Экономика ілімдерінің тарихы


ҚАЗАҚТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы
ЭКОНОМИКА ІЛІМДЕРІНІҢ
ТАРИХЫ
Барлық мамандық бойынша оқитын студенттерге арналған дистанциондық оқу - тәжірибе құралы
- Жанагулов А. Ш.
- Сүйіндіков Ж. С.
- Ускенбаева А. Р.
- Cтепаницкая О. А.
КАРАҒАНДЫ 2004
Пікір жазғандар:
- ҚҒТУ «экономика және менеджмент» кафедрасының
меңгерушісі, э. ғ. д., профессор А. Д. Дүйсембаев;
- ҚЭУ э. ғ. к., доцент Шумеков З. Ш.
ББ-65. 02. я 7
Э 40
ISBN 9965-508-84-4
(Бас. ред. э. ғ. к. профессор Жанагулов А. Ш. ) Авторлар коллективі: Жанагулов А. Ш. (1 тақ., 3 тақ., 4 тақ., 5 тақ, 7 тақ., 8 тақ. ), Степаницкая О. А., Ж. С. Сүйіндіковпен бірге (2 тақ. ), Сүйіндіков Ж. С. (6 тақ. ), Ускенбаева А. Р. (9 тақ. жазды) .
Ұсынылып отырған оқу құралы Қазақстан Республикасының жоғарғы кәсіптік білім беретін стандартының бағдарламалық талаптарына сәйкес қазақ тілінде жазылған.
Оқу құралы мүмкіндік болғанша жалпы нарықтық экономиканың даму жолдарына, өндірістің ұлғайюына, әлемдік экономикалық теориялардың өзгеру эволюциясына тоқталған.
Мемлекетік тілде жазылған оқу құралы студенттерге, аспиранттарға, мұғалімдерге, экономикалық теорияны білем деген қалың бұқараға көмектесуге тиіс.
Авторлар ұжымы
- Жанагулов А. Ш.
- Сүйіндіков Ж. С.
- Ускенбаева А. Р.
- Cтепаницкая О. А.
U 0603 Қарағанды
00 (05) -02 экономикалық
ISBN 9965-508-84-4 университеті
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 ТАҚЫРЫП: ЭКОНОМИКА ІЛІМІ ТАРИХЫНЫҢ ПӘНІ МЕН МЕТОДЫ. ЕРТЕ ӘЛЕМДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАР, ПІКІРЛЕР, КӨЗҚАРАСТАР3
1. 1 Экономикалық ойлар тарихы - ғылым ретінде3
1. 2 Методология және курсты кезең - кезеңге бөлу. 3
1. 3 Ежелгі әлемде экономикалық ойлардың пайда болуы (Вавилон, Қытай, Индия) 3
1. 4 Ерте дүниедегі Греция мен Ежелгі Римдегі экономикалық көзқарастар3
ТҮЙІН3
Негізгі терминдер3
Практикум3
§1 Енді Сіз білесіз:3
§2 Қайталау үшін сұрақтар. 3
§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер3
2 ТАҚЫРЫП: ФЕОДАЛИЗМНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМІ3
2. 1 Шығыс және Батыс Европа елдеріндегі феодализмнің экономикалық идеяларының ерекшеліктері3
2. 2 Меркантилизм - саяси экономияның алғашқы мектебі3
2. 3 Меркантилизмнің даму ерекшеліктері мен кезеңдері3
2. 4 Утопиялық социализм және оның дамуындағы эволюцияның жалпы сипаттамасы. 3
ТҮЙІН3
Негізгі терминдер3
Практикум3
§ 1 Енді Сіз білесіз:3
§ 2 Қайталау үшін сұрақтар:3
§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:3
3 ТАҚЫРЫП: АНГЛИЯДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ДАМУЫ3
3. 1 Классикалық саяси экономияның пайда болуының тарихы және оның жалпы сипаттамасы. 3
3. 2 У. Петти - ағылшын классикалық саяси экономиясының негізін салушы. 3
3. 3 А. Смит шығармаларында классикалық саяси экономияның дамуы. 3
3. 4 Д. Рикардоның методологиясы3
және оның еңбек құн теориясы. 3
3. 5 Мальтустың саяси экономиясы және қазіргі мальтузиандистер. 3
ТҮЙІН3
Негізгі терминдер3
Практикум3
§ 1 Енді Сіз білесіз:3
§ 2 Қайталау үшін сұрақтар:3
§ 3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер. 3
4 ТАҚЫРЫП: ФРАНЦИЯДАҒЫ КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ3
4. 1 Францияның классикалық саяси экономиясының3
ағылшын саяси экономиясынан өзгешелігі. 3
4. 2 Пьер Буагильбер- францияның классикалық3
саяси экономия мектебінің негізін салушы. 3
4. 3 Франсуа Кенэнің физиократизміне3
сипаттама және оның «Экономикалық кестесі». 3
4. 4 С. Сисмонди - экономикалық романтизмнің өкілі. 3
4. 5 П. Ж. Прудон және оның әдісінін сипаттамасы. 3
ТҮЙІН3
Негізгі терминдер:3
Практикум:3
§1 Енді Сіз білесіз:3
§2 Қайталау үшін сұрақтар:3
§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:3
5 ТАҚЫРЫП: САЯСИ ЭКОНОМИЯНЫҢ ГЕРМАНИЯДА ДАМУЫ3
5. 1 “Ескі” және “Жаңа” тарихи мектептердің3
пайда болуы. 3
5. 2 Маркстік саяси экономияның3
қалыптасуы мен дамуы. 3
5. 3 К. Маркстің методологиясы және3
“Капиталды” жазуы. 3
5. 4 “Капиталдың” үш томының құрылымы. 3
5. 5 Ф. Энгельстің экономика ғылымына қосқан үлесі. 3
ТҮЙІН3
Негізгі терминдер:3
Практикум3
§1 Енді Сіз білесіз:3
§2 Қайталау үшін сұрақтар:3
§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:3
6 ТАҚЫРЫП: РЕСЕЙДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ3
ОЙ-ПІКІРЛЕР3
6. 1 ХІХ ғасырдың аяғындағы ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі экономикалық ой-пікірлер. 3
6. 2 Ресейдегі марксизмнің эконоимикалық идеяларының дамуы. 3
6. 3 Социализмнің экономикалық негіздерін жасаушы3
ТҮЙІН3
Негізгі терминдер3
Практикум3
§1 Енді Сіз білесіз:3
7 ТАҚЫРЫП: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ. 3
7. 1 Қазақстандағы номадизмнің ерекшеліктері. 3
7. 2 Фольклор - экономикалық ойлардың бастау бұлағы3
7. 3 Әл - Фараби ілімі, Тәуке ханның “Жеті жарғы” - заң ескерткіші. 3
7. 4 ХІХ ғасырдағы Қазақ - демократтарының3
әлеуметті -экономикалық көзқарастары. 3
7. 5 Қазақстанның мемлекеттік социализмнен рынок қатынастарына өту кезендегі экономикалық ғылымның дамуы. 3
8 ТАҚЫРЫП. КЕЙНСИАНДЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ3
8. 1 Кейнсиандықтың пайда болуының тарихи жағдайы. 3
8. 2 Дж М. Кейнс - сұранысты басқару негізінде экономиканы реттеудің макроэкономикалық3
теориясының негізін қалаушы. 3
8. 3 Неокенсиандық және кейнсиандық3
дамудың екі үрдес. 3
8. 4 Кейнсиандықтың эволюциясы және3
поскейнсиандықтың пайда болуы. 3
ТҮЙІН3
Негізгі терминдер3
Практикум3
§1 Енді Сіз білесіз:3
§2 Қайталау үшін сұрақтар3
§3 Біліміді өзіндік тексеруге арналған тестер:3
9 ТАҚЫРЫП: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ. 3
9. 1 Экономикалық ойдың неокласикалық3
бағытының генезисі. 3
9. 2 Маржинализмнің Австрия мектебі мен Кембридж мектебінің ерекшеліктері. 3
9. 3 Экономикалық теорияның институционалды-әлеуметтік бағытының генезисі. 3
9. 4 Осы заманғы консерватизмнің негізгі ағымдары. 3
ТҮЙІН3
Негізгі терминдер:3
Практикум3
§1 Енді Сіз білесіз:3
§2 Қайталау үшін сұрақтар:3
§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:3
ӘДЕБИЕТТЕР. . . 263
КІРІСПЕ
«Экономикалық ілімдер тарихы» бойынша оқырмандар назарына ұсынылып отырған оқу құралы КЭУ-дің экономика теориясы және халықаралық экономика кафедраның әр-түрлі уақыттарда, әр-түрлі авторлар мен баспаларда аталмыш пән бойынша жарық көрген көптеген оқулықтар мен құралдарындағы аса мол
материалдарды керекті жүйеге келтіріп, оны стундеттердің пайдалануын женілдету үшін жасалған алғашқы талпыныс.
«Экономикалық ілімдер тарихы» соншылықты өзінің мазмұнымен емес, көлемімен қиын да күрделі де. Сондықтан студенттер экономикалық ойлар пәнімен алғашқы рет бетпе-бет кездескенде, оның шегі жоқ сияқты, көп көлемді шым-шытырық, кейде бір-біріне ұқсас, қайссы негізгі, басты, қайссы екінші маңызды материал деп таң әсерге қалады. Осы орайда студенттердің еңбегін жеңілдетіп, оларға оқу материалдарын игеруге көмектесу мақсатында кәсіптік жоғары білім берудің мемлекеттік стандартын талаптары мен оқу- әдістемелік бөлімінің ұсындамлараына сәйкес авторлар ұжымы 9 тақырып көлемінде оқу материалдарын әзірледі.
Курс көлемі құлдық дәуірмен феодализм кезіндегі экономикалық ойлардың пайда болуы мен дамуынан бастап, капитализм мен социализм уақытындағы экономикалық ойлардың пайда болуы мен даму ерекшеліктерін тексере келіп, осы замаңғы неолиберализммен, неоклассикалық доктринаның ауыспалы нарықтық қатнастарымен аяқталады.
Бұл пән стундттердің экономиканың дамуы мен оның негізгі ұғымдары категориялары заңдары бойынша жүйелі көзқарастарын қалыптастырады, өзінше ой қортып, жауапты шешім қабылдай алатын білімді мамандарды төрбиелеуге көмектеседі.
1 ТАҚЫРЫП: ЭКОНОМИКА ІЛІМІ ТАРИХЫНЫҢ ПӘНІ МЕН МЕТОДЫ. ЕРТЕ ӘЛЕМДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙЛАР, ПІКІРЛЕР, КӨЗҚАРАСТАР
- Экономикалық ойлар тарихы - ғылым ретінде.
- Методология және курсты кезең - кезеңге бөлу.
- Ежелгі әлемдегі, экономикалық ойлардың пайда болуы (Вавилон, Қытай, Индия) .
- Ерте дүниедегі Греция мен Римдегі экономикалық көзқарастар.
Аталмыш тақырыппен танысып Сіз мыналарды білесіз:
- Экономикалық ілімдер тарихы дегеніміз не, бұл ғылым несімен пайдалы?Экономикалық ғылымдар жүйесінде Хамурапи патшаның алатын орнын; Экономистердің көзқарастары мен тұжырымдамалары қандай факторлардың әсерінен өзгеретіндігін; Ерте дүниедегі экономикалық ойлардың ерекшеліктерін.
1. 1 Экономикалық ойлар тарихы - ғылым ретінде
Қоғамдық өндірістің қалыптасуы мен даму тарихын, сондай ақ адамзат қоғамының даму эволюциясының барысындағы экономикалық тұжырымдамалардың (идеялар мен ой, пікірі, көзқарастар) пайда болу, даму кезеңі мен алмасуының тарихи процесін зерттеу экономикалық ілімдер тарихының пәні болып саналады.
Экономикалық ілімдер тарихы экономикалық процесстерге деген көзқарастар эволюциясын, экономикалық теориялар мен мектептердің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді, оларға талдау жасайды, аса көрнекті экономистердің көзқарастарын жүйеге келтіріп және оны ашып береді. Бұл курс ғылым ретіңде идеялардың жалғастығы мен өзара байланысын, келістер (көзқарастар) мен қорытындылардың трансформациялануын бөліп көрсетеді.
Экономикалық ілімдер тарихы экономика ғылымының даму эволюциясының жалпы бағыттаушылығын, оның басты бағыттарының трансформациялануын, стратегиялық және жедел шешімдер қабылдаумен, экономикалық саясаттың өзара байланусын түсінуге көмектеседі.
Қоғамдағы шаруашылық өмірінің өзіндегі өзгерістер мен қарама қайшылықтар, таптар мен әлеуметтік топтардың өзара байланысты іс - әрекетімен күресі, сондай-ақ экономика ғылымының өзінің ішіндегі және экономикалық теориялар арасындағы қарама қайшылықтар, экономикалық ілімдер тарихының сыннан өткен тұжырымдамаларына сәйкес, экономиалық идеялардың даму көздері болып саналады.
Оның тарихын ғылыми тұрғыдан негіздей отырып, кезең- кезеңге бөлу, экономикалық ілім прогресінің келісті (түзу) суретін жасаудың қажетті жағдайы болып саналады. Мұндай кезең - кезеңге бөлудің ғылыми негізі - әлеуметтік - экономикалық қатынастарды, қоғамның таптық құрылымдарын және бүкіл саяси қондырманы түбірінен жұлып, үзіп тастау арқылы, қоғамдық - экономиялық жүйені алмастыру (ауыстыру) туралы ілім болып табылады.
Әлем тарихының қандай бір уақыт үзігінде формациялардың қайсысы үстемдік етуші болып саналатындығына қатымысты. Тарихи дәуірлер бөлініп көрсетіледі, мысалы, кұлиелену дәуірі немесе капитализм дәуірі.
Қандай бір формациялар шегінде таптардың мүделері мен олардың идеаларының (ғылымдарының) экономикалық көзқарастары - қалыптасу, толысу немесе пайда болу сатыларына қатысты өзгеретін құбылыс (факті) экономикалық ілімді кезең - кезеңге бөлу айрықша маңызға ие болады. Таптар күресінің кең құлаш сермеуі мен бағыты, қоғам мүшелерінің мүдделерін қорғаудың прогрессивтілігі немесе керітарушылығы (реакционность), тура осыған қатысты болады.
Саяси экономияда классикалық мектептерінің пайда болуы, оның “жас” буржуазияның саяси үстемдігін жүргізу үшін феодализімнің ескілік қалдықтарына қарсы күресімен байланысты айрықша ғылым ретінде қалыптасуын аса құрметпен атап көрсетіледі.
Дәуірлер бойынша, қоғамдық - экономикалық формациялар мен олардың сатылары бойынша экономикалық ойларды кезең - кезеңге бөлу шеңберінде таптық бағыттарды (мысалы, буржуазиялық, ұсақ буржуазиялық), ал олардың шеңберінде - теориялық ағымдарды, ілімдерді, жекелеген мектептерді бөліп көрсету қажет.
Қазіргі жағдайда ғылыми талдау жасаудың басты міндеттері әртүрлі экономикалық ағымдар мен мектептерді зерттеу, сынау, мүлде жоққа шығару емес, олардағы бөлініп көрінетін, тарихи тәжиребеге қарама-қайшы келетін және теріске шығаратын дәлелдер мен нақты аспектілерді ерекшелеп көрсететін ғылыми талдау болып саналады.
Көптеген елдердің үкіметтері реформаларды жүзеге асыру кезінде пайдаланатын ұсыныстарының белгілі бір тәжиребелік мәні, қазіргі батыстың экономикалық теориясында кезең - кезеңге жүйелі түрде бөлудің дұрыс, ұтымды элементтерінің бар екендінігінің айқын дәлелі болып саналады. Тура осы тәжиребелік мәнді, экономикалық теорияларды қазіргі дамыған мемлекеттерде пайдаланады. Белгілі бір шекте бұл ұтымды аспектілер, ұсыныстар ТМД - ның бүкіл елдері үшін қызығушылықтар туғызады. Әсіресе нарық проблемалары, банк - қаржы жүйесі, инвестиция мәселелері, интеграциялар және т, б,
ХХ ғасырдың 50-60 -шы жылдарынан бастап, біздің экономикалық әдебиеттерімізде қаншалықты географиялық қана емес, соншалықты әлеуметтік және идеологиялық мағыналарға ие болған “батыс экономика теориясы” түсінігі кең таралды.
Бұл “батыс экономика теориясы” түсінігі, мемлекеттік реттеуге сүйенбейтін, нарық пен жеке меншікке иелік етуге негізделген аралас экономикалық жүйелер тұжырымдамасының жиынтығын білдіреді. Олардың арасында терең алшақтық, айырмашылықтар болғанымен, бұл түсінікке бүкіл батыс экономистері қосылады. Кейбір экономистер тұтастай нарыққа сене отырып, мемлекеттік реттеуге қарсы болды, басқалары жеке меншік және мемлекеттік секторлардың әртүрлі үйлесіміндегі (жарастығындағы) мемлекеттік интервизионизімді күшейтуді жақтады.
Жоғарыда айталғандай тарихи экономикалық ғылым, әрбірі методолгиялар, әлеуметтік тұжырымдамалар, ақпарат пен тәжиребелік ұсыныстардың ерекшеліктерімен сипатталатын қазіргі батыс экономика теориясындағы бірнеше негізгі бағыттарды (кезеңдерді) бөліп көрсетеді.
Мәселен, өзінің дамуын ХІХ ғасырдағы маржиналисттік теоретиктерден (яғни Л. Вальрастан, А. Маршалдан), бастаған неоклассикалық бағыт методологиялық негізге индивидуализмді (микроэкономиканы) алды. Осы методологияға сәйкес, тұтынушының немесе өндірушінің жеке дара шаруашылығында тауарлар мен қызметтердің пайдалылығын бағалау идеясы туды. Еркін бәсекелестік осы элементерді нақты нарықтық бағаларға, табыстарға трансформациялайды. Экономикалық субъектілерге мұндай бағдарланыс шынайы (сенімді) шаруашылық шешімдерін қабылдауға мүмкіндіктер береді.
Дәл осы неоклассиктер, “кәсіпкерлік еркіндік” доктринасының жақтастыры, монетаристер (М. Фридмен), ұсыныстар теориясының (М. Фельдстайн), ұтымдылықты күтушілік мектептерінің (Р. Лукас) өкілдері нарықтық экономика тұрақты динамикалы тепе - теңдіктің тұрақты ішкі тетіктеріне ие, мемлекет тарапынан көмекті қажетсінбейді деп болжам жасады. Егер үкімет ақша - несие және бюджет аясында ақпаратқа, инфляцияға қарсы қатаң бағыт жүргізетін болса, неоклассиктер айтқандай, қалған проблемаларды нарық дербестік жағдайда өзі шешеді. Тәжиребеде, неоклассиктердің тұжырымдамалары әлемнің көптеген елдерінің үкімет шеңберінде кең түрде қолдау табуда.
Мәселен, әлеуметтік мұқтаждарды бюджеттік қаржыландыруды ең жоғары көлемде қысқарту және шаруашылық жүргізудің мемлекеттік секторын қолдай отырып кейбір экономистер - неоклассиктердің оңшыл үкіметтерінің (М. Фримен - М. Тетчердің, Р. Рейганның және т. б. ) кеңесшілеріне айналды.
Неолибералдардың неоклассиктерден өзгешелігі, олар нарықтық шаруашылықтың автоматизмДІ (А. Смиттің “көрінбейтін қолы”) ережелерін пайдалануды мүмкін емес деп санады. Себебі нарық, егер оны мемлекеттің көмегімен құрса, ол өзінен - өзі сол автомотизімге келеді. Мемлекет нарыққа өзін - өзі реттеуді беру керек деді.
Неолибералдар, сондай ақ ішкі нарықтық ауытқулармен белсенді күресіп, монополияға қарсы саясатты жақтады. Олар әлеуметтік (зейнеткерлерді, мүгедектерді, оқытушыларды және т. б. ) қолдау саясаты үшін күресті.
Германиалық неолиберализм “Жалпыға бірдей байлық әкелуші мемлекет”, өзіндік үлгі (күшті және қуатты адамдар бәсекелестікте жоғары табыстарға қол жеткізеді, ал әлсіздер - мемлекеттен көмек алады) жобасы бойынша неоклассиктер мен кейнсиандықтар арасындағы аралық жағдайды қолдады. Кейнсиандық батыс экономика теориясы әлеуметтік мектептердің ортасында болды. Олардың пікірі бойынша капиталистік экономиканың негізгі проблемасы экономикалық сұраныстың тапшылығы, осыдан мемлекеттік бюджет шығыстары мен белсенді несие - ақша саясаты есебінен оны қолдау қажеттілігін шығарды.
Егер 40-70 - ші жылдары кейнсианизм батыс экономистері мен саясатшылар арасында үстемдік құрса кейінгі жылдары, ол рейгономиканың, тэтчеризмнің экономикалық саясатының негізін құраған, неоконсервативтік теориялар мен жарыста оған жол беруіне тура келді.
Бил Клинтон үкіметінің экономикалық саясаты экономикалық дамудың жаңа бұтағында (витки) өзіндік кейнсиандық - монетаристік синтезге сүйенетіндігін көрсетті.
Сонымен, экономикалық ілімдер тарихы экономикалық ғылымдардың даму эволюциясының жалпы бағытын, оның басты бағыттарының трансформа-циялануын, стратегиялық және жедел шешімдер қабылдаумен экономикалық саясаттың өзара байланысын түсінуге көмектеседі.
1. 2 Методология және курсты кезең - кезеңге бөлу.
Экономика ғылымдарының күрделі жүйесінде “Экономикалық ілімдер тарихы”оның әрбір түрінің жетістіктерін теориялық түрде ой елегінен өткізіп, оны қорытуда үлкен маңызды орын алды.
Диалектикалық материализм экономикалық ілімдер тарихын зерттеу методологиясының негізіне жатады. Идеологиялық процестердің салыстырмалы түрдегі дербестігі, тіпті, олардың базиске белсенді ықпал ету мүмкіндігін мойындай отырып, қоғамдағы идеялар мен теориялық ойлардың пайда болу, олардың әлеуметті - экономикалық дамуын анықтаушы рөліне жеке көңіл аударуға болады.
Жинақталған және өзара байланысты факторлар байланысы қоғамның ішкі логикасының экономикалық дамуының негізгі қарама-қайшылықтарын анықтайды және топтар мен таптар мүдделерінің қақтығысу бағыттарын зерттейді. Күрделігіне және қымбаттығына қарамастан, тұтастай экономикалық жүйенің және оның жекелей алғанда құрамды бөліктерінің тәртібін салыстырып және эксперименттік әдісті пайдалану экономикалық ілімдер тарихының зерттеу тәсілінің бірінші негізгі әдісі болып саналады.
Болжамның (гипотетиканың) екінші әдісі - микро және макроэкономикадағы жекелеген экономикалық процестер мен құбылыстардың талдауымен болжамдардың үйлесімдігін тексеру және оны алға жылжытуға негізделген дидуктивті әдіс.
Үшінші статистикалық - уақытша талдау әдісі - кейбір түбегейлі, ережелері бірыңғай, жаппай экономикалық құбылыстар мен объектілерді жиынтық түрде зерттеу.
Төртінші, тарихи - моралдық келіс - тарихи контексте қызметтік (функционалдық) тұрғыда қайталанатын, зерттелетін, үлгілер (моделдер) түріндегі экономикалық процесстермен танысу.
Бесінші, математикалық белгілер мен символдардың (айшықты белгілердің) көмегі мен экономкакалық құбылыстарды математикалық сипаттаудың әдісі.
Алтыншы, абстракциялау әдісі - экономикалық құбылыстарды зертеу негізінде, кездейсоқтық құбылыстарды жоққа шығару.
1. 3 Ежелгі әлемде экономикалық ойлардың пайда болуы (Вавилон, Қытай, Индия)
Ежелгі әлемде экономикалық пайымдаулар ойшылардың еңбектерінде айтылды, ал жазбаларда, трактаттарда шаруашылықты жүргізу әдістері мен ұйымдастыру бойынша тәжиребелік ұсыныстар мен кеңестер жазылды. Алғашқы экономикалық трактаттардан біз Ертедегі Шығыста натуралды өндіріспен қатар тауарлы және ақша - несие қатынастарының жеткілікті түрде дамығандығын анықаттаймыз.
Моисейдің Библиясының өзінде - ақ Т-А-Т формасы бойынша қалыпты тауар - ақша қатынастары сипатталады. Ақша түрінде күміс қатысты, оған құлдарды, жерді, нанды және басқа тауарларды сатып алды.
Жаңа Вавилон патшалығындағы (VII-VI б. д. д. жылдар) құжаттарда жалгерлік контрактылар, көпес қол хаттары, жүк құжаттары, сонымен бірге сол уақыттағы бухгалтерлік есептер, векселдер кездеседі. Сол дәуірде монеттер болмасада құндылығын салмағымен өлшенетін, олардың рөлін күміс құймалар атқарды. Отты, дөңгелекті және банкті бейнелеуде айтылған үш жаңалық - адамзаттың ұлы жасампаздығы болып саналады деп рас айтылған.
Жаңа Вавилон - патшалығының өзінде, барлық банк операциялары жүргізілген; салымдар қабылдаған, несиелер берген, вексельдердің есебін, чектерді төлеуді жүзеге асырылған, аударымдар арқылы есеп айрысуды жүргізген, яғни нағыз банктер, “іскер үйлер” өмір сүрген.
Шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 1780 жылдары жазылған патша Хаммурапидің (1792-1750 ж. б. д. д. ) кодексінде, мемлекет, заң актілерінің көмегімен, ескі вавилон патшалығындағы өзбетімен, жеке өндірушілерді таратуды тоқтатуға тырысқан.
Хаммурапи кодексінің негізгі мазмұны - “күштілер әлсіздерді ығыстырмас үшін” жағдай жасау болып табылады. Мәселен, патша әскерлерімен және басқада шынайы берілген вавилондықтардың қарыздар үшін жер иеленуші бөлімдерін (неделдерін) сатуға, оқшаулауға тыйым салынған; борыштың сомасына қарамастан олардың арасында құлдық борышқа жол берілмеген, растовщиктік қанауға (20 % - ақшалай, 33% натуралды ссуданы) шектеу қойлған. Кодекс, жеке тұлғаны құқықтық қорғаумен қатар, құл иеленушілердің құлдарға жеке меншік құқын, патшаға қызмет етушілердің мүдделерін қорғауды кіргізді. Патша Хаммурапи кодексі, Вавилондағы тауарлы - ақша қатынастарын дамытудағы құқықтық нормалар жүйесінің көмегімен, ел экономикасын басқарудың алғашқы мысалдарының бірі еді.
Ертедегі Қытайдың (конфуциализм, легизм, даосизм) негізгі қоғамдық ойлары біздің дәуірімізге дейінгі VI-III ғасырларда ресімделеді. Конфуций немесе Кун-Цзы (біздің дәуірімізге дейінгі 551 - 497 ж. ) конфуциандық бағыттың негізін қалады. Оның басты еңбегі “Лунь-юй” - “Әңгімелесулер мен пайымдаулар” жинағы. Конфуций әлеуметтік идеяларды болашақтан емес, оны елдің өткен өмірінен көрді, яғни позициялық күштері шатқаяқтаған (пошатнувших) ру басшыларының мүдделерін қорғады.
Қытайдың әлеуметті - экономикалық құрылысын тұрақтандыру үшін, Конфуций адамды моральдық жетілдіру бағдарламасын ұсынды. Үлкендерге құрмет көрсету, оларға еш уақытта қарсы шықпау, Ұлы ойшының басты моральдық (адамгершілік) қасиеттері еді. Ол перзенттік парызын өтеу және ағайындармен дос болу - мемлекетті басқару дегеніміз осы деп үйретті, Мемлекетті үлкен үй, ал басқарушыны “халық әкесі” ретінде санады Байлықты неғұрлым теңдеп бөлуді, салықтарды жеңілдетуді ұсынды жалпы аграрлық реформаны жүргізді, қоғамдық мүдделерге шешу жолын, қауымдық жерге жеке белгілер жоспарын ұсынды.
Аса ірі конфуцианистер Мэн - Цзы мен, Сюнь - Цзы дің негізгі пікірлері- мемлекетті экономикалық күшейту саясаты: шығыстарды үнемдеу принципі; халықтың бәрін жеткілікті түрде қамтамасыз ету мен қор жинау саясаты болды.
Біздің дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырларда конфуциандық идеологтардың аса ірі саяси қайраткерлер - Цзы - Чан мен Ли Куняниң есімдерімен байланысты опоненттер - логистер пайда болды. Олардың көзқарастары егіншіліктің дамуымен, мемлекеттің және тауар - ақша қатынастарының нығаюымен байланысты.
Ежелгі қытай идеалогиясының тарихында - даосизм, легизмнің негізін қалаған Конфуцийдың замандасы - Лао -Цзы ерекше орын алды. Ол тыйым салушы заңдарды жоюға кеңес берді, себебі қайшылықты, халықтың нашар өмір сүруіне бұл заңдардың өте көп әсері болды. Ол басқарудың табиғи формаларына қайтып оралуға шақырды. Бұл идея халықтың қарсылығын туғызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz