Индустрияландырудың қарқыны
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 2 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырыбы: Қазақстандағы индустрияландыру: сипаты, қарқыны, көлемі және нәтижесі.
Мамандығы: Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Орындаған: Нұрланов Айбек Тобы: СИБк-20-6
Тексерген:Толенова Зира, Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
_________ _____________ _____ _____________ 2020 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2020
Жоспар:
1. Индустрияланыдрудың ерекшеліктері мен қиыншылықтары.
2.Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі.
3.Индустрияландырудың қарқыны.
Кіріспе
Индустрияландыру - ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы ел өнеркәсібінің жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда оларға қарсы тұру мүмкіндігі болмады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы кезеңде Қазақстан жаппай индустрияландыруға бағыт алды. Негізгі даму бағыты өңдеу өнеркәсібі болды, кейін ол елімізде өнеркәсіптің өсуінің негізгі драйверіне айналды. Индустрияландыру жылдары мыңдаған жаңа заманауи жоғары технологиялық өндірістер құрылды, олар жаңа өнімдердің жүздеген түрлерінің шығарылуын қамтамасыз етіп, мыңдаған жұмыс орындарының құрылуына ықпалын тигізді. 1928 - 1932 жылдары халық шаруашылғын дамытудың бірінші бесжылдығы болды. Бұған дейін қазақстанда Қарағандыдағы көмір кен орындары, Ембідегі мұнай өндірісі, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана өнеркәсіп орындары болды. Жалпы, өнімінің 84,4%-ы ауыл шаруашылғына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды. КСРО индустрияландырудың жоспарына Қазақстан да енгізілді.
1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы белгіленді. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П- ның XIV съезінде қабылданды. Индустрияландыру жөнінде съезде жалпы түрде ғана айтылды. Сталин индустрияландыруға КСРО-ны машина және жабдықтарды импорттаушы елден оларды өз күшімен өндіретін елге айналдыру деген анықтама берді.
Индустрияланыдрудың ерекшеліктері мен қиыншылықтары.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.
1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.
Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.
Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.
Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр -- Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, Алтайполиметалл тресі, Атбасар түсті металдар тресі, Золоторуда тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, Южно-Урал-золото, Ақжал золото трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті.Алайда
Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты.
Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды.Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.
Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі
Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі ақтаңдақ денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған, - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс, - деп ерекше атап өтілді.
Индустрияландырудың қарқыны
Индустрияландыруды сәтті дамыту үшін дамыған қатынас жолдарын, атап айтқанда, темір жол желісін салу кажеттігі туды. Алматыдан Семейге дейін созылуға тиіс болган Түркістан-Сібір темір жолы сол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі болды. Бұл жол пайдалануға берілмейінше республиканың ауқымды шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарындағы халык шаруашылығын қайта құруды сәтті түрде жүзеге асыру мүмкін емес еді. Түрксіб темір жол құрылысы 1931 жылға қарай аяқталды. Бұрын жаңа заманғы қатынас жолдары болмаған аумақтар арқылы 1145 шақырымға созылған Түрксіб темір жолы өндірістік күштерді дамытуда және елдің ауқымды аудандарындағы экономиканы қайта құруда маңызды рөлге ие болды, өнеркәсіпті және темір жолға жақын жатқан аудандардың ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды факторына айналды. Бұл темір жол тармағының құрылысын сәтті жүргізу мақсатында РКФСР ХКК жанынан ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың төрағалығымен Түрксіб құрылысына ынтымақтастық комитеті құрылды. Құрылыс бүкілхалықтық деп жарияланып, республикаға Ресей, Украина, Орталық Азия енеркәсіп орталықтарының жұмысшылары көмекке жіберілді. Темір жолдың жекелеген бөліктерін кезең-кезеңімен іске қосу белгіленген мерзімнен бұрын жүзеге асып отырды. 1930 жылы 25 сәуірде магистраль бойынша бірінші жұмысшы пойызының жүргізілуі айтулы окиға болды, оны Қазақстанның бірінші машинисі - бұрын бақташы болған Көшкінбаев жүргізді. 1927 жылы Петропавл-Көкшетау жолы салынып, 1931 жылы ол Ақмолаға дейін созылды. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат тасымалдау үшін Ақмола-Қарағанды, Илецк-Орал, Рубцовск-Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды-Жезқазған жолдары салынды. 1928-1940 жылдары республиканың темір жол желісі 50 пайызға өсіп, 1658 км-ге жетті. Сібір мен Орта Азияны байланыстырған Түркістан-Сібір темір жолы іске косылды.
Осылармен бір мезгілде республикада бірінші бесжылдық(1928-1932) жылдарында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылып, жаңа кәсіпорындар ашылды. Пайдалы қазбаларға бай кең орындары Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті, әсіресе кең шығару ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz