Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .3
Батыр Баян поэмасындағы топонимдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...7
Батыр Баян поэмасындағы фитонимдер мен зоонимдер ... ... ... ... ... ... .. ..13
Батыр Баян поэмасындағы теонимдер, этнонимдер, космонимдер ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі көркем шығарманың ономастикалық сипатын қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты қазіргі кезде көркем шығармадағы онимдерді зерттеу нысаны ретінде алған еңбектердің саны да артып келеді. Көркем шығармалардағы жалқы есімдерді талдаудың маңызы ерекше. М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасы қазақ халқының өткенінен мол мәлімет беретін мәдени, тарихи, саяси-әлеуметтік ақпараттарға бай. Осы орайда М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасындағы ономастикалық ерекшеліктердің сипатын айқындау мақсаты жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасындағы ономастикалық атаулар алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты − М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасындағы онимдердің сипатын анықтау, онимдердің қызметін анықтау, топтарға бөлу, автордың шығарманың мәнін жеткізудегі онимдердің орнын айқындау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасы алынды.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Зерттеу жұмысында сипаттама, талдау және жүйелеу, жинақтау, түсіндіру мен тұжырымдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасындағы онимдердің сипаты қаралып, төмендегі нәтижелерге қол жеткізілді:
Онимдердің түрлеріне қарай М.Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасында кездесетін жалқы есімдер жіктелді;
Онимдердің қолданыс жиілігі, саны анықталып, көркем шығармада атқарып тұрған қызметі анықталды;
Онимдердің шығу тегі мен олар туралы ақпараттар жинақталып берілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер

Көркем шығармаларда кездесетін ономастиконда мол мәдени ақпаратқа ие, өзіндік уәжділігі мен шығу тарихы бар, шығарманың құрамдас компоненті ретінде антропонимдердің атқарар қызметі зор. Осы ретте зерттеу нысаны ретінде Батыр Баян поэмасын алдық. Поэмада 330-ға жуық антропонимдер кездеседі. Шығармадағы антропонимдердің басым көпшілігі ұлттық негіздері қазақ есімдері: Абылай(156), Байжігіт(157), Тасболат(157) , Толыбай(157), Қанай(157), Бөгенбай(157), Жанатай(157), Бәсентиін Сарымалай (157), Оразымбет(157), Елшібек(157), Қошқар(157), Жәнібек (157), Қалдан(157), Жәбек(157), Сырымбет(157), Қарабұжыр(157), Бұқар(157), Тәтіқара(157), Қанай(158), Баян(158), Наркескен(158), Көкше(159), Қосай(159), Сары(159), Ноян(160), Атығай(165), Асанқайғы(165), Болат(171), Бұғыбай(172), Ұса(173), Серен(173), Жанатай(177), Толқыншаш(178) т.б. негізінен мағынасы түсінікті, күнделікті тіршілікте де кездесетін қазақ есімдері.
Поэмада қазақ антропонимиясының этномәдени болмысы мен сипатын көрсететін кісі аттарының бір типі немесе түрі - зооантропонимдер болып табылады. Олар: Қошқар, Бұғыбай.
Поэманның тарихылығы мен шынайылығын танытатын антропонимдік атаулар да шығармада маңызды рөл атқарады. Яғни, тарихи қайраткерлер есімдері де шығармада көптеп саналады, олар: Абылай хан, Қалдан - қалмақ ханы, Бөгенбай, Баян, Ноян - батырлар, Бұқар, Тәтіқара, Асан қайғы - жырау, ақындар. Мысалы, Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) -- 1771-1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалағанОрда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
Солардың ортасында Бурабай көл
Мөп-мөлдір, дөп дөңгелек ұқсайды Айға.
Бурабай - Арқа аралы, жер еркесі,
Ертеде қоныс болған Абылайға
Бөгенбай - Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті Оның атасы -- Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде Қанжығалының қырық батыры деп аталып кеткен.
Ту баста Абылайды хан көтерген
Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай,
Ашуы жауған қардай, шөккен нардай
Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай.
Бұл жолдардан тағы бір тарихта есімі алтын әріптермен жазылған Қанай шешеннің де осы оқиғаға куә болғандығын көреміз. Қанай шешен Құттымбетұлы - 1695-1698 жылдар шамасында туып, 1775-1780 жылдары дүниеден өткен қазақтың атақты би, шешені әрі батыры. Ол атақты Абылайханның сенімді бас билерінің бірі болған. Балалық шағы Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қарабұлақ ауылында өткен. Зерек, сезімталдығы жас кезінен қалыптаса бастаған баланың сөз тапқыш алғырлығы ауылдастары арасына таралады.
Өзіне тірі жанды тең көрмейтін
Тәкәппар Қошқар ұлы ер Жәнібек,
Қалданға ханмен бірге тұтқын болған
Жолдасы Абылайдың батыр Жәбек.
