Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

ЖОБАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Информатиканы оқытудың білім беру мақсаты

Пәп атауы: Программалау

Мамандық атауы, курс: Математика-информатика, 2 курс

Орындаған: Бауаш Г.Е.

Тексерген: Мажибаева Гулжан Пердебаевна

Алматы, 2020

Жоспар

Кіріспе

1. Орта мектепте информатиканы оқытудағы мақсат

1. Информатика пәнін оқытудың мақсаты

2. Бастауыш мектептегі информатиканың кіріктіріліп оқытылуы. Бастауыш
мектепте информатиканың кіріктіріліп оқытылудың қажеттілігі. Оның
мақсаттары мен міндеттері.

2. Информатика пәнін оқытуды ұйымдастыру

1. Информатика пәнінің дәстүрлі сабақтарының ұйымдастырылуы

2. Информатиканы қосымша оқытудың түрлері.

3. Ассоциаграмма әдісінің информатика пәнін оқытудағы маңыздылығы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея
ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің
бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы
атты жолдауында Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының
бірі деп атап өткен болатын. Қай заманда да өркениеттің дамуы
интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де
солай болып келеді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры
деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі
белгісі – қоғамды ақпараттындыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды
ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі
шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі
өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік
жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Қазіргі таңда мектептегі информатиканы оқытулың негізгі міндеті —
ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу
барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету, дамыту кұралы
ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету
болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық
технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық
бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай
қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік эксприментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына
да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық
мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады.
Мұндай мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем
бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың
динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың
сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар
өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды
жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, қарастырып
отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык
жүйе кұрамында электрондық құрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика пәнінің
кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык,
интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу
дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық
мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда,
оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу
техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын
қалыптастырады:
өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау
мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының
жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады.
Жоба жұмысының өзектілігі: Информатика пәнін оқытудың тиімділігін
арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа
технологиясын енгізуді атап өтуге болады. Білім беруді ұйымдастырудың
дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда.
Осы орайда информатиканы оқыту барысында туындап жатқан әдістемелік
мәселелер жеткілікті деп айтуға болады. Осыған орай оқытудың жаңа
технологиялары мен жаңа ақпараттық құралдардың қолданылуы мен әдіс-
тәсілдерін қарастыру өзекті мәселе болып отыр.
Жоба жұмыстың мақсаты жалпы білім беретін орта мектептердегі
информатика пәнінің әдістемелік жүйесі мәселелерн қарастырып, оқытудың жаңа
ақпараттық технологиялары мен оқыту тәсілдерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
- Информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері
- Информатика сабағын ұйымдастыру тәсілдері

- Инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру
жолдары

Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы: бұл жлбалық жұмыста
ұсынылған мәліметтерді оқу үрдісін ұйымдастыруда оқытудың жаңаша әдіс
тәсілдері мен мақсат, міндеттерін айқындауға мұғалімге көмекші құрал
есебінде пайдалануға болды.

1. ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ МАҚСАТ.

1. Информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері

Информатика сабағын мектеп пәні ретінде кірісуден кейін осы пәннің
мұғалімдерін жаппай дайындау басталды, 1985 жылы жаңа оқу жоспарлары мен
оқулықтар енгізілді. 1987-1988 оқу жылынан бастап, Информатиканы оқыту
әдістемесі пәнін оқыта бастады. Осы уақытта баяндамалар, дискуссиялар мен
пәннің фрагменттік түрдегі түрлері ғана болды. Сондықтан Информатиканы
оқыту әдістемесі курсын жүргізуде жоғары оқу орнының мұғалімдері мен
оқушылар қатынасы бірдей болды. Бұл тығырықтан шығудың жолы А.П.Ершовтың
біріктіріп оқыту концепциясы болды.
Кейін мыналар орындалды:
1) Мектепте информатика пәнін оқытудың мақсаттары құрылды;
2) Компьютермен жұмыс деңгейі бөлінді;
3) Информатикадан сабақ берудегі жалпы дидактиканың нақты принциптері;
4) Компьютерлік сауаттылықтың фундаментальді түсінігі, білімділігі және
ақпараттық мәдениет;
5) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру;
6) Жаңа және дәстүрлі дидактикалық құрылғылар қарастырылған;
7) Компьютерлік және қарапайым сабақтарға арналған ұйымдастыру формалары;
8) ЭЕМ жұмыс жасайтын оқушылардың оқу әдістеріне талдау жасау.

Негізгі қиындықтар жаңа бастаушы, кейде тәжірибелі мұғалімдерде пәннің беру
әдістемісіне байланысты туындайды.
Информатика – сөзі француздың information (информация-ақпарат) және
automatique (автоматика) – ақпараттық автоматика – автоматтандырылған
ақпаратты өңдеу, адамның ғылыми-техникалық жаңа облысы; пән, ақпараттың
жалпы қасиеттерін, құрылымын оқитын, сонымен қатар оның заңдылықтары мен
әдістерін құру, түрлендіру, әртүрлі адамның қызметі маңайында қолдану және
тасымалдау.
Информатика – ЕТ ақпаратты түрлендіру туралы ғылым, әдістер туралы білім
береді, әр түрлі класстардағы әлеуметтік ортадағы құрылым әдістері.
Информатика пәні ақпаратты кодтау, қызықты ақпаратты өңдеу, ақпаратты жинау
және сақтауды ұйымдастыр болып табылады.
3 Информатиканы оқыту әдістемесі – бұл барлық мүмкін болатын бағыттағы
әдістер мен тәсілдерді қолданып сабақ өткізу, мұғалімнің оқу жұмысын
жоспарлаудың ғылыми облысы.
Информатиканы оқыту әдістемесі курсы мақсаттардың бір жүйесі, мазмұны,
әдістері, формалары мен оқыту құралы ретінде қарастырылады.

Информатиканы оқыту әдістемесі курсын оқыту мақсаты:
• Мектеп информатикасының мақсаттарын меңгеру және түсіну (білім, даму және
тәрбие);
• Жалпы оқушы білімінде информатика курсының мағынасы мен орнын көру;
• Курс мазмұнын меңгеру (Информатика және есептеуіш техника негіздері
базалық курсының білімін қалыптастыру – ол үшін информатика курсы
программалары және оқулықтарды салыстыру);
• Материал мазмұныны өңдеуде түсіну принциптері , оны қолдана білу;
• Курсты оқу құралдарын меңгеру, классикалық және оқытудың жаңа әдістерін
меңгеру;
• Сабақ түрлерін әртүрлі етіп ұйымдастыруды меңгеру;
• Информатиканың басқа пәндермен байланысын ашу, түсіну және көру;
• Информатиканы оқыту процесін анализдеуге үйрену, оның программалық және
техникалық қамтамасыздығын қолдану;
• Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, бекіту және оята білу.
Міндеттері:
• Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау;
• Информатика пәнінің мазмұнын анықтау;
• Оқудың түрлері мен әдістерін құру;
• Информатиканы оқыту құралдарының сәйкестігін қарастыру (оқу пособиясы,
программалық құралдар, компьютерлер және т.б.) және мұғалімнің оларды
практикада қолдануына көмек беру
Жалпы білім беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш техника
негіздері" курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы
пайда болды, оның зерттеу объектісі — информатиканы оқыту әдістемесі деп
аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы
оқытудың; заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика
дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.
Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде;
оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді.
Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін
информатиканың барлық, деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі
кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының, барлық типтерінде, жоғарғы
мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы аталған
буындардың бәрі қазіргі уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән
проблемаларын қоюда.
Біздің жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселеміз, мектеп
көлемінде оқытылатын Информатика курсын
оқыту әдістемесі.
Информатиканы оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің
алдына келесі негізгі міндеттерді қояды: Информатика және есептегіш
техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру
пәнінің мазмұнын аньіқтау, оқыту түрлерін ұсыну; Информатика мен есешегіш
техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдары, программалық
құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды
қолдануға нұсқаулар беру.
Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрақтар
информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.
1. Оқытудың мақсаты (Не үшін оқытамыз).
2. Оқытудың мазмұны (Нені оқытамыз).
3. Оқытудың әдісі (Қалай оқытамыз).
4. Оқыту туралы (Неден оқытамыз)..
5. Оқытуды ұйымдастыру жолы (Қайтіп оқытамыз).
Бұл айтылғандардан басқа екі мәселеге көңіл аудару керек.
Олар 1) кімді оқытамыз? 2) кім оқытады? Соңғы екеуіндегі кімді
оқытамыз деген сұрақта; қай жастағы оқушыны қалай оқыту керек. Яғни қай
пәнді, оның бөліктерін, қай кластан бастау керек дегенді білдіреді.
Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым.
Педагогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы
оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологияға,
информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектептің өтілген практикалық
тәжірибесін басшылыкқа алады. Информатика әдістемесіне біріктірілген барлық
әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан
"Информатиканы оқыту әдістемесі" деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу
пәнінің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теәриялық
негіздері, типтік техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп
курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты — оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес
жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі
орын алған мәселе — дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.
Жалпы дидактикада оқыту мақсаттары: даму, білім және тәрбие біріктірулері
арқылы қарастырылады.
Жалпы мақсаттары:
Оқу мақсаты- информатика ғылыми негіздерінің алғашқы фундаментальді білімін
беру, оқушыларды бұл білімдерді меңгеруге қажетті, сонымен бірге басқа
ғылымдардың негіздері, ақпаратты қолдану және тасымалдауға қаруландыру. Бұл
мақсатты орындау барысында оқушыларда ақпараттық әлем картинасы және
ақпараттық технологияларды қолдану қалыптасады.
Дамыту мақсаты – информатиканы оқуға шығармашылық адамның ойын есін, ісін
дамытуға, т.б. бағытталған. Логикалық-алгоритмикалық және жүйелік
комбинаториялық ойлау стилі субъект қызметіне қалыптастыру.
Практикалық мақсат:
1. Қызмет жолына дайындықты қамтамасыз ету;
2. ЭЕМ байланысыты бағдарлау курсы мақсатында оқушыларға мамандықтар
жайлы ақпарат беру;
3. ЕТ тұрмыста қолдануға оқушыларды дайындау.
Тәрбие мақсаты:
Шығармашылық активтілікке, өзіндікке, жоғары моральге тәрбиелеу.
Оқу процесінің компьютеризациясы және автоматизациясы.
Оқу процесі және білімнің сәтті компьютеризациясына қажетті шарттар:
• Оқу орындарында ДК жеткілікті болуы;
• Өз пәні бойынша ЕТ сабақта қолдана алатын, компьютерлік
технологияларды жетік меңгерген мұғалімдердің жеткілікті болуы;
• Жақсы әдістемелік, сапалы әдістемелік, сапалы және әдістемелік
нұсқауларды қолданудың жеткілікті көлемде болуы;
• Мектепте компьютерлік технологияларға психологиялық аспектілердің
жеткіліктігі. Сонда мұғалім-практика және мұғалім-зерттеуші,
компьютерлік технологияның оқу процесіне енгізу мүмкіндігі туындайды.
Ал, енді информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары
жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде
тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми
өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен
анықталады.
Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) иформатика пәнін мектепте оқытудың
негізгі мақсаты оқушыларда компьютерлік сауаттылыкты қалыптастыру болып
табылады. Алайда шетелдік және Отандық тәжірибелер оқу мақсатын бұлайша
анықтаудың жеткіліксіз екенін көрсетті. Өйткені, компьютерлік сауаттылық
(арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару) басқа пәндерді оқу
барысында қалыптасатын жаллы сауаттылықтың құрамды бөліктерінің бірі болып
табылады.
Әрине, компьютерлік сауаттылық курсы оқытудың; жалпы мақсаттары
қатарынан шығарылып тасталмайды. Дегенмен де, курсты оқытудың басты мақсаты
орта білім беру мақсатынан туындайды.
Орта білім берудің басты мақсаты - жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет
қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-
өзі дамытуға жағдай жасау.
Сонымен, мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:
1) білім беру;
2) тәрбиелік;
3) практикалық.
Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың
информатиканы оқытудың мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.
Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға
информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру,
оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін
түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды
қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары.
Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл — ойын
дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабылеттерін нығайтуға елеулі
әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру- — дамытушылық мақсаты —
оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға,
ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде
қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты — оқушылардың
еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп
бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен,
дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын
жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі
кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айкындау болып табылады. Информатика
курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты
мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі
тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының "тұрмыстық
аспектісі" де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік
техниканы сауатты пайдалануға үйретеді.
Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты -
оқушыларды практикалақ қызметке, еңбекке, баска пәндерді оқыту процесінде
практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге
дайындауға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте
зәр. Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы
деңгейде қалыптасады; оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды
орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты
жалпы адамзаттың мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы
оқытудағы алгоритмдер мен программалар құру, оларды ЭЕМ-да орындау
оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз
алдына елестете білуді талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық,
алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу,
жұмысына жауапкершілікпен қарау, сенімді, тәртіпті болып, бар мүмкіншілікті
қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритмді жазуға
дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа, талап қоюды керек етеді.
Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелілік мақсат — оқушыны
азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққа баулуға
бағытталған.
Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірмен
өте тығыз байланысты, оларды бір-бірінсн ажыратуға болмайды. Оқушыларға
негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканын; тәрбиелілік эффектісін
алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу
процссіне байланысты нақгы мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды
оқытудың мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы
дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың
көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым
болғандықган ол даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу
үстінде. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту
мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Информатиканы мектепте оқытудың алғашқы кезеңінде компьютерлік
сауаттылықты ғана қалыптастыру мәселесі қойылды, ал мұның мағынасы тар
екенін тәжірибе көрсетіп, дәлелдеп отыр. Ал қазіргі кезенде информациялық
мәдениетгі қалыптастыру қажет екені көрінеді.
Олай болса, информациялық мәдениет дегеніміз не?
Дәл қазіргі уақытта педагогиканың алдындағы тұрған міндет - оқушыға
әлемнің информациялық бейнесіне түсіндіру. Информациялық бейне дегеніміз
не? "Ол оқушыға өзін қоршаған информациялық сферада бағдар алуға мүмкіндік
беретін информациялық, байланыстар мен сигналдар, белгілер жүйесінің
жиынтығы; информациялық ағымды пайдаланып, оны мүмкіндігіне қарай басқарып,
оның мазмұнын сапалы түрде талдай білу, қоршаған ортаға бейімделу
мақсатында тура және кері байланысты жүзеге асыру және оның саяси
-әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымын жетілдіру," - деп
түсіндіреді Н. Ф. Талызина.
Әрине, бұл міндетті жүзеге асыру оқыту технологиясын өзгерту арқылы
шешілетіні белгілі. Олай болса, информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлік
сауаттылықты қалыптастыру ғана емес, оқушыны информациялық қоғамда өмір
сүруге дайындау, яғни информациялық мәдениетті қалыптастыру болып
табылады. Ал, бұл мақсатты жүзеге асыру үшін бүкіл педагог, оқушылар қауымы
информациялық мәдениетпен қарулануы тиіс.
Мектептегі информатика қурсының мазмұнын таңдауға бір-бірімен белгілі
қарама-қайшылықта болатын екі негізгі факторлар тобы әсер етеді.
1) Ғылыми және практикалық факторлар. Информатика пәнінің мазмұны
информатика ғылымы арқылы анықталуы керек. Бұл пәнді оқыту барысында
іргелі білім деңгейі беріліп, оқушылардың әртүрлі саладағы болашақ кәсіби
кызметіне дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс.
2) Түсініктілік және жалпы білімділік факторлар. Оқу пәнінде
қамтылған материалды: меңгеруге окушының шамасы келетіндей болуы керек,
олардың ойлау кабілетінің деңгейі мен білімі, іскерлігі, дағдыларына сай
болуы тиіс. Сондай-ақ, информатика курсы информатика ғылымының сәйкес
салаларында жалпы мәні бар мәліметтерді қамтуы қажет. Қорыта айтқанда,
мектептегі информатика курсы бір жағынан болашақ заманға лайық өмірдің
күрделіленген талаптарына жауап беруі керек, екінші жағынан қарапайым болуы
қажет.
Жалпы информатика курсынын мазмұны мынадай екі үлкен дидактикалық
мәселені шешуге бағытталуы керек: 1) Компьютер-оқыту объектісі; 2)
компьютер-универсал таным құралы.
Оқушы таным субъектісі болған кезде бұл екі мәселе бірін-бірі
толықтыра отырып курстың негізгі мазмұнын құрайды.
Информатика курсының мазмұны әлі де информатика ғылымының үш іргелі
үғымына негізделеді: Ақпарат-алгоритм-ЭЕМ.
Информатика курсының негізгі мектептегі мазмұны аталған үш кешенді
мәселелердің төңірегінде шоғырланған, яғни : біріншісі — компьютерлік
техникамен танысу, -оның негізгі элементтері мен жалпы жұмыс істеу
принциптерімен танысу; екіншісі — алгоритмдеу және программалау негіздерін
оқып үйрену; үшіншісі — информатиканың қолдану шеңберін анықтау.
Окушылардың меңгеруіне міндетті болатын теориялық
дайындықтың көлемі осы ұғымдар жүйесі аркылы анықталады.
Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың
компьютерлік сауаттылығының компоненттерінен құралады. Мектептегі
информатика пәнінің мазмұнын, көлемін және көп жағдайда оқытудың ретін
анықтайтын негізгі кұжат-ресми түрде белгіленген оқу бағдарламасы болып
табылады.
2. Орта мектептің сатылары бойынша информатика курсы оқытуды
үш кезеңге бөлінген (Кузнецов тұжырымдамасы).
Бірінші кезең (1-6-кластар) – пропедевтикалық курс. Бұл кезеңде
оқушылар компьютермен алғаш рет танысады. Математика, орыс тілі және басқа
сабақтарда программаларын пайдалану процесінде информациялық мәдениеттің
алғашқы элементтері қалыптасады.
Екінші кезең (7-9- кластар) – негізгі курс деп аталады, ол
информатика пәні бойынша окушыларды міндетгі жалпы біліммен қамтамасыз
етуге бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен толықтай танысады, ЭЕМ-
нің архитектурасы және ақпараттық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін
үйрене отырып, оқу процесінде компьютерді жан-жақты, тиімді пайдалана
отырып, өзіндік танымдық іс-әрекеттерін калыптастырады. Негізгі курсты
оқытуда басқару ісіндегі ақпараттың мәні, ақпараттық процестердің жалпы
зандылықтары және жүйелі-ақпараттық тәсілдер туралы түсініктер қалыптасады.
Бұл кезенде окушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызыктық,
тармақталған, қайталану), программалау тілдерімен танысып, оны алгоритм
жазуда және қолданбалы есептерді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері
туралы мағлұматтар алады
Үшінші кезең (10-11- кластар) – бағдарлы курс, мұнда окушылар кәсіптік
бағдар бойынша оқытылады. Ол окушылардың сұранысына, кабілетіне және
қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп, оларға кәсіптік
мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі. Мысалы, математика
мамандығына бағытталған сыныптар мен мектептер үшін программалау мен
есептеу математикасы әдістерін тереңдетіп оқыту, ал жаратылыстану
мамандығына бағытталған мектептер үшін – эксперимент мәліметтерін өндеу,
компьютерді модельдеу үшін ғана қолдануға байланысты информатика курсы, ал
ауыл мектептері үшін – ауыл-шаруашылық өндіріс экономикасын ұйымдастыруға
арналған есептерді шығаруға информацилық технологияны қолдану іскерлігін
қалыптастыруға бағытталған курс оқытылады.
Негізгі мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнының
құрылымы мемлекеттік жалпыға білім беру стандартымен шектелген.
"Информатика" пәнінен білім беру тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдерге
сәйкестеңдіріліп ұсынылады.
Бағдарламалардың құрылымына төмендегі мәселелер енеді:
• сынып бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;
• оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
• тақырыптық жоспарлау.
Әрбір мәселені оқыту тереңдігі мен деңгейі оқушылардың біліміне,
дағдысына қойылатын талаптарды анықтау осы пән бойынша мелекеттік білім
беру стандартына сәйкес жазылады. Ал, материалдың жүйелі баяндалуы,
логикасы, мектепте информатиканы оқытудың әдістемесін жасайтын оқулық
авторлары, мұғалім, әдіскер, ғалымдардың жұмысы болып есептеледі.

2. Бастауыш мектептегі информатиканың кіріктіріліп оқытылуы. Бастауыш
мектепте информатиканың кіріктіріліп оқытылудың қажеттілігі. Оның
мақсаттары мен міндеттері.

Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген
педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының
жандана түсуіне мүмкіндік береді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын
орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған
көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің ішінен С.Пейперт, Ж.Пиаже, Ю.Первин,
Е.Коган, О.А.Красноперова, А. Витухновская мен А.Семенованың және отандық
ғалымдарымыздан Е.Бидайбеков пен Ж.Қараевтың тұжырымдарымен Қ.Әбдиев,
Ж.Сардарова және Г.Абдукаримованың зерттеу жұмыстары бастауыш мектептерде
информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Алайда, бұл зерттелген жұмыстарда бастауыш мектепте информатика
элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндегі
мәселелер жеткілікті дәрежеде зертелген жоқ.
Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктері
мен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуде пәнаралық
байланысты жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен,
дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге
дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігі маңызды болып отыр.
Мұндай келелі мәселелерді шешу, бастауыш мектепте информатика
элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды теориялық,
психологиялық және педагогикалық жағынан негіздеуді қажет етеді. Бірақ,
бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық баланыс негізінде бастауыш
мектепте оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуге тиімді оқу-
әдістемелік құралдардын, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде
болмауының арасында қарама-қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтан, бастауыш
мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды
енгізу арқылы оқушыларда алғашқы білім, іскерлік, дағдыларды қалай
қалыптастыруға және оның қандай теориялық, психологиялық-педагогикалық алғы
шарттарын анықтауға болады? - деген зерттеу мәселесі туындайды.
Бүгінгі күні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеудің түрліше
байқаулары өтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап ретке келтіру белгілі бір
әдістерді жүйеге келтіру заңдылықтарын және ортақ сипаттамалары мен
ерекшеліктерін ашуда үлкен маңызды рөль атқарады.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту әдістеріне келер
болсақ, төмендегі мәселелер туындайды:
- әрбір пәндер бойынша жүргізілетін оқу материалын оқушылардың
санасына қалай жеткізу керек?
- балалар білімді, іскерлік пен дағдыларды игеруі үшін, олардың
белсенді танымдылық қызметін қалай ояту керек?
- оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, олардың білімді болуына
қалай көмектесу керек?
- ынтасы бар мен ынтасы жоқ балаларды қалай оқыту керек?
Дәл бүгінгі күні ғылыми-техникалық үрдістің жоғары дәрежеде дамуы,
оқытудың жаңаша, тиімді әдістерін іздестіруді талап етуде. Оқыту әдістері
дегеніміз – бұл оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен
оқушылардың біріккен іс- әрекеттерінің жүзеге асу тәсілдері. Оның негізгі
атқаратын қызметі, білімдерді жай бере салу емес, мектеп оқушысының
танымдық қабілеттерін қалыптастыру мен сабаққа деген ынтасын ояту болып
табылады.
Оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу объектісі мектеп оқушыларының компьютерлік ойындар тақырбын сабақта меңгере алуы
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
Оқытудың интерактивті технологиялары
Компьютер - оқыту обьектісі
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы
Информатиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметіне киберпсихология білімінің әсері
Әдістеме және оқыту технологиясы
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
Пәндер