Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері



Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды,олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Қазақстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз кушімен енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қарағанда түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығының шегінде қолма-қол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттық банк ақша базасын шамасын Ұлттық банктің корреспонденттік шотындағы екінші денгейдегі банктердің қаражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша – несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізеді.
Ақшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде, сондай-ақ айналымдағы қолма – қол ақшаның үлес салмағынан пайдаланылмайды. Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма –қол ақшаның мультипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруге болады. Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдылығына әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР Ұлттық банкі ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландырудың

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері
Ақша айналысы ҚР Ұлттық банкі туралы ҚР заңына сәйкес реттеледі.
Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін
анықтайды,олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың,
жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын
белгілейді.
Қазақстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші
деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз
кушімен енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996
жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қарағанда түбегейлі өзгерістерге
ұшырады. Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат
қалдығының шегінде қолма-қол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттық банк ақша базасын шамасын Ұлттық банктің
корреспонденттік шотындағы екінші денгейдегі банктердің қаражат мөлшерін
реттеу арқылы, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша – несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл аспаптар
ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына
қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының шамасына өз әсерін
тигізеді.
Ақшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді,
өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде, сондай-ақ
айналымдағы қолма – қол ақшаның үлес салмағынан пайдаланылмайды. Бұны
банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма –қол ақшаның
мультипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруге болады. Ақшаның
мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдылығына
әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша
массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР Ұлттық банкі ақша
айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы,
қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы
операция, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету
секілді ақша – несие саясатының аспаптарын пайдаланады.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей, банк резервтерінің міндетті
нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге
ұшыратады. Сондықтан да Орталық банк бұл аспапты жиі қолдана бермейді.
Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жоғарылату іскерлік белсенділікті
төмендетеді, банктер таратылған ресурстарды тиімді пайдалана алмайды,
өйткені несие берілетін салалар азайып, айналыстағы ақша массасы кемиді.
Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта қаржыландырудың
пайыздық мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциылық
банктерге несие береді.
Әлемдік тәжірбиеде коммерциялық банктердің тұрғысынан алғанда есептік
мөлшерлеме дегеніміз – артық резервтердің шығыны болып табылады. Сол
себепті де оны Ұлттық банк кемітеді, бұл өз кезегінде коммерциялық
банктердің қарыз алуына жағдай жасайды. Осы қарыздың есебінен коммерциялық
банктерге берілетін несие ақшаның ұсынылуына арттырады.
Ұлттық банк есептік мөлшерлемені көтеру арқылы банктердің қарыз алуын
тежейді, бұл несие ресурстарының және банктерге берілетін несиенің мөлшерін
азайтады, өз кезегінде айналымдағы ақшаның массасын кемітеді.
Ұлттық банк инфляцияны тежеу мақсатында қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін
1994 жылдың қаңтар – ақпан айларында 270% деңгейінде, осы жылдың наурыз –
тамыз айларында 300% деңгейінде белгіледі. Инфляцияның кемуі мен айырбас
бағамының тұрақтануына қарай мөлшерлеме біртіндеп кеміді: 1994 жылдың
соңында 230%, 1995 ж. – 52,5%, 1996 ж. Қыркүйек айында – 30%, 1997 ж. –
24%. Көріп отырғанымыздый, пайыздық саясат инфляцияны жылдам тежеудің әрі
ақша айналысын реттеудің тиімді аспабы болып табылады екен.
Инфляция айтарлықтай төмен болған жағдайда пайыздық мөлшерлемелер
экономикада ақша массасының өсуін ынталандыру мақсатында пайдаланылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда инфляцияның деңгейі 6 – 4 % жағдайында қайта
қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейі 7%-ке белгіленген.
Ашық нарықтағы операция айналымдағы ақша мөлшерлемесін реттеу процесінде
айрықша орын алады. Бұл операция, бір жағынан, құнды қағаздарды Орталық
банктің сатуын және сатып алуын ұйғарса, екінші жағынан, құнды қағаздарды
коммерциялық банктердің, қаржы компанияларының, халықтың сатуын және сатып
алуын ұйғарады.
Орталық банк құнды қағаздарды сату және сатып алу арқылы резервтерді банк
жүйесіне таратады немесе оларды бұл жұйеден алып тастайды, осылай ету
арқылы ол айналымдағы ақша массасын көбейтеді немесе азайтады. Қазақстанда
мұндай құнды қағаздарға мемлекеттік қазынашылық облигациялар жатады. Оны
үкімет бюджет тапшылығын және ноталарды жою үшін Ұлттық банк арқылы
шығарады. Ұлттық банк осы құнды қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық
банктердің ең аз шамадағы резервтерінің шамасы артып, клиентурамен
жасасатын активтік қарыз операцияларын ұлғайтуға мүмкіндік алады, эмиссиясы
артады.Ұлттық банк коммерциялық банктерге құнды қағаздарды сатқан жағдайда,
керісінше, олардың резервтелген қаражат сомасы кемиді, ал банктерде несие
ресурстары азайып, ақша массасы төмендейді. Соңғы жылдары (2001 – 2005жж.)
ҚР Ұлттық банкі белсенді түрде пайдаланып жүрген ақша массасын реттеудің
бір әдісіне ақша нарығындағы валюталық интервенция жатады.
Мұнай мен металдың әлемдік бағасының көп өсуіне байланысты Қазақстанға
шетелдік валюталардың мол ағыны құйылды. Бұл ақша массасы мен оның
құрылымына үлкен әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк соңғы
жылдары валюта бағамын ақша нарығындағы интервенция арқылы реттеуге жиі күш
жұмсап жүр. Ол шетелдік валютаны сатып алу арқылы өзінің валюталық алтын
резервін ұлғайтты. Ол 2005 ж. басында 11,0 млрд. доллардан асты. Ұлттық
банк, сондай-ақ, 5,0 млрд. АҚШ долларынан көп мөлшерде Ұлттық мұнай
сақтандыру қорын құрды.
Экономиканың тым қызып кетуі теңгенің шектен тыс нығайтылуы және
инфляцияны тежеу мен айналымдағы ақша мөлшерін реттеу секілді мәселелер
осылайша шешілетін болды.
Ұлттық банк пен Қазақстан үкіметі елдегі ақшаның айналысын басқару мен
реттеуде ақша – несие саясатының аталмыш құралдарын ептілікпен пайдаланып
жүр.

Ақшаның формалары
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып
табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге
айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның
формасы дегеніміз – ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол
айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы
металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша
өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар.
Қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақшаның материалдық – заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және
толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.
Толыққұнды ақша – номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін
ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың
(алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар
жатады.
Толыққұнды емес ақша – сатып алушылық құны ақша қатынастарының
тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес
ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:
1. Металдық;
2. Қағаздық;
3. Несиелік;
4. Электрондық ақша.
Металл ақшалар – бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың
номиналдық құны (оларға қойылған құн) нақты құнына,
яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар(мыс,
күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірлікті, содан соң
салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.
Монета – бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар
металдан дайындалған ақша белгісі.
Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын, салмағын, массасын, типін,
эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.
Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде
біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырларда Римде пайда болды. Ең
алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен
(Мысыр, Рим, Вивилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия мемлекетінде
құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың
стандартты бөліктері монета деп аталды.
Өз бейінін монетада кескіндеген түлға А. Македонский болады.
Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың еңгізілуі ақшалардың
толық көлемде құн шамасының қызметі, айналым мен жинақтау құралы қызметін
атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да, сонымен
бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалды.
Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді. Толыққұнды
монеталар бағалы монеталардан және олардың қоспаларынан дайындалады,
олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар ақшаның барлық
қызметін атқарады.
Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады,
олардағы номиналдық құн құрамындағы металл құнынан асып кетеді.
Монеталарды құю эмиссия ретінде қарастырылады. Эмиссия латындық emissio
сөзінен аударғанда шығару деген мағынаны береді. Ақшаның эмиссиясы – бұл
ақша белгілерінін барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша
массасын ұлғайтуға бағытталған.
Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа
тауарлардан құнын өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды.
К.Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға
қоғам тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес
келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:
Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи
қасиеттеріне;
Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны
өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.
Алтынды өндіру - өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1кг алтынды
алу үшін орташа тереңдігі 3000м жердің 100 тонна тау кенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша саясаты
Ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Ақша айналысын басқару және реттеу
Ақша айналысының эволюциясы
Банктің мәні және оның қызмет көрсету аясы
Ақша айналысын реттеудегі Ұлттық банктің рөлі
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
АҚША БАЗАСЫ, АҚША МАССАСЫ ЖӘНЕ АҚША АЙНАЛЫМЫ
Ақша айналысы және формалары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі
Пәндер