ғана қолдайтынын ескертті. Уақытша үкіметтің соғыс жөніндегі көзқарасы көпшілік жағынан қолдау таппады [8; 179]. Съездің үшінші күнгі жұмысында Халел жəне Жаhанша Досмұхамедовтердің қазақ облыстарын басқаруды қайта құру жəне Орал облысының далалық бөліктерін басқарудың уақытша ережесі туралы баяндамасы талқыланды. Онда ауылдар мен болыстар, уездер, облысты басқару мен билік органдарының құрылуы жəне қызметі туралы нақты нұсқаулар 100-ден астам тармақтар мен ережелерде көрсетілді. Құрылым тармақтарын жан-жақты талқылау нəтижесі билік органдарының міндеттері мен басқарудың ең күрделі мəселелерін шешіп, өзін-өзі басқарудың қажет екендігі дəлелденген. Екінші жағынан, бұл автономия құруға дайындық жұмыстарының бастамасы болатын [8; 180]. Жаhаншаның ұсынысы бойынша, облыстық съезд мынадай шешімдер қабылдады [9]: 1. Ресей халықтарын құлдықта, қараңғылықта ұстаған монархия жойылсын. 2. Ресейде демократиялық республика орнату идеясын түгел қуаттай отырып, қазақ халқына ұлттық-территориялық автономия беруді талап ету. 3. Қазақ жеріне келімсектерді жіберуді тоқтатып, жерді қазақтарға қайтару. 4. Бұрынғы бюрократтық-əкімшілік жүйесі жойылып, оның орнына қазақ жерінде халық сайлаған өкілетті комитеттер құру. 5. Халық ағарту ісін қанағаттанғысыз деп тауып, мұғалімдер съезін өткізу. Оралда гимназия бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақ қаражатына салынған бұрынғы кəсіптік мектептің үйіне орналастыру белгіленсін. 6. Қазақ тілінде газет, кітапшалар шығару шаралары жүзеге асырылсын. Съезде облыстың қазақ комитетінің құрамына мыналар сайланды: Ж.Досмұхамедов, И.Таңберменов, Х.Тасымов, Т.Сыпырболиев, И.Мұқанов, Д.Сəрсенбаев, Ғ.Əлібеков, Д.Күсіпқалиев, Б.Жанқадамов, Р.Қаржаубаев, Д.Жұлтызов, Х.Досмұхамедов, И.Топаев, И.Əбенов, К.Жəленов, Ғ.Есенғұлов, С.Қаратілеуов, Б.Жұмағалиев, С.Омаров, Б.Тілепов. Съезд халық арасындағы беделі жоғары қайраткерлер -- заңгер Ж.Досмұхамедов, дəрігер Х.Досмұхамедов жəне заңгер Ғ.Əлібеков сынды азаматтарды Жалпыресейлік Мұсылман съезіне Мəскеуге делегат ретінде жіберетін болып шешті. Ж.Досмұхамедов Жалпыресейлік Мұсылмандар съезінде ерекше белсенділігімен көзге түсті. Ол мұсылман істерін басқаратын Шуро-и-Ислам комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланды. Шуро-и-Ислам ісімен Мəскеуде біраз болды. Жаhанша 1917 жылы жазда жəне желтоқсанда өткен І жəне ІІ Жалпықазақ съездеріне Орал қазақтары атынан делегат болып қатысып, соңғы съезде Алашорда үкіметіне мүше, Шуро-иИсламға ІІ Жалпықазақ съезі атынан өкіл болып сайланды. Тарихи деректер сыр шерткендей, ІІ Жалпықазақ съезінде автономияны жариялау төңірегінде болған қызу айтыстарда Халел жəне Жаhанша Досмұхамедовтер бірден қазақ автономиясын жариялауды талап еткен батыл ұстанымда болды. Ə.Бөкейханов Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономияны жариялауды кідірте тұрудың қажеттігін айтады. Дегенмен, ұлттық, халықтық мүддені жеке басының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ə.Бөкейханов басқарған съезд делегаттары Алаш автономиясын жариялауға байланысты ортақ келісімге келеді. Алашорданың Батыс бөлімінің құрылуы 1918 жылы 1 сəуірде Халел жəне Жаhанша Досмұхамедовтер Мəскеуге барып, Орталық Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен жəне Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. Алашорда атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, Алашорда үкіметінің төрағасы Ə.Бөкейханов екенін мəлімдейді. Бірақ Алашорда мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес үкіметі толықтай мойындамайды. Осынау аласапыран заманда Алаш арыстарының ішінде дербес мемлекет құру ісін барынша жедел қолға алып, қалған мəселелер сол мемлекет шеңберінде шешілуі тез болады деген пікір ұстанған азамат -- ол кəсіби заңгер Жанша Досмұхамедов болатын. Сондықтан да Мəскеуден қайтып оралған бойында Жаhанша мен Халел қазақтың Батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. Ойыл уəлаяты Уақытша үкіметі -- ХХ ғасырдың басында Жайық өңірінде орнаған мемлекеттікавтономиялық құрылым болды. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен IV Орал облыстық қазақ съезінің қарарымен құрылды. Ешкімге бағынышты болмаған сол тұңғыш Қазақ үкіметінің құрамы төмендегідей болды: 1. Үкімет төрағасы -- Жанша Досмұхамедұлы, Премьер-министр жəне əскери істер министрі қызметін атқарды. 2. Үкімет мүшелері: Халел Досмұхамедов -- төрағаның орынбасары; Дəулетше Күсепқалиев -- Үкімет кеңесін басқарды; Жанқожа Мергенов -- Ішкі істер министрі; Салық Омарұлы (Сырым батырдың ұрпағы) -- жер шаруашылығы министрі; Хазірет Сағидолла Ізтілеуов -- Рухани істер министрі; Иса Қанжасаров Қаржы министрі қызметін атқарды [10]. Сөз жоқ, қазақ жеріндегі Алаш қозғалысының тарихында Ойыл уəлаятының Уақытша үкіметінің алатын орны ерекше. Мемлекеттіліктің алғашқы нышандарын белгілеп, оны қалыптастыруға ұмтылыс жасаған жас ұлттық үкіметтің жан-жақтан анталаған сыртқы жəне ішкі саяси қарсыластарына төтеп беруі оңайға түспеді. Бір жағынан, Кеңестік үкіметтің саяси қыспағы, екінші -- казактардың ала шапқын шабуылы елдің бейбіт жолмен өз тағдырын айқындауына мүмкіндік бермеді. Бірақ ұстанған негізгі тұғырнамасы Əлихан Бөкейханұлы бастаған Алашорда үкіметінің идеясымен ұрандас болған Жанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Дəулетше Күсіпқали сияқты жəне т.б. қазақ зиялылары ұлттық мемлекет ретінде автономиялық дербестік алу бағытындағы қажырлы күресін тоқтатпады. Олардың ұстанған саяси бағыты тұтастай сол Батыс өңірінде алаштық қозғалыстың толқуына түрткі болды. 1918 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей казактарының Қазақстанға қоныстандырылу саясатының барысы
Патшалық Ресейдің отарлау саясат және түркі халықтарының күресі
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Мәди Меркішұлы
Қазақстанның солтүстік – батысында Ресей билігінің күшеюі (XVІІІ – ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың бірінші ширегі)
Орал, Торғай облыстарына қоныстандырудың қорытындысы
ХVІІІ- ХХ ғ.ғ. Орта Азия халықтары және Орта Азияны Ресейдің жаулап алуы. Еділ, Сбірі, Шығыс Түркістандағы түркі тектес халықтар
ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОТАРЫ БОЛДЫ
ХІХ ғасырдың 20-50 жж. Қазақ - Ресей қатынастарының тарихнамасы
Абылай хан: мемлекеттік қайраткер, әскери қолбасшы және дипломат
Пәндер