Кәсіпкерлік қызметінің классификациясы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
«Қаржы» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қаржылық қолдаудың жағдайы
Қабылдаған:
Орындаған:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі - Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы жолдарының маңыздылығымен негізделеді. ХХ ғасырдың басынан басталған жаппай бірігулер екінші мыңжылдықтың соңында дүниежүзілік экономикада ірі компаниялардың пайда болуына әкелді. Ірі компаниялар мен шағын фирмалар қосымша пайда табу мақсатын кеңейту көздерін іздеуге ұмтылды және ең пәрменді тәсілдердің бірі және өз қызметінің тиімділігін жоғарылату бағыты ретінде интеграцияны таңдады. Бүгінгі жаһандану жағдайында қоғамдық өрлеу әлеуметтік және экономикалық үрдістердің дамуға қажетті жағдай жасайтын ұлттық шаруашылық кешенінің барлық салаларын жетілдіруге қабілетті. Бұл қызметті материалдық және әлеуметтік инфрақұрылымдар атқарады. Қазіргі әлемдік экономиканың негізін құрап отырған салааралық ұлтаралық корпорациялар дүниежүзілік өнеркәсіптік өндірісінің жартысына жуығын бақылайды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның экономикалық және қоғамдық өмірінің барлық салаларында түбегейлі өзгерістер болды: еліміз нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесін қалыптастыру кезеңінде мемлекеттің қоғамдық-саяси ұстанымдары жаңарды, еліміз әріптестік пен өзара әрекеттестіктің халықаралық ықпалдастығына бағыт алды. Нарық - сұраныс пен ұсыныс заңдары бойынша жүзеге асырылатын айналым. Оның аса маңызды қасиетіне экономикалық еркінділік жатады. Ал, экономикалық еркіндік дегеніміз азаматтардың барлығына өзінің қабілетін, жеке қасиеттерін, мүлкін белсенді экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін толықтай пайдалануға кепілдік болады деген мағынаны білдіреді. Яғни, әр тауар өз бағасына ие болып, адамдарға таңдаудың шексіз мүмкіндіктері беріледі. Бұл - нарықтық экономиканың жоспарлы экономикадан басты артықшылығы. Нарықтық қатынастардың дамуының қазіргі жағдайында кәсіпкерлік қызмет еркіндігін сақтай отырып, шағын бизнесті дамыту айрықша мәнге ие болады. Себебі шағын кәсіпкерліктің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары экономиканы жаңарту жағдайында әртараптандыру мәселесін шешуге, инновациялық мүмкіндіктерді пайдалану мен іске асыруға, еліміздің экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыруға айтарлықтай ықпал етеді. Бұрын Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы құрамында Қазақстан тек шикізатты шығарып қана қойды, ал оларды одақтың басқа Автономиялық Республикаларында өндіріп, дайын тауар түрінде шығарды. Сол себепті, 1990-шы жылдары жаңа экономикалық қадамға бетбұрыс кезеңінде шикізатты шығарғанмен, оны өндіруге деген қауқарсыздық әсерінен Республика дағдарысқа ұшырады.
Бүгінде көп адамдар өндірістің, экономиканың және жалпы қоғамның дамуын жылжытатын кәсіпкерлік екенін түсіне бастады. Еліміз кәсіпкерлік арқасында, ал кәсіпкерлер мемлекет қолдауының арқасында гүлденіп жатыр. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Шағын және орта бизнесті дамыту - ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы . . . Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі», - деп атап көрсеткен болатын. Қазақстан Республикасының 10 бабында көрсетілген анықтамаға сәйкес, кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншіктілік түріне тәуелсіз, тауарларға сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу құқығына негізделген бастамашыл қызметі. Шағын бизнес дегеніміз монополистік ұйымдарға кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты қызмет атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Шағын бизнесті экономиканың қарқынды дамуының құралы ретінде алатын болсақ, оны «бәсекелестік» ұғымынсыз елестету мүмкін емес, яғни, нарықтық экономиканың басты қағидаты - кәсіпкерлердің еркін бәсекелестігі. Ал бәсекелестік дегеніміз бұл өз кезегінде кәсіпкерлер немесе кәсіпорындар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу жолындағы күресі. Бәсекелікке негізделген бизнес жаһандану жолында қарқынды дамиды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев « . . . Еңбек етуші халықтың 60% шағын және орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетін болады. . » деп айтқандай шағын және орта бизнес нарықтық экономиканың басты қағидаты болып саналады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуына интенсивті түрде барлық жағдайлар жасалуда, әсіресе кәсіпкерлікті дамытуға жеке меншікті жекешелендіруге байланысты үлкен жұмыстар атқаруда. Елімізде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауға кең ауқымды шаралар қолдануда. Тұтас қоғамның, соның ішінде ауылдық жерлерде қоныстанған тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық дамуы қоғамның алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесінің қызметіне байланысты. Халықтың өмір сүру деңгейі мен оның сапасына елдің тұрғын үймен, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, көлік, мәдени қызмет көрсетумен қамтамсыз етілу деңгейі тікелей әсер етеді.
Қазіргі кездегі еліміздегі отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен серпінді жобаларды жүзеге асыру кәсіпкерлікті дамыту және табысты жұмыс жасауын қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Демек шағын және орта бизнесті дамыту арқылы индустриялық - инновациялық даму саясатын табысты іске асыруға, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен немесе қызметтермен толықтыруға, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, бәсекелік ортаның күшеюіне, отандық өндірісті дамытуға, ғылыми техникалық прогресті жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да бірқатар мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына оң әсер етеді. Осыған байланысты шағын және орта бизнесті ұйымдастыру мәселесін теориялық - әдістемелік негізде қарастырудың маңыздылығы жоғары.
Курстық жұмыстың мақсаты - шағын бизнестің оңай әрі жылдам дамуы үшін оны ұйымдастыруына кедергі болатын мәселелерді анықтап, оларды статистика арқылы талдай отырып, тиімді ұсыныстар беру. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді орындауым керек:
- Шағын және орта бизнестің мәнін көрсету
- Шағын және орта бизнестің қиындықтары мен проблемаларын терең талдау
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдайтын қорларды анықтау
- Дамыған елдердің экономикасындағы шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың әдемдік тәжірибесін біздің ел жағдайында қолдану мүмкіншіліктерін анықтау
- Еліміздің жыл сайынғы шағын және орта бизнесті дамуындағы статистикалық мәліметтерді салыстыру
Зерттеу объектісі - Қазақстандағы шағын және орта бизнес.
Зерттеу пәні - шағын және орта бизнес құрылуы мен құрылымы.
Жұмысты жазудың әдіснамалық негіздері - экономикалық және қаржылық талдау әдістері, көрсеткіштер мен статистикалық зерттеу әдістері.
Курстық жұмыста зерттеулердің ақпараттық базасы болып келген отандық Елшібаев. Р. Қ, Нұрғалиева А. А, Корабаев Б. С, Кошимова М. А, Естурлиева А. И, Кулембаева Ф. М қаржыгер-ғалымдардың ғылыми жұмыстары, монографиялары, мерзімдік басылымдары, «Даму» кәсіпкерлікті дамтыу қорының», «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының статистикалық мәліметтері.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Шағын және орта кәсіпкерлік түсінігі және оның нарықтық экономикадағы рөлі
Мемлекетімізде іске асырылып жатырған экономикалық реформаларды объективті қажеттілік қана емес қазіргі интеграциялық үдерістер және жаһандану жағдайындағы маңызды міндет ретінде қарастыруға болады. Кез-келген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының көптеген факторларының ішінде кәсіпкерлік қызмет және оның субъектілері маңызды рөл атқарады.
Кәсіпкерлік - азаматтардың пайда табуға бағытталған және өзінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын дербес қызметі.
Кәсіпкерлік феодалдық және құл иеленушіліктен бастау алған, орта ғасырларда саудагерлер, қолөнершілер, көпестер мен миссионерлер кезінде дамып, кейіннен экономикалық маңызға ие болған. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал-жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 ж. Ост-Индия сауда компаниясы. XVII ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
Кәсіпкерлік түсінігін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Контильон XVII ғ. - XVIII ғасырдың басында енгізген. Оның пікірінше, кәсіпкер - тәуекел жағдайында іс-әрекетін жүзеге асыратын адам. Кәсіпкер тек стандартты жағдайда ғана емес, сондай-ақ инновация кезінде де қабылданатын шешімдер үшін барлық жауапкершілікті толықтай өзіне алу, тәуекелге бара білу сияқты ерекше қабілеттерді иеленетін субъект. Кәсіпкер өндірісте де жақсы жетістікке жетуі мүмкін, бірақ айналымдағы капиталдың меншік иесі болуы міндетті емес, ал өндірістегі кәсіпкерлерге қажетті өндіріс құралдарын иелене отырып табыс табу мақсатында сатуға арналған өнімдер өндіретіндерді жатқызған.
Ағылшынның экономисті - ғалымы А. Смиттің (1723 - 1790) ойынша, кәсіпкер - капиталдың меншік иесі бола отырып, белгілі бір коммерциялық идеяларды жүзеге асыру және пайда табу үшін тәуекелге баруы. Кәсіпкер өзі жоспарлайды, өндірісті ұйымдастырады және оның нетижелеріне иелік етеді.
Кейінірек атақты француз экономисті Ж. Б. Сэй (1767 - 1832) кәсіпкерлік қызмет негізгі үш өндіріс факторының, яғни, жер, капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді. Сондықтан да кәсіпкердің негізгі функциясы ретінде пайда табуды емес, ұдайы өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды атаған. Ж. Б. Сэй пікірінше, кәсіпкердің табысы - оның өндірісті ұйымдастыру мен өнім өткізу қабілеті, жасаған еңбегі үшін алатын сыйақысы.
Француз экономисі А. Маршал (1907 - 1968) жоғарыда тап өткен үш өндіріс факторына төртінші фактор ретінде ұйымдастыруды қосты.
Американдық экономист Дж. Б. Кларктың (1847 - 1938) ойынша, өндірістік үрдіске тұрақты түрде төрт фактор қатысады:
1) капитал;
2) капиталдық игіліктер - өгдіріс құралдары және жер;
3) кәсіпкердің қызметі;
4) жұмысшының еңбегі;
Бұл факторлардың әрқайсысына өндірістік түсімнің өзіндік үлесі тән. Анығырақ тоқталсақ, капитал капиталистке пайыз, капиталдық игіліктер - рента, кәсіпкерлік қызмет - пайда түрінде табыс әкелсе, жұмысшының еңбегі оны жалақымен қамтамасыз етеді.
Танымал американдық ғалым Й. Шумпетер (1883 - 1950) кәсіпкер түсінігін «новатор» ретінде сипаттайды. Атап айтатын болсақ, кәсіпкер - жаңа технологияларды әзірлейтін новатор. Ол өндіргіш күштерді жаңаша ұйымдастырады, үйлестіреді және олардың қозғалысы өз кезегінде жалпы экономикалық өсімге немесе өндіріс циклының жеделдеуіне алып келеді. Кәсіпкер функциясы - экономикалық өсімді қамтамасыз етуде, капиталистік экономиканың дамуында маңызды рөл атқаратын жаңашылдықты жүзеге асыру. Й. Шумпетер өндіріс факторларын жаңаша үйлестірудің келесі бес түрін көрсетті:
1) жаңа тауарды немесе қызмет түрін дайындау не болмаса оларды жаңа сапада жасау;
2) жаңа ғылыми жетістіктер негізінде өндірістің жаңа әдістерін енгізу немесе сәйкес игіліктерді коммерциялық пайдаланудың жаңа тәсілін ойлап табу;
3) жаңа өткізу нарықтарын ашу;
4) шикізаттың жаңа көзін не болмаса түрін пайдалану;
5) кәсіпкерлік құрылымдар қызметін ұйымдастырудың жаңа қағидаларын енгізу.
Ағылшын экономисті, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1974ж. ) Фридрих фон Хайектің (1899 - 1984) пайымдауына сәйкес, кәсіпкерлік - қызмет түрі емес, іс - әрекет сипаттамасы, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеу және зерттеу.
Экономикалық ілімдер тарихын зерттеу көрсеткендей, кәсіпкерлік теориясының дамуында төрт негізгі бағыт бөліп көрсетіледі.
Бірінші бағыт. Оның өрнекті өкілдері Р. Кантильон, И. Тюнен және Ф. Найт күтпеген төтенше жағдайлармен байланысты тәуекел кәсіпкерліктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатындығына негіздеме жасаған. Тәуекел жағдайында өздерінің жетістікке жету мүмкіндіктерін іске асыра білу қабілеттерін иеленітін кәсіпкерлер мұндай қабілеттері жоқ бизнесмендермен салыстырғанда жоғары пайда ала алады.
Екінші бағыттың бастамашылары - Ж. Б. Сэй мен А. Маршалл. Жоғарыда айтып өткеніміздей Ж. Б. Сэй кәсіпкерліктің мәнін өндіріс факторларының: жер, еңбек, капитал ұтымды үйлесуімен байланысты қарастырады. Ол кәсіпкерлікті макроэкономика деңгейінде зерттеген. Ал А. Маршалл кәсіпкерлік ұғымын зерттей келе, жоғарыда аталған өндіріс факторларын өндірісті ұйымдастырумен байланыстыра отырып үйлестіруді микродеңгейде қарастырған.
Екінші бағыттың логикалық жалғасы ретінде кәсіпкерлік теориясын дамытқан Й. Шумпетер болды. Ол үшінші бағыттың негізін қалаушы болып табылады. Й. Шумпетер экономиканы дамытудың маңызды қайнар көзі - кәсіпкерлік екендігін анықтаған. Оның еңбегі - ерекше сападағы еңбек, яғни өндіріс факторларының жай ғана үйлесуі емес, жаңа комбинацияларды іске асыру деп есептеген. Егер шаруашылық қызметтің кез-келген субъектісі жаңа комбинацияны жүзеге асырса кәсіпкерлік болып табылады, ал әдеттегі режимде жұмыс істеуге көшкен кезде сәйкесінше кәсіпкерлік болуын тоқтатады. Осы аталғандарды негізге алсақ, Й. Шумпетердің пікірінше кәсіпкерлік жаңашылдықпен, яғни инновациялылығымен сипатталады.
Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуы мен дамуындағы төртінші бағыттың да маңызы жоғары. Оның өкілдері П. Друкер, Б. Карлофф, Б. Санто кәсіпкерлікті иновациялық менеджементпен байланыстырады.
П. Друкер «кәсіпкерлік кәсіпорын», «кәсіпкерлік қоғам», «кәсіпкерлік басқару» түсініктерін экономика ғалымы мен шаруашылық тәжірибесіне енгізген. Қазіргі жағдайда бәсекелік артықышылыққа, көбінесе жаңашылдыққа тұрақты түрде бағдарланудың арқасында қол жеткізіледі, ал жұмыс жасап тұрған фирмалардың басқарушылары басқарудың кәсіпкерлік типіне өте отырып, тиімді кәсіпкердер болуы қажет деген тұжырымды негіздеген. Сонымен, П. Друкер кәсіпкерлікті технологиялардың өзгеруімен байланыстырылған инновациялық кәсіпкерлік үрдіс ретінде қарастырған. Осыған байланысты ол кәсіпкерлік қоғамды қалыптастыру туралы идеяны ұсынған, ал мұндай қоғамда кәсіпкерлік басқару дамудың тұрақты факторы болар еді, - деп есептейді.
Б. Карлофф кәсіпкерлікке компанияны және капиталды иеленуді, бизнесті басқаруды жатқызбайды. Оның түсінігінде, кәсіпкерліктің мәні бизнесті жүргізуге арналған мүмкіншіліктерді айқындау мен жүзеге асыру, әлеуетті пайданы бағалау, ресурстарды ұтымды бөлу қабілеттерімен сипатталады. Оның ойынша, кәсіпкерлік үрдісі қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа, едәуір тиімді тәсілдерін табу болып табылады.
Б. Сантоның қазіргі кездегі философиясы - жаңа идеялардың философиясы. Кәсіпкерліктің негізгі функциясы нәтижелерді болжау болып табылады. Нәтижені алдын - ала көре білу және онымен байланысты соңғы нәтиженің мотивациясы ретінде кәсіпкерлік бастаманы қарастырады. Б. Санто фирманың даму стратегиясын қалыптастыратын иновациялық менеджерді кәсіпкер деп есептеген. Осы стратегияны іске асыру үшін инновациялық менеджер фирманың қаржылық, материалдық, коммерциялық, әкімшілік, әсіресе, адами әлеуетін жұмылдырады.
Кәсіпкерлікті зерттеуге ресейлік және қазақстандық ғалымдар да өзіндік үлес қосқан. Бірқатар ғалымдардың пікірлеріне қасқаша тоқталайық:
Ресейлік ғалым В. Я. Горфинкельдің анықтамасы бойынша, «кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың өнім өндіру, қызмет көрсету немесе тауарларды сату мен сатып алу, қызығушылық танытқан тұлғаларға, кәсіпорындар мен ұйымдарға өзара тиімді негізде басқа тауарға немесе ақшаға алмастыруды жүзеге асыратын қызмет».
Тағы бір ресейлік ғалым В. Е. Савченконың ойынша, «кәсіпкерлік - өндірістің ерекше инновациялық нысаны. Ол сәйкес әлеуметтік-экономикалық жағдайда басымдыққа ие болады, сондықтан да бүкіл қоғамдық ұдайы өндіріске қажетті динамиканы қамтамасыз етеді. Ал кәсіпкер - болашақта қосымша табыс алу үшін бастамашылық және инновациялық негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпастан тәуекелге баруға қабілетті және басқа өндіріс факторларын ерекше түрде біріктіретін субъективті ұдайы өндіріс факторы».
А. В. Бусыгин кәсіпкерлікке мынадай анықтама берген: «Кәсіпкерлік - дербес бастамаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген экономикалық белсенділіктің ерекше түрі».
Е. Е. Румянцевтің «Жаңа экономикалық энциклопедиясында» кәсіпкерлікті «инновацияларды қолдана отырып дербес және тәуелсіз негізде жүргізу тәсілі» ретінде қарастырады.
Қазақстандағы кәсіпкерлікті зерттеуші белгілі ғалымдардың бірі Қ. О. Оқаевтың жетекшілігімен авторлық ұжым дайындаған «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік» деп аталатын оқу құралында кәсіпкерлікке мынадай анықтама берілген: «Кәсіпкерлік - шаруашылық қызметтің барлық қатысушылары үшін өзара тиімді нәтижелер мен табыс табу мақсатында меншікті, қарыздық және басқа да қаражаттар мен мүліктер есебінен тәуекелге бара отырып іске асырылатын бастамашылық шаруашылық қызмет».
Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызмет - бұл экономика мен нарықтық қатынастардың тарихи кезеңі, кәсіпкерлік қызметті анықтаудың екі тәсілі бар:
1) кәсіпкерлікті азаматтық кодекс және кәсіпкерлік қызмет туралы заң тұрғысынан анықтау;
2) ғылыми тәсіл, экономикалық теория, ғылыми-техникалық өрлеудің қазіргі трендтері тұрғысынан кәсіпкерлік қызметті анықтау[1] .
Қазақстандық ғалым А. Н. Тоқсанованың пікірінше, «Кәсіпкерлік - жаңа кәсіпорындарды құрумен немес белгілі бір дәрежеде тәуекелі бар құрылған кәсіпорынмен байланысты инновациялық қызмет. Кәсіпкерлікті, көбінесе жаңа бизнестің басталуымен ғана байланыстырады. Шын мәнінде кәсіпкерлік қызмет ауқымы әлдеқайда кең», - деп есептейді.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңында жеке кәсіпкерлік деп жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, өздерінің меншігіне негізделген және олардың өздерінің атынан, тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметін айтады.
Азаматтық Кодекске сәйкес: «Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың жұмысқа, қызметке сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі».
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Ал, мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлікті мынадай төрт кезеңнен тұратын үрдіс ретінде қарастыруға болады:
1) жаңа идеяны іздеу және бағалау;
2) бизнес - жоспар жасау;
3) керекті ресурстарды іздеу;
4) құрылған кәсіпорындарды басқару.
Жоғарыда көрсетілген кезеңдер логикалық жүйелілікпен құрылған және бір-бірімен өзара байланысты.
Кәсіпкердің үздіксіз ізденісінің нәтижесінде қандай-да бір идея пайда болып, соған байланысты бірінші кезеңде жаңа идеяны бағалау іске асырылады. Яғни, оның өмірдегі қажеттілігі факторларын анықтау, сондай-ақ осы өнімнің қандай уақыт аралығында сұраныспен пайдаланылатын және оның ұзақтылығын бағалау; идеяның өзекті және әлеуетті құндылығын бағалау; болашақ кәсіпорынның мүмкін болатын табыстары мен басқа да пайдаларын болжау және тәуекелді бағалау; жаңа идея кәсіпкерлің жеке қасиеттері мен мүддесіне қаншалықты сәйкес келетіндігін бағалау; бәсекелестердің өнімімен салыстырғанда жаңа өнімнің артықшылықтарын бағалау қарастырылады.
Кәсіпкерліктік үрдістің екінші кезеңі - оның екі құрамдас бөлігі. Оған бизнес - жоспарды жасау әдісін жатқызуға болады. Ол нарық сегментін, оның мөлшері мен негізгі сипаттамасын; маркетинг жоспарын; өндіріс жоспарын; қаржылық жоспарды және тағы басқа да мәселерді қамтиды. Жақсы дайындалған бизнес - жоспар идеяны нәтижеге дейін жеткізу құралы ғана емес, сондай - ақ керекті ресурстарды нақты бағалау және қайтадан құрылған кәсіпорынды басқару стратегиясын дұрыс таңдау құжаты да болып табылады.
Үшінші этапта идеяны іске асыруға қажетті ресурстарды табу мәселесі қарастырылады. Ең бастысы - ол үшін не талап етілетіндігін дұрыс айқындау; бірінші кезектегі мәселені екінші кезектегіден ажырата білу; қажеттілікті төмендетпеу және шығындардың қандай да бір маңызды баптарын жіберіп алмау қарастырылады. Сонымен қатар, ресурстардың қайсібір түрінің жеткіліксіз көлемде болуымен байланысты теріс салдарларды да бағалау қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz