Таным туралы жалпы ұғым философия тарихындағы таным мәселесі


1. Философияның пәні және оның негізгі мәселелері және функциялары. Қазіргі замандағы қоғамдағы рөлі.
«Философия» ұғымы «даналыққа құштарлық» деген мағына береді. Философия атауын тарихқа алғаш қолданған Пифогор болды. Б. з. б. 1мж ортасында бір-біріне байланыссыз, дербес, тәуелсіз түрде ежелгі Үндіде, ежелгі Қытайда, ежелгі Грецияда пайда болды. Және барлық үш аймақтада ф. - мифология негізінде қалыптасты. Бастапқыда ф. Даналық-дәстүрлі өмірсалт пен түсінікке қарсы бағытталған сын, патриархалды қағидаларын әділдігі мен ақиқаттығына білдірілген алғашқы күмән ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік шындылықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде ақиқатты жалпыдан табиғиды жасандыдан ажырату қажеттілігі туды. Дүние және адамды рационалды ұсыну талпыныстары алдымен алғыфилософияға содан соң ф-ға әкелді. Функциялары :. Дүние көзқарасты - дүние туралы тұтас түсініктің - дүние құрылымы, заңдылықтары, ондағы адам орны, қоршаған ортамен қарым қатынас қағидалары туралы тұтас пікірдің қалыптасуына әсер етеді. Методологиялық - ф. Қоршаған дүниені танудың негізгі әдістерін белгілейді, нақтылайды. Теориялық - концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені барынша жалпылауға үйретеді. Гносеологиялы қ - қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды көздейді. Аксиологиялық - қоршаған дүниедегі құндылықтарды, заттарды бағалап келіп, барлық бағалы, құнды пайдалыны өткізіп, барлық ескі қажетсіз кедергілерді ұстап қалатын сүзгі рөлін атқарады. әлеуметтік - қоғамды, оның пайда болуын, эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементтерін, қозғаушы күштерін зерттеп, ішкі қайшылықтарын ашып, оларды жою немесе жетілдіру жоларын нұсқайды. Сыни - қоршаған дүниені және білім атаулыны күмән «елегінен» өткізу, оның жаңа белгілерін, сипатын іздеу, қайшылықтарын ашу. Бұл функцияның түпкі міндеті - таным көкжиегін кеңейтіп, догмаларды жойып, білімнің қатып-семуін тоқтатып, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгеуін жоғарылату. Болжамдық - қоршаған дүние мен адамдар туралы қолда бар философиялық білімдерге таным жетістіктеріне сүйене отырып материяның, сананың, таным процестерінің, адамның табиғат пен қоғамның даму тенденцияларына болжам жасайды.
2. Аңыз, дін, өнер, философия, ғылым олардың жалпы және ортақ ерекшеліктері. Философиялық білімнің құрылымы.
Негізгі бөлімдері : онтология (болмыс туралы ілім), гносеология (таным), антропология (адам), аксиология (құндылық), этика (мораль), логика (ойлау), эстетика (сұлулықтың заңдары) .
Мифология - гректің «миф» - «аңыз» сөзінен шыққан. Қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фаистикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы. Миф жауап беретін негізгі сұрақтар : әлемнің, жердің, адамның жаратылуы. Табиғи құбылыстар туралы түсінік. Адам өмірі мен тағдыры, өлімі, әрекеті жетістіктері туралы. Борыш, ар-намыс, имандылық мәселелері.
Дін - (латынның «религия» - «құдайшылдық» сөзінен) - сенімге негізделген, адам өмірі мен қоршаған дүниені басқаратын, жарататын құдіретті күштердің барын мойындайтын дүниетаным түрі. Діни дүниетаным адамнан дүние туралы сезімдік, образды-эмоционалды түсінікті талап етеді. Діннің мақсаты мен мағынасы - қоғам мен жалпы адамзаттың назарын Құдайға бағыттау арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол арқылы адамды және осы дүниелік болмысты мәртебелендіру. Негізіг сұрақтарға жауап береді: әлемнің, жердің, жердегі тіршіліктің, адамның пайда болуы. Табиғи құбылыстарға түсінік. Адам әрекеті мен тағдыры. Адамгершілік мәселесі. Қарым-қатынас мәселесі. Кең тараған ұлттық діндер: синтоизм, индуизм, иудаизм. Негізгі әлемдік діндер : буддизм, христиандық, ислам.
Философия - дүниетанымның ғылыми-теориялық түрі. Философиялық дүниетанымның діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы : 1. Нақты ұғымдар мен категориялардан құралады. 2. қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді. 3. рефлексивті (ойдын өз-өзіне бағытталуы) 4. қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелікке негізделеді. ) Осылайша ф. - рационалдылықпен, жүйелілікпен, қисындылығымен ерекшеленетін дүниетанымның жоғарғы деңгейі мен түрі.
3. Ежелгі үнді философияның мектептері, олардың бірлігі мен ерекшеліктері
Ведалык ортодоксалды
мектептер: . 1. Веданта (б. д. д. ГУ-П г. ) -Вьяса. Бадараяна
2. Вайшешика (б. д. д. У1-У г. ) -Кананда
3. Миманса (бд. д. VI г. ) -Джаймини
4. Санкхья (б. д. д. У1 г. ) -Каотша
5. Ньяя (бд. д. III г. ) -Готам
6 . Йога (б. д. д П г. ) -Патанджали
Бейведалык, бейортодоксалды
мектептер: 1. Жайнизм (б. д. д. VI г. ) -Махавира
2. Буддизм (б. д. д. \Ш-У1 г. ) -Будда
3. Чарвака-локаята - Брихаспати
4. Адживика - Макхали Госали
Олар ортодоксалды және бейортодоксалды болып бөлінеді. Оларға ортақ сипаттар:
1. Қоршаган орта мен адамды тыгыз байланыса карастыру;
2. Ежелі Унді философиясы - адамның еш дуниесіне бағытталган. ойжорушылық
сипатта;
3. аскетпк сипатга: езшдш анализ, ойга шому, әрекетаздш
4. Ежелі Унді философиясы абстрактылы сипатта - негізінен. алғашқы бастама -
«Абсолют» мәселелерімен айналысады. «Адам рухына уайым жүргізетін куш не?» деген суракка жауап іздейді:
5. кайта +уу, онын лзбеп. вм>р мен ел1мшн шексЬ ауысу шенбер! жайындагы шмдер;
6. карма туралы ілім
Веданта - ортғасырларда қалыптасты. Ведантаның алғышарттары ғана болғаны туралы айтуға болады.
Миманса (дәлме-дәл: ≪ойлау≫, ≪зерттеу≫, ≪талкылау≫) - мәселені ойлау, талқылау және сындарлы зерттеу арқылы шешу дегенді
Негізгі еңбектері: Джаймини. ≪Миманса-сутра≫ немесе ≪Джаймини-сутра≫ (б. дд 200жыл)
≪Ньяя≫ термині ≪ереже≫, ≪аналитикалык зерттеу≫, ≪логика≫, ≪ойлау≫ деген магына береда. Ньяя философиясынын орталык мәселесі-таным теориясы мен логика сурактары болып табылады. Ньяя логикасы Үнді философиясының ≪логикалык корытынды - танымның сеізмді кезЬ> деп мойындайтын барлык жуйелерінде кабылданып. колданылады. Ньяя онтологиясы вайшешика мектебіне онтологиясына ұксас. Ньяя философиялык шамамен неггізін калаушы-шамамен б. д 1-гасырында өмір сурген дана-Готам (Гаутама) болып табылады.
≪Вайшешика≫ атауы ≪вишеша≫-≪айырмашылык≫, ≪ерекшелік≫ сөзінен шыккан. Мектептің бұлай аталуына өз жүйесінде ≪айырмашылык≫ ұғымына айырыкша мән беретіндігі себеп болды. Вайшешика ілімі ньяя философнясына жакын, әсіресе олардағы таным теориялары уксас. Бул екі жүйедегі басты максат-индивидуалды ≪Менді≫ азат етуболып табылады.
Негізін калаушысы - шамамен б. д. д 4-гасырда өмір сурген Улука есімді дана (лакап атыКананда) . Негізгі еңбектері Канада. ≪Вайшешика-сутра≫ және осы енбекке берілетін турлі Түсініктемелер.
Санкхья термині ≪сан≫, ≪санау≫, ≪есеп≫ магынасын береді. Санкхья философиясы болмыстьң негізгі элементтерін олардың пайда болу, калыптасу реттіне карай: алгашкы түпнегізден - көптүрлі дүниенің санының ұлғаюына карай жүйелеп, зерттелінеді. Негізін калаушысы • б. д. д VII гасырда өмір сурген Капила деп саналады. Негізгі еңбектері: ≪Санкхья-сутра≫ және ≪Санкхья-правачана-сутра≫. Капиланыц бул еңбектері және оның шәкірттерінің колжазбалары бізге жеткен жок Санкхья дә стурі
Йога - бірігу қатысу деген мағына. Ерекше рухани күйге жетуге арналған арнайы тәсілдердің жүйесі болуында.
4. Ежелгі қытай философияның мектептері
1. Инь ян цзя (натур философиялык мектептер) - табиғат философиясы табиғаттағы Инь-ян көріністері және олардың өзара әрекеттесуі
2. Кун фу цзя (кофуциандык)
3. Дао-де-цзя (даоцзы) Лао-Цзы - дао мен дэнің мәні, табиғаттағы және олардың табиғат пен қоғамдағы көріністері
4. Мо-цзя (моизм) - саяси әлеуметтік проблематика
5. Мин цзя (логиктер мектеб) : Хуэй Ши, Гунсунь-Лун) - семантика мәселелері: есімдер және есім арқылы берілген құбылыстар, объектілер арасындағы байланыс
6 . Фа-цзя (легизм немесе зацгерлер мектеб) (Шан Ян, Хань Фэй-цзы, Ли Сы) - қоғам өмірін басқарған заңдап және адамдарды басқару тәсілдері
Негізгі емес мектептер:
1. Цза цзя (эклектиктер мектебі
2. Цзу хэн цзя (дипломаттар мектебі
3. Нун цзя (аграрлык мектеп)
4. Сяо шо цзя (эдебиетшшер мектебі
5. Антика философиясы. Ежелгі грек философиясының космоцентрикалық сипаты. Диалектиканың пайда болуы және қалыптасуы.
Антика философиясы деп бүгінгі Грецияның территориясында, кіші Азия, қазіргі теңіз жағалауы, Рим империясында дүниеге келген философиялық мектептер мен бағыттарды айтады. Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды. Ежелп Грек (антика) философиясы ез дамуында 4 негізгі кезеңнен өтті:
1. демократиялык (Сократка дейінгі) - б. д. д. VII-V ғ
2. классикалык (Сократтык) - б. д. д. У-1У ғ. соңы;
3. эллинидік - б. д. д. IV г. соцынан - б. д. д. II ғ.
4. римдік - б. д. д. 1-6. д. V ғ
Негізгі ерекшеліктері: құдайлар тіршілігі мойындалады. Полистердің экономикалық кеңеюі - антикалық философияның көркеюінің материалды негізі болды. адамның табиғат бөлшегі ретінде қабылдануы, қоршаған дүниеден бөлінбеуі.
Космологиясы: 1. бастапқыда дүние барлығы бірдей мөлшерде араласқан 4 стихиядан құрылған шар формалы: бұл - махаббаттың салтанат құрып, араздықтың дүниеден тысқары ығыстырылған уақыты. 2. Шарға енген араздық әрекеті әлементтерді бөліп, біріктіре бастайды. Бұл араздық пен махаббаттың тұрақты емес тепе-теңдік күйі. Бұл прогрестердің жалпы бағыты: бірлік пен көптікке қарай. 3. Араздық жеңіп, әрекетті элементтер толық бөлініп, біртектілер бірігеді. 4. Қайта оралған махаббат әрекеттерді біріктіріп, элементтерді бөледі. Араздық пен махаббат тұрақты емес тепе-теңдік күйінде. Бұл процестердің жалпы бағыттары: көптіктен - бірлікке, зұлымдықтан - ізгілікке. 4-кезеңнен соң 1-кезең қайта басталып, бәрі қайтадан шексіз түрде жалғаса береді. Диалектика - болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебап заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге диалектика адамды және оның қоршаған ортаның біртұтастығын әрі өзгермелігін басшылыққа алатын ойлау тәсілі де болып табылады. Көне грек философияда диалектиканы алғашқы стихиялық формасы дүниеге келіп, қалыптасты. Қозғалыстың түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элит мектебінің өкілдерінен ақ байқалған болатын. Сократ қарама-қарсы пікірлерді қалыптастыра отырып, ақиқатқа жетуді, яғни айта білуді дәйекті сөз жүйесімен құрылысты жеңуді диалектика деп ұсынды.
6. Софистер және олардың негізгі идеялары. Сократ.
Софистер (гр sophists - өнерпаз, дана) - «даналықтың» «шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтардың осылай аталған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атұарған еңбегі зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық ж/е әлеуметтік релятивизм олардың ортақ көзқарасы б. т. Софистер 2 топқа бөлінеді: «Аға софистер» - табиғатты материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Бұл топтың өкілдері: Протагор, Гиппий, Продик, Антифандар - алғашқы ағартушылар. 2 тобы «Кіші софистер» (аұсүйектер тобы) - Гипподам, Критий - философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау-дау кезінлегі кейіпке байланысты п. б. «Софистка» деген әлһдісті қолданды. Софистка - дауласу немесе дәлелдеу кезінде қиынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни, сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтан Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деа атайды.
Сократ (шамамен б. д. д. 469-339 ж. ж. ) - ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып - біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды.
Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім» қағидасының мәні ашыла түспек.
7. Аристотельдің философиялық ілімі. Платон идеялары туралы философиялық ілім. Аристотель (б. д. д. 384-322 ж. ж. ) - ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі - болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім - адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім -(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі - адамның ақыл-ой өресі жететін дүние.
Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні - «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады.
Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі - Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ.
Платон (б. д. д. 428/427 - 348/347 ) - ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т. б. ) Дүниеге идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті.
Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін» қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді.
Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі»- «Эйдос» деп аталады.
Сезімдік дүние «идеялар» мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын, да тұрады. «Идеялар» мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Платон ілімі философияның кейінгі уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды.
8. Эллинистикалық дәуірдің философиясы: «эпикурийліктер, стоиктер, скептиктер».
Стоиктер
(гр. stod - портик, үй алдындағы калка) - Эллинизм дәуірінде қалыптасқан, тіл туралы ілім тарихындағы аса ірі философиялық мектептердің бірі. Стоиктер сөз және сөйлеу мен ойлаудын бірлігі жайындағы ілімнің біртұтас жүйесін жасаған. Олардын ілімі жалпы философиялық тұжырымдарга негізделген, олардын пікірінше, сөз туралы ілім (логос) философияның біртұтас әлемдік парасатты күшін білдіреді, ол өмірдің материалдық және рухани жақтарын тұтас алып қарастырады.
Стоиктердін пікірінше, үш зат өзара байланысты: таңбалаушы, таңбаланушы және объект. Таңбалаушы - дыбыс. Үш заттын екеуінін дүниелік, заттық сипаты бар, ал біреуі сөзді, сөйлеуді білдіретіндіктен, заттық емес, онын шындықты білдіруі де, жалған болуы да мүмкін.
Стоиктер еуропалык синтаксис дәстүрінін негізін калаған, "Синтаксис" терминін алғаш рет енгізген. Логос туралы жалпы ілімнің шенберінде олар синтаксисті ең алдымен логика мец риторика тұрғысынан қарастырған.
Эпикуршылдар мектебі - негізін салған Эпикур. Ірі өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр. «ataraxia» -сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады. ) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады. «Өмірдің мәні - бақытты болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты - жан тыныштығына жету. Эпикуршылдар - жан тыныштығына жетудің, саналы түрде қайғы - қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер. Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену - азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние - атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады. Эпикур - Демокриттің атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур -сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен- өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай деп түсіндірді: дененің бойымен өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады.
Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі - Скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) - объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы - агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б. д. д. 360-270 ж. ж. ш. ) - ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт - сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға бару - жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой-тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма - ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі) . Өкілі Секст Эмпирик.
- Мұсылман Шығыс елдерінің ортағасырлық философиясы. Әл-Фарабидің, Яссауидің, Баласағұнидің, Қашғаридің философиялық көзқарастары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz