Сөздік қорын дамыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті

Тақырып: Балалардың сөздік қорын дамытуда бақылаудың маңызы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: Балтабекова Айзада Ерлановна

2020-2021 оқу жылы

Мазмұны:
Кіріспе
: 1
Кіріспе: Балалардың сөздік қорын дамытудың теориялық негізі.
:
: 1. 1
Кіріспе: Сөз, сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.
:
: 1. 2
Кіріспе: Балабақшада сөздік жұмыстың мазмұны мен міндеттері
:
: 2
Кіріспе: Оқыту процесіндегі дұрыс сөйлеуді қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.
:
: 3
Кіріспе: Балалардың сөздік қорын дамытуда бақылаудың маңызы
:
: 3. 1
Кіріспе: Балалардың сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдары.
:
: 3. 2
Кіріспе: Балалардың сөйлеу дағдысын дамытуда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы бақылау
:
: 3. 3
Кіріспе: Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамытуын қалыптастырудағы ойынның маңызы
:
:
Кіріспе: Қорытынды.
:
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
:

Кіріспе

Соңғы жылдары журнал беттерінде шыққан мақалаларда балалардың тілін дамыту мәселелеріне әжептеуір көңіл бөлгенін байқаймыз. Бұл жөнінде Ә. Сыдықовтың «Оқу-жазуға үйретуде психология не айтады?» деген мақаласын айтуға болады. Автор бұл мақалада балаларға оқығанда, жазғанда, көп салмақ түсетінін (көру, есту, сөйлеу мүшелері, қолы, саусақтары, мидың 4 түбегі бірдей қызмет істейтінін) айтып, оқуға, жазуға үйрету кезеңін 5-ке бөледі:

Көру, есту, сөйлеу, ойлау мүшелерінің қызметі қолдың қимылымен байланысты. Күштің көбі қол жаттықтыруға кетеді.

Әдетте бала өзіндік сөйлеу әрекеті тән. Кейбір идеалистік бағыттағы психологтардың ( Д. Элласберг, Э. Клапаред, К. Бюлер) пікірі бойынша, баланың сөйлеу әрекеті бірден пайда болады. өз тіліндегі сөздік қорға қанағаттанбаған екі жасар бүлдіршін өзінше тілдесуге қажет сөздер ойлаптабады. Ол сөздер тек өзінің айналасындағы азғана ортаға түсінікті болады.

Баланың сөздік қоры 1 жыл 8 айдан асқан соң жедел дамиды. Егер 1, 5 жастағы баланың сөздік қоры 18-25 - тен аспаса, 3 жастан кейін ол 1000-1200 сөзге жетеді. Мұның ішінде сөздік қордың басым бөлігін зат есімдер (60%), етістіктер (25-27%), сын есімдер (10-12%) құрайды.

Әрбір жас кезеңдегі сөздік қордың қалыптасуындағы балалардың өзіндік ерекшеліктері мен сөздерді қабылдау және қолдану ерекшеліктеріне де баса назар аударады.

Зерттеудің көкейкестілігі: Балалардың ой - өрісінің, сана - сезімінің жан - жақты дамуы кішкентай кезден бастау алады. Балалардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көзқарасын қалыптастырса, ой өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болшағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ екені ақиқат.

Қазақстан Республикасың президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытында: бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек», -деп көрсетті.

Зерттеу мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайтуда, іс-әрекетінің ықпалын арттыруда бақылаудың маңызын ашу

Зерттеу міндеттері:

- балаларға мектепке дейінгі ұйымдарындағы түзету сабағының ерекшелігін және ойын іс-әрекетін қолдану деңгейін анықтау;

- балалардың сөздік қорын молайтудағы ойын іс-әрекетін арттыратын әдістемелік тәсілдерін жүйелеу;

- ойын іс-әрекет барысында балалардың сөздік қорын молайтатын әдістемелік тәсілдердің тиімділігін тәжірибелік тұрғыдан қарастыру.

Зерттеу жұмысының болжамы:

Егер балалардың сөздік қорын молайту кезінде ойын іс-әрекеті арнайы бағытталған түрде ұйымдастырылса, онда оның түзете-дамытушылық ықпалы едәуір артады.

Балалардың сөзік қорын, сөз мәдениетін қалыптастырудағы теориялық білімдер мен педагогикалық еңбектерге тоқталып, шолу жасау.

Балалардың сөздік қорын, сөз мәдениетін дамытып, қалыптастырудың тиімді жолдарын құру.

Балалардың сөздік қорын байытудағы маңызын ашып, ұсынылған бағыттарды практикалық қолдана білу.

1. Балалардың тілін дамытудың теориялық негізі.

Балабақшадағы тәрбиелеу - оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік карым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту ісінде тәрбиешінің:

  • балалардың тілдік қорларын дамыту;
  • жаңа сөздерді меңгерту;
  • үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. [1]

Балалардың оқытылатын ғылым негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой-өрісін, тіл байлығын, ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан ана тілінің заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларында еркін сөйлей білу міндеті қойылып отыр. Өйткені - тіл дамыту сайып келгенде ой дамыту.

Балаларға жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі - оқушыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім. Жалпы әдістеме ғылымның бір саласы.

Басқа ғылымдар сияқты тіл дамыту әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы жетістіктеріне негізделе дамиды. Тіл ұстартудың ғылыми негіздері - тіл білімі, әдебиет және психология. Өйткені тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей. Қай тілдің болмасын айтылуының грамматикалық және синтаксистік нормативтік ережелері болады. Мұны тіл білімі зерттейді. Ал сөйлеу - психикалық құбылыс. Ол - әр адамның өзіне ғана тән ерекшелігі. Сөйлеуде объективті шындықты осы адамның субъективті түрде бейнелеп, оған индивидтің көзқарасын білдіреді. Яғни адам тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі, сөйлеу - психо-логияның зерттеу объектісі болып табылады. Солай бола тұрса да, күні бүгінге дейін мектептегі тіл дамыту жұмыстарын психологиялық ғылымнан оқшау жүргізіліп келеді. Соңғы кезде ғалымдар «Психология әдістеме ғылымынсыз-ақ өркендеп, өмір сүре береді, алайда әдістеме ғылымы психолгиясыз дамып, жетіле алмақ емес. Әдістеме толық мәнді ғылыми пән болуы үшін, ол психологиялық негізге сүйенуі қажет пікірді іс жүзінде дәлелдеп отыр. [2]

Әдістеме теориясында тіл дамыту енді ғана қалыптасып келеді. Оның маңызы, қажеттілігі анықталғанымен, ғылыми негіздері, құралдары, мазмұны мен салалары, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын жұмыс түрлері, әдіс-тәсілдері т. б. жақтары анықталмаған.

Тіл - адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл - адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып, өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.

Тіл - тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіргендерге лағнеті бейнеленген. Тіл - оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізгі арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.

Ана тілі, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгертетін де осы пән.

Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасымен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», - деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский.

Еркіндікке қолы жеткен қазақ халқының болашаққа артқан үміті, сенімі осы қазіргі мектепте отырған, келешекте отыратын жаз жеткіншектерімізде. Тіліміз ғана емес, жалпы халық болып сақталып қалуымыздың өзі қазіргі оқушыларымызға ана тілін қалай меңгертуімізге байланысты. Енді бұл мәселеде жетпіс жылдай танытқан енжарлығымыздан таймасақ, белсенділік танытпасақ, тілсіз, тарихсыз мәңгүрт тобырға айналуымыз анық.

Тіл - рухани байлықтың шыңы. Рухани болмыстың деңгейлік баспалдақтары; танымдық, қазыналық, мән-мағыналық. Тілін меңгерген адам - сара жолын сараптап, игерген адам.

Тілді меңгеру ананың ақ сүтінен басталып, бесік жырымен тербетіліп, өмір сатысымен нықталады. Өткен кезең мәдениетінің тұңғиығына бойлап, оның ішкі мазмұнын түсінуге тырысу адамды рухани жағынан байытады.

Көрнекті жазушымыз Ғабит Мүсірепов: «Ана тілі дегеніміз - ол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың өткенін де, болашағынан да қол үзеді», - деген. [3]

Бүгінгі таңдағы мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі - тілдерді қолдану мен дамыту болып отыр. Ел басы Н. Ә. Назарбаев Қазақ тілін өркендетудің нақты 11 жолын атап өтті:

  1. Қазақ тілді балабақша санын тиісінше көбейту;
  2. Қазақ мектептерінің санын өсіру және осы заманғы технологияның соңғы жетістіктерімен жабдықтау;
  3. Қазақстанның барлық мектептерінде оқушылар қазақ тілін еркін меңгеріп шығуы үшін орыс мектептерінде қазақ тілі пәні аптасына екі - үш сағат емес, қазақ мектептеріндегі орыс тілі сияқты бес - алты сағаттық мөлшерде оқытылуы қажет;
  4. Барлық орта мектеп оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ тілі пәнінен міндетті түрде сынақ тапсыруы тиіс;
  5. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерге оқуға жіберілетін жастар қазақ тілін білуі тиіс;
  6. Білім, денсаулық, сауда және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы мамандарының қазақ тілін жетік меңгеруіне ұмтылу;
  7. Қазақ тілін жетік білетін мемлекеттік қызметкерлерге жан - жақты қолдау көрсету, әсіресе, мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі қажет;
  8. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне жетіктерін баспасөз, теледидардан жиі насихаттап, салт - дәстүр, әдепке байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыруы қажет;
  9. «Тілдер туралы» заңды қайта қарап, замана талабына сай өзгерістер енгізу;
  10. Бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ тілінің қолданысы 50 пайыздан кемімеуі;
  11. 2010жылға дейін жасалған « тілдерді дамыту» бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізіп, әр облыстың мемлекеттік тілге көшу кестесін сақтау. [4]

Тілдің грамматикасын меңгеру баланың жалпы дамуымен де (ақыл - ой қызметінің кеңеюі, өз бетінше ізденістері) сабақтас дамиды. Сондықтан да түрліше әрекет жасау барысында баланың мазмұнды өмір сүріп, ой - өрісін дамытуы, үлкендермен тілдік қарым - қатынас жасауы оның тілінің дамуына ықпал етеді. Олардың сөздік қоры молайып, алғашқы грамматикалық формаларды меңгеруі жетіле түседі.

Баланың сөйлеу білуге деген алғашқы талпынысы - оның дамуының бастапқы кезіндегі басты нәрсе. Ол үлкендердің сөйлеген сөздерінен бірнеше мәрте қайталанатын белгілерді ептеп түсіне бастайды. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, екі жастан бастап бала тілі күрт дамиды. Мектеп жасына келген бала, яғни 6-7 жасар бала 3, 5-4 мыңға жуық сөз біледі екен. Демек, ол тілдің бүкіл фонологиялық жүйесін түсінеді. Олай болса, өз бетінше сөйлемдер құрастыра, өз ойын өзгеге түсіндіре, жеткізе алады.

Зерттеулер көрсеткендей түске, үлкендікке, заттың жай күйіне жас баланың естіп қабылдауынан гөрі, сол заттарды көріп, қолмен ұстап барып, ажырата қабылдауы 10-12 есе тезірек іске асады да, бала жадында ұзақ сақталады.

Демек, баланың алғашқы сатысында оның физиологиялық және физикалық дамуы мен ойлау белсенділігі үлкенденрдің жүйелі тәрбиелік жұмыстарына байланысты болады. Өмірдегі құбылыстарды көру, есту арқылы бұл жаста бала психикасында үлкен өзгерістер байқалады. Ол өзін қоршаған құбылыстарды, үлкендердің сөздері мен іс-әрекеттерін ойын арқылы ойнап, сол ойындарда қолдана бастайды.

Дұрыс ұйымдастырылған ойындарда балаларда жақсы дағдылар қалыптаса бастайды, яғни ойын - ойды дұрыс дамытады. Тек баланың ақыл-ой қызметін активтендіру және ұйымдастыру нәтижесінде ғана білімді меңгертуге болады. Н. А. Менчинскаяның пікірінше, «таным, танымның қалыптасуы өзара байланысты екі процестен тұрады: білімді игеру және оны қолдану».

Бастауыш сыныпта оқушылар сөйлеу, сөйлем, сөз дыбыс және олардың шартты белгілерімен танысады. Дауысты, дауыссыз дыбысқа байланысты грамматикалық материалдар талдау әдісімен беріледі. Тіл дамытудың төрт міндеті жүзеге асырылады.

-сөздік қорын дамыту;

-байланыстырып сөйлеуге үйрету;

-грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету;

-сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. [5]

1. 1 Сөз, сөйлеу және сөздік қор ұғымдарына сипаттама.

Сөз тілдің негізгі единицасы, дыбыстық таңбалар мен мағынаның көрінісі. Дыбыстық таңба сөздің материалдық жағынан қаласа мағына (мазмұн) оның идеялық жағын қарастырады. Бұлардың бірлігі т сөздің өмір сүруі мен қызмет атқаруының белгісі.

Сөз - тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу объектісінің бірі болып табылады. Бірақ тіл білімінің әр саласы сөздің бір қырын ғана өз объектісі етіп алады да, өз заңдылықтары негізінде сөз етеді. Бұл сөздің күрделі құбылыс екеніндігін білдіреді. Тілдегі сөздер бір-бірімен дыбыстық ерекшелігі мен морфологиялық құрамы жағынан да қилы-қилы. Мәселен, Жомарт кеше Алматыдан жүрдек поездбен келді, деген сөйлемдердегі сөздерді жеке-жеке алып қарасақ, дыбысталу жағынан да, морфологиялық тұлғасы жағынан да, керек десеңіз, сөйлемдегі атқарылып тұрған қызметі мен орын тәртібі жағынан да түрлі-түрлі. Осындағы сөздерсіз ешқандай ой пікір құруға болмас еді. Сол сияқты тілдің грамматикалық заңдарынсыз айтылатын ой түсініксіз, әрсіз болар еді. Сондықтанда бұлардың әрқайсысына тән ерекшелігімен қызметі бар негізгі элементтер екендігін көреміз. [6]

Сөздерді фонетикалық, грамматикалық жақтан талдау мүмкін болғанымен, сөздердің барлық қасиеттерін грамматикалық белгілері арқылы ашылу мүмкін емес. Фонотиканың ең кіші элементі болып саналатын морфема болсын - барлығы да сөз бойынан табылатын нәрселер. Сөз мағынасы, оның даму заңдылықтары, синоним, онтоним сияқты құбылыстарда сөздерге тән заңдылықтар. Дегемен осы ата аталған қаситтерді жеке - жеке өмір сүретіні анық, бірақ олар бірігіп қана сөз жасай алады. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыссыз сөз болмайтындығы сияқты, грамматикалық жақтан тұлғаланбаған сөздер болмайды. Сөз болуы үшін дыбыстық, грамматикалық формалардың болуы жеткіліксіз. Жоғарыда аты аталған белгілері сөз элементтері деп аталуы үшін сол белгілер мен бірге, лексикалық мағынасының да болуы шарт. Жалаң лексикалық мағынаның грамматикалық мағынамен байланысын, астасып жататындығын, олардың өмір сүру формасы тек дыбыстық тіл болатындығын ескеріп талдау жасайтын болсақ, онда сөз мәселесінің қаншалықты қиын, күрделі екендігін дәлелдеп жатпай-ақ көз жеткізуге болады. Тіпті сөзге көпшілік тілші ғалымдар мойындаған ғылыми анықтаманың да берілмегендігін айтудың бұл мәселенің қаншалықты қиын екендігін көрсетеді.

Көптеген оқулықтарда «Сөз мағына мен дыбыстардың бірлігі» деген анықтама берілген. Ой елегінен өткізе зерделесе, шындығында сөздің құрамында мағына мен дыбыстың болатыны даусыз. Дыбысталусыз сөз болмайтын сияқты, мағынасыз да сөз болмайды. Бірақ бұл анықтама сөздердъің барлық қасиеттерін анықтап бере алмайды, өйткені бір сөздің мағынасы тіл-тілдерде әртүрлі сөз арқылы беріледі. Сондай-ақ бұл анықтама сөздердің көп мағыналы қасиеттімен синоним, антоним сияқты тілдік құбылыстардың басын ашып бере алмайды. І. Кеңесбаев «Сөз - дыбыстар мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жиынтық белгісі», - деп, сөздің мағынасын күрделендірген.

1979 жылы жарық көрген Ә. Болғанбаевтың оқулығында: «Сөз дыбысталу мен мағына бірлігінен тұрады. Әрбір сөз - белгілі бір құбылыстың аты», - деп анықтама береді Сөзге мағына мен дыбыстың бірлігі, не мағына мен дыбыстың және грамматикалық категориялардың бірлігі деп берілген анықтамалардың қазіргі тілшілерімізді қанағаттандыра алмайтындығы анық.

Олай дейтін себебіміз: тілдің негізгі қызметі адамдардың қатынас құралы болу екендігі анық. Сондықтан да тілдің белгілі бір адамзат қоғамына танылған сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымы да болуы керек. Бұлардың барлығы да дыбыстар арқылы өмір сүреді, сол себепті дүниедегі тілдердің барлығыда тіл дегенге ешкім дау айтпаса керек. Бірақ мағынасыз дыбыстардың жалаң сөздері қатынас құралы қызметін атқара алмайды. Осы негізінде жүйелі дыбысталудың барлығыда сөз бола бермейтіндігі анық. Қатынас құралы болатын тілдің негізгі қызметі - адамдардың пікір алысуы. Бұл процесс сөз адамдарға тәуелді болмаған табиғи құбылыстар мен объективті дүниедегі түрлі жағдайлармен байланысты болады. Демек ғалымның (М. Оразов) сөзге берілген анықтамасы көңілге қонымды.

Жас балаға тіл үйреткенде дайын сөздерді мағына мен дыбыстар бірлігін үйретеміз де, оған біртіндеп мағынаны ажыратуды көрсетеміз. Екінші сөзбен айтқанда, тіл не жаңа сөз үйренгенде әр адам жаңа тіл не жаңа сөз жұмсайды, ертеден келе жатқан ата-бабадан мұра болып берілетін даяр форманы қабылдайды, біртіндеп оны үйренеді. Тіл үйренгенде үйренуші бала сөздің жеке фонемалық көтерілгенде ғана сөздің тұлғасына, байланысу тәсіліне, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне, тағы басқаларына көңіл аударады.

«Сөз» деген ұғым мектеп жасына дейінгі балаларға үйретіле бастайды. Бала - бақшаларда аталмыш тақырыпта балаларға кез келген заттарды көрсету арқылы үйретіледі. Мысалы, мынау - орындық, анау - парта, бұл - кітап, ол - қалам тағы бақа. Осындай мысалдар келтіріп, әрбір заттың, құбылыстың аты «сөз» деп аталатындығы түсіндіріледі. Тәрбиешінің мұндағы көздеген мақсаты - әрбір сөздің жеке-жеке ұғымды білдіру, түсіндіру, әрбір заттар мен құбылыстардың атауы «сөз» деп есептелетіндігін ұғындыру.

Айналадағы заттар мен санамызға, ойлау мүшелерімізге өзінің бейнесін, сәулесін түсіріп, ұғымпайда етеді. Ұғым арқылы танылған зат пен құбылыстарға шартты түрде атау беріледі. Ол атау жеке сөз, сөз тіркестері арқылы жасалады. Сөз мағына арқылы ақиқатты бейнелейді. Мағына болмаған жерде сөз де өмір сүре алмайды. Сөз бір тектес зат пен құбылыстардың жеке атауын білдірумен бірге, олардың жалпылауыш атын да танытады. [7]

1. 2 Балабақшада сөздік қорды дамытудың мазмұны мен міндеттері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын байыту жұмыстарының түрлеріне тоқталу және олардың тілді үйрену барысында алатын орнын анықтау
Оқушылар арасында тіл дамыту жұмыстары
Тіл дамыту сабағында балалардың сөздік қорын проблемалық оқыту технологиясы арқылы дамыту
ҮІІІ типтегі арнайы түзету мектебіндегі ақыл-есі кем кіші сынып оқушыларының тіл дамыту сабағында сөздік қорын байыту
Тілдің негізгі элементі - сөздік қор
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының даму деңгейін анықтау
Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту
Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары
Гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz