Төменгі бөлім сегменттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Начало формы

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕББМ

НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

Конец формы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Өкпенің және плевраның құрылысы
Орындаған: Маратова Н.
Тексерген: Джунусова Р.
Тобы: 206Б ЖМ

Алматы 2020
Оң және сол өкпелер
Тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі болып өкпе (pulmones; cyрет 150) саналады. Бұлар кеуде қуысының көлемін дерлік толығымен алатын, жұп мүше. Өкпенің әрбірі өзінің өкпеқабында орналасып, жүрек, үлкен тамырлар (қолқа, жоғарғы қуыс тамыр), өңеш және басқа мүшелер орналасқан, көкірек қуысымен бөлінеді. Өкпе пішінімен қиық конусқа ұқсас, оның төбесі (apex pulmonaris) бұғана үстілік шұңқырына, ал ішке қараған негізінен -- көкеттік бетімен (facies diaphragmatica) -- көкет куполына бағытталған. Өкпенің жұмыр төбесі кеуде қуысынан жоғарғы тесігі арқылы, мойын аймағындағы 1-ші қабырғалық мойнына дейін бағытталған. Ең ұзын иілген қабырғалық беті (facies costalis), қабырғаларға және қабырға-аралық бұлшықеттеріне омыртқа бағанымен, алдынан -- көкірек қуысы мүшелерімен шектелген. Өкпе беттері шеттермен бөлінген. Алдыңғы жиегі (margo anterior) қабырғалық бет медиалді бөлігімен бөледі. Сол өкпенің алдыңғы жиегінде жүрек ойығы (incisura cardiaca) бар, ол астынан сол өкпенің тілшесімен шектелген. Артқы жиегі (margo posterior) қабырғалық және медиалді беттерінің арасында орналасқан. Төменгі жиегі (margo inferior) қабырғалық және медиалді беткейлік көкеттік бетінен бөледі. Әрбір өкпенің ішкі жағынан сопақ пішінді қысылымы -- өкпе қақпасы (hilum pulmonaris) орналасқан. Ол арқылы өкпе тамырын (radix pulmonaris) құрайтын, негізгі бронх, өкпе артериясы, өкпе тамырлары мен нервтері, лимфа жолдары және түйіндері өкпеге өтеді. Оң өкпенің қақпасы, сол өкпенің қақпасымен салыстырғанда қысқа және кеңірек.
Оң жақтағы көкет күмбезінің жоғары тұруына байланысты, оң өкпе сол өкпеден кеңірек және қысқалау. Терең саңылау сол өкпені 2 (жоғарғы және төменгі), ал оң өкпені 3 (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) бөлімге (lobi pulmonaris) бөлінеді. Қиғаш саңылау (fissura obliqua) әрбір өкпедегі өкпенің артқы дөңес жиегінен оның төбесінен 6-7см төменірек басталып, қабырғалық бетімен төмен және алға бағытталып, өкпенің төменгі жиегінің алдыңғы жиегіне өтуінің қасыңда жетеді. Содан соң осы саңылау медиалді бетіне жалғасады, жоғары және артқа өкпе қақпасына бағытталады. Қиғаш саңылау әрбір өкпені жоғарғы (lobus superior) және үлкен төменгі (lobus inferior) бөлімге бөледі. Оң өкпеде қиғаштан басқа горизонталді саңылау (fissura horizontalis) болады, ол өкпенің қабырғалық бөлігіңде, қиғаш саңылаудың ортасынан басталып, және алға 4 қабырғадан өкпенің алдыңғы жиегіне дейін жалғасып, сонда медиалді бетіне өтіп, өкпе қақпасына жетеді.
Горизонталді саңылау жоғарғы бөлімнен, тек алдынан және медиалді жақтан 4 және 6 қабырға арасынан көрінетін, оң өкпенің ортаңғы бөлімі (lobus medius) бөледі.
Практикада өкпені бронх-өкпелі сегменттерге (segmenta bronchopulmonaris) бөледі: оң өкпеде олар 11, ал сол өкпеде 10. Сегменттер төбесімен қақпаға, ал негізімен өкпе бетіне бағытталған, конус немесе пирамида пішіндес болады. Олар бір-бірімен дәнекер тін қолқасымен және веналармен бөлінген. Әрбір сегмент ортасында сегменттік бронх және сегменттік артерия, ал көрші сегментпен шекарада -- сегментарлық тамыр орналасқан.
Оң өкпе сегменттері:
Жоғарғы бөліміндегі сегменттер: 1) ұштық сегменттік бронх (seg. apicale). Оның төменгі бөлігі алдыңғы және артқы сегменттер арасына кіреді. 2) артқы сегменттік бронх (seg.posterius). Ұштық сегменттік бронхпен төменгі бөлік арасында орналасқан. 3) алдыңғы сегменттік бронх (seg.anterius). Ұштық сегментпен ортаңғы бөлім арасында орналасқан.
Ортаңғы бөлім сегменттері: 4) латералді сегменттік (seg.laterale). Ортаңғы бөлімнің артқы бөлімінде орналасқан. 5) медиалді сегменттік (seg. mediale). Ортаңғы бөлімнің медиалді және көкеттік беттерін құрайды.
Төменгі бөлім сегменттері: 6) жоғарғы сегменттік (seg. superius), тұрақсыз түптөбелік сегменті бар оң өкпенің артқы -- жоғарғы бөлімінде орналасқан. 7) медиалді (жүректік) базалді сегменттік бронх (seg.basale mediale cardiacum) 8) алдыңғы базалді сегменттік бронх (seg.basale anterior), көкетпен орта бөлім арасында орналасқан. 9) латералді базалді сегменттік бронх (seg. basale laterale ), артқы және алдыңғы базалді сегменттер арасында орналасқан. 10) артқы базалді сегменттік бронх (seg. basale posterior). Омыртқа бағанының латералді базалді сегменттік бронх арасында жатыр.
Сол өкпе сегменттері:
Жоғарғы бөлім сегменттері: 1-2) ұштық-артқы сегмент (seg. basale apica-posterior). Қиғаш саңылауымен және жоғарғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаянтәрізділердің әр түрлі өкілдері
ВEГEТАТИВТІК (АВТOНOМДЫ) НEРВ ЖҮЙEСІ
Шаян тәрізділер
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Бүйрекүсті безі
Шаянтәрізділер класы-Crustacea
Буынаяқтылар
Шaянтәpізділep класы
Кәсіпорынды басқару
Пәндер