Қалмақтың ханы Қалдан Серен туралы естімген жан жоқ шығар, қазақ тарихында қанды қол қолбасшы, атажау саналған ханның тарихи оқиғаларға қатысты поэманың шынайылығын арттыру мақсатында қолданылуы да орынды. Қалдан Серен (1693 - 1745) - жоңғар хандығының билеушісі (1727 - 45), қолбасшы. Әкесі Сыбан Раптан 1723 ж. қазақ жеріне басып кіргенде, Қ. С. 10 мың қолмен Балқаш пен Қаратауды шапқан. Сыбан Раптан өлгеннен кейін таққа отырды. Оның тұсында қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті. Жоңғарлар Жетісудың біраз жерін, Іле Алатауынан Балқашқа дейінгі өңірлерді, Сібір өңірін жаулап алды. Әйгілі Аңырақай, Бұланты шайқастары, Қалмаққырылған оқиғалары осы Қалдан Серен билеген кезеңдерде өтті. Болашақ қазақ ханы, сұлтан Абылай 1741-43 жылы жоңғар тұтқынында отырды (қаласы Абылай). Қалдан Серенмен соғыс барысында қазақ хандығының билеушілері, батырлары бір орталыққа бірігіп, өз еліне қорған бола білді.
Қанайым, ойың удай, тілің шаян,
Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.
Көп жаудың албастысы, ел еркесі
Баянның батырлығы алашқа аян.
Поэманың бас кейіпкері батыр Баянның батылдығы мен ерлігі туралы халық арасында аңыз-әңгіме жетерлік. Поэмадағы Батыр Баянның образын біреу даттаса, біреуі жақтайды. Бірақ, біз бұл көркем шығарма екендігін ұмытпауымыз қажет. Бұл жерде әсірелеу басым болады. Жалпы, Батыр Баян туралы тарихта төмендегідей мәлімет берілген:
Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (шамамен 171015 - 1757) - батыр. Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі -- батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, Батыр Баян атанған.
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалақ батыр Баян!
Батыр Баян поэмасының өн бойында қазақтың маңдайына біткен даралары мен даналарының есімдері көптеп кездеседі. Мысалы,
Әрі ақын, әрі батыр Қарабұжыр,
Айтатын өрлеп барып аспанға сыр.
Бұқар мен Тәтіқара жырлағанда,
Толқынды тұңғиық боп төгілер жыр.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668 -- 1781) -- қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны көмекей әулие деген. Тәтіқара (1705, қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы - 1780, сонда) - ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы ретінде біршама уақыт хан сарайында тұрған. Олжабай, Бөгенбай батырлардың қалмаққа қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған, толғауларында жауынгерлерді табандылыққа, төзімділікке үндеген. 1756 жылғы Цин империясы басқыншылары мен Абылай сарбаздары арасында өткен соғысты сипаттаған жалынды жырлары ("Қамыстың басы майда, түбі сайда", "Кебеже қарын, кең құрсақ", т.б.) Тәтіқара есімін халыққа кеңінен танытты.
Көркем шығармаларда антропонимдер, яғни адам аттары көркем образдар жасауда немесе кез келген көркем бейненің ерекшелігін ашып көрсетуде маңызды роль атқарған, сонымен қатар,антропонимдер ақын не жазушының белгілі бір қоғамды, әлеуметтік топты, суреттеліп отырған заманның бет пердесін ашып көрсетуде көп қолданған. Батыр Баян поэмасындағы антропонимдердің басым бөлігі тарихи атаулар болғандықтан, ақын шығармаларындағы адам атаулары шығарманың тарихилығы мен шынайылығын танытады.

Батыр Баян поэмасындағы топонимдер

Тіліміздегі жер-су, өзен-көл атауларын зерттейтін ономастиканың үлкен бір тарауы топонимдер болып табылады. Топоним гректің топос - жер, онома - ат, атау деген сөздерінен құралып, қазақша жер-су аттарын зерттеу деген мағынаны білдіреді. Топонимиканың негізгі бөлімдері: гидронимия (өзен, көл, су атаулары), оронимия (тау, төбе, шың, қырат атаулары), ойконимия (елді мекен аттары) болып сараланады. Жерімізде кездесетін жер-су, тау, тас атауларының мән-мағынасын ашып түсіндіру, топонимияның басты мақсаты болып саналады. Кез келген адам туған өлкесіндегі жер-су, өзен-көл атауларының қойылу себептері мен беретін мағынасын жақсы білуі тиіс. Ол адамның отанына, туған жеріне деген құрметі болып саналады.
Басқа мемлекеттер секілді қазақ даласы да көптеген ұлы дүмпулерден, қанды жорықтардан, басқыншылықтар мен жаулап алушылықтардан өтті. Сол кезеңдердің барлығы да біздің ұлан-байтақ жерімізге көп өзгерістер алып келді, әсіресе, қазақ жерінің әрбір тауы мен тасы, өзені мен көлі, шоқысы мен қыраттарының атауларына өзіндік әсерлерін тигізді. Сол себепті де тарихтың көзіндей болып жеткен еліміздегі онимдердің, оның ішінде жер-су атауларының мән-мағынасы мен түп-төркінін танып-білу өте маңызды болып саналады. Ономастика ғылымының маңызы да, қажеті де осында. Ертедегі елімізді мекендеген тайпалардың арасындағы соғыстар, жаулап алушылықтар, кейіннен Жоңғар қалмақтарының шапқыншылықтары, патшалы Ресейдің отаршылық саясаты, т.б. көптеген тарихи оқиғалар жер-су атауларында өз іздерін қалдырды.
Өткенді жырлап, болашаққа жол сілтеуші ақын-жазушыларымыздың шығармаларында еліміздің жер-су атаулары көрініс тауып, өзіндік қолданысқа ие болған. Сол арқылы ақын-жазушыларымыз халқының өткен өмірінен сыр шертіп, оның тарихының өшпеуіне, болашақ ұрпаққа аман жетуіне мол үлес қосқан. Сондай ұлтжанды, елін сүйген, елі сүйген, құрметтеген аяулы ақындардың бірі - М.Жұмабаев. Ақын шығармаларының басым бөлігі тарихи, шынайы, өмірде болған образдарға толы әрі олардың тілдік ерекшеліктері де қызықты. Әрбір атаудыңастарында жатқан құпияны ашып көрсету арқылы болашақ ұрпаққа сол жерлердің қалай келгендігі, еліміздің қандай тарихи процестерден өткендігі туралы түсінік қалыптастырып, елін, жерін сүйетін, рухы мықты ұрпақ қалыптастыра аламыз.
Батыр Баян поэмасындағы жалпы топонимдердің саны -
Сарыарқа - сары дария, қиыры жоқ ,
Көз болсын қандай қыран, талады да.
Ішінде сары дария көз тоқтатар
Көкшетау- Сарыарқаның аралы да.
Поэмада оқиға желісі Көкше жерінен Абылай ханның ордасында бастау алып, Жетісу, қазақ пен қалмақтың қалың қолының түйіскен жерде жалғасын табады.
Балқаш қой бұл айдыны сылдыр қаққан,
Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан.
Қаратал, Аягөзбен - екі көзі,
Еркесі - Іле өзені ұзын аққан.
Басы егіз ерке Іленің: Кеңес, Текес,
Тәңірінің тентек Текес дәмін татқан.
Бұл тарихи маңызы бар деректер. Қазақ пен қалмақ соғысқан қан майданның қай жерде болғандығын ақын нақты осы жыр жолдарында көрсеткен.
Шығармада кездесетін жер аттары мен олардың шығу төркіні мынандай:
Сарыарқа− Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа - халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Сарыарқа атауы жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа ұғымын білдіреді.Сарыарқа қазақтың ұсақ шоқылығы атты өлке болып табылады.
Арқа - республикамыздағы ірі географиялық объект. Бұл Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақстанды білдірді. Арқа сөзі түркі тілдерінде көбіне географиялық термин ретінде қолданылады. Қарақалпақ.арқа - арқа тұс, сырт жақ, түркімен.арга− солтүстік, башқұрт арка−тау жалыт.б.
Көкшетау - Солтүстік Қазақстан облысындағы тау. Атаудың бірінші сыңарындағы көк сөзі аспан және ше - үстемелі мәнді қосымша. Атаудың толық мағынасы: көкпеңбек, әдемі, сұлу боп көрініп тұратын тау.
Ономастиканың үлкен бір бөлімі − гидронимия саласы болып табылады. Гидроним грек тілінен аударғанда hydor − су + onyma, onoma − ат, атау, есім кез келген су объектісін білдіретін жалқы есім, топонимнің бір түрі. Әр тілде қолданылатын гидронимдер өзіне тән гидрографиялық терминдер арқылы жасалады. Гидрографиялық терминдер күрделі топонимдер құрамына еніп қана қоймайды, түбір күйінде жалқы есімге өтіп, апеллятив атаулар да жасайды. Топонимикада гидронимдер ең көне атаулар деп есептеледі, сондықтан олардың мағынасын ашып жеткізу маңызды іс болып саналады. Гидронимия топонимиканың ең өзекті де ірі бөлімі болып табылады.
Кез келген аймақтың өзіне тән географиялық ерекшеліктері болады. Әр өлкенің табиғат байлығы: тауы мен тасы, өзен-көлі, өсімдіктер мен жануарлар әлемі − сол жердің мақтанышы болып саналады.
Осындай табиғаттың тамаша жаратылыстарының бірі − өзендер мен көлдер. Мыңдаған жылдарды артқа тастап, қаншама оқиғалардың куәсі болған қазақ жерінің әрбір тау-тасы, әр шоқысы, өзен мен көлі - тірі тарих іспеттес. Киелі қазақ жерінде тарихы тереңде жатқан қаншама өзендер мен көлдер кездеседі. Адамзат ұғымында су −тіршілік көзі, өмір нәрі. Сол себепті де ата-бабаларымыз оларды ұлықтап, түрлі атаулар берген, өткеннің белгісі деп қастер тұтқан. Ақындарымыз өлең арнаған.
Туған жер табиғатын қастерлеп, оның әрбір жаратылысын мақтан тұтып, болашақ ұрпаққа жеткізуші ақындарымыздың бірі - М.Жұмабаев. Автор әдемі табиғат жаратылысы болып табылатын өзен-көл, бұлақ, бастау т.б. шығармаларына арқау ету арқылы туған жеріне деген перзенттік махаббатын, құрметін жеткізеді. Ақын шығармаларындағы атаулардың мән-мағынасына түсінік беру арқылы көркем шығарма тарихилығын, шынайылығын арттырудағы қызметін анықтауға мүмкіндігіміз болары анық. Су атауларынан да ұлттың дүниетанымынан ақпарат алуға болады, себебі Көркем шығарма мәтініндегі топонимдер мағынасына терең үңілу барысында халқымыздың тарихына, дүниетанымдық ерекшеліктеріне қатысты түрлі мәліметтер алсаң, суреткер шығармаларында қолданыс табуы арқылы қосымша ақпаратқа қанығамыз.
Арқада жер жетпейді Бурабайға,
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.
Мұндағы Іле гидронимі туралы Т.Жанұзақов: Іле − Ұйғыр ауданындағы өзен. Бұл көне атаудың шығу төркіні мен мағынасы жайлы әрқилы пікірлер болғаны мәлім. Ғ.Қоңқашбаев бұл қалмақтың иле- жарқыраған, жалтыраған деген сөзінен шыққан дейді. ХІ ғ. ірі ғалымы Махмұт Қашғари: Бұл дария түрік елдерінің Жаухуны деп есептеледі - деген. Қытайдың 2 мың жыл бұрын өткен Хан патшалығы заманында-ақ тарихшылар Іле өзенін ханзу жазуында Иле деп жазыпты.
Мұндағы Балқаш гидронимінің этимологиясы жайында халық арасында мынандай аңыз сақталған: Бұдан көп ғасыр бұрын көлдің батыс жағалауын бір бай мекендеген екен. Оның Балқия атты қызы болыпты. Ол ақылдылығымен, адамгершілігімен ел аузына ілігіпті. Сүйікті қызды бүкіл - ел-жұрт еркелетіп Балқаш деп атайды екен. Жасы 17-ге толғанда Балқия алыс елден келген Ерден атты жас жігітке ғашық болыпты.Бірақ қазақтардың салты бойынша Балқияның атастырып, малын алып қойған екен. Содан екі жас ақылдасып, бір түнде қашып кетеді. Екеуі бір қамыстың түбіне келіп паналайды, сонда олардың аттарына қабандар тап береді. Ерден аттарын құтқарам деп өзі қатты жараланып қайтыс болады.Балқия жігітті жерлеген соң өзі де өлмек болады. Бұл кезде Балқияның әкесі қызын ұстап әкелуді бұйырады. Жігіттер Балқияның тығылған жерін тауып алады. Қыз әкесінің қатал мінезін біліп, жардан суға секіріп кетеді, бұл оқиғаны естіген халық сол көлді қыздың атымен атайтын болыпты -дейді халық аңызы.
Қаратал − Алматы облысындағы өзен, ұзындығы 321 км. Осы өзен атымен қойылған поселке, аудан аты бар. Қаратал сөзінің мағынасы қалың, ну өскен тал, қалың, жыныс орман, тоғай деген ұғымға сәйкес келетіндей. Бұған Қаратал өзенінің жағасында талдың көп, қалың өсуі дәлел болады.
Текес − Райымбек ауданындағы өзен. Бұл атауды Э.Мурзаев Теріскейден ағатын су − Күнестің антонимі десе, Шоқан Уәлиханов Қашқарға сапар атты еңбегінде осы өзеннен өткен кезде Теріс аққан өзен деп атаған. Себебі өзен басқа өзендердей емес, батыстан шығысқа қарай аққандығынан атаса керек. Ақын поэзиясында көрініс тапқан топонимдер ең алдымен, географиялық атаудың объектімен байланысын, сол объекті туралы кешенді ақпаратты қамтып, белгілі бір аймақта ертеректе кімнің, қандай тайпаның, рудың қоныстанғандығынан және жалпы халық тарихынан ақпарат береді. Екіншіден, ақын өлеңдеріндегі әрбір топоним - сол аймақты мекен еткен халықтың дүниетанымы, тұрмыс - тіршілігі, салт - дәстүрі мен географиялық орта туралы таным - білімі туралы қосымша ақпарат көзі. Үшіншіден, ақын белгілі бір топонимді қоғамдағы құбылыстардан бірқатар мәліметтер беру мақсатында және оқырманға өзінің ішкі ойын жеткізудегі қатысым құралы ретінде қолданылған .
Жолдыөзек - Ертіс алабындағы тұйық көл. Солтүстік Қазақстан облысының, Аққайың ауданының жерінде, Қызылағаш ауылының солтүстігінде, Талдыарал көлінің батысында орналасқан. Ауданы 12,0 км2. Ұзындығы 6,2 км, ені 3,0 км шамасында. Қарашаның басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді.
Бурабай - Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Халық арасында бұл көлдің атауына қатысты аңыз көп. Мәселен, таулардың арасында ертеректе бір бай әрі би қоныстанған екен. Ол бай бимен бірге бір еркін де тәккаппар ақбас бура мекен еткен. Ол бураның әсемдік түрі, биік тұрпаты, қалың жүннің ақтығы көрген адамды қызықтырмай қоймайды. Талайлардың қолына түсіп үлгеріпте шыққан Бура, сытылып қашып құтылып кете беретін болған. Бура жалғыз жүріп, жалғыз тұрып, ешкімге басын имей үйреніп кетеді. Ол суды тек тазалығы мен мөлдірлігі үшін Күміскөл атап кеткен бір ғана көлден ішеді. Күн сайын келіп, тал түсте су ішуге келіп, келетін соқпағы да біреу болатын. Бура қасиетті еді. Жау қосындарының жақындағанын күні бұрын сезіп, боздаған жылаған дауысымен халыққа төнген қауіп жайлы хабар беретін. Бура ханның ауру сырқатын ерте біліп, ерекше тынышсызданып, күңірене боздап, беймаза болатын. Үрейлі күндердің алдында ақ бура толассыз, тоқтаусыз ақыратын.Ақырғанын естігендер, төңіректегі адамдар мен далалардың халқы асығыс жиналып, жау шапқнышылығын қайтару үшін жасақтар құрып, бірігетін. Ақ бураға құдайдай табынып, пәле жаладан қорғау үшін Тәңір жіберген әулие жануар деп санап жүрді. Жылдар өтіп, адамдар арасынан залым пайда болып, өзі сияқты басбұзар, сұмдардан құралған топ құрып, кедейлерді тонап, аң құс, адамдар деп қарамай қырғынға ұшыратты. Олар жануарлар мен адамдарға, жабайы аңдар мен құстарды қырып жойды. Адамдарға таяп жақындап келгенде бура ақырып хабар жеткізетін. Қарақшылардың жолдары болмай, Аңдар қаскөй жауыздардан құтылды. Бура, ерекше қасиетін біле тұра, Аңдар ғана құтылджы. Хабар беретін кезін біліп алып,өлтірмекші болды. Күндердің күнініде қалың орманды ақ омыраумен келе жатып, аңшылардың қолына түседі.Бір қарақшы ұзын жебесімен бураны атып, бураның кеудесін көздеп, садағымен атып жібереді. Жебенің оғы киелі жануардың көкірегін өтіп, өркешін тесіп шығады.Аузынан қан кетіп, тұяқтарымен тапап тасмамақшы болып, өзін зәбірлеуші, тапап тасмақшы болып, ақыра боздап, атын қамшап қашып кетеді.Жарақат алған бура, кері бұрылып, өзі туып өскен, көлдің жағасына келді.Жан тәсілім етер алдында басын қағба жаққа қаратып, көзін жұмалы. Сол қалпында қос өркешті ақ бура көзін жұмады. Бура қос өркешті ақ тауға айналып, тұрып қалады. Биіктігі 690м. Өркешінен әлі күнге дейін жануарды көктеп төкен, сорайып щшығып тұр. Ақ бура мекен еткен жер. ауыл, мейірін қандыра сусындаған күміс көлде Бурабай деп аталды.
Обаған - Тобыл алабындағы өзен. Шағын тұщы сулы Көктал көлінен басталып (Қойбағар ауылы маңында), Ресей Федерациясы аумағында Звериноголовское селосынан 10 км жерде Тобылға құяды.
Топонимдік атаулардың автор шығармасында алатын орны ерекше, себебі топонимдер арқылы шығарманың тарихилығы мен шынайылығы, дәлелділігі аңғарылады. Содан шығармадағы орын алып жатқан оқиғалар көңілге қонымды, кейіпкерлерге сенімді болады. Автордың жазушылық шеберлігі, оның өзіндік стиль ерекшелігін ажыратуда да осындай ономастикалық атауларды қолдануы маңызды рөл атқарады.
Ақын шығармаларында әлі де болса мән-мағынасын ашып, көпшілік оқырманға жеткізетін атаулар кездеседі. Ақынның кез келген шығармасынан кең-байтақ қазақ даласының сұлу табиғатын, әдемі өзені мен көлін, туған топырағымызда өсетін өсімдік атаулары мен жануарлар дүниесіне қатысты атаулар, аспан әлемінің құпия атауларын кездестіреміз. Ақын сол атауларды шығармаларына арқау ете отырып, туған өлке табиғатының байлығы мен жауһарларын сақтауға, көздің қарашығындай қорғауға шақырады.

Батыр Баян поэмасындағы фитонимдер мен зоонимдер

М.Жұмабаевтың поэмасында аз да болса кездесетін онимдердің бір түрі - фитонимдер, яғни өсімдік атаулары болып табылады. Көбінде фитонимдер Бурабайдың табиғатын суреттеу, оқырманның көз алдына алып келу мақсатында қолданылған. Мысалы,
Бауырында Бурабайдың қалың ағаш,
Көкшенің жалыменен біткен жалғас.
Арудың ақпен өрген тұлымындай
Қарағай, қызыл қайың, тал аралас.
Жоғарыдағы фитонимдердің мән-мағынасы Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде былайша беріледі:
Қарағай - ормандарда түзу әрі биік болып өсетін, қысы-жазы көгеріп тұратын, қылқан жапырақты ағаш.
Қайың - қабығы тегіс, жылтыр, жүрекшк жапырақты, қатты сүректі ағаш.
Тал - майысқақ бұтақты, жіңішке жапырақты бұта, ағаш.
Бәйтерек - терек туысына тән ең биік ағаш.
Батыр Баян поэмасында зоонимдік қатардың бар екендігін байқадық. Ақынның Сарыарқа аймағында мекендейтін жан - жануарлар, аңдар мен құстар жайлы да тоқтала кетеді. Мысалы,
Көкшеде күні кеше қойдай өрген
Түрлі аң: бөрі, бұғы, маралы да.
Сонымен қатар, шығарманың көркемдік қуатын көтеру мақсатында, теңеу ретінде де зооатаулар қолданылады.
Жиналған өңшең бөрі Бурабайға,
Алаштың Кебесіндей ізгі жайға.
Батырлар бұғаудауы арыстандай.
Жоғарыда аталған зоонимдерге қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде төмендегідей анықтама берілген:
Қой - күйіс қайыратын уақ мал.
Бөрі - қасқырдың екінші, қосымша аты.
Арыстан - мысық тұқымдас ең ірі жыртқыш аң.
Бұғы - күйіс қайыратын, сүт қоректі айыр тұяқты, сала мүйізді ірі аң; тау, орман жануары.
Марал - аша тұяқтылар тобына жататын сүт қоректі; бұғының ұрғашысы.
Жолбарыс - мысық тұқымдасына жататын, жолақ терілі ірі жыртқыш аң.
Барыс - қара дақтары бар, мысық тұқымдастарына жататын жыртқыш аң.
Аққу - мойны ұзын, ақ қауырсынды үлкен ақ құс.
Киік - айыр тұяқты ешкі тұқымдас жабайы дала аңы.
Жылқы - тақ тұяқты ірі қара, төрт түлік малдың бірі.
Жылан - 1)бауырымен жорғалаушылар тобына жататын, уы бар жәндік
2)араға іріткі салатын арамза, зәлім адам.
Марқа - ерте туған қозы.
Оқырман шығарманы оқи отырып, осы аймақ жайлы мол мәлімет алады. Кез келген жазушы немесе ақын болмасын өзінің туып - өскен ортасын жырлайды, ол − табиғи құбылыс.

Батыр Баян поэмасындағы теонимдер, этнонимдер, космонимдер

Қазақ ономастикасының бір бөлігі болып табылатын теонимдер де ақын шығармаларында жиі ұшырасады. Қазақ халқы ислам дінін ұстанатын, құдайды хақ деп танитын халық болғандықтан, ақын шығармаларындағы теонимдер көбінесе аллаға сену, сенім білдіру, алланың барын растау, аллаға алғысын білдіру, құдайдан тілеу, кешірім сұрау мағынасында қолданылған. Батыр Баян поэмасындағы теонимдерге тоқтала кетсек:
Аздан соң мінді атына батыр Баян
Сыйынып бір жаратқан Алласына.
Ақын шығармаларындағы теонимдер түрлі мағынада қолданылған, көрсетілген мысалда Алланың бар екенін мойындап, одан медет тілеген.
Өлең жолдары мен шығарма үзінділерін оқи отырып, қазақ халқының қандай кезең болмасын Жаратушы Аллаға деген сенімінің сөнбейтіндігі, келешегінен күтер үміті мен жақсылығы толастамайтынын, жүрегіндегі имандылығын аңғаруға болады. Ел басына бозторғай жұмыртқалаған заманда да, қара бұлт төнген уақытта да қазақ халқы Жаратқан Иесінен ешқашан үмітін үзген емес:
Алайда бұзық ойдан аулақ еді,
Сұлуға Тәңірі көріп табынғандай.
Деді де, суырып ап жау найзасын;
"Алаштың әруағы, - деп, - қайдасың? -
Жыландай жарқ еткізіп алдаспанды,
Түсірді топ еткізіп қалмақ басын.
Ақын мақсаты да ата-бабадан кел жатқан Құдай, аруақ сынды халқымыздың бойына әдет, салт боп сіңген жақсы қасиеттерді даралап көрсету болып табылады.
Халық атауларының бір саласы - этнонимдер, яғни ел, халық,ұлыс,тайпа аттары. Бұл ретте халқымыздың аты қазақ жайында, бұл сөздің сыр-сипат, мән- мағынасы туралы, сондай- ақ атам заманнан келе жатқан қанжығалы, бәсейінтін, уақ т.б. атаулардың шығу төркіні, мән - мағынасы жайлы толық мағлұмат алауға болады.
Этнонимдер: Ұлт атаулары: орыс (156), қытай (156), қалмақ (157), қазақ (159). Жүзге кіретін ру-тайпалар атаулары: Уақ (159), Қарауыл (157), Қанжығалы (157), Бәсентиін (157).
Мысалы,
Жолдасы Абылайдың батыр Жәбек;
Майданда от шашқандай оқ шашатын
Сырттаны Бәсентиін ер Сырымбет -
Осындай өңшең көкжал жиылысты.
Бәсентиін - қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасының Жеті Момын тармағынан таратылады. Ақмайдан, Бекмайдан, Тоқмайдан, Ақтілес, Күшік (ру), Қарабұжыр, Апай, Бөрі, Сырым аталарына бөлінеді. Бәсентиін руынан Малайсары батыр және оның қарындасы Гауhар батыр, Жасыбай батыр, Сырымбет батыр сияқты тұлғалар шыққан. Бәсентиіндер XIX ғасырдың орта кезінде бес болыс ел болған. Ұраны - "Барлыбай". Таңбасы - ойық, тілік
Уақ − Орта жүз тайпасына жататын ру (оларды алты арыс дейді):арғын;найман;қыпшақ;қоңырат; керей;уақ.
Сары − Албан негізінен Сары және Шыбыл деген екі ру бірлестігіне бөлінеді. Сарыдан − Сүйерқұл және Сүйменді. М. Тынышбаевтың шежіре-кестесінде Сүйерқұлдан туған төрт баланы (Шоған, Досалы, Қожмамбет, Жарты) және қызы Әлжаннан туған төрт жиенін ортақ атаумен сегіз сары деп атап кеткенін көрсетеді.
Орыс − ұлт, Ресей Федерациясының негізгі халқы. Шығыс славян тайпасы байырғы заманнан русь атанған да, ежелден көршілес түрік тайпасы оларды орыс деп атап кеткен.
Этнонимдер халықтың өткен өмірі мен тарихынан мол деректер беріп, шынайы айғақ бола алады. Сонымен қатар, көптеген рулар мен тайпалар атаулары арқылы олардың қай территорияны, қандай жерлерді мекен еткенін де аңғара аламыз.
Аспан әлемі мен жарық жұлдыздардың, ғарышпен байланысты атаулардың шығу тегі кімді де болса қызықтыратыны белгілі. Поэмада космонимия мен астрономия атаулары жоқтың қасы.
Поэмада космонимия мен астрономия атаулары жоқтың қасы.
Айға алтын Күн нұрынан сәуле бермек,
Шалқыған махаббат - от аспанға өрлеп.
Жүрегін өзі сүйген отты жүрек
Оятпақ, тас болса да, зарлап тербеп... .
Осы жолдардағы Ай мен Күн махаббатың символы ретінде беріліп тұр. Жалпы, М. Жұмабаев поэзиясында "Ай" мен "Күнге" қатысты тіркестер өте көп. Халық арасында да бұлар туралы аңыз бен әңгіме өте көп. Қазақ халқы үшін осы екі аспан денесінің маңызын зор екендігін бір ғана адам есімдерінен-ақ байқауға болады.
Мұндағы Ай ғаламшары жайында халық арасында таралған сан алуан аңыздар мен оқиғалар көптеп кездеседі. Сол аңыздардың бірінде: ертеде Күн мен Ай деген егіз қыздар болыпты, екеуі де ерекше сұлу екен. Бірақ Күнге қарағанда Ай сұлуырақ болады. Ай өзінің сұлулығын айтып Күнге мақтанады екен. Күн оны қатты қызғанып, бетін тырнап алыпты. Содан Айдың бетінде дақ қалған деседі. Күн Айға жақындаса, Ай бетін жасырып қорғанады екен, ал Күн қашықтаса, Ай бетін көрсетіп мақтанады екен. Айдың бірде толып, бірде жіңішкеріп көрінуі содан дейді.
Келесі бір халық аңызы бойынша Күн мен Ай бір-біріне ғашық болады дейді. Екеуі үнемі қараңғылықты қуып, бір-біріне қосыла алмайды, көк жүзін қанша айналса да кездеспейді екен. Екеуі қатты қайғырғанда, аспанды бұлт торлап, сағыныштары жаңбыр болып жауады дейді. Сонымен қатар Күннің тұтылуы, Айдың тұтылуы деген табиғи құбылыстар кездеседі, бұл Ай мен Күннің бақытсыз махаббаттарына налып, құсаланғандағы күйі екен. Әрине оның қаншалықты шындыққа жанасатындығы бізге беймәлім. Бәлкім халық аңызының астарында бір шындық бар болар.
Халқымыздың тұңғыш ағартушыларының бірі Ш.Уәлиханов Ай ұғымын халықтың наным-сенімімен байланыстыра қарап: Ай бір кезде тәңірі болған тәрізді. Қазақтар жаңа ай көргенде иіліп сәлем береді. Және жаздыгүні сәлем берген жерінің шөбін жұлып, ол шөпті отқа салады. Қазақтар Айға ұзақ қарамайды, өйткені Айдағы кемпір кірпік санайды деп қорқады. Дәретке отырғанда айға қарап отырмайды - дейді.
Ал Күн ұғымына планета әрі күндізгі уақыт мерзімі енеді. Бұл атаудың нақты этимологиясы әлі де болса белгісіз күйінде келеді. Түркі тілдес халықтарда Күнді де Ай сияқты қасиетті, қастерлі санаған. Күн жылулықтың, мейірімділіктің, сүйіспеншіліктің символы ретінде қарастырылады.
Қазақ халқы Ай мен Күнді сұлулықтың, әдеміліктің символы ретінде танып, қыз балаларға көбінесе Ай атауын қатыстырып Айжарық, Айбала, Айжан, Айгерім, Аймоншақ, Айнұр, Айсұлу, Айбөпе, Айман, Айғаным, Айзере, Күнге қатысты Күнсұлу, Күнтуған, Күнай, Күнімжан т.б. аттар қойған.
Бұдан поэмада ономастиканың кез келген түрінің кездесетіндігі, ақын шығармаларын зерттеудің қаншалықты маңызды екендігін аңғаруға болады. Шығармаларды зерттей отырып, қазақ халқының елі мен жері жайында көптеген мәліметтерге қанық боламыз. Бұл болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатқан маңызды істердің бірі болып саналады.
Батыр Баян поэмасындағы онимдердің құрылымдық жүйесіне тоқталар болсақ:
Дара онимдер: Баян, Ноян, Жәбек, Бұқар, Ұса, Серен, Қалдан, Абылай (антропонимдер), Ерке, Текес, Іле, Кеңес, Арқа, Мекке (топонимдер), орыс, қытай, қалмақ, қазақ (этнонимдер), Ай, Күн (космонимдер), қой, бөрі, бұғы, марал, киік, жылқы, жылан марқа (зоонимдер), тал, қайың (фитоним).
Туынды онимдер: Көкше.
Біріккен онимдер: Байжігіт, Тасболат, Толыбай, Бөгенбай, Сарымалай, Оразымбет, Елшібек, Сырымбет, Қарабұжыр, Бұғыбай, Жанатай, Толқыншаш (антропонимдер), Қаратал, Сарыарқа, Көкшетау, Жолдыөзек, Бурабай, Оқжетпес (топонимдер), жолбарыс, аққу (зооним).
Тіркескен онимдер: Асан қайғы, қызыл қайың.
Абылай ханның өз заманында аса жоғары бағалаған екі батыры болса, соның бірі - Баян батыр. Орта жүздің уақ руынан шыққан әйгілі батыр туралы аңыз да, ақиқат та көп. Сондай бір аңызға негізделіп жазылған поэма - "Батыр Баян". Қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған поэманың авторы - Мағжан Жұмабаев.
Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алады. Баян қалмақ қызына ғашық болып, бірақ қыз жақтан батырдың көңілінен шығатындай жауап болмайды. Қалмақ қыздың есімі - Құралай. Бұл қыз Баянды емес, оның інісі Ноянды сүйіп, екеуі қыздың отанына қашпақшы болады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептеп, оларды артынан қуып, Құралай мен Ноянды өз қолымен өлтіреді. Қызбалықпен жасалған істен кейін Баян өз ісіне өкініп, екеуін бірге жерлейді. Осыдан кейін, Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмай, қасына 100 жігітті ілестіріп қалмақтарға аттанады. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.
Баян Қасаболатұлы - тұтас ғұмырын қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек батыр. Батырлығымен, тапқырлығымен Хан Абылайдың ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Бұл кісі туралы Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде және профессор Зарқын Тайшыбай келтірген Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатының материалдарында нақтырақ жазылады. Бұдан басқа қазақтың ұлы жырау-ақындары Үмбетей мен Тәтіқараның өлең-жырларында, халық аузында сақталған Жантай батыр фолкьлорлық мұрасында батыр есімі аталып, ерлігі дәріптеледі.
Назарларыңызға Мағжан Жұмабаевтың қазақ батырына арнаған "Батыр Баян" поэмасының толық нұсқасын ұсынамыз.
БАТЫР БАЯНБірінші тарау
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,Сұм өмір абақты ғой саналыға.Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,Сондықтан жаным күйіп жанады да.Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,Толғанып қарауым сол баяғыға.Түйіннің тоқсан түрлі шешуі барӘдемі ертегідей баяғыда.Әдемі өткенді ойлап айнымасам,Сұм өмір күшті уын аяды ма?
Ертегі уатпай ма баланы да,Сөз сиқыр ғой, жазбай ма жараны да?Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған,Еркімен өзі-ақ отқа барады да.Жай тақтақ жабайыдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы онімдердің сипатын анықтау
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні
Қазақ ономастикасының зерттелуі
Қадыр Мырза әлі шығармаларындағы жалқы есімдер
Қазақ антропонимдерінің зерттелуі
Қазақ тіліндегі антропонимдердің тарихи-этномәдени тұрғыдан қарастырылуы
Қазақ антропонимдерін зерттеудегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні туралы
Қосарланған зат есімдер
Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі
Пәндер