Сапта тұру жаттығулары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

«Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі

Мамандық : 0101000

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

«Дене тәрбиесі әдістемелік» пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Сапта тұру жаттығуларының түрлері және олардың мағынасы»

Тобы :

курс:

Оқытушы :

Костанай-2020/2021

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: I. КІРІСПЕ . . .
3
МАЗМҰНЫ: II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
МАЗМҰНЫ: 2. Дене шынықтыру жүйесі
МАЗМҰНЫ: 2. 1 . Дене жаттығуларын дамыту жолдарын . . .
5
МАЗМҰНЫ: 2. 2. Табиғаттың сыртқы күштері арқылы бала денесін шынықтыру . . .
8
МАЗМҰНЫ: 3. Сапта тұру жаттығулары . . .
9
МАЗМҰНЫ: 3. 1. Саптық және жүру жаттығулары жаттығуларының түрлері мен маңызы . . .
9
МАЗМҰНЫ: 3. 2. Сапта тұрып арақашықтықты сақтау арқылы секіру және жүгіру жаттығуларын жасау . . .
18
МАЗМҰНЫ: 3. 3. Сапта тұрып арақашықтықты сақтау арқылы жалпы жетілдіру жаттығуларын жасау . . .
30
МАЗМҰНЫ: III. ҚОРЫТЫНДЫ . . .
33
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
37

КІРІСПЕ

КІРІСПЕ

Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т. б. ) Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым.

Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты-тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады. Жүйенің ең басты қызметі- адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады.

Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары:

  1. дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек.
  2. дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек.
  3. дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті.
  4. Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.

Денешынықтыру нұсқаушысы:

  • ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлайды және іске асырады;
  • дене тәрбиесі бойынша озат педагогикалық тәжірибені зерделейді;
  • инновациялық технологияларды қолданады;
  • ата-аналарға денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек береді, санитарлық-гигиеналық жағдайлар мен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;

Дене жүктемелері, денешынықтыру және спорт. Бұл бұлшық ет күшін көбейтудің құралы ғана емес. Қозғалыс адам өмірінде маңызды орын алады. Дұрыс зат алмасу, дұрыс және үйлесімді өсу, ептілік, шыдамдылық, тіпті ақыл ойдың дамуы осыған байланысты.

Шынықтыру. Бұл көптеген аурулардан сақтаудың ең жақсы құралы және шыныққан ағза тұрақты және микроб, вирустармен жақсы күреседі.

Жеке бас гигиенасы. Тазалық және мұнтаздылық -адам үшін өте маңызды . Бұл өзіңді қоғам алдында көрсету мүмкіндігі мен аурудың алдын алу құралы: салақ адам ешқашан басқа адамдардың көңілін тартпайды.

Жұқпалы аурулардың алдын алу. Мұнда жеке бас гигиенасы да, шынығу да маңызды. Сонымен бірге әртүрлі ауруларға қарсы уақтылы егу шараларын жүргізу.

Зиянды әдеттердің алдын алу. Оларға шылым тарту, алкагольді және есірткілерді пайдалану және дәрігердің кеңесінсіз түрлі дәрілерді қолдану жолдары жатады. Осы зиянды әрекеттердің кез келгені денсаулықты төмендетіп, өмірді қысқартады.

Зерттеудің өзектілігі : Дене тәрбиесі сабағының мәнін, мағынасын білу, оны дұрыс өткізу дене жаттығуларын тиімді қолдану мәселелерін терең түсінудің өте үлкен рөлі бар. Дене тәрбиесі сабағы ол - мәдениеттілік, ол баланың сыртқы келбетін, мінез-құлқын, өзін қоғадық орындарда дұрыс ұстауын бір-бірлерімен адамдармен қарым-қатынастарын реттейді, тәрбиелейді.

Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсат - өз халқының денаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қаралған. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ болса, денсаулығы зор, білім нәрімен терең сусындаған жастар келешегінен қоғам зор үміт күтеді.

Зерттеудің мақсат: Дене жаттығуларын дамыту жолдарын білу, табиғаттың сыртқы күштері арқылы бала денесінің шынығуын қалыптастыру, сапта тұру туралы түсінікті жете білу.

Зерттеудің міндеттері:

-Дене жаттығуларын дамыту жолдарын меңгерту;

-Табиғаттың сыртқы күштері арқылы бала денесін шынықтыру;

-Сапта тұру туралы түсінік қалыптастыру;

Зерттеудің пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің үрдісі.

Зерттеудің обьектісі: Дене тәрбиесі сабағында дене тәрбиесі құралдарын дамыту жолдары анықтау әдістемесі.

2. Дене шынықтыру жүйесі
2. Дене шынықтыру жүйесі: 2. 1. Дене жаттығуларын дамыту жолдарын

Жалпы дамыту жаттығулары дегеніміз - қозғалыс жеке дене мүшелеріне және жаттығуды орындауда жылдамдығы жоғары және орташа амплитудалық, бұлшық еттердің бағыты.

Жаттығу құралдармен және құралдарсыз орындалатын арнайы жаттығулар (гантельмен, нығыздалған доппен, гирмен, гимнастикалық таяқшамен, әртүрлі гимнастикалық құрал -жабдықтармен) орындалады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсаты - жаттығуларды сәл де болса қиындату, жаттығуларды үйрену, меңгеруге дайындау. Барлық гимнастикалық сабақтарда жалпы дене жаттығулары қозғалыс сапасын дамытуға арналады. Тыныс алуға, жүйкесін қалыптастыруға, еңбек қабілетін дамытуға, салауатты өмір сүру салтына баулып, денса улығын нығайтуға пайдасы көп.

Жалпы дене жаттығуларының ерекшеліктеріне сипаттама:

1. Жалпы дене жаттығуына жай қарамай, айналысуына жай жаттығуларды үйрету, шамасы келгенше күрделі жаттығуларды бірнеше рет қайталау.

2. Арнайы дене мүсіндеріне және арнайы бұлшық ет топтарына жалпы дене жаттығуларының беретін әсері.

3. Жалпы дене жаттығуын қолдануда өзінің дене жүктемесін байқау.

Жүктеменің бағыттары аз-көп болуы жаттығудың өтілуіне байланысты.

Жалпы дамыту жаттығулары жасағанда, демалу жаттығуын көбірек пайдаланса, адамға түсетін жүктеме аз болады. Ал демалу жаттығуын аз қолданған жағдайда адамға түсетін жүктеме көбірек болады, шаршайды. Егер жаттығуды ойын ретінде қызықтырып өткенде, еңбек және қоғам жұмысына деген қызығушылығы арта түсіп, шаршау азаяды.

Жалпы дамыту жаттығуының классификациясы - адамның жан-жақты дамуына жаттығуды топ-топқа бөліп, қоғамның дене тұлғасына әсері бойынша жасайды:

1. Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

2. Иық және қол бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

3. Кеуде бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

4. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

5. Тұлғаның барлық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Шынығу жаттығуларын орындау, спортқа деген қабілетті арттыруға, қимыл-қозғалыс қасиеттерінің қалыптасуына, әдістемелік бағыттар бойынша жаттығу жасату. Мысалы: күшке, жылдамдыққа, икемділікке, төзімділікке, ептілікке арналған жаттығуды орындау кезінде тыныс алуға, дене құрылымының дұрыс өсуіне дене жаттығуының әсері көп.

Жалпы дене жаттығуының адам тұлғасының қисықтығына және тұлғаның қисықтығын жөндеуге көмектесу туралы іс-шара жұмыстары:

Адам дене тұлғасының дұрыс қалыптасып өсуіне жалпы жаттығудың әсері мол. Денені дұрыс тік ұстап, бел, омыртқа, құйрық, сан бұлшық еттеріне берілген жаттығуларды орындағанда көңіл бөліп, негізінен мән беріп тұру керек.

Егер де адам алға қарай еңкіш немесе бір жағы қисық болған жағдайда адамның дене тұлғасы дұрыс деп есептелмейді. Ондай жағдайда ол адаммен арнайы жаттығу жасап, жаман әдетті тастауға тәрбиелейді.

Жалпы дене жаттығуын қолдану әдіс-тәсілдері мен амалдары:

Жалпы дамыту жаттығуын құрғанда жас, жыныс ерекшеліктеріне қарай отырып, дене дамуының деңгейіне де қарау керек. Жалпы дамыту гимнастикалық жаттығудың 8-15 түрі бойынша арнайы жаттығу құрастыру керек:

1. Жаттығуды құрастырғанда адамның дене тұлғасының дұрыс өсуіне әсері.

2. Дене жаттығуының жұмыс қабілетін арттырудағы қан айналым жүйесіне бақылау, жай жаттығулар арқылы төмендегі жаттығулар беріледі. Орында жүру, аяқты жоғары көтеріп жүру, отырып тұру, әртүрлі еңкею жаттығулары, қолмен қимыл әрекет т. с. с. жаттығулар.

3. Адам тұлғасындағы еттерді дамыту үшін келесі жаттығуларды - мойын, иық, омыртқа, іш, аяқ бұлшық еттеріне жасату.

4. Адамның барлық бұлшық еттеріне әсер ететін 2-3 күрделі жаттығулар жасату.

5. Қалпы дұрыс күш жаттығуын еттің созылуын, жиналуын т. с. с. шалқаю, жату, айналу т. б. жаттығуларды орындап, содан соң босаңсыту жаттығуларын жасату.

6. Жаттығудың соңына таман дұрыс демалу жаттығуын жасап, адамның дене құрыслысының дұрыстығына көңіл бөлу.

Әр жаттығу 4-8 рет қайталану керек. Күш, жылдамдық, икемділік, төзімділік, дұрыс демалу мақсатында дамыту.

Жалпы дамыту жаттығуын үйрету:

1. Көрсету - жаттығуды «айна» (зеркальный) әдісімен жаттығушыларға қарама-қарсы тұрып, жаттығуды сол қолдан бастағанда, мұғалім жаттығуды оң қолдан бастау керек. 1-2 сынып оқушыларымен осындай әдістермен жаттығу жасағанда барлығы бірдей жаттығуды жасайды.

2. Жаттығуды айту - бастапқы қалыпта айта келіп жаттығу жеңіл, оңай болу керек. 1, 2 есепте немесе 1-4 есепте қол қимылдары айтылып отыру керек.

3. Жаттығуды қорыту және айту - жаттығуды көрсете және айта отырып жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді.

4. Жаттығуды бөліп (бөлшектеп) - мұғалім қай бастапқы қалпын қабылдады.

Қайтадан жерге отырып, қолды тіреп, жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалайды. Бастапқы қалыпқа оралу. Жаттығудың дұрыстығына көңіл бөлу.

Ойын амалдары - бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарында қызықтыру үшін, оқушылардың ойын баласы екендігін ескеріп, оларға ойын амалдарын көбірек беру керек. Мысалы, мұғалім тақырыпты қолдана отырып, ысқырып «қол екі жанында» деп, оқушыларды тез осындай қалыпқа келтіру.

Келесі ысқырғанда «қол белде, тізеге отыруды» орындау керек. Оқушы осы жаттығуды тез орындау керек. Тапсырманы ысқырықпен тез орындап, көңіл бөлуге, көрген жаттығуды тез орындау мақсатында ойын амалдары сабақта қолданылады.

Дәл орындау амалдары: мұғалім команданы бере отырып, жаттығуды орындайды, мұғалімнің көрсеткен жаттығуын оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып жасаған қимыл-әрекеттерді - дәл орындау амалдары дейді. Мұғалім дәл орындау амалдарында сабақтың тығыздығы мен уақытты үнемдейді. [ 1]

2. 2. Табиғаттың сыртқы күштері арқылы бала денесін шынықтыру

Баланың қоршаған шындықты тануы - табиғаттағы заттар мен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Сезімдік танымның физиологиялық негізі - көру, есту, тері, иіс және басқа анализаторлардың бірлескен қызметі екенін И. П. Павлов атап көрсетті. Қабылдауға анализаторлар көбірек қатысқан сайын, түсінік те дәлірек, молырақ, анығырақ және маңыздырақ болады. Мұнан балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік, табиғаттағы заттар мен құбылыстардын, олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады. Балалардың объектілерді көруге, ұстауға, естуге, иіскеуге, олардың ауырлығын т. б. сезуге мүмкіндіктері болуға тиіс.

Үй тұрмысында, серуендерде, ойындарда және еңбек қызметінде балалар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әсер етуінен сезімдік тәжірибе жинақтайды. Мысалы, балалар бақшасына кетіп бара жатқан жолда олар ауа райының жағдайын (суықтығын, жылылығын, ыстықтығын, дымқылдығын) түйсінеді. Қолдарын жуғанда, суға түскенде, ойнаған кездерінде судың қасиетін (суықтығын, жылылығын, құйылуын, оған тастардың батып кететінін, ағаш сынығының қалқып жүретінін) біледі. Әр түрлі жануарларды бағып-күткен кезде балалар олардың қимылын, кейбір қылықтарын т. б. біліп алады.

Табиғатпен қарым-қатынаста бала оны түсінеді. Бірақ ол әрқашанда табиғат жөнінде нақтылы түсініктерді ала бермейді. Балалар заттарды әрқашан ескере бермейді немесе оның маңызсыз бөліктеріне көңіл аударады, түйсінгендерін дұрыс атамайды. Мысалы, 2-4 жастағы бала аквариумде жүзіп жүрген балықты көріп, ол «аттап жүріп келе жатыр» немесе «қанаттарын қағады» дейді. Демек, баланы табиғатпен таныстыруда затты немесе құбылысты көрсету жеткіліксіз; танымдық процесті басқару қажет деген ұғым туады.

Тәрбиеші балалардың зейінін заттағы басты нәрсеге, олардың атын білдіретін сөздерге аударуы тиіс. Сезімдік түйсінуден, тек түйсінуге сәйкес сөзбен атауға болатын нәрсе ғана меңгеріледі. Сезімдік қабылдау --табиғат жөніндегі бүкіл білімнің алғашқы көзі, ал санадағы шындықтың дұрыс сәулесі осы қабылдаумен байланысты сөздердің көмегімен ғана болатынын әр уақыт есте ұстау керек.

Балалардың түсініктерін қалыптастырудың және олардың сөз байлығын молайту бір уақытта жүзеге асырылады.

Қабылдаудың дамуы бөлшектенбеген әсерлерден заттар мен кұбылыстардың сапасына және қасиеттеріне сәйкес ажырату, байланыстыру негізінде жалпылауға келеді. Әрбір түсінікте жалпылаудың бір көзі болады.

Түсінік - мидың анализдік-синтездік іс-әрекетінің нәтижесі. Олар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттерін бірнеше рет сезініп қабылдау, олардың ішінен айтарлықтай белгілерді және ол белгілердің сөзбен берілуін ажырата отырып, оларды басқалармен салыстыру нәтижесінде жасалады. Түсініктер іс-әрекетте - балалардың ойыны мен еңбегінде - меңгеріледі және тексеріледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістерінің жалпы сипаттамасы.

Табиғатты тануға және балалардың әр түрлі дағдылар мен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан методтар мен тәсілдерді қолданады.

Скрыть рекламу:Не интересуюсь этой темойТовар куплен или услуга найденаНарушает закон или спамМешает просмотру контентаСпасибо, объявление скрыто.

Табиғатты балалардың тікелей қабылдауын және дағдыларды белсенді меңгеруін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді құрметтеген жөн. Мұндай әдістерге б а қ ы л а у, эксперимент, еңбек, ойындар жатады. Осылармен қатар тәрбиешінің сөздеріне негізделген - әңгіме айту, көркем шығармаларды оқу, табиғи объектілерді көрсету немесе оларды бейнелеу арқылы әңгімелесу әдістері кеңінен пайдаланылады. Жұмыста пайдаланылған әдіс пен тәсіл, мысалы, бақылау әңгімелесумен, тәрбиешінін, әңгімесі көркем шығарманы оқумен, эксперимент еңбекпен қосылып жүргізіледі т. б.

Қандай да болмасын бір әдісті қолдана отырып, тәрбиеші көптеген әр түрлі ә д і с т е р д і қолданады. Мысалы, әқгімелесуді бақылаумен ұштастыра өткізгенде ол объектіні балаларға «жақындатады», білетін нәрсені сұрайды, ойын элементтерін кірістіреді, мақалдар мен мәтелдерді т. б. қолданады. Бір әдістің өзі әр түрлі методта қолданылуы мүмкін. Мысалы, салыстыру - бақылау кезінде, дидактикалық ойындарды әңгімелесулерде қолданылады; бақылаулар мен әңгімелесулер кезінде ойындық әдістер де қолданылады; көрсету, түсіндіру - еңбек дағдыларына үйреткен кезде, тәжірибе жүргізген кезде тағы басқаларда. Тәсілдер мен әдістердің алуан түрлілігі мен тиімділігі тәрбиешінің шеберлігін сипаттайды.

Әдістер мен тәсілдерді таңдап алу программаның мазмұнына және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінін, айналасындағы табиғатқа, бақылау орыны мен объектіге, сондай-ақ балалардың жасына, олардың жинақтаған тәжірибесіне байланысты анықталады.

Мектеп жасына дейінгі бөбектер мен с ә б и л е р топтарындағы балалардың сезімдік қабылдауының ерекше маңызы бар, сондықтан негізгі метод - б а қ ы л а у. Дидактикалық ойын, картиналарды, ойыншықтарды көрсету балалардың табиғатты тануында үлкен роль атқарады.

Естиярлар тобындағы балаларды табиғатпен таныстырған кезде олардың ойлауының нақтылығын және тәжірибесінің аздығын ескере отырып, көрнекі материалды кеңінен пайдалану керек. Пайда болған түсініктерді нақтылай және нығайта түсу үшін табиғи заттармен (жапырақтармен, овощтармен, жемістермен) дидактикалық ойындарды немесе олардың картинкалардағы бейнелерін, аздап әңгімелесулерді кенінен пайдаланады.

Естиярлар және мектепке даярлық топтарындағы балаларды табиғатпен таныстыру экскурсияларда, серуендерде, ойнаған және еңбектенген кезде негізінен бақылау жолымен жүргізіледі. Бұл топтарда тәрбиешінің картиналарды, диафильмдер мен кинофильмдерді, көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әқгімелесулеріне, әңгімелерге көп орын беріледі.

3. Сапта тұру жаттығулары

3. 1. Саптық және жүру жаттығулары жаттығуларының түрлері мен маңызы

Спорт түрлерімен шұғылдану кезінде дене тәрбиесі жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күші, гигиеналық тазалық факторларына тығыз байланысты.

Дене тәрбиесі жаттығулар негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды. Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша амалдары. Бұлар дене тәрбиесі жаттығуларымен бірге әсер етеді.

Дене жаттығуларының теориялық қағидаларға сәйкес мұғалімнің педагогикалық мақсатқа сәйкес дене жаттығуларын іріктеу мүмкіндігі бар. Дене жаттығуларының негізгі жүйесін өңдеу; дене жаттығуларының педагогикалық жүйесін толығымен пайдалану, дене жаттығуларына кешенді қосымша құралдарды тиімді пайдалану.

«Дене жаттығуы» ұғымы адамның қимыл-әрекеті және қозғалысымен тікелей байланысты.

Қозғалыс - организмнің моторлы қызметі секілді, денеде және оның бөлігіндегі өзгеріс. Дене тәрбиесі үшін ерікті қозғалыстың маңызы зор.

Әрбір ерікті қозғалыстың үш белгісі бар.

  1. Ол әрқашанда сана - сезім қызметі болып табылады;
  2. Қозғалыс - адам өмірінің ерікті серігі.

Қозғалысты үйрену оқушы еркінің төселу деңгейін жоғарылатады.

Ерікті қимыл сананың әрекеті болып табылады. Жеке қозғалыстар қимылдың элементтері болып табылады. Қозғалыстардың өзара байланыстары арқылы қимыл - әрекет іске асады. Мысалы, аяқтың, қолдың, дененің, бастың белгілі бір қимылын секіру түрінде оқушы еркі атқара алады. Бір ғана қозғалыспен әр түрлі қимыл әрекет жасауға болады, ал керісінше, бір ғана қимыл-әрекетпен әр түрлі қозғалысты іске асыруға болады. Яғни бұл былай түсіндіріледі: бір ғана қимылдан әр түрлі қозғалыс тууы мүмкін және қайталанған қозғалыстар әр түрлі жылдамдықта іске асады.

«Дене» сөзі істелінген жұмыстың бейнесі, адам денесінің сыртқы бейнесінде және оның бөлігінде көрінеді. Дене жаттығулары, дәлірек айтқанда, ерікті акт, сана қызметі болып табылады.

Ал жаттығу-адамның физикалық және психикалық қасиетін арттыруға бағытталған іс-әрекет. Сонымен, дене жаттығуы, біріншіден, нақты қимыл-әрекет, ал екіншіден, бірнеше рет қайталау процесі. [ 3]

Дене жаттығуларының бейнелі белгілері 3-ке бөлінеді.

1. Дене жаттығуымен педагогикалық мақсат жүзеге асады, еңбек-қимылымен өндірістік мақсат жүзеге асады.

2. Дене жаттығулары дене тәрбие заңдылықтарына сәйкес орындалады. Еңбек қимылы-әрекеті-өндіріс заңдылықтарына сәйкес орындалады. Еңбек қимылы мен дене жаттығуларының сыртқы ұқсастықтарына қарап, бір-бірімен ауыстыруға болмайды.

Барлық қозғалыс, қимыл әрекет дене жаттығуы заңдылықтарына бағынады, сондай-ақ оқушы организміне тиімді әсер етеді, ал екінші жағынан, жоғары көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді.

3. Тек дене жаттығу жүйесі ғана адамның барлық органының дамуына мүмкіндік береді.

Еңбек қимылы адамның жан-жақты жетілуіне әсер ету мүмкіндігі жоқ. Сондықтанда мектепте еңбекті үйрену сабағын дене тәрбиесі сабағымен алмастыруға болмайды.

Дене тәрбиесінің нәтижелілігі барлық құрал-жабдықтарды тиімді қолданғанда ғана жеткілікті нәтиже береді, алайда, дене тәрбиесінде артық салмақтан арылу үшін дене жаттығуына кейін тірелеміз. Оның мынандай себептері бар:

1. Барлық педагогикалық мәселелердің ішінде тек дене тәрбиесі ғана қимыл әрекет пәні болып есептеледі.

2. Дене жаттығуы организмнің морфофункциональды жағдайына ғана ықпал жасап қоймайды, жаттығушының жеке басына да ықпалы зор.

  1. Дене жаттығуы - адам ойының және бет әлпетінің қозғалыс жүйесі.
  2. Дене жаттығуы-бұл дене тәрбиесі аясында қоғамдық тарихи тәжирбені, оның ғылым және тәжирбелік жетістіктерге жету тәсілі.

5. Адам қозғалысында табиғи мұқтаждықты қанағаттандыратын да дене жаттығуы.

Қайталанған дене жаттығулары тиімді болуы да мүмкін, ал керісінше, әр түрлі дене жаттығуларынан бірдей нәтиже байланыстылығын шығуы мүмкін. Бұл дене жаттығуларының өзара үздіксіз дәлелі болып табылады.

Демек шарттарды білу дене жаттығуларының тиімділігін анықтау, педагогикалық процестерді, бағыт-бағдарды көтеруге мүмкіндік береді.

Шарттардың көп түрлілігі, классификацияланып мына төмендегіше болуы да мүмкін.

1. Мұғалім оқушының жеке мінез ерекшеліктері аса маңызды. Оқыту процесі екі жақты процес-мұғалім оқытады, оқушы оқиды, сондықтан кімнің қалай оқытанында, дененің дамуы оқыту мен үйренудің сапасына байланысты.

2. Дене тәрбиесі заңдылығына қарай адам санасының шамасы ғылыми шарттармен бейнеленеді. Неғұрлым, дене жаттығуларының педагогикалық, психологиялық, физиологиялық еркшеліктері көбірек анықталса, соғұрлым педагогикалық мәселелерді шешу тиімді болмақ. [ 2]

3. Әдістемелік шарттар дене жаттығуларын орындауда кеңейтілген талаптар тобын біріктіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гимнастика - дене тәрбиесінің құралы
Ұлттық спорт түріндегі жаттығу әдістемесі
Дене шынықтыруының мақсаты мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау
Дене жаттығуларының техникасы
Акробатикалық жаттығуларды үйрету
Акробатикадан жаттығуларының спорт саласы болып бөлінуі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің ғылыми-теориялық негіздері
Гимнастика - дене тәрбиесі әдісі
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz