ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ТҮСІНІГІ
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ТҮСІНІГІ.
1.1 Экономикалық өсу: мәні, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
1.2 Экономикалық өсудің модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
6
2. ҚР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫ
2.1 Пандемия COVID-19: сыртқы жағдайдың нашарлауы және үкіметтің шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
2.2 Экономикалық құлдырау және Қазақстандағы инфляцияның өсуі..
10
0.3 Қазақстандағы экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне "ИМСИ Elim" талдаушыларынан мониторинг жүргізу ... ... ... ... ... ... ...
16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
22
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
КІРІСПЕ
Экономикалық өсу әдетте Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖIӨ) нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң алатын орны үлкен болуы керек.
Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу, жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу болып табылады.
Халық санының өсуiмен қатар, экономикалық өсу бұл өмiр сүру деңгейiнiң жоғарылауын қамтамасыз етедi. Осы көрсеткiш бүкiл әлеуметтiк мәселелердi, жалпы елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн шешетiн көрсеткiш. Оның тиiмдi болуы үшiн ең алдымен елдегi жүргiзiлiп отырған экономикалық саясат дұрыс жүргiзiлуi және оның орындалуы үшiн ұлттық экономиканы қолдайтын, ешқандай жалалы болмайтын нақты экономикалық моделдер мен стратегиялар болуы керек.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар, модельдер немесе стратегиялар қажет.
Президентіміздің биылғы Жолдауындағы басты идеялардың бірі - Қазақстанның әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық дамудың жаңа моделін құру.
Сонымен осы курстық жұмысымның мақсатына тоқталатын болсақ, экономикалық өсуіне талдау және тұрақты экономикалық өсуге жету үшiн мемлекеттiк модельдерді талдау болып табылады.
Осы мақсатқа байланысты курстық жұмысымның міндеттері келесідей:
Экономикалық өсуге теориялық талдау жасау;
Қазақстанның экономикалық өсуінің үлгісін көрсету;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына талдау жасау.
1. Экономикалық өсу түсінігі.
1.1 Экономикалық өсу: мәні, мазмұны
Экономикалық өсу - адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың "мәңгі" проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Осы (жаңа) заманғы теория мен практикада "экономикалық өсу" термині елдің Жалпы Ішкі Өнімнің (ЖІӨ) немесе Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді, яғни экономикалық өсу пайыздық тұрғыда есептеледі және өткен жылғымен немесе қайсыбір базалық жылмен салыстырғанда, ЖІӨ (ЖҰӨ) көрсеткішінің өсімін сипаттайды. Экономикалық өсуді анықтау кезінде, ЖІӨ көрсеткіші салыстырмалы бағалар мен шарттар бойынша немесе осы көрсеткіші есептеуде баға факторы және өзге де құрылымдық өзгерістерді есепке алусыз есептеледі.
Дүниежүзілік банктің ресми анықтамасына сәйкес Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) - нақты елдің аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің жиынтық құндылығы. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмасы (өзгешелігі), Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ), сондай-ақ ел азаматтарының шетелдерден алған табыстарын да қосып, шетелдіктердің елден әкеткен табыстарын шегеріп тастайды.
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория "экономикалық өсу" категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады? Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстесивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өніміділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Экономикалық даму, әдетте, келесідей іс-әрекеттердің нәтижесінде орындалуы мүмкін.
* Жұмыс күшінің санын көбейту. Егер жұмыс күшін құратын адамдардың санын көбейтсе, онда экономиканың өндіріс қуаты міндетті түрде артады. Мысалға, соңғы жылдардағы еңбек ресурстарындағы әйелдердің санының өсуі АҚШ-тың өндіріс қуатын арттырады.
* Еңбек өнімділігін арттыру. Егер әрбір жұмысшы көбірек өндіре бастаса (кез-келген), онда мемлекеттің өндіріс қуаты өседі.
* Техникалық деңгейін көтеру. Техникалық сипаттамалары жақсартылған машиналарды қолдану еңбек өнімділігін арттырудың ең негізгі және маңызды жолы болып табылады. Алайда, бұл шартты орындау үшін ғылым мен техниканы үдемелі дамыту қажет.
* Капитал жинақтау. Өндірісті дамыту үшін тек қана тұтыну тауарларын өндіріп қоймай, онымен қатар қоғам өзінің ресурстарының бір бөлігін тиімді машиналар, станоктар, фабрикалар және т.с.с. сатып алу үшін жинап, оны сатып алып, оларды өндірісте қолдану керек.
* Кәсіпорынның ақша қаражатын жұмсауын өсіру. Кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру үшін жаңа сапалы құрал-жабдықтар алу, ғылыми зерттеулер мен дайындықтар жүргізу, жұмысшыларды оқыту және басқа да жолдарын пайдалануға қаржыны тиімді жұмсауға міндетті. Оған қосымша бұл тұста үкімет тарапынан кәсіпорындарды еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру мақсатында бөлінетін қаржыларды да қолдану қажет.
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауды ескерсек те,ұзақ мерзімді экономиканың тренді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі - бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2. Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрлымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б) Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдағы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
* Неокейнстік
* Ноеклассикалық
* Тарихи-әлеуметтік
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің ахуалын жеңілдетеді.
1.2 Экономикалық өсудің модельдері
Экономикалық өсу өзінің қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі аса маңыздылығымен соңғы үш жүзжылдықтың ғалымдарымен зерттелуде. Кейбір экономистер экономикалық өсуді өнім мен өндірістік фактордың сандық қана емес, сапалық өсуінен көреді. Экономикалық өсудің үш типі бар: экстенсивті, интенсивті, аралас.
Экстенсивті өсу - қосымша өндіріс факторын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
Интенсивті өсу - техника мен технология толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
Аралас өсу - өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторын пайдалану санының өсуі және техника мен технологиялық жетілдірілуі.
Классикалық мектептің негізін салушы А. Смит Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеулер еңбегінде XVIIIғ. соңында-ақ, экономикалық өсудің негізгі факторларын атаған болатын: еңбек бөлінісі процесі, капиталдың қорлануы және техникалық прогресс.
ХІХғ. басында осы мектептің келесі көрнекті өкілі ағылшын экономисі Д. Рикардо экономикалық өсудің басқа тұжырымдамасын ұсынды. Оның мәні кемімелі қайтарым қағидасына негізделген Д.Рикардо: жерге қосымша инвестиция салымының өсуі жерден алатын экономикалық өсудің кідірісін туғызады - деген.
ХХғ. ортасында экономикалық өсудің жаңа неоклассикалық моделі қалыптасты, оның негізін Роберт Солоу және Тревер Свон қалаған. Олар экономикалық өсуді жетілген бәсеке жағдайында қайтарымның кему заңын есепке ала отырып сипаттайды.
Экономикалық өсудің модельдеріне келсек, оның негізгі үш моделін атап өтуге болады:
1. Неоклассикалық модель, яғни еркін рыноктық қатынасты, өндіріс факторларын қарастырады.
2. Кейнстік және неокейнстік модельдер - сұранысты ынталандыра отырып экономиканы реттейді.
3. Институционалдық модель - дамып келе жатқан қажеттілікті үнемі қанағаттандыруға және халық шаруашылығының құрылымының институционалдық өзгерістеріне көңіл бөледі.
Неоклассикалық бағыт төмендегілерге негізделген:
а) өндірістің әрбір факторы өндірілетін өнімге сәйкес үлесін қамтамасыз етеді.
б) өнім құны шекті факторлармен жасалады.
в) экономика еркін бәсеке процесі кезінде тепе-теңдікті автоматты түрде қалпына келтіру үшін қажетті алғы шарттарға ие.
Неоклассикалық бағытты қолдаушылар экономикалық өсудің неокейнстік жүйесіне қарсы өздерінің жаңғырту тұжырымдамасын жасауға ұмтылды.
Кейнстік бағытты жақтаушылар теориясында өсу әлеуметтік-экономикалық алғы шарттардың кешеніне әсер етпейтін, тек техника-экономикалық көрсеткіштердің өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен сапалық емес, сандық құбылыс ретінде қарастырылады. Кейнстік өсу теориясының қарастыратын негізгі мәселесі инвестиция мен жинақтың ара қатынасы, бірақ неоклассиктер капиталдың қорлануы мен халықтың өсуінің арасындағы тепе-теңдікке кейінстіктерден бұрын талдау жасаған. Неоклассикалық және неокейнстік модельдердің өзара айырмашылығына қарамастан, олар ұқсас әдістемеге негізделген.
Институционалдықтың олардан өзгешелігі сапалық басқа теориялық негіздерге сүйенеді.
2. ҚР экономикасының қазіргі жағдайдағы дамуы
2.1 Пандемия COVID-19: сыртқы жағдайдың нашарлауы және үкіметтің шаралары.
COVID-19 пандемиясы - ауыр әлемдік денсаулық дағдарысы - әлемдік экономиканы экономикалық құлдырауға итермеледі. Бұл проблемалардың ерте кезеңде бар екенін мойындай отырып, Қазақстан Үкіметі індеттің алдын алу мақсатында тез әрекет етті.
COVID-19 пандемиясы мемлекеттік ресурстар үшін ауыр жүктеме және денсаулық сақтау жүйесі үшін сынақ болды. Пандемия бүкіл әлемге тез таралды, барлық жерде ауру, өлім және экономикалық қызметтің бұзылуына әкелді. Бүкіл әлемде үкіметтер медициналық көмек көрсететін мекемелердің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу үшін шаралар қолданады және осы күйзеліске байланысты бизнес пен халықты қолдау шараларын қабылдайды. Дамушы елдер одан да қиын жағдайға тап болады, өйткені олардың денсаулық сақтау жүйелері пандемиямен күресуге дайын емес және олар экономикалық көмек көрсетуде ресурстардың тапшылығын сезінуде.
Коронавирустық эпидемия Дүниежүзілік пандемияға ұласып, жаһандық экономикалық белсенділік төмендеді. Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің экономикалары тез төмендеді, бұл COVID-19 пандемиясының әсерін көрсетті (1-сурет). Алдымен эпидемия Қытайдың күрт баяулауына алып келді, содан кейін ол Шығыс Азия мен Еуропаның көп бөлігіне еніп кетті. Эпидемияның бүкіл әлемге, соның ішінде АҚШ пен Латын Америкасын қоса таралуы, әлемдік экономиканың болжамының айтарлықтай нашарлауына әкелді. Қытайдағы сұраныстың әлсіреуі, жаппай тоқтаулар мен карантиндер бүкіл әлемдегі экономиканы тоқырауға ұшыратты, тауарлар мен басқа да өнімдерге сұранысты күрт төмендетіп жіберді.
Энергия мен металдарға дүниежүзілік бағалар көпжылдық минимумға дейін төмендеді, содан кейін олар ішінара қалпына келді. Наурызда ОПЕК + серіктес елдері арасындағы өндірісті қысқарту туралы келіспеушіліктер мен әлсіз сұраныстың күтуі кезінде мұнай бағасы 17 жылдық барреліне шамамен 25 долларға дейін төмендеді (2-сурет). Коронавирустық пандемиядан туындайтын экономикалық құлдырау мұнайға деген сұраныстың төмендеуін қамтыды, бұл қоймалардың көптігі мен шамадан тыс жүктелуіне әкелді. Өндірістік тауарларға сұраныстың төмендеуіне байланысты металдардың бағасы да төмендеді, әсіресе Қытайда. Еуроаймақпен, Қытаймен және Ресеймен тығыз сауда және инвестициялық байланыстар және мұнай экспортынан тәуелділік Қазақстанды сұраныс пен шикізат бағасының төмендеуінің жағымсыз әсеріне аса осал етеді. Мұнай бағасы өткен жылы тіркелген деңгейден едәуір төмен болып тұрса да, жақында пайда болған сұраныстың артуы маусымның басында барреліне 40 долларға дейін көтерді, өйткені елдер карантиндік шараларды біртіндеп жеңілдетіп, экономикаларын қайта бастады.
Сурет 1. Негізгі экспорттық нарықтардағы өсу қарқынының төмендеуі (жылдан-жылға,% -бен) Ақпарат көзі: ХВҚ.
Сурет 2. Тауар бағасының төмендеуі (индекс, 2016 = 1). Ақпарат көзі: ХВҚ.
Қазақстан үкіметі жедел түрде COVID-19 таралуын тоқтату және оның әсерін азайту жөнінде шешуші шаралар қабылдады. Билік COVID-19 таралуын болдырмау үшін шекараларын жауып, әуе қатынасын тоқтатты және басқа да шектеулер енгізді. Содан кейін үкімет екі айға созылған төтенше жағдай жариялады. 19 наурызда үкімет пандемиямен күресу үшін карантинді Алматы мен Нұр-Сұлтаннан бастап енгізіп, санитарлық-эпидемиологиялық процедуралар күшейтілген және медициналық қызметтердің COVID-19-ға байланысты төтенше жағдайларға ден қою қызметтері әлеуетін барлық аймақтарға таратты. Пандемиямен күресудің үйлестірілген шараларын іске асыру үшін үкімет 125,2 миллиард теңге (297 миллион доллар) бөлді. Денсаулық сақтау шараларынан басқа, үкімет, орталық банк және жаңа қаржылық реттеу агенттігі халық пен бизнесті ілеспе экономикалық құлдыраудан қорғау шараларын жариялады. Үкімет ЖІӨ-нің 5,7% мөлшерінде" дағдарысқа қарсы " шаралар пакетін жариялады. 11 мамырда Қазақстан төтенше жағдайды алып тастағанына қарамастан, кейбір аймақтардағы шектеулер кезең-кезеңімен алынып тасталына отырып, кейбір карантиндік және әлеуметтік арақашықтық шаралары сақталуда.
2.2 Экономикалық құлдырау және Қазақстандағы инфляцияның өсуі
ЖІӨ бірінші тоқсанда қалыпты өсуді көрсеткенімен, келесі айларда құлдырау болды, өйткені шикізат бағасы төмендеді, сауда төмендеді және COVID-19-ға қарсы карантиндік шаралар экономикалық белсенділікке әсер етті. Жеткізудің кешеуілдеуі және валюта бағамының төмендеуі инфляцияның өсуіне әкелді. Сауда шарттарының нашарлауы және жалпыұлттық шектеулер наурыздың ортасында басталғандықтан, бірінші тоқсандағы ЖІӨ өсімі пандемияның толық көлемін көрсетпейді. Қаңтар-наурыз аралығындағы кезеңде ЖІӨ-нің нақты өсуі жылдық есептеуде 2,3% - ға дейін өзгергенін Үкіметтің алдын ала бағалауы дағдарыстан кейін толық көлемде пайда болған қаңтар-мамыр аралығындағы кезеңде экономика 1,7% - ға қысқарғанын көрсетеді. Бірінші тоқсанда белсенділіктің төмендеуі қызмет көрсету саласындағы күрт қысқарумен байланысты, бұл Нұр-сұлтан қаласында және Алматының іскерлік орталығында карантин енгізумен жарияланды, ал тау-кен өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібі 2020 жылдың бірінші тоқсанында төтенше жағдай бойынша тұрақтылықты көрсетуді жалғастырды (сурет. 3). Жағынан сұраныс жақсы пайдалы активтерге байланысты тұтыну шығындары мен инвестициялар ЖІӨ-ні қолдауды жалғастырды. Бағалаулар бойынша тұтынушылық сұраныстың өсуі жалақының тұрақты өсуіне, табысы төмен үй шаруасындағы әйелдерге төленетін әлеуметтік төлемдерге және бөлшек кредиттердің өсуіне қарамастан, covid-19 және шектеу шаралары бойынша өсіп отырған қамтамасыз етілуді көрсете отырып, жылдық есептеуде 1,2% - ға дейін төмендеуі мүмкін. Инвестициялардың жылдық өсуі 1,0% - ға дейін баяулауы мүмкін және көбінесе мұнай-газ секторына тікелей шетелдік инвестициялармен (ТШИ) және тұрғын үй құрылысына капитал салумен қолдау көрсетілетін болады (сурет. 4) Ішкі жеке инвестицияларды қолданыстағы алмастыруға арналған шығыстар.
Соңғы уақытта инфляция орталық банктің мақсатты диапазонының жоғарғы шегінен асып кетті. Тұтыну бағаларына беру жалпы курстың төмендеуіне және аз дәрежеде жеткізілімнің үзілуіне байланысты қайтадан көтеріледі. Мұнай бағасының құлдырауы сәуір айында қаңтармен салыстырғанда теңге бағамын 15% - ға төмендетті, дегенмен мамыр айында мұнай бағасының қалпына келуі аясында бағам 5% - ға өсті. Инфляция теңге бағамының шамалы төмендеуіне дейін өсе бастады, осылайша бағаның одан әрі өсуін күту арта түсті. Мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың көрсеткішінен 7,9% - ға асып, 10,7% - ға өсті, ал соңғы айларда азық-түлік емес инфляция төмендеді. Айырбас бағамының төмендеуі және ұзарту бағасының көтерілуі сол баяғы ішкі сұраныстың әсерін өтейді, сондықтан жылдық инфляция желтоқсан айында 5,4% - бен салыстырғанда мамыр айында 6,7% - ға дейін өсті (сурет. 5). Үй шаруасындағы әйелдерге мемлекеттік көмек аясында Коммуналдық қызметтерге тарифтердің төмендеуі және карантинді енгізу нәтижесінде тұтынушылардың әлсіз сұранысы жалпы бағаның төмендеуіне сезімтал болып қала беретін азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуіне шектеулі өтемақы әсерін көрсетті. Жалпы курстың төмендеуін көрсететін импорттық тауарлардың бағасы наурыз айында 4,7% - ға өсіп, негізгі тұтыну тауарларына қысымның маңызды көзі болып қала береді (сурет. 6).
Жеткізілімдегі кідірістер және айырбас бағамының төмендеуі инфляцияның өсуіне алып келді.
Сауда жағдайының нашарлауы және ұтқырлықтың ұлттық шектелуі наурыз айының ортасында басталғандықтан, бірінші тоқсанда ЖІӨ-нің өсуі пандемияның барлық көлемін көрсетпейді. Қаңтар-наурыз аралығында ЖІӨ - нің нақты өсуі жылдық есептеуде 2,3%-ға дейін баяулағанына қарамастан, Үкіметтің алдын-ала бағалауы дағдарыстың салдары толық көрінген кезде қаңтар-мамыр айларында экономика 1,7% - ға төмендегенін көрсетеді. Бірінші тоқсанда белсенділіктің төмендеуі қызмет көрсету саласының күрт қысқаруымен байланысты, бұл Астанада және Алматының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz