Картографияның салалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы

:

СӨЖ

Тобы: ГК-807
Орындаған: Турдакын Ш.
Тексерген:Шәкерова Қ.Б.

Семей2019

1.Кіріспе
1.1. Карта туралы жалпы түсінік
1.2. Картография туралы толық түсінік
2.2 Картография ғылымының даму тарихы
2.3. Картографияның салалары
2.Жаңа картографиялық әдістемелер және
оның қазақстанда қолдануы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға - аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.Көркемделген карта.Комитеның негізгі салалары:Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары;Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;картографиялық деректер тану (картографиялық деректерді саралау және оларға қатысы бар ғылыми-ақпарат теориясының мәселелері);карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.Картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде. комитеның жалпы теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен шұғылданады. Картография теориясының негізгі әдістемесі - картатану. Математикалық Картография картаның математикалық негіздерін зерттейді. Ол картографиялық проекция теориясын әзірлейді, картографиялық тор құрудың әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді. Картаны басып шығару - картаны, атласты, т. б. картографиялық өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту, картаны полиграфиялық безендіруден тұратын техникалық пән. Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы - салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы картографиялық өндірістің дамуын, көне картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді. Картографиялық топонимика - географиялық атаулардың мағыналық мәнін зерттейтін пән. К. салаларын нысанға қарап та жіктейді.


Картография ғылымының даму тарихы
Алғашқы қоғам адамдарынан бастап қазіргі картографиялық өндіріске дейін географиялық картаның даму жолы өте ұзақ болды. Карталарды жетілдіру процестері одан әрі де жалғасуда.Картография тарихы мен география ғылымдары арасында тығыз байланыс бар. География тарихы мен карторафия өзара байланысты. Сондықтан оларды жеке қарау немесе екеуінің шекарасын анықтау өте қиын. Географияның басты мақсаты Жерді графикалық түрде көрсету.Өмір сүріп отырған кеңістіктегі қарапайым картографиялық суреттер (бейнеленулер) алғашқы қауымда жазудан бұрын пайда болған. Мұндай тұжырымға негіз болып жазуды білмеген алғашқы қауымда өмір сүрген халықтардың картографиялық суреттері мысал бола алады (Солтүстік Америкадағы эскимостар, Мұхиттық аралдардағы микронезиялықтар, т.б.). Суреттер ағашқа, ағаш қабығына, т.б. қолда бар заттарға салынған. Олар адамдардың жалпы еңбегінде, көшетін жолдары, демалыс орындарын, балық аулау, т.б. іс жүзінде керек сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жасалған.Картография және географияның ғылыми деректері Ежелгі Грекиядан басталады
Ежелгі папирустан жасалған карта
Ежелгі дүниенің ғылыми картографиясы өзінің кемелденген шегіне грек астрономы, географы және картографы Клавдий Птолемейдің (б.з. І-ІІ ғ.) тұсында жетті. Ол өзінің "География" еңбегінде сол кезде белгілі болған карта проекцияларының барлығын, оның ішінде конустық және псевдоконустық проекцияларды тыңғылықты баяндап берді. 8000 жуық географиялық объектілердің координаталарын картада көрсетті. Ежелгі Римде картографияның ерекшелік сипаты тек іс жүзінде пайдалалмастырды.
Г.Меркатор жасаған Еуропа картасы
XVI ғасырда картографияның дамуына фламанд Г.Меркатор (1512-1549 ж.) үлкен үлес қосты. Ол бірнеше картографиялық проекциялар жасады, оның ішінде теңізде жүзушілерге ыңғайлы тең бұрышты картографиялық проекциялар да болды. Сол кезде бар картографиялық материалдарды талдап және іріктеп Меркатор үлкен карталар жинағын жасады. Ол оны "Атлас" деп атады. XVII ғасырдың басында осы кезде практикалық астрономия мен геодезияда ірі жетістіктер болды. Нәтижесінде картография одан әрі дами түсті. Осы кезеңде астроном Галилей астрономиялық көру трубасын (1609 ж.) ойлап тапты. Ал 1616 жылы голланд ғалымы Снеллиус триангуляция негізінде алғаш рет градустық өлшемдер жүргізді. Осы кезеңде мензула да ойлап табылған. Осылардың нәтижесінде дәл градустық өлшемдер жүргізіліп, геодезиялық негіздегі топографиялық карталар жасала бастады. XVI ғасырдың 2-жартысында Батыс Еуропада капиталистік қарым-қатынастар, экономикалық байланыстар одан әрі дамыды, жаңа аумақтар отарланды. Осылардың барлығы карталардың жаңа түрлерін әр түрлі кезінде жаңа дәл түсіретін құралдар пайда бола бастаған. Картаны құру және оны пайдалану жаңа деңгейге көтерілді. Француз ғалымы Пимар триангуляция әдісін пайдаланған. 1740 жылы астроном Ц.Кассинидің жетекшілігімен бүкіл Франция аумағының триангуляциялық тірек пункттері жүйесін жасай бастады. Осы құрылған жүйе арқылы Кассинидің жетекшілігімен 1:86400 масштабта мензулалық түсірім жүргізіліп, ол 1789 жылы бітті. Осы түсірімге негізделіп жасалған топографиялық карталар тек 1815 жылы аяқталды.

XVI ғасырдың басында Еуропаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Геоақпараттық картографияның басқа ғылымдармен байланысы»
Картаграфиялық генерализация
Картографияның негізгі салалары
Картографиялық проекциялар және олардың түрлері
Геодезия және картографияның даму тарихы
Ареалдар тәсілі
Жерді арақашықтықтан зерделеу
Карта - географиялық заңдылықтарды анықтау құралы
Геоақпараттық картографиялау
Геодезия және оның міндеттері
Пәндер