Дәндік жүгері өсіру технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Орынбасар Назерке
Тақырыбы: « Қызылқұм алқабындағы суармалы сұр топырақтардың құнарлылығын арттыру жолдары және дәндік жүгері өсіру технологиясы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В080100 - Агрономия
Петропавл қ, 2021ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
факультеті
кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Беттер саны
Сызбалар мен көрнекі
Материалдар саны
Қосымшалар
Орындаған: Орынбасар Назерке
20 ж. «» қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы
(қолы) (аты-жөні)
Петропавл қ, 2021ж
М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
факультеті
мамандығы
кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент
Жұмыс тақырыбы
Университет бойынша 20___ ж «___» № _ бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 20___ ж «»
Жұмыстың бастапқы деректері
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жұмысты орындау
КЕСТЕСІ
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты-жөні)
МAЗМҰНЫ
Kipicпe
1. Әдебиетке шолу
2. Қызылқұм алқабы жайлы жалпы мәлімет
3. Өндірістік тәжірибе жүргізілген аймақтың топырақ-климаттық жағдайлары
3. 1. Климаты
3. 2. Жер бедері
3. 3. Топырақ құраушы аналық тау жынысы
3. 4 Жер асты және жер үсті сулары
3. 5 Өсімдік жамылғысы
3. 6 Топырақ жамылғысына сипаттама. Сұр - қоңыр топырақтар
4 Зерттеу нысаны және әдістемелері
5 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
5. 1 Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері
5. 2 Жүгерінің морфологиялық ерекшеліктері
5. 3 Дақылдың ботаникалық сипаттамасы
6 Дәндік жүгері өсіру технологиясы
6. 1 Жүгерінің ауыспалы егістегі орны
6. 2 Тыңайтқыштар қолдану жүйелері
6. 3 Топырақ өңдеу жүйесі
6. 4 Тұқымды себуге әзірлеу
6. 5 Тұқымды себу мерзімі, мөлшері және әдістері
6. 6 Егістікті күту және баптау
6. 7 Өнімді жинау
6. 8 Дақылды өсірудің технологиялық кескіні
7 Топырақтарды агроөндірістік топтастыру
8 Топырақ эрозиясының картографиясының түсіндірмесі
9 Еңбек қорғау
10 Қоршаған ортаны қорғау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қосымша - өндірістік тәжірибенің күнделігі
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Ауыл шаруашылығы - шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы - неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты.
Отырар ауданы Қызылқұм алқабы республиканың оңтүстік өңірінде өсімдік шаруашылығы саласымен айналысатын аймақ. Облыста егіншілікпен қатар, сүтті және етті ірі қара малдар шаруашылығы дамыған.
Сондықтан, өңірде мал шаруашылығын жеткілікті мөлшерде мал азығымен қамтамасыз етуде жоғары өнімді, сапасы жоғары дақылдарды өсірудің практикалық маңызы зор.
Отырар ауданының көптеген шаруашылықтары шөл-далалы жерлерінде орналасқан. Әзірге ауданда мал шаруашылығын өркендетудің мүмкіндіктері толық қанды пайдаланылмай отыр. Сол себепті, ірі қара малдың тұрақты берік мал азығы қорымен қамтамасыз етуде, мал азығы рационында дәндік дақылдардың үлесін арттыру қажет. Себебі, олардың қорытылғыштығы жоғары, сүт қуғыш өсімдіктер. Өңірдегі негізгі сүрлемдік дақыл - жүгері.
Қазіргі кезде, өндірісте қолданылып жүрген жүгері сорттары мен будандары ерте және орташадан ерте мерзімде пісетіндер. Сондықтан, олардың дәнінің қамырлану сатысында әбден жинауға болады. Аталған сатыда жүгеріні сүрлемге жинау өнімділікті көтерумен бірге, оның сапасын жоғарылатады. Өңір диқандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі, дәндік жүгеріні қарқынды технологиямен өсіру арқылы собығын қамырлану сатысына жеткізіп ору. Қарқынды технологиямен өсіруде күтіп-баптау шараларына үлкен мән беріледі. Себебі, вегетация дәуірінде, әсіресе оның бастапқы сатысында жүгері баяу өседі де, танаптар арамшөптермен күшті ластанады. Жүгері танаптарында арамшөптер күресу қатараралықтарды өңдеу арқылы жүзеге асырылады.
Елімізде оның, ішінде Қазақстанда азық-түлік программасын орындауда жүгерінің адамға да, малға да азықтық қасиеті орынды бағаланып отыр. Сондай-ақ шикізат есебінде әр түрлі мақсаттарға пайдаланылуы бізді. Республикамызда жүгеріні кең көлемде өсіру қажеттігі мен мүмкіншіліктерін айқындады.
Республикамызда тың және тыңайған жерлердің игерілуі қуатты егіншілігі мен мал шаруашылығы дамыған ірі шаруашылықтар құруға негіз болды. Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуы мал шаруашылығы үшін қажетті құнарлы да мол мал азығын дайындауды қажет етті. Осындай бірден-бір дақыл жүгері болып табылады.
Елімізде пайдаланылатын егістік жерлердің келемі жылдан жылға тұрақталып келеді. Осыған байланысты астық дақылдарының өнімін молайту, оның сапасын жақсартудың басты шарты - әр түрлі-тыңайтқыштарды тиімді қолдану болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан өңірінде жүгері негізінен суармалы жерлерде өсіреді. Өнімділігі-жағынан барлық далалық алқаптарда егілетін дақылдардан дәндік жағдайда да, көк балауса өсіру мақсатында да ең жоғары сапалы мал азығының өлшем бірлігінің жиынтығын алуға болады. Ғылыми негізделген өсіру технологиясын өз дәрежесінде уақытылы, сапалы жүргізген жағдайда дәндік жүгеріден 100-120 ц/га, балауса жинауға болатынын тәжірибе арқауы жоне озық өндірістік технологияның үлгісі дәлелдеп отыр,
Кез келген дақылдан мол өнім қалыптасткүру үшін міндетті түрде нақты топырақ климаттық жағдайларға бейімделген, ауыспалы егістік ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Сонымен қатар өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған өсіру технологиясын жасап оны міндетті түрде уақтылы сапалы мол өнім алуға септігін тигізеді.
Мұның өзін назарда ұстайтын негізгі жағдайлар өсіру технологиясының негізде ұстап отыру болып табылады. Яғни, дақылдың ауыспалы егістегі орны, тыңайтқыштар қолдану жүйелері, топырақ өңдеу жүйесі, тұқымды себуге әзірлеу, тұқымды себу мерзімі, мөлшері және әдістері, егістікті күту және баптау және өнімді жинау ерекшеліктері нақты топырақ - климаттық жағдайларға бейім болуы шарт.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қызылқұм алғабындағы жағдайында дәндік жүгері дақылынан жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау.
Бұл мақсатты орындау үшін мынандай міндеттер:
- Жүгері өсімдігінің биологиялық қасиеттерін анықтау;
- Дақыл өсіретін шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайларына
сараптама жасау;
- Нақты топырақ-климаттық жағдайында дақылдың ерекшеліктен ескере
отырып өнімді бағдарлау;
- Нақты топырақ-климаттық жағдайы ерекшеліктері бойынша дәндік
жүгері өсіру технологиясын жасау
Жұмыстың құрылымы мен көлемі, дипломдық жұмыс он бөлімнен тұрады:әдебиетке шолу бөлімі, бірінші бөлім, негізгі бөлім, және топырақтарды агроөндірістік топтастыру, топырақ эрозиясының картографиясының түсіндірмесі, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом қорғаушы шаруашылық жағдайында өндірістік тәжірибе қойып, онда ол дәндік жүгері қарқынды технологиясының негізі буыны - қатараралықты механизациялау әдісімен өңдеудің сүрлем өнімділігіне және оның сапасына әсерін зерттеп, эксперимент нәтижелері бойынша дипломдық жұмыс орындадым.
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Жүгері - әлем егіншілігінде астық дақылдарының арасында жетекші орынға ие дақыл. Ол бидай мен күрішпен бірге жер шарында негізгі өнім түрлерінің біріне жатады, кейбір жеке өңірлерде бірінші орын алады. Мысалы, Американың дүниежүзілік жүгері дәнін өңдіру өндірісіндегі үлесі 39-46% құрайды, бұл дақылдың шаруашылық жүргізудегі маңыздылығын және қажеттілігін айшықтайды.
Жүгері - мүмкіндігі жоғары дақыл, себебі өнімділігі жоғары және жан-жақты пайдаланылады. Жүгері өнімділігінің үлкен бағалылығы сонда, ол екі үлкен мақсатты шешуге көмектеседі - дән ресурстарын толықтырады және малдарды нәрлі азықпен қамтамасыз етеді.
Жүгерінің малазықтық бағалығын көк балауса байқатады. Оны витаминдерге және қоректік заттарға бай сүрлем жасауға қолданады. Жүгерінің сабағы мен жапырағынан жасалған сүрлемінің 1 кг -0, 16 азықтық өлшем және 13 г қорытылмалы протеин болса, ал собығымен қоса сүттену-қамырлану сатысында сүрленгенде 0, 20-0, 25 азықтық өлшем және 14-18 г қорытылмалы протеин бар.
Дәндік жүгеріні республиканың барлық аймақтарында өсіреді, бірақ өнімділігі әртүрлі деңгейде болады.
Жүгері дәні - мал және құстың құрама жемінің бағалы компоненті. 1 кг жүгері дәнінде 1, 34 азықтық өлшем және 78 г қорытылмалы протеин болады. Жүгері дәнінде 65-70% көмірсу, 9-12% белок, 4-8% май және минералды тұздар және витаминдер болады.
Жүгері өсімдігінде көмірсулардың жоғары мазмұнды болуы жақсы жүгері сүрлемін алуға мүмкіндік жасайды және ол жеңіл бөртеді де, көп мөлшерде сүт қышқылын бөледі.
Жүгері дәні бағалы энергетикалық өнім. Жүгеріден бес жүз түрлі негізгі және қосымша өнім түрлері даярланады. Жүгеріні пайдалану үш негізгі топқа бөлінеді. Мал шаруашылығы, адамзат және өнеркәсіп.
Жүгері дәнінің қоректілігі басқа астық дақылдары дәндерінен жоғары. Мысалы 100 г жүгері дәнінде 330 ккал болса, бидай дәнінде -295, арпа - 267, сұлы дәнінде 257 ккал болады.
Сондықтан жүгері өндірісін жоғарылату республиканың азық-түлік және мал азықтық бағаларын тұрақтандырудың маңызды жағдайы болып саналады.
Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері. Жүгері жылу сүйгіш өсімдік. Өсімдік экваториальды елдерден шыққан, сондықтан вегетация дәуірінде үнемі температураның жоғарлауын және жарықтың қарқындылығын, әсіресе күн спектрінен қысқа толқынды-күлгін радиацияны қажетсінеді.
Көптеген жүгері сорттары мен буындары 8-10 0 С өне бастайды, ал жаппай өсімдік көгін 10-12 0 С қалыптастырады. Егер температура 10-12 0 С төмен болса, онда жүгері өсімдігі құрамындағы бос су мөлшері азайып, тыныстанушы әлсіреп, зат алмасу үрдісі бұзылады да өсуі тежеледі.
Бірақ, бұл температура оның көгінің біркелкі қаулап шығуына жеткіліксіз. Жүгеріні онша жылынбаған топыраққа еккенде дәндерінің көп бөлігі ауруға шалдығып өліп қалады, ал шыққан көгі сирек және әлсіз болады. Өніп-шығуына қолайлы температура 10-12°С, көктеуден сыпыртқыгүл шыққанға дейінгі кезенде жақсы өсіп-жетілуі үшін 20-25°С температура қажет. Ауаның температурасы 12°С дейін төмендегенде жүгерінің өсуі күрт тежеледі, өсімдік сарғаяды және жиі ауырады. Ол 3°С-тан төмендесе, жүгерінің көгі өліп қалады.
Жүгері құрғақшылыкқа төзімді өсімдік. Ол ылғалды тиімді пайдаланады. 100 кг құрғақ зат түзуге 17, 4-тен 46, 6т дейін су жұмсайды (сұлы мен арпа одан да көп ылғал пайдаланады) . Жүгерінің транспирациялық коэффициенті 230-370. Бірақ жүгерінің дән мен көк балауса өнімінің көлемі басқа дәнді дақылдардан көп болғандықтан оған кететін су шығыны да көп болады. Көктеп шығудан сабақтануға дейін жүгері суды аз пайдаланады, әрі қарай оны қажет етуі арта түседі. Ең көп су мөлшерін жұмсайтын кезеңі: сыпыртқыгүл шығаруға 10 күн қалғаннан сыпыртқыгүл кезеңінен кейінгі 20 күнге дейін. Осы аралықта ылғалдың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне әкеліп соғады.
Жүгері жоғары агротехникада топырақ және ауа құрғақшылығына салыстырмалы түрде қарсы тұра алады. Бұны былай түсіндіруге болады: жүгері ылғалды ең көп пайдаланатын кезеңде топырақтың өте тереңінен және ауадан су буын сіңіре алатын мықты тамырлар жүйесін құрап үлгереді. Бірақ жүгерінің құрғақшылыққа төзімділігі тары мен қонақтарыдан төмен.
Жүгері - жарықсүйгіш, қысқа күн дақылы. Күннің жарығы, әсіресе жүгерінің жас кезінде оның өсіп-жетілуіне жақсы әсер етеді. Өсімдіктің көлеңкеленуі, көкті сиретуді кешіктірген сияқты, жетілу процесіне зиянды әсер етеді: жеміс салу мүшелерінің құралуы тежеледі, аталық пен аналық гүлшоғырларының гүлдеуінде алшақтық және жеміссіз өсімдіктер көбейеді. Жүгерінің осы ерекшеліктерін агротехникалық шаралар жүйесінде ескеру қажет. Ұзақ жарық күн жүгерінің вегетациялық кезеңін ұзартады, ал қысқа - пісуін тездетеді. Жүгері топырақ құнарына талап қояды және тыңайтқыштар бергенді жақсы көреді. Жүгеріден ең мол өнім, құнарлы топырақтағы жоғары агротехникада алынады. Жүгеріге құрылымды қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтар және де өте құнарлы және сіңімді өзен аңғарының шөкпе топырақтары жақсы. Топырақ ерітіндісінің ете қолайлы реакциясы -бейтарап және әлсіз сілтілі. Қышқыл, өте тұзды және батпақтануға бейім топырақтарда жүгері өсіруге болмайды.
Жүгерінің ауыспалы егістегі орны. Республикада ауылшаруашылығы өндірісін концентрациялау мен мамандандыру жүгеріні негізгі сүрлемдік дақыл есебінде фирма маңындағы малазықтық және оған жақын жердегі далалық ауыспалы егістіктерде өсіру көзделеді. Сондықтан ауыспалы егістікте жүгеріні құнарлы ылғалмен қамтамасыз етілген және арамшөптерден таза жерлерде өсіру керек. Жүгері үшін жақсы алғы егіс болып, көпжылдық шөптер қыртысы және құйқасы, бір жылдық шөптер, отамалы дақылдар, дәнді бұршақ және дәнді дақылдар жатады.
Жүгері өсімдігі алғы дақылдарға қатаң талаптар қояды. Оның себебі, өзі топырақтан көптеген мөлшерде қоректік заттарды жұмсайды. Сондықтан жүгеріні құнарлы топырақты жерлерде орналастыру қажет.
Қазақстанның оңтүстігінде суармалы жерлердегі далалық ауыспалы егістіктерде жүгеріні жоңышқа қыртысынан, күздік бидайдан, жоңышқа қыртысының аударылған құйұасынан және бақша дақыларынан кейін орналастыру қажет.
Республиканың көптеген ғалымдарының зерттеулерінің нәтижелеріне сүйеніп, төмендегідей тұжырымға келеміз, жүгеріні интенсивтік технологиямен өсіру шарттарының бірі, оны жақсы алғы дақылдан кейін орналастыру болып табылады. Қазақстанның суармалы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жүгері үшін жақсы алғы дақыл дәнді-бұршақ дақылдары, мақта, ерте пісетін жаздық дәнді дақылдар және бақша дақылдары жатады.
Жүгері ауыспалы егісте отамалы танапта орналасады. Дәнге және сүрлемге егілетін жүгерінің ең жақсы алғы дақылдары- күздік бидай мен күздік қарабидай, жаздық бидай, арпа, дәндібұршақ дақылдары және отамалылар. Ылғал жеткілікті жағдайда жүгері көпжылдық шөптердің қыртысы мен оның аударымына да егіледі. Жақсы агротехника мен тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда жүгері қайта егісті жақсы көтереді.
Жүгеріні сүрлемге және көк балаусасын пайдалануға сүрі жерге де егеді. Жауын-шашыны аз аумақтарда оны топырақты қатты құрғатып жіберетін күнбағыс және қант қызылшасынан кейін орналастыруға болмайды.
Жүгерінің өзі де жаздық және күздік дақылдарға жақсы алғы дақыл бола алады. Сүрі жер танабының дақылы болып сүрлем мен көк балаусаға егілген жүгері, келесі күздік бидайдың жоғары өнім беруін қамтамасыз етеді.
Топырақ өңдеу және тыңайтқыштар жүйелері. Жүгері өте ерте терең жыртуды қажет етеді. Күздіктер мен дәнді бұршақ дақылдарын жинап болысымен, жүгері егетін танапты 6-8 см тереңдікке кең алқымды сыдыра жыртқыштар - ЛД-10, ЛД-15 немесе БД-10, БДТ-7 тырмаларымен өңдейді. Ал арамшөптер өсіп шыққаннан кейін екі қабатты ПЯ-3-35, ПИЯ-4-40 соқаларымен, 25-30 см тереңдікке сүдігерге жыртады. Отамалы дақылдардан кейінгі және арам шөптерден таза танаптарды алдын-ала сыдыртусыз-ақ сүдігерге жыртады. Жел эрозиясы болатын аймақтарда КПГ-250, КПС-2-150 және сыдыра қопсытқыштарды пайдаланып топырақты терең қайырмай қопсытады. Ылғал жеткілікті аймақтарда топырақты шала сүрі жер типінде өңдейді. Топырақты көктемгі өңдеу ылғалды жақсы сақтауға, ұсақ түйіртпекті бос топырақ қабатын жасауға бағытталуы керек. Ол ерте көктемгі тырмалау, 2-3 қопсытумен бірге тырмалаудан тұрады.
Бірінші қопсыту, ерте мерзімде арам шөптер шыққаннан соң 10-14 см тереңдікте, ал тұқым себералды қопсыту - тұқым себу тереңдігіне жасалынады.
Құрғақшылықты аумақтарда топырақты тұқым себералды немесе сепкеннен кейін нығыздау өте тиімді.
Жүгері жоғары агротехникада мол дән және көк балауса өнімін беретіндіктен, осы өнімді құрау үшін бірінші топ астықтарына қарағанда көп қоректік заттар жұмсайды. Өсімдік қажетті қоректік заттардың көп бөлігін вегетацияның екінші жартысында пайдаланады. Сондықтан, жаздық үстеп қоректендірудің жүгері үшін маңызы зор, ал кеңқатарлы және үялы егу тәсілдері вегетацияның барлық кезеңдерінде тыңайтқыштар қолдануға қолайлы жағдай жасайды.
Себу мерзімі. Жүгері өсімдігін өсіп-өнуіне қолайлы мерзімде себудің де маңызы зор. Оның тек қана біркелкі өсімдік көгін алуға ғана емес, сонымен қатар өнімді уақытында жинауға, кептіруге және басқа жағдайларға қажет.
Егер тұқымды жылынбаған топыраққа сепсек, олар аурулармен, зиянкестермен зақымданып, егістік өнгіштігін төмендетеді. Сонымен қатар, дақылды мезгілінен кеш себуге болмайды. Кеш себілген жүгерінің тұқымы құрғақ топыраққа түсіп, сол себепті өсімдік көгі көпке дейін жер бетіне шықпауы мүмкін. Көпжылдық тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйеніп, жүгеріні республиканың оңтүстігінде себудің ең қолайлы мерзімі орташа тәуліктік топырақ температурасы 10-12 0 С болғанда 10 см тереңдікке себу керек. Өсімдікті себудің ең қолайлы календарлық мерзімі сәуір айының соңғы онкүндігінде бастап, мамыр айының бірінші онкүндігінде бітіру қажет.
Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының Отырар ауданы өндірістік практикадан жүргізілген зерттеулерінің нәтижелері бойынша, суармалы жерлерде ең жоғарғы өнім жүгері өсімдігін сәуір айының екінші жартысында сепкен кезде алынған. Яғни, дақылды 19 сәуірде сепкен кезде, оның дәнінің өнімділігі 65, 5 центнер болса, ал 9 мамырда сепкенде өнімділігі 5, 8 центнерге төмендеген. Сонымен қатар, себу мерзімі дақылдың сабағының биіктігіне де өз әсерін тигізеді екен. Ерте себілген өсімдіктердің биіктігі кеш себілгендерге қарағанда 35-42 см жоғары болған. Өсімдіктердің себу мерзімі олардың көк балаусасының жиналу динамикасына әсерін тигізеді .
Жүгеріден жоғары өнім алудың міндетті жағдайлардың біріне дақылды ең қолайлы агротехникалық мерзімде себу жатады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында жүгеріден жоғары өнімді оны ерте сепкенде, яғги сәуір айының екінші онкүндігінде сепкенде алынған. Зерттеулер жүргізген материалдардан көргендей, жүгеріні сүрлемге себудің қолайлы мерзімі жергілікті жердің топырақ-климат жағдайына және көктем түсу сатысына байланысты болады.
Жүгері өсімдігінің гектардағы жиілігі. Жүгеріден жоғары өнім алу үшін оңтайлы өсімдік жиілігін қалыптастырудың маңызы зор. Тәжірибелер көрсеткендей қоректік алаңша көлеміне және өсімдік жиілігіне байланысты жүгерінің өсіп-өнуі мен өнімділігі өзгереді.
Өнімді жинар алдында әрбір гектарда 80-85 мың дана өсімдік жиілігін қамтамасыз ету үшін, тұқымның себу мөлшері 103 мың дана болуы керек.
Жүгеріні сүрлемге өсіруде 1 гектардағы өсімдіктер жиілігі 90-100 мың болуы қажет. Жүгеріні себудің негізгі тәсілі болып біздің елімізде және шетелде шаршылап ұялап себу тәсілі жатады, осы тәсілмен сепкен кезде өсімдік топырақ ылғалын, қоректік заттарды және күн сәулесін дұрыс пайдаланып, соның әсерінен олардың өсіп-өнуіне жақсы жағдай жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